Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
 Работа
 А-Б 
 В 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 H 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
 В быту
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 Н 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
На собрании
Резолюция/виза
Характеристика
Вернуться
к другим
разговорникам

 Кирил/Latyn 

Работа, В

Русско-казахский сборник фраз и словосочетаний.
Краткий русско-казахский сборник


Авторы: Р. Керимбаев, А. Керимбаев

В
В ХХІ веке живём же! Жиырма бірінші ғасырда өмір сүріп жатырмыз ғой! Jiyrma bırınşı ğasyrda ömır sürıp jatyrmyz ğoi!
В бизнесе нет дружбы, только партнерство. Бизнесте достық болмайды, тек қана серіктестік болуы мүмкін. Bizneste dostyq bolmaidy, tek qana serıktestık boluy mümkın.
В ближайшее время, скоро. Жақын арада. Jaqyn arada.
В ближайшем будущем. Жақын болашақта. Jaqyn bolaşaqta.
В будущем году. Келер жылы. Keler jyly.
В виде замечания. Ескерту ретінде. Eskertu retınde.
В виде исключения. Ерекшелік ретінде. Erekşelık retınde.
В высшей степени. Жоғары дәрежеде. Joğary därejede.
В дальнейшем. Бұдан былай.
 2. Одан әрі.
Būdan bylai.
 2. Odan ärı.
В данное время. Бүгінгі таңда.
 2. Қазірде.
Bügıngı taŋda.
 2. Qazırde.
В действительности. 1. Шын мәнінде.
 2. Шынында.
1. Şyn mänınde.
 2. Şynynda.
В десятидневный срок. Он күн мерзім ішінде. On kün merzım ışınde.
В другое время. Өзге уақытта.
 2. Басқа уақытта.
Özge uaqytta.
 2. Basqa uaqytta.
В зависимости от назначения. Мақсатына байланысты. Maqsatyna bailanysty.
В зависимости от обстоятельств. Жағдайларға байланысты. Jağdailarğa bailanysty.
В зависимости от ситуации. Жағдайға қарай. Jağdaiğa qarai.
В интересах укрепления сотрудничества. Ынтымақтастықты нығайту мүддесінде. Yntymaqtastyqty nyğaitu müddesınde.
В исключительных случаях. Ерекше жағдайларда. Erekşe jağdailarda.
В итоге. Нәтижесінде. Nätijesınde.
В каждой стране свои законы. Әр елдің заңы басқа. Är eldıŋ zaŋy basqa.
В каждом доме свои секреты. Әр үйдің сыры басқа. Är üidıŋ syry basqa.
В какое время мне подойти? Мен қай уақытта келейін? Men qai uaqytta keleiın?
В каком смысле?
 – В прямом смысле слова.
 – В хорошем смысле.
Қандай мағынада?
 – Сөздің тура мағынасында.
 – Жақсы мағынада.
Qandai mağynada?
 – Sözdıŋ tura mağynasynda.
 – Jaqsy mağynada.
В командировку собираюсь выезжать. Іссапарға жүргелі жатырмын. Issaparğa jürgelı jatyrmyn.
В конце года. Жыл соңында. Jyl soŋynda.
В конце дня. Күн соңында. Kün soŋynda.
В конце концов. Ақыр соңында.
 2. Соңында.
Aqyr soŋynda.
 2. Soŋynda.
В конце месяца.
 - В начале месяца.
 - В середине месяца.
Айдың аяғында.
 - Айдың басында.
 - Айдың ортасында.
Aidyŋ aiağynda.
 - Aidyŋ basynda.
 - Aidyŋ ortasynda.
В конце прошлой недели. Өткен аптаның аяғында. Ötken aptanyŋ aiağynda.
В кратчайший срок. Өте қысқа мерзімде. Öte qysqa merzımde.
В любое время. Кез келген уақытта. Kez kelgen uaqytta.
В любое время, при любых обстоятельствах я готов помочь. Қай кезде болсын, қандай жағдайда болсын, мен көмектесуге дайынмын. Qai kezde bolsyn, qandai jağdaida bolsyn, men kömektesuge daiynmyn.
В любом месте. Кез келген жерде. Kez kelgen jerde.
В любом случае. Кез келген жағдайда. Kez kelgen jağdaida.
В месячный срок. Бір айлық мерзімде. Bır ailyq merzımde.
В меру сил. Шама-шарқынша. Şama-şarqynşa.
В мире рекламы им нет равных. Жарнама әлеміңде оларға тең келер ешкім жоқ. Jarnama älemıŋde olarğa teŋ keler eşkım joq.
В моей жизни много чего было. Өмірімде талай нәрсе болды. Ömırımde talai närse boldy.
В моей жизни только теперь всё становится хорошо. Өмірімде енді ғана бәрі оңала бастады. Ömırımde endı ğana bärı oŋala bastady.
В моём присутствии. Менің қатысуыммен. Menıŋ qatysuymmen.
В наше время никому верить нельзя. Қазіргі заманда ешкімге сенуге болмайды. Qazırgı zamanda eşkımge senuge bolmaidy.
В нашем учреждении. Біздің мекемеде. Bızdıŋ mekemede.
В настоящее время. Қазіргі уақытта.
 2. Қазіргі кезде.
 3. Бүгінгі күнде.
Qazırgı uaqytta.
 2. Qazırgı kezde.
 3. Bügıngı künde.
В нужный момент. Керек кезде.
 2. Дер кезінде.
Kerek kezde.
 2. Der kezınde.
В общем, неплохо как будто. Жалпы жаман емес сияқты. Jalpy jaman emes siaqty.
В общих чертах. Жалпы алғанда. Jalpy alğanda.
В обязательном порядке. Міндетті тәртіппен. Mındettı tärtıppen.
В первое время. Алғашқы кезде.
 2. Бастапқы уақытта.
Alğaşqy kezde.
 2. Bastapqy uaqytta.
В первой десятке. Алғашқы ондықта. Alğaşqy ondyqta.
В письменном виде. Жазбаша нысанда. Jazbaşa nysanda.
В плановом порядке. Жоспарлы түрде. Josparly türde.
В полном объёме. Толық көлемде. Tolyq kölemde.
В порядке исключения. Ерекшілік ретінде. Erekşılık retınde.
В порядке обсуждения. Ойласу ретінде. Oilasu retınde.
В порядке очереди. Кезек бойынша. Kezek boiynşa.
В порядке, предусмотренном законодательством. Заңнамада белгіленген тәртіппен. Zaŋnamada belgılengen tärtıppen.
В порядке и сроки, установленные законодательством. Заңдарда белгілеген тәртіп пен мерзімде. Zaŋdarda belgılegen tärtıp pen merzımde.
В последнее время мы давно не собирались вместе. Соңғы кезде бастарымыз бір қосылмады. Soŋğy kezde bastarymyz bır qosylmady.
В последний раз спрашиваю. Соңғы рет сұраймын. Soŋğy ret sūraimyn.
В правом верхнем углу. Оң жақ жоғары бұрышында. Oŋ jaq joğary būryşynda.
В пределах компетенции. Құзырет аясында. Qūzıret aiasynda.
В пределах своей компетенции. Өз құзыреті шегінде.
 2. Өз құзыретінің аясында (в рамках).
Öz qūzıretı şegınde.
 2. Öz qūzıretınıŋ aiasynda (v ramkah).
В пределах своих полномочий. Өз өкілеттілігі шегінде. Öz ökılettılıgı şegınde.
В пределах установленных законом. Заңда белгіленген тәртіп шегінде. Zaŋda belgılengen tärtıp şegınde.
В принудительном порядке. Мәжбүрлі түрде. Mäjbürlı türde.
В противном случае. Олай болмаған жағдайда.
 2. Кері жағдайда.
 3. Әйтпесе.
Olai bolmağan jağdaida.
 2. Kerı jağdaida.
 3. Äitpese.
В прошлом веке. Өткен ғасырда. Ötken ğasyrda.
В размере должностного оклада. Лауазымдық жалақы мөлшерінде. Lauazymdyq jalaqy mölşerınde.
В размере месячного оклада. Айлық жалақы мөлшерінде. Ailyq jalaqy mölşerınde.
В размере одного базового оклада. Бір базалық еңбекақы көлемінде. Bır bazalyq eŋbekaqy kölemınde.
В рамках бюджетной программы. Бюджеттік бағдарлама шеңберінде. Büdjettık bağdarlama şeŋberınde.
В рамках настоящего договора. Осы шарт аясында. Osy şart aiasynda.
В результате этого. Осының нәтижесінде. Osynyŋ nätijesınde.
В свободной форме. Еркін үлгіде. Erkın ülgıde.
В связи с выездом с официальным визитом. Ресми сапарға кетуіне байланысты. Resmi saparğa ketuıne bailanysty.
В связи с выходом в отпуск по уходу за ребёнком. Бала күтімі бойынша демалыс алуына байланысты. Bala kütımı boiynşa demalys aluyna bailanysty.
В связи с выходом на пенсию. Зейнетке шығуына байланысты. Zeinetke şyğuyna bailanysty.
В связи с ликвидацией предприятия. Кәсіпорынның жойылуына байланысты. Käsıporynnyŋ joiyluyna bailanysty.
В связи с нарушением трудовой дисциплины. Еңбек тәртібін бұзуына байланысты. Eŋbek tärtıbın būzuyna bailanysty.
В связи с новыми условиями. Жаңа жағдайларға байланысты. Jaŋa jağdailarğa bailanysty.
В связи с окончанием срока договора. Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты. Kelısımşart merzımınıŋ aiaqtaluyna bailanysty.
В связи с переездом в другой город.
 - В связи с (моим) переездом в другой город.
Басқа қалаға көшуіне байланысты.
 - Басқа қалаға көшуіме байланысты.
Basqa qalağa köşuıne bailanysty.
 - Basqa qalağa köşuıme bailanysty.
В связи с переходом на другую работу. Басқа жұмысқа ауысуына байланысты. Basqa jūmysqa auysuyna bailanysty.
В связи с постоянным нарушением трудовой дисциплины. Еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігіне байланысты. Eŋbek tärtıbın ūdaiy būza bergendıgıne bailanysty.
В связи с праздником. Мерекеге орай. Merekege orai.
В связи с праздничными днями, на этой неделе встречи не будет. Демалыс күндеріне байланысты, осы аптада кездесуіміз болмайды. Demalys künderıne bailanysty, osy aptada kezdesuımız bolmaidy.
В связи с производственной необходимостью. Өндірістік қажеттілікке байланысты. Öndırıstık qajettılıkke bailanysty.
В связи с работой на это нет времени. Жұмысыма байланысты оған уақытым жоқ. Jūmysyma bailanysty oğan uaqytym joq.
В связи с расширением объема работ. Жұмыс көлемінің ұлғаюына байланысты. Jūmys kölemınıŋ ūlğaiuyna bailanysty.
В связи с семейным положением.
 - В связи (с моим) семейным положением.
Отбасы жағдайына байланысты.
 - Отбасы жағдайыма байланысты.
Otbasy jağdaiyna bailanysty.
 - Otbasy jağdaiyma bailanysty.
В связи с семейным положением прошу Вас оказать мне материальную помощь. Маған отбасылық жағдайыма байланысты материалдық көмек беруіңізді сұраймын. Mağan otbasylyq jağdaiyma bailanysty materialdyq kömek beruıŋızdı sūraimyn.
В связи с техническими неисправностями. Техникалық ақауларға байланысты. Tehnikalyq aqaularğa bailanysty.
В связи с требованиями. Талаптарға байланысты. Talaptarğa bailanysty.
В связи с увольнением. Жұмыстан шығуына байланысты. Jūmystan şyğuyna bailanysty.
В связи с ухудшением здоровья. Денсаулығымның нашарлауына байланысты. Densaulyğymnyŋ naşarlauyna bailanysty.
В связи с чем? Неге байланысты? Nege bailanysty?
В связи с этим. Осыған орай.
 2. Осыған байланысты.
Osyğan orai.
 2. Osyğan bailanysty.
В связи со здоровьем. Денсаулығыма байланысты. Densaulyğyma bailanysty.
В связи со сложившейся ситуацией. Қалыптасқан жағдайға байланысты. Qalyptasqan jağdaiğa bailanysty.
В связи со служебной необходимостью. Қызметтік қажеттілікке байланысты. Qyzmettık qajettılıkke bailanysty.
В связи со срочностью. Шұғылдығына байланысты. Şūğyldyğyna bailanysty.
В селе ничего не утаишь. Ауылда сөз тұрмайды. Auylda söz tūrmaidy.
В следующий раз. Келесі жолы.
 2. Басқа жолы.
Kelesı joly.
 2. Basqa joly.
В следующий раз приду. Келесі жолы келемін. Kelesı joly kelemın.
В следующий раз тебе повезёт. Келесі жолы жолың болар. Kelesı joly jolyŋ bolar.
В случае невозможности разрешения споров. Дауларды шешім мүмкіндігі болмаған жағдайда. Daulardy şeşım mümkındıgı bolmağan jağdaida.
В современном мире. Заманауи әлемде. Zamanaui älemde.
В соответствии с действующим законодательством. Қолданыстағы заңдарға сәйкес. Qoldanystağy zaŋdarğa säikes.
В соответствии с договором. Келісімшартқа сәйкес. Kelısımşartqa säikes.
В соответствии с должностными обязанностями. Қызметтік міндеттерге сәйкес. Qyzmettık mındetterge säikes.
В соответствии с Законом. Заңға сәйкес. Zaŋğa säikes.
В соответствии с международным положением. Халықаралық жағдайға сәйкес. Halyqaralyq jağdaiğa säikes.
В соответствии с нормативными актами. Нормативтік актілерге сәйкес. Normativtık aktılerge säikes.
В соответствии с основными статьями закона. Заңның негізгі баптарына сәйкес. Zaŋnyŋ negızgı baptaryna säikes.
В соответствии с подпунктом Закона. Заң тармақшасына сәйкес. Zaŋ tarmaqşasyna säikes.
В соответствии с положением внутреннего распорядка. Ішкі тәртіп ережесіне сәйкес. Işkı tärtıp erejesıne säikes.
В соответствии с положением об оплате труда. Еңбекақы туралы ережеге сәйкес. Eŋbekaqy turaly erejege säikes.
В соответствии с постановлением. Қаулысына сәйкес. Qaulysyna säikes.
В соответствии с постановлением Правительства РК. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес. Qazaqstan Respublikasy Ükımetınıŋ Qaulysyna säikes.
В соответствии с правилами. Ережелерге сәйкес. Erejelerge säikes.
В соответствии с Указом Президента. Президент Жарлығына сәйкес. Prezident Jarlyğyna säikes.
В сорок лет жизнь только начинается. Қырық жаста өмір енді басталады. Qyryq jasta ömır endı bastalady.
В среднем. Орта есеппен. Orta eseppen.
В срочном порядке. Тез арада.
 2. Жедел түрде.
 3. Шұғыл түрде.
Tez arada.
 2. Jedel türde.
 3. Şūğyl türde.
В срочном порядке зайдите ко мне в кабинет. Шұғыл түрде кабинетіме кіріңіз. Şūğyl türde kabinetıme kırıŋız.
В течение суток. Бір тәулік ішінде. Bır täulık ışınde.
В течение 5 рабочих дней. Бес жұмыс күні ішінде. Bes jūmys künı ışınde.
В том списке ты тоже есть. Сол тізімде сен де барсың. Sol tızımde sen de barsyŋ.
В том числе. Оның ішінде. Onyŋ ışınde.
В установленном порядке. Белгіленген тәртіппен. Belgılengen tärtıppen.
В устной речи нет никаких правил. Ауызекі сөйлеу тілінде ешқандай ереже жоқ. Auyzekı söileu tılınde eşqandai ereje joq.
В ходе встречи. Кездесу барысында. Kezdesu barysynda.
В ходе выполнения программы. Бағдарламаны орындау барысында. Bağdarlamany oryndau barysynda.
В ходе проверки. Тексеріс барысында. Tekserıs barysynda.
В ходе выполнения. Орындалу барысында. Oryndalu barysynda.
В ходе дальнейшей работы. Әрі қарай жұмыс барысында. Ärı qarai jūmys barysynda.
В хронологическом порядке. Хронологиялық тәртіппен. Hronologialyq tärtıppen.
В целом, хорошо. Жалпы алғанда, жақсы. Jalpy alğanda, jaqsy.
В целях выполнения плана. Жоспарды орындау мақсатымен. Jospardy oryndau maqsatymen.
В целях комплексного решения. Кешенді шешу мақсатында. Keşendı şeşu maqsatynda.
В целях недопущения. Жол бермеу мақсатында. Jol bermeu maqsatynda.
В целях развития и поддержки предпринимательства. Шағын бизнесті дамыту және қолдау мақсатында. Şağyn biznestı damytu jäne qoldau maqsatynda.
В целях оптимального расходования бюджетных средств. Бюджет қаражатын тиімді жұмсау мақсатында. Büdjet qarajatyn tiımdı jūmsau maqsatynda.
В целях реализации. Орындау мақсатында. Oryndau maqsatynda.
В целях проверки. Тексеру мақсатында. Tekseru maqsatynda.
В целях упорядочения. Реттеу мақсатында. Retteu maqsatynda.
В чём моя вина? Менің жазығым не?
 2. Не жазығым бар?
Menıŋ jazyğym ne?
 2. Ne jazyğym bar?
В чём наша вина? Біздің жазығымыз не? Bızdıŋ jazyğymyz ne?
В чём проблема? Мәселе неде? Mäsele nede?
В чём секрет? Құпиясы неде? Qūpiasy nede?
В чём смысл жизни? Өмірдің мәні неде? Ömırdıŋ mänı nede?
В чём разница? Қандай айырмасы бар? Qandai aiyrmasy bar?
В честь Вашего приезда в наш край примите небольшой подарок. Сіздің біздің өлкеге келуіңіздің құрметіне мына бір шағын сыйлықты қабыл алыңыз. Sızdıŋ bızdıŋ ölkege keluıŋızdıŋ qūrmetıne myna bır şağyn syilyqty qabyl alyŋyz.
В чрезвычайных ситуациях. Төтенше жағдайларда. Tötenşe jağdailarda.
В это дело я не вмешиваюсь. Бұл іске мен араласпаймын. Būl ıske men aralaspaimyn.
В этом нет никакой необходимости. Оның еш қажеті жоқ. Onyŋ eş qajetı joq.
В этом ничего такого нет. Онда тұрған ештеңе жоқ. Onda tūrğan eşteŋe joq.
В этом случае медицина бессильна. Бұл жағдайда медицина дәрменсіз. Būl jağdaida medisina därmensız.
В этом ты виноват. Осыған сен кінәлісің. Osyğan sen kınälısıŋ.
В этом я совершенно убедился. Осыған көзім әбден жетті. Osyğan közım äbden jettı.
В этот раз всё будет по-другому. Осы жолы бәрі басқаша болады. Osy joly bärı basqaşa bolady.
Важный вклад. Маңызды үлес. Maŋyzdy üles.
Важная особенность. Құнды ерекшелік. Qūndy erekşelık.
Важная сторона работы. Жұмыстың маңызды жағы. Jūmystyŋ maŋyzdy jağy.
Вакансии административных государственных должностей. Әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың бос жұмыс орындары. Äkımşılık memlekettık lauazymdardyŋ bos jūmys oryndary.
Вакантная должность. Бос лауазым. Bos lauazym.
Вам всё идёт. Сізге барлығы жарасымды. Sızge barlyğy jarasymdy.
Вам всегда удаётся выполнить всё, что Вы запланировали? Сіз жоспарланғанды ылғи орындай аласыз ба? Sız josparlanğandy ylği oryndai alasyz ba?
Вам кого? Сізге кім керек еді? Sızge kım kerek edı?
Вам надо внимательно ознакомиться с договором. Сіз келісім-шартпен мұқият танысуыңыз керек. Sız kelısım-şartpen mūqiat tanysuyŋyz kerek.
Вам надо лечиться. Сізге емделу керек. Sızge emdelu kerek.
Вам не дано понять. Сендерге түсінуді жазбаған. Senderge tüsınudı jazbağan.
Вам нездоровится? Сіз сырқаттанып отырсыз ба? Sız syrqattanyp otyrsyz ba?
Вам не угодишь. Сендерге ештеңе жақпайды. Senderge eşteŋe jaqpaidy.
Вам нужна наша помощь? Сізге біздің көмегіміз керек пе? Sızge bızdıŋ kömegımız kerek pe?
Вам один человек передал привет. Сізге бір кісі сәлем жолдап еді. Sızge bır kısı sälem joldap edı.
Вам, оказывается, ничего нельзя говорить. Сізге ештеңе айтуға болмайды екен. Sızge eşteŋe aituğa bolmaidy eken.
Вам рассказать последние новости? Сендерге соңғы жаңалықты айтайын ба? Senderge soŋğy jaŋalyqty aitaiyn ba?
Вам удобно в семь часов? Сізге сағат жетіде қолайлы ма? Sızge sağat jetıde qolaily ma?
Вас, наверное, можно поздравить. Сізді құттықтауға болатын шығар. Sızdı qūttyqtauğa bolatyn şyğar.
Вахтовый метод. Вахталық әдіс. Vahtalyq ädıs.
Ваша очередь подошла. Сіздің кезегіңіз келді. Sızdıŋ kezegıŋız keldı.
Ваша профессия? Сіздің мамандығыңыз қандай? Sızdıŋ mamandyğyŋyz qandai?
Ваше время истекло. Уақытыңыз аяқталды. Uaqytyŋyz aiaqtaldy.
Ваше задание будет выполнено беспрекословно. Тапсырмаңыз мүлтіксіз орындалады. Tapsyrmaŋyz mültıksız oryndalady.
Ваше слово – закон. Сіздің айтқаныңыз - заң. Sızdıŋ aitqanyŋyz - zaŋ.
Ваши прогнозы оправдались полностью. Сіздің болжамдарыңыз толығымен орындалды. Sızdıŋ boljamdaryŋyz tolyğymen oryndaldy.
Ваши условия? Сіздің шарттарыңыз қандай? Sızdıŋ şarttaryŋyz qandai?
Введены в действие. Қолданысқа енгізілген. Qoldanysqa engızılgen.
Вверенный. Сеніп тапсырылған. Senıp tapsyrylğan.
Вводится в действие. Қолданысқа енгізіледі. Qoldanysqa engızıledı.
Вдобавок с этим. Сонымен қоса. Sonymen qosa.
Ведущий специалист. Жетекші маман. Jetekşı maman.
Вербовка лиц. Адамдарды азғырып көндіру. Adamdardy azğyryp köndıru.
Верну в начале следующего месяца. Келесі айдың басында қайтарып беремін. Kelesı aidyŋ basynda qaitaryp beremın.
Вертится у меня на языке. Тілімнің ұшында тұр. Tılımnıŋ ūşynda tūr.
Верьте мне. Он сможет победить. Менің сөзіме сеніңіз. Ол жеңіске жете алады. Menıŋ sözıme senıŋız. Ol jeŋıske jete alady.
Весь город шумит. Бүкіл қала шулап жатыр. Bükıl qala şulap jatyr.
Вечером увидимся. Кешке жолығамыз. Keşke jolyğamyz.
Вечно у тебя отговорки. Осы сенің сылтауың бітпейді. Osy senıŋ syltauyŋ bıtpeidı.
Взаимная заинтересованность. Өзара мүдделестік. Özara müddelestık.
Видно, как на ладони. Алақандағыдай көрінеді. Alaqandağydai körınedı.
Видно, что рос в ауле. Ауылда өскені көрініп тұр. Auylda öskenı körınıp tūr.
Виды дополнительного обслуживания. Қосымша қызмет түрлері. Qosymşa qyzmet türlerı.
Виновные лица. Кінәлі тұлғалар. Kınälı tūlğalar.
Включи, пожалуйста кондиционер. Салқындатқышты қосшы. Salqyndatqyşty qosşy.
Вместе с тем. Мұнымен қатар. Mūnymen qatar.
Вместе с этим. Сонымен бірге. Sonymen bırge.
Вместо того, чтобы плакать, мы смеёмся. Жылаудың орнына біз күліп отырмыз. Jylaudyŋ ornyna bız külıp otyrmyz.
Вне очереди. Кезектен тыс. Kezekten tys.
Внебюджетные средства. Бюджеттен тыс қаражаттар. Büdjetten tys qarajattar.
Внеплановые проверки. Жоспардан тыс тексеру. Jospardan tys tekseru.
Внерабочее время. Жұмыстан тыс уақытта. Jūmystan tys uaqytta.
Внешность обманчива. Адамның сырт келбеті алдамшы. Adamnyŋ syrt kelbetı aldamşy.
Внешнеэкономическая деятельность. Сыртқы экономиялық қызмет. Syrtqy ekonomialyq qyzmet.
Внешний вид. Сыртқы бейнесі. Syrtqy beinesı.
Внешний долг. Сыртқы борыш. Syrtqy boryş.
Внешняя задолженность. Сыртқы берешек. Syrtqy bereşek.
Внешняя политика. Сыртқы саясат. Syrtqy saiasat.
Внимательно осмотри. Дұрыстап қарап шық. Dūrystap qarap şyq.
Вновь избранный руководитель. Жаңадан сайланған басшы. Jaŋadan sailanğan basşy.
Вновь назначенный руководитель. Жаңадан тағайындалған басшы. Jaŋadan tağaiyndalğan basşy.
Внутренние документы. Ішкі құжаттар. Işkı qūjattar.
Внутренний распорядок работы. Ішкі жұмыс тәртібі. Işkı jūmys tärtıbı.
Внутренняя переписка. Ішкі хат жазысу. Işkı hat jazysu.
Внутренняя политика.
 - Национальная политика.
Ішкі саясат.
 - Ұлт саясаты.
Işkı saiasat.
 - Ūlt saiasaty.
Во всём виноват ты. Бәріне сен кінәлісің. Bärıne sen kınälısıŋ.
Во исполнение. Атқару мақсатында. Atqaru maqsatynda.
Во исполнение поручения. Тапсырманы орындауға орай. Tapsyrmany oryndauğa orai.
Во исполнение постановления Правительства РК. ҚР Үкіметінің қаулысын орындау үшін. QR Ükımetınıŋ qaulysyn oryndau üşın.
Во сколько и где мы встретимся? Нешеде және қайда кездесеміз? Neşede jäne qaida kezdesemız?
Во сколько мне прийти? Мен нешеде келейін? Men neşede keleiın?
Во сколько заканчивается твой рабочий день?
  - Мой рабочий день заканчивается в шесть.
Сенің жұмыс күнің қашан аяқталады?
 - Менің жұмыс күнім сағат алтыда аяқталады.
Senıŋ jūmys künıŋ qaşan aiaqtalady?
 - Menıŋ jūmys künım sağat altyda aiaqtalady.
Военная тайна. Әскери құпия. Äskeri qūpia.
Воздействовать на ситуацию. Жағдайға ықпал ету. Jağdaiğa yqpal etu.
Возложить на заместителя руководителя управления. Басқарма басшысының орынбасарына жүктелсін. Basqarma basşysynyŋ orynbasaryna jüktelsın.
Возможно, я ошибаюсь. Мүмкін мен қателесіп тұрған шығармын. Mümkın men qatelesıp tūrğan şyğarmyn.
Возместить убытки. Шығынды өтеу. Şyğyndy öteu.
Возможностей много. Только нужно правильно воспользоваться. Мүмкіншілік көп. Тек дұрыс пайдалана білу керек. Mümkınşılık köp. Tek dūrys paidalana bılu kerek.
Возможности реализации. Жүзеге асырудың мүмкіндіктері. Jüzege asyrudyŋ mümkındıkterı.
Возраст не ограничен. Жас талғамайды.
 2. Жас шектеуі жоқ.
Jas talğamaidy.
 2. Jas şekteuı joq.
Возьми, может пригодится. Ал, қажет болып қалар. Al, qajet bolyp qalar.
Возьми это дело под свой контроль. Бұл істі өз бақылауыңа ал. Būl ıstı öz baqylauyŋa al.
Возьмите к себе, научите. Жаныңызға алып, үйретсеңізші. Janyŋyzğa alyp, üiretseŋızşı.
Возьмись за ум. Ақылға келсеңші. Aqylğa kelseŋşı.
Возьмите меня к себе. Мені қатарларыңызға алыңыздаршы. Menı qatarlaryŋyzğa alyŋyzdarşy.
Возьму только с одним условием. Бір шартпен ғана аламын. Bır şartpen ğana alamyn.
Воинское звание. Әскери атақ. Äskeri ataq.
Вокруг столько безответственных людей. Айналада жауапкершіліксіз адамдар көп. Ainalada jauapkerşılıksız adamdar köp.
Волнуешься?
 - Конечно, я волнуюсь, но это не чувство страха.
Толқып тұрсың ба?
 2. Қобалжып тұрсың ба?
 - Әрине, мен толқып тұрмын, бірақ бұл қорқыныш сезімі емес.
Tolqyp tūrsyŋ ba?
 2. Qobaljyp tūrsyŋ ba?
 - Ärine, men tolqyp tūrmyn, bıraq būl qorqynyş sezımı emes.
Вольно. (арм.) Еркін тұр. Erkın tūr.
Вообще, Вы правы. Жалпы алғанда, Сіздікі дұрыс.
 2. Негізі, Сіздікі жөн.
Jalpy alğanda, Sızdıkı dūrys.
 2. Negızı, Sızdıkı jön.
Восстановление в прежней должности. Бұрынғы қызметін қалпына келтіру. Būrynğy qyzmetın qalpyna keltıru.
Вопрос обсуждался в теоретическом плане. Мәселе теориялық тұрғыдан талқыланды. Mäsele teorialyq tūrğydan talqylandy.
Вопросы войны и мира. Соғыс және бітім мәселелері. Soğys jäne bıtım mäselelerı.
Вопросы противодействия коррупции. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері. Sybailas jemqorlyqqa qarsy ıs-qimyl mäselelerı.
Ворон ворону глаз не выколет. Қарға қарғаның көзін шұқымайды. Qarğa qarğanyŋ közın şūqymaidy.
Восстановление на работе работника. Қызметкерді жұмысына қайта алу. Qyzmetkerdı jūmysyna qaita alu.
Восточный гороскоп. Шығыс жұлдызжорамалы. Şyğys jūldyzjoramaly.
Вот Ваши деньги. Міне Сіздің ақшаңыз. Mıne Sızdıŋ aqşaŋyz.
Вот до чего мы докатились! Жеткен жеріміз осы болды! Jetken jerımız osy boldy!
Вот здесь остановись. Осы жерде тоқта. Osy jerde toqta.
Вот здесь распишитесь. Мына жерге қол қойыңыз. Myna jerge qol qoiyŋyz.
Вот когда ты поумнеешь? Осы саған ақыл қашан кірер екен? Osy sağan aqyl qaşan kırer eken?
Вот так получилось. Осылай болып қалды. Osylai bolyp qaldy.
Вот так постепенно научитесь. Сөйтіп біртіндеп үйренесіз. Söitıp bırtındep üirenesız.
Вот так проходит моя жизнь. Өмірім осылай өтіп жатыр. Ömırım osylai ötıp jatyr.
Вот тебе на! Ал керек болса! Al kerek bolsa!
Вот только этого не хватало. Енді жетпегені осы еді. Endı jetpegenı osy edı.
Вот, ты чего только не выдумаешь. Осы сенің шығармайтының жоқ. Osy senıŋ şyğarmaitynyŋ joq.
Вот увидишь. Көр де тұр. Kör de tūr.
Вот это да, кого я вижу, это во сне или наяву? Мәссаған, кімді көріп тұрмын, бұл өңім бе, түсім бе? Mässağan, kımdı körıp tūrmyn, būl öŋım be, tüsım be?
Вотум доверия.
 – Вотум недоверия.
Сенім білдіру.
 – Сенімсіздік білдіру.
Senım bıldıru.
 – Senımsızdık bıldıru.
Вперёд, к победе! Жеңіске қарай алға баса берейік! Jeŋıske qarai alğa basa bereiık!
Впредь будет знать. Келесіде біліп жүреді. Kelesıde bılıp jüredı.
Впредь будь осторожнее. Бұдан былай сақ бол. Būdan bylai saq bol.
Впредь не смей мне лгать. Бұдан былай маған өтірік айтпа. Būdan bylai mağan ötırık aitpa.
Врагов у меня хватает. Дұшпаным толып жатыр. Dūşpanym tolyp jatyr.
Вреда тебе не будет. Сен зиян шекпейсің. Sen zian şekpeisıŋ.
Вредно для здоровья. Денсаулыққа зиян. Densaulyqqa zian.
Времени мало. Уақыт тығыз.
 2. Уақыт аз.
Uaqyt tyğyz.
 2. Uaqyt az.
Временно исполняющий обязанности руководителя отдела. Бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы. Bölım basşysynyŋ mındetın uaqytşa atqaruşy.
Временные меры. Уақытша шаралар. Uaqytşa şaralar.
Время идёт. Уақыт өтіп жатыр. Uaqyt ötıp jatyr.
Время летит быстро. Уақыт зымырап өтіп барады. Uaqyt zymyrap ötıp barady.
Время подошло. Я пойду. Уақыт келіп қалды. Мен кете берейін. Uaqyt kelıp qaldy. Men kete bereiın.
Время покажет. Уақыт көрсетер.
 2. Уақыт көрсете жатар.
Uaqyt körseter.
 2. Uaqyt körsete jatar.
Время пройдёт быстро. Уақыт тез өтіп кетеді. Uaqyt tez ötıp ketedı.
Время работает на нас. Уақыт бıздıң пайдамызға қызмет етедı. Uaqyt bızdıŋ paidamyzğa qyzmet etedı.
Время ты не вернёшь. Уақытты қайтара алмайсың. Uaqytty qaitara almaisyŋ.
Все без исключения. Бәрі түгел.
 2. Бірі қалмастан.
Bärı tügel.
 2. Bırı qalmastan.
Все билеты проданы. Барлық билет сатылып кетіпті. Barlyq bilet satylyp ketıptı.
Все готовы? Начинаем? Барлығыңыз дайынсыздар ма? Бастаймыз ба? Barlyğyŋyz daiynsyzdar ma? Bastaimyz ba?
Все люди знают. Жұрттың бәрі біледі. Jūrttyŋ bärı bıledı.
Все мы люди одной страны. Бәріміз бір елдің халқымыз. Bärımız bır eldıŋ halqymyz.
Все мы ошибаемся. Барлығымыз қателесеміз.
 2. Кім қателеспейді?
Barlyğymyz qatelesemız.
 2. Kım qatelespeidı?
Все они талантливые люди. Олардың барлығы дарынды адамдар. Olardyŋ barlyğy daryndy adamdar.
Все пришли? Бәрі келді ме? Bärı keldı me?
Все умрут от зависти. Қызғаныштан бәрі өлетін болады. Qyzğanyştan bärı öletın bolady.
Все условия созданы. Барлық жағдай жасалған. Barlyq jağdai jasalğan.
Все успокаиваемся. Барлығымыз тынышталамыз. Barlyğymyz tynyştalamyz.
Всегда готовы! Әрқашан әзірміз!
 2. Әрқашан дайынбыз!
Ärqaşan äzırmız!
 2. Ärqaşan daiynbyz!
Всем привет! Бәріңе сәлем! Bärıŋe sälem!
Всем рот не закроешь. Ел аузына қақпақ болмайсың.
 2. Бәрінің аузын жаба алмайсың.
El auzyna qaqpaq bolmaisyŋ.
 2. Bärınıŋ auzyn jaba almaisyŋ.
Всестороннее рассмотрение вопроса. Мәселені жан-жақты қарау. Mäselenı jan-jaqty qarau.
Всем трудно угодить. Жұрттың бәріне жағу қиын. Jūrttyŋ bärıne jağu qiyn.
Всему есть мера. Әр заттың өз өлшемі бар. Är zattyŋ öz ölşemı bar.
Всему есть своя причина. Әр нәрсеге бір себеп бар. Är närsege bır sebep bar.
Всему своёвремя. Бәрі өз уақытында болады. Bärı öz uaqytynda bolady.
Всё благодаря моей мудрости. Барлығы менің даналығымның арқасында. Barlyğy menıŋ danalyğymnyŋ arqasynda.
Всё будет, как прежде. Бәрі бұрынғыдай болады. Bärı būrynğydai bolady.
Всё будет хорошо. Бәрі жақсы болады. Bärı jaqsy bolady.
Всё было, как я и думал. Бәрі ойлағанымдай болды. Bärı oilağanymdai boldy.
Всё было напрасно. Бәрі бекер болды. Bärı beker boldy.
Всё в наших руках. Бəрі өз қолымызда. Bärı öz qolymyzda.
Всё в порядке. Бәрі орынша
 2. Бәрі дұрыс.
Bärı orynşa
 2. Bärı dūrys.
Всё в порядке? Бәрі ойдағыдай ма? Bärı oidağydai ma?
Всё в прошлом. Бәрі артта қалды. Bärı artta qaldy.
Всё в рамках закона. Бәрі заң аясында. Bärı zaŋ aiasynda.
Всё вершит время. Бәріне уақыт төреші. Bärıne uaqyt töreşı.
Всё внезапно изменилось. Бәрі аяқ астынан өзгерді. Bärı aiaq astynan özgerdı.
Всё время врёшь. Үнемі өтірік айтып жүрсің. Ünemı ötırık aityp jürsıŋ.
Всё вроде хорошо. Бәрі жақсы сияқты. Bärı jaqsy siaqty.
Всё готово. Барлығы дайын.
 2. Бәрі сақадай сай.
Barlyğy daiyn.
 2. Bärı saqadai sai.
Всё должно быть по порядку. Бәрі рет-ретімен болуы керек. Bärı ret-retımen boluy kerek.
Всё зависит от вас. Бәрі өздеріңе байланысты. Bärı özderıŋe bailanysty.
Всё зависит от тебя. Бәрі өзіңе байланысты. Bärı özıŋe bailanysty.
Всё закончилось хорошо. Барлығы жақсы аяқталды. Barlyğy jaqsy aiaqtaldy.
Всё и так понятно. Бәрі онсыз да түсінікті. Bärı onsyz da tüsınıktı.
Всё и так ясно. Онсыз да бәрі белгілі. Onsyz da bärı belgılı.
Всё из-за тебя. Бәрі сенің кесіріңнен. Bärı senıŋ kesırıŋnen.
Всё наладится. Бәрі қалпына келеді.
 2. Бәрі дұрысталады.
Bärı qalpyna keledı.
 2. Bärı dūrystalady.
Всё начинается с малого. Барлығы шағын нәрседен басталады. Barlyğy şağyn närseden bastalady.
Всё не так просто. Бәрі соншалықты оңай емес. Bärı sonşalyqty oŋai emes.
Всё обойдётся. Бір жөні болар. Bır jönı bolar.
Всё по закону. Бәрі заң бойынша. Bärı zaŋ boiynşa.
Всё по-старому. Барлығы бұрынғыша. Barlyğy būrynğyşa.
Всё по-прежнему. Бәрі өз қалпында.
 2. Бәрі бұрынғыдай.
Bärı öz qalpynda.
 2. Bärı būrynğydai.
Всё по-прежнему. Изменений нет. Бәрі баяғыдай. Өзгеріс жоқ. Bärı baiağydai. Özgerıs joq.
Всё под контролем. Бәрі бақылауда. Bärı baqylauda.
Всё произошло очень быстро. Бәрі өте тез шықты. Bärı öte tez şyqty.
Всё пройдёт, как по маслу. Бәрі ойдағыдай өтеді. Bärı oidağydai ötedı.
Всё прошло на высшем уровне. Бәрі жоғары деңгейде өтті. Bärı joğary deŋgeide öttı.
Всё равно обман выявится. Бәрібір өтірік бетке шығады. Bärıbır ötırık betke şyğady.
Всё разбил вдребезги! Бәрінің быт-шытын шығардың! Bärınıŋ byt-şytyn şyğardyŋ!
Всё сделаем. Барлығын орындаймыз. Barlyğyn oryndaimyz.
Всё сделаем в лучшем виде. Бәрін қатырып береміз. Bärın qatyryp beremız.
Всё спланировал Серик. Бәрін Серік жоспарлап қойды. Bärın Serık josparlap qoidy.
Всё стало понятно. Бәрі түсінікті болды. Bärı tüsınıktı boldy.
Всё так запущено. Бәрі сондай шиеленісіп кеткен. Bärı sondai şielenısıp ketken.
Всё только начинается. Бәрі енді ғана басталады. Bärı endı ğana bastalady.
Всё. Свободен!
 – Иди! Свободен!
Болды. Боссың!
 – Бар! Боссың!
Boldy. Bossyŋ!
 – Bar! Bossyŋ!
Всё? У меня есть ещё другие дела. Болды ма? Менің басқа да жұмыстарым бар. Boldy ma? Menıŋ basqa da jūmystarym bar.
Всё, идите. Болды, барыңыз. Boldy, baryŋyz.
Всё, что он говорит – правда. Оның бар айтқаны – шындық. Onyŋ bar aitqany – şyndyq.
Встань (со своего места). Орныңнан тұр. Ornyŋnan tūr.
Встаньте и ответьте на мой вопрос. Сұрағыма тұрып жауап берıңıз. Sūrağyma tūryp jauap berıŋız.
Встать! Суд идёт! Тұрыңыздар! Сот келе жатыр! Tūryŋyzdar! Sot kele jatyr!
Встретимся в нашем офисе, или нам приехать к вам? Біздің кеңседе кездесейік пе, әлде біз сіздердікіне барайық па? Bızdıŋ keŋsede kezdeseiık pe, älde bız sızderdıkıne baraiyq pa?
Встретимся здесь завтра без десяти девять. Ертең сағат тоғызға он минут қалғанда осы жерде кездесеміз. Erteŋ sağat toğyzğa on minut qalğanda osy jerde kezdesemız.
Встретимся у входа. Кіреберісте кездесейік. Kıreberıste kezdeseiık.
Встречайте! Қарсы алыңыздар! Qarsy alyŋyzdar!
Встречаются орфографические, грамматические ошибки. Орфографиялық, грамматикалық қателер кездеседі. Orfografialyq, gramatikalyq qateler kezdesedı.
Встречу вас с распростёртыми объятиями! Сіздерді құшақ жая қарсы аламын! Sızderdı qūşaq jaia qarsy alamyn!
Вступительное слово. Кіріссөз. Kırıssöz.
Всю жизнь так. Сам не побегаешь, ничего не решается. Өмір бойы осы ғой. Өзің араласпасаң, ештеңе бітпейді. Ömır boiy osy ğoi. Özıŋ aralaspasaŋ, eşteŋe bıtpeidı.
Вся надежда на Акылбека. Бар үміт Ақылбекте. Bar ümıt Aqylbekte.
Всякое может случиться. Бәрі де болуы мүмкін. Bärı de boluy mümkın.
Входите, проходите, садитесь вот сюда. Кіріңіз, жоғары шығыңыз, мына жерге отырыңыз. Kırıŋız, joğary şyğyŋyz, myna jerge otyryŋyz.
Входить в компетенцию. Құзыретіне жату. Qūzıretıne jatu.
Входящая почта. Келген пошта. Kelgen poşta.
Входящий документ. Кіріс құжат.
 2. Келіп түскен құжат.
Kırıs qūjat.
 2. Kelıp tüsken qūjat.
Входящий номер документа. Құжаттың тіркелген нөмірі. Qūjattyŋ tırkelgen nömırı.
Вчера же договорились? Кеше келісіп едік қой? Keşe kelısıp edık qoi?
Вчера искал справедливость на работе, сегодня ищу работу. Кеше жұмыста әділдік іздеп едім, бүгін жұмыс іздеп жүрмін. Keşe jūmysta ädıldık ızdep edım, bügın jūmys ızdep jürmın.
Вчера они провели презентацию. Кеше олар тұсаукесер өткізді. Keşe olar tūsaukeser ötkızdı.
Вчера что было? Кеше не болып еді? Keşe ne bolyp edı?
Вы будете проходить испытательный срок два месяца. Сіз екі ай бойы сынақтан өтесіз. Sız ekı ai boiy synaqtan ötesız.
Вы были судимы? Бұрын сотталғансыз ба? Būryn sottalğansyz ba?
Вы были за границей? Сіз шетелде болдыңыз ба? Sız şetelde boldyŋyz ba?
Вы в какой сфере работаете? Сіз қай салада жұмыс істейсіз? Sız qai salada jūmys ısteisız?
Вы верите в случайность? Сіз кездейсоқтыққа сенесіз бе? Sız kezdeisoqtyqqa senesız be?
Вы вечно так делаете. Сендер ылғи сөйтесіңдер. Sender ylği söitesıŋder.
Вы внесли предоплату? Сіз алдын ала төлем жасадыңыз ба? Sız aldyn ala tölem jasadyŋyz ba?
Вы военнообязанный? Сіз әскери қызметке міндеттісіз бе? Sız äskeri qyzmetke mındettısız be?
Вы давно здесь работаете? Мұнда жұмыс істегеніңізге көп болды ма? Mūnda jūmys ıstegenıŋızge köp boldy ma?
Вы, действительно, так думаете? Шынымен, солай ойласыз ба? Şynymen, solai oilasyz ba?
Вы деньги приготовили? Ақшаны дайындадыңыздар ма? Aqşany daiyndadyŋyzdar ma?
Вы для меня сделали великое дело. Сіз мен үшін ұлы іс істедіңіз. Sız men üşın ūly ıs ıstedıŋız.
Вы долго ждали? Көп күтіп қалдыңыз ба? Köp kütıp qaldyŋyz ba?
Вы ждали меня? Мені күттіңіз бе? Menı küttıŋız be?
Вы же видите, что я занят. Сіз қолымның бос емес екенін көріп тұрсыз ғой. Sız qolymnyŋ bos emes ekenın körıp tūrsyz ğoi.
Вы же должностное лицо. Лауазымдық тұлғасыз ғой. Lauazymdyq tūlğasyz ğoi.
Вы же знаете моё правило: контроль, контроль и ещё раз контроль. Менің қағидамды білесіз ғой: бақылау, бақылау және тағы да бақылау. Menıŋ qağidamdy bılesız ğoi: baqylau, baqylau jäne tağy da baqylau.
Вы же опоздаете. Сендер кешігесіңдер ғой. Sender keşıgesıŋder ğoi.
Вы же поручились за меня. Мен үшін кепілгер болдыңыз ғой. Men üşın kepılger boldyŋyz ğoi.
Вы же постарше будете, Вы начните.
 2. Когда здесь есть человек старше меня, будет неправильно, если я начну.
Жасыңыз үлкен ғой, Сіз бастаңыз.
 2. Үлкен адам тұрғанда, менің бастағаным дұрыс болмас.
Jasyŋyz ülken ğoi, Sız bastaŋyz.
 2. Ülken adam tūrğanda, menıŋ bastağanym dūrys bolmas.
Вы же сами говорили. Сіз өзіңіз айтып едіңіз ғой. Sız özıŋız aityp edıŋız ğoi.
Вы же слышали мой ответ. Менің жауабымды естідіңіз ғой. Menıŋ jauabymdy estıdıŋız ğoi.
Вы женаты? Сіз үйленгенсіз бе? Sız üilengensız be?
Вы забыли пароль? Құпия сөзді ұмыттыңыз ба? Qūpia sözdı ūmyttyŋyz ba?
Вы закончили? Болдыңдар ма? Boldyŋdar ma?
Вы закончили годовой отчёт? Жылдық есепті аяқтадыңыз ба? Jyldyq eseptı aiaqtadyŋyz ba?
Вы закончили обыск? Тінтіп болдыңыз ба? Tıntıp boldyŋyz ba?
Вы замужем? Сіз тұрмыстасыз ба? Sız tūrmystasyz ba?
Вы зачем приходили? Сіз не үшін келіп едіңіз? Sız ne üşın kelıp edıŋız?
Вы зачем сюда пришли? Сіз мұнда не үшін келдіңіз?
 2. Мұнда неменеге келдіңіз?
Sız mūnda ne üşın keldıŋız?
 2. Mūnda nemenege keldıŋız?
Вы здешний?
 - Я здешний.
Сіз осы жердікісіз бе?
 - Осы жердікімін.
Sız osy jerdıkısız be?
 - Osy jerdıkımın.
Вы знаете с кем разговариваете? Сіз кіммен сөйлесіп тұрғаныңызды білесіз бе? Sız kımmen söilesıp tūrğanyŋyzdy bılesız be?
Вы знаете этого человека?
 - Нет, первый раз вижу.
Сіз мына адамды танисыз ба?
 - Жоқ, бірінші рет көріп отырмын.
Sız myna adamdy tanisyz ba?
 - Joq, bırınşı ret körıp otyrmyn.
Вы знакомы друг с другом? Сендер бір-біріңді танисыңдар ма? Sender bır-bırıŋdı tanisyŋdar ma?
Вы зря беспокоились! Сіз бекер әурелендіңіз ғой! Sız beker äurelendıŋız ğoi!
Вы зря меня обвиняете. Мені бекер жазғырасыз.
 2. Мені бекер кінәлайсыз.
Menı beker jazğyrasyz.
 2. Menı beker kınälaisyz.
Вы и сами знаете положение вещей. Жағдайды өзіңіз де білесіз ғой. Jağdaidy özıŋız de bılesız ğoi.
Вы идите. Сіз бара беріңіз. Sız bara berıŋız.
Вы их выше, поэтому они завидуют. Сіз олардан жоғары тұрсыз, сондықтан олар көре алмайды. Sız olardan joğary tūrsyz, sondyqtan olar köre almaidy.
Вы их не поняли. Сіз оларды түсінбей қалдыңыз. Sız olardy tüsınbei qaldyŋyz.
Вы к кому пришли? Сіз кімге келіп едіңіз? Sız kımge kelıp edıŋız?
Вы как скажете, так и будет. Сіз қалай десеңіз, солай болады. Sız qalai deseŋız, solai bolady.
Вы кем работаете? Сіз кім болып жұмыс істейсіз? Sız kım bolyp jūmys ısteisız?
Вы кого-то ждёте? Біреуді күтіп тұрсыз ба? Bıreudı kütıp tūrsyz ba?
Вы курите? Сіз шылым шегесіз бе?
 2. Сіз темекі тартасыз ба?
Sız şylym şegesız be?
 2. Sız temekı tartasyz ba?
Вы легко отделались. Сендер оңай құтылдыңдар. (калька) Sender oŋai qūtyldyŋdar. (калька)
Вы меня вызывали? Сіз мені шақыртып па едіңіз? Sız menı şaqyrtyp pa edıŋız?
Вы меня в огонь не толкайте! Сіз мені отқа итермеңіз! (калька) Sız menı otqa itermeŋız! (калька)
Вы меня можете защитить? Сіз мені қорғай аласыз ба? Sız menı qorğai alasyz ba?
Вы меня не ждите. Сіз мені күтпеңіз. Sız menı kütpeŋız.
Вы меня не перепутали с кем-то? Сіз мені біреумен шатастырып тұрған жоқсыз ба? Sız menı bıreumen şatastyryp tūrğan joqsyz ba?
Вы меня не узнали? Сіз мені танымай қалдыңыз ба? Sız menı tanymai qaldyŋyz ba?
Вы меня неправильно поняли. Сіз мені дұрыс түсінген жоқсыз.
 2. Сіз мені дұрыс түсінбедіңіз.
Sız menı dūrys tüsıngen joqsyz.
  2. Sız menı dūrys tüsınbedıŋız.
Вы меня откуда знаете? Сіз мені қайдан білесіз? Sız menı qaidan bılesız?
Вы меня покорили. Сіз мені тәнті еттіңіз. Sız menı täntı ettıŋız.
Вы меня понимаете? Сіз мені түсініп тұрсыз ба? Sız menı tüsınıp tūrsyz ba?
Вы меня поняли? Сіз мені түсіндіңіз бе? Sız menı tüsındıŋız be?
Вы меня совсем запутали. Сіз мені әбден шатастырдыңыз. Sız menı äbden şatastyrdyŋyz.
Вы меня шантажируете? Сіз мені бопсалап тұрсыз ба? Sız menı bopsalap tūrsyz ba?
Вы мешаете мне работать. Жұмысыма кедергі жасап тұрсыз. Jūmysyma kedergı jasap tūrsyz.
Вы мне не ответили. Сіз маған жауап бермедіңіз. Sız mağan jauap bermedıŋız.
Вы мне совсем по-другому говорили. Сіз маған мүлде басқаша айтқансыз. Sız mağan mülde basqaşa aitqansyz.
Вы можете дать гарантию по поводу ремонта? Сіз жөндеуге кепіл бере аласыз ба? Sız jöndeuge kepıl bere alasyz ba?
Вы можете дать мне совет? Сіз маған бір кеңес бере аласыз ба? Sız mağan bır keŋes bere alasyz ba?
Вы можете здесь подождать. Осы жерде күте тұрсаңыз болады. Osy jerde küte tūrsaŋyz bolady.
Вы можете идти. Если будет нужно, я вызову. Сіз бара беріңіз. Қажет болса шақырармын. Sız bara berıŋız. Qajet bolsa şaqyrarmyn.
Вы можете к нам зайти? Сіз бізге келіп кете аласыз ба? Sız bızge kelıp kete alasyz ba?
Вы можете мне привести пример? Маған үлгі келтіре аласыз ба? Mağan ülgı keltıre alasyz ba?
Вы можете ответить на эти вопросы? Осы сұрақтарға жауап бере аласыз ба? Osy sūraqtarğa jauap bere alasyz ba?
Вы можете приехать в Астану? Астанаға келіп кете аласыз ба? Astanağa kelıp kete alasyz ba?
Вы можете снизить цену? Сіз бағасын түсіре аласыз ба? Sız bağasyn tüsıre alasyz ba?
Вы можете хранить секрет? Сіз сыр сақтай аласыз ба?
 2. Сіз құпияны сақтай аласыз ба?
Sız syr saqtai alasyz ba?
 2. Sız qūpiany saqtai alasyz ba?
Вы на что намекаете?
 - Я не намекаю. Я тебе прямо говорю.
Нені меңзеп тұрсыз?
  - Меңзеп тұрған жоқпын. Саған турасын айтып тұрмын.
Nenı meŋzep tūrsyz?
 - Meŋzep tūrğan joqpyn. Sağan turasyn aityp tūrmyn.
Вы, наверное, меня с кем-то перепутали? Сіз мені біреумен шатастырып тұрған шығарсыз? Sız menı bıreumen şatastyryp tūrğan şyğarsyz?
Вы, наверное, что-то напутали. Сіз бірдеңе шатастырып тұрған шығарсыз. Sız bırdeŋe şatastyryp tūrğan şyğarsyz.
Вы, наверное, шутите? Әзілдеп тұрған шығарсыз? Äzıldep tūrğan şyğarsyz?
Вы написали заявление? Өтініш жаздыңыз ба? Ötınış jazdyŋyz ba?
Вы не беспокойтесь. Сіз абыржымаңыз.
 2. Сіз қобалжымаңыз.
 3. Әуре болмай-ақ қойыңыз!
Sız abyrjymaŋyz.
 2. Sız qobaljymaŋyz.
 3. Äure bolmai-aq qoiyŋyz!
Вы не возражаете? Сіз қарсы болмайсыз ба? Sız qarsy bolmaisyz ba?
Вы не женщины и не мужчины, вы госслужащие. Сендер әйел де, еркек те емессіңдер, сендер мемлекеттік қызметшілерсіңдер. Sender äiel de, erkek te emessıŋder, sender memlekettık qyzmetşılersıŋder.
Вы не заблудитесь? Адасып кетпейсіңдер ме? Adasyp ketpeisıŋder me?
Вы не играйте с огнём. Отпен ойнамаңыздар. (калька) Otpen oinamaŋyzdar. (калька)
Вы не имеете права говорить от нашего имени. Біздің атымыздан сөйлеуге құқығыңыз жоқ. Bızdıŋ atymyzdan söileuge qūqyğyŋyz joq.
Вы не имеете права так разговаривать. Сіздің бұлай сөйлеуге хақыңыз жоқ. Sızdıŋ būlai söileuge haqyŋyz joq.
Вы не могли бы принять меня сегодня после обеда, часов в 4? Сіз мені бүгін түстен кейін, сағат төртте қабылдай аласыз ба? Sız menı bügın tüsten keiın, sağat törtte qabyldai alasyz ba?
Вы не можете отрицать это. Сіз мұны жоққа шығара алмайсыз. Sız mūny joqqa şyğara almaisyz.
Вы не ответили на мой вопрос. Сіз менің сұрағыма жауап бермедіңіз. Sız menıŋ sūrağyma jauap bermedıŋız.
Вы не понимаете самого главного. Сіз ең басты нәрсені түсінбейсіз. Sız eŋ basty närsenı tüsınbeisız.
Вы не правы. Сіздікі дұрыс емес. Sızdıkı dūrys emes.
Вы не пристегнули ремень безопасности. Сіз кауіпсіздік белдігін тақпадыңыз. Sız kauıpsızdık beldıgın taqpadyŋyz.
Вы не увиливайте таким образом! Сіз өйтіп жалтармаңыз! Sız öitıp jaltarmaŋyz!
Вы не устали? Şarşağan joqsyŋdar ma? Şarşağan joqsyŋdar ma?
Вы недостаточно прилежно работаете. Сіз жұмысты жеткілікті деңгейде ұқыпты орындамайсыз. Sız jūmysty jetkılıktı deŋgeide ūqypty oryndamaisyz.
Вы немного опоздали. Сіз аздап кешіктіңіз. Sız azdap keşıktıŋız.
Вы опытный человек. Сіз тәжірибелі адамсыз. Sız täjıribelı adamsyz.
Вы ответите перед законом. Заң алдында жауап бересіңдер. Zaŋ aldynda jauap beresıŋder.
Вы откуда здесь появились? Сіз мұнда қайдан жүрсіз? Sız mūnda qaidan jürsız?
Вы отпрашивались у начальника? Бастықтан сұрандыңыз ба? Bastyqtan sūrandyŋyz ba?
Вы очень добры. Сіз өте мейірімді жансыз. Sız öte meiırımdı jansyz.
Вы очень добрый человек. Сіз аса мейірімді адамсыз. Sız asa meiırımdı adamsyz.
Вы печатаете по-казахски? Сіз қазақша баса аласыз ба? Sız qazaqşa basa alasyz ba?
Вы по какому вопросу пришли?
 - По личному вопросу.
Қандай мәселемен келдіңіз?
 - Жеке мәселемен.
Qandai mäselemen keldıŋız?
 - Jeke mäselemen.
Вы по какому делу пришли? Сіз қандай шаруамен келдіңіз? Sız qandai şaruamen keldıŋız?
Вы, по сравнению со мной, моложе. Сіз, маған қарағанда, жассыз. Sız, mağan qarağanda, jassyz.
Вы подпишите? Қолыңызды қоясыз ба? Qolyŋyzdy qoiasyz ba?
Вы поймите меня правильно. Сіз мені дұрыс түсініңіз. Sız menı dūrys tüsınıŋız.
Вы постарше будете, Вы уж начните. Жасыңыз үлкен ғой, Сіз бастаңыз. Jasyŋyz ülken ğoi, Sız bastaŋyz.
Вы постоянно жалуетесь. Сіз әрдайым шағымданасыз. Sız ärdaiym şağymdanasyz.
Вы поступили несправедливо. Сіз әділетсіздік жасадыңыз. Sız ädıletsızdık jasadyŋyz.
Вы почему вчера ушли рано с работы? Сіз кеше жұмыстан неге ерте кетіп қалдыңыз? Sız keşe jūmystan nege erte ketıp qaldyŋyz?
Вы почему меня избегаете? Сіз менен неге қашып жүрсіз? Sız menen nege qaşyp jürsız?
Вы почему не выполнили поручение? Сіз неге тапсырманы орындаған жоқсыз? Sız nege tapsyrmany oryndağan joqsyz?
Вы почему так уверены? Сіз неге сонша сенімдісіз? Sız nege sonşa senımdısız?
Вы почему такой?
 - Какой я?
Сіз неге сондайсыз?
 - Қандаймын?
Sız nege sondaisyz?
 - Qandaimyn?
Вы принесли резюме и документы? Түйіндеме мен құжаттарыңызды әкелдіңіз бе? Tüiındeme men qūjattaryŋyzdy äkeldıŋız be?
Вы приняли решение? Сіз шешім қабылдадыңыз ба? Sız şeşım qabyldadyŋyz ba?
Вы продолжайте. Сіздер жалғастыра беріңіздер. Sızder jalğastyra berıŋızder.
Вы простудитесь, не стойте здесь. Салқын тигізіп аласыз, мұнда тұрмаңыз. Salqyn tigızıp alasyz, mūnda tūrmaŋyz.
Вы работаете без плана. Сіздер жоспарсыз жұмыс істейсіздер. Sızder josparsyz jūmys ısteisızder.
Вы с какого года рождения? Сіз қай жылғысыз?
 2. Қай жылы тудыңыз?
Sız qai jylğysyz?
 2. Qai jyly tudyŋyz?
Вы с ними не справитесь. Сіздің оларға шамаңыз жетпейді. Sızdıŋ olarğa şamaŋyz jetpeidı.
Вы сильно изменились. Сіз қатты өзгеріп кетіпсіз. Sız qatty özgerıp ketıpsız.
Вы сказали в самую точку. Сіз дәл айттыңыз. Sız däl aittyŋyz.
Вы совершили чудо, настоящее чудо! Сіз ғажайыпты жасадыңыз, нағыз ғажайып! Sız ğajaiypty jasadyŋyz, nağyz ğajaiyp!
Вы становитесь мудрецом. Сіз дана болып келесіз. Sız dana bolyp kelesız.
Вы странно говорите. Сіз қызық сөйлейді екенсіз. Sız qyzyq söileidı ekensız.
Вы так добры. Сіз сондай мейірімдісіз. Sız sondai meiırımdısız.
Вы так думаете? Солай ойлайсыз ба? Solai oilaisyz ba?
Вы только прикажите. Сіз бұйырсаңыз болды. Sız būiyrsaŋyz boldy.
Вы торопитесь? Сіз асығып отырсыз ба? Sız asyğyp otyrsyz ba?
Вы у кого разрешение спрашивали? Сендер кімнен рұқсат сұрадыңдар? Sender kımnen rūqsat sūradyŋdar?
Вы убедите его. Сіз оны көндіріңіз. Sız ony köndırıŋız.
Вы уверены? Сіз сенімдісіз бе? Sız senımdısız be?
Вы угадали. Дәл таптыңыз. Däl taptyŋyz.
Вы удовлетворены? Қанағаттандыңыз ба? Qanağattandyŋyz ba?
Вы умеете пользоваться компьютером? Сіз компьютерді пайдалана аласыз ба? Sız kompüterdı paidalana alasyz ba?
Вы хотите выучить казахский язык? Сіз қазақ тілін үйренгіңіз келе ме? Sız qazaq tılın üirengıŋız kele me?
Вы часто опаздываете на работу? Сіз жұмысқа жиі кешігіп келесіз бе? Sız jūmysqa jiı keşıgıp kelesız be?
Вы что, мне не верите? Сіз маған сенбей тұрсыз ба? Sız mağan senbei tūrsyz ba?
Вы что-то сказали? Сіз бірдеңе дедіңіз бе? Sız bırdeŋe dedıŋız be?
Вы шутите? Әзілдейсіз бе?
 2. Қалжыңдайсыз ба?
 3. Ойнап тұрсыз ба?
Äzıldeisız be?
 2. Qaljyŋdaisyz ba?
 3. Oinap tūrsyz ba?
Вы шуток не понимаете что ли? Сіз қалжыңды түсінбейсіз бе? Sız qaljyŋdy tüsınbeisız be?
Выбор небольшой. Таңдау көп емес. Taŋdau köp emes.
Выборочная инвентаризация товарно-материальных ценностей. Тауар-материалдық құндылықтарды іріктеп түгендеу. Tauar-materialdyq qūndylyqtardy ırıktep tügendeu.
Выборочная проверка. Іріктеп тексеру. Irıktep tekseru.
Выбрось эти мысли из головы. Ондай ойды басыңнан шығарып таста. Ondai oidy basyŋnan şyğaryp tasta.
Выговор с предупреждением. Ескертумен сөгіс. Eskertumen sögıs.
Выдвижение на руководящую должность. Басшы қызметке ұсыну. Basşy qyzmetke ūsynu.
Выделены дополнительные средства. Қосымша қаржы бөлінді. Qosymşa qarjy bölındı.
Выздоравливай. Сауығып кет. Sauyğyp ket.
Вызови его немедленно! Дереу шақыр оны! Dereu şaqyr ony!
Вызывали? Шақырдыңыз ба? Şaqyrdyŋyz ba?
Выйдите! Шығыңыз! Şyğyŋyz!
Выплата комиссионных вознаграждений. Комиссиялық сыйақы төлеу. Komisialyq syiaqy töleu.
Выполненная работа. Атқарылған жұмыс. Atqarylğan jūmys.
Выполним быстро и качественно! Тез арада және сапалы орындаймыз! Tez arada jäne sapaly oryndaimyz!
Выполняй приказ! Есть вопросы? Свободен! Бұйрықты орында! Сұрақтар бар ма? Боссың! Būiryqty orynda! Sūraqtar bar ma? Bossyŋ!
Выполняй, что я сказал. Айтқанымды орында. Aitqanymdy orynda.
Выработать единый подход. Бірыңғай көзқарас қалыптастыру. Bıryŋğai közqaras qalyptastyru.
Выражая в двух словах. Тоқ етерін айтқанда. Toq eterın aitqanda.
Выразить обеспокоенность. Алаңдау білдіру. Alaŋdau bıldıru.
Выслуга лет. Еңбек сіңірген жылдар. Eŋbek sıŋırgen jyldar.
Высокие технологии. Жоғары технологиялар. Joğary tehnologialar.
Высококвалифицированный. Жоғары білікті маман. Joğary bılıktı maman.
Выражая в двух словах. Тоқ етерін айтқанда. Toq eterın aitqanda.
Выслушай меня до конца. Сөзімді аяғына дейін тыңда. Sözımdı aiağyna deiın tyŋda.
Вытащи жвачку изо рта. Аузыңдағы сағызды шығар. Auzyŋdağy sağyzdy şyğar.
Вытри слёзы. Жасыңды сүрт. Jasyŋdy sürt.
Выучите новые слова. Жаңа сөздерді жаттап алыңыз. Jaŋa sözderdı jattap alyŋyz.
Выше головы не прыгнешь. Бастан асып секіре алмайсың. Bastan asyp sekıre almaisyŋ.
Вышестоящее руководство. Жоғары тұрған басшылық. Joğary tūrğan basşylyq.
Вышестоящий государственный орган. Жоғары тұрған мемлекеттік орган. Joğary tūrğan memlekettık organ.



©  Татьяна Валяева   2007–2021
http://kaz-tili.kz/
 <<  Работа, А-Б Вернуться к началу Работа, Г-Д-Е-Ж-З  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Гостевая книга