Полезные фразы
Сборник 39
Автор: Рауль Керимбаев
39-01
|
Тағы не болатын, күтуге ғана қалды. | Что будет дальше, придётся ждать. | |
Кәдімгі суреттер. | Обыкновенные фотографии. | |
Бұл шындыққа жанаспайды. | Это не может быть правдой (это не соприкасается с правдой). | |
Осының барлағын күрделендірудің қажеті жоқ. | Не надо усложнять всё это. | |
Осының барлығы қасақана жасалғаны айдан анық. | Всё сделано умышленно, это яснее чем луна. | |
Мені есімнен тандырарсыңдар. | Вы меня с ума сведёте. | |
Мен адамдарды білемін. | Я знаю людей. | |
Бұл - сол әйелдің айласы. | Это козни той женщины. | |
Көзінен-ақ қандай адам екені белгілі. | По глазам видно, что он за человек. | |
Ол үшін сен тек өрісі тар адам екенді ұмыт па? | Не забывай, что ты для него только мелкая сошка.
|
39-02
|
Сен оның өміріңді мыңдаған әйелдердің бірсің. | Ты одна из тысячи его женщин. | |
Сен еңбектеп келіп, жалынатын боласың. | Ты ещё приползёшь, будешь умолять меня. | |
Ол ешқашан бұлай жасамас еді. | Он никогда бы так не сделал. | |
Жоқтан жақсы ғой. | Это лучше, чем ничего. | |
Мені кемсіту керек жоқ. | Не стоит меня недооценивать. | |
Ғашық адамға уақыт әсер етпейді. | На влюблённого человека время не влияет. | |
Ғашық адам ақылынан алжасып, басы айналады. | У влюблённого человека кружится голова, он лишается рассудка. | |
Енді бәрі кеш. | Теперь всё поздно. | |
Ақшаны саламыз, және бес ессе пайда табамыз. | Вложим деньги и получим в пять раз больше. | |
Сені бай әйел етемін. | Сделаю тебя богатой женщиной.
|
39-03
|
Осыны ақылдасайықшы. | Давай это обсудим. | |
Саған үйреніп қалдым. | Я к тебе привык. | |
Ол сол ақшаны босқа құртады. | Он эти деньги промотает. | |
Тағы жайрап жатырсыңдар ма? | Опять что ли бардак устроили? | |
Айтатын сөз табылмадым. | Я не нашёл, что сказать. | |
Не үшін бардым онымен? | Зачем я пошёл с ним? | |
Қалай тапсам екен оны? | Как же мне его найти? | |
Барамын дедім ғой саған. | Я же сказал тебе, что пойду. | |
Жай сұрағаным ғой. | Да так просто спросил. | |
Болашақ сендердікі. | Будущее за вами.
|
39-04
|
Біз бұл әйелден ешқашан құтыла алмаймыз ба? | Мы от этой женщины никогда не избавимся что ли? | |
Пайдалы екен. Жеңілдеп қалдым. | Оказывается это полезно. Мне полегчало. | |
Сен ақымақтық жасап жүрсің. | Ты совершаешь глупость. | |
Иә, бар ондай. | Да, есть такое. | |
Күн сайын сен мені таң қалдырудан шаршамайсың. | Ты не устаешь удивлять меня каждый день. | |
Қалай өмір сүргің келсе солай сүр. | Живи, как хочешь. | |
Бәрі сендердің қамдарың үшін. | Всё ради вашего блага. | |
Қарбыз жегім келіп кетті ғой. | Захотелось поесть арбуза. | |
Микрофонды ал да шырқа. | Возьми микрофон и пой. | |
Үлгеретін шығармыз. | Наверное, успеем.
|
39-05
|
Ер адамның жолында неше түрлісі болады. | В жизни мужчин всякое бывает. | |
Есіңді жина! | Соберись! | |
Бір шаруа бар. | Есть одно дело. | |
Тым қарапайым секілді. | Кажется слишком просто. | |
Өңім екен десем, түсім екен. | То, что считал явью, оказалось сном. | |
Естіген шығарсың. | Слышал, наверно. | |
Мен оны меңзеп тұрған жоқпын. | Я не это имел ввиду. | |
Оның қуанғанын көрсең ғой. | Ты бы видел, как он обрадовался. | |
Неге мен қинала беремін? | Почему я страдаю? | |
Ешқашанда өзіңді қорлауға жол берме. | Никогда не позволяй себе унижать.
|
39-06
|
Онда сұрақ қоймай-ақ қояйын. | Тогда не буду задавать вопросы. | |
Одан жайдан-жай қалмаймын. | Я так просто так от него не отстану. | |
Сенімен жақсы емес, сенсіз де болмайды. | С тобой плохо, а без тебя невозможно. | |
Қаласаң жата бер. Кеш болып кетті. | Ложись, если хочешь. Уже поздно. | |
Өзімнің қалауыммен. | Я сама захотела. | |
Тамақ әзірлегенді жақсы көремін. | Я люблю готовить. | |
Жақсы, аздап жейін. Тек аз ғана сал. | Хорошо, поем немного. Только положи немного. | |
Көрейік, саған ұнай ма екен. | Посмотрим, понравится ли тебе. | |
Палауың керемет! | Отличный плов у тебя! | |
Мен кәрімін және аурумын. | Я старый и больной.
|
39-07
|
Бұнда мен өзімді кәрімін деп сезінбеймін. | Здесь я себя не чувствую старым. | |
Менде шаруаң болмасын! | Какое твоё дело до меня! | |
Біз хабарландыру бойынша келіп тұрмыз. | Мы пришли по объявлению. | |
Клиенттің айтқаны заң, қайда апар десеңдер сонда апарамын. | Слово клиента - закон, куда скажете, туда и отвезу. | |
Ол өздеріңнің проблемаларың. | Это их проблемы. | |
Сенің өмірің, проблемаларың мені қызықтырмайды. | Меня твоя жизнь и твои проблемы не интересуют. | |
Сіз мені қай кезде көрдіңіз? | Вы меня в какое время видели? | |
Назар аудармадым. | Я не обратил внимания. | |
Бұл сұраққа жауап беруден бас тартамын, өйткені оның бұл іске қатысы жоқ. | Я отказываюсь отвечать на этот вопрос, потому что он не имеет отношения к этому делу. | |
Әбден мезі қылып біттің ғой! | Достал ты меня!
|
39-08
|
Естігенмін. Анығын білмеймін. | Я слышал. Но точно не знаю. | |
Егер ол келсе менің жоқтығымды білдірме. Жарай ма? | Если он приедет, прикрой меня. Ладно? | |
Қалай білдірмеймін? | Как я прикрою? | |
Менің үйде екенімді, ұйықтап жатқанымды айт. | Скажи, что я дома, сплю. | |
Әйтеуір, бір амалдап, бір сылтау тапшы. | Ну, скажи что-нибудь. | |
Өтірік айтайын ба? | Я должна лгать? | |
Шыдап бақшы. Өтінемін. | Ну, потерпи, прошу тебя. | |
Жақсы, мен қолымнан келгенше тырысамын. | Хорошо, я постараюсь сделать всё возможное. | |
Терлегеннен арқам су болып кетіпті. | У меня спина мокрая. | |
Күйгелектенгеннен бе? | От волнения?
|
39-09
|
Артық бір нәрсе айтып қоямын ба деп қорықтым. | Я боялась, что скажу что-нибудь лишнее. | |
Бүгін ерте жатып қалды. Басы ауырып қалған екен. | Она сегодня легла рано. У неё болит голова. | |
Сен шаршау көрінесің. | Ты выглядишь уставшим. | |
Осы уақытқа дейін жұмыс істедің бе? | Ты до сих пор работал? | |
Иә. Ауыр күн болды. | Да. Был тяжёлый день. | |
Отыр, аздап тынығып ал. | Садись, отдохни немного. | |
Ал мен дастарқан жаяйын. | А я накрою на стол. | |
Сен палауды жақсы көруші едің ғой. | Ты же любишь плов. | |
Сен неге тамақ істедің? | Почему ты готовила еду? | |
Сені жұмыс істеуге мәжбүрлей ме? | Тебя заставляют работать?
|
39-10
|
Қане, қызым, кеш болмай тұрғанда кетейік. | Ну-ка, доча, поехали, пока не поздно. | |
Ертең маған жұмысқа баруым керек. | Мне завтра на работу надо идти. | |
Бұл жерден жете алмаймын. | Я не смогу уехать отсюда. | |
Үйіңе жеткен соң хабарлас. Қатты уайымдайтын боламын. | Как доберёшься до дома, позвони. Я буду сильно переживать. | |
Сені қатты сағындым. | Я по тебе сильно соскучился. | |
Мені жүз жылда бір еске аласың ғой. | Ты вспоминаешь раз в сто лет. | |
Мен сені бір сәт те ұмытқан емеспін. | Я тебя ни на секунду не забывал. | |
Мен Сізді сатқан жоқпын. | Я Вас не предавал. | |
Мен түк те істеген жоқпын. | Я вообще ничего не делал. | |
Көшеде тірі пенде көрінбейді. | На улице не видно ни одной живой души.
|
39-11
|
Таңғы асыңды ішпейсің бе? | Ты не позавтракаешь? | |
Олар қай жерден келер екен? | Интересно, с какой стороны они приедут? | |
Мұны ел-жұрт білсе, не болатынын білесің бе? | Если люди узнают об этом, знаешь, что будет? | |
Мен құримын. Бәрі құр талқан болады. | Мне будет конец. Всё пойдёт прахом. | |
Ол асығыстық жасамайды. | Он не поступает поспешно. | |
Кешкісін не болатынын көресің | Вечером посмотришь, что будет. | |
Енді бәрін қайтадан сатып алу керек. | Теперь снова всё покупать нужно. | |
Көп шығындалмаймыз. | Много не потратим. | |
Біз адал өмір сүруге тырысып жүрміз. | Мы стараемся жить честно. | |
Ол ұятсыз оңбағанның қайда жасырынғанын кім білсін? | Кто знает, куда скрылся этот бесстыдник.
|
39-12
|
Мен кеш келемін. | Я приду поздно. | |
Анам сұраса, мені Шулеге кетті де. | Если мать спросит, скажешь, что ушла к Шуле. | |
Боранды бір сағаттан кейін ұйықтат. Жарай ма? | Уложи спать Борана через час. Ладно? | |
Мен саған қарызымды беруге келдім. | Я пришла к тебе отдать долг. | |
Асығатын ештеңе жоқ сияқты. | Видимо, торопиться некуда. | |
Ертең жұмысқа келесің бе? | Ты придёшь завтра на работу? | |
Біраз отыра тұр. | Посиди немного. | |
Маған ақша керек емес. Түсінікті ме? | Мне не нужны деньги. Ясно? | |
Ешқандай қарыз жоқ. | Нет, никого долга. | |
Тек ешкімге ештеңе айтушы болма. | Только держи язык за зубами.
|
39-13
|
Мұнда такси шақыра аламыз ба? | Мы можем вызвать сюда такси? | |
Біз ақырындап кете берейік. | Мы потихоньку пойдём. | |
Жоқ, біз әлі шай ішеміз, әңгімелесеміз. | Нет, мы ещё будем пить чай, разговаривать. | |
Таксимен келдің бе? | Ты на такси приехала? | |
Маған қиын емес. | Мне не трудно. | |
Мен сізді танымаймын. | Я Вас не знаю. | |
Кешір, мен жеке бастың мәселесін қозғалдым. | Прости, я затронул личную тему. | |
Сен бізге бөтен емес. | Ты нам не чужой. | |
Арақатынастарың қалай? | Как у вас складываются отношения? | |
Ақыры шындықты айтасың. | Скажешь, наконец, правду.
|
39-14
|
Оған қалай айтатынымды білмеймін. | Я не знаю, как ему скажу. | |
Қайда қашып кеткені белгісіз. | Неизвестно куда он сбежал. | |
Бұл қалай болды. Айтып бер. | Как это было. Расскажи. | |
Мен жаназаға бармақ болғанмын. | Я хотела пойти на панихиду. | |
Мұстафаны қыздың қасында қалдырып кеттім. | Оставила Мустафу с девушкой. | |
Бірақ, бірдеңеден сезіктендім де, қайтып келдім. | Но у меня закрались сомнения, и я вернулась. | |
Алла көмектесті. | Аллах помог. | |
Дер кезінде келіппін. | Я вернулась вовремя. | |
Менің үйімде сондай ұятсыздық орын алды! | Такие непристойности в моём доме! | |
О Алла, сабыр бере гөр маған! | О Аллах, дай мне терпения!
|
39-15
|
Бұзақы екен, жарайды. Сандалбай екен, жарайды. Бірақ, бұл шектен шыққандық! | Ладно, хулиган. Ладно, бездельник. Но это уже слишком. | |
Осыдан қолыма түссін, мен оны сабаймын. | Попадись он мне в руки, я его прибью. | |
Қандай бала мен тәрбиелегенмін! | Какого же сына я воспитала! | |
Мен клиентке аяқталмаған жұмысты көрсетпеймін. | Я не показываю клиенту незаконченную работу. | |
Сен жалған сеніммен қарайды екенсің. | У тебя предубеждения. | |
Кешір. Бірақ мен өз ісімнің шеберімін. | Прости, но я профессионал. | |
Жақсы. Онда бүгін мен сені жайыңа қоямын. | Хорошо. Тогда сегодня я тебя оставлю в покое. | |
Кездеспейсіңдер ме? | Вы не встретитесь? | |
Еш өзгеріс жоқ. | Никаких измений нет. | |
Дамылдауымыз керек. | Мы должны сделать передышку.
|
39-16
|
Ол той туралы айтпай жатыр. | Он не говорит о свадьбе. | |
Біз тосынсый жасауға бел будық. | Мы решили сделать сюрприз. | |
Осындай тәтті баланы жеп қойғың келіп тұрады! | Так и хочется съесть такого сладкого ребёнка! | |
Біз саған тамақ берер едік. | Мы бы тебя покормили. | |
Сен отырып демал. Мен дастархан жаямын. | Ты садись отдыхай. Я накрою на стол. | |
Мыналар не деп жатыр? | Что они там говорят? | |
Не ойлағаның бар? | Что ты задумал? | |
Мен естігенімді айтып отырмын. | Я говорю то, что слышал. | |
Бір ойлағаным бар. | Кое-что задумал. | |
Мені көргеніңді ешкімге айтпа. Жарай ма? | Никому не говори, что видела меня. Ладно?
|
39-17
|
Не деген адамсыңдар? | Что вы за люди? | |
Неге оны таңдадыңдар? | Почему вы выбрали это? | |
Ол тағы да түйіліп отыр. | Он опять не в духе. | |
Неге кешігіп жатыр екен, білдіңдер ме? | Вы узнали, почему он опаздывает? | |
Сіз мені шын сүйесіз бе? | Вы меня, правда, любите? | |
Сен неге сондайсың? | Ты почему такой? | |
Достар бір-бірін алдамайды, ренжітпейді, бір-біріне көмектеседі. | Друзья друг друга не обманывают, не обижают, помогают друг другу. | |
Сейфулин мен Гогольдің қиылысына барам. Апарасың ба? | На перекресток Сейфулина - Гоголя еду. Довезёшь? (*барам=барамын) | |
Бұл жолы кешірмеймін. | На этот раз я не прощу. | |
Баланы олай қорқытуға болмайды. | Нельзя так пугать ребёнка.
|
39-18
|
Бұндай мінезіңменен сен алысқа бармайсың. | С таким характером ты далеко не уйдешь. | |
Біздің дұшпанымыз көп. | У нас много врагов. | |
Айтқанын тыңдаймыз. | Послушаем, что он скажет. | |
Мен сенімен адамша сөйлесіп тұрмын. | Я с тобой по-человечески говорю. | |
Сенің ішкенің алдында, ішпегенің артында. | Ты, как сыр в масле. | |
Саған басқа не керек? | Что тебе ещё нужно? | |
Бәле тілеп жүрсің бе? | На беду нарываешься? | |
Әке-шешеңе не дейсің? | Что ты скажешь родителям? | |
Екеуіміз доспыз. Ал достар бір бірге көмектесу керек. | Мы с тобой друзья. А друзья друг другу должны помогать. | |
Ол Сізге не істеп қойды? | Что она Вам сделала?
|
39-19
|
Сіз неге оны жек көресіз? | Почему Вы его не любите? | |
Құлақты жыртатын сөз. | Слово, режущее уши (букв. Слово, разрывающее уши). | |
Мен кейде солай деймін. | Я иногда так говорю. | |
Шындықты білгің келе ме? | Ты хочешь узнать правду? | |
Кімменсің? | Ты с кем? | |
Жаныңдағы кім? Аты кім оның? | Кто рядом с тобой? Как его зовут? | |
Неге онымен біргесің? | Почему ты вместе с ним? | |
Басыңды қатырып жібердім ба? | Я заморочил тебе голову, да? | |
Сен маған осы уақытқа дейін бір рет қал-жағдайымды сұрамадың. | Ты до сих пор ни разу не спросил, как у меня дела. | |
Сен жаңа не дедің? | Что ты сейчас сказал?
|
39-20
|
Бұл мақаланы кім жазған? | Кто написал эту статью? | |
Бұл өмірде шындық ешкімді қызықтырмайды. | В этой жизни правда никого не интересует. | |
Неменеге шыңғырасың? | Что ты визжишь? | |
Сен көп сұрақ қоясың. | Ты много задаешь вопросов. | |
Бұл жақсылыққа апармайды. | Это к добру не приведёт. | |
Не сұрағың келіп тұрғаныңды біліп тұрмын. | Я знаю, что ты хочешь спросить. | |
Неге сыртымнан мен туралы өсек айтасың? | Что ты за глаза распускаешь сплетни про меня? | |
Қашып кете алмайсың. | Ты не сможешь сбежать. | |
Не болған Сізге, ауырып қалған жоқсыз ба? | Что с Вами случилось, Вы не заболели? | |
Мынау нағыз бопса ғой! | Это же настоящий шантаж!
|
Корректор: Татьяна Валяева
|