Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Для всей семьи
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Учебники
 1 класс
 2 класс
 3 класс
 4 класс
Разноцветные слова
    1    
    2    
    3    
    4    
    5    
    6    
    7    
    8    
    9    
    10    
Стихи детям
    1    
Африкалық піл
Аллигатор
Көгілдір акула

Стихи детям

Страница 1

Автор: Райхан Алдабергенова  Стихотворения (сайт stihi.ru)  Рассказы (сайт proza.ru)

      ***
Зың-зың-зың да, зың-зың-зың.
Кім зыңылдаған? Шыбын.
Кетші, шыбын, далаға.
Ұйқы берші балаға.

      ***
Алақай! Алақай!
Келе жатыр балақай!
Кестік ала тұсауын!
Құтты болсын қадамың!

      ***
Шу-шу-шу ашу-ашу,
Ашуланған көбік су.
Көктем келді, мұз кетті,
Үдірейді су беті.

      ***
Аспан ашық, күн шуақ,
Бұлттардың түсі аппақ.
Жер жайнаған көк майса,
Көл беті тынық, байсал.

      ***
Келді қаздар қаңқылдап,
Аққу қонды саңқылдап,
Құстар ұя салады,
Балапанын басады.

      ***
Шеп-шеп-шеп, шұбар тауық,
Балалар доп тебеді.
Абайла, қауіп, қауіп
Балапанға төнеді!

      ***
- Апа, қара, үлкен піл!
Салбыраған ұзын тіл.
- Тіл емес, балам, тұмсық.
- Апашым, ол не сұмдық?

      ***
Түндей қара ілбісін.
Не іздеп жүр, кім білсін?
Күндіз ұйықтап жатады,
Түнде жолға шығады.

      ***
Шырылдайды бозторғай,
Оның үйі шоқ тоғай.
Көктемді қарсы алады,
Қуанып ән салады.

      ***
Ұзын аяқ шегіртке,
Секіресің биікке.
Бүгіннен дос болайық,
Тығылыспақ ойнайық.

      ***
- Аһ, ұзын мойын аққу,
Не деген бейнең сұлу!
Су бетінде сырғанап,
Салшы әніңді: «Гәкку!»

      ***
Итім бар, аты Ақтөс,
Ол маған ең берік дос.
Құйрығы бұлаңдайды,
Маған еріп, қалмайды.

      Қуыршақ
Мамаммен кеше бірге
Бардық үлкен дүкенге.
Сатып алдық қуыршақ,
Мойнында қызыл моншақ.

Көздері қарақаттай,
Қарайды жапалақтап.
Түрлі-түсті көйлегі,
Қуыршағым сөйлейді.

Еңкейтсең: «Мама», - дейді,
Шалқайтсаң: «Папа», - дейді.
Кірпіктері ұп-ұзын,
Шашы қалың бір бұрым.

Алма мойын, қиғаш қас,
Қойдым атын Қаламқас.
Кигені барқыт, жібек.
Қуыршағым керемет!

      Еріншек бала туралы
Бүгін Мақсат ерінді,
Ұйқысы кеп керілді.
Демалыс күндер бойы
Күлкі-ойынға берілді.

Ертең дүйсенбі, сабақ.
Беті сатал, қожалақ.
Дәптермен кітап қайда?
Неге басың сабалақ?

Ешкімді тыңдамайды,
Тапсырма жасамайды,
Тіпті бәрін ұмытып,
Кітабын да ашпайды.

Тек екіні алады.
Жолда қалды сабағы.
Айтыңдаршы, балалар,
Оған кім дос болады?

      Құмды шөл
Қапырық, жел, құмды шөл,
Алыста көрінді көл.
Көл емес, қиял, сағым,
Алдамшы елес тағы.

Келе жатыр керуен,
Ұзақ, ұзақ серуен.
Шаршады түйе, адам,
Ауыр болды әр қадам.

Өте салқын түнгі шөл,
Тәулікті екіге бөл.
Тымырсық күн, ызғар түн,
Естілмейді ешбір үн.

Келе жатыр керуен,
Ұзақ болды серуен.
Алыс зарыққан қала,
Алда шексіз кең дала.

      Бүркіт
Қара-күрең бүркітім,
Кең қанатыңды жайып,
Аңды әбден үркіттің,
Биікке ұшқан сайын.

Үшінші қанат құсап
Жайылады құйрығың.
Елік, түлкіні ұстап,
Қуасың ең жүйрігін.

Жалаңаш, құз-жартасты,
Қыратты мекендейсің.
Жасаса адам қастық
Жоқ та болып кетерсің.

Байтақ қазақ жерінде
Сенің саның көп болса
Неше жүзге жете ме?
Қырамыз ба қалғанша?

Көбейе бер бүркітім,
Арттыра бер балапан!
Осы менің үмітім.
Сұрқай бүркітсіз аспан…

      Ұршық
Үйір тынымсыз ұршық.
Жіптің ұшы құйыршық.
Мазасыз бұлаңдайды,
Апама ұстатпайды.

Бірақ икемді қолы
Бағындырады оны.
Ырығына көндіріп,
Алады ұшын іліп.

Құйыршығы басылып,
Шүйке жүні созылып,
Шумақ боп оралады,
Біртіндеп томпаяды.

Біздің мысық керіліп,
Ойнағысы келеді.
Табанымен тап беріп
Жіпті қағып үзеді.

Тиіспе оған, мысық.
Қимылың қандай пысық!
Апам саған ұрсады,
Бұзықтықты жасадың.

Сазайыңды береді.
Неге дейсің? Себебі
Қыстыгүні күн суық,
Тоқиды апам уық.

Жаурамасын деп маған,
Осы айтарым саған.
Сұра тездеп кешірім,
Тиді сенің кесірің.

Мысығым тұр бүгіліп,
Өз қатесін түсініп:
«Бұзықтық істемеймін,
Енді жіпті үзбеймін».



©  Татьяна Валяева   2007–2021
http://kaz-tili.kz/
 <<  Разноцветные слова, стр. 10   Африкалық піл  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Гостевая книга