Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Приветствие
Знакомство
Просьба
Согласие
Время
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
«Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний»
Диалоги  стр.1  стр.2
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 22

Автор: Рауль Керимбаев

22-01
Мен бәрін өзім тындырам. Я всё сделаю сам.
Қарбалас шақтағы кептеліс. Пробка в «час пик».
Енді неге қыңсылайсың? Что ты теперь скулишь?
Бұлар ұят дегенді біледі дейсің бе? Ты думаешь они знают, что такое совесть?
Араласпа. Біз екеуміз мұндайға үйренгенбіз. Не вмешивайся. Мы к такому привычные.
Менен оп-оңай құтыламын деп ойлама. Не думай, что сможешь от меня легко отделаться.
Жаным, сен де сондай пікірдесің ғой, солай ма? Дорогой, ты тоже такого мнения, не так ли?
Иә-иә, мен де сондай пікірдемін. Да-да, и я такого же мнения.
Абай болыңдар, өздеріңді әдепті ұстаңдар. Будьте осторожны, будьте воспитанными.
Естіген жоқпын, бірінші рет сізден естіп тұрмын. Я не слышал. Первый раз от Вас слышу.
22-02
Жаңбырдан кейінгі ауа сондай керемет! После дождя воздух так прекрасен!
Одан артық не керек? Что ещё нужно лучше этого?
Ал, енді, сенен жасыратын ештеңе жоқ! Ну, от тебя скрывать нечего!
Ауыздарыңа сақ болыңдар. Не болтайте лишнего.
Бұрын қайда істеп едің? Ты где раньше работал?
Ал сен ше? Қолыңнан не келеді? А ты? Ты что можешь делать?
Көзіме енді көрінуші болма! Больше мне на глаза не попадайся!
Шулама. Не шуми.
Бар, айналайын, бар... Иди, дорогая, иди...
Ертең келесің. Завтра придёшь.
22-03
Кешке қарай келемін. Я приду ближе к вечеру.
Есікті жап! Әлде сенің артыңнан тағы да біреу тығылып келе жатыр ма? Закрой двери! Или там за тобой еще кто-то крадётся?
Қашан келдіңіз, аға? Когда приехали, аға?
Келген бетім осы. Только что приехал.
Үш жыл қызымды көрмеп едім. Я три года не видел дочери.
Мен риза емеспін. Я недоволен.
Мұныңыз өтірік! Это не правда!
Мұныңыз тым ерсі! Это возмутительно!
Сізге қандай көмек көрсете аламын? Чем могу вам помочь?
Сізге қол ұшын берейін. Окажу вам услугу.
22-04
Өкінішке орай, көмектесе алмаймын. К сожалению, не могу помочь.
Келе алмағаныма кешіріңіз. Извините, что не смог прийти.
Үйге тез келсін. Пусть скорее идёт домой.
Есіміңіз өте әдемі екен. Имя у Вас такое очень красивое.
Бұны естігеніме қуаныштымын. Мне это приятно слышать.
Сен жылдың қай мезгілін жақсы көресің? Какое время года ты любишь?
Бізге қосылыңыз. Присоединяйтесь к нам.
Не істегім келеді, соны істеймін. Что хочу делать, то и буду делать.
Сен жаңа ғана басқаша сөйлеп отыр едің. Ты только сейчас говорил по-другому.
Енді не өзгеріп қалды. И что теперь изменилось?
22-05
Мәселенің бәрі тек жұдырақпен шешілмейді. Все проблемы только кулаками не решаются.
Сен қазір сөз тыңдайтын жағдайда емессің. Ты сейчас не всостоянии слушать.
Мені іздесең, осы жерден табарсың. Будешь искать, меня здесь найдёшь.
Менде шаруаң болмасын. Не лезь в мои дела.
Сіз естімеген шығарсыз. Вы, наверное, не слышали.
Сіз мені мақтаншақ деп ойлайсыз ба? Вы считаете меня хвастуном?
Қай кезде болсын, қандай жағдайда болсын, мен көмектесуге дайынмын. В любое время, при любых обстоятельствах я готов помочь.
Мен бәрібір бақытты болам. Я всё равно буду счастливой.
Ата-анам қарсы болмайды. Мои родители не будут против.
Сендердің бәріңе бүгін не болған? Что сегодня со всеми вами случилось?
22-06
Шеттеріңнен данышпансыңдар. Маған ақымаққа ақыл айтқыштар-ай. Прямо все мудрецы. Поучаете меня дурака, советчики.
Мен саған ақыл айтып тұрған жоқпын. Я тебя не поучаю.
Мен сен жайлы бәрін білемін. Я всё про тебя знаю.
Менің әрбір көз жасым үшін жауап бересің! За каждую мою слезу ответишь!
Кімнің алдында? Перед кем?
Менің алдымда. Передо мной.
Мен қорғаушымен сөйлескім келеді. Я хочу поговорить с адвокатом.
Қобалжып тұрсың ба? Волнуешься?
Сіз үшін тырысып жүрмін ғой. Для Вас же стараюсь.
Қашанғы мен алдай бересің? До каких пор ты будешь меня обманывать?
22-07
Алдамай жүре алмайсың ба? Ты не можешь не обманывать?
Ащы шындыққа қарағанда тәтті өтірік дәмдірек қой. Но ведь сладкая ложь вкуснее, чем горькая правда.
Біздің ісімізге араласпа! Не вмешивайся в наши дела!
Араласам. Я буду вмешиваться.
Кет бұл жерден! Бұдан кейін келуші болма! Уходи отсюда! И чтобы больше сюда не приходил!
Неге кетеді екем? Почему я должен уходить?
Сен маған бұйрық беретіндей кімсің өзің? Кто ты такой, чтобы приказывать мне?
Мен – бұл жердің қожайынымын. Я хозяин этого места.
Мұнда кімнің келетінін, кімнің келмейтінін мен шешем. Кому приходить, а кому не приходить сюда, здесь я решаю.
Сен сөз түсінбейді екенсің. Ты, оказывается, не понимаешь слов.
22-08
Ол арақтың құлы болып кетті. Он стал рабом водки.
Саған қанша рет айттым. Басымды қатырма! Сколько раз тебе говорила. Не морочь мне голову.
Сіз не істегелі жатырсыз? Вы что собираетесь сделать?
Мен қазір кездесуде отырмын. Жұмыс берушімен. Я сейчас сижу на встрече. С работодателем.
Менің жағдайым жақсы. Барлық жағынан. У меня все хорошо. Во всех отношениях.
Мұнымен не айтқың келіп отыр? Что ты этим хочешь сказать?
Қашан бастаймыз? Когда начнём?
Мен дәрігерге дүйсенбі күні барамын. Я к врачу пойду в понедельник.
Тағы қайталаймын. Повторяю ещё раз.
Кім екенсіз белгілі – дәрігерсіз. Кто вы известно – вы врач.
22-09
Сен білдің, бірақ маған айтпадың. Ты знал, но мне не сказал.
Мен білдім деген жоқпын. Я не говорил, что знаю.
Қызбаланба! Не горячись!
Нақты ештеңе көрген жоқпын. Я не видела ничего конкретного.
Сен күдіктендің, бірақ маған ештеңе айтпадың. Ты подозревала, но мне ничего не говорила.
Сен өзі қандай құрбысың? Что ты за подруга?
Мен құжаттарды әкелдім. Я принёс документы.
Біздің заманымызда қандай құжаттар? Какие документы в наши времена?
Өтінемін, бәрін мұнда, мынау флешкаға аударыңыз. Прошу перевести всё сюда, в эту флешку.
Бас есепшіге жіберіңіз. Отправьте главному бухгалтеру.
22-10
Құпия сандарды айтсын. Пусть сообщить пароли.
Сен риза шығарсың? Ты, наверное, доволен?
Ашуыма тиме. Не зли меня.
Ешқандай жұмысым жоқ. Никаких дел у меня нет.
Қандай ойға түсіп кеттің? О чём ты задумался?
Өй… болсаңшы енді. Эй...ну, давай быстрей.
Асықтырма! Біреу қуып келе жатыр ма? Не торопи. Кто-то гонит что ли?
Одан үйренуіміз керек. Нам у него нужно учиться.
Әрдайым дұрыс айтасың. Ты всегда права.
Ойлану қажет. Надо подумать.
22-11
Осында келіңдер, сосын бірге барамыз. Подъезжайте сюда, потом вместе поедем.
Мен бәрібір өзімнің пікірімде қалдым. Я всё равно остался при своём мнении.
Өзгенің шаруасына тұмсығыңды сұқпа. Не лезь не в свои дела.
Ол бір жаққа шығып кетіп еді. Он куда-то вышел и ушёл.
Ол баланы дәрігерге алып кетті. Она увезла ребёнка к врачу.
Оны еркелете бермеңдер. Не балуйте её.
Саған ұнайды деп ойлаймын. Я думаю, что тебе понравится.
Өлтірсең де, есімде жоқ. Хоть убей, не помню.
Миыңның бәрін ішіп қойғансың! Ты пропил все свои мозги!
Сенің маскүнемдігіңнің немен аяқталғанын көріп тұрсың ба? Видишь, чем закончилось твоё пьянство?
22-12
Бәрінің быт-шытын шығардың! Всё разбил вдребезги!
Оған өзінің жұмысымен шұғыл түрде қалаға кетуіне тура келді. Ему по работе срочно пришлось выехать в город.
Ол әдейі істеген жоқ. Он сделал не специально.
Әкем хабарласып жатыр. Отец звонит.
Қонағасы дайын. Угощение готово.
Әлгі сорлы қай жерде жүр екен? Где же ходит этот несчастный?
Маңайда іздеп көрейік. Поищем в округе.
Алса ала берсін. Пусть забирает.
Осы ғана ма? И это всё?
Сен бірдеңе түсіндің бе? Ты что-нибудь понял?
22-13
Бұлар кімдер? Кто это такие?
Біле алмай тұрмын. Не могу знать.
Саған үйден шықпаған жақсы еді. Тебе лучше не выходить из дома.
Сенің көрінбегенің жөн. Тебе лучше не показываться.
Біз сенің кесіріңнен осы жерде отырмыз. По твоей вине мы здесь находимся.
Бізді неге аямайсың? Ты почему нас не жалеешь?
Сен соған сеніп тұрсың ба? Ты этому веришь?
Істегісі келмегендер кете берсін. Кто не хочет делать, может уходить.
Қылжақты қойсаңшы. Перестань дурачиться.
Ол кейде келіп тұрады. Он иногда приходит.
22-14
Бұл сұрақ жауапсыз қалып қойды. Этот вопрос остался без ответа.
Ақшаны жаратып қойма. Деньги не истрать.
Ешкімге айтып қоймашы. Никому не говори, пожалуйста.
Бізге қонаққа келіңіз. Приходите к нам в гости.
Осыдан кейін ел бетіне қалай қарайсың? Как ты после этого будешь смотреть людям в глаза?
Мен ешкімнен қорықпаймын. Я никого не боюсь.
Саған бір тапсырма бар. Тебе есть одно задание.
Жүретін қызың бар ма? У тебя есть девушка?
Неге олай істейсіңдер? Почему вы так делаете?
Үш ұлымыз бар. Екі үлкені – тетелес. – У нас три мальчика. Двое старших – погодки.
22-15
Бүгінгі «ақпарат қайнары» - Ғаламтор. Интернет – сегодняшний «источник информации.
Ол үйренгісі келмейді. Он не хочет научится.
Жыламашы кішкентай қыз құсап. Не плачь, пожалуйста, как маленькая девочка.
Ол ауырып қалып, бүгінгі жиынға келе алмады. Он заболел, и не смог прийти на сегодняшнее собрание.
Ол аса айбынды тұлғасы. Он очень доблестная личность.
Кешіріңдер, сіздерді таныстырмаппын ғой. Простите, я же не познакомил вас.
Жұрттың қыздарын қарасаң пысық. Посмотришь на дочерей других людей, они все шустрые.
Ал сен болсаң ешқашан үлгермейсің. А ты никогда не успеваешь.
Ал негізінде мен ондай емес. Но, по сути, я не такая.
Салмақтаңыз! Будьте серьёзными!
22-16
Бекерден-бекер диплом бере салмайды ғой. За просто так диплом не выдадут.
Жақсы дәурен еді. Счастливое было время.
Дидарласқанымыз жақсы болды. Мне приятно видеть Вас *( досл. Как хорошо, что мы встретились с Вами (с тобой) лицом к лицу).
Сенің көшірмең екен. Она твоя копия.
Бәрі оңалады. Всё наладится.
Дауысыңыз керемет! Голос у Вас классный!
Ұсынысыңыз осы ма? Это Ваше предложение?
Мынау сөйлеп тұрған кім? Кто это говорит?
Сен бәрін ұшықтырып жатырсың. Ты всех раздражаешь.
Бұған жақсылық жақпайды. С ним по-хорошему нельзя.
22-17
Иә, оны тағдыр әбден қинады. Да, потрепала её судьба.
Одан бас тартады деп ойлайсың ба? Ты думаешь, она от неё откажется?
Онымен жолығу рұқсат етіңіз. Разрешите с ним встретитья.
Бір-біріне сайма-сай. Один под стать другому.
Барлық жерде өмір сүруге болады. Везде можно жить.
Аузы күйген ұрттап ішеді. Тот, кто обжёг рот, пьёт глотками.
Шағым және арыз бар ма? Жалобы и заявления есть?
Шағым және арыз жоқ. Жалоб и заявлений нет.
Әй, саған айтып тұрмын! Эй, я тебе говорю!
Кімді ақымақ қылғың келеді? Кого ты хочешь сделать дураком?
22-18
Келгеніме үш күн болды. Я три дня, как приехал.
Ештеңені түсінгісі келмейді. Она ничего не хочет понимать.
Не болып кетті өзі? Что такое происходит?
Мен сізге көмектесе алмаймын. Я не могу Вам помочь.
Бізге үлгі болыңыз. Будьте для нас примером.
Әрқашанда солай болсын! Пусть всегда так будет!
Қайда жүрсің қаңғып? Ты где шляеешься?
Үш бөлмелі пәтерін оларға беріп, өзі екі қабатты үй сатып алыпты. Трёхкомнатную квартиру он отдал им, а сам купил себе двухэтажный дом.
Тез-тез жинал, қайтамыз. Быстро собирайся, возвращаемся.
Не болды соншы жанығып? Что такое спешное случилось?
22-19
Құлпынай жұпары. Запах клубники.
Қалай? Дәл осылай деді ме? Как? Прямо так и сказали?
Ол темекі тартуды тоқтатты. Он прекратил курить.
Мен келсем, сен жоқсын. Я пришёл, а тебя нет.
Сіздерді күтеміз! Ждём вас!
Қайыр қылсаң бүтін қыл. Если делаешь добро, делай до конца.
Екеуміз біраз әңгімелессек қайтеді?.. А что, если мы немного поговорим с тобой вдвоём?..
Болашағымыз туралы. О нашем будущем.
Менің атымды әлі ұмытпапсың ғой. Ты, оказывается не забыл, как меня зовут.
Естен шыққан емессіз, шықпайсыз да. Я не забыл Вас, и не забуду.
22-20
Мен бұл бұйрықты орындай алмаймын. Я этот приказ выполнить не могу.
Жолда түсіндіремін. По дороге объясню.
Айтатын бірдемең бар ма? Тебе есть что сказать?
Сенен мұндай нәрсе күтпеген едім. Я от тебя такого не ожидал.
Шашымды алдырдым. Я постригся.
Е, солай де! Так-так!
Сендерде ұят та, аяу да жоқ. Нет у вас ни совести, ни жалости.
Болмашы нәрсе болады ғой. Что будет – то будет.
Тек мені кешіргеніңді қалаймын. Хочу только, чтоб ты простил меня.
Сіз қайсыны таңдайсыз? Что Вы выберете?

Корректор: Татьяна Валяева


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Полезные фразы 21 Вернуться к началу Полезные фразы 23  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга