Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Приветствие
Знакомство
Просьба
Согласие
Время
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
«Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний»
Диалоги  стр.1  стр.2
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 29

Автор: Рауль Керимбаев

29-01
Бірдеңе дұрыс емес пе? Что-то не так?
Мені көргеніңе қуанышты емессің бе? Ты не рад меня видеть?
Менің айтқым келген бұл емес. Я не это хотел сказать.
Біз тақырға отырамыз. Мы прогорим.
Қалағаның осы ма еді? Ты этого хотела?
Сенің жақсылығыңды ешқашан ұмытпаймын. Я никогда не забуду твоей доброты.
Мен адамдық борышымды орындадым. Я выполнил свой человеческий долг.
Полицияға хабарласайын ба? Мне позвонить в полицию?
Полиция бөлімшесіне хабарлассам, түсініктеме жазуың керек. Если я позвоню в полицейский участок, тогда нужно писать объяснительную.
Содан іс созылып кетеді. После этого дело затянется.
29-02
Дұрыс. Содан кейін суретіңді газет бетіне жариялады. Правильно. Потом напечатают твои фотографии в газетах.
Сені қайда апарайын? Тебя куда отвезти?
Ана жаққа отыр. Сядь вон туда.
Сен әлі үйренбеген сияқтысың. Кажется, ты ещё не привыкла.
Үйреніп кетемін. Привыкну.
Сіз қандай шаруамен келдіңіз? Вы по какому делу пришли?
Қоштасатын уақыт келді. Пришла пора прощаться.
Естімеген екенсің ғой. Ты, оказывается, не слышал.
Сен қашан келдің? Ты когда пришёл?
Ол өзін бәрі оған міндетті сияқты ұстайды. Она ведёт себя так, будто ей все должны.
29-03
Кім саған рұқсат берді? Кто тебе дал разрешение?
Ол ауыр жараланған. Он тяжело ранен.
Әзірге тыныш. Пока тихо.
Он минуттан кейін маған жағдайды толық баяндаңыз. Через 10 минут доложите мне полную обстановку.
Әкет мынауыңды, әйтпесе, көзін желкесінен шығарамын! Уноси это своё, а то получишь!
Тартыңыз қолыңызды. Уберите руки.
Бұл рас болып шықты. Это оказалось правдой.
Тағы басқа қандай өзгеріс бар? Ещё какие изменения?
Сізді өкпелетіп алсам кешіріңіз. Простите меня, если я Вас обидел.
Ол бәрін біледі. Она всё знает.
29-04
Саған менен не керек? Что тебе нужно от меня?
Мен ондай емеспін. Я не такой.
Мен ондай ойындарды ұнатпаймын. Я не люблю такие игры.
Уақыт өте келе үйреніп кетесіз. Со временем вы свыкнетесь.
Менде екі хабар бар, біреуі жақсы ал екіншісі жаман. Қайсысынан бастайын? У меня 2 новости: одна хорошая, другая плохая. С какой начать?
Жаманынан баста. Начни с плохой.
Осыған көзім әбден жетті. В этом я совершенно убедился.
Бала айналасындағы кісілерді танитын болды. Ребёнок стал узнавать окружающих.
Шылым шекпеймін, арақ ішпеймін. Я не курю и не пью.
Əн айтуға дауысым жоқ, музыкаға құлағым керең. Чтобы песни петь у меня нет голоса и музыкального слуха.
29-05
Мен ондай тақырыптарды қозғалмаймын. Я не затрагиваю такие темы.
Қарызды қашан қайтарасың? Когда будешь возвращать долг?
Мен сендерге басынан сенгенмін. Я верил в вас с самого начала.
Біздің ортақ нәрселеріміз көп екен. У нас много общего.
Шәкіртақы алдың ба? Ты получил стипендию?
Не болды содан кейін? Что было потом?
Жаным, айтсам сенбейсің. Дорогой, если я скажу, ты не поверишь.
Кешіріңіз сіз қателесіп тұрсыз! Извините, Вы ошиблись!
Тағы қателестіңіз. Вы снова ошиблись.
Бір сұрақ сұрасам бола ма? Можно задать один вопрос?
29-06
Иә, сұрай бер. Да, задавай.
Сен үшін үй тапсырмасын неге әкең орындайды? Почему вместо тебя домашнее задание выполняет отец?
Шешемнің қолы тимейді. У матери нет свободного времени.
Оқасы жоқ. Кейін шайға шақырсаңыз болды. Не за что. Потом на чай пригласите и этого хватит.
Шақырам ғой. Сені шақырмағанда кімді шақырам? Приглашу. Кого, как не тебя приглашать:
Ешкіммен кездесуге зауқым жоқ. Ни с кем не хочу встречаться.
Жүр, ас үйге кіре ғой. Мен шәй қойып жіберейін. Идём, заходи на кухню. Я чай налью.
Қажет емес. Мен қайтайын. Не нужно. Я пойду.
Қой, «қуыс үйден құр шықпа» деген. Прекрати, «нельзя выходить даже из пустого дома, не отведав ничего» говорится в поговорке.
Ауыз тиіп кет, сенің бізге жасаған жақсылығыңды ұмытпаймыз. Отведай и можешь уходить, мы не забудем твою доброту для нас.
29-07
Өтірік айта алмайды екенсіз. Көзіңіз бәрін айтып тұр ғой… Вы не умеете врать. По глазам видно же...
Сіз мені не үшін құтқарып қалдыңыз? Вы зачем меня спасли?
Түсімде сізді көрдім. Во сне Вас видела.
Жатып демалыңыз. Сіздің жүйкеңіз шаршаған. Ложитесь отдохните. Ваши нервы расшатаны.
Мен ештеңе көрген жоқпын. Я ничего не видел
Тамақ ішпегені несі? Как это не будешь есть?
Тамақ ішпесең, ауырып қаласың. Если не будешь кушать, заболеешь.
Кеше де түк жемедің. Ауыз тисеңші. И вчера ничего не ела. Попробуй.
Ауқаттанып ал. Покушай.
Толықтай қосыламын. Полностью присоединяюсь.
29-08
Осының бәрі саған не керек? Зачем это всё тебе нужно?
Менің келетінімді саған кім айтты? Кто тебе сказал, что я приду.
Менің білуімше, сенің әпкең - рухы мықты адам. Насколько я знаю, твоя сестра - крепкий духом человек.
Ол ешқашан берілмейді. Она никогда не сдастся.
Шындығына келгенде. В действительности.
Босағада тұрмай, ішке кірсеңізші. Не стойте в дверях, проходите во внутрь.
Мен қысқа мерзімді іссапарға кетіп бара жатырмын. Я выезжаю в краткосрочную командировку.
Сендерге келіп айтып кетейін деп едім. Я хотелбы прийти к вам, сказать и уехать.
Бір аптаға кететін болдың ба? Ты уезжаешь на неделю?
Қалай? Жетістік бар ма? Как? Есть успехи?
29-09
Сенен бірнәрсе сұрасам бола ма? Можно тебя спросить кое о чём?
Маған қарызға ақша бере тұрасың ба? Отыз мың. Ты можешь занять деньги взаймы. 30 тысяч.
Ауыр жұмыс күнінен соң. После трудного рабочего дня.
Сіз менен неге қашып жүрсіз? Вы почему меня избегаете?
Қорықпаңыз! Мен сізге тиіспеймін. Не бойтесь! Я Вас не трону.
Қорқып тұрғаным жоқ. Я не боюсь.
Мен сізді ұзақ күттім. Я Вас долго ждал.
Күні бойы есімнен шықпай қойдыңыз. Целый день Вы не выходили у меня из головы.
Сізді не үшін ойлауым керек. Почему я должен думать о Вас?
Сіздің тағдырыңыз мені қызықтырмайды. Ваша судьба меня не интересует.
29-10
Өтінемін, мен туралы жаман ойлап қалмаңыз. Прошу Вас, не подумайте обо мне плохо.
Менің ақыл-есім дұрыс, сап-саумын! Я не дурак, я здоровый человек!
Қалай біліп қойдыңыз? Как Вы узнали?
Сіздің де шығармайтыныңыз жоқ екен. Что Вы только не придумаете.
Осы жігіттердің бәрі неге бірдей? Почему все парни одинаковые?
Бәріміз бірдей болсақ таңдамай-ақ үйлене бермейсіздер ме. Если мы все были бы одинаковыми, выходили бы замуж не выбирая.
Әні, ұмытып та үлгеріпсіз. Жігіттердің бәрі сондай… Вот, успели забыть. Все парни такие...
Рульді дұрыстап ұстаңызшы, жолға қарап отырыңыз. Держите руль правильно, пожалуйста, смотрите на дорогу.
Шаруаны тындырдың ба? Ты закончил свои дела?
Жақсы, мен есіктің алдында тұрмын. Хорошо, я стою у входа.
29-11
Мені әлі тосып тұрсыз ба? Вы меня ждёте до сих пор?
Бүгін біреуді кездестіргенсің бе? Ты сегодня кого-то встретила?
Сенің бақытты болғаныңды қалаймын. Я хочу, чтобы ты была счастливой.
Мені қайтесің, өз бақытыңды ойласаңшы. Что я, ты о своём счастье подумай.
Егер сен жақсы жігітпен тұрмыс құрсаң, мен шексіз бақытты болар едім. Если ты выйдешь замуж за хорошего парня, я буду бесконечно счастлива.
Болды енді, менің көңіліме қарай берсең, өзің күйеусіз қаларсың. Ну, хватит. Будешь обращать внимание на меня, сама без мужа останешься.
Бір амалы табылар, уайымдай берме. Найдётся какой-нибудь выход, не переживай.
Сағат сегізде мені оятшы. Разбуди меня, пожалуйста, в 8 часов.
Менің сүйікті кітабым көрдің бе? Ты не видела мою любимую книгу?
Жарайды, сосын іздерміз. Ладно, потом поищем.
29-12
Қазір көзді ашып жұмғанша жетеміз. Сейчас мы доедем, не успеем и глазом моргнуть.
Осы саған қашан ми кіреді!? Ты когда поумнеешь? (Букв. Когда в тебя мозги войдут).
Ол сізге сәлем айт деп еді. Он просил передать Вам привет.
Шай әлі демделген жоқ. Чай ещё не заварен.
Енді қалай ойлап едің? А ты как думал?
Соны өзім де білмеймін. Этого я и сам не знаю.
Ылғи осылай дейсің. Постоянно так говоришь.
Өмірдің қилы жолы бар. В жизни много разных путей-дорог.
Үмітсіз адам болмайды ғой. Человека без надежды не бывает же.
Біреуге бәле тілемеу керек. Не нужно желать кому-то несчастья.
29-13
Сіз неге сондайсыз? Вы почему такая?
Қандаймын? Какая я?
Бәсе, қайда қойдым деп іздеп жүрсем. А вот, а я ищу и думаю, куда положил.
Айтпақшы, мен саған кітап беремін деп едім ғой. Кстати, я тебе же говорил, что дам книгу.
Қорқып тұрсың ба? Ішке кірсеңші. Ты что, боишься? Заходи внутрь.
Танысып қой, бұл менің әпкем. Познакомься, это моя старшая сестра.
Ой, қандай мәдениетті адам. Ой, какой культурный человек.
Неткен сыпайы, неткен сезімтал жігіт. Какой вежливый, какой чувствительный парень.
Жаңағы кісі саған не деп кетті. Что тебе сказал этот человек?
Мәскеуге жүр дейді. Поехали в Москву, говорит.
29-14
Бір сағат та аялдама, дереу Мәскеуге кет... Даже и часа не жди, срочно уезжай в Москву.
Апай, бұл басалқылығыңыз ба? Сестра, это Ваше наставление?
Іссапарға жүргелі жатырмын. В командировку собираюсь выезжать.
Ұзақ уақыт боламын. Буду долгое время.
Қоштасқалы келдім. Пришёл попрощаться.
Саған ауыр екенін де, қиын екенін де білемін. Знаю, как тебе и тяжело, и трудно.
Сен қандай егіліп тұрсаң, мен де сондай егіліп тұрмын. Ты насколько опечалена, и я настолько же печален.
Енді алатын өшің жоқ па? Алып болдың ба? Ещё есть за что отомстить? Или уже отомстил?
Олай болса, үйімді босатыңыз! Тогда освободите мой дом!
Көрінбеңіз көзіме... Не попадайтесь мне на глаза...
29-15
Осы сөзді кімге айтып тұрсың, соны ойладың ба? Кому ты говоришь эти слова, ты об этом подумала?
Саған айтып тұрмын. Тебе говорю.
Мұндайға үйренбегенмiн. Я не привык к такому.
Бұл ештеңе өзгертпейдi. Это ничего не изменит.
Өзінен-өзі түсінікті. Само собой разумеется.
Сендерге соңғы жаңалықты айтайын ба? Вам рассказать последние новости?
Айттым ғой білмейсіңдер деп... Я же говорила вам, что не знаете...?
Міне, соны мойындаңдар. Вот, признайтесь в этом.
Мұның бәрі факт емес, лақап. Всё это не факты, а выдумка.
Сіз бекер күмәнданасыз. Зря Вы сомневаетесь.
29-16
Әдемi қыздар неге маған көңiл аудармайды? Почему красивые девушки не обращают на меня внимания.
Мен де сол пiкiрдемiн. И я этого же мнения.
Неге кешігіп жатырсың. Почему опаздываешь?
Келесіде міндетті түрде келемін. В следующий раз обязательно приду.
Жарайды, онда қинамайын. Ладно, не буду Вас мучать.
Қолыңызды жиі жуыңыз. Мойте чаще руки.
Көп боламыз ба? Долго будем?
Бiз көшеде кездесiп қалдық. Мы встретились на улице.
Мен алкоголь сусындарына жоқпын. Я не употребляю алкогольные напитки.
Жарайды, ақталмай-ақ қой. Ладно, не оправдывайся.
29-17
Енді қалай деп едің? А ты как думал?
Ол мені ұғар емес. Она меня не поймёт.
Оған дауым жоқ. К ней у меня претензий нет.
Мен кешіккен жоқпын ба? Я не опоздал?
Аздап кешіктіңіз. Немного опоздали.
Менің шоколад жегім кеп тұр. Я хочу поесть шоколада.
Тағы да іштің бе? Ты опять выпил?
Жоқ, ішкен жоқпын! Нет, не пил!
Енді ішкенің көрініп тұр ғой! Ну, видно же, что выпил!
Мойындасаңшы енді?! Ну, признайся!?
29-18
Енді маған жақындамайтын боласың. Теперь не приближайся ко мне.
Сізді шығарып салайын. Я Вас провожу.
Кішкене күте тұрыңыз. Подождите немножко.
Қазақтың екі дерті бар - суық тию мен көз тию. У казахов есть 2 болезни: простыть и сглазить. (Әзілдеп айтады. - Говорят в шутку)
Аналар кімдер? Они кто?
Бұл шетелдіктер Это иностранцы.
Не деген адамдар! Ә десе, мә дейді! Что за люди! Им слово, а они десять в ответ!
Әрі қарай не болды? Что было дальше?
Мен қазір шығам. Я сейчас выйду.
Егер күлгіңіз келіп тұрса.... Если хотите посмеяться....
29-19
Неге тыңдамай жүрсің? Почему ты не слушаешься?
Мен тыңдап жүрмін. Я слушаюсь.
Тәртіпті боп жүр, жарай ма? Будь дисциплинированным, ладно?
Осы әңгіме доғарсақ қайтеді екен. Может прекратим этот разговор.
Науқасқа кіруге болады. Можно зайти к больному.
Қайда жол тарттық? Куда едем?
Оның қолынан бірдеңе келе ме? Он разве что-то может сделать?
Келгенде қандай! Бізді бір құтқарса, сол құтқарады. Ещё как может! Если кто и спасёт нас, так это он.
Кешіруің үшін не істейін? Что мне сделать, чтобы ты простила?
Кейiнгi кез шаршап жүрмiн. Устаю в последнее время.
29-20
Қолымнан ештеңе келмейдi. Я ничего не умею.
Уақытыңды алғаныма ренжiме. Не обижайся, что отнял у тебя время.
Маған бiреумен сөйлесу керек болды. Мне нужно было с кем-то поговорить.
Бiрдеңе болған ба? Что-то произошло?
Бiрдеңе болған шығар десем. А я думал, наверное, что-то произошло.
Кісі өлгендей, неге соншама қаралы? Как будто кто-то умер, отчего он такой траурный?
Оның болашағы зор. У него большое будущее.
Ол бокстан спорт шеберi. Он мастер спорта по боксу.
Бокс денсаулықтың түбіне жетеді. Бокс убивает здоровье.
Ол ақшаны мен жұмсап тастадым! Эти деньги я истратил.

Корректор: Татьяна Валяева


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Полезные фразы 28 Вернуться к началу Полезные фразы 30  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга