Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 Работа
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 Н 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
 В быту
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 Н 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
На собрании
Резолюция/виза
Характеристика
Вернуться
к другим
разговорникам

Работа, О

Русско-казахский сборник фраз и словосочетаний.
Краткий русско-казахский сборник


Авторы: Р. Керимбаев, А. Керимбаев

О
О благодарности. Алғыс туралы.
О внеочередном отпуске. Кезектен тыс демалыс беру туралы.
О внесении изменений и дополнений. Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
О выполнении социальных проблем. Әлеіметтік мәселелердің орындалуы туралы.
О денежнем вознаграждении. Ақшалай сыйлық беру туралы.
О ком говоришь, он и появляется. Кімді айтсаң, сол келеді.
О ком ты говоришь? Кім жайлы айтып тұрсың?
О материальной помощи. Материалдық көмек беру туралы.
О моих недостатках говори мне в глаза. Мінімді бетіме айт.
О наложении дисциплинарного взыскания. Тәртіптік жаза қолдану туралы.
О переводе. Ауыстыру жөнінде.
О приёме на работу. Жұмысқа қабылдау туралы.
О себе пусть заботятся. Өздеріне ие болсын.
О совершенствовании. Жетілдіру туралы.
О создании аттестационной комиссии. Аттестациялау комиссиясын құру туралы.
О таких вещах не спрашивают. Ондай нәрселер жайлы сұрамайды.
О тебе говорили. Сен жайлы әңгімелестік.
О том, что видел, никому не говори. Көргеніңді ешкімге айтпа.
О чём Вы с ними говорили? Олармен не туралы сөйлестіңіз?
О чём вы шепчетесь? Не деп сыбырласып жатырсыңдар?
О чём ты думаешь? Сен не ойлап отырсың?
О чём ты задумался? Қандай ойға түсіп кеттің?
О чём ты хотел поговорить? Не жайлы сөйлесейін дедің?
Об этом мы давай потом поговорим. Бұл жайында кейін әңгімелесейік.
Об этом ещё поговорим. Бұл жөнінде әлі сөйлесеміз.
Об этом надо молчать. Бұл туралы ләм-мим демеу керек.
 2. Бұл туралы ауыз ашпау керек.
Об этом не говорилось. Ол туралы айтылмады.
Об этом никто и не знает. Бұл туралы ешкім де білмейді.
Об этом потом поговорим! Бұл жайлы кейін сөйлесеміз!
 2. Ол туралы кейін сөйлесерміз.
Обгон запрещён. Басып озуға тыйым салынады.
Обгони его! Оны озып кет!
Обещанное надо выполнять. Уәде берген соң, орындау керек.
Обещал, что придёт, но обманул. Келемін деп уәде берді де, алдап кетті.
Обещание нужно выполнять! Уәдені орындау керек!
Обещаю, не пожалеешь. Уәде беремін, өкінбейсің.
Обещаю, что никому не скажу. Ешкімге айтпаймын деп уәде беремін.
Обидел Вас нечаянно. Простите. Сізді байқамай ренжітіп алдым. Кешіріңіз.
Обманывать нельзя. Алдауға болмайды.
Обратите внимание. Назар аударыңыз.
Образцы заявлений и обращений. Арыздар мен өтініштердің үлгілері.
Обратите особое внимание. Ерекше көңіл бөліңіз.
Обратиться с жалобой в вышестоящую инстанцию. Жоғары инстанцияға шағымдану.
Обращайся ко мне на «ты». «Сен» деп сөйлеші.
Обращение к народу. Халыққа үндеу.
Обсудим всё спокойно. Асықпай отырып талқылайық.
Общественное мнение. Қоғамдық пікір.
Объясни всё по порядку, пожалуйста. Бәрін дұрыстап түсіндірші.
 2. Бәрін рет-ретімен түсіндірші.
Объясни мне это, пожалуйста! Соны түсіндірші маған!
Объясни по-человечески, пожалуйста. Адам сияқты түсіндірші.
Объяснительная записка. Түсініктеме жазба.
Общий знаменатель. Ортақ бөлгіш.
Обязан к воинской службе. Әскери қызметке міндеттімін.
Обязанности работника. Жұмысшының міндеттері.
Обязательно будет нужно. Міндетті түрде керек болады.
Обязательно приду. Міндетті түрде келем.
Обязательство о неразглашении коммерческой тайны. Коммерциялық құпияны жарияламау туралы міндеттеме.
Один ноль в Вашу пользу. Бір де нөл Сіздің пайдаңызда.
Один раз за сутки. Тәулігіне бір рет.
Один человек всё не успеет. Бір адам бәріне үлгере алмайды.
Однако сейчас в обществе меняется парадигма. Алайда қазір қоғамда парадигма өзгеріп бара жатыр.
Одним словом, отлично. Бір сөзбен айтқанда, керемет.
Одно и то же, одно и то же. Ылғи осы, ылғи осы.
Одно к одному. Бірге бір.
Одноместный номер стоит 15 000 тенге. Бір кісілік бөлме он бес мың теңге тұрады.
Ой, это Вы? Ойбай, Сіз екенсіз ғой.
Ой, я испугался. Ойбай-ай, қорқып қалдым.
Оказывается, ты не помнишь добра. Жақсылықты білмейді екенсің.
Оказывается, ты хорошо говоришь по-казахски. Қазақша жақсы сөйлейді екенсің.
Оказывается, это ты всё портишь. Бәрін бүлдіріп тұрған сен екенсің ғой.
Окончательное решение. Ақырғы шешім.
Окружающая среда. Қоршаған орта.
Он беспокоит вас? Мазаларыңды алып жатыр ма?
Он больше так не сделает. Ол енді бұлай істемейді.
Он больше тебя не будет беспокоить. Ол енді сені мазаламайды.
Он будет после обеда. Түстен кейін болады.
Он был бы рад. Ол қуанар еді.
Он был здесь. Ол осында болатын.
Он в безвыходном положении. Ол шарасыз күйде.
Он в любой момент может приехать. Ол кез келген сәтте келіп қалуы мүмкін.
Он в последнее время возгордился. Ол кейінгі кезде менменсіп кетті.
Он Вас каждый день не проверяет же. Ол Сізді күнде тексеріп жатқан жоқ қой.
Он Вас не подведёт. Ол Сізді ұятқа қалдырмайды.
Он Вас шантажировал?
 - Да, бессовестным образом шантажировал.
Ол Сізді бопсалады ма?
 - Иә, арсыз түрде бопсалады.
Он ведёт себя так, будто ему все должны. Ол өзін бәрі оған міндетті сияқты ұстайды.
Он ведь тоже человек. Ол да адам баласы ғой.
Он военнослужащий. Ол әскери қызметші.
Он возгордился, теперь успокоится. Менменсіп кетіп еді, енді сабасына түсетін болды.
Он всё делает из зависти. Ол бәрін қызғаныштан істейді.
 2. Ол бәрін көре алмай істейді.
Он всё ещё дуется. Ол әлі бұртиып жатыр.
Он всё знает. Ол бәрін біледі.
 2. Оның білмейтін жоқ.
Он всё равно не даст покоя. Ол бәрі бір маза бермейді.
Он всё уладит. Ол бәрін реттейді.
Он вынужден был так сделать. Ол солай істеуге мәжбүр болды.
Он вышел, сейчас придёт. Ол шығып кетті, қазір келеді.
Он говорит намёками. Тұспалдай сөйлейді.
Он дал мне обещание. Ол маған уәде беріп еді.
Он давно ушёл. Ол баяғыда кетіп қалды.
Он держит всё под контролем. Ол бәрін бақылауда ұстап отыр.
Он до сих пор в шоке. Ол әлі күнге дейін есін жия алмай жүр.
Он добился намеченной цели. Ол алдына қойған мақсатына жетті.
Он добился своего. Ол өзінің дегеніне жетті.
Он думает. Ол ойлануда.
Он же с работы уставший пришёл, пусть отдыхает. Жұмыстан шаршап келген ғой, енді демалсын.
Он же человек, и у него бывают ошибки. Адам болған соң, қателік те болады.
Он ждёт Вас. Ол Сізді күтіп тұр.
Он ещё помучается. Ол әлі көресіні көреді.
Он забудет. Ол ұмытып кетеді.
Он завтра сможет приехать? Ол ертең келе ала ма?
Он задаром ничего не сделает. Ақысыз аяқ баспайды.
Он зашёл без очереди. Ол кезексіз кіріп кетті.
Он знает, что нужно делать. Ол не істеу керегін біледі.
Он и сам ничего не знает. Ол өзі де ештеңе білмейді.
Он изменил всю мою жизнь. Ол менің бүкіл өмірімді өзгертті.
Он иногда приходит. Ол кейде келіп тұрады.
Он как будто окончательно сошёл с ума. Ол әбден есінен адасқан сияқты.
Он куда ушёл? Я с утра его не могу найти. Ол қайда кеткен? Таңертеңнен таппай жүрмін.
Он меня довёз. Ол мені жеткізіп тастады.
Он меня заставил. Ол мені мәжбүрледі.
Он меня как будто не узнал. Ол мені танымағандай болды.
Он меня не пожалеет. Ол менің жанымды шығарады.
Он меня не поймёт. Ол мені ұғар емес.
Он меня не обманет? Ол мені алдап кетпей ме?
Он меня нервирует. Ол менің жүйкемді қоздырады.
Он меня не послушает. Ол мені тыңдар емес.
Он меня так доведёт до греха. Ол мені мына түрімен күнәға батырады.
Он младше меня на 2 года. Ол менен екі жас кіші.
Он мне всё рассказал. Ол маған бәрін айтып берді.
Он в любой момент может приехать. Ол кез келген сәтте келіп қалуы мүмкін.
Он мой ровесник. Ол менің қатарласым.
 2. Ол менің құрдасым.
Он - моя правая рука. Ол - менің оң қолым.
Он на нас не обратил внимания. Ол бізге назар аударған жоқ.
Он, наверное, с ними. Мүмкін, ол солармен бірге шығар.
Он, наконец, достиг своей цели. Ол, ақыры, мұратына жетті.
Он настроен против меня. Ол маған қарсы.
Он начал меняться. Ол өзгере бастады.
Он наш начальник. Ол біздің бастығымыз.
Он не виноват. Оның жазығы жоқ.
Он не здоров. Оның дені сау емес.
Он не знает усталости. Ол шаршауды білмейді.
Он не использовал свой шанс. Ол өз мүмкіндігін пайдалана алмады.
Он не питает вражды. Оның көңіліңде ала жоқ.
Он не пойдёт на такое. Ол ондайға бармайды. 2. Ол ондай әрекетке бармайды.
Он не произнёс ни слова. Ол аузын ләм-мим деп ашпады.
Он не смог выполнить. Ол орындай алмады.
Он не соглашается. Ол келіспей жатыр.
Он не хочет видеть тебя. Ол сені көргісі келмейді.
Он неправильно объяснил. Ол дұрыс түсіндірмеді.
Он нетрудоспособный. Ол еңбекке жарамсыз.
Он никогда не сдастся. Ол ешқашан берілмейді.
Он никуда не денется. Ол ешқайда кетпейді.
Он ничего не знает. Ол ештеңе білмейді.
Он ничего не натворит. Ол ештеңе бүлдірмейді.
Он ничего не сможет сделать. Ол ештеңе жасай алмайды.
Он ничего не хочет понимать. Ештеңені түсінгісі келмейді.
Он ничего плохого мне не сделал. Ол маған еш жамандық жасаған жоқ.
Он оборзел. Ол шіреніп кетті.
Он оказал мне материальную помощь. Ол маған заттай көмек көрсетті.
 2. Ол маған материалдық көмек көрсетті.
Он оказал мне моральную помощь. Ол маған рухани көмек көрсетті.
Он опозорил меня перед всеми сотрудниками. Ол мені бүкіл қызметкерлердің алдында масқара қылды.
Он откуда? Ол қай жерден екен?
Он отомстил. Ол кегін қайтарды.
Он очень быстро работает. Ол өте жылдам жұмыс істейді.
Он очень опасный преступник. Ол - өте қауіпті қылмыскер.
Он ошибся. Ол қателесті.
Он передал тебе привет. Ол саған сәлем айтты.
Он поднял скандал. Жанжал шығарды.
Он подчиняется непосредственно директору. Ол тікелей директорға бағынады.
Он получил психологическую травму. Ол психологиялық зақым алды.
Он понятия не имеет о совести. Оның ұят туралы түсінігі жоқ.
Он попал в аварию. Ол жол апатына түсті.
 2. Ол апатқа ұшырады.
Он постоянно говорит об этом. Сол туралы үнемі айтып жүреді.
Он поступил умно. Ол ақылды істеген.
Он предложил мне работу в офисе. Ол маған кеңседе жұмыс істеуді ұсынды.
Он преувеличивает. Ол асыра айтып жүр.
Он пристально посмотрел. Ол үңіліп қарады.
Он просил передать Вам привет. Ол Сізге сәлем айт деп еді.
Он разве способен на такое? Ол осындайға бара алады ма?
Он сам даст знать. Ол өзі хабар береді.
Он сам ничего не знает. Ол өзі де ештеңе білмейді.
Он сегодня вечером прилетит. Бүгін кешке ұшып келеді.
Он сделал наоборот. Ол керісінше жасаған.
Он сделал не специально. Ол әдейі істеген жоқ.
Он сидит напротив меня. Ол маған қарсы отыр.
Он сказал, что придёт завтра. Ол ертең келемін деді.
Он сможет помочь. Ол көмегін бере алады.
Он снял квартиру. Ол пәтер жалдапты.
Он со мной не считается. Ол менімен санаспайды.
Он совсем опустился. Әбден жүнжіп кетіпті өзі. (калька)
Он согласился. Ол келісті.
Он состоит на учёте в больнице. Ол ауруханада есепте тұр.
Он специалист в экономике. Ол экономика саласының маманы.
Он специально делает. Ол әдейі жасап жатыр.
Он спокойно не может сидеть ни на одном месте. Ол бір орында тыныш отыра алмайды.
Он ставит палки в колёса. Ол тегершікке таяқ қыстырып отырады.
Он стал недосягаемым. Ол қол жетпес болды.
Он старается. Ол тырысып жүр.
Он стоит передо мной. Ол алдымда тұр.
Он тебе кем приходится? Ол саған кім болады?
Он тебе не чужой. Ол саған бөтен емес.
Он тебя и не вспомнит. Ол сені есіне де алмайды.
Он тебя не понял. Ол сені түсінбеген.
Он уволился по собственному желанию. Өз еркімен жұмыстан шықты.
Он уехал довольным. Ол разы болып кетті.
Он уехал на два дня. Ол екі күнге кетті.
Он ушёл по срочным делам. Ол шұғыл шаруамен кеткен.
Он хотел сделать лучше‚ да сделал хуже. Артық қыламын деп тыртық қылды.
Он человек, в совершенстве знающий своё дело. Ол өз ісін жетік білетін адам.
Он что не может ходить без шумихи? Ол шулатпаса жүре алмай ма?
Он что особеннее других? Ол не өзгелерден ерекше ме?
Он что рядом стоял и держал лампу? Қасында шам ұстап тұрды ма?
Он, чтобы не попасться, делится. Ол ұсталып қалмау үшін бөліседі.
Он что-то натворил? Ол бірдеңе бүлдірді ме?
Он что-то хочет. Ол бір нәрсе дәметіп отыр.
Она здесь находилась (о вещи). Мына жерде жатушы еді.
Они быстро приспосабливаются. Олар тез бейімделеді.
Они вдвоём, как кошка с собакой. Екеуі ит пен мысық сияқты.
Они всё организуют. Олар бәрін ұйымдастырып береді.
Они два сапога пара. Олар бір-біріне сай.
Они достойные продолжатели. Олар лайықты ізбасарлар.
Они друг друга недолюбливают. Олар бір-бірін жақтырмайды.
Они занимаются грязными делами. Олардың тірлігі лас.
Они меня обманули. Олар мені алдап кетті.
Они над нами смеются. Олар бізді күлкі қылып жүр.
Они найдут выход. Олар бір амалын табады.
Они нас обнадежили. Олар бізді үміттендірді.
Они не наши люди. Олар біздің адамдар емес.
Они не останутся без наказания. Олар жазасыз қалмайды.
Они не сказали причину. Олар себебін айтпады.
Они ничего не докажут. Олар ештеңе дәлелдей алмайды.
Они оба мои враги. Екеуі де менің дұшпандарым.
Они переехали в другое место. Олар басқа жерге көшіп кетіпті.
Они помирились? Олар татуласты ма?
Они помирятся. Олар татуласады.
Они сами знают, что им делать. Не істесе де, өздері біледі.
Они сегодня сделали много работы. Олар бүгін көп жұмыс жасады.
Они серьёзно относятся к документам. Олар құжаттамаға қатты қарайды.
Они такие. Олар сондай.
Они что только не говорят друг-другу. Бір-біріне айтпайтын сөзі жоқ.
Опоздаешь на самолёт. Ұшаққа кешігіп қаласың.
Опасного ничего нет. Қауіпті ештеңе жоқ.
Опасность миновала. Қауіп сейілді.
Оперативная обстановка. Жедел жағдай.
Оперативно-служебная деятельность Жедел – қызметтік жұмыс.
Оперативные вопросы. Жедел мәселелер.
Оплату гарантируем. Төлеуге кепіл береміз.
Оправдались мои надежды. Үмітім ақталды.
Опровержение сведений. Айтқан мәліметтерді жоққа шығару.
Опять пришёл навеселе? Тағы сайрандап келдің бе?
Опять старая песня? Баяғы жыр ма тағы?
Опять ты меня виноватым делаешь? Тағы мені кінәлап отырсың ба?
Освоено в полном объёме. Толық көлемде игерілді.
Особо тяжкое преступление. Аса ауыр қылмыс.
Особое задание. Ерекше тапсырма.
Особые приметы. Ерекше белгілері.
Особых новостей нет. Аса айтатын жаңалық жоқ.
Оставь бедняжку в покое. Байғұсты жайына қой.
Оставь меня в покое, пожалуйста. Мені жайыма қалдыршы.
Оставьте документы. Құжаттарыңызды қалдырыңыз.
Оставьте пока смех. Сейчас не до смеха. Күлкіні қоя тұрыңдар. Қазір күлетін кез емес.
Оставьте резюме. Түйіндемеңізді қалдырыңыз.
Остались считанные дни. Санаулы ғана күн қалды.
Осталось только ждать. Күту ғана қалды.
Остальное решай сам. Ендігіні өзің біл.
Осторожно, ведутся строительные работы. Абайлаңыз, құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
Осторожно, гололед! Абайлаңыз, көктайғақ!
Осторожно, дети! Абайлаңыз, балалар!
Осторожно, злая собака! Абайлаңыз, қабаған ит!
От Вас ничего не скроешь. Сізден бірдеңе жасырып болмас.
 2. Сізден ештеңе жасыруға болмайды.
От денег он отказался. Ол ақшадан бас тарты.
От меня ничего не скроешь. Менен ештеңе жасыра алмайсың.
От нас далеко не сбежишь! Бізден ұзап кете алмайсың!
От начала до конца. Басынан аяғына дейін.
От него всё можно ожидать. Одан бәрін күтуге болады.
От своих слов я не отказываюсь. Айтқан сөзімнен бас тартпаймын.
От судьбы не убежишь. Тағдырдан қашып құтылмайсың.
От счастья у нас головы кружатся. Бақыттан басымыз айналып жүр.
От тебя никакой пользы. Сенен ешқандай пайда жоқ.
 2. Сенен түк пайда жоқ.
Отбой. (арм.) Ұйқыға жат.
Ответственное лицо. Жауапты тұлға.
Ответственность возлагается на Вас. Жауапкершілік Сізге жүктеледі.
Ответственность ляжет на Вас. Жауапкершілік Сізге түседі.
Ответственный за выполнение мероприятия. Шараның орындалуы үшін жауапты.
Ответь мне на этот вопрос. Мына сұраққа жауап берші.
Ответь на мой вопрос. Сұрағыма жауап берші.
Отдам даром. Тегін беремін.
Отдышись. Аптығыңды бас.
Отказы не принимаются. Бас тартуға болмайды.
Открою один секрет. Бір құпияны ашайын.
Откуда Вы приехали? Қайдан келдіңіз?
Откуда идешь? Қайдан келе жатырсың?
Откуда пришёл, туда и иди. Қайдан келдің, сонда кет.
Откуда ты всё это знаешь? Осының бәрін қайдан білесің?
Откуда ты это выдумал? Оны қайдан шығардың?
Откуда ты это знаешь? Оны қайдан білесің?
Отметим?
 - Конечно, отметим!
Атап өтеміз ба?
 - Әріне, атап өтеміз!
Отойди, я тебе сказал. Былай тұр дедім саған.
Отправляй сообщение. Хабарлама жолда.
 2. Хабарлама жібер.
Отправьте главному бухгалтеру. Бас есепшіге жіберіңіз.
Отправьте документы вовремя. Құжаттарды мезгілімен жіберіңіз.
Отправьте нам копию договора. Бізге келісімшарттың көшірмесін жіберіңіз.
Отставить. (арм.) Тоқтат.
Отступать нельзя. Шегінуге болмайды.
Отчёт об итогах работы за год. Бір жылғы жұмыс қорытындылары туралы есеп.
Отчёт по итогам ревизии. Тексеру қорытындысы бойынша есеп.
Отчёт по оказанию государственных услуг. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша есеп.
Отчётные встречи акимов. Әкімдердің есепті кездесулері.
Отчёты и доклады о проделанной работе. Атқарылған жұмыстар туралы есептер мен баяндамалар.
Официально я не работаю. Ресми түрде мен жұмыс істемеймін.
Оффшорные зоны. Оффшорлық аймақтар.
Ох, что теперь будет! Ойпырмай, енді не болар екен!
Очевидцы есть? Айғаққа куә адамдар бар ма?
Очень жаль! Өте аянышты!
 2. Өкінішті!
Очень жаль, но я не смогу. Өкінішті-ақ, бірақ менің қолымнан келмейді.
Очень плохо. Өте нашар.
Очень правильно говорите, полностью с Вами согласен. Өте дұрыс айтасыз, Сізбен толықтай келісемін.
Очень правильно поступил. Өте дұрыс жасағансың.
 2. Өте дұрыс еткенсің.
Очень рад. Аса қуаныштымын.
Очень трогательная история. Өте әсерлі оқиға.
Очень уместный вопрос. Өте орынды сұрақ.
Очень хорошее предложение. Өте жақсы ұсыныс.
Очень хорошо вышло. Өте әдемі шығыпты.
Очередной отпуск. Кезекті демалыс.
Ошибаешься. В жизни всё возможно. Қателесесің. Өмірде бәрі мүмкін.
Ошибку допустить нельзя. Қате жіберуге болмайды.
Ошибку нашли? Қате таптыңыз ба?



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Работа, Н Вернуться к началу Работа, П  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга