Полезные фразы
Сборник 10
Автор: Рауль Керимбаев
10-01
Ол мен жайлы жалған сөздер айтты. | Он обо мне говорил неправдивые слова. |
Бұл жаққа жолды ұмытпаған екенсің ғой. | Ты, оказывается, не забыл дорогу сюда. |
Мен сені қатты аяймын. | Мне тебя очень жаль. |
Мен саған ғашық болғаным үшін кінәлімін бе? | Разве я виноват, что влюбился в тебя? |
Мұның бәрін не үшін жасап жатырсың? | И для чего ты это все делаешь? |
Мен мұның бәрін сен үшін жасап жатырмын! | Я все это делаю для тебя. |
Саған не болды, неге үндемейсің? | Что с тобой? Почему ты молчишь? |
Сен соны түсінесің бе?! | Ты это понимаешь? |
Соғыс ешкімді аямады. | Война никого не пожалела. |
Менің көңілімді түсірме. | Не расстраивай меня.
|
10-02
Бұл өте әсем көрініс. | Это очень красивая картина. |
Қызғанып кеттім. | Стало завидно. |
Барып қарап көрейін. | Пойду посмотрю. |
Өзіңді өзің қинап біттің. | Ты себя совсем измучил. |
Енді ештеңе істей алмайсың. | Теперь ничего не сделаешь. |
Оны күтіп отырмаймын. | Сидеть и ждать её не буду. |
Жақсы, енді бір ғана сұрақ. | Хорошо, ещё один только вопрос. |
Оларға шамаларың келмейді. | Вы с ними не справитесь. |
Бұл әдетке айналды. | Это вошло в привычку. |
Сендер о дүниеге барып келгендей болдыңдар ғой. | Вы, можно сказать, вернулись с того света.
|
10-03
Енді тек қана алға. | Теперь только вперёд. |
Сен бізді кімге айырбастап кеттің. | Ты на кого нас променял? |
Саған ондай қылықтар жараспайды. | Тебе такие дела не идут. |
Ол сенен қашып жүр. | Он тебя избегает. |
Сен қайда кетіп қалдың? | Ты куда ушёл? |
Жарқыраған жұлдызымыз! | Наша сверкающая звезда! |
Бәрін тастап кете салуыңа болмайды. | Ты не можешь всё бросить и уйти. |
Саған қанша қайталасам болады? | Сколько мне можно тебе повторять? |
Сен маған ұнамайсың. | Ты мне не нравишься. |
Бізге бәрі белгілі. | Нам всё известно.
|
10-04
Жағдайы жақсы бола ма? | С ней всё будет хорошо? |
Сен әдейі жасаған жоқсың. | Ты не специально сделала. |
Бір минут уақытың бар ма? Сөйлесе аламыз ба? | У тебя есть минута времени? Мы можем переговорить? |
Жүр, жуынып келейік. | Пойдем, умоемся. |
Құдайым, көмектесе гөр! | Господи, помоги! |
Соңғы рет ескертемін. | Последний раз предупреждаю. |
Жағдайым нашар, бауырым. | Плохо мне, брат. |
Тұспалдай сөйлейді. | Он говорит намеками. |
Мен бұл қағазды шұқшия оқыдым. | Я тщательно прочитал эту бумагу. |
Туыс деген бір бірімен араласып жүру керек. | Родственники должны общаться друг с другом.
|
10-05
Өзіңмен өзің бол, жындымен жынды болма. | Будь самим собой, не будь дураком с дураками. |
Құмар ойын ойнама, темекі шекпе, арақ ішпе. | Не играй в азартные игры, не кури, не пей спиртные напитки. |
Бұл жағдайда не істеу керек? | Что в этом случае нужно делать? |
Басқа не керек? | Что ещё нужно? |
Мен онымен барамын. | Я с ней поеду. |
Кіре ғой! | Заходи! (Проходи!) |
Сенен соң кетіп қалды. | Ушёл после тебя. |
Олар бір амалын табады. | Они найдут выход. |
Ол психологиялық зақым алды. | Она получила психологическую травму. |
Бұл сенің мәселең, өзің шеш. | Это твои проблемы, сам решай.
