Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 Работа
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 H 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
 В быту
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 Н 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
На собрании
Резолюция/виза
Характеристика
Вернуться
к другим
разговорникам

В быту, О

Русско-казахский сборник фраз и словосочетаний


Авторы: Р. Керимбаев, А. Керимбаев

О
О, Аллах, дай мне терпения! Алла, сабыр бере гөр!
О, Боже! Что это ещё такое? Құдайым-ау! Бұнысы несі тағы?
О, глава семьи, подними глаза, скажи что-нибудь.
 – И что я должен сказать?
Отағасы-ау, жерге қарамай бірдеңе десеңші.
 – Сонда мен не айтуым керек?
О, глубокоуважаемый хозяин этого дома, сначала Вы начните. О, аса құрметті үйдің иесі, алдымен Сіз бастаңыз.
О, Создатель, прошу, дай мне терпения, пожалуйста, прошу Тебя! О, Жаратқан, маған төзім берші, өтінемін Сені!
О, ты подстригся! О, шашыңды алдырыпсың ғой!
О, ты уже взрослым парнем стал! Түу, үлкен жігіт боп қапсың ғой!
О нём вы совсем не думаете. Ол жайлы мүлдем ойламайсыңдар.
О себе я не могу рассказать ничего нового. Өзім туралы ешқандай жаналық айта алмаймын.
О себя я сам скажу. Өзім туралы өзім айтамын.
О такой сумме не может быть и речи. Мұндай сома туралы әнгіме де болмайды.
О чём Вы глубоко задумались? Нені терең ойлап кеттіңіз?
О чём вы шепчетесь? Сендер не деп сыбырласып тұрсыңдар?
О чём мне с тобой говорить? Сенімен не туралы сөйлесемін?
О чём ты будешь говорить? Не туралы айтасың?
Об этом думать ещё рано. Ол туралы ойлауы әлі ерте.
Об этом нужно было думать раньше. Мұны ертерек ойлаудың керек еді.
Об этом я ничего не могу сказать. Бұл жайында мен ештеңе айта алмаймын.
Об этом я только вчера услышал. Бұл туралы мен кеше ғана естігенмін.
Обижаешь. Разве я похож на мелочного человека? Ренжітесің. Мен ұсақ адамға ұқсаймын ба?
Обнимаю всех. Барлығыңызды құшақтадым.
Образ жизни. Тұрмыс дәстүрі.
Образумься. Сабана түс.
Образцовая семья. Өнегелі отбасы.
Обстановка в доме напряженная. Шаңырақ шайқалып тұр. Буквально: дом рушится.
Обувь снимай! Аяқкиіміңді шеш!
Общее состояние удовлетворительное. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық.
Объясни, что здесь происходит, пожалуйста.
 – Ничего не происходит.
Сен мұнда не болып жатқанын түсіндірші.
 – Ештеңе болып жатқан жоқ.
Объясните простым языком, пожалуйста. Қарапайым тілмен түсіндіріп беріңізші.
Обязательно верну. Міндетті түрде қайтарып беремін.
Обязательно приходите. Міндетті түрде келетін болыңыздар.
 2. Міндетті түрде келіңіздер.
Обязательно! Міндетті түрде!
Одевайтесь в соответствии с возрастом. Жасыңызға сай киініңіз.
Одевайтесь потеплее. Жылы киініңіз.
Однажды ты меня поймёшь, но будет поздно. Бір күні мені түсінерсің, бірақ кеш болады.
Ой, чего только не натерпелся от него. Ой-бой, оның маған көрсетпеген құқайы жоқ.
Ой-ой, испугался я. Ойбай-ай, қорқып қалдым.
Окажу Вам услугу. Сізге қол ұшын берейін.
Оказывается, и такой день может наступить. Соған да жететін күн бар екен ғой.
Оказывается, ты меня совсем не знаешь! Мені мүлде білмейді екенсің!
Оказывается, это ты всё портишь. Бәрін бүлдіріп тұрған сен екенсің ғой.
Он, наверное, не выспался. Ұйқысы қанбаған шығар.
Он, наверное, шутил? Ойнап айтып отырған шығар?
Он, оказывается, тебя знает. Ол сені біледі екен.
Он болтает что попало. Ол қайдағы жоқты айтады.
Он будет жить в общежитии. Жатақханада тұратын болады.
Он быстро опьянел. Ол тез масайып қалды.
Он в безвыходном положении. Ол шарасыз күйде.
Он в тяжёлом состоянии поступил в больницу. Ол ауыр халде ауруханаға түсті.
Он Вам должен? Ол Сізге қарыз ба еді?
Он Вам ничего не говорил? Ол кісі Сізге ештеңе айтқан жоқ па?
Он Вам нравится? Сіз оны ұнатасыз ба?
Он ведь в один день растратил все деньги. Бір күнде бар ақшаны бітірді.
Он везде уживётся, куда бы не поехал. Ол қайда барса да сыяды.
Он вечно спешит. Ол әрқашан асығады.
Он вмешался в драку. Его арестовали. Ол төбелеске араласты. Оны тұтқындалып кетті.
Он вроде смышлёный парень. Ол зерек жігіт сияқты.
Он всегда отказывается. Әрдайым бас тартады.
Он всегда поступает как вздумается. Үнемі ойына келгенін істейді.
Он всегда чем-то недоволен. Ол тыржияды да жүреді.
Он втёрся в моё доверие. Менің сеніміме кіріп алды.
Он вчера приходил. Ол кеше келіп кеткен.
Он вылечился. Ол емделіп шықты.
Он выше ростом.
 – Он ниже ростом.
Оның бойы биік.
 – Оның бойы аласа.
Он где живёт? Ол қайда тұрады?
Он говорит шёпотом. Ол сыбырлап сөйледі.
Он давно в меня влюблён! Ол көптен бері маған ғашық!
Он давно ушёл. Ол баяғыда кетіп қалды.
Он даже мне толком ничего не объяснил. Ол тіпті маған да дұрыстап түсіндірмеді.
Он делился со мной последним хлебом. Ол менімен соңғы нанмен бөліскен.
Он до сих пор надеется. Ол әлі де үмітінеді.
Он довезёт меня до дому. Ол мені үйге жеткізіп тастайды.
Он должен прийти. Ол келуге тиіс.
Он дурак что ли? (указывая на кого-то) Мынау жынды ма?
Он ей не пара. Ол оған тең емес.
Он еле на ногах стоит. Аяғынан әрең басып тұр.
Он ему не позволит. Ол оған жол бермейді.
Он ещё не пришёл?
 – 11 ночи, где он ходит?
Ол әлі келмеді ме?
 – Түнгі он бір болды. Қайда жүр екен?
Он ещё не сделал мне предложения. Ол әлі маған ұсыныс жасаған жоқ.
Он ещё пожалеет. Ол әлі өкінетін болады.
Он ещё помучается. Ол әлі көресіні көреді.
Он ещё приползёт к тебе на коленях. Ол әлі сенің алдына тізерлеп келеді.
Он ещё совсем молодой. Ол әлі тым жас.
Он же всё равно не послушается.
 – Это оставь мне.
Ол бәрібір көнбейді ғой.
 – О жағын маған қалдыр.
Он же вылитый Ленин. Ол аумаған Ленин ғой.
Он же души в тебе не чаял. Ол саған өліп-өшіп жүрді ғой.
Он же ещё ребёнок. Ол әлі бала ғой.
Он же мне поверил. Как я могу потерять его доверие? Ол маған сенді ғой. Қалай мен оның сенімің жоққа шығарамын?
Он же тебе плохого не желает. Ол саған жаман болсын демейді ғой.
Он за рулём. Рөлде келе жатыр екен.
Он заболел. Ол сырқаттанып қалды.
 2. Ол ауырып қалды.
Он забудет. Ол ұмытып кетеді.
 2. Ол ұмытады.
Он завтра может приехать? Ол ертең келе ала ма?
Он занимается спортом. Ол спортпен шұғылданады.
Он занимается этим делом. Ол бұл іспен айналысып жатыр.
Он заподозрит. Ол сезіктеніп қалады.
Он здесь? Ол осында ма?
Он знает, что делает. Ол не істеу керектігін біледі.
 2. Ол не істеу керек екенін біледі.
Он изменился. Ол өзгерді.
Он испортил нам настроение. Ол көңіл-күйімізді бұзып жіберді.
Он ищет тебя. Ол сені іздеп жүр.
Он какое отношение имеет?
 – Он имеет прямое отношение.
Оның қандай қатысы бар?
 – Тікелей қатысы бар.
Он кого-то мне напоминает. Ол маған біреуді еске түсіріп тұр.
Он куда-то вышел. Ол бір жаққа шығып кетіп еді.
Он купается в богатстве. Ол байлыққа малынып жүр.
Он курит, чтобы похудеть. Азу үшін темекі тартады.
Он любит много смеяться. Көп күлгенді ұнатады.
Он меня больше не интересует. Ол енді мені қызықтырмайды.
Он меня вообще не интересует. Ол мені мүлдем қызықтырмайды
Он меня использовал. Ещё как использовал! Ол мені пайдаланды. Пайдаланғанда қандай!
Он меня не познакомил с родителями. Ол мені ата-анасымен таныстырмады.
Он меня не понимает. Ол мені түсінбейді.
Он меня обманул. Ол мені алдады.
 2. Ол мен алдап кетті.
Он меня оболгал. Ол мен жайлы жалған сөздер айтты.
Он меня подвёл. Ол мені ұятқа қалтырды.
Он меня просто обманул. Ол мені жай алдап кетті.
Он меня сразу узнал. Ол мені бірден таңып қойды.
Он меня так доведёт до греха. Ол мені мына түрімен күнәға батырады.
Он меня уважает. Мені құрметтейді.
Он меня чуть не убил. Ол мені өлтіре жаздады ғой.
Он мне и раньше нравился. Ол маған бұрыннан да ұнайтын.
Он мне не подчиняется. Ол маған бағынбайды.
Он мне не понравился. Ол маған ұнамай қалды.
 2. Ол маған ұнамаған еді.
 3. Ол маған ұнамады.
Он мне никто. Ол маған ешкім емес.
Он мне ничего не говорил. Маған ол ештеңе айтқан жоқ.
Он мне ничего не говорил. Маған ол ештеңе айтқан жоқ.
Он мне ничего не показал. Ештеңе маған көрсеткен жоқ.
Он мне ничего не показал. Ол ештеңе маған көрсеткен жоқ.
Он мне, как свет в окне. Ол көзімнің қарашығындай.
Он многое про тебя говорил. Ол сен туралы көп айтқан.
Он может приехать в любой момент. Ол кез келген сәтте келе қалуы мүмкін.
Он мой родственник. Ол менің туысым.
Он мой старый товарищ. Ол менің кәрі серігім.
Он моложе меня. Ол менен жас.
Он моложе меня. Ол менен жас.
Он на каком этаже живёт? Ол қай қабатта тұрады?
 2. Ол нешінші қабатта тұрады?
Он на нас смотрит. Ол бізге қарап отыр.
Он наложил на себя руки. Ол өз өзіне қол салды.
 2. Өз өзіне қол жұмсады.
Он нам необходим, как воздух. Ол бізге ауадай қажет.
Он напал на меня, я лишь защищался. Ол маған шабуыл жасады, мен тек қорғандым.
Он нас зарежет. Ол бізді бауыздайды.
Он не виноват. Оның жазығы жоқ.
Он не достоин такого отношения. Ол бұндай қарым-қатынасқа лайық емес.
Он не достоин твоей дружбы. Ол сенің достығыңа лайықты емес
Он не знал что ли? Ол білмеді ме?
Он не издал ни звука. Үн шығармады.
Он не испытывал нужду. Ол кемшілік көрмеді.
Он не курит, не пьёт, спортом занимается. Темекі тартпайды, арақ ішпейді, спортпен айналысады екен.
Он не мог удержать слёзы. Көз жасын тыя алмады.
Он не может просто ходить, не испортив что-нибудь. Ол бірдеңе бүлдірмесе жүре алмайды ғой.
Он не может спокойно сидеть ни на одном месте. Ол бір орында тыныш отыра алмайды.
Он не обязан. Ол міндетті емес.
Он не остановится. Ол тоқтамайды.
Он не отстаёт от меня. Артымнан қалмады жабысып.
Он не познакомил меня своей семьёй. Ол мені өз жанұясымен танстырмады.
Он не понимает сделанного ему добра. Ол жақсылықты түсінбейді.
Он не сказал куда пошёл. Қайда кеткенін айтпады.
Он не сказал причину. Ол себебін айтпады.
Он не смог выполнить. Ол орындай алмады.
Он не смог со мной пойти. Ол менімен бара алмады.
Он не соглашается. Ол келіспей жатыр.
Он не стал менее уважаемым. Оның қадірі кеміген жоқ.
Он не уделяет мне внимания. Ол маған көңіл бөлмейді.
Он не хочет возвращаться. Оның қайтқысы жоқ.
Он не хочет здесь оставаться. Оның осында қалғысы келмейді.
Он не хочет, чтобы ты был счастлив. Ол сенің бақытты болғаныңды қаламайды.
Он не хуже других. Ол ешкімнен кем емес.
Он немного поворчал. Ол аздап бұлданды.
Он неправильно меня понял. Ол мені дұрыс ұқпады.
Он ни капли не изменился. Ол бір түйірде өзгермеген.
Он ни на что не посмотрит. Ол ештеңеге қарамайды.
Он никогда бы так не сделал. Ол ешқашан бұлай жасамас еді.
Он никогда не пойдёт на такое. Ол мұндайға ешқашан бармайды.
Он никого не жалеет. Ол ешкімді аямайды.
Он никого не любит, кроме себя. Ол өзінен басқа, ешкімді жақсы көрмейді.
Он никого не слушается. Ол ешкімді тыңдамайды.
Он никому не может сказать «нет». Ол ешкімге «жоқ» деп айта алмайды.
Он ничего не боится. Ол еш нәрседен қорықпайды.
Он ничего не знает. Ол ештеңе білмейді.
Он ничего не смог сказать. Ол ештеңе дей алмады.
Он ничего плохого мне не сделал. Ол маған еш жамандық жасаған жоқ.
Он обещал, что придёт, но слова своего не сдержал. Келемін деп уәде бергенімен сөзінде тұрмады.
Он огорчает вас? Сендерді ренжітіп жүр ме?
Он онемел от радости. Қуаныштан оның тілі байланып қалды.
Он оправдался. Ол ақталып шықты.
Он опьянел. Ол масайып қалды.
Он опять не в духе. Ол тағыда түйіліп отыр.
Он от зависти лопается! Іші күйіп барады!
Он отвечает на вопрос вопросом. Ол сұраққа сұрақпен жауап береді.
Он отказался. Ол бас тартты.
Он откуда здесь появился? Ол мұнда қайдан жүр?
Он ошибся. Ол қателесті.
Он передал большой привет. Ол үлкен сәлем жолдады.
Он передал тебе привет. Ол саған сәлем айтты.
Он переживает трудные времена. Ол қиын сәттерді бастан өткізіп жатыр.
Он плакал навзрыд. Ол қапаланып жылады.
Он погиб. Ол қаза тапты.
Он подкалывал меня. Ол мені түртті.
 2. Ол мені келеке етті.
Он пожилой человек. Ол егде адам.
Он получил свой урок и этого достаточно. Ол өз сабағын алды, сол да жетеді.
Он попал в аварию? Жол апатына түсті ме?
Он попал в беду. Ол бәлеге ұшырады.
Он попросил помощи у родителей. Ол әке-шешесінен көмек сұрады.
Он постоянно говорит об этом. Ол сол туралы үнемі айтып жүреді.
Он постоянно опаздывает. Ол үнемі кешігіп жүреді.
Он постоянно приходит с опозданием. Ол үнемі кешігіп келеді.
Он поступил по-мужски. Ол азаматша жасады.
Он поступил умно. Ол ақылды істеген.
Он потерял деньги. Ол ақшасын жоғалтып қойыпты.
Он потихоньку привыкнет. Ақырындап үйреніп кетеді.
Он похож на воспитанного парня. Ол тәрбиелі жігітке ұқсайды.
Он похож на отца?
 – Весь в отца!
Ол әкесіне ұқсай ма?
 – Әкесінен аумаған!
Он прекратил курить. Ол темекі тартуды тастады.
 2. Ол темекі тартуды тоқтатты.
Он привык жить в роскоши. Ол молшылықта өмір сүруге үйренген.
Он приедет на поезде. Ол пойызбен келеді.
Он прилип ко мне. Маған жабысып қалды.
Он примирился со своей судьбой. Ол тағдырына көнді.
Он пристально посмотрел. Ол үңіліп қарады.
Он приходит только ночевать. Ол қонуға ғана келеді.
Он пришёл в себя? Ол есін жиды ма?
Он пришёл сюда по блату. Ол бұл жерге таныстары арқылы келді.
Он просто задыхается от зависти. Ол қызғаныштан тұншығып жүр.
Он простудился. Оған суық тиіп қалды.
 2. Оған салқын тиіп қалған.
Он пусть своим делом занимается, а ты своим. Ол өз ісімен, сен өз ісіңмен айналыс.
Он пьёт (водку), чтобы заглушить своё горе. Қайғысын тарқату үшін арақ ішеді.
Он разбогател, оказывается. Ол байып кеткен екен ғой.
Он разве не прав? Оныкі дұрыс емес пе?
Он раскаялся, и хочет загладить свою вину. Ол өз ісі үшін өкініп, кінәсін жуғысы келеді.
Он расстроится, если ты откажешься. Бас тартсаң, оның көңілі түсіп кетеді.
Он резко ответил. Ол қатаң жауап берді.
Он решил развестись. Ол ажырасуға бел байлап отыр.
Он с годами остепенился. Ол есейе келе байсалды.
Он с кем говорит? Ол кіммен сөйлесіп тұр?
Он с ответом не тянул долго. Ол жауабын ұзаққа созбады.
Он с трудом согласился. Ол әрең көнді.
Он сам начал первым! Ол өзі бірінші бастаған!
Он сам пришёл. Ол өзі келді.
Он сдал экзамены успешно. Ол емтиханды ойдағыдай тапсырды.
Он сделает всё, что я скажу. Ол айтқанымның бәрін істейді.
Он сдержал обещание. Ол уәдесінде тұрды.
Он сегодня будет поздно. Ол бүгін кеш келеді.
Он сегодня пришёл в себя. Ол есін бүгін жинады.
Он сейчас занят домашними делами. Ол қазір үй шаруасымен айналысып жатыр.
Он сейчас придёт. Ол қазір келеді.
Он сейчас спит. Как проснется позвонит. Ол қазір ұйықтап жатыр. Ояған бойда хабарласады.
Он сейчас спустится вниз. Ол қазір төмен түседі.
Он сел в свою машину и уехал. Ол көлігіне мініп кетіп қалды.
Он силен в математике. Ол математикаға күшті.
Он сказал, что не будет марать руки. Ол қолымды былғамаймын деді.
Он сказал, что хочет поделиться хорошей новостью. Бір жақсы жаңалықпен бөлісемін деді
Он скончалась месяц назад.
 – Вот как? Пусть покоится с миром!
Ол кісі бір ай бұрын қайтыс болған.
 – Солай ма? Иманды болсын!
Он скуп на слова. Ол сөзге сараң кісі.
Он смеётся по пустякам. Жоқтан өзгеге күле береді.
Он смирился со своей судьбой. Ол тағдырына көнді.
Он снимает квартиру. Ол үй жалдап жүр.
Он снял квартиру.
 – Где он нашёл деньги для снятия квартиры?
Ол пәтер жалдапты.
 – Пәтер жалдауға ақшаны қайдан тапқан?
Он совсем сошёл с ума. Әбден ақылынан адасыпты.
Он согласился?
 – Согласится. Куда он денется?!
Ол келісті ме?
 – Келіседі. Қайда барады дейсің?!
Он сожалеет. Ол өкініп жүр.
Он спит, как убитый. Ол өлген кісідей ұйықтап жатыр.
Он спит. Ол ұйықтап жатыр.
Он споткнулся. Ол сүрініп кетті.
Он стал в последнее время наряжаться.
 – Он, вроде, пытается понравиться кому-то.
Ол соңғы кезде сәнденуді шығарыпты.
 – Ол біреуге ұнауға тырысып жүрген сияқты.
Он стал мне, как родной. Ол маған туғандай болып кеткен.
Он стал недосягаемым. Ол қол жетпес болды.
Он стал рабом водки. Ол арақтың құлы болып кетті.
Он старается же, не видишь что ли? Көрмейсің бе, ол тырысып жүр ғой?
Он старается. Ол тырысып жүр.
Он старше меня на 10 лет. Ол менен он жас үлкен.
Он стойкий парень. Ол төзімді жігіт.
Он страдает звёздной болезнью. Ол жұлдыз ауруымен ауырады.
Он странно себя ведет. Ол бір түрлі болып жүр.
Он сюда ни разу не пришёл. Ол мұнда бір келмеді.
Он так воспитан. Ол солай тәрбиеленген.
Он так мечтал. Ол сондай армандап еді.
Он так сказал? Ол солай деді ме? 2. Ол солай айтты ма?
Он такой весёлый. Ол сондай көңілді.
Он твой родственник? Ол сенің туысың ба?
Он тебе кем приходится? Ол саған кім болады?
Он тебе не ровня. Ол саған тең емес.
Он тебе не чужой. Ол саған бөтен емес.
Он тебя довезёт. Ол сені жеткізіп салады.
Он тебя избегает. Ол сенен қашып жүр.
Он тебя не достоин. Ол саған лайық емес.
Он тебя не любит. Ол сені сүймейді.
Он тебя не обижает? Ол сені ренжітіп жүрген жоқ па?
Он теперь нам не помешает. Ол енді бізге кедергі келтіре алмайды.
Он тоже непростой орешек. Ол да оңай шағылатын жаңғақ емес.
Он тоже одинокий. Ол да жалғызбасты.
Он тоже прав. Онікі да жөн.
Он только мне сказал. Ол маған ғана айтты.
Он тут ни при чём. Оның бұған қатысы жоқ.
Он у моей старшей сестры. Ол әпкемдікінде.
Он убит горем. Ол қайғыдан құса болды.
Он ударил. Ол ұрып жіберді.
Он уехал (ушёл)? Ол кетіп қалды ма?
Он уехал на два дня. Ол екі күнге кетті.
Он уехал с концами (навсегда). Ол біржола кетті.
Он упал с лестницы и ударился головой. Баспалдақтан құлап, басын соғып алыпты.
Он уснул. Ол ұйықтап қалды.
Он успел вовремя. Ол уақытында үлгеріпті.
Он ушёл после тебя. Ол сенен соң кетіп қалды.
Он ушёл, сказав, что сейчас придёт. Қазір келемін, – деп кеткен.
Он хороший рассказчик. Ол жақсы әңгімеші.
Он хорошо себя вёл? Ол тәртіпті болды ма?
Он хотел поговорить с тобой. Сенімен сөйлескісі келген.
Он хочет выпить всю нашу кровь. Бар қанымызды сорып алғысы келеді.
Он хочет научиться. Ол үйренгісі келіп отыр.
Он хочет роскошной жизни. Ол бай өмірді аңсайды.
Он целыми днями спит. Ол күнімен ұйықтайды.
Он часто к нам заходит. Ол бізге жиі келіп тұрады.
Он чем занимается? Ол немен айналысып жүр?
Он через час будет здесь. Ол бір сағаттан кейін осында болады.
Он что натворил? Ол не бүлдірді?
Он что рядом стоял и держал лампу? Қасында шам ұстап тұрды ма?
Он что сказал?
 – Он так сказал...
Ол не деді?
 – Ол былай деді...
Он что, без тебя жить не может? Сенсіз өмір сүре алмай ма?
Он что-то хочет. Ол бірнәрсе дәметіп отыр.
Он эти деньги промотает. Ол сол ақшаны босқа құртады.
Он этого не понимает. Ол соны түсінбейді.
Он действует мне на нервы. Ол менің жүйкеме тиіп отыр.
Она беременная. Оның аяғы ауыр.
 2. Ол екіқабат.
 3. Ол жүкті екен.
Она выходит замуж.
 – За кого она, интересно, выходит замуж?
Ол тұрмысқа шығады.
 – Кімге тұрмысқа шығады екен?
Она замуж вышла что ли? Ол күйеуге тиіп кетті ме?
Она не замужем. Ол күйеуге шықпаған.
Она плакала навзрыд. Ол қапаланып жылады.
Она помирилась с мужем. Ол күйеумен татуласып қалды.
Она сильная девушка. Ол - мықты бойжеткен.
Она стирает белье. Ол кір жуып жатыр.
Она такая милая. Түрі сондай сүйкімді.
Она такая приятная женщина. Ол сондай жылы жүзді әйел.
Она тебе понравилась что ли? Ол саған ұнап қалды ма?
Она умная девочка. Она все уладит. Ол ақылды қыз. Ол бәрін реттейді.
Они в ссоре. Олар араздасып жүр.
Они до сих пор общаются. Олар әлі де араласып тұрады.
Они друг друга не понимают, не слышат совсем. Олар бір-бірін түсінбейді, естімейді мүлдем.
Они ещё молоды. Олар әлі жас.
Они занимаются грязными делами. Олардың тірлігі лас.
Они из одного теста. Олар бір қалыптан шыққан. Буквально: Они вышли из одной колодки.
Они меня ищут. Олар мені іздеп жатыр.
Они меня убьют. Олар мені өлтіреді
Они могут передумать. Олар айнып қалуы мүмкін.
Они наши гости. А гостей надо хорошо встречать. Олар – біздің қонағымыз. Ал қонақтарды жақсы қарсы алу керек.
Они не виноваты. Олардың жазығы жоқ.
Они ненавидят друг друга. Олар бір-бірін көре алмайды.
Они неразлучные друзья. Олар айырылмас достар.
Они никуда не денутся. Олар ешқайда кетпейді.
Они ничего не боятся. Олар ештеңеден тайынбайды.
Они оказались мошенниками. Олар алаяқ болып шықты.
Они опозорились. Олар масқара болып кетті.
Они от страха, наверное, наложили в штаны. Қорыққандарынан бұттарына жіберіп қойған шығар.
Они поженились в 1990-м году. Олар мың тоғыс жүз тоқсаныншы жылы үйленді.
Они почему поругались? Олар неге ұрсысты?
Они приведут его сюда. Олар оны осында алып келеді.
Они разве не дети?
 – Не дети, а беда.
Олар бала емес пе?
 – Бала емес, бәле.
Они разведены что ли? Олар ажырасқан ба?
Они разведены?
 – Этого я не знаю.
Олар ажырасқан ба?
 – Ол жағын білмеймін.
Они сейчас подерутся. Мыналар қазір төбелеседі.
Они сядут на шею, если будешь с ними мягок. Оларға жұмсақ болсаң мойныңа мініп отырып алады.
 2. Оларға қатал болмасаң, басыңа шығып кетеді.
Они тоже шлют Вам привет. Олар да Сізге сәлем жолдап жатыр.
Они уехали домой довольные. Олар үйлеріне разы болып қайтты.
Они что едят, что так толстеют. Осылар не жеп семіреді.
Они что, интересно, не могут поделить? Олар нені бөлісе алмай жатыр екен?
Они что, лучше нас? Олар немене, бізден артық па?
Опаздывать нельзя! Кешігуге болмайды!
Опять вернулись к началу. Қайтадан басына оралдық.
Опять нас Бог сохранил. Қайта бізді Құдай сақтапты.
Опять ругаетесь что ли? Тағы да ұрсысып жатырсыңдар ма?
Опять ты меня винишь. Тағы мені кінәлап отырсың.
Особых новостей нет! Аса айтатын жаңалық жоқ!
 2. Ауыз толтырып айтатындай жаңалық жоқ!
 3. Айтарлықтай жаңалық жоқ!
Оставайтесь дома. Үйден шықпаңыз.
Оставайтесь здесь Осында қала беріңдер.
Оставим на завтра. Ертеңге қалдырайық.
Оставь его в покое, пожалуйста. Жайына қалдыршы оны.
Оставь их. Қойшы соларды.
Оставьте меня в покое, пожалуйста. Мені жайыма қалдырыңызшы.
 2. Мені жайыма қалдырыңдаршы.
 3. Мазамды алмаңыздаршы.
Оставьте разговоры. Әңгімені қысқартыңыз.
Остальное мне безразлично. Қалғаны маған бәрі бір.
Остальные сейчас придут. Басқалар қазір келеді.
Осторожно, Вы чуть не упали. Байқаңыз, жығылып қала жаздадыңыз ғой.
От безысходности. Амалсыздан.
 2. Шарасыздан.
От меня не избавитесь. Менен құтылмайсыңдар.
От меня не убежишь. Менен қашып құтыла алмайсың.
От молодых можно всё ожидать. Жастардан бәрін де күтуге болады.
От начала до конца. Басынан аяғына дейін.
От наших парней толка нет. Біздің жігіттерден пайда жоқ.
От него никакой пользы. Оның түк пайдасы жоқ.
От незнания, мы попали в смешную ситуацию. Білмегендіктен, күлкілі жағдайға ұшырадық.
От них кроме вреда, никакой пользы нет. Олардан бізге зияннан басқа пайда жоқ.
От полиции нет никого толку. Полициядан ешқандай қайран жоқ.
От пятницы до пятницы... Жұмадан жұмаға дейін…
От радости его глаза засияли. Қуаныштан оның көзі жайнап кетті.
От радости мое сердце готово разорваться. Жүрегім қуаныштан жарылғалы тұр.
От радости сердце стучит. Қуанғаннан жүрек дүрсілдейді.
От счастья у нас головы кружатся. Бақыттан басымыз айналып жүр.
От тебя все можно ожидать. Сенен бәрі шығады.
От тебя добра ждать не следует. Сенен жақсылық күтуге болмайды.
Отвезите меня, пожалуйста, по этому адресу. Мені осы мекенжайға жеткізіп салыңызшы.
Ответь, пожалуйста, на этот вопрос. Мына сұраққа жауап берші.
Ответь. Жауап бер.
Отвечать будешь ты. Сен жауап бересің.
Отвечу по порядку. Ретімен жауап берейін.
Отдам даром. Тегін беремін.
Отдыхать нет времени. Демалуға уақыт жоқ.
Отдышись. Аптығыңды бас.
Отец твой идёт! Әкең келе жатыр!
Отец твой услышит, убьёт! Замолчи! Әкең естісе, өлтіреді! Жап аузыңды!
Отец, вот Ваша невеста! Мы любим друг друга. Поэтому решили жениться. Әке, міне, келініңіз! Біз бір-бірімізді жақсы көреміз. Сондықтан үйленетін болып шештік.
Отец, радуйтесь, я поступил в университет. Әке, қуана беріңіз, университетке түстім!
Открой рот, закрой глаза! Аузыңды аш, көзіңді жұм.
Откройте окно, пожалуйста! В комнате душно. Терезені ашыңызшы! Бөлмеде қапырық.
Откуда Вы приехали? Қай жақтан келдіңіз?
Откуда вы это узнали? Оны қайдан білдіңдер?
 2. Оны қайда білдіңіздер? (уважительно)
Откуда мне знать, кто они такие? Олардың кім екенін мен қайдан білейін?
Откуда пришёл, куда идёшь? Қайдан келдің, қайда кетіп барасың?
Откуда раздается этот голос? Мынау дауысы қайдан шығып жатыр?
Откуда ты взялся? Сен қайдан шыға келдің?
 2. Сен қайдан пайда болдың?
Откуда ты идёшь? Қайдан келе жатырсың?
Откуда ты родом?
 – Из Восточно-Казахстанской области.
Қай жердікісің?
 2. Қай жердің тумасы боласың?
 – Шығыс Қазақстан облысынікімін.
Откуда ты это узнал? Мұны қайдан білдің?
 2. Мұны қайдан біліп қойдың?
Откуда ты? Қай жерденсің?
 2. Қай жақтансың?
Откуда я знаю? Мен қайдан білемін?
Отличная идея! Керемет идея!
Относительно неплохо. Біркелкі жаман емес.
Отныне будь осторожен. Бұдан былай абай бол.
Отпрашивайся у отца. Әкеңнен сұран.
Отпусти меня. Жібер мені.
Отрезать тебе язык что ли? Тіліңді кесейін бе осы?
Отстань, пожалуйста! Кетші бар!
Оттаскаю за волосы. Шашыңды жұламын.
Оттуда никто не возвращался. Ол жақтан оралған ешкім жоқ.
Очень важное дело. Өте маңызды шаруа.
Очень легко. Оп-оңай.
Очень прекрасный день сегодня. Күн керемет жақсы екен бүгін.
Очень радуюсь этому. Оған қатты қуанып отырмын.
Очень смешно. Өте күлкілі.
Очень удобно и безопасно. Өте ыңғайлы әрі қауіпсіз.
Очень хорошо вышло. Өте әдемі шығыпты.
Ошибку свою признаю. Қателегімді мойындаймын.



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  В быту, Н Вернуться к началу В быту, П  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга