Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Учебники
Кудайбергенова
1 класс
2 класс
3 класс
4 класс
Досмамбетова
2 класс
3 класс
4 класс
       Словарь в картинках
Разноцветные слова
    1    
    2    
    3    
    4    
    5    
    6    
    7    
    8    
    9    
    10    
   Стихи детям
    1    
    2    
Адаптивные стихи
Мультфильмы
Аю мен маса
Қу қой
Қой мен серке
Животные
Африкалық піл
Аллигатор
Көгілдір акула
Көк кит
Арыстан
Панда
Қасқыр
Кобра
Дельфин
Керік
Ягуар
Кенгуру
Ақ аю
Жайра
Тиін
Қоңыр қоян
Қолтырауын
Шимпанзе
Жарғанат
Сегізаяқ
 Қаз 
 

Арыстан

Лев


      Арыстан – мысық тұқымдасына жататын ең ірі жыртқыш жануар.
      Мысық тұқымдастардың ішінде арыстандар ғана топтанып тіршілік етеді, ол топ «прайд» деп аталады.
      Арыстандар өздері мекен ететін жерді зәрімен белгілеп қояды. Ол жерге сырттан бөтен жануар келсе, айбат шегіп ақырып, қуып шығады.
      Арыстанның аяқтары – мықты, азулары қуатты болады. Тістерінің ұзындығы 8 см-ге дейін жетеді және өткір болады.
      Арыстанның абданы (баласы) бір жасқа толғанша аң аулауға қатыспайды. Ыңғайлы мүмкіндік туындаған жағдайда арыстан жемтікті жалғыз да аулай береді.
      Арыстандар бір кездері Африканың басым бөлігін, Азия мен Еуропаны мекен еткен. Қазір сиреп бара жатқан түр ретінде сахаралық Африкадан және Азиядан ғана кездестіруге болады.
      Дене тұрқы 2 метрден астам, ал салмағы 250 келіге дейін жетеді. Арыстандар 30 – 35 жыл өмір сүреді.
      Құйрығының ұзындығы – 1 м, ұшында қара түсті шашағы болады.
      Арыстанның ақырғаны сегіз шақырым жерден естіледі.
      Арыстандардың көбісі 4­5 күнге дейін су ішпей шыдап жүре алады. Шөлейт жердің арыстандары өздеріне керекті ылғалды жемтігімен қоректену кезінде алады.
      Арыстандар 12 метрге дейінгі қашықтыққа секіруге қабілетті.
      Арыстанның еркегінің мойны мен кеуде жағында ұзын жалы болады. Ұрғашысы мен жас арыстанның жалы болмайды.
      Қорегін, негізінен, түнде аулайды. Жемтігін көз ілеспес жылдамдықпен бас салып, бірден қақ айырып жібереді.
      Ірі сүтқоректілермен (бөкен, зебра, мүйізтұмсық, т.б.), сондай­ақ құстармен де қоректенеді.
      Арыстандардың бет-әлпетіндегі әртүрлі мимика мен дене қимылдарынан оның көңіл күйі мен ойындағысын түсінуге болады.


Перевод на русский: Татьяна Валяева

Текст на казахском языке взят из:
Жануарлар. - Алматы: «Аруна» баспасы.- 208 бет. – Сер.: «1100 қызықты деректер». Ағылшын тілінен аударған. Ү. Кеңесбаева.



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Көк кит Вернуться к началу Панда  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга


Авторский сайт Татьяны Валяевой