Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Приветствие
Знакомство
Просьба
Согласие
Время
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
«Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний»
Диалоги  стр.1  стр.2
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 14

Автор: Рауль Керимбаев

14-01
Саған бір кішкентай өтінішім бар. У меня к тебе есть одна маленькая просьба.
Сіздің жауабыңызды күтемін. Жду Вашего ответа.
Әуре болмай-ақ қойыңыз. Не беспокойтесь.
Солай болады деп сендірді. Он заверил, что так будет.
Ертең түске қарай сізді күтеміз. Ждём Вас завтра к обеду.
Бүгінгі жанжалға менің қатысым жоқ. Я не имею никакого отношения к сегодняшнему скандалу.
Мен оны сізге айтып едім ғой. Я же вам говорил об этом.
Үш күннен кейін келіңіз. Приходите через три дня.
Олай болмас. Этому не бывать.
Мен мұнда басқа жұмыспен жүрмін. Я здесь по другому вопросу.
14-02
Қойшы, қайдағыны айтпай! Прекрати, не говори глупостей!
Сен де қайдағы жоқты шығарасың. Ты тоже что-нибудь выдумаешь.
Оған шүбә келтірмеймін. Я в этом не сомневаюсь.
Осылай жүре бересің ба? Так и будешь ходить?
Қалай жүргім келсе, солай жүремін. Как хочу, так и буду ходить.
Кейінге қалдырсақ қайтеді? Может отложим на потом?
Жоқтан өзгеге ашуланба. Не злись по пустякам.
Мен үйде жоқ дей салшы. Скажи, что меня дома нет.
Көп сөйлемеші. Не болтай много.
Су әкеліп берші. Мен шөлдеп тұрмын. Принеси воды. Я хочу пить.
14-03
Саған ұнамай қалды ма? Тебе не понравилось?
Мен сені кінәламаймын. Я тебя не виню.
Қай жерге барамыз? Куда пойдём?
"Шахерезада" мейрамханаға барсақ қалай қарайсың? Как смотришь, если пойдём в ресторан "Шахерезада"?
Мен оған басыммен жауап беремін. Я головой отвечаю за это.
Енді ол артымнан қалмайды. Теперь он от меня не отстает.
Орнына қой. Положи на место.
Келістік пе? Договорились?
Сондай өкпелегіш болудың қажеті жоқ. Не надо быть таким обидчивым.
Сен мені түсініп тұрсың ба? Ты меня понимаешь?
14-04
Қозғалма. Не двигайся.
Мен саған айтып едім ғой. Я же говорил тебе.
Сен мені сүймейсің. Ойыңда тек қана футбол! Ты меня не любишь. У тебя в мыслях только футбол!
Ал енді бұларды тоқтата алмайсың. Ну, теперь их не остановишь.
Ол сынды дұрыс түсінеді. Он правильно понимает критику.
Ойланбаймын да. И не подумаю.
Босқа өткен уақытқа өкінемін. Сожалею о потерянном времени.
Не істей аласың? Что ты можешь сделать?
Қауіпті ештеңе жоқ. Ничего опасного нет.
Шыныңды айтшы. Мені жек көресің ба? Скажи правду. Ты меня ненавидишь?
14-05
Ұйықтасаңдаршы. Не деген әңгіме сендерде бітпейтін? Спите уже. Что у вас за разговоры нескончаемые?
Кешке бос болсаң, киноға барып қайтсақ, қалай болады? Если ты вечером свободна, может в кино сходим, как ты смотришь на это?
Айлығың қанша? Сколько ты зарабатываешь?
Ондай көп емес. Бірақ өмір сүруге жетерлік. Немного. Но на жизнь хватает.
Бұған қалай қарайсыз? Как Вы на это смотрите? (Как Вы считаете?)
Кімді айтып жатырсың? Ты про кого говоришь?
Шегінуге болмайды. Отступать нельзя.
Біз бәрін дайындап қойдық. Мы всё приготовили.
Асықпаңызшы. Не торопитесь, пожалуйста.
Ерте ме, кеш пе сен барлығын түсінесің. Рано или поздно ты всё поймешь.
14-06
Сен менімен қалай сөйлесіп тұрсың? Как ты со мной разговариваешь?
Сенің істеген жұмысыңа көңілім қалды. Я разочаровался твоей работой.
Ол жан жақты сері жігіт. Он разностороний парень.
Жексенбіде сіз не істейсіз? Что будете делать в воскресенье?
Өкінішке орай, мен бүгін келе алмаймын. К сожалению, я сегодня прийти не смогу.
Сені тағы жерге қараттым. Я опять тебя опозорил.
Ішкенді қойды. Он бросил пить.
Ештеңеге таң қалуға болмайды. Ничему не нужно удивляться.
Мен оны саған баяғыдан айттым. Я тебе это давно говорил.
Қалай, қатырдым ба? Как, у меня здорово вышло?
14-07
Қатырдың! У тебя здорово вышло!
Сонда маған не демексің? Тогда что ты хочешь мне сказать?
Қазір ақшам жоқ. Сейчас у меня денег нет.
Жеңілірек бірдеңе сұрашы. Спроси что-нибудь полегче.
Мен өте асығыс едім. Я очень спешу.
Бар да, өз шаруаларыңмен айналыс. Иди, занимайся своими делами.
Мынау түрімен жұмысқа қаласың. Так ты опоздаешь на работу.
Мен не істеп қойдым? Я что сделал?
Қазір біліп келемін. Сейчас узнаю.
Сен менің сұрағыма жауап бермедің. Ты не ответил на мой вопрос.
14-08
Мен оны танымаймын. Я его не знаю.
Сіз қазір не істеп жатырсыз? Вы что сейчас делаете?
Мен сізді бір жерде көрдім. Я Вас где-то видел.
Дауыс көтермеңіз. Не повышайте голоса.
Менің орнымда болса кезкелген жігіт осылай істер еді ғой. Любой мужчина на моем месте поступил бы так же.
Кетіп қалды ма? Она ушла?
Неге кеткен екен? И что она ушла?
Сен менің өмірімді құрттың. Ты испортил мне жизнь.
Барлық жұмыртқаны бір себетке салма. Не складывай все яйца в одну корзину.
Досым, сені маған Құдай бере салды. Мой друг, тебя мне дал Бог.
14-09
Неге менен қашқақтайсың? Ты почему меня избегаешь?
Бұл маған ұнамайды. Мне это не нравится.
Сізді түскі асқа шақырамын. Приглашаю вас на обед.
Шоколад жегің келе ме? Ты хочешь покушать шоколада?
Кетші әрі сасымай. Иди отсюда, не воняй.
Бақытты болғыңыз келе ме? Хотите быть счастливым?
Қайтқысы жоқ. Не хочет возвращаться.
Неге мені ешкім аямайды? Ну, почему меня никто не пожалеет?
Ішетін бірдеңе берші. Жаным күйіп барады. Дай что-нибудь выпить. Душа горит.
Не дейсің? Чего ты говоришь?
14-10
Қашан ораласың? Когда вернёшься?
Беске таман ораламын. К 5 вернусь.
Мен де тірі адам ғой. Я ведь тоже живой человек.
Кешікпеңіз. Не опаздывайте.
Тездет, әйтпесе кешігеміз. Поторопись, а то опоздаем.
Адамға пышақ, мылтық кезенбе. Не направляй нож, ружье на человека.
Жоқтан өзгеге түйіле берме. Не сердись по пустякам.
Көп мақтана берме. Много не хвались.
Қазір нақты айта алмаймын. Я сейчас точно не скажу.
Қандай болсаң да мен сені жақсы көрем. Какой бы ты ни был, я тебя люлбю.
14-11
Өскенде кім боласың? Когда вырастешь, кем будешь?
Енді бұлай өмір сүргім келмейді. Я не хочу так больше жить.
