Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Учебники
Кудайбергенова
1 класс
2 класс
3 класс
4 класс
Досмамбетова
2 класс
3 класс
4 класс
       Словарь в картинках
Разноцветные слова
    1    
    2    
    3    
    4    
    5    
    6    
    7    
    8    
    9    
    10    
   Стихи детям
    1    
    2    
Адаптивные стихи
Мультфильмы
Аю мен маса
Қу қой
Қой мен серке
Животные
Африкалық піл
Аллигатор
Көгілдір акула
Көк кит
Арыстан
Панда
Қасқыр
Кобра
Дельфин
Керік
Ягуар
Кенгуру
Ақ аю
Жайра
Тиін
 Қаз 
 

Кенгуру

Кенгуру


      Кенгуру – сүтқоректі, төменгі сатыдағы аң. Австралия құрлығындағы эндемик жануар (тек Австралияда ғана тіршілік етеді).
      Кенгурулар «майда», «орташа» және «ірі денелі» болып үш түрге бөлінеді. Ірі кенгурудың үш түрі бар: қызғылт кенгуру, сұр немесе орман кенгуруы және валлаби (тау кенгуруы).
      Қызғылт кенгуру – дүниежүзіндегі қалталы жануарлардың ең ірісі. Ересек аталығының бойы 2 метрге жетсе, салмағы 85 келі тартады.
      Кенгуру тек Австралияда – эндемик, десе де, Папуа-Жаңа Гвинеяда «валлаби» деп аталатын майда кенгурулар тіршілік ететінін айтпасқа болмас.
      Басы – кішкентай. Алдыңғы аяқтары – қысқа. Артқы аяқтары – ұзын. Бұлшық етті мықты табандары секіріп жүруге бейімделген. Ұзын құйрығы тепе-теңдікті сақтап тұрады. Тыныштық кезде кенгуру құйрығы мен алдыңғы аяқтарына тіреліп – үштағандап жүреді.
      Баяу жүрген кезде кенгуру құйрығын қосымша аяқ ретінде қолданады.
      Еуропаны кенгурумен алғаш таныстырған – саяхатшы Джеймс Куктың қызметкері Джон Гор. Гор бірнеше кенгуру атып алып, оларды мумиялап, еуропалықтарға әкеп көрсетті.
      Кенгуру жайылымдағы шөп, дала өсімдіктерін, ағаш жапырақтарын жейді. Суды өте аз ішеді, бірнеше ай бойы мүлде су ішпей жүре береді. Жерден биік көтерілмей өскен шөптерді қырқуға ыңғайлы «кескіш» тістері бар.
      Австралиялықтар аталық кенгуруды – «бумер», аналықты – «флайер», бала кенгуруды «джоуи» дейді.
      Кенгурулар – секіруді қозғалыс тәсілі ретінде пайдаланатын бірден-бір ірі жануар. Қызғылт кенгуру секіріп жүріп сағатына 20–25 шақырым жерді артқа тастайды. Сұр кенгуру сағатына 64 шақырым жылдамдықпен жүреді.
      Кенгурудың буаздық мерзімі - 40 күн. Оның баласы дүниеге өте кішкентай қызыл шақалақ күйінде келеді.
      Кенгуру жаңа туған баласын қалтасына тоғыз айға дейін салып жүреді. Төлі үлкейіп қалса да, анасының емшек сүтін ұзақ уақыт емеді.


Перевод на русский: Татьяна Валяева

Текст на казахском языке взят из:
Жануарлар. - Алматы: «Аруна» баспасы.- 208 бет. – Сер.: «1100 қызықты деректер». Ағылшын тілінен аударған. Ү. Кеңесбаева.



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Ягуар Вернуться к началу Ақ аю  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга


Авторский сайт Татьяны Валяевой