|
10-06
Ол өз сабағын алды, сол да жетеді. | Она получила свой урок и этого достаточно. |
Бұл жағдайды әлі күліп отырып еске аласың. | Этот случай ты будешь потом вспоминать со смехом. |
Аяқты аспанға көтеріп жоқпын. | Я не бездельничаю. |
Жұмыс қайнап жатқан шығар. | Работа, наверное, кипит. |
Ақшаны үнемдеме. Қалағаныңша жұмсай бер. | Не экономь деньги. Трать, как хочешь. |
Соңғы кезде бастарымыз бір қосылмадық. | В последнее время мы давно не собирались вместе. |
Ал сен семіріп кетіпсің. | А ты потолстел. |
Адасып кетпейсіңдер ме? | Не заблудитесь? |
Ерекше шақыруды күтіп тұрсың ба? | Ты ждёшь особого приглашения? |
Сен оның анасысың ба? | Ты что её мать?
|
10-07
Міндетті түрде айту керек пе? | А обязательно говорить? |
Біз жанұямызды таңдамаймыз. | Мы не выбираем семью. |
Бұл - тағдырдың жазғаны. | Это судьба (Веление судьбы). |
Келудің қажеті жоқ. | Не надо приезжать. |
Мен қол қусырып отыра алмаймын. | Я не могу сидеть сложа руки. |
Кез-келген ана солай жасар еді. | Любая мать сделала бы так же. |
Соқыр тауыққа бәрі бидай. | Слепой курице всё является зерном. |
Сенің дауысыңды естігім келді. | Захотелось услышать твой голос. |
Әрине, сен үшін барлығы оңай. | Конечно, для тебя всё легко. |
Олардың әрдайым мың сылтауы бар. | У них всегда тысячу оправданий.
|
10-08
Осын шама күтіп едің, енді тағы кішкене күте тұр. | Ты столько ждал, подожди ещё немного. |
Менің шыдамым таусылуда. | У меня не хватает терпения. |
Барлығы саған таң қалуда. | Все тобой восхищаются. |
Оған дау жоқ. | С этим я спорить не буду. |
Танымал отбасылардың барлығы жетісіп жүрген жоқ. | Все известные семьи далеко не идеальны. |
Мен сені туған күніме шақырамын. Келесің ғой? | Я тебя зову на свой день рождения. Ты же придёшь? |
Әрине, келем. | Конечно, приду. |
Маған бәрін рет-ретімен айтып берші. | Расскажи мне всё по порядку. |
Сен менiң жүрегiмдесiң. | Ты в моём сердце. |
Сен менің арманымсың. | Ты моя мечта.
|
10-09
Туған күні жылда бір рет болады. | День рождения бывает один раз в году. |
Жазбайсыңдар маған. | Не пишите мне. |
Сөйлемейсiңдер маған. | Не разговариваете со мной. |
Iздемейсiңдер менi. | Не ищите меня. |
Сағынбайсыңдар менi. | Не скучаете по мне. |
Не деген адамсыңдар, а? | Что вы за люди, а? |
Ол сені біледі екен. | Он тебя, оказывается, знает. |
Бізді күтпеңіз. | Не ждите нас. |
Қазір жоқ, ертең келіңіз. | Сейчас нет, приходите завтра. |
Құдай алдында бәріміз бірдейміз. | Перед Богом все мы равны.
|
10-10
Олардың жазығы жоқ. | Они не виноваты. |
Мұнда шылым шегуге болмайды. | Здесь курить нельзя. |
Қатаң түрде тыйым салынады. | Строго запрещается. |
Баланы бесіктен тәрбиеле. | Воспитывай ребенка с колыбели. |
Біздің жасымызда қайдағы махаббат? | Какая любовь в нашем возрасте? |
Таба алмай жатырмыз. | Не можем найти. |
Қарамаған жеріміз жоқ. | Везде искали. |
Есіңе түсті ме? | Ты вспомнил? |
Есіме түсті. | Я вспомнил. |
Өз құлақпен естідім. | Я слышал своими ушами.