Енді былай ешқашан етпеймін. Я больше никогда так не буду делать.
Енді мазамды алушы болма, қадірсіз. Не смей больше меня беспокоить, неблагодарный.
Сізге енді қашан келейін? Теперь когда мне прийти к Вам?
Оны ақшаға сатып алмайсың. Это за деньги не купишь.
Сен сөзді бөлме! Оданда дұрыстап тыңда! Ты меня не перебивай! Лучше хорошенько выслушай!
Кешіріңіз, керек сомасы менде дәл қазір жоқ болып тұр. Извините, прямо сейчас нужной суммы у меня нет.
Ақшаны тезірек табу керек. Деньги надо быстрей найти.
Сен кешір мені, ойнап айта салып едім. Ты прости меня, я шутя сказал.
14-12
Мені құттықтаңдар. Ұлды болдым! Поздравляйте меня. У меня родился сын.
Ол риза болды сендерге. Он вами доволен.
Мен бір сағаттан кейін сонда боламын. Я буду там через час.
Кешір, маған жол-жөнекей емес. Извини, мне не по пути.
Шыдамды болуымыз керек. Нам нужно потерпеть.
Ойнап тұрсыз ба? Вы шутите?
Тексеріп алыңыз. Проверьте.
Сен неге үнемі боқтай бересің? Ты почему постоянно материшься?
Қытайдың шығармайтындары жоқ. Чего только не придумают в Китае.
Жалғызсыз ба? Вы один?
14-13
Жалғызбын. Один.
Маған бір дәрі керек боп жүр. Мне нужно одно лекарство.
Енді жетпеген сен ғана қалдың. Вот тебя только не хватало.
Қолыңнан түк келмейді, шалқасынан жатқан шіріген бөренесің. Ничего не умеешь делать, лежишь, как бревно.
Осы сені кім директор қылған? Ну, вот кто тебя директором назначил?
Сен жайлы көбірек білгім келеді. Мне бы хотелось узнать о тебе побольше.
Жаман ештеңе көріп тұрған жоқпын. Ничего плохого я не вижу.
Әрине-әрине, кіріңіз, жайғасыңыз. Конечно-конечно, проходите, присаживайтесь.
Тағы не дейсің? Что ещё скажешь?
Дұрыс істедің. Ты правильно сделал.
14-14
Сен қайда болдың? Где ты был?
Мен ештеңе деген жоқпын. Я ничего не говорил.
Шайыңыз керемет екен. Чай у вас замечательный.
Болсаңшы енді. Давай быстрее.
Сіздің қайтып келгеніңізге қуаныштымын. Я рад, что вы снова вернулись.
Әйтеуір бірдеңені бүлдірмесем жүре алмаймын. Всё-таки не могу что-нибудь не натворить.
Олардың қолдарына үлкен мүмкіндік беріп қойдың. Ты дала им хорошую возможность.
Бұл тартыста маған артқа қайтар жоқ. В этой войне отступать некуда.
Байқауымша, тәтесінің мінезі бал емес сияқты. Как я заметил, характер у тети не мёд, кажется.
Не істесе оны істесін, маған бәрі бір. Мне всё равно, пусть делает что хочет.
14-15
Енді сенен бұндайды естімейін. И чтобы я больше этого не слышал от тебя.
Болды. Бөлмеңе бар. Всё. Иди в свою комнату.
Үйге қайт! Тездет! Возвращайся домой! Быстро!
Мен сені жақын арада алып кетем. Я тебя скоро заберу.
Машинаға барып отыршы. Посиди в машине.
Ал сенімен ақылдаспағаныма ренжіме. Не обижайся, что не посоветовался с тобой.
Сіз неге сонша сенімдісіз? Почему Вы так уверены?
Мен оған толық сенімді емеспін. Я в этом не совсем уверен.
Мен біраз бөгеліп қалдым. Я немного задержался.
Мен ол үшін уайымдамаймын. Я за него спокоен.
14-16
Бұл не екен білмеймін. Не знаю, что это.
Иығынан жүк түскендей болды. Как будто гора с плеч упала.
Оны әшкерелеу керек. Его надо разоблачить.
Балам, шашыңды неге тарамайсың? Сынок, ты почему не причешешься?
Оларға жұмсақ болсаң мойныңа отырып алады. Они сядут на шею, если будешь с ними мягок.
Қалай жылдам үйреніп алғансың. Как же ты быстро научилась.
Ойланып көріңізші. Подумайте.
Ойлансам ойланайын. Давайте подумаю.
Екі жердегі екі – төрт. Дважды два – четыре.
Немене, бүгін сол аяғыңмен тұрып па едің? Что, сегодня с левой ноги встал?
14-17
Ойпырмай, таныстырыңызшы, айналып кетейін. Познакомьте, умоляю Вас!
Жарайды, бұл тілегіңізді қуана қабылдаймын! Хорошо, с радостью исполню Ваше пожелание.
Қателесіп жүрме. Не ошибись.
Айтшы шапшаң. Скажи скорей.
Сізбен сөйлескім келіп еді. Я хочу с Вами поговорить.
Танысқанымызға біраз болды, бірақ сізді мүлдем білмеймін. Мы с Вам давно знакомы, но я совершенно не знаю Вас.
Менің немді білгіңіз келіп еді, ханым? Что Вы хотели узнать обо мне, сударыня?
Аса қуаныштымын. Очень рад.
Тірі болсақ көрерміз. Поживём-увидим.
Айтқанымды ұғып ал. То, что я говорил, запомни.
14-18
Не үшін ашуланам сізге? За что мне сердиться на Вас?
Пысқырмаймын мен саған. Начихать мне на тебя.
Біз оны осылай кешіре саламыз ба? Мы её так просто простим?
Қазіргі заманда ешкімге сенім жоқ. В наши времена никому нет доверия.
Ол науқас, ауыр науқас. Он болен, очень болен.
Науқас? Ауыр науқас дейсіз бе? Сонда немен науқастанып жатыр? Болен? Очень болен, говорите вы? А чем он болен?
Соған қатты қайғырып жүрміз. Мы очень опечалены этим.
Мен оны білмедім ғой. Я же не знал этого.
Басқа жарлықтары жоқ па? Других распоряжений нет?
Іске көшейік. Перейдём к делу.
14-19
Тынышталыңызшы! Тише!
Өлтірсең де айтпаймын. Хоть убей, не скажу.
Кетпеңізші. Не уходите.
Тоқта, тоқта - өтірікті соқпа. Остановись, остановись – врать прекрати.
Басымызға бейнет боп жабысты. На наши головы свалились страдания.
Әкем-ау, қашанғы шыдай беремін? О отец мой, доколе мне терпеть?
Мағынасы жоқ. Смысла нет.
Ал біз болсақ күні бойы еңірейміз. А вот мы каждый день плачем.
Жоқ, мен өз парызымды орындадым. Нет. Я выполнил свой долг.
Тапқан екенсің ақымақты! Нашёл дурака!
14-20
Асып-сасып неғып жүрсің? Что ты суетишься?
Болжамдар бар ма? Есть какие-нибудь предположения?
Маған артық ештеңе қажет емес. Мне лишнего ничего не нужно.
Бұған сене беруге болмайды. Этому верить нельзя.
Түсіне алмай жүрмін, миым жетер емес. Никак не могу понять, не хватае мозгов.
Ол келмей қалды. Он не явился.
Жағдайымыз қиын. Дела наши плохи.
Ертерек кел. Приходи пораньше.
Нені түсінбейсің? Чего не понимаешь?
Мен сіздің қорғаушыңызбын, сондықтан бәрін білуім керек. Я Ваш адвокат и поэтому должен знать всё.

Корректор: Татьяна Валяева


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Полезные фразы 13 Вернуться к началу Полезные фразы 15  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга