Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Учебники
Кудайбергенова
1 класс
2 класс
3 класс
4 класс
Досмамбетова
2 класс
3 класс
4 класс
       Словарь в картинках
Разноцветные слова
    1    
    2    
    3    
    4    
    5    
    6    
    7    
    8    
    9    
    10    
   Стихи детям
    1    
    2    
Адаптивные стихи
Мультфильмы
Аю мен маса
Қу қой
Қой мен серке
Животные
Африкалық піл
Аллигатор
Көгілдір акула
Көк кит
Арыстан
Панда
Қасқыр
Кобра
Дельфин

Стихи детям

Страница 2

Автор: Райхан Алдабергенова  Поэзия (stihi.ru)  Проза (proza.ru)

      ***
Мамам сорпа пісірді,
Табаққа ет түсірді.
Жұқалап қамыр жайды,
Оны сорпаға салды.

Көкөніс, пияз турап,
Дәмді тұздықты жасап,
Деді: «Кел, отыр, балам,
Бізбен бірге тамақтан».

      ***
Мен ғарышкер боламын,
Жұлдыздарға ұшамын.
Шексіз, жұмбақ ғарышта
Ғаламшарды ашамын.

Зымыранмен әлемді
Түгін қоймай зерттеймін.
Тек анамды, әкемді
Көпке тастап кетпеймін.

Ғарышты кезіп жүріп
Мен оларды сағынсам,
Жыламаймын, тек күліп,
Қайта келіп табысам.

      ***
Зообақта аңдар көп,
Ет жейді, кейбірі шөп.
Тек болады олар қор,
Айналасы қапас, тор.

Көздерінде мұң, қайғы,
Ақ аю отыр, байғұс
Қалың тоны сарғайып,
Тор ішінде қартайып.

Бір арманы - бостандық.
Істемеңдер қастандық!
Арктика оның үйі,
Шаттанып көңіл күйі,

Жіберсек, ол қуанар,
Терісі аппақ болар.
Суық жерде аймағы,
Ашылар онда бағы.

      Бақша мен бақ
Бар бізде бақша мен бақ,
Картоп, сәбіз, асқабақ.
Онда биыл мол өнім,
Болды бұл істің жөні.

Бақта алма өседі,
Бақта шие өседі.
Өрік, алмұрт, құлпынай,
Бұта-бұта таңқурай.

Себетшемізді алып,
Жеміс-жидек тереміз.
Ортасымен толтырып,
Шөлдеп, суды ішеміз.

Бір ағаш тәтті жиде,
Оның асты көлеңке.
Көлеңкеге барамыз,
Кішкене дем аламыз.

Аздап сөйлесіп, ойнап,
Жұмысқа кірісеміз.
Бақшада жеміс жинап,
Мамаға әкелеміз.

Бізге тамақ пісіріп,
Жеміс-жидекті жуып,
Дастарханды жаяды,
Шайды демдеп құяды.

      Мейірім
Мейірім деген ол не?
Ол кішкентай сәбиге
Мамасының құшағы,
Жанның көкке ұшары.

Ол әкенің ерлігі,
Екі қолы сенімді,
Мені өсірген әлпештеп,
Батыр болсын балам деп.

Ол апамның әлдиі,
Бесікте еркелетіп,
Шаршаса да қалқиып,
Отыратын тербетіп.

Мейірім - ол Отанға,
Апа, ата-анаға
Жүректегі махаббат,
Одан көрген қанағат!

      Кең дала
Орман, орман, ну орман,
Талай адам адасқан.
Қалың шырша, шытырман,
Көптеген жабайы аң.

Сұңғақ бойлы қарағай,
Күнге толы шоқ тоғай.
Ақ қайың, түрлі ағаш,
Ән салады сандуғаш.

Бұтақтың арасында
Секеңдеп жүр ақ тиын.
Ағаштың табанында
Кірпілер құрар жиын.

Аюлар, түлкі, қасқыр
Орманды мекендейді.
Әр жерде шатыр-шұтыр,
Көзге бір көрінбейді.

Есалаң биін билеп
Бұжыр-бұжыр сексеуіл
Құмды тұр желмен елеп,
Ыстық шөлге қарауыл.

Дала тышқан, сұр қоян,
Кесіртке, ала шаян,
Оқ жыланмен су жылан
Ежелден құм таңдаған.

Далада шашылған көл.
Табиғаты қандай мол!
Аққу, қаздар саңқылдап
Келеді бұнда қаптап.

Аспанмен жарысады
Қарлы таудың шыңдары.
Бұлттан биік ұшады
Қара бүркіт қарымды.

Кең және байтақ дала,
Көрінісі көп екен.
Шамаң келсе арала.
Күтеді туған мекен!

      Балалар бақшасы
Балалар бақшасына
Ертеңгісін барамын.
Құрдастар арасында
Кешке дейін боламын.

Мейірімді апайымыз
Бізбен бірге ойнайды.
Ойын-күлкі тойымыз
Күні бойы тынбайды.

Ойын күлкіден былай
Сабағымыз бар біздің.
Әрібін білем талай
Ана мен басқа тілдің.

Тағы бір сабақ - есеп,
Санаймыз ептеп-септеп.
Үш пен екіні қосса
Бес болады екен деп.

Сосын сурет саламыз,
Гүл, аспан, кеме, теңіз.
Біз кішкентай баламыз,
Бізге: «Жарайсың!» - деңіз.

Сабағымыз біткен соң,
Тамағымыз тойған соң
Түскі ұйқыға жатамыз,
Жақсылап дем аламыз.

Ұйқыдан тұра салып,
Бесіндік ас жеп алып,
Әткеншекті тебеміз,
Ойын алаңға шығып.

Кеш те келіп қалады,
Апайымыз шаршады.
Үйге кетер кез келді,
Ойын-күлкі жетеді.

Кім ол тұрған сығалап,
Есіктен бізге қарап?
Ол менің папам, мамам:
«Кеттік үйге, балапан».



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Стихи детям, стр. 1 Вернуться к началу Адаптивные стихи, стр. 1  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга


Авторский сайт Татьяны Валяевой