Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Приветствие
Знакомство
Просьба
Согласие
Время
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
«Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний»
Диалоги  стр.1  стр.2  стр.1  стр.2
Жаңа толқын

Цитаты, афоризмы, пословицы, общеизвестные фразы и прочее

Сборник 01

Автор: Рауль Керимбаев

Ц01-01
Әр үйдің сыры басқа. В каждом доме свои секреты.
Уақыт алтыннан да қымбат. Время дороже золота.
Мұнан артық болмас. Лучше этого не будет.
Бүйректен сирақ шығарма. Не скандаль (бүйректен сирақ шығару - создавать проблему на ровном месте - не вытаскивай голень из почки).
Жалғыздың үні шықпас. Один в поле не воин. * (если ты один, то будешь молчать).
Көре алмаушылық - жақсы қасиетті емес. Зависть - плохое качество.
Түсінде көргені өңінде келді. Сон в руку.
Қазақтар айтады: Сырқат тән жарасы, қайғы жан жарасы. Казахи говорят: Болезнь - телесная рана, печаль - душевная рана.
Өмір қартайса да, көңіл қартамайды. Мы стареем, но душа молодая.
Жарлының қолы - тапшы. У бедняка руки коротки.
Ц01-02
Өмір бір-ақ рет беріледі, оны қуаныш пен шаттықта өткізу керек. Жизнь дается один раз, и нужно проводить её в радости и веселье.
Қазаққа салмақ түскен жер берсе, ол екінші қырына аунап түседі. Если дать казаху точку опоры, он перевернется на другой бок.
Ақымақ бас аяққа тыныштық бермес. Дурная голова ногам покоя не даёт.
Жаны тыныш, жағасы бос. Живет себе припеваючи (букв. душа спокойна, воротник свободен).
Алдымен істі біл, содан соң ойнап - күл. Делу - время, потехе - час.
Бұйырса, біздің көшеде де мейрам болар. Если Бог даст, и на нашей улице будет праздник.
Әркімнің өз жері — жұмақ. Каждому родная земля рай (всяк кулик своё болото хвалит).
Қарға қарғаның көзін шұқымайды. Ворон ворону глаз не выколет.
Махаббат - жел сияқты. Сен оны көрмейсің, бірақ сезесің. Любовь - как ветер. Ты не видишь его, но чувствуешь.
Шаш ал десе, бас алатындар ғой. Это те, которым говорят постриги ему волосы, а они голову отрезают.
Ц01-03
Басқалар сені бағалау үшін алдымен өзіңді бағалауың керек. Прежде, чем тебя ценили, ты должна ценить себя.
Басқа пәле тілден. Язык мой - враг мой.
Тазалық - саулық негізі. Саулық - байлық негізі. Чистота - основа здоровья. Здоровье - основа богатства.
Бақыт деген тайғанақ, бірде бар да, бірде жоқ. Счастье непостоянно, то есть оно, то нет его.
Бөлінгенді бөрі жейді. Тот, кто отделяется, в конце концов, становиться жертвой волков.
Ебелектеген отқа түсер. Суетливый в огонь попадает.
Досты періште қосады, құданы құдай қосады. С другом сводит ангел, со сватом сводит сам Бог.
Сақ жүрсең, сау жүресің. Будешь беречься, здоровым будешь.
Жоқтық ұят емес, тоқтық мұрат емес. Бедность - не порок, богатство - не предел мечты.
Жылқының еті жесең - тісіңе кіреді, жемесең - түсіңе кіреді. Конину поешь - остается в зубах, а не поешь - будешь видеть во сне.
Ц01-04
Бірде олай бірде былай. То так, то эдак.
Жаным десе, жан семіреді Обласкай человека, возвысишь его душу.
Жұмыс істеген адамның қарыны тоқ. Кто работает - тот ест (Работающий человек всегда сытый).
Құдайға шүкір, ептеп-септеп жүріп жатырмыз. Слава Богу, потихоньку живём.
Аштың ақылы астан әрі аспайды. Все мысли голодного вокруг еды вращаются.
Шылым тарту - жаман әдет. Курение - плохая привычка.
Дұшпан не демейді, түске не кірмейді. Враги что только не говорят, а во сне что только не приснится.
