Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 Работа
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 Н 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
 В быту
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 Н 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
На собрании
Резолюция/виза
Характеристика
Вернуться
к другим
разговорникам

Работа, Я

Русско-казахский сборник фраз и словосочетаний.
Краткий русско-казахский сборник


Авторы: Р. Керимбаев, А. Керимбаев

Я
Я аж вспотел. Терлеп кеттім ғой.
Я беспартийный. Мен партияда жоқпын.
Я безработный. Мен жұмыссызбын.
Я бессилен перед законом. Заңның алдында дәрменсізбін.
Я больше не могу терпеть. Мен бұдан ары шыдай алмаймын.
Я буду здесь. Мен осында боламын.
Я буду рядом. Мен қасыңда боламын.
Я буду считать, что не слышал этого. Бұл сөзді естімеген болайын.
 2. Бұл сөзді естімедім деп есептейін.
Я буду там через час. Мен бір сағаттан кейін сонда боламын.
Я буду тебя оберегать. Мен сені қорғап жүремін.
Я буду через час. Мен бір сағаттан соң боламын.
Я бы не смог так сказать. Мен олай айта алмас едім.
Я бы сказал, если знал. Білсем, айтар едім.
Я бы согласился. Мен келісер едім.
Я бы тоже так поступил. Мен де осылай істер едім.
Я был за границей. Только недавно вернулся. Мен шет елде болдым. Жақында ғана оралдым.
Я был бы доволен. Риза болар едім.
Я был неправ. Менікі дұрыс болмады.
Я в долгу не останусь. Обещаю. Мен қарыздар болып қалмаймын. Уәде беремін.
Я в доме хозяин! Мен үйдің қожасымын!
 2. Үйдің иесі - менмін!
Я в это поверить не могу. Мен бұған сене алмаймын.
Я в этом не сомневаюсь. Оған күмәнім жоқ.
 2. Оған шүбәм жоқ.
Я в этом не совсем уверен. Мен оған толық сенімді емеспін.
Я в этом убедился. Менің оған көзім жетті.
Я Вам верю на слово. Мен Сіздің сөзіңізге сенемін.
Я Вам все объясню, но пусть это останется между нами. Мен Сізге бәрін түсіндіріп айтамын, бірақ арамызда қалсын.
Я Вам завидую. Мен Сізге қызығамын.
Я Вам не мальчик. Мен Сізге бала емеспін.
Я Вам очень обязан. Аса қарыздармын Сізге.
Я Вам помогу. Мен Сізге көмектесемін.
Я Вас долго ждал. Мен Сізді ұзақ күттім.
Я Вас знаю со стороны. Мен Сізді сыртыңыздан білемін.
 2. Мен Сізді сырттай білемін.
Я Вас не видел несколько недель. Сізді бірнеше апта бойы көрмедім.
Я Вас не подведу. Сізді жерге қаратпаймын.
Я Вас не понимаю. Мен Сізді түсінбей тұрмын.
Я Вас подвёл. Сізді ұятқа қалдырдым.
Я Вас поддерживаю на 100 процентов. Мен Сізді жүз пайызға қолдаймын.
Я Вас раньше где-то видел. Мен Сізді бұрын бір жерде көрген сияқтымын.
Я Вас слушаю. Сізді тыңдап отырмын.
 2. Құлағым Сізде.
Я Вас уважаю, как старшего брата. Мен Сізді ағам сияқты сыйлаймын.
Я Вас хорошо понимаю Мен Сізді жақсы түсінемін.
Я Ваш адвокат и поэтому должен знать всё. Мен Сіздің қорғаушыңызбын, сондықтан бәрін білуім керек.
Я Ваш поклонник. Мен Сіздің табынушыңызбын.
Я Ваш постоянный клиент. Сіздің тұрақты клиентіңізбін.
Я вдова. Мен жесірмін.
Я вежливо сказал. Мен сыпайылап айттым.
Я верил в вас с самого начала. Мен сендерге басынан бастап сенгенмін.
Я верю в справедливость. Мен әділеттілікке сенемін.
Я верю фактам. Мен деректерге сенемін.
Я вернусь, когда решу все свои дела. Жұмыстарымды бітірген соң ораламын.
Я взял на себя ответственность. Жауапкершілікті өз мойнына алдым.
Я виноват перед Вами. Сіздің алдында кінәлімін.
Я все свои дела закончил ещё вчера. Мен жұмысымның бәрін кеше бітіріп қойдым.
Я всегда с тобой. Мен әрқашан сенімен біргемін.
Я всё вижу. Мен бәрін көріп жүрмін.
Я всё исправлю. Мен барлығын түзетемін.
Я всё понимаю. Мен барлығын түсініп жүрмін.
Я всё про тебя знаю. Мен сен жайлы бәрін білемін.
Я всё равно тебя найду. Мен сені бәрібір тауып аламын.
Я всё уладил. Мен бәрін реттеп қойдым.
