Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Для всей семьи
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Учебники
 1 класс
 2 класс
 3 класс
 4 класс
Разноцветные слова
    1    
    2    
    3    
    4    
    5    
    6    
    7    
    8    
    9    
    10    
Стихи детям
    1    
Африкалық піл
Аллигатор
Көгілдір акула
 Кирил 
 Latyn

Африкалық піл

Африканский слон

✦  Африкалық піл – еттұмсықтылар отрядына жататын сүтқоректі. Жер бетіндегі құрлық жануарларының ішіндегі ең ірісі. Ол азиялық пілден де ірі.

★  Африкалық пілдің шоқтығына дейінгі орташа биіктігі – 3,5 метр. Салмағы шамамен 6 тонна болады. Аталықтары аналықтарынан ірілеу келеді.

✷  Африкалық саванна пілінің құлағы өте үлкен, жалпақтығы 2-3 метрге дейін жетеді. Пілдің құлағы тек жақсы естіп қана қоймай, оның денесіндегі артық жылуды сыртқа шығарып тұрады.

◈  Пілдің еттұмсығы үстіңгі ернімен бірігіп біткен. Оның ұзындығы 2 м-ге жетеді. Суды еттұмсығымен сорып алып, аузына құяды. Сонымен қатар ол иіс сезу, тыныс алу, сезу және қорегін ұстау қызметін атқарады.

❖  Өте жақсы жетілген үстіңгі екінші күрек тістерін «сойдақ тістер» деп атайды. Ол үнемі өсіп отырады, ұзындығы – шамамен 2,5 м, ал бір тісінің салмағы 72 келідей. Сойдақ тістері тек аталықтарында болады.

⍟  Африкалық пілдердің терісі қалың, жүні болмайды.

✪  Пілдер түбірлі өсімдіктермен, шөп, жапырақ, жеміс және ағаш қабығымен қоректенеді. Тамақты ұзын тұмсығы және азу тісінің көмегімен жейді. Аталық пілге күніне 300 келідей тамақ қажет.

✾  Африкалық піл Африка-ның 37 елінде кездеседі.

✤  Пілдер күніне 100 литрдей су ішеді.

✿  Африкалық орман пілі – өте ақылды жануар. Оған түрлі өнер-білімді үйрету үшін жүргізілген тәжірибелердің нәтижесі пілдің тұяқтылардың ішінде ең ақылдысы екенін көрсетті.

✧  Аналығының буаздық мерзімі – 22-24 ай. Жаңа туған піл баласының бойының биіктігі – 90 см, салмағы 100 келіге жуық болады.

✯  Азу тіс Африка пілінің аталығында да, аналығында да болады. Аналықтарының азуы айтарлықтай қысқа.

❉  Африка пілдері жараланып қалған кезде бір-біріне қамқорлық көрсетеді. Аналықтары балаларын 10–15 жасқа дейін қамқорлығында ұстайды.



Текст на казахском языке взят из:
Жануарлар. - Алматы: «Аруна» баспасы.- 208 бет. – Сер.: «1100 қызықты деректер». Ағылшын тілінен аударған. Ү. Кеңесбаева.
Перевод на русский: Татьяна Валяева



©  Татьяна Валяева   2007–2021
http://kaz-tili.kz/
 <<  Стихи детям, стр. 1 Вернуться к началу Аллигатор  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Гостевая книга