Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Приветствие
Знакомство
Просьба
Согласие
Время
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
«Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний»
Диалоги  стр.1  стр.2
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 25

Автор: Рауль Керимбаев

25-01
Енді міне, өкінемін. Теперь, вот сожалею.
Мынау деген жігіт саған тауып беремін. Вот такого парня тебе найду.
Ол мені алдап кетпей ме? Он меня не обманет?
Ол айтқанымның бәрін істейді. Он делает всё, что я скажу.
Маған сен сияқты еркек керек емес, басқа еркекке кетіп қаламын. Мне такой мужчина, как ты, не нужен, уйду к другому.
Бұйрығыңыз орындалды, ханым. Ваше приказание выполнено, госпожа.
Жаңа бәрін дайындап келдім. Я всё сейчас приготовил.
Таңертең ешкімді қабылдамаңыз. Утром никого не принимайте.
Әй, сен бала не деп кеттің, байқа! Эй, сынок, ты начал плести, будь осторожен!
Мұны мен ғана емес, бүкіл қала айтып жүр. Қарапайым халық айтып жүр. Это не только я, весь город говорит. Простой народ говорит.
25-02
Халық айтса, қалт айтпайды. Если народ говорит, зря не скажет.
Сен менен құтыла алмай отырсың? Ты не знаешь, как от меня избавиться?
Сені бүгін кім көңілдендіріп жіберген? Кто это тебя сегодня развеселил?
Сен кімді ойлап отырсың, айт, қане! Ты о ком думаешь, говори, ну!
Қазір мен сені құтқарамын. Сейчас я тебя спасу.
Ұмытып жүрме, менің өтінішімді. Не забудь мою просьбу.
Мен Алматыдан келіп ем. Я приехал из Алматы.
Есікті қатты тарс еткізбеңізші. Пожалуйста, не хлопайте дверью.
Жақсы болды келгенің. Хорошо, что приехал.
Сенбісің? Өңім бе, әлде түсім бе? Рас па кездескеніміз? Это ты? Я наяву или во сне? Это правда что ли, что мы встретились?
25-03
Кім сұрап тұр екен? Кто спрашивает?
Қолмен сілтеп көрсетпе. Не указывай рукой.
Тамақты уақытында ішесіз бе? Вы вовремя принимаете пищу?
Сіз деп сызылғаныңды қой. Перестань держать себя воспитанно и говорить мне «Вы».
Қойыңдар, жігіттер! Немене бала болдыңдар ма? Мужчины, прекратите. Что вы, как дети?
Бәсе, шырағым, солай демейсің бе бағанадан. Ағаңды ашуландырмай. Ну вот, дорогой, давно бы так говорил, не обижая дядю.
Ақырындап үйреніп кететін шығар. Наверное, потихоньку привыкнет.
Уайымдама. Оның қасында мен бола тұрамын. Не переживай. Я буду рядом с ним.
Кім батыл, сол жеңеді. Кто смелый, тот и победит.
Еңбек мәселесін қоя тұрайық. Бұл біздің жұмысымыз. Опустим вопросы труда. Это наша работа.
25-04
Алдымен, оның кім екенін анықта. Сначала выясни, кто она такая?
Сондықтан жарнамалай бермеші. Поэтому не рекламируй.
Бұл әйел саған қырындап жатыр ма? Эта женщина пристаёт к тебе?
Маған барлық әйелдер қырындайды. Ко мне пристают все женщины.
Сен маған ертегі айтпа! Ты мне сказку не рассказывай!
Сен неге маған бақырасың? Ты что на меня кричишь?
Біз бөтенбіз. Мы чужие.
Біз бір-біріміз үшін жаралмағанбыз. Мы не созданы друг для друга.
Сен қоясың ба, жоқ па? Ты прекратишь или нет?
Айтқан сөзімді түсінбесең, енді қалай айтайын? Если ты не понимаешь, что я тебе говорю, как тебе ещё скажу?
25-05
Мәселенің бәрі сенде емес, өзімде. Дело не в тебе, дело во мне.
Бізге екінші мүмкіндік керек. Нам нужен второй шанс.
Құтқарам дедім ғой, демек, құтқарам. Я же сказал, что спасу, значит, спасу.
Сен де жоқты айтады екенсің. Ты тоже, оказывается, можешь говорить глупости.
Отағасы-ау, жерге қарамай бірдеңе десеңші. О, глава семьи, подними глаза, скажи что-нибудь.
Сонда мен не айтуым керек? И что я должен сказать?
