Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
 Работа
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 H 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
 В быту
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 Н 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
На собрании
Резолюция/виза
Характеристика
Вернуться
к другим
разговорникам

 Кирил/Latyn 

Работа, А-Б

Русско-казахский сборник фраз и словосочетаний.
Краткий русско-казахский сборник


Авторы: Р. Керимбаев, А. Керимбаев

А
А если ты признаешь свои ошибки, тебе будет легче. Ал егер өз қателегіңді мойындайтын болсаң, жеңілдеп қаласың. Al eger öz qatelegıŋdı moiyndaityn bolsaŋ, jeŋıldep qalasyŋ.
А кто не ошибается? Кім қателеспейді дейсің? Kım qatelespeidı deisıŋ?
А сами Вы, что намерены делать? Ал Сіз өзіңіз не істемексіз? Al Sız özıŋız ne ıstemeksız?
А сейчас всё по-другому. Ал қазір бәрі басқаша. Al qazır bärı basqaşa.
А теперь возвращайтесь к работе. Ал енді жұмысқа орала беріңіздер. Al endı jūmysqa orala berıŋızder.
А теперь идите отдыхать. Енді барып демалыңыздар. Endı baryp demalyŋyzdar.
А ты болтаешься где попало. Ал сен болсаң, көрінген жерде қаңғырып жүрсің. Al sen bolsaŋ, körıngen jerde qaŋğyryp jürsıŋ.
А ты думал, что будет легко? Ал сен оңай болады деп ойладың ба? Al sen oŋai bolady dep oiladyŋ ba?
А ты как хотел? Енді қалай деп едің? Endı qalai dep edıŋ?
А ты не пробовал пораньше выйти из дома? Үйіңнен ерте шығып көрмедің бе? Üiıŋnen erte şyğyp körmedıŋ be?
А ты, оказывается специалист своего дела. Сен өз ісіңнің шебері екенсің. Sen öz ısıŋnıŋ şeberı ekensıŋ.
А ты что думал? Ал сен не деп ойлап едің? Al sen ne dep oilap edıŋ?
А ты что стоишь, давай работай. Ал сен неге тұрсың, жұмысыңды істе. Al sen nege tūrsyŋ, jūmysyŋdy ıste.
А что, если сделать так? Былай істесек, қайтеді? Bylai ıstesek, qaitedı?
А я? Мен ше? Men şe?
А я что тебе говорил? Ал мен саған не айтып едім? Al men sağan ne aityp edım?
А я тут при чём? Ал менің қатысым қанша? Al menıŋ qatysym qanşa?
А я так делать не смогу. Ал мен олай жасай алмаймын. Al men olai jasai almaimyn.
А, подходишь? Е, келіп қалдың ба? E, kelıp qaldyŋ ba?
Абсолютная тишина. Жым-жырт. Jym-jyrt.
Абсолютно правильно говорите. Өте дұрыс айтасыз. Öte dūrys aitasyz.
Абсолютный показатель. Абсолюттік көрсеткіш. Absolüttık körsetkış.
Автоматически. Автоматты түрде. Avtomatty türde.
Автор-исполнитель. Автор-орындаушы. Avtor-oryndauşy.
Адресная помощь. Атаулы көмек. Atauly kömek.
Ага, попался! А, қолға түстің бе! A, qolğa tüstıŋ be!
Аким сегодня будет принимать? Әкім бүгін қабылдай ма екен? Äkım bügın qabyldai ma eken?
Акорда – резиденция Президента Республики Казахстан. Ақорда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Aqorda – Qazaqstan Respublikasy Prezidentınıŋ rezidensiasy.
Административные правонарушения. Әкімшілік құқық бұзушылық. Äkımşılık qūqyq būzuşylyq.
Административные расходы. Әкімшілік шығындар. Äkımşılık şyğyndar.
Административный штраф. Әкімшілік айыппұл. Äkımşılık aiyppūl.
Акт нарушения трудовой дисциплины. Еңбек тәртібін бұзу туралы акт. Eŋbek tärtıbın būzu turaly akt.
Акт приёма передачи. Қабылдау-беру актісі. Qabyldau-beru aktısı.
Актуальная проблема. Өзекті мәселе. Özektı mäsele.
