Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Учебники
Кудайбергенова
1 класс
2 класс
3 класс
4 класс
Досмамбетова
2 класс
3 класс
4 класс
       Словарь в картинках
Разноцветные слова
    1    
    2    
    3    
    4    
    5    
    6    
    7    
    8    
    9    
    10    
   Стихи детям
    1    
    2    
Адаптивные стихи
Мультфильмы
Аю мен маса
Қу қой
Қой мен серке
Животные
Африкалық піл
Аллигатор
Көгілдір акула
Көк кит
Арыстан
Панда
Қасқыр
Кобра
Дельфин
 Қаз 
 

Қу қой

Хитрый баран

Текст и перевод к мультфильму «Қу қой».

Смотреть мультфильм на YouTube

1.  (c 0:00 по 1:21)
Қойлар: Эй, сен не қып тұрсың? Қойлар артқы аяқпен жүрмейді. Бізге ұқсамайсың ғой өзің.
Қойшы: Эй, қайда кеттің? Кәне кейін қайт!
Қой: Жоқ, мен бұған төзбеймін. Осы да өмір ме? Анда баруға болмайды, мұнда баруға болмайды. Артық қадам бассаң, қылмыскерсің. Жалықтым, бір өзім жайыламын.
---
Қой: Жалғыз жүру қандай рахат! Ешкім маған бөгет жасамайды. Гүл теріп, би билесең де өз еркін. Бұлай етуге болмайды деп ешкім айтпайды. Керемет! Ой, түлкі! Байқамаған болса екен, байқамаған болса екен!

2.  (c 1:22 по 2:27)
Түлкі: Сәлем жарқыным, сәлем аппағым, қайда асықтың? Киіз үйге жүріп, бірге түстенейік.
Қой: Қажеті жоқ, мен тоқпын.
Түлкі: Есесіне мен ашпын.
Қой: Рақмет, тәбетім жоқ.
Түлкі: Жүр ішегім шырылдап барады.
Қой: Сүйрелемеңізші мені, мен асығып барамын. Уақытым жоқ.
Түлкі: Сен қайда асығасың?
Қой: Қасқырдың түскі асына кешігіп барамын.
Түлкі: Қалайша? Ол не қылған түскі ас?
Қой: Қасқыр мені түскі асқа шақырды. Ендігі екі көзі төрт болып отырған шығар. Сізбен сөйлескенімді білсе, ашуланып жүрер. Оның күйгелек екенін білесіз ғой, солай емес пе?
Түлкі: А, сен қасқырға бара жатырсың ба? Қап, әттеген-ай. Әйтпесе бірге түстендірер едік. Жарайды, жүгір. Қасқырға сәлем айта бар менен.
Қой: Әрине, міндетте түрде. Құрысын, осы серуендегенге жетер. Үйге қайтқаным жөн.

3.  (c 2:28 по 3:29)
Қасқыр: Мәссаған, «жолы болар жігіттің» деген осы… Ақыры келген екенсің, менімен бірге түстенесің.
Қой: Кешіріңіз, бәсеке. Мен қатты асығып барамын.
Қасқыр: Қайда асығасың? Сені түстенуге мен шақырып тұрмын ғой.
Қой: Аюдың түскі асына кешігіп барамын.
Қасқыр: Қойшы... Ол не сені өзі шақырды ма?
Қой: Иә, өзі. Маған бір минутқа кешікпей кел деген. Жолда келе жатып, сізбен сөйлескенімді білсе қатты ашуланып жүрер. Сондықтан мен кете берейін, сол дұрыс болар.
Қасқыр: Жарайды, бара бер. Аюға сәлем айт!
Қой: Әрине, айтамын!
Қасқыр: Ақымақ қой... Аюдың түскі асында өзін не күтіп тұрғанын білмейді ғой. Шіркін, сондай түстігім болса-ой.

4.  (c 3:30 по 4:31)
Түлкі: Жоқ, шыдай алмаспын. Барып көрейін. Мүмкін, қасқыр қойдан бірдеңе қалдырған шығар. Тезірек, тезірек, ол бәрін жеп қоймай тұрғанда, тезірек барайын.
Түлкі: Ал, қой қайда?
Қасқыр: Қайдағы қой?
Түлкі: Жарайды, мені алдамай-ақ қой. Мен бәрін білемін. Өзің «түскі асқа шақырған қойды айтамын.
Қасқыр: Э, ол менің қойым емес. Негізгі оны түскі асқа мен емес, аю шақырған.
Түлкі: Қызық, ол маған сенің үйіңе барамын деді.
Қасқыр: Мүмкін, ол басқа қой шығар?
Түлкі: Есіңді жи. Қойлардың өздері түскі асқа келгенін қашан көріп едің? Демек ол бізді алдап кетті ме?
Қасқыр: Мұны аюдан сұрайық.
Түлкі: Бәрін жеп қоймасын. Тезірек барайық.
Қасқыр: Иә.

5.  (c 4:32 по 5:22)
Қасқыр: Эй, аю, саған қой келмеді ме?
Аю: Қайдағы қой?
Түлкі: Өзі аппақ сеп-семіз қой.
Аю: Жоқ, не келу керек пе еді маған?
Түлкі қасқырға: Маған сенің үйіңе баратынын айтты.
Қасқыр түлкіге: Ал маған мұнаның үйіне барамын деді.
Аю: Бәлкім, әлі жете қоймаған болар.
Түлкі: Қап, қандай түстіктен айырылдық десеңші. Өз аяғымен келіп еді. Ол алысқа ұзай қойған жоқ. Жақын маңда, жүр. Ішім сезеді. Жүріңдер, оны ұстап алайық.
Аю: Тоқтай тұрыңдар. Мен де бірге барамын. Тоқтаңдар.

6.  (c 5:23 по 6:22)
Қойлар: Сен қайда болдың? Қойшылар сені іздеді ғой.
Қой: Қонақта болдым, әрең қашып құтылдым.
Қойлар: Кімнің үйінде?
Қой: Түлкінің үйінде болдым, сосын қасқырдың үйіне бардым, бірақ аюдың үйіне кіре алмадым.
Қойлар: Ха-ха-ха. Олар сені жеген жоқ па? Өтірік айтпа!
Қой: Рас айтам. Сенбесіңдер - қараңдар! Өздері бізге қонаққа келіп кетті.
Қойлар: Көмектесіңдер!
Қойшылар: Ұстаңдар оларды, ұстаңдар, ұстаңдар!
Аю: Ал, керек болса!
Қасқыр: Бізді тұзаққа түсірген сияқты.
Аю: Бәрі түсінікті, әлгі қой барлауға келіпті.
Қасқыр: Иә.

7.  (Послесловие, c 6:23 по 8:13)
Қойшы: Мінезің оғаш екен. Екі аяқтап жүрсің. Қане, қайт бері.
Қой: Бұл не өмір? Қалағанымды жасаймын.
Түлкі: Қонақ асына жүр.
Қой: Мені қасқыр күтіп тұр.
Түлкі: Онда жоғал әрі.
Қасқыр: Қарным аш.
Қой: Мен аюға бара жатырмын.
Түлкі: Қой қайда?
Қасқыр: Аюға кетті.
Қойлар: Қайда болдың?
Қой: Аңдарда қонақта болдым.
Түлкі: Ол бізді алдады ғой!
Қойшылар: Ұстаңдар оларды!



Текст записали и перевели:
Участники ватсап-группы по изучению казахского языка при поддержке экспертов-носителей языка.



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Аю мен маса Вернуться к началу Қой мен серке  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга


Авторский сайт Татьяны Валяевой