Я всю жизнь буду Вашим должником. Сізге өмір бақи қарыздар боламын.
Я вроде не говорил. Как ты догадался? Мен айтпаған сияқты едім. Қалай аңғардың?
Я выведу его на чистую воду. Су бетіне шығарамын оны.
Я выговор получил. Сөгіс алып шықтым.
Я выезжаю в краткосрочную командировку. Мен қысқа мерзімді іссапарға кетіп бара жатырмын.
Я выйду ненадолго. Мен аз уақытқа шығып келемін.
Я выполнил Ваше задание. Сіздің тапсырмаңызды орындадым.
Я выполнил задание. Тапсырманы орындап қойдым.
Я выполнил свой человеческий долг. Мен адамдық борышымды орындадым.
Я выполню любое Ваше пожелание. Мен Сіздің кез келген тілегіңізді орындаймын.
Я выполню обещание. Мен уәдемді орындаймын.
Я вышел на пенсию. Мен зейнетке шыққанмын.
Я гарантирую! Кепіл беремін!
Я глубоко признателен Вам. Мен Сізге дән ризамын.
Я головой отвечаю за это. Мен оған басыммен жауап беремін.
Я горжусь дружбой с Вами. Сізбен дос болғанымды мақтан етемін.
Я государственный служащий. Мен мемлекеттік қызметкермін.
Я готов принять Вас в любое время. Кез келген уақытта Сізді қабылдауға әзірмін.
Я гражданин Республики Казахстан. Мен Қазақстан Республикасының азаматымын.
Я давно не был в Астане. Астанаға бармағалы көп болды.
Я давно хотел с Вами познакомиться. Көптен бері Сізбен танысқым келіп жүр еді.
Я дал слово и не сдержал. Сөз бердім. Берген сөзімде тұра алмадым.
Я далёк от таких мыслей. Ондай ойдан аулақпын.
Я даю своё согласие. Мен келісімімді беремін.
Я два года работал под его руководством. Мен оның қол астында екі жыл қызмет істедім.
Я два раза повторять не буду! Мен екі рет қайталамаймын!
Я доволен. Көңілім толды.
Я доволен своей судьбой. Тағдырыма ризамын.
Я должен закончить в короткий срок. Аз уақыт ішінде аяқтап бітіруім керек.
Я должен отказаться. Бас тартуыма тура келеді.
Я должен подумать. Мен ойлануым керек.
Я дополню. Мен толықтырамын.
Я думал, думал и решил. Ойлап-ойлап, шешімге келдім.
Я думал, что всё устроится. Мен бәрі реттеледі деп ойладым.
Я думаю иначе. Мен басқаша ойлаймын.
Я думаю, что Вы будете довольны. Сіз риза боларсыз деп ойлаймын.
Я думаю, что мы решим этот вопрос. Ол мәселені шешеміз деп ойлаймын.
Я думаю, что тебе понравится. Саған ұнайды деп ойлаймын.
Я думаю, что ты всё поймёшь правильно. Сен бәрін дұрыс түсінеді деп ойлаймын.
Я думаю, что это наша работа. Бұл біздің жұмысымыз деп ойлаймын.
Я его не оправдываю. Мен оны ақтамаймын.
Я его не поддерживаю. Оны қолдап отырғанмын жоқ.
Я его обыграл. Мен оны жеңіп шықтым.
Я его предупредил. Мен оны ескерттім.
Я его хорошо знаю. Мен оны жақсы білемін.
Я еду на 2 недели. Мен екі аптаға бара жатырмын.
Я ему 100 раз напоминал. Мен оған жүз рет ескерттім.
Я ему всё скажу. Мен оған бәрін айтып беремін.
Я ему проспорил. Мен оған бәстесіп ұтылып қалдым.
Я ещё не закончил говорить. Мен сөзімді аяқтаған жоқпын.
Я ещё не закончил разговор с тобой. Сенімен әңгімемді әлі аяқтаған жоқпын.
Я ещё недостаточно хорошо знаю казахский язык, поэтому стесняюсь говорить.
 - Вы не стесняйтесь говорить, только так научитесь говорить по-казахски.
Қазақ тілін əлі жақсы білмеймін, сондықтан қазақша сөйлеуге ұяламын.
 - Сіз сөйлеуге ұялмаңыз, тек сонда ғана қазақша тез үйрене аласыз.
Я жду. Мен күтіп отырмын.
 2. Мен күтудемін.
Я же в долгу перед Вами. Сіздің алдыңызда қарыздармын ғой.
Я же говорил тебе. Мен саған айтып едім ғой.
Я же не буду говорить без оснований. Мен бекерден бекер сөйлемеймін ғой.
Я же не знал об этом.
 - А если бы знал, чтобы ты сделал?
Мен оны білмедім ғой.
 - Білгенде не істер едің?
Я же не нарушал правила. Ереже бұзған жоқпын ғой.
Я же об этом говорю. Соны айтып тұрмын ғой.
Я же не отказываюсь. Мен бас тартып тұрған жоқпын ғой.
Я же не на войну собираюсь. Мен соғысқа бара жатқан жоқпын ғой.
Я же предупреждал. Ескертіп едім ғой.
Я же сказал, что не пойду, значит, не пойду. Бармаймын дедім ғой, бармаймын.
Я же сказал, что ничего страшного. Ештеңе етпейді дедім ғой.
Я же тебе объяснил? Мен саған түсіндіріп айттым ғой?
Я же тебе сказал, что мне надо идти. Баруым керек дедім ғой саған.
Я же у Вас спрашиваю. Почему молчите? Мен Сізден сұрап тұрмын ғой. Неге үндемейсіз?
Я женат. Мен үйленгенмін.
Я живу на зарплату. Мен айлыққа өмір сүремін.
Я забыл. Прости. Есімнен шығып кетті. Кешір.
Я забыл тебе сказать. Мен саған айтуды ұмытып кетіппін.
Я завтра на работу не приду. Мен ертең жұмысқа келмеймін.
Я займу немного Вашего внимания. Мен аздап Сіздің көңіліңізді бөлейін.
Я закончил. Мен бітірдім.
Я закончил писать отчёт о проделанной работе. Мен атқарылған жұмыс туралы есепті жазып аяқтадым.
Я закончил русскую школу в Лениногорске. Лениногорда орыс мектебін тәмамдадым.
Я замужем. Мен тұрмыстамын.
Я запретил тебе. Саған тыйым салдым.
Я заранее хотел бы записаться. Алдын-ала жазылып кетейін деп едім.
Я зря погорячился. Мен текке қызбалық жасаппын.
Я здесь буду. Мен осында боламын.
Я здесь в качестве гостя. Мен мұнда қонақ ретінде келдім.
Я здесь по другому вопросу. Мен мұнда басқа жұмыспен жүрмін.
Я здесь при чём? Менің бұған қатысым не?
Я здесь работаю. Мен осында жұмыс істеймін.
Я здесь хозяин. Мен бұл жердің қожайынымын.
Я злоупотребляю Вашим вниманием. Мен Сіздің көңіліңізге қиянат жасап отырмын.
Я знал, что так будет. Осындай болатынын білгенмін.
 2. Мен осылай боларын біліп едім.
Я знаю его, как свои пять пальцев. Мен оны бес саусақтай білемін.
Я и не требую никакой благодарности. Мен ешқандай да рақмет талап етпеймін.
Я и сам понять не могу. Өзім де түсінбей тұрмын.
Я и сам так думал. Өзім де солай ойлап жүргенмін.
Я и себя, и тебя погубил. Мен өзімнің де, сенің де түбіне жеттім.
Я искал тебя везде. И, наконец, нашел. Сені барлық жерден іздедім. Ақыры таптым.
Я исполнял свои обязанности. Мен өз міндеттерімді атқардым.
Я ищу работу. Мен жұмыс іздеп жүрмін.
Я ищу постоянную работу. Мен тұрақты жұмыс іздеп жүрмін.
Я к Вам пришёл. Мен Сізге келіп едім.
Я, кажется, где-то Вас видел? Сізді бір жерден көрген сияқтымын?
Я когда-нибудь не сдерживал обещания? Сөзімде тұрмаған кезім болды ма?
Я кому говорю? Мен кімге айтып тұрмын?
Я лично не против. Мен өз басым қарсы емеспін
Я лишь выполнил свой долг. Мен тек өз парызымды орындадым.
Я лучше тебя знаю. Сенен жақсы білемін.
Я люблю свою страну. Мен өз елімді сүйемін.
Я могу говорить по-казахски. Қазақша сөйлей аламын.
Я могу обидеться. Мен ренжіп қалуым мүмкін.
Я могу ошибаться. Қателесуім мүмкін.
Я надеюсь, что будет так. Солай болар деп үміттенемін.
Я надеюсь, что мы не помешали Вам. Сізге кедергі жасамаған шығармыз деп үміттенемін.
Я надеюсь, что ты понял. Түсінген шығарсың деп сенемін.
Я найду выход. Бір амалын табармын.
Я научусь. Үйренемін.
Я начал писать по-казахски. Мен қазақша жаза бастадым.
Я начал понимать. Мен түсіне бастадым.
Я не бездельничаю. Аяқты аспанға көтеріп жатқан жоқпын.
Я не буду Вас беспокоить. Мен Сіздің мазаңызды алмаймын.
Я не буду нарушать закон. Мен заңды бұзбаймын.
Я не выдаю чужих секретов. Біреудің құпиясын сыртқа шашпаймын.
Я не виноват. Мен кінәлі емеспін.
Я не выдержал. Шыдай алмай кеттім.
Я не выдержал испытательный срок. Сынақ мерзімінен өте алмадым.
Я не глухой. Құлағым керең емес.
 2. Мен саңырау емеспін.
Я не говорил, что знаю. Мен білемін деген жоқпын.
Я не делал ему зла. Оған жамандық жасағаным жоқ.
Я не допустил. Мен жол бермедім.
Я не достоин этого. Мен мұндайға лайық емеспін.
Я не думал, что всё так произойдёт. Бәрі осылай болады деп ойламадым.
Я не займу много твоего времени. Мен сенің көп уақытыңды алмаймын.
Я не заметил. Байқамай қалдым.
Я не заметил, как Вы пришли. Сіздің келгеніңізді көрмей қалдым.
Я не замужем. Менің басым бос.
 2. Мен тұрмысқа шықпағанмын.
Я не затрагиваю такие темы. Мен ондай тақырыптарды қозғамаймын.
Я не знал. Мен білген жоқпын.
 2. Мен білмеппін.
 3. Білмеген едім.
Я не знаю, как его зовут. Мен оның атын білмеймін.
Я не знаю, кто он такой. Оның кім екенін білмеймін.
Я не знаю смеяться мне или плакать на это. Мынаған не күлерімді, не жыларымды білмей отырмын.
Я не знаю, что и сказать Вам. Сізге не дерімді білмей тұрмын?
Я не знаю этого человека, в первый раз вижу. Бұл кісіні мен танымаймын, бірінші рет көріп тұрмын.
Я не курю и не пью. Шылым шекпеймін, арақ ішпеймін.
Я не мог ему сказать. Мен оған айта алмадым.
Я не могу быть ему советчиком. Мен оған ақылшы бола алмаспын.
Я не могу Вам это сказать. Сізге мұны айта алмаймын.
Я не могу тебе объяснить. Мен саған түсіндіре алмаймын.
Я не могу ничем Вам помочь. Мен Сізге ешқандай көмек бере алмаймын.
Я не могу пойти на такую жертву. Мен ондай құрбандыққа бара алмаймын.
Я не могу пообещать. Уәде бере алмаймын.
Я не могу с этим смириться. Мен бұған көне алмаймын.
Я не могу сидеть сложа руки. Мен қол қусырып отыра алмаймын.
Я не могу уже это терпеть, есть предел и терпению. Бұған шыдамым жетер емес, шыдамның да шегі бар.
Я не надолго выйду. Мен аз уақытқа шығып келемін.
Я не нашел необходимой информации. Қажетті ақпарат таба алмадым.
Я не ожидал Вас увидеть. Сізді көремін деп ойлаған жоқ едім.
Я не о работе хотел поговорить. Мен жұмыс туралы сөйлескелі тұрған жоқпын.
Я не обижаюсь на мелочи. Мен ұсақ-түйектерге ренжімеймін.
Я не обманываю. Мен өтірік айтып тұрған жоқпын.
Я не ожидал от тебя такого. Мен сенен мұндайды күтпеген едім.
Я не опоздал? Мен кешіккен жоқпын ба?
Я не откажусь от своей мечты. Мен арманымнан бас тартпаймын.
Я не отказываюсь от своих слов. Мен айтқан сөздерімнен бас тартпаймын.
Я не позволю этому быть. Мен бұған жол бермеймін.
Я не помню. Есімде жоқ.
Я не понимаю, почему он так сделал. Мен оның неге былай жасағаның түсінбеймін.
Я не понял смысла этой шутки. Осы әзілдің мағынасын түсінбедім.
Я не понял, что Вы говорите. Сіздің не айтып тұрғаныңызды ұқпадым.
Я не понял, что ты сказал. Айтқаныңды түсіне алмадым.
Я не праздный человек. Ерігіп жүрген адам емеспін.
Я не против. Қарсылығым жоқ.
Я не слышал об этом. Мен бұл жайлы естімеппін.
Я не смогу тебя оправдать. Мен сені ақтай алмаймын.
Я не смогу участвовать в этом. Мен бұған қатыса алмайды екем.
Я не согласен с этим мнением. Мен бұл пікірмен келіспеймін.
Я не сожалею. Мен өкінбеймін.
Я не спрашивал твоего мнения. Мен сенің пікіріңді сұраған жоқпын.
Я не считаю себя виновным. Өзімді кінәлі деп санамаймын.
Я не такой. Мен ондай емеспін.
Я не такой, как некоторые. Кейбір адам сияқты емеспін.
Я не уверен. Сенімді емеспін.
Я не удовлетворен. Қанағаттанбай тұрмын.
Я не успеваю. Мен үлгермей жатырмын.
 2. Мен үлгере алмай жатырмын.
Я не хочу Вас беспокоить. Сізді мазалағым келмейді.
Я не хочу с вами разговаривать. Менің сендермен сөйлескім келмейді.
Я не хотел тебя расстраивать. Сенің көңіліңді түсіргім келмеді.
Я не хотел, чтобы вышло плохо. Жамандық болғанын қалаған жоқпын.
Я не хочу говорить об этом. Ол жайлы сөйлескім келмейді.
Я не шучу. Мен қалжыңдап тұрған жоқпын.
Я не это имел ввиду. Мен оны меңзеп тұрған жоқпын.
Я не это хотел сказать. Менің айтқым келгені бұл емес.
 2. Айтайын дегенім ол емес.
Я недавно вышел на работу. Мен жақында жұмысқа шықтым.
Я недавно начал изучать казахский язык. Мен қазақ тілін таяуда үйрене бастадым.
Я немного волнуюсь. Мен аздап қобалжып тұрмын.
Я немного задержался. Мен біраз бөгеліп қалдым.
Я немного приболел. Сегодня на работу не выйду. Аздап сырқаттанып қалдым. Бүгін жұмысқа келмеймін.
Я ни о чём не сожалею. Мен ештеңеге өкінбеймін.
Я ни перед кем не обязан отчитываться. Мен ешкімнің алдында есеп беруге міндетті емеспін.
Я ни с кем не конкурирую. Мен ешкіммен бәсекелеспеймін.
Я никогда не забуду Вашу доброту. Сіздің жақсылығыңызды ешқашан ұмытпаймын.
Я никогда не опаздываю. Мен ешқашан кешікпеймін.
Я никого из своих противников слабым не считаю. Мен ешқандай қарсыласымды осал деп есептемеймін.
Я никого не агитирую. Мен ешкімді үгіттемеймін.
Я никого не боюсь. Мен ешкімнен қорықпаймын.
Я никого не держу. Мен ешкімді ұстап тұрған жоқпын.
Я никому не обязан верить. Особенно тебе. Ешкімге сенуге міндетті емеспін. Әсіресе саған.
Я никому не позволю управлять мною. Мен ешкімге өзімді билетіп қоймаймын.
Я ничего не говорил. Мен ештеңе деген жоқпын.
Я ничего не видел. Мен ештеңе көрген жоқпын.
Я ничего такого не говорил. Мен ондай ештеңе айтқан жоқпын.
Я о другом беспокоюсь. Мен басқаға алаңдап тұрмын.
Я об этом не подумал. Мен ол туралы ойламаппын.
Я об этом ничего не знаю. Мен ол туралы ешнәрсе білмеймін.
Я обещаю, что не скажу. Айтпаймын деп уәде беремін.
Я обязательно передам Ваш привет. Сәлеміңізді міндетті түрде жеткіземін.
Я оказался между двух огней. Мен екі оттың ортасында қалдым.
Я опаздываю. Мен кешігіп жатырмын.
Я опаздываю на работу. Жұмысыма кешігіп барамын.
 2. Мен жұмыстан калып бара жатырмын.
Я от тебя такого не ожидал. Сенен мұндай нәрсе күтпеген едім.
Я отдежурил сутки. Тәулікттік кезекті атқарып шықтым.
Я отказался бороться. Мен күресуден бас тартым.
Я открою вам одну свою маленькую тайну. Мен сендерге кішкентай бір құпиямды ашайын.
Я откуда знаю? Мен қайдан білемін?
Я отправил письмо по электронной почте. Электронды пошта арқылы хат жолдадым.
Я отпросился с работы. Мен жұмыстан сұранып кеттім.
Я отсюда никуда не уезжал бы. Мен осы жерден ешқайда кетпес едім.
Я очень рад, что Вы пришли. Келгеніңізге өте қуаныштымын.
Я очень сожалею об этом своём поступке. Бұл қылығыма қатты өкінемін.
Я официально заявляю. Ресми түрде мәлімдеймін.
Я плохо считаю. Есепке шорқақпын.
Я подготовил два варианта. Екі нұсқасын әзірлеп қойдым.
Я пойду, а то опоздаю. Мен барайын, әйтпесе кешігіп қаламын.
Я покажу вам, кто я такой. Сендерге кім екенімді көрсетемін.
Я полностью согласен с тем, что Вы сказали. Сіздің айтқаныңызбен толықтай келісемін.
Я помешал вашему разговору? Әңгімелеріңе кедергі жасадым ба?
Я понимаю возложенную на меня ответственность. Маған артылған жауапкершілікті түсінемін.
Я попал в пробку. Кептелісте тұрып қалдым.
Я попробую отпроситься у шефа. Мен бастықтан сұранып көрейін.
Я поражаюсь. Мен қайран қалып отырмын.
Я посоветовался с женой. Әйеліммен ақылдасып едім.
Я посоветуюсь с начальством. Бастықтармен ақылдасайын.
Я постараюсь оправдать Ваше доверие. Сіздің сеніміңізді ақтауға тырысамын.
Я постараюсь ответить на Ваши вопросы. Мен Сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге тырысайын.
Я постараюсь прийти пораньше. Ертерек келуге тырысамын.
Я постараюсь так сделать. Солай істеуге тырысамын.
Я постарел, пока ждал тебя. Сені күтемін деп қартайдым.
Я потерял надежду. Мен үмітімді үздім.
Я пошёл, у меня есть дела. Кеттім, жұмыстарым бар.
 2. Кеттім, шаруаларым бар.
Я правильно говорю? Мен дұрыс айтып тұрмын ба?
Я привёз вам копию договора. Ознакомьтесь. Сізге келісім-шарттың көшірмесін алып келдім. Танысып шығыңыз.
Я привык к привольной жизни. Еркін өмірге үйреніп қалдым.
Я привык к трудностям. Мен қиыншылықтарға үйренгенмін.
Я приду ближе к вечеру. Кешке қарай келемін.
Я прилагаю все усилия. Мен бар күшімді салып жатырмын.
Я принёс документы, которые Вы спрашивали. Сіз сұраған құжаттарды әкеліп қойдым.
Я принёс радостную весть. Қуанышты хабар әкелдім.
Я принёс резюме и копии документов. Түйіндеме мен құжаттардың көшірмесін әкелдім.
Я пришёл, а тебя нет. Мен келсем, сен жоқсың.
Я пришёл к Вам с просьбой. Мен Сізге өтінішпен келдім.
Я пришёл не по своей воле. Мен өз еркіммен келген жоқпын.
Я пришёл по объявлению. Хабарландыру бойынша келдім.
Я пришёл по одному делу. Бір шаруамен келіп едім.
Я пришёл попрощаться. Мен қоштасу үшін келдім.
Я пришёл посоветоваться с Вами. Сізбен ақылдасайын деп келдім.
Я пришёл просить прощения. Кешірім сұрауға келдім.
Я пришёл, чтобы тебя предупредить. Саған ескерту үшін келдім.
Я про это ничего не могу сказать. Ол туралы ештеңе айта алмаймын.
Я провожу тебя. Шығарып салайын сені.
Я проиграл. Мен жеңілдім.
 2. Мен ұтылдым.
Я продолжаю учить казахский язык. Қазақ тілін үйренуді жалғастырып жүрмін.
Я просто спросил. Жай сұрағаным ғой.
Я просто так не сдамся. Мен жайдан-жай берілмеймін.
 2. Мен оңай берілмеймін.
Я просто так сказал. Жай айта салдым.
Я просто так спросил. Жай ғана сұрадым.
Я работаю. Мен жұмыс істеп жатырмын.
Я работаю в государственном учреждении. Мен мемлекеттік мекемеде жұмыс істеймін.
Я работаю в министерстве. Мен министрлікте жұмыс істеймін.
Я работаю в сфере здравоохранения. Мен денсаулық сақтау саласында жұмыс істеймін.
Я работаю в финансовой сфере. Мен қаржы саласында жұмыс істеймін.
Я работаю с раннего утра до позднего вечера. Мен таң атқаннан кешке дейін жұмыс істеймін.
Я работник сферы обслуживания. Қызмет көрсету саласының маманымын.
Я рад за тебя. Сен үшін қуаныштымын.
Я рад знакомству с Вами. Сізбен танысқаныма қуаныштыын.
Я рад Вас видеть. Сізді көргеніме қуаныштымын.
Я рад, что Вам понравилось. Сізге ұнағанына қуанамын.
Я рад, что вы снова вернулись. Сіздің қайтып келгеніңізге қуаныштымын.
Я разве похож на человека, который шутит? Мен әзілдеп тұрған адамға ұқсаймын ба?
Я разведён. Мен ажырасқанмын.
Я разведена. Күйеуіммен ажырасқанмын.
Я разочарован твоей работой. Сенің істеген жұмысыңнан көңілім қалды.
Я растерялся и не знал, что делать. Не істерімді білмей, абдырап қалдым.
Я руководитель. Мен басшымын.
Я с другим вопросом пришёл. Мен басқа мәселемен келіп тұрмын.
Я с хорошими намерениями говорю. Мен жақсы ниетпен айтып тұрмын.
Я с этим категорически не согласен. Мен мұнымен үзілді-кесілді келіспеймін.
Я сам знаю, что мне делать. Мен не істейтінімді өзім білемін.
Я свободно говорю по-казахски. Мен қазақша еркін сөйлеймін.
Я связан по рукам и ногам. Қол-аяғым байлаулы.
Я сделал всё, что вы сказали. Айтқаныңызды түгел орындадым.
Я сделал всё, что мог. Қолымнан келгенін жасадым.
Я сделал неспециально. Əдейі жасаған жоқпын.
 2. Мен әдейі істегенім жоқ.
Я сделаю всё, что в моих силах. Қолымнан келгеннің бәрін істеймін.
Я сделаю то, что Вы сказали! Айтқаныңызды орындаймын!
Я себя не сдержал. Өзімді ұстай алмай кеттім.
Я себя плохо чувствую. Мен өзімді нашар сезініп тұрмын.
Я сегодня опоздал на работу. Мен бүгін жұмысқа кешіктім.
Я сегодня приду домой поздно. Мен үйге бүгін кешігіп келемін.
Я сейчас в полиции. Мен қазір полициядамын.
Я сейчас вернусь. Қазір айналып келемін.
 2. Қазір қайтып келемін.
Я сейчас всё расскажу. Қазір бәрін айтамын.
Я сейчас выйду. Мен қазір шығамын.
Я сейчас, через полчаса приду. Қазір жарты сағаттан кейін келемін.
Я сейчас учу казахский язык. Мен қазір қазақ тілін үйреніп жүрмін.
Я скажу вам один секрет. Но вы только никому не проговоритесь. Мен сендерге бір құпия айтайын. Бірақ, сендер ешкімге айтып қоймаңдар.
Я сказал, что видел. Мен көргенімді айттым.
Я сказал, что знал. Мен білгенімді айттым.
Я скоро приду. Мен біраздан кейін келемін.
Я слышал своими ушами. Өз құлағыммен естідім.
Я собираюсь домой. Мен үйге қайтқалы тұрмын.
Я собираюсь сделать ему предложение, от которого он не сможет отказаться. Мен оған бас тарта алмайтын ұсыныс жасағалы жатырмын.
Я совсем забыл тебе сказать. Саған айтуды мүлдем ұмытып кетіппін.
Я согласен. Мен келісемін.
Я согласен, что поступил неправильно. Дұрыс жасамағаныма келісемін.
Я согласился. Мен келісе салдым.
Я сожалею о своих ошибках. Өз қателіктеріме өкінемін.
Я солдат. Я подчиняюсь приказам. Мен солдатпын. Мен бұйрыққа бағынамын.
Я сомневаюсь. Мен күмәнданып тұрмын.
Я сообщу куда надо. Тиісті жерге хабарлаймын.
Я сочувствую Вашему горю. Қайғыңызға ортақпын.
Я стал бояться за тебя. Сен үшін қорқа бастадым.
Я старался, как мог. Мен қолымнан келгенше тырыстым.
Я схожу пройдусь. Мен бір айналып келейін.
Я сыт по горло твоими выходками! Сенің қылықтарыңа әбден тойдым!
Я так и знал. Солай боларын білгенмін.
Я так не говорил Вам. Мен Сізге олай деген жоқпын.
Я так не думаю. Мен олай ойламаймын.
Я так предполагаю. Солай деп топшылаймын.
Я так старался. Мен сондай тырысып едім.
Я так рад, ты не представляешь. Сондай қуаныштымын, сен елестете алмайсың.
Я такими делами не занимаюсь. Ондай іспен айналыспаймын.
Я такое не поддерживаю. Мен ондайды жақтамаймын.
Я такой. Мен сондаймын.
Я там не был. Мен онда болған жоқпын.
Я тебе всё рассказал о своей личной жизни Мен саған жеке өмірім жайлы бәрін айттым.
Я тебе говорил. Мен саған айтқанмын.
Я тебе для примера говорю! Мен саған мысал үшін айтып тұрмын!
Я тебе ещё припомню это. Мен мұны әлі есіңе салармын.
Я тебе не мальчик на побегушках. Мен саған алып кел, шауып кел бала емеспін.
 2. Мен саған жұмсай беретін бала емеспін.
Я тебе не разрешаю. Мен саған рұқсат етпеймін.
Я тебя больше не буду беспокоить. Бұдан былай мазаңды алмаймын.
Я тебя знаю, как свои пять пальцев. Мен сені бес саусағымдай білемін.
Я тебя ищу, а ты здесь, оказывается. Мен сені іздеп жүрсем, сен осында екенсің ғой.
Я тебя не виню. Мен сені кінәламаймын.
Я тебя не ждал. Мен сені күтпеген едім.
Я тебя не понимаю, почему ты такой. Мені сені түсінбеймін, неге сен сондайсың.
Я тебя предупреждал. Мен саған ескерткенмін.
Я тебя обрадовал? Мен сені қуанттым ба?
Я тебя очень хорошо понимаю. Мен сені өте жақсы түсінемін.
Я тебя слушаю. Мен сені тыңдап тұрмын.
 2. Құлағым сенде.
Я тебя ценю. Мен сенi қадiрлеймiн.
Я тебя уважаю. Мен сені құрметтеймін.
Я тебя уничтожу. Мен сені құртамын.
Я тоже бы так поступил на твоем месте. Сенің орныңда болсам, мен да солай етер едім.
Я тоже об этом говорю. Соны мен де айтып отырмын.
Я тоже рад. Мен де қуаныштымын.
Я тоже рад тебя видеть. Мен де сені көріп қуанып тұрмын.
Я тоже так думал. Мен де солай ойлағанмын.
Я тоже так думаю. Мен де солай ойлаймын.
Я тоже могу так сделать. Мен де солай істей аламын.
Я тоже это хотел бы сказать Мен де соны айтайын деп едім.
Я тороплюсь на работу. Жұмысқа асығып бара жатырмын.
Я точно не знаю. Мен нақты білмеймін.
Я требую правосудия! Әділеттілікті талап етемін!
Я тщательно прочитал эту бумагу. Мен бұл қағазды шұқшия оқыдым.
Я тут посоветовался кое с кем. Мен мұнда біреулермен ақылдасқан едім.
Я у Вас в долгу. Мен Сізге борыштармын.
 2. Сізге қарыздармын.
Я у себя. Заходите, поговорим. Мен өзімде отырмын. Келіңіздер, сөйлесейік.
Я уволился по собственному желанию. Мен өз еркіммен кеттім.
Я удивлён. Мен таң қалып тұрмын.
Я уже давно забыл. Мен әлдеқашан ұмытып кеттім.
Я узнал важную информацию. Мен бір маңызды ақпарат алдым.
Я удивляюсь вам. Сендерге таң қаламын.
Я умею писать по-казахски. Мен қазақша жаза аламын.
Я устал всё скрывать и скрываться от всех. Барлығын жасырып, жасырынып жүруден шаршадым.
Я устал от пустых обещаний. Бос уәдеден шаршадым.
Я устроился на постоянную работу. Тұрақты жұмысқа орналастым.
Я устроился программистом в одну компанию. Мен бір компанияға бағдарламашы болып жұмысқа орналастым.
Я учу казахский язык. Қазақ тілін үйреніп жүрмін.
Я учу казахский язык, потому что он государственный язык Казахстана. Мен қазақ тілін үйреніп жүрмін, өйткені қазақ тілі - Қазақстанның мемлекеттік тілі.
Я холост. Мен бойдақпын.
Я хорошо разбираюсь в компьютерах Мен компьютерді жақсы меңгергенмін.
Я хотел бы пораньше уйти с работы. Жұмыстан ертерек кетейін деп едім.
Я хотел бы сообщить о преступлении. Мен қылмыс туралы ақпарат берейін деп едім.
Я хотел бы устроиться на работу. Мен жұмысқа орналасайын деп едім.
Я хотел встретиться с начальником Бастықпен кездеспекші едім.
Я хотел спросить у тебя. Сенен сұрағым келген.
 2. Сенен сұрайын деп едім.
Я хотел тебе объяснить. Но ты не захотел слушать Мен саған түсіндіргім келіп еді. Бірақ сен тыңдағың келмеді.
Я хочу найти работу. У вас есть вакансии? Менің жұмыс тапқым келеді. Сіздерде бос орын бар ма?
Я хочу напомнить Вам. Есіңізге салайын.
Я хочу везде успеть! Мен бәріне үлгергім келеді!
Я хочу дать тебе совет. Мен саған кеңес бергiм келедi.
Я хочу знать. Менің білгім келеді.
Я хочу кое-что спросить у тебя. Сенен бір нәрсе сұрағым келеді.
Я хочу с вами поделиться. Сіздермен бөліскім келеді.
Я хочу с Вами познакомиться. Сізбен танысқым келеді.
Я хочу услышать Ваше мнение. Мен Сіздің ойыңызды естігім келіп тұр.
Я хочу хорошо говорить по-казахски. Мен қазақша жақсы сөйлегім келеді.
Я частный предприниматель. Мен - жеке кәсіпкермін.
Я человек независимый. Не хочу никому подчиняться. Мен тәуелсіз жүрген адаммын. Ешкімге бағынғым келмейді.
Я чувствовал, что так будет. Осылай болатынын сезгенмін.
Я что-нибудь придумаю. Бір жолын ойластырармын.
Я что должен тебе отчет давать? Саған есеп беруім керек пе?
Я шучу, ты ему не проговорись. Ойнап айтамын, сен оған айтып қойып жүрме.
Я это дело решил. Бұл істі мен шешім қойдым.
Я это пережил. Мен мұны басымнан өткіздім.
Я это подтверждаю. Мұны мен растаймын.
Я это потом объясню. Оны кейін түсіндіремін.
Я это так не оставлю! Мен мұны бұлай қалдырмаймын!
 2. Мен мұны аяқсыз қалдырмаймын!
Я это точно не знаю. Оны нақты білмеймін.
Я этот приказ выполнить не могу. Мен бұл бұйрықты орындай алмаймын.
Я эту проблему обязательно решу. Мен мына мәселені міндетті түрде шешемін.
Явка обязательна. Қатысу міндетті.
Является важным. Маңызды болып табылады.
Является необходимым. Қажетті болып табылады.
Является неправомерным. Заңсыз болып табылады.
Язык межнационального общения. Ұлтаралық қарым-қатынас тілі.
Язык не поворачивается сказать. Айтуға ауыз бармайды.
Языковая дискриминация. Тілдік шектеу.
Яснее ясного. Айдан анық.



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Работа, У-Ю Вернуться к началу В быту, А-Б  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга