Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Приветствие
Знакомство
Просьба
Согласие
Время
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
«Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний»
Диалоги  стр.1  стр.2
Жаңа толқын
 Қаз/Qaz 

Полезные фразы

Сборник 8

Автор: Рауль Керимбаев

8-1
Нең бар мұнда? Что ты здесь потерял? Neñ bar mūnda?
Мен қазақшаға жетікпін/судаймын. Я свободно говорю по-казахски. Men qazaqşağa jetıkpın/sudaimyn.
Байқап сөйлеңіз. Следите за своими словами. Baiqap söileñız.
Сұраққа жауап бер. Ответь на вопрос. Sūraqqa jauap ber.
Күңкілдемей қойшы енді. Ну, хорош ныть. Küñkıldemei qoişy endı.
Қайда сандалып жүрсің? Где ты слоняешься? Qaida sandalyp jürsıñ?
Сені біз бәріміз күтіп отырмыз. Мы все тебя ждём. Senı bız bärımız kütıp otyrmyz.
Не істеп отырсыз? Что Вы делаете? Ne ıstep otyrsyz?
Менен саған не керек? Что тебе от меня надо? Menen sağan ne kerek?
Мен олай деп есептемеймін. Я так не считаю. Men olai dep eseptemeimın.
8-2
Ақымақтың сөзін айтпашы. Не говори глупости. Aqymaqtyñ sözın aitpaşy.
Бір нәрсе қылып келіссек қайтеді? Мы может как-нибудь договоримся? Bır närse qylyp kelıssek qaite?
Сенен адам құсап сұрап тұр, сен де адам құсап жауап бер! Тебя по-человечески спрашивают, и ты по-человечески ответь. Senen adam qūsap sūrap tūr, sen de adam qūsap jauap ber!
Сенің кесіріңнен біз кешігіп жатырмыз! Из-из тебя мы опаздываем! Senıñ kesırıñnen bız keşıgıp jatyrmyz!
Мені жұмыста кідіртті. Меня на работе задержали. Menı jūmysta kıdırt.
Есікті жаба саласыз ба? Не могли бы закрыть двери? Esık jaba salasyz ba?
Ішіп алғансың ба? Ты выпил что ли? ıp alğansyñ ba?
Ризамын. Я доволен. Rizamyn.
Жетеді енді. Ну, хватит. Jete endı.
Қорықпа, мен сенің қасыңдамын. Не бойся, я рядом с тобой. Qoryqpa, men senıñ qasdamyn.
8-3
Жұрттың көбі осылай дейді. Многие говорят так. Jūrttyñ köbı osylai dei.
Ол ұмытып кетеді. Он забудет. Ol ūmytyp kete.
Тоқтай алмаймын. Не могу остановиться. Toqtai almaimyn.
Не айтқың келіп тұр? Что ты хочешь сказать? Ne aitqyñ kelıp tūr?
Бұл не деген сұмдық, қайда барсаң да – сыбайлас жемқорлық. Что за безобразие, куда не пойдёшь, везде коррупция. Būl ne degen sūmdyq, qaida barsañ da – sybailas jemqorlyq.
Болыңызшы, уақыт жоқ. Давайте быстрее, нет времени. Bolyñyzşy, uaqyt joq.
Мен өзімді нашар сезініп тұрмын. Я плохо себя чувствую. Men özım naşar sezınıp tūrmyn.
Отырыңдар, неғып тұрсыңдар? (неғып = не қылып) Садитесь, что стоите? Otyryñdar, neğyp tūrsyñdar? (neğyp = ne qylyp)
Сендер қайда жүрсіңдер? Где вы ходите? Sender qaida jürsıñder?
Өтінемін, бастамашы. Прошу, не начинай. Ötınemın, bastamaşy.
8-4
Біз үнемі кешігеміз. Мы постоянно опаздываем. Bız ünemı keşıgemız.
Сен бұл туралы хабардарсың ба? Ты про это в курсе? Sen būl turaly habardarsyñ ba?
Сен оны еркелетіп жібердің. Ты его избаловал. Sen ony erkeletıp jıberñ.
