Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Учебники
Кудайбергенова
1 класс
2 класс
3 класс
4 класс
Досмамбетова
2 класс
3 класс
4 класс
       Словарь в картинках
Разноцветные слова
    1    
    2    
    3    
    4    
    5    
    6    
    7    
    8    
    9    
    10    
   Стихи детям
    1    
    2    
Адаптивные стихи
Мультфильмы
Аю мен маса
Қу қой
Қой мен серке
Животные
Африкалық піл
Аллигатор
Көгілдір акула
Көк кит
Арыстан
Панда
Қасқыр
Кобра
Дельфин
Керік
Ягуар
Кенгуру
Ақ аю
Жайра
Тиін
Қоңыр қоян
Қолтырауын
Шимпанзе
Жарғанат
Сегізаяқ
 Қаз 
 

Көк кит

Синий кит


      Көк кит суда тіршілік ететін сүтқоректілердің кит тәрізділер отрядының жолақты киттер тұқымдасына жатады. Жер жүзіндегі ең ірі жануар.
      Көк киттің тамағының астында 50-ден 70-ке дейін астауы болады. Әрекетсіз кезде астаулар жиырылып, қатпарланып тұрады. Кит қоректенер кезде астаулар кеңейіп, азықты сүзгіден өткізеді.
      Көк киттің басы жалпақ, құйрық жағы үшкірлеу болып біткен.
      Көк киттің орташа ұзындығы – 25 метр, салмағы – 120 тонна.
      Терісі – ақ-сұр дақтармен теңбілденген көк-сұр түсті. Қарынында қоңыр, сары, сұр секпілдері болады.
      Астыңғы жақ сүйегі жалпақ және екі шеті дөңестеніп шығып тұрады. Үстіңгі жағы – кішірек. Көзі өте нашар көреді. Сонымен қатар иіс сезу, дәм сезу мүшесі де дамымаған. Бірақ есту мүшелері өте жақсы жетілген.
      Барлық мұртты киттер сияқты көк киттің де аузында мүйіз тәрізді бірнеше жүздеген жұп мұртты тақташа бар.
      Қыс кезінде салқын суда жүзіп жүрген киттің қарынына кремний балдырлары жабысып қалады. Содан киттің қарыны күкірт тәрізді сары, күміс, жасыл-сары түске еніп, жылтырап тұрады. Мұндай қарынды «күкірт қарын» дейді.
      Көк кит шаянтәрізділермен (криль, т.б.), планктондармен 1, майда балықтармен қоректенеді.
      Көк кит жазда күніне орта есеппен 900-ден 4100 келіге дейін планктон жейді.
      Киттер жұптасып жүзеді.
      Су астында 5 – 20 минутқа дейін жүре алады. Су бетіне шыққан кезде тыныс алуы 2 – 10 минутқа дейін жиілейді.
      Көк кит дүниежүзі мұхиттарының бәрінде бар. Ол су бетін мекен етеді. Орта есеппен 35 – 40 жыл өмір сүреді.
      Көк кит өте жоғары диапазонда, төмен жиілікте орасан зор дыбыс шығарады. Оны реактивті ұшақтың дыбысынан да қатты дауысы бірнеше шақырым жерден естіледі.
      Көк кит сағатына 22,4 шақырым жылдамдықпен жүзе алады.
      Қатары өте сиреп, жоғалып кету қаупі туғандықтан 1966 жылы көк китті аулауға тыйым салынды.


Перевод на русский: Татьяна Валяева

Текст на казахском языке взят из:
Жануарлар. - Алматы: «Аруна» баспасы.- 208 бет. – Сер.: «1100 қызықты деректер». Ағылшын тілінен аударған. Ү. Кеңесбаева.



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Көгілдір акула Вернуться к началу Арыстан  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга


Авторский сайт Татьяны Валяевой