Енді маған неғыл деп тұрсың? Теперь, что мне прикажешь делать? (неғыл=не қыл)
Ашуланбай сөйлеші. Говори, не злясь, пожалуйста.
Нешеде және қайда кездесеміз? Во сколько и где мы встретимся?
Мен қай уақытта келейін? Когда я должен прийти?
25-06
Абыржымаңыздар, қауіпті ештеңе жоқ, ұзамай бәрі дұрыс болып кетеді. Не волнуйтесь, опасного ничего нет, вскоре всё наладится.
Жұма күнге қандай жоспарларыңыз бар? Какие у Вас планы на пятницу?
Мені танымай тұрсың ба? Ты меня не узнаёшь?
Ажырасқаныңыз рас па? Это правда, что вы разошлись.
Күйеуіңіз сізді тастап кеткені рас па? Это, правда, что Вас бросил муж?
Шашым бобырап кетті. У меня волосы растрепались.
Заттарыңды жинап қой. Прибери свои вещи.
Маған адамдардың өздері тиіспесе, мен өзім ешкімге тиіспеймін. Если люди меня не трогают, я никого не трогаю.
Үнсіз жүре беремін. Хожу молча.
Барлығымыз қателесеміз. Все мы ошибаемся.
25-07
Маған бір қыз университетте ұнап қалды. Мне одна девушка понравилась в университете.
Бірақ мен ол қыз жайлы ештеңе білмеймін. Но я про эту девушку ничего не знаю.
Сонымен не айтпақсың? Что ты этим хочешь сказать?
Маған сол қыз жайлы айтып бере аласың ба? Ты могла бы рассказать мне про неё?
Сен ол қызды танисың. Мен білемін. Ты знакома с этой девушкой. Я знаю.
Оның аты кім? Как её зовут?
Арамыз күн өте суып кете береді. Отношения между нами очень охладевают.
Екеуміздің бірге болғанымызды тағдыр бізге жазбаған. Не судьба нам быть вместе.
Қасымда болсын анам! Пусть всегда со мной будет мама!
Сен беруге тиістісің. Ты обязан дать.
25-08
Сізге бір сұрағым бар. У меня к Вам есть один вопрос.
Осындайдың бәрін қайдан білесің? Откуда ты всё это знаешь?
Мен сәтсіздікке ұшырадым. Я потерпел неудачу.
Жүрегің орнына түсті ме? Легче стало?
Кім соңы екен? А кто последний?
Мен сізден кейін боламын. Сіздің алдыңызда кім бар? Я за Вами буду. А кто перед Вами?
Ол бірінші. Мен екіншімін. Он первый, я второй.
Ендеше, үшінші екенмін. Тогда, я третий.
Біз сізді бір сағат бойы күтіп тұрмыз. Мы ждём вас целый час.
Біз әр сенбі сайын жиналамыз. Мы собираемся каждую субботу.
25-09
Көргіңіз келе ме, мен сізге біздің отбасылық альбомымызды көрсетемін. Хотите посмотреть, я вам покажу наш семейный альбом.
Мында сіз әкеңізге қатты ұқсайсыз. Здесь Вы сильно похожи на отца.
Иә, бәрі солай айтады. Да, все так говорят.
Ал сіздің ініңіз және сіздің әпкеңіз шешеңізге ұқсайды. А Ваши младший брат и старшая сестра похожи на мать.
Балалар шешесіне мүлдем ұқсамайды. Дети совсем не похожи на маму.
Иә, екеуі де әкесіне тартқан. Да. Обои пошли в отца.
Мына үйді бір жыл бұрын салған. Этот дом построили год назад.
Сені үй сатып алды дейді ғой. Ты, говорят, квартиру купил.
Сіздерді қоныс тойға шақырамын. Приглашаю вас на новоселье.
Сіздің пәтеріңізде қандай жағдайлар бар? Какие удобства есть в вашей квартире?
25-10
Жағдайлы, қолайлы пәтер. Квартира со всеми удобствами.
Кеше түскі тамақты қайдан іштіңіз? Где Вы вчера обедали?
Сізге ауысып мінуге тура келеді. Вам придется ехать с пересадкой.
Мен өтіп кетейінші. Разрешите мне пройти.
Бүйтпе жаман болады, сүйтпе жаман болады... Так не делай, будет плохо, и эдак не делай, будет плохо...
Неге? Неге олай істеуге болмайды? Почему? Почему так делать нельзя?
Олай істесең жаман болады! Если так сделаешь, будет плохо!
Сен байқамадың ба? Ты не заметила?
Рас айтасың ба? Мен шынында жақсымын ба? Ты правду говоришь? Я, действительно, хороший?
Біз осы не бітіріп жүрміз? Что мы вообще делаем?
25-11
Әлде қызғанасың ба? Или завидуешь?
Қызғанбаймын. Не завидую.
Жаным қиналып, жүрегім аурып барады. Душа страдает, сердце болит.
Мейрамханалардағыдай. Как в ресторанах.
Мынаны орап жіберіңізші. Упакуйте это, пожалуйста.
Шығатын есік қайда? Где здесь выход?
Ой-бай, мен байқамай қалдым. Ой, я не заметила.
Ол әкпемдікінде. Она у моей старшей сестры.
Хош келдіңіз, төрлетіңіз. Добро пожаловать, проходите.
Бәрі өз уақытында болады. Всё бывает в своё время.
25-12
Ұлым, көзімнің нұры. Сынок, свет моих очей.
Егер саған сырымды ашсам, мені сатып кетпейсің бе? Если я тебе открою секреты, не продашь меня?
Ренжітпе. Көзімді ойып алса да сені сатпаймын. Не обижай. Даже если мне выколют глаза, я не продам тебя.
Мырза, бұл менің міндетім емес. Господин, это не моя обязанность.
Өтінемін, тоқтаңыз. Остановитесь, прошу Вас.
Не болды, артыңнан біреу қуып келе жатырған жоқ па? Что случилось, за тобой никто не гонится?
Ай, қайдағыны айтпай отырсаңшы. Сиди, и не говори глупости.
Қорықпа, мен бармын, мен сенің жаныңдамын. Не бойся, я здесь, я нахожусь рядом с тобой.
Директор ханым, сіздің айтып отырғаныңызды қалай түсінуге болады? Госпожа директор, как надо понимать то, что вы сказали?
Есіңізді жидыңыз ба? Жағдайыңыз қалай? Вы пришли в себя? Как Ваши дела?
25-13
Жағдайыңыз жақсы ма? У Вас всё хорошо?
Есіңді жидың ба? Мені естіп тұрсың ба? Ты пришёл в себя? Ты меня слышишь?
Кəне, былай тұрыңыз. Ну-ка, отойдите.
Мені танып тұрсың ба? Ты меня узнаёшь?
Не күбірлеп отырсың? Что ты бормочешь?
Бізді қайдан жəне қашан тауып алдыңыз. Как и когда Вы нас нашли?
Сіз риза боларсыз деп ойлаймын. Я думаю, что Вы будете довольны.
Ештеңе етпейді. Мен өзімнің дəрігерлік міндетімді атқардым. Не за что. Я выполнял свои врачебные обязанности.
Менің айтар ақылым мынау ғана: өзің біл, өзің ойлан, өзің есепте. Мой совет только такой: сам знай, думай, считай.
Айтпақшы, сіздің қолыңыз қалай? Кстати, как Ваша рука?
25-14
Осында қалғың келе ме? Ты хочешь здесь остаться?
Маған жиі келіп тұрыңдар. Приезжайте ко мне почаще.
Енді ештеңені де өзгерте алмаймыз. Теперь мы ничего не сможем изменить.
Өткенді өзгерте алмаймыз. Прошлое нам не изменить.
Ешқашан бір бірімізді мазаламайық. Іздемейік, хабарласпайық. Давай не будем никогда друг друга беспокоить, искать, звонить.
Өмірде бәрі айналып келеді. В жизни всё возвращается снова.
Саған берер кеңесім - тезірек үйлен. Мой тебе совет, скорее женись.
Бәрі қалпына келеді, сөз берем. Всё наладится, обещаю.
Жәй ғана дос болып қалайық. Давай просто останемся друзьями.
Біздің байланысымыздың болашағы жоқ. У наших отношений нет будущего.
25-15
Сен бүгіннен бастап боссың. Ты с сегодняшнего дня свободен.
Мен не бүлдіріп қойдым соншама? Жазығым не? Я что натворил такого? В чём моя вина?
Түк те жазығың жоқ. Никакой твоей вины нет.
Сен онымен айырылыстың. Ты с ним рассталась.
Енді неге күңкілдеп отырсың? Теперь зачем бурчишь?
Бар десе де, жоқ десе де болады. Можно сказать, что есть, а можно, что нет.
Мән берме, мен жай айта салдым. Не придавай значения, я просто так сказал.
Сен оны қайдан шығардың? С чего ты взяла?
Әзілдеп тұрған шығарсыз? Вы, наверное, шутите?
Сен ол істі реттедің бе? Ты уладил это дело?
25-16
Реттедім Уладил.
Ұмыту сені мүмкін бе?! Разве можно тебя забыть?!
Болашақта кім болғың келеді? В будущем кем ты хочешь быть?
Қажет болып қалар. Может пригодиться.
Қоқыс жәшігі қайда? Где мусорный ящик?
Сенің аулаңда әткеншек бар ма? У тебя во дворе есть качели?
Кұдайым-ау! Бұнысы несі тағы? О Боже! Что это ещё такое?
Қатты кетпе! Ты не заходи слишком!
Мінезің көрсетпе маған. Не показывай мне свой характер.
Қол қусырып отыруға болмайды. Нельзя сидеть сложа руки.
25-17
Бәріне кінәлі жалғыз сен. Во всём виноват один ты.
Жалғыз мен ғана емес. Не только я один.
Ол қайда барса да сыяды. Он везде уживётся, куда бы не поехал.
Мен соңғы кезде осында жиі келемін. В последнее время я часто прихожу сюда.
Көргім келмейді сені. Не хочу видеть тебя.
Маған көрсеткен қорлығыңды ұмыта алмаймын. Не могу забыть твоих унижений.
Не істе дейсің маған енді? Что ты теперь мне прикажешь делать?
Бұл жолы сен айтқаның болсын! На этот раз пусть будет так, как ты скажешь!
Мені өз жайыма қалдырсаң болды. Достаточно то, что ты оставишь меня в покое.
Өміріңнен сызып таста мені. Вычеркни меня из своей жизни.
25-18
Сіз қай жаққа барасыз? Вы в какую сторону едете?
Мені Павлодарға дейін ала кетесіз бе? Вы не захватите меня до Павлодара?
Отырыңыз өзім де сол жаққа бара жатырмын Садитесь, я сам еду ту сторону...
Ал жайғасыңыз. Ну, садитесь удобнее.
Дұрыс жасаған екенсіз. Вы правильно сделали.
Өзіңді ақымақтыққа салма. Не прикидывайся дурачком.
Енді өзіңе өкпеле. Теперь обижайся на себя.
Бізге кетуге рұқсат етіңіз. Разрешите нам идти.
Мен не бүлдіріппін сондай-ақ. Что я такого натворил?
Даусың неге біртүрлі шығып тұр қызым, жылап тұрсың ба? Почему голос у тебя странный, ты плачешь что ли?
25-19
Жыламай, сабыр сақтап түсіндірші. Не болды? Не плачь, успокойся и объясни, пожалуйста. Что случилось?
Саған не жетпейді осы? Вот тебе что не хватает?
Көзіңе қарамайсың ба, соқыр емессің ғой? Ты что под ноги не смотришь, не слепой же?
Сен де бір, қырық жылғыны ұмытпайды екенсің. Ты тоже вспоминаешь то, что было 40 лет назад.
Кім айтып жүр ондай далбасаны? Кто говорит такие пустые вещи?
Андағыларыңды мұражайға тапсыратын уақыттарын жеттi ғой. Этой вашей вещи наступило время сдачи в музей.
Осы уақытқа дейін қайда жүрдіңіз? Где Вы были до этого времени?
Көп күтіп қалған жоқсыз ба? Заждались меня, наверное?
Артық ештеңе сұрама. Не спрашивай ничего лишнего.
Таба алмадық. Мы не нашли.
25-20
Əрине, таба алмайсыңдар. Конечно, не найдёте.
Оны өздерің де біліп кеткен шығарсыңдар? Это вы и сами, наверное, знаете.
Енді не істесек болады? И что нам теперь делать?
Ескі жараны тырнап қайтесіңдер? Зачем вам царапать старые раны?
Тек менің айтқанымды бұлжытпай орындаңыз. Только делай, что я скажу, не меняя ничего.
Менің сізге айтар оңаша сөзім бар. Мне ещё надо вам словечко по секрету сказать.
Қайдағы жоқты айтады екенсің. Ты невесть что говоришь.
Сіз асығып отырсыз ба? Вы торопитесь?
Танымағаныма кешiрiм өтiнемiн. Прошу простить, что не узнал Вас.
Міне, мен уәдемде тұрып, шақырған уақытыңызда келдім. Вот, как я и обещал, приехал в назначенное Вами время.

Корректор: Татьяна Валяева


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Полезные фразы 24 Вернуться к началу Полезные фразы 26  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга