Главная Гид Упражнения Тесты Песни Словарь Автор Телеграм-канал
Казахский язык
Главная  Полезные материалы → Мир знаний → Животные: Көгілдір акула
Разноцветные слова
    1    
    2    
    3    
    4    
    5    
    6    
    7    
    8    
    9    
    10    
   Стихи детям
    1    
    2    
Адаптивные стихи
Мультфильмы
Аю мен маса
Қу қой
Қой мен серке
Животные
Африкалық піл
Аллигатор
Көгілдір акула
Көк кит
Арыстан
Панда
Қасқыр
Кобра
Дельфин
Керік
Ягуар
Кенгуру
Ақ аю
Жайра
Тиін
Қоңыр қоян
Қолтырауын
Шимпанзе
Жарғанат
Сегізаяқ
Мүйізтұмсық
Сурикат
Анаконда
 Қаз 
 

Көгілдір акула

Голубая акула


      Көгілдір акула – тақта желбезектілер класс тармағына жататын жыртқыш балық. Денесінің ұзындығы – 3,8 метрге, салмағы 300 келіге дейін жетеді.
      Дене қаңқасы сүйектен емес, шеміршектен тұрады. Торсылдағы және желбезек қақпағы болмайды. Басының екі жағында желбезек саңылаулары бар. Су түбіне батып кетпес үшін акула ұйықтамай, үнемі жүзіп жүруге мәжбүр.
      Көгілдір акуланың дене пішіні сүйір, тұмсығы ұзын болады. Кеуде қанаттары өте ұзын, орақ тәрізді болып келеді. Арқа қанаттарының біріншісі екіншісінен әлдеқайда үлкен.
      Ол сайра, макрель, майшабақ, тунец, хек, найза балық тәрізді теңіз балықтарымен қоректенеді.
      Көгілдір акула бүкіл ғұмырында орта есеппен 50 мың тіс жаңартады. Тістері үшбұрыш пішінді, 5-6 қатар, кейде 15 қатар болып орналасады.
      Көгілдір акула – өз тұқымдастарының ішіндегі ең тартымдысы.
      Көгілдір акула барлық тропиктік және орташа температурадағы теңіздер мен мұхиттардың су бетінде және 350 метрге дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.
      Ересек көгілдір акулалардың салмағы 136-ден 182 келіге дейін тартады.
      Акулалардың 30 туысқа жататын 368 түрі бар.
      Көгілдір акуланың денесінің үстіңгі жағы – қою көк, екі бүйірі – көгілдір, астыңғы жағы ақ түсті болады. Құйрық қанатының үстіңгі қалақшасы ұзын болып келеді.
      Ғалымдар акулалардың салыстырмалы түрде ақылды екенін айтады. Акуланың үйрену қабілеті егеуқұйрықтар мен құстардан кем емес.
      Көгілдір акула ең жылдам жүзетін балықтар қатарында. Бірақ әр зоолог әртүрлі пікір айтады. Бірі «көгілдір акула сағатына 97 шақырым жылдамдықпен жүзеді» десе, тағы бірі «35 шақырымнан аспайды» дейді.
      Балықтар ұйықтамайды, бірақ олардың белсенді болатын және тынығатын кездері бар. Кей акулалар теңіз табанында жатып тынығады. Кейбірі ауамен тыныс алуын тоқтатпау үшін үнемі жүзіп жүреді.
      Көгілдір акула өте қауіпті жыртқыш болғандықтан, оны «теңіз қасқыры» деп те айтады.


Перевод на русский: Татьяна Валяева

Текст на казахском языке взят из:
Жануарлар. - Алматы: «Аруна» баспасы.- 208 бет. – Сер.: «1100 қызықты деректер». Ағылшын тілінен аударған. Ү. Кеңесбаева.


 <<  Аллигатор Наверх ↑ Көк кит  >> 

Казахский язык. Просто о сложном © Татьяна Валяева,  2007–2026
Главная
Цвета текста на сайте
Поиск по сайту
Гид по изучению
грамматики
Грамматика детям
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Глаголы
Личные окончания
Причастия
Местоимения
Наречия
Проверь себя!
Упражнения
Тесты
Словарь
Разговорник
Практика
Песни
Сказки
Пословицы
Гостевая книга
Автор
kaz-tili@yandex.kz
Телеграм-канал
Канал в MAX
WhatsApp-группы