Қазақ тілін кез келген жаста үйренуге болады. В любом возрасте можно научиться казахскому языку.
Ең бастысы - жеңіс емес, ең бастысы - қатысу. Главное не победа, а участие.
Жылтырағанның бәрі алтын емес. Не всё то золото, что блестит.
Ц01-05
Шақырылмаған қонақ ыңғайсыз жерде отырады. Незваный гость сидит в неудобном месте.
Менің жауымның жауы - менің досым. Враг моего врага - мой друг.
Періште алтынды көргенде жолдан тайған. Ангел, увидев золото, сошёл с дороги (праведной).
Оқуға ешқашан да кештік жоқ. Учиться никогда не поздно.
Ит итаяғын жаламай тоймас. Собака не насытится, пока не оближет миску.
Құтты қонақ келсе, қой егіз табады. Желанный гость приходит - овца двойню приносит.
Қымыз — ауруға ем, сауға қуат. Кумыс — лекарство для больного, прибавление силы для здорового.
Бізді жамандайтындар - бізден төмен адамдар. Бізден жоғары адамдардың бізде шаруасы жоқ. О.Хайям Те, кто ниже нас - плохо отзываются о нас, а кто выше - им не до нас. О. Хайям
Тағдыр тәлкегі Ирония судьбы.
Қайғыңды бір кесе шаймен бас. Залей своё горе чашечкой чая.
Ц01-06
Махаббат пен өшпенділік. Любовь и ненависть.
Қоғамды түзеймін десе, өздерінен бастасын. Кто хочет исправить общество, пусть начинают с себя.
Қыздың сұлулығы бетте емес, тәрбиесiнде. Красота девушки не в лице, а в воспитании.
Денсаулыққа зиян. Вредно для здоровья.
Бөгде адамдарға кіруге болмайды. Посторонним вход воспрещен.
Жақсыдан қашпа, жаманға баспа. Не беги от хорошего, не вступай в плохое.
Өмір бойы үйрен. Век живи, век учись.
Талғаммен таласпайды. О вкусах не спорят.
Қызметтегі роман. Служебный роман.
Шақырғанға бар, шаққаннан қаш. Пригласят - иди, кусают - беги (Дают - бери, бьют - беги).
Ц01-07
Ешкім маңдайына жазылған тағдырдан қаша алмайды. Никто не избежит своей судьбы.
Әдемі болып тума, бақытты болып ту. Не родись красивой, а родись счастливой.
Ақылдан азап. Горе от ума.
Қонақ келсе, құт келер. Гость придёт, счастье в дом войдёт.
Бәрі Жаратқанның қалауынан болады. Всё по велению Всевышнего.
Тауық бұрын пайда болды ма, әлде жұмыртқа ма? Что раньше появилось: яйцо или курица?
Қазақтың екі дерті бар - суық тию мен көз тию. У казахов есть 2 болезни: простыть и сглазить. (Әзілдеп айтады. – Говорят в шутку)
Қаламмен жазылғанды балтамен шауып өшіре алмайсың. Что написано пером, не вырубишь топором.
Оның бір аптасында жеті жұма бар. У него семь пятниц на неделе.
Кездесу орнын өзгертуге болмайды. Место встречи изменить нельзя.
Ц01-08
Бетіне айтқан ғайбат емес. Сказанное в лицо - не клевета.
Ұшқыннан жалын лаулайды. Из искры возгорится пламя.
Сені түсінсе - бұл бақыт, сені сүйсе - бұл үлкен бақыт. Ал сен өзің сүйсең - бұл нағыз бақыт. Конфуций. Счастье - это когда тебя понимают, большое счастье - это когда тебя любят, настоящее счастье - это когда любишь ты. Конфуций.
Өзі тойса да, көзі тоймайды. Сам наелся, а глаза нет.
Сатқындық пен қызғаныш. Предательство и ревность.
Бүгін күлсең, ертеңінде жылайсың. Если сегодня смеёшься, завтра будешь плакать.
Қыран шыбын ауламайды. Орел не ловит мух.
Тас жүрек әйел. Женщина без сердца.
Кітап - білім бұлағы Книга - источник знаний.
Ц01-09
Жеті рет өлшеп, бір рет кес. Семь раз отмерь, один раз отрежь.
Кеше жұмыста әділдік іздеп едім, бүгін жұмыс іздеп жүрмін. Вчера искал справедливость на работе, сегодня ищу работу.
Әлемде талай қызық бар. В мире много чего интересного.
Темекі тарту денсаулыққа зиян келтіреді. Курение приносит вред здоровью.
Өмір деген үлкен супермаркет, не қалайсың, бәрін ал. Бірақ есіне сақта, алда касса бар, бәрін төлейсің. Жизнь - это большой супермаркет, бери что хочешь, но не забывай касса впереди, за всё придется платить.
Ешқашан өзгерістерден және өзгелердің пікірінен қорықпа. Никогда не бойся изменений и чужих мнений.
Адам туылғаннан жаман болмайды. Человек не рождается плохим.
Мен сіздің арқаңызда күн көріп жүрмін. (Спасибо за то, что Вы сделали.) Я жив, благодаря Вашей помощи.
Аттарды өткелде ауыстырмайды. Коней на переправе не меняют.
Сасқан үйрек артымен сүңгиді. Испуганная утка ныряет хвостом.
Ц01-10
Қор жинамай береке болмайды. Нет блага без накопленного запаса.
Өлі жандар. Мертвые души.
Істің табысты болуы өзімізге байланысты. Успех дела зависит от нас самих.
Мен ұстазым Платонды құрметтеймін. Бірақ ақиқатты одан сайын құрметтеймін. Я уважаю своего учителя Платона, но истину еще больше уважаю.
Кім жұмыс істемейді, сол тамақ жемейді. Кто не работает, тот не ест.
Біз нашақорлыққа және шылым шегуге қарсымыз. Мы против наркомании и курения.
Мемлекеттік қызметкерге сыйлық алуға қатан тыйым салынады. Государственным служащим принимать подарки строго запрещено.
Қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салынады. В общественных местах курить запрещено.
Шылым шегу - денсаулық жауы. Курение - враг здоровья.
Ең керемет уақыттарыңды бірге өткізген адамдар туралы жаман сөз айтпа. Не говори плохих слов о людях, с которыми провел самое лучшее время.
Ц01-11
Мұзды арақ - бүйрекке зиян. Мұзды ром - бауырға зиян. Мұзды джин - жүрекке зиян. Мұзды виски - миға зиян. Көріп отырғаныңыздай, мұз денсаулыққа зиян! Водка со льдом вредит почкам, ром со льдом печени, джин со льдом сердцу, виски со льдом мозгу. Этот лёд очень вреден для здоровья!
Мың естігенше бір көр. Лучше один раз увидеть, чем тысячу раз услышать.
Сені бетіңе ұрысып айтатын адам оңбағандық жасамайды. Бусидо кодексі. Человек, который ругает тебя прямо в глаза, не совершит подлости. Кодекс Бусидо.
Бала бақыт, өміріміздің жалғасы. Ребенок - это счастье, продолжение нашей жизни.
Отбасы ғана адамның жүрегін жылытады. Только семья согревает сердце человека.
"Ақшаны үнемдеп жарата білу - өнер", - дейді екен ғой. Говорят, что экономить деньги - это искусство.
Артымыз ашылып жатса да, бой бермейміз. Даже если наши тылы открыты, мы не сдадимся.
Өзің өзгермесең, өмір де өзгермейді. Если сам не изменишься, и жизнь не изменится.
Өткенің емес, болашақ маңызды. Бәрін басынан бастауға әлі кеш емес... Не прошедшее важно, а будущее. Никогда не поздно начать с самого начала...
Бір сағаттан соң не болатынын, біліп, болжай алмаймыз. Мы не можем предвидеть, знать, что будет через час.
Ц01-12
Қабырғаның да құлағы бар. Даже у стен есть уши.
Құдай бұйырса бұл күн де өтеді. Даст Бог и этот день пройдёт.
Ауызы қисық болса да бай баласы сөйлесін деген осы. Это как говорится: Пусть говорит сын богача, хоть и рот у него кривой.
Тақиялы періште. Ангел в тюбетейке.
Сен істемесең, басқа біреу істейді. Сен жазбасаң, басқа біреу жазады. Сен қасында болмасаң, басқа біреу болады. Бәрін өз қолыңа алмасаң, басқа біреу алады. Әрқашан басқа біреудің боларын ұмытпа. Не сделаешь ты, сделает кто-то другой. Не напишешь ты, напишет кто-то другой. Не будешь рядом ты, будет кто-то другой. Не возьмёшь всё в свои руки, возьмёт кто-то другой. Помни, что всегда может быть кто-то другой. (Из "философии" молодых)
Қазақ тілі білу үшін, қазақша сөйлеуіміз керек. Чтобы знать казахский язык, нам нужно говорить на казахском языке.
Достарының саны маңызды емес. Сапасы маңызды. Важно не количество друзей, а их качество.
Билікте жершілдік, рушылдық деген болмауы керек. Местничество, родство не должно быть во власти.
Мен қиналғанда қасында болмасаң, мен қуанғанда неге керексің? Если тебя не будет рядом, когда мне трудно, то зачем ты будешь нужен, когда мне будет радостно?
Мен бейбітшілік, жақсылық және гүлдену Жерге қалаймын, бірақ Әлем мені естімейді ғой. Я хочу мира, добра и процветания на Земле, но Мир почему-то не слышит меня.
Ц01-13
Көрмес түйені де көрмес. Кто не хочет видеть, тот и верблюда не заметит.
Қазақ баласын "Үлкенді құрметте, үлкен кісінің алдын кесіп өтпе" деп өсіреді. "Уважай старших, не пересекай их дорогу", - так казахи воспитывают своего ребёнка.
Жерде жетім жыласа, көкте періште күңіреді. Если на земле плачет ребенок - сирота, то на небе неутешно плачет ангел.
Келдің - рақмет саған, кеттің - көптен - көп рақмет... Пришёл - спасибо, ушёл - большое спасибо...
Ұрпақ - біздің болашағымыз, жарқын күндеріміз. Потомки - наше будущее, светлые дни.
Әйелдің «Қазір шығам» дегені мен еркектің «Қазір келем» пара-пар. Женское: "Я сейчас, выхожу" равносильно мужскому: "Я сейчас приду".
Ештеңе бостан-босқа болмайды. Бәрінің себебі бар. Из ничего ничего не бывает. У всего есть причина.
Қиындық көрмеген адам, бақыттың не екенін түсінбейді. Человек, не испытавший трудностей, не поймет, что такое счастье.
Көп сөйлесең - тақылдақ дер, аз сөйлесең - ақымақ дер. Если много говоришь - болтливым назовут, мало скажешь - глупцом назовут.
Мезгіл жетсе мұз да ерір. Придёт время и лёд растает.
Ц01-14
Әр адамның бақытты болуға құқығы бар. У каждого человека есть право быть счастливым.
Әр адам бақытты болуға лайықты! Каждый человек достоин счастья!
Бір-біріміздің денсаулығымыз үшін ішіп өзімдікін құртып аламыз. Мы пьём за здоровье друг друга и портим собственное.
Жасы үлкен таныс адамға сәлем бермеу - көргенсіздіктің белгісі. Не здороваться со старшим тебя знакомым - признак невоспитанности.
Армандар орындалады, тек сену керек. Мечты сбываются, нужно только верить.
Сұрай-сұрай Мекеге барасың. Начнёшь расспрашивать – доберёшься до Мекки (язык до Киева доведёт).
Бала - бақыт, өміріміздің жалғасы. Ребёнок - это счастье, продолжение нашей жизни.
Сен "Мен істей аламын, бірақ істемеймін" деп айтасың. Бірақ бұл - мен істей алмаймын деген сөздің басқаша айту тәсілі. Ричард Фейнман Ты всё время говоришь себе: «Я могу это сделать, но не буду», - но это не более чем другой способ сказать, что ты не можешь. Ричард Фейнман
Фильм болған оқиға ізімен түсірілген. Адам аттары, жер - су, елді мекен атаулары шартты түрде алынған. Егер мұндағы атаулар мен оқиғалар сәйкес келіп жатса кездейсоқ жағдай екенін ескертеміз. Фильм основан на реальных событиях. Имена героев, географические наименования местностей условны. Любые совпадения имён, наименований и событий случайны.
Жаңаның бәрi - ұмытылған ескi нәрселер. Всё новое - хорошо забытое старое.
Ц01-15
«Ашу - дұшпан, ақыл - дос» екені баршамызға мәлім. Всем известно, что гнев - враг, а разум - друг.
Сыпайылық - даналықтың белгісі. Вежливость - признак мудрости.
Нағыз махаббатта шек жоқ. У настоящей любви нет границ.
Шайтан мықты емес, біз әлсізбіз. Шайтанның сіріңке де қозғалтуға қауқары жоқ, тек азғырады. Не дьявол силён, мы слабые. У дьявола даже нет силы зажечь спичку, он только искушает.
Бір ел - бір тағдыр! Одна страна - одна судьба!
Тіпті дұшпанының ерлігі болсын мейлі, ерлік әрқашанда ардақталады. Мужество всегда вызывает уважение, даже если это мужество врага.
Бәрінен бұрын әділдік керек! Справедливость - прежде всего!
Бүгінгі тәжірибем болғанда, кешегі қателерімді жасамас едім. Ал кешегі қателерім болмағанда, бүгінгі тәжірибем болмас еді. Сегодня, когда имея такой опыт, я не совершил бы вчерашних ошибок. Но без вчерашних ошибок, я не имел бы сегодняшнего опыта.
Біліңіз, уақыт бәрін де емдейді. Знайте, время всё лечит.
Еріншектің ертеңі бітпес! У лентяя завтра не кончается!
Ц01-16
Қазіргі заманда қыз екі жағдайда ғана қуанышты болады. Біріншісі: банкте алған несиеден құтылғанда. Екіншісі: жігітке ғашық болғанда. В настоящее время девушка бывает радостной только в двух случаях. Первое, когда избавилась от кредита в банке, и второе, когда влюбилась в парня.
Біз жоғалтқанда ғана қадірін білеміз. Мы ценим лишь тогда, когда теряем.
Біз іздемесек те, неше түрлі жағдайлар бізбен бола береді: жаман да жақсы да. Сколько плохого и хорошего случается с нами, хотя мы этого и не ищем.
Әйелдің қолынан келмейтіні жоқ. Женщина может всё.
Ақ қойлардың ішінде үнемі бір қара қой табылады. В стаде белых овец всегда найдётся одна чёрная.
Кешірімді болайық! Бір күні өзіміз кешірімге мұқтаж боламыз... Будем милосердными (прощающими)! Когда-нибудь мы сами будем нуждаться в прощении...
Өмір қиын, ақымақ болсаң одан да қиын. Жизнь сложная, а если ты глупец - еще сложнее.
Сау адамға ауру деп айта берсең - ауру болар... Ақымақ десең - ақымақ болар... Если говорить здоровому человеку, что он болен - он будет больным... А если говорить, что он глупый - он поглупеет.
Қысқа сөйле, аз сұра, тез кет. Говори кратко, проси мало, уходи быстро.
Әйелге жүз туыстан жалғыз күйеуі артық. Для женщины единственный муж лучше, чем сто её родственников.
Ц01-17
Дүние кезек. Жизнь изменчива.
Қазақстан - табиғаты бай бірегей ел. Казахстан уникальная страна с богатой природой.
Ыдыстың сынғаны - жақсылыққа. Посуда бьётся - к счастью.
Болашақтың қожасы - бүгінгі жастар. Хозяин будущего - сегодняшняя молодежь!
Тентек өзін дәу санайды, жантақ өзін бау санайды. Шалун считает себя великаном, верблюжья колючка считает себя садом.
Том мен Джерриден үлгі алу керек, ұрысады-қырылысады, бірақ ешқашан айырылыспайды. Нужно брать пример с Томи и Джерри, они ругаются, ссорятся, но никогда не расстаются.
Біреуге ор қазба, ор қазсаң, терең қазба, өзің түсерсің. Не рой яму другому, если роешь, не глубоко рой — можешь сам угодить.
Бәрі жоғары деңгейде болуы керек. Всё должно быть на высшем уровне.
Сөзде қаңқу жаман, ауруда шаншу жаман. В болезнях плох прострел, а в речах - ехидство.
Ер жолдасы - тәуекел. Риск - спутник молодца.
Ц01-18
Маймылды адам қылған еңбек. Труд из обезьяны сделал человека.
Қарапайым ақиқат туралы. Өтірікшінің айғағы әрқашан жанында. О простых истинах. У лжеца свидетель всегда рядом.
Өзіңе тілемегенді өзгеге тілеме. Не желай другим того, что не желаешь себе.
Барпыл бұл — мақұлдау белгісі. Ворчанье - знак согласия.
Дарынды жерлестерімізге қолдау көрсетейік! Поддержим наших талантливых земляков!
Жылда сіз ештеңе істе алмайтын екі күн ғана бар. Бұл - кеше және ертең. Есть только два дня в году, когда вы не можете ничего сделать. Один из них называется вчера, а другой называется завтра.
Бір дана айтқан: Уақыт сендерді жоқ қылады, ал сендер біз уақыт кетіреміз деп ойлайсыңдар. Один мудрец сказал: Время убивает вас, а вы думаете, что вы убиваете время.
Уәде бердің бе – орында, орындамадың ба – жауап бер! Обещал - выполняй, не выполнил - отвечай!
Қытайда мәтел бар: Ескі кетпесе жаңа келмейді. В Китае есть поговорка «Старое не уйдет, новое не придет».
Балаларымыз біздің жауапкершілігімізде. Наши дети в нашей ответственности.
Ц01-19
Бізде мынадай дәстүр бар: жыл сайын отыз бірінші желтоқсан күні бәріміз достарымызбен бірге моншаға барамыз. У нас есть такая традиция: каждый год, 31 декабря мы с друзьями ходим в баню.
Сыйлықтар екіге бөлінеді: ешкімге керек емес және ешкім сыйламайтын сыйлықтар. Подарки делятся на два вида: те, которые не нужны и те, которые никто не подарит.
Ақшаны табу қиын, жұмсау оңай Деньги найти трудно, а тратить легко.
Нағыз жеңімпаз кездейсоқтыққа сенбейді. Фридрих Ницше Ни один победитель не верит в случайность. Фридрих Ницше
Не маңдайына жазған - сол болады! Какую судьбу записали ангелы на лбу зачатого ребенка - так и будет!
Көп күлме артында жылайсың. Не смейся много, плакать будешь.
Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда. Если есть желание, человек осилит непосильное.
Келісім болса - нан да табылады. Көніл болса - ән де болады. Будет согласие, и хлеб найдется. Будет настроение - будет и песня.
Әйел қисыны: "Ауа райы сондай жақсы болғандықтан өзіме бірдеңе сатып алу керек". Женская логика: «Такая погода хорошая, надо себе что-нибудь купить».
Батырлық, батылдық, адалдық - бұл мас болғаны үш ең басты белгісі. Храбрость, решительность, честность - вот три главных признака алкогольного опьянения.
Ц01-20
Тәбет тамақтану уақытында келеді. Аппетит приходит во время еды.
Жақсы жүрген жеріне кент салады, жаман жүрген жеріне өрт салады. Хорошие люди после себя города оставляют, плохие - пожары.
Құпия құпия болып қалады. Секрет есть секрет.
Жұртқа келген селебе, селебені елеме. Если пришла беда к народу, не падай духом.
Ақымаққа заң жазылмаған. Дураку закон не писан.
Қасқырдың күшігі қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды екен. Как волчонка не корми, он в лес смотрит и воет.
Біреуге ор қазба. Өзі қазып алсын. Не рой другому яму. Пусть сам роет.
Маған не істеу керегін айтпасаңдар, мен де сендерге қайда баратындарыңды айтпаймын. Не говорите мне, что мне надо делать, и я не скажу, куда вам надо идти.
Қорықсаң істеме, істесең қорықпа, істемесен - қаза табасың. Шыңғысхан. Боишься - не делай, делаешь - не бойся, не сделаешь - погибнешь. Чингисхан.
Әйел құлағымен, еркек көзімен сүйеді. Сол үшін әйелдер боянып сыланады, ал еркектер жиі өтірік айтады. Женщины любят ушами, а мужчины - глазами. Поэтому женщины много красятся, а мужчины часто врут.



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Полезные фразы 21 Вернуться к началу Цитаты, афоризмы и пр. 02  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга