Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Учебники
Кудайбергенова
1 класс
2 класс
3 класс
4 класс
Досмамбетова
2 класс
3 класс
4 класс
       Словарь в картинках
Разноцветные слова
    1    
    2    
    3    
    4    
    5    
    6    
    7    
    8    
    9    
    10    
   Стихи детям
    1    
    2    
Адаптивные стихи
Мультфильмы
Аю мен маса
Қу қой
Қой мен серке
Животные
Африкалық піл
Аллигатор
Көгілдір акула
Көк кит
Арыстан
Панда
Қасқыр
Кобра
Дельфин
Керік
Ягуар
Кенгуру
Ақ аю
Жайра
Тиін
Қоңыр қоян
Қолтырауын
Шимпанзе
Жарғанат
Сегізаяқ
 Қаз 
 

Шимпанзе

Шимпанзе


      Шимпанзе – адам тәрізді маймылдардың понгидтер тұқымдасына жататын маймыл. «Кәдімгі» және «ергежейлі шимпанзе» деген екі түрі бар.
      Шимпанзе ДНК-сының 98,4%-ы адамдікіне ұқсас. Шимпанзе адамға горилладан да жақын. Басындағы миының көлемі адам миының жартысындай болады.
      Шимпанзе Батыс және Орталық Африканы мекендейді.
      Ересек аталық шимпанзенің салмағы – 35-70 келі, бойы 0,9-1,2 метр болады, аналық шимпанзенің салмағы – 26-50 келі, бойы 0,66-1 метр болады.
      Өз бетімен тіршілік етіп жүрген шимпанзе 40 жылдан артық өмір сүрмейді, ал адам қолына үйретілген бір шимпанзенің 60 жыл өмір сүргені туралы дерек бар.
      Шимпанзенің дене тұрқы – тапалтақ, қолдары ұзын, аяқтары қысқа болады. Денесінің басым бөлігін ұзын қара жүн жапқан. Бірақ беті, құлағы, алақандары жүнсіз болады.
      Қолдары зат ұстауға епті келеді. Шимпанзенің кей жағдайда құрал-сайман қолдануы адамдарды қатты таңғалдырады.
      Шимпанзелер бір-бірімен ымдасып «сөйлеседі».
      Шимпанзелердің 30 – 80 басы бірігіп, топтанып жүреді. Шимпанзе, негізінен, тропиктік ормандар мен ылғалды саванналарда тіршілік етеді. Жерде де, ағаш басында да жүргенімен, қоректенуі мен ұйықтайтын уақытының басым бөлігі ағаш үстінде өтеді.
      Жалпы алғанда, шимпанзелер жеміс және өсімдіктермен қоректенеді. Сондай-ақ түрлі жәндіктерді, жұмыртқа, ет, өлекселерді де жей береді. Тамақ талғамай, азық атаулының жүздеген түрін жейді.
      Шимпанзе түсте ағаш басына өрмелеп шығып демалады, түнде де сонда түнеп шығады. Жапырақ пен бұтақтан «төсек құрастырып», лезде өзіне ұя жасап алады.
      Шимпанзелер қолына үлкен бұтақ пен таяқ ұстап, өздеріне қастандық жасамақ болған дұшпандарына сермейді.
      Шимпанзенің маңдайы – тайқы, құлақтары – үлкен, танау тесігі – кішкентай, тұмсығы ұзындау келеді.


Перевод на русский: Нина Агафонова

Текст на казахском языке взят из:
Жануарлар. - Алматы: «Аруна» баспасы.- 208 бет. – Сер.: «1100 қызықты деректер». Ағылшын тілінен аударған. Ү. Кеңесбаева.



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Қолтырауын Вернуться к началу Жарғанат  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга


Авторский сайт Татьяны Валяевой