|
10-11
Әкеңе көңіл аудармай-ақ қой. | На обижайся на своего отца. |
Балам, дұрыс таңда. | Сын, сделай правильный выбор. |
Біздің шегінетін жол жоқ. | Нам терять нечего (дороги для отступления нет). |
Бәрі сақадай сай. | Всё готово. |
Аман-есен жетіп алыңдар. | Доедьте благополучно. |
Қайда жоғалып қалдың? | Где ты потерялся? |
Басым өзімдікі, не істейтін өзім білемін. | Я сам знаю, что мне делать. |
Сені тыңдағым келмейді. | Слушать тебя не хочу. |
Әркім жай-жайына кетті. | Каждый пошёл по своим делам. |
Бұл жерге ұрсысу үшін келмедім. | Я не ругаться пришёл сюда.
|
10-12
Сен өзің қалап едің ғой. | Ты же сам желал этого. |
Неге қазір басқаша ойлайсың? | Почему сейчас по-другому думаешь? |
Мен оны қайтарғым келеді. | Я хочу её вернуть. |
Мен оны қайтарамын. | Я её верну. |
Ол байып кеткен екен ғой. | А он разбогател, оказывается. |
Кейін не істейміз? | Что будем делать дальше? |
Ол әке-шешесінен көмек сұрады. | Он попросил помощи у родителей. |
Сен осыған көне алмай жүрсің? | Ты с этим не можешь смириться? |
Бұл мені ызаландырады. | Это меня выводит из себя. |
Қарның ашса жерсің. | Если проголодаешься покушаешь.
|
10-13
Тым кеш болып кетті, қызым, үйге қайт. | Уже совсем поздно, доча, возвращайся домой. |
Біз таңға дейін қыдырамыз. | Мы будем гулять до утра. |
Барлығы жақсы аяқталды. | Всё закончилось хорошо. |
Бір тыным жоқ. | Никакого покоя. |
Келесі жол барамын. | Поеду в следующий раз. |
Сен қоңырау шалдың ба? | Ты звонила? |
Кешір, тұтқаны көтеріп үлгермедім. | Не успел поднять трубку. |
Бәрін дұрыстап түсіндірші. | Объясни всё по порядку. |
Бұл қылығыма қатты өкінемін. | Я сожалею о своём поступке. |
Күткенімізге бір сағат болды. | Мы ждём вас уже час.
|
10-14
Егер жұмыстан шығарамын десеңіз - өз хақыңыз. | Если Вы решите меня уволить – Ваше право. |
Айтқанымды істесең, сені ренжітпеймін. | Если сделаешь, что сказал, я тебя не обижу. |
Ортақ мүддеміз бар. | У нас есть общие интересы. |
Тынышталсаңыз бола ма? Кедергі жасаудасыз. | Можно потише? Вы мешаете. |
Мен бәріне дайынмын. | Я готов на всё. |
Қатты мазаладым ба? | Сильно тебя побеспокоил? |
Мен соншалықты нашармын ба? | Я настолько плохой? |
Бүгін сондай ерекше күн. | Сегодня такой особенный день. |
Үйлену оңай, үй болу қиын. | Жениться легко, жить семьёй трудно. |
Сен қайдан білесің? Мүмкін ол жақсы шығар. | Ты откуда знаешь? Может она хорошая.
|
10-15
Осыдан кейін мен үйден қалай шығамын? | Как теперь мне выходить из дому? |
Елдің көзіне қалай қараймын? | Как смотреть людям в глаза? |
Не істегісі келсе, соны істесін. | Пусть делает, что хочет. |
Сіз сенімдісіз бе? | Вы уверены? |
Біреуді күтіп тұрсыз ба? | Вы кого-то ждёте? |
Қызымды тағы кім маған қарсы қойған? | Кто опять настроил против меня дочь? |
Кешкі асқа отырайық. Сол жерде мәселелерімізді де шешіп алармыз. | Давайте садиться ужинать. Там и решим наши проблемы. |
Сенің орныңда болсам тезірек зытып кетер ем. | Я на твоем месте поскорее ушел бы. |
Тағдырымға ризамын. | Я доволен своей судьбой. |
Ол туралы ешкімге айтпашы. | Не говори никому об этом, пожалуйста.
|
10-16
Егер сен бастыққа айтсаң, ол оның түбіне жетеді. | Если ты скажешь начальнику, он его сотрёт в порошок. |
Өз басым қарсы емеспін. | Лично я не против. |
Кел, татуласайық. Бер қолыңды! Қанеки! | Иди мириться. Дай руку! Ну давай! |
Жалынбай-ақ қой. | Не упрашивай. |
Әкел деймін қолыңды. | Дай руку, тебе говорю. |
Әкелмеймін. Татуласқым келмейді. | Не дам. Я не хочу мириться. |
Әкел қолыңды, қанша қайтала беремін? | Дай руку, сколько можно повторять? |
Маңызды мәселе. | Важная проблема. |
Тамаққа жүріңіз. | Пойдёмте кушать. |
Бару керек пе әлде бармау керек пе? | Идти или не идти?
|
10-17
Қанағаттандыңыз ба? | Вы удовлетворены? |
Енді ризамысыз? | Теперь Вы довольны? |
Енді мені мазаламаңыз, өтінемін сізден. | Оставьте меня, умоляю вас. |
Қалжыңды қойыңызшы! | Прекратите шутить! |
Алыс және жақын шет елдер. | Ближнее и дальнее зарубежье. |
Айтқан тілді алмасаң, арты жақсы болмайды. | Если не будешь слушаться, последствия будут плохими. |
Өте әсерлі оқиға. | Очень трогательна история. |
Оны бітірмесек, күн бекер өтті деп санаймыз. | Мы считаем, что если мы это не закончим, то день прошёл напрасно. |
Орындалмас арман. | Несбыточная мечта. |
Менсіз бара беріңдер. | Идите без меня.
|
10-18
Жұмыстарымды аяқтауым керек. | Мне нужно закончить свои дела. |
Құдайдың жазасы! | Божье наказанье! |
Бұл тас сәттілік дарытады. | Этот камень приносит удачу. |
Сіз қазақ тілін үйренгіңіз келе ме? | Вы хотите учить казахский язык? |
Білуге бола ма? | Позвольте узнать? |
Ақырын сөйле. | Говори потише. |
Сіз маған қонаққа келіңіз. | Вы приходите ко мне в гости. |
Мен ше? | А я? |
Көріспегелі қанша заман. | Сколько лет, сколько зим. |
Мен мұны аяқсыз қалдырмаймын! | Я это так не оставлю!
|
10-19
Қайтеміз енді? Бұйырғаны болады. | Ну, что мы поделаем? Чему быть, того не миновать. |
Байқа, мен көп сөзді ұнатпаймын. | Учти, я не люблю, когда много говорят. |
Мұнда бір кілтипан бар. | Тут что-то не так. |
Сен тек өзіңді ойлайсың. | Ты только о себе думаешь. |
Үлгермей жатырмын. | Я не успеваю. |
Енді өзiмiз дұрыстап отырып шай iшейiк. | Теперь давайте, нормально сядем и попьём чай. |
Жарайды, он екі жарымда кездесерміз. | Ладно, встретимся полпервого. |
Тортпен шай ішкенді жақсы көремін. | Я люблю пить чай с тортом. |
Жай айта салдым. | Я просто так сказал. |
Ол ешкімнен кем емес. | Он не хуже других.
|
10-20
Сенің ештеңе айтқың келмей ме? | Ты ничего не хочешь сказать? |
Жылаудың орнына біз күліп отырмыз. | Вместо того, чтобы плакать, мы смеёмся. |
Оның бойында менің қаным бар. | В нём течёт моя кровь. |
Сен әлі өкінесің. | Ты ещё пожалеешь. |
Осыны маған түсіндірсеңіз жақсы болар еді. | Хорошо было бы, если бы Вы это разъяснили мне. |
Біз жай сөйлесіп отырмыз. | Мы просто говорим. |
Қазақ қыздарға қайран қалам. | Поражаюсь казахским девушкам. |
Осылай тұрасың ба? Былай тұршы! | Так и будешь стоять? Отойди, пожалуйста! |
Астана күннен-күнге үлкейіп, көркейіп келе жатыр. | Астана с каждым днём становится больше, красивее. |
Жарамдылық мерзімі бітті. | Срок годности истёк.
|
Корректор: Татьяна Валяева
© Татьяна Валяева 20072021
http://kaz-tili.kz/
|