Актуальные задачи. Өзекті міндеттер. Özektı mındetter.
Аморальное поведение. Адамгершілікке жат қылық. Adamgerşılıkke jat qylyq.
Ассамблея народа Казахстана. Қазақстан халқы Ассамблеясы. Qazaqstan halqy Asambleiasy.
Б
Бартерная сделка. Баспа-бас айырбас мәлімесі. Baspa-bas aiyrbas mälımesı.
Беда мне с ним! Бұл маған бәле болды! Būl mağan bäle boldy!
Без вести пропавшие. Хабар-ошарсыз жоғалғандар.
 2. Хабарсыз жоғалғандар.
Habar-oşarsyz joğalğandar.
 2. Habarsyz joğalğandar.
Без всякого повода. Еш себепсіз. Eş sebepsız.
Без зазрения совести. Ұялмастан.
 2. Беті бүлк етпестен.
Ūialmastan.
 2. Betı bülk etpesten.
Без изменений. Бір қалыпта. Bır qalypta.
Без их согласия. Олардың келісімінсіз. Olardyŋ kelısımınsız.
Без подготовки. Дайындықсыз. Daiyndyqsyz.
Без прошлого нет будущего. Өткенсіз болашақ жоқ. Ötkensız bolaşaq joq.
Без суеты. Аспай-саспай.
 2. Әбігерсіз.
Aspai-saspai.
 2. Äbıgersız.
Без тебя знаю. Сенсіз да білемін. Sensız da bılemın.
Безвозмездно. Өтеусіз. Öteusız.
Безвыходных ситуаций не бывает. Шығу амалы жоқ жағдайлар болмайды.
 2. Шешімі табылмас дүние жоқ.
Şyğu amaly joq jağdailar bolmaidy.
 2. Şeşımı tabylmas dünie joq.
Безнадежное положение. Үмітсіз жағдай. Ümıtsız jağdai.
Безналичный расчёт. Ақшасыз есеп айырысу. Aqşasyz esep aiyrysu.
Бери, потом, как разбогатеешь, отдашь. Ала бер, кейін байығанда қайтарасың. Ala ber, keiın baiyğanda qaitarasyŋ.
Берите пример с этого парня! Мына жігіттен үлгі алыңдар! Myna jıgıtten ülgı alyŋdar!
Бес попутал. Шайтан түртті.
 2. Сайтан азғырды.
Şaitan türttı.
 2. Saitan azğyrdy.
Бесит меня. Жыным қайнап отыр. Jynym qainap otyr.
Бесплатная медицинская помощь. Тегін медициналық көмек. Tegın medisinalyq kömek.
Благодаря Вам мы очень счастливы. Сіздің арқаңызда біз өте бақыттымыз. Sızdıŋ arqaŋyzda bız öte baqyttymyz.
Благодаря тебе я ожил. Сенің арқаңда тірілдім. Senıŋ arqaŋda tırıldım.
Ближнее и дальнее зарубежье. Алыс және жақын шет елдер. Alys jäne jaqyn şet elder.
Бог видит всё. Құдай бәрін көріп тұр. Qūdai bärın körıp tūr.
Больше не беспокой меня. Енді мені мазалаушы болма. Endı menı mazalauşy bolma.
Больше не морочь мне голову! Бұдан былай басымды қатырма!
 2. Бұдан былай басымды ауыртпа!
Būdan bylai basymdy qatyrma!
 2. Būdan bylai basymdy auyrtpa!
Больше не повторится. Енді қайталанбайды. Endı qaitalanbaidy.
Больше предупреждать не буду. Енді қайталап ескертпеймін. Endı qaitalap eskertpeimın.
Больше так не делай. Енді былай істеме. Endı bylai ısteme.
Больше я ничего не могу Вам посоветовать. Одан басқа Сізге айтар ақылым жоқ. Odan basqa Sızge aitar aqylym joq.
Бороться нет сил. Күресуге дәрменім жоқ. Küresuge därmenım joq.
Борьба за мир. Бейбітшілік үшін күрес. Beibıtşılık üşın küres.
Борьба за повышение качества продукции. Өнім сапасын арттыру үшін күрес. Önım sapasyn arttyru üşın küres.
Борьба за свободу. Азаттық жолындағы күрес. Azattyq jolyndağy küres.
Борьба за существование. Тіршілік үшін күрес.
 2. Өмір сүру үшін күрес.
Tırşılık üşın küres.
 2. Ömır süru üşın küres.
Борьба с преступностью. Қылмыспен күрес. Qylmyspen küres.
Боюсь, что не смогу сделать. Істей алмаймын деп қорқамын. Istei almaimyn dep qorqamyn.
Братство народов. Халықтардың бауырластығы. Halyqtardyŋ bauyrlastyğy.
Брать легко, отдавать трудно. Алған оңай, беру қиын. Alğan oŋai, beru qiyn.
Будем надеяться на лучшее. Арты қайырлы болады деп үміттенейік. Arty qaiyrly bolady dep ümıtteneiık.
Будем приветливы другу к другу! Бір-бірімізге жылы шырай танытайық! Bır-bırımızge jyly şyrai tanytaiyq!
Будем снисходительными. Кешірімді болайық. Keşırımdı bolaiyq.
Будет весело. Көңілді болады. Köŋıldı bolady.
Будет возможность, приедем. Мүмкіндік болса, келеміз. Mümkındık bolsa, kelemız.
Будет много трудностей. Талай қиындықтар болады. Talai qiyndyqtar bolady.
Будет нехорошо, если я опоздаю. Кешіксем, ыңғайсыз болар. Keşıksem, yŋğaisyz bolar.
Будешь меня искать, здесь найдёшь. Мені іздесең, осы жерден табасың. Menı ızdeseŋ, osy jerden tabasyŋ.
Будешь свидетелем. Куәгер боласың. Kuäger bolasyŋ.
Будильник не сработал, я проспал. Оятқышым (сағатым) істемей қалып, ұйықтап қалыппын. Oiatqyşym (sağatym) ıstemei qalyp, ūiyqtap qalyppyn.
Будто ты первый, с кем это произошло. Жалғыз сенің басыңнан өткендей. Jalğyz senıŋ basyŋnan ötkendei.
Буду должен, запиши. Қарыз боламын, жазып қой. Qaryz bolamyn, jazyp qoi.
Буду послезавтра. Бүрсігүні боламын. Bürsıgünı bolamyn.
Будь готов!
 - Всегда готов!
Дайын бол!
 - Әрқашан да дайынмын!
Daiyn bol!
 - Ärqaşan da daiynmyn!
Будь мужественным. Берік бол. Berık bol.
Будь на твоём месте, я ответил бы так же. Сенің орныңда болсам, мен де осылай жауап берер едім. Senıŋ ornyŋda bolsam, men de osylai jauap berer edım.
Будь с ним осторожней, иначе пожалеешь. Онымен абай бол, әйтпесе, өкінесің. Onymen abai bol, äitpese, ökınesıŋ.
Будь сильным! Мықты бол! Myqty bol!
Будь терпеливым. Шыдамды бол. Şydamdy bol.
Будь умным! Ақылды бол! Aqyldy bol!
Будь честным, справедливым, никого не обманывай. Адал бол, ешкімді алдама. Adal bol, eşkımdı aldama.
Будь, что будет. Не болса, ол болсын. Ne bolsa, ol bolsyn.
Будьте бережливы! Ұқыпты болыңыздар! Ūqypty bolyŋyzdar!
Будьте всегда такими. Әрдайым осындай болыңдар. Ärdaiym osyndai bolyŋdar.
Будьте осторожны! Сақ болыңыз!
 2. Сақ болыңыздар!
Saq bolyŋyz!
 2. Saq bolyŋyzdar!
Будьте осторожнее на дороге. Жолда сақ болыңыздар. Jolda saq bolyŋyzdar.
Будьте серьёзными! Салмақты болыңыздар! Salmaqty bolyŋyzdar!
Бумага не краснеет. Қағаз қызармайды. (калька) Qağaz qyzarmaidy. (калька)
Был занят одним делом, поэтому опоздал. Бір жұмыспен айналысып, кешігіп қалдым. Bır jūmyspen ainalysyp, keşıgıp qaldym.
Было бы неплохо. Жаман болмас еді. Jaman bolmas edı.
Было бы отлично. Тамаша болар еді. Tamaşa bolar edı.
Было бы хорошо. Жақсы болар еді. Jaqsy bolar edı.
Быстрее выздоравливайте! Тезірек сауығып кетіңіз! Tezırek sauyğyp ketıŋız!
Быстрее говори, что хочешь сказать. Айтайын дегеніңді тезірек айт. Aitaiyn degenıŋdı tezırek ait.
Быстро уходите отсюда! Бұл жерден тез кетіңіз! Būl jerden tez ketıŋız!
Бытовая разговорная речь. Ауызекі сөйлеу тілі. Auyzekı söileu tılı.
Бытовая травма. Тұрмыстық жарақат. Tūrmystyq jaraqat.
Бытовые условия. Тұрмыс жағдайлары. Tūrmys jağdailary.



©  Татьяна Валяева   2007–2021
http://kaz-tili.kz/
 <<  Вернуться к разговорникам Вернуться к началу Работа, В  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Гостевая книга