Бүгін менің туған күнім. Сегодня у меня день рождения. Bügın menıñ tuğan künım.
Осы мәселені шешуге көп ақша жұмсадым. Чтобы решить этот вопрос, я потратил много денег. Osy mäsele şeşuge köp aqşa jūmsadym.
Мен сені қадірлеймін. Я тебя ценю. Men senı qadırleimın.
Сондай қалжың бола ма? Разве так шутят? Sondai qaljyñ bola ma?
Қазір жүрегім тоқтап қалады. Сейчас сердце остановится. Qazır jüregım toqtap qalady.
Маған өкпелемеңіз. Не обижайтесь на меня. Mağan ökpelemeñız.
Маған ренжімеңіз. Не сердитесь на меня. Mağan renjımeñız.
8-5
Мен ештеңе білмеймін деп ойлап отырсың ба? Ты думаешь, что я ничего не знаю? Men eşteñe bılmeimın dep oilap otyrsyñ ba?
Құдай үшін қойыңызшы! Ради Бога, прекратите! Qūdai üşın qoiyñyzşy!
Әкел, көмектесіп жіберейін. Давай помогу. Äkel, kömektesıp jıbereiın.
Бұл – менің парызым. Это мой долг. Būl – menıñ paryzym.
Сені де көретін күн болады екен. Наконец-то мы тебя увидели. Senı de köretın kün bolady eken.
Сіздің алдыңызда кінәлімін. Я виноват перед Вами. Sızdıñ aldyñyzda kınälımın.
Саған бір өтінішім бар еді. У меня к тебе есть одна просьба. Sağan bır ötınışım bar edı.
Көңіліме жақпайды. У меня душа не лежит. Köñılıme jaqpaidy.
Әр нәрсенің шегі бар / Шыдамның да шегі бар... Бұлай жалғаса беруі мүмкін емес. Это последняя капля... Это не может больше так продолжаться. Är närsenıñ şegı bar / Şydamnyñ da şegı bar... Būlai jalğasa beruı mümkın emes.
Қанша тілесең, сонша. Столько, сколько душа желает. Qanşa tıleseñ, sonşa.
8-6
Бар өмірің алда, қайғырма. У тебя вся жизнь впереди, не печалься. Bar ömırıñ alda, qaiğyrma.
Сен жұмысты жақсы атқарасың. Ты хорошо работаешь. Sen jūmysty jaqsy atqarasyñ.
Ақылға келсеңші. Возьмись за ум. Aqylğa kelseñşı.
Мен түс көріппін. Я видел сон. Men tüs körıppın.
Бәрін уақыт көрсетер. Всё покажет время. Bärın uaqyt körseter.
Мен сеніп жүр едім, сөйтсем... Я верил, а оказывается... Men senıp jür edım, söitsem...
Жамырамаңдар! Не говорите всё сразу! Jamyramañdar!
Мен саған қызығамын. Я тебе завидую. Men sağan qyzyğamyn.
Сіз туралы талай жақсы сөз естігенбіз. Мы много о Вас хорошего слышали. Sız turaly talai jaqsy söz estıgenbız
Онда мәселе неде? Тогда в чём проблема? Onda mäsele nede?
8-7
Кім ұтты? Кто выиграл? Kım ūtty?
Кім ұтылды? Кто проиграл? Kım ūtyldy?
Сөзді қазір тоқтатсаңыздар ғана бастай аламыз. Мы можем начать, если сейчас вы прекратите разговаривать. Söz qazır toqtatsañyzdar ğana bastai alamyz.
Қапаланба. Не огорчайся. Qapalanba.
Маған өтірік айтпасаңшы. Ты меня не обманывай. Mağan ötırık aitpasañşy.
Қандай керемет күн десеңші! Скажи, какой чудесный день! Qandai keremet kün deseñşı!
Сөйтіп біртіндеп үйренесіз. Вот так постепенно научитесь. Söitıp bırtındep üirenesız.
Достар арасында сыйлы жігіт сияқты. Среди друзей он вроде уважаем. Dostar arasynda syily jıgıt siaqty.
Саған не болған? Түрің бұзылып кетті ғой. Что с тобой случилось? Лицо у тебя переменилось. Sağan ne bolğan? Türıñ būzylyp ket ğoi.
Қалсаң қайтеді? Может останешься? Qalsañ qaite?
8-8
Қыртыстанбайды. Не мнётся. Qyrtystanbaidy.
Неге өзіңді олай ұстайсың? Почему ты себя так ведёшь? Nege özıñ olai ūstaisyñ?
Оны сен білмей-ақ қой. Тебе лучше не знать этого. Ony sen bılmei-aq qoi.
Ел естісе, не дейді. Что скажут люди, если услышат. El estıse, ne dei.
Сөзімді аяғына дейін тыңдашы. Выслушай меня до конца. Sözım aiağyna deiın tyñdaşy.
Несіне шамданасың? Чего ты злишься? Nene şamdanasyñ?
Одан бері талай уақыт өтті. С тех пор прошло много времени. Odan berı talai uaqyt öt.
Мына сұраққа жауап берші. Ответь мне на этот вопрос, пожалуйста. Myna sūraqqa jauap berşı.
Айта берсең, әңгіме таусылмайды. Если говорить, то разговоры никогда не кончатся. Aita berseñ, äñgıme tausylmaidy.
Егер оған қол көтерсең немесе оны жылатсаң, менен жақсылық күтпе. Если ты поднимешь на неё руку или доведешь до слёз, то от меня добра не жди. Eger oğan qol köterseñ nemese ony jylatsañ, menen jaqsylyq kütpe.
8-9
Егер әлдекім сені ренжітсе, дереу маған айт. Если кто-нибудь тебя обидит быстро скажи мне. Eger äldekım senı renjıtse, dereu mağan ait.
Сені қорғауға мен қашанда да әзірмін. Я готов всегда защищать тебя. Senı qorğauğa men qaşanda da äzırmın.
Осыны сен ешқашан ұмытпа. Не забывай об этом никогда. Osyny sen eşqaşan ūmytpa.
Ыңғайсыз түгі жоқ. Неудобного ничего нет. Yñğaisyz tügı joq.
Саған қанша рет ұсындым. Сколько раз я тебе предлагал. Sağan qanşa ret ūsyndym.
Сен мені жер қылдың, қорладың. Сені қалай сүйген едім. Ты меня осрамил, унизил. Как я тебя могла любить? Sen menı jer qyldyñ, qorladyñ. Senı qalai süigen edım.
Сен бәрін бүлдірдің, құрттың. Ты всё испортил, разрушил. Sen bärın büldırñ, qūrttyñ.
Сіз шылым шегесіз бе? Вы курите? Sız şylym şegesız be?
Бұл қалай аталады? Это как называется? Būl qalai atalady?
Біз кешігіп жатырмыз ба? Мы опаздываем? Bız keşıgıp jatyrmyz ba?
8-10
Мен ұлды болдым! Әйелім ұл тапты! Я стал отцом! Моя жена сына родила! Men ūldy boldym! Äielım ūl tapty!
Кешіккенім үшін кешір. Прости за опоздание. Keşıkkenım üşın keşır.
Біз үшін қатты уайымдама. Ты за нас сильно не беспокойся. Bız üşın qatty uaiymdama.
Маған қонақ сияқты қарамашы. Ты, пожалуйста, не смотри на меня, как на гостью. Mağan qonaq siaqty qaramaşy.
Менің ұйқым келіп тұр. Я хочу спать. Menıñ ūiqym kelıp tūr.
Сіздерге көмектесе алмағаным үшін кешірім сұраймын. Прошу простить меня, что не смог помочь вам. Sızderge kömektese almağanym üşın keşırım sūraimyn.
Маған қатты ұнады. Мне сильно понравилось. Mağan qatty ūnady.
Оны уақыт көрсетер. Это покажет время. Ony uaqyt körseter.
Есікті қағу дегенді білмейсіз бе? Стучаться Вас не научили? Esık qağu degen bılmeisız be?
Шақырған жерден қалма. Шақырмаған жерге барма. Когда приглашают – иди. Не приглашают – не ходи. Şaqyrğan jerden qalma. Şaqyrmağan jerge barma.
8-11
Шақырса бар, шақырмаса не бар? Если зовут иди, не зовут – что там делать? Şaqyrsa bar, şaqyrmasa ne bar?
Келе алмаймын. Я не смогу приехать. Kele almaimyn.
Бір қателік болды. Допущена ошибка. Bır qatelık boldy.
Не істеу керек? Что нужно делать? Ne ısteu kerek?
Қайдағы жоқты айтпашы. Не говори ерунды. Qaidağy joqty aitpaşy.
Әрине, егер батылың жетсе. Конечно, если у тебя хватит духа. Ärine, eger batyl jetse.
Сенің онда шаруаң болмасын. Это не твоё дело. Senıñ onda şaruañ bolmasyn.
Не істейтінімді өзім білемін. Что мне нужно делать, я сам знаю. Ne ısteitınım özım bılemın.
Бұл бастыққа ұнамайды. Начальнику это не понравится. Būl bastyqqa ūnamaidy.
Неге ұнамайды? Почему не понравится? Nege ūnamaidy?
8-12
Мен көп уақыт алмаймын. Я много времени не займу. Men köp uaqyt almaimyn.
Басымызды санмен қатырмайық. Не будем утруждать себя цифрами. Basymyzdy sanmen qatyrmaiyq.
Енді олай жасамаймыз. Больше мы так не будем делать. Endı olai jasamaimyz.
Бұнысы енді артық. Ну это уже слишком. Būnysy endı artyq.
Неге ғана сені тыңдадым. И зачем я только тебя послушался. Nege ğana senı tyñdadym.
Терлеп-тепшіп жиған дүние. Нажитое непосильным трудом. Terlep-tepşıp jiğan dünie.
Дереккөздің хабарлауынша. Как сообщает источник. Derekközdıñ habarlauynşa.
Судың да сұрауы бар. И на воду бывает спрос. Sudyñ da sūrauy bar.
Барлық қонақ жиналды. Все гости уже собрались. Barlyq qonaq jinaldy.
Енді сен қозғамай-ақ қойшы бұл мәселені. Ты больше не трогай эту тему. Endı sen qozğamai-aq qoişy būl mäsele.
8-13
Сонымен, ол не деді? Итак, что он сказал? Sonymen, ol ne de?
Ақша сұраған. Он просил денег. Aqşa sūrağan.
Абайламайсың ба! Осторожнее надо быть! Abailamaisyñ ba!
Қарқылдап күлгіңіз келе ме? Хотите посмеяться от души? Qarqyldap külñız kele me?
Ол өзгере бастады. Он начал меняться. Ol özgere bastady.
Менің ойлануым керек. Я должен подумать. Menıñ oilanuym kerek.
Жарайды. Қай күнде жауап бересің? Ладно. В какой день ответишь? Jaraidy. Qai künde jauap beresıñ?
Уәде беретін адамдарды жақтырмаймын... Не люблю людей, дающих обещание... Uäde beretın adamdardy jaqtyrmaimyn...
Мен әділеттілікке сенемін. Я верю в справедливость. Men ädılettılıkke senemın. ***
Мен Қазақ Республикасының азаматымын. Я гражданин Республики Казахстан. Men Qazaq Respublikasynyñ azamatymyn.
8-14
Ақылды болыңдар! Будьте умницами! Aqyldy bolyñdar!
Ондайға барсам, баяғыда жасаған болар едім. Если бы я пошёл на это, давно бы это сделал. Ondaiğa barsam, baiağyda jasağan bolar edım.
Мына тағамдарды жейміз ба әлде көрмеге қойдыңдар ма? Мы будем есть эти блюда или вы их поставили на выставку? Myna tağamdardy jeimız ba älde körmege qoidyñdar ma?
Бастайық, қонақтардың қарындары ашты. Начинаем, гости проголодались. Bastaiyq, qonaqtardyñ qaryndaryty.
Кәнеки, мен көмектесіп жіберейін. Ну-ка, я помогу. Käneki, men kömektesıp jıbereiın.
Мынау кәрістің салаты дегендерің шекілдеуіктің сүрлеміне ұқсайды екен. Этот ваш так называемый корейский салат похож на подсолнечный силос. Mynau kärıstıñ salaty degenderıñ şekıldeuıktıñ sürlemıne ūqsaidy eken.
Қойсаңшы... Жайлауда отырған жоқсың ғой. Прекращай, ты же не на пастбище. Qoisañşy... Jailauda otyrğan joqsyñ ğoi.
Айналайын, үлкенірек ыдыс бар ма? Не татқан емес, не жұтқан емес, кісінің қытығына тиеді екен. Дорогая, а нет ли рюмок побольше, а то не вкусишь и не проглотишь, человека задевает за живое. Ainalaiyn, ülkenırek ydys bar ma? Ne tatqan emes, ne jūtqan emes, kısınıñ qytyğyna tie eken.
Бәрі есімде, айналайын. Я всё помню, дорогая. Bärı esımde, ainalaiyn.
Дегенмен, бұқаның өзі қартайғанмен мұрны қартаймайды деген сөз бар. Однако, у быка при старении нос не старится, как говорится. Degenmen, būqanyñ özı qartaiğanmen mūrny qartaimaidy degen söz bar.
8-15
Мен сөзімді аяқтаған жоқпын. Я ещё не закончил говорить. Men sözım aiaqtağan joqpyn.
Тағдырымызға рақмет айтайық, ағайын. Родственники мои, скажем судьбе спасибо. Tağdyrymyzğa raqmet aitaiyq, ağaiyn.
Әй, қатын, костюмім мен ақ көйлегімді дайында. Эй, жена, приготовь костюм с белой рубашкой. Äi, qatyn, kästömım men aq köilegım daiynda.
Дайын ғой. Қайсысын киесің. Готово же. Какой наденешь? Daiyn ğoi. Qaisysyn kiesıñ.
Қанша рет осы жұмысты таста деп қақсадым. Сколько раз упрашивала его бросить эту работу. Qanşa ret osy jūmysty tasta dep qaqsadym.
Тіпті түннің ортасында шақырып әкетеді ғой. Даже среди ночи вызывают и увозят. Tıptı tünnıñ ortasynda şaqyryp äkete ğoi.
Не деген ұшы-қиыры жоқ, таусылмайтын жұмыс. Что за конца и края нет, нескончаемая работа. Ne degen ūşy-qiyry joq, tausylmaityn jūmys.
Менің тегім Иванов. Моя фамилия Иванов. Menıñ tegım ivanov.
Бүгін аптаның қай күні? Сегодня какой день недели? Bügın aptanyñ qai künı
Менің аты-жөнім Иван Петрович. Моё полное имя Иван Петрович. Menıñ aty-jönım ivan Petroviş.
8-16
Сенің орныңда болсам, мен де сөйтер едім. Я на твоём месте поступил бы так же. Senıñ ornda bolsam, men de söiter edım.
Сен неге келмедің? Ты почему не пришёл? Sen nege kelmeñ?
Көмектесіп жіберіңізші. Помогите (окажите помощь). Kömektesıp jıberıñızşı.
Мен өз елімді сүйемін. Я люблю свою страну. Men öz elım süiemın.
Неткен сұлу қыз! Какая красивая девушка! Netken sūlu qyz!
Қазір мен келемін. – Сейчас я приду. Qazır men kelemın.
Мыналарға не болды? Что с ними? Mynalarğa ne boldy?
Үлкендер айтқанда тыңдау керек. Когда старшие говорят, надо слушать. Ülkender aitqanda tyñdau kerek.
Үлкенді тыңдау керек. Старших надо слушать. Ülken tyñdau kerek.
Үлкендердің сөзін тыңдау керек. Надо слушать слова старших. Ülkenderdıñ sözın tyñdau kerek.
8-17
Кешір, айналайын, сені байқамай қалыппын. Извини, дорогой, я не заметила тебя. Keşır, ainalaiyn, senı baiqamai qalyppyn.
Мейрам көңілді өтті. Праздник прошёл весело. Meiram köñıldı öt.
Қойыңызшы тәлкекті. Прекратите иронизировать. Qoiyñyzşy tälkek.
Ештеңе білмеймін. Ештеңе естіген жоқпын. Ничего не знаю. Ничего не слышал. Eşteñe bılmeimın. Eşteñe estıgen joqpyn.
Содан ары қарай не болды? Что было дальше? Sodan ary qarai ne boldy?
Әзірмісің? Ты готов? Äzırmısıñ?
Маған неге айтпадың? Почему мне не сказал? Mağan nege aitpadyñ?
Мені жайыма қалдыршы. Оставь меня в покое. Menı jaiyma qaldyrşy.
Құрғақтай жеме. Не ешь всухомятку. Qūrğaqtai jeme.
Енді біз қалай үлгереміз? Как мы успеем теперь? Endı bız qalai ülgeremız?
8-18
Дездемона, нан алып берші. Дездемона, подай хлеб. Dezdemona, nan alyp berşı.
Сенен кім сұрайды? Кто тебя спрашивает? Senen kım sūraidy?
Сіз тұрмыстасыз ба? Вы замужем? Sız tūrmystasyz ba?
Танысқаныма қуаныштымын. Рад знакомству. Tanysqanyma quanyştymyn.
Сіз көз толтыратын азаматсыз. Вы видный мужчина. Sız köz toltyratyn azamatsyz.
Сені де еркек дейді ғой. И тебя называют мужчиной. Senı de erkek dei ğoi.
Осылай отыра береміз бе? Так и будем сидеть? Osylai otyra beremız be?
Көрген көзіме сенемін бе? Сенің айтқан сөзіңе сенемін бе? Глазам своим верить или твоим словам? Körgen közıme senemın be? Senıñ aitqan sözıñe senemın be?
Әңгімені доғарыңыз! Прекратите разговоры! Äñgıme doğaryñyz!
Бұл балалар үшін зиян. Это вредно для детей. Būl balalar üşın zian.
8-19
Аяқтадың ба? Ты закончил? Aiaqtadyñ ba?
Әрқашан жолың болсын. Пусть всегда тебе сопутствует удача. Ärqaşan jol bolsyn.
Бір асыл арманым бар. Есть у меня одна заветная мечта. Bır asyl armanym bar.
Ашуланбаңызшы. Не сердитесь, пожалуйста. Aşulanbañyzşy.
Ренжімеңізші. Не обижайтесь, пожалуйста. Renjımeñızşı.
Сен бұл үшін жауап бересің. Ты за это ответишь. Sen būl üşın jauap beresıñ.
Енді бұлай істеме. Больше так не делай. Endı būlai ısteme.
Дүкенге барып келейін. Я пошёл, схожу в магазин. Dükenge baryp keleiın.
Неменеге келдің? Зачем пришёл? Nemenege kelñ?
Ол гигиенаға жатпайды. Это негигиенично. Ol gigienağa jatpaidy.
8-20
Енді жетпегені сол еді! Вот только этого ещё не хватало! Endı jetpegenı sol edı!
Жай сұрап жатқаным ғой. Так, просто интересуюсь. Jai sūrap jatqanym ğoi.
Одан қай жерім кем? Чем я хуже него? Odan qai jerım kem?
Мен де қуаныштымын. Я тоже рад. Men de quanyştymyn
Соны мен де айтам. И я тоже об этом говорю. Sony men de aitam.
Соны мен де айтып отырмын. И я тоже об этом говорю. Sony men de aityp otyrmyn.
Мен де соны балаларыма айтамын. И я тоже об этом своим детям говорю. Men de sony balalaryma aitamyn.
Мен де соны айтам ылғи. И я тоже об этом постоянно говорю. Men de sony aitam ylği.
Дәмі тіл үйірерлік. Просто объедение. Dämı tıl üiırerlık.
Артық кетсем, кешіріңіз. Простите, если сказал что-то лишнее. Artyq ketsem, keşırıñız.

Корректор: Анар Ануарбекқызы


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Полезные фразы 07 Вернуться к началу Полезные фразы 09  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга