Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Приветствие
Знакомство
Просьба
Согласие
Время
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
«Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний»
Диалоги  стр.1  стр.2
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 31

Автор: Рауль Керимбаев

31-01
Мені келемеждеп тұрсың ба? Ты смеёшься надо мной?
Келемеждеп тұрғанға ұқсаймын ба? А что похоже, что смеюсь?
Жүрегім дауаламайды. Не решаюсь.
Кешігетін болдым. Я опаздываю.
Бәрі жан-жақтан ойлау керек. Нужно всё обдумать со всех сторон.
Ұлым, тұра ғой. Жұмысқа баруың керек. Кешігесің! Вставай, сынок. Тебе нужно идти на работу. Опоздаешь!
Солай келіскенбіз. Мы так договорились.
Егер құпия болмаса, қайда жұмыс істейсіз? Если не секрет, где вы работаете?
Жақсы сөз сөйле немесе үндеме. Говори хорошие слова или молчи.
Азық-түлік бағасы күн санап өсіп жатыр. Цены на продукты повышаются с каждым днём.
31-02
Жалақыны да үнемі кешіктіріп береді. И зарплату постоянно задерживают.
Шамамен осылай. Примерно вот так.
Теориялық тұрғыдан қарағанда. Если рассматривать теоретически.
Қарың тоқ, киім бүтін. Рахаттанып өмір сүріп жатырсың. Сыт, одет. Живёшь беззаботно.
Не болса, ол болсын. Будь, что будет.
Еркектің мойыны жуан. У мужчин шеи крепкие.
Менменсіп кетіп еді, енді сабасына түсетін болды. Он возгордился, теперь успокоится.
Жаңа сөздерді жаттап алыңыз. Выучите новые слова.
Ата-анасының тәрбиесін көрмеген. У неё не было родительского воспитания.
Басқа не сұрайсыз? Что ещё спросите?
31-03
Бұл істі шеше алмайсың, тәжірибең жеткіліксіз. Ты это дело не решишь, у тебя недостаточно опыта.
Қажетті болып қалар. Может пригодится.
Кез келген жағдайда. В любом случае.
Екеуі тамақ ішіп, тарқасты. Они, покушав, разошлись.
Іс соңымен бітсе, жақсы. Если дело на этом закончится, хорошо.
Бос уақытыңызды қалай пайдаланасыз? Как используете свободное время?
Болды ма? Менде басқа да жұмыстарым бар. Всё? У меня есть ещё другие дела.
Айтқанымның бәрін ұқтың ба? Ты всё понял, что я сказал?
Көнуіңе тура келеді. Тебе придётся смириться.
Ол мені бүкіл қызметкерлер алдында масқара қылды. Он опозорил меня перед всеми сотрудниками.
31-04
Жаңбыр төгіп тұр. Дождь льёт.
Ондай қитұрқыны білеміз ғой. Знаем мы такую хитрость.
Осыны да білмейсің бе? Ты и этого не знаешь что ли?
Қалғым келеді. Хочу остаться.
Бұл үйдің иесі менмін! Я в этом доме хозяин!
Сен маған ештеңе түсіндіруге міндетті емеспін. Ты мне ничего не обязан объяснять.
Жарымеcсің бе? Ты идиот?
Күреске күшім жоқ. Бороться нет сил.
Кейін саған қайтарып берермін. Потом я тебе верну.
Алданып қалмаңыз! Не дайте себя обмануть!
31-05
Құжаттарды тексеріп алыңыз. Проверьте документы.
Барып тексерейін. Пойду, проверю.
Склероз - емделмейтін ауру. Склероз - неизлечимая болезнь.
Клиентімнің қалауы мен үшін - заң. Желание клиента для меня - закон.
Мынаны беріп жіберіңізші. Передайте это, пожалуйста.
Менің тамаша жаңалағым бар. У меня есть прекрасная новость.
Өмірімде талай нәрсе болды. В моей жизни много чего было.
Мені күтпеңдер. Не ждите меня.
Мен тумысымнан осындаймын. Таким уж меня уродили.
Мен ана атандым. Я стала матерью.
31-06
Осы бәрі жақсылықпен аяқталмайтынын түсінетін шығарсың. Ты понимаешь, наверное, что всё это добром не кончится.
Не меңзеп тұрсыз? Вы на что намекаете?
Меңзеп тұрған жоқпын. Я не намекаю.
Саған нақты айтудамын. Я тебе прямо говорю.
Бәрі артта қалды. Всё в прошлом.
Шашыңды қидырғансың ба? Ты подстригся?
Қарсылығым жоқ. Я не против.
Сіз маған тиіспесеңіз, мен де сізге тиіспеймін. Если Вы не будете меня трогать, то и я не буду.
Саған кім тиісті? Кто тебя трогал?
Мұрныңды сұқпайтын жерге сұғатын өзің. Сама суешь нос туда, куда тебя не просят.
31-07
Егер тағы да осылай істесең, мен сені өлтіремін. Я тебя убью, если ещё раз так сделаешь.
Өзіңді тым жоғары бағалап тұрған жоқсың ба? Не слишком ли высоко ты себя ценишь?
Саған дауа жоқ. Ты неисправим.
Есіңе сақтадың ба? Ты запомнил?
Ертең келмей-ақ қойсаң болады. Можешь завтра не приходить.
Әрі қарай не істейміз? Что будем делать дальше?
Кешіріңіз, оған не айтайын. Извините, что ему сказать?
Бәрі ойлағанымдай болды. Всё было, как я и думал.
Осынша әуреге салғаныма кешірім өтінемін. Извините, что причинил столько хлопот.
Сіз мұны жоққа шығара алмайсыз. Вы не сможете отрицать это.
31-08
Бұл әңгіме екеуміздің ортамызда қалсын. Пусть этот разговор останется между нами.
Әбден жүнжіп кетіпті өзі. Он совсем опустился.
Жоқ, құпия ештеңесі жоқ. Нет, ничего секретного нет.
Маған қалай өмір сүруді үйретпе. Не учи меня жить.
Неге саған жоқ деп алмайды екенмін? Почему я не могу тебе отказать?
Сен қашан келгенсің? Ты когда пришёл?
Бұдан былай маған өтірік айтпа. Впредь не смей мне лгать.
Мен ертең таңертең сағат онда кездесуді ұсынамын. Я предлагаю встретится завтра в 10 часов утра.
Сен қарсы болмайсың ба? Ты не будешь против?
Не ұсынасыз? Что предлагаете?
31-09
Олар татуласады. Они помирятся.
Өзіңіз айтып едіңіз ғой. Вы же сами говорили.
Ол өз ісің шебері. Он мастер своего дела.
Мен қателескен жоқпын ғой, иә? Я же не ошибся, да?
Сен неғып секиіп тұрсың? Что ты стоишь неподвижно?
Неменеге жетісіп, таксилетіп жүрсің? С чего это ты на такси раскатываешься?
Осы білген абзал. Хорошо бы это знать.
Адам бәріне де қабілетті. Человек способен на всё.
Одан бәрін күтуге болады. От него всё можно ожидать.
Жай тынығып отырмын. Просто сижу, отдыхаю.
31-10
Жеңіс біздікі болады. Победа будет за нами.
Бұрышқа тұрғызып қоямын. В угол поставлю.
Тек тойға шақыруды ұмытып кетпе. Только не забудь пригласить на той.
Неғып босағада тұрсың, жоғарыла! Что стоишь у порога, проходи!
Сені түнде түсімде көріп едім. Ночью тебя видел во сне.
Қайта бастадың ба? Шаршаған жоқсың ба? Ты снова начинаешь? Не устала?
Мен саған түсіндіріп айттым емес пе? Я разве тебе не объяснил?
Мен оны ақтамаймын. Я его не оправдываю.
Менімен сөйлеспейсің бе? Ты не поговоришь со мной?
Кілтті бере қойшы. Дай, пожалуйста, ключи.
31-11
Алланың атымен ант етемін. Клянусь именем Аллаха.
Босқа арам тер болма. Напрасно не трудись.
Бәрін айтып болдың ба? Ты всё сказал?
Мен мұндайға лайық емеспін. Я не достоин этого.
Бұл өте жақсы тақырып. Это очень хорошая тема.
Олай демеші. Не говори так пожалуйста.
Ұлтқа бөлінбейік. Давайте не будем делиться на национальности.
Ол менің жеке пікірім. Это моё личное мнение.
Ол қателесті. Он ошибся.
Сіз маған не дедіңіз? Что Вы мне сказали?
31-12
Қалаған жерге кетсін! Пусть валит куда хочет!
Мен барып, оны атып өлтірейін бе? Мне что, застрелить его что ли?
Тамақтанып отырғанда көп сөйлемеу керек. Во время еды не надо много разговаривать.
Сізде артық билет жоқ па? У Вас нет лишнего билета?
Соны айтып тұрмын ғой. Я же об этом говорю.
Құдай қаласа табылар деген үмітпен жүрдім. Я надеялся, что с Божьей помощью он найдётся.
Бүкіл өмірім көз алдымнан өтіп шықты. Вся жизнь прошла перед глазами.
Бұл сезімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Это чувство мне не передать словами.
Ол дұрыс түсіндірмеді. Он неправильно объяснил.
Қалай ойлайсың, біз барлығын дұрыс жасадық па? Как ты думаешь, мы всё правильно сделали?
31-13
Оның жолдастар арасында салмағы жоқ. У него нет авторитета среди друзей.
Не білетініңді айт. Говори, что знаешь.
Маған уақыт қажет. Мне нужно время.
Жұмыс ешқайда қашпас. Работа никуда не убежит.
Артық болмайды. Лишним не будет.
Менің тілім ал, асықпа. Послушайся меня, не торопись.
Ол дәлел емес. Это не доказательство.
Қастандық жасаған үшін кінәлісің. Ты виноват, что причинил зло.
Мен онымен өзім жекеше сөйлесем. Я сам лично с ним поговорю.
Бұл сылтау емес. Это не оправдание.
31-14
Бұл мәселені бейбіт түрде неге шешіп алмаймыз? Почему этот вопрос мы не можем решить мирным путём?
Мен саған не жамандық жасап едім? Что плохого я тебе сделал?
Не істеуім керек? Что я должен сделать?
Сіз маған ренжімеңіз. Мен солай жаралғанмын. Вы на меня не обижайтесь. Я таким создан.
Заңды мен де білемін. Законы и я знаю.
Сіздің алдыңызда қарыздармын ғой. Я же в долгу перед Вами.
Бір ыңғайсыз жағдай болып қалды. Случилась неприятная ситуация.
Сізді ұятқа қалдырдым. Я Вас подвёл.
Айқайлаймын, айқайлаймын, сіз естімейсіз. Кричу, кричу, вы не слышите.
Не істесе, де жолы болмайды. Чтобы он не делал, ему не везёт.
31-15
Қашан дайын болады екен? Когда будет готово?
Толық хақым бар. Имею полное право.
Болды, болды, ар жағын айтпай-ақ қой. Хватит, хватит, дальше можешь не говорить.
Қазақша жақсы сөйлейді екенсің. Оказывается, ты хорошо говоришь по-казахски.
Екеуміздің арамызда ешқандай келісім болған жоқ. Между мной и тобой никого договора не было.
Бақыт туралы ойлауға уақытым жоқ. Думать о счастье у меня нет времени.
Мен қашан айтып ем? Когда я говорил?
Амал жоқ, мен енді кетуге тиіспін. К сожалению, я должен идти.
Бос сөйлемейік. Сөзбен емес, іспен дәлелдейік. Не будем попусту говорить. Не словом, а делом доказывать.
Жұмысқа баратын ойың бар ма? Ты собираешься идти на работу?
31-16
Сен әлі ұзақ отырасың ба? Ты ещё долго будешь сидеть?
Үйде отырып ақша таппайсың. Сидя дома денег не заработаешь.
Мен бәрін көріп жүрмін. Я всё вижу.
Әр нәрседен кілтипан іздей бермеші. Не ищи подвоха во всём.
Бүл міндетті ме? Это обязательно?
Қашанғы шейін көне береміз? Сколько ещё будем мириться с этим?
Ол бұндай қарым-қатынасқа лайық емес. Он не заслужил такого отношения.
Ертең реттейміз бәрін. Завтра разберёмся во всём.
Көп сөзден пайда жоқ, іске көшетін кез келді. В многословии нет пользы, пришло время переходить к делу.
Тобыр боп жүріп не керек? Зачем ходить толпой?
31-17
Іші күйіп барады! От зависти лопается!
Текке әуре болған екем. Оказывается, я напрасно беспокоился.
Мен сізге өмір бақи қарызы болам. Я всю жизнь буду должником.
Болмашы нәрсеге шамданғанды қой. Прекращай обижаться на пустяки.
Павлодарда орыс мектебін тамамдадым. Я закончил русскую школу в Павлодаре.
Таптыңдар ма? Нашли?
Біз ештеңе таба алмадық. Мы ничего не нашли.
Сен оны көрдің бе? Ты его видел?
Шұғыл шаруам бар. У меня есть срочные дела.
Сөйлесуіміз керек. Нам нужно поговорить.
31-18
Менің сендермен сөйлескім келмейді. Я не хочу с вами разговаривать.
Мен екі рет қайталамаймын! Я два раза повторять не буду!
Тығылмай-ақ қой, осында екеніңді білемін. Не прячься, я знаю, что ты здесь.
Тез келуге тырысамыз. Мы постараемся быстро прийти.
Көмегім керек болса, шақырарсың! Позовешь, если понадобится моя помощь!
Алдымен ойлаңыз, сосын жазыңыз. Сначала подумайте, потом пишите.
Қазір айғай-шу басталады. Сейчас начнётся шум.
Ол қазақша сөйлей бастады. Он начал говорить по-казахски.
Сіз қарсы болмайсыз ба? Вы не возражаете?
Жалпы, жаман емес сияқты. В целом, неплохо, кажется.
31-19
Басым сынып барады. Голова раскалывается.
Бұл жақсылықтың белгісі. Это добрая примета.
Бірақ, мен мектеп оқушысы емеспін ғой. Но я ведь не школьник.
Оны түсінуге тырыс. Постарайся её понять.
Түзетулер енгізілді. Внесены изменения.
Сәлеміңізді жеткізуге тырысайын. Я постараюсь передать Ваш привет.
Мен сіздің мазаңызды алмаймын. Я не буду Вас беспокоить.
Сіз аса мейірімді адамсыз. Вы очень добрый человек.
Тұтатып алуға рұқсат етіңіз? Разрешите прикурить?
Мен сені күтпеген едім. Я тебя не ждал.
31-20
Сапарың қалай? Как твоя поездка?
Соныңды айтшы алдымен. Расскажи сначала об этом.
Мен өзіме ұнайтын өмірмен өмір сүріп жатырмын. Я живу жизнью, которая мне нравится.
Бірақ кейін айтпады деме. Но потом не говори, что не предупреждали.
Сен түсінген жоқсың ба? Ты не поняла?
Нені түсінуім керек? Что я должна понять?
Неге бірден күдіктене қарайсыз? Почему Вы сразу смотрите подозрительно?
Қызмет көрсету саласының маманымын. Я работник сферы облуживания.
Сен осы қашаннан бері маған өтірік айтатын болғансың? C каких пор ты стала мне врать?
Мен білген жоқпын. Я не знал.

Корректор: Татьяна Валяева


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Полезные фразы 30 Вернуться к началу Полезные фразы 32  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга