Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
 Работа
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 H 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
 В быту
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 Н 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
На собрании
Резолюция/виза
Характеристика
Вернуться
к другим
разговорникам

Работа, Л-М

Русско-казахский сборник фраз и словосочетаний.
Краткий русско-казахский сборник


Авторы: Р. Керимбаев, А. Керимбаев

Л
Ладно, говори. Что было дальше? Жарайды, айта ғой. Ары қарай не болды?
Ладно, давай забудем. Жарайды, ұмытайық.
Ладно, не оправдывайся. Жарайды, ақталмай-ақ қой.
Ладно, пойду, маленько поработаю. Совсем забросил дела. Жарайды, барып, біраз жұмыс істеп істейін. Шаруаларыма қарауды мүлде қойдым.
Ладно, попробую так сделать. Жарайды, солай жасап көрейін.
Ладно, согласен. Жарайды, мен келісемін.
Ладно, что было то было, не расстраивайся. Жарайды, болар іс болды, көңіліңді түсірме.
Ладно, я не буду вмешиваться. Жарайды, мен араласпайтын боламын.
Ладно, я пошёл. Жарайды, мен жүрейін.
Ладно, я тебя простил. Жарайды, мен сені кештім.
Легко вы отделались. Оңай құтылдыңдар.
Лёгкое телесное повреждение. Жеңіл дене жарақаты.
Легче стало на душе? Жүрегің орнына түсті ме?
Листок нетрудоспособности. Еңбекке жарамсыздық парағы.
Лица без определенного места жительства. Нақты тұратын жерi жоқ адамдар.
Личный интерес. Жеке мүдде.
Лишним не будет. Артық болмайды.
Лишних денег нет. Артық ақша жоқ.
Лучше меня это никто не знает. Мұны менен артық ешкім білмейді.
Лучше на себя посмотри. Одан да өзіңе қарап ал.
Лучше поздно, чем никогда. Ештен кеш жақсы.
Лучше работу мне не найти. Бұдан артық жұмыс таба алмаспым.
Лучше сегодня закончить все неотложные дела. Шұғыл шаруаларды бүгін бітіріп алғаныңыз дұрыс.
Лучше этого не будет. Бұдан артық болмас.
Лучше этого ничего нет. Одан артық ештеңе жоқ.
Льготные условия. Жеңілдік жағдайлар.
Люди говорят одно, а делают совсем другое. Адамдар бір нәрсені айтып, мүлдем басқа нәрсені жасайды.
Любой человек так поступил бы. Кез-келген адам солай жасар еді.
Любыми путями. Қандай жолмен болса да.
Люди так говорят. Жұрт солай дейді.
М
Максимум час-полтора. Көп болса, бір-біржарым сағат.
Малограмотный человек. Шала сауатты адам.
Малый бизнес. Шағын бизнес.
Малообеспеченные семьи. Күнкөрісі төмен отбасылар.
Между делом. Сөз арасында.
 2. Жұмыс арасында.
Между мной и тобой никого договора не было. Екеуміздің арамызда ешқандай келісім болған жоқ.
Между нами говоря. Өз арамызда айтқанда.
Между нами не будет согласия. Біздің арамызда мәміле болмайды.
Меня в это дело не вмешивай. Мені бұл іске араластырма.
Меня вызывают на работу. Мені жұмысқа шақырып жатыр.
Меня заставили так говорить. Мені осылай айтуға мәжбүрледі.
Меня на работе задержали. Мені жұмыста ұстап қалды.
Меня научите. Мені үйретіңізші.
Меня не запугаешь. Мені қорқыта алмайсың.
Меня незаконно уволили. Мені заңсыз түрде жұмыстан шығарды.
Меня никто не искал? Мені ешкім іздеген жоқ па?
Меня сегодня не будет. Бүгін мен болмаймын.
Меня уволили. Мені жұмыстан шығарып жіберді.
 2. Мені жұмыстан босатты.
Меня эти вопросы волнуют. Мені осы сұрақтар толғандырады.
Меня это вообще не интересует. Мені бұл мүлдем қызықтырмайды.
Местное время. Жергілікті уақыт.
Место для курения. Темекі шегетін орын.
Место встречи изменить нельзя. Кездесу орнын өзгертуге болмайды.
Месяц тому назад. Осыдан бір ай бұрын.
Месячный расчётный показатель. Айлық есептік көрсеткіш.
Мероприятие республиканского значения. Республикалық маңызы бар іс-шара.
Мероприятия по физкультуре и спорту. Дене тәрбиесі және спорт жөніндегі іс-шаралар.
Мечта моя сбылась. Арманым орындалды.
Мёртвого не воскресишь. Өлікті тірілте алмайсың.
Мне больше нечего сказать. Басқа айтарым жоқ.
Мне больше ничего не надо. Маған басқа еш нәрсе қажет емес.
Мне бы хотелось узнать о тебе побольше. Сен жайлы көбірек білгім келеді.
Мне жалко тебя. Саған жаным ашиды.
Мне и без этого тяжело. Мен онсыз да қиналып жүрмін.
Мне кажется, мы с Вами где-то виделись. Біз Сізбен бір жерде көріскен сияқтымыз.
Мне кажется, мы с Вами где-то встречались. Біз Сізбен бір жерде кездескен сияқтымыз.
Мне, как воздух, нужно Ваше мнение. Маған Сіздің пікіріңіз ауадай қажет.
Мне конец. Біткен жерім осы.
Мне надо кое в чем тебе признаться. Саған айтатын бір сырым бар.
Мне надо набираться опыта. Маған тәжірибе жинау керек.
Мне надоело слушать твой бред. Сенің сандырағыңды тыңдап жалықтым.
Мне не нужны твои проблемы. Маған сенің қиындықтарың керек емес.
Мне не повезло. Жолым болмады.
Мне некогда. Менің қолым тимейді.
Мне непонятно, как это случилось. Маған мұның қалай болғаны түсініксіз.
Мне неудобно. Маған ыңғайсыз.
 2. Мен ыңғайсызданып тұрмын.
Мне нечего рассказать. Айтатын әңгімем жоқ.
Мне никто ничего не говорил. Маған ешкім ештеңе айтқан жоқ.
Мне ничего не надо. Маған ештеңе қажет жоқ.
Мне нравится его характер. Маған оның мінезі ұнайды.
Мне нужен опытный врач. Маған тәжірибелі дәрігер керек.
Мне нужен твой совет. Маған сенің ақылың керек.
Мне нужно закончить свои дела. Жұмыстарымды аяқтауым керек.
Мне нужно идти. Менің кетуім керек.
Мне нужно поговорить с тобой наедине. Маған сенімен көзбе-көз сөйлесу керек.
Мне нужно посмотреть своё расписание. Мен өз кестеме қарауым керек.
Мне нужно работать. Менің жұмыс істеуім керек.
Мне нужно снять жильё. Маған үй жалдау керек.
Мне нужно тебе сказать кое-что. Саған бірдеңе айтуым керек.
Мне нужны гарантии. Маған кепілдіктер қажет.
Мне нужны подробности. Маған егжей-тегжейі керек.
Мне очень неприятно. Мен қатты ыңғайсызданып тұрмын.
Мне позвонить в полицию? Полицияға хабарласайын ба?
Мне пойти и застрелить его что ли? Мен барып, оны атып өлтірейін бе?
Мне поручили одно ответственное дело. Менің мойныма жауапты бір жұмыс тапсырылды.
Мне пришлось так поступить. Солай істеуге тура келді.
Мне скучно. Ішім пысты.
Мне так кажется. Маған солай көрінеді.
Мне тебе верить или ему? Саған сенейін бе, әлде оған ба?
Мне тоже трудно. Вы думаете, мне легко? Маған да қиын. Маған оңай болып жүр дейсіз бе?
Мне уйти? Кетейін бе?
Мне это приятно слышать. Бұны естігеніме қуаныштымын.
Мне эти дела не очень нравятся. Маған бұл істер онша ұнамайды.
Много места не займёт. Көп жер қажет етпейді.
Моё время прошло. Прошло. Менің заманым өтті. Өтіп кетті.
Моё слово больше ничего не значит. Енді менің сөзімнің маңызы жоқ.
Моё терпение на исходе. Шадамым шегіне жетті.
Может быть, Вы измените своё решение? Мүмкін, өз шешіміңізді өзгертерсіз?
Может, возьмём Вам помощника. Мүмкін Сіздің қасыңызға бір көмекші алармыз.
Может моя помощь понадобится. Мүмкін менің көмегім тиіп қалар.
Может оставим всё как есть. Мүмкін бәрін өз қалпында қалтырармыз.
Может пригодиться. Қажет болып қалар.
Может так, а может нет. Мүмкін солай шығар, мүмкін олай емес.
Может я не прав? Мүмкін, менікі дұрыс емес шығар?
Может, ещё подумаем. Мүмкін, тағы ойланып көреміз.
Может, он и не слышал. Мүмкін, ол естімей жатқан шығар.
Может, останешься? Мүмкін, қаларсың?
Может, отложим на потом? Кейінге қалдырсақ қайтеді?
Может, ты ошибаешься? Мүмкін, қателесіп тұрған шығарсың?
Можете идти. Бара беруіңізге болады.
Можешь ничего не объяснять. Ештеңені түсіндірмей-ақ қой.
Можно Вас на минуточку? Сізді бір минутқа болар ма екен?
Можно выйти? Шығуға болады ма?
 2. Шығуға рұқсат па?
Можно же было бы найти какой-нибудь выход. Бір амалын табуға болатын еді ғой.
Можно задать один вопрос? Бір сұрақ қойсам бола ма?
Можно записаться на приём? Қабылдауға жазылсам бола ма?
Можно и рискнуть. Тәуекел етуге де болады.
Можно тебя спросить кое о чём? Сенен бір нәрсе сұрасам бола ма?
Можно узнать Ваше имя, отчество? Сіздің аты-жөніңізді білуге бола ма?
Мои родители не будут против. Ата-анам қарсы болмайды.
Мой выбор – здоровый образ жизни! Менің таңдауым - саламатты өмір салты!
Мой маленький совет. Менің кішігірім кеңесім.
Мой опыт работы в строительной сфере 2 года. Құрылыс саласында екі жылдай тәжірибем бар.
Мой тебе совет: держись от него подальше! Айтар ақылым: одан аулақ жүр!
Моя личная жизнь – тайна. Жеке өмірім - құпия.
Молодец! Ты прошёл испытание. Жарайсың! Сынақтан өттің.
Молодец, ты хорошо поработал! Жарайсың, жақсы жұмыс істедің!
Молодцы, перевыполнили план! Бәрекелді, жоспарды асыра орындапсыздар!
Моя машина на ремонте. Көлігім жөндеуде.
Моя мечта сбылась. Арманым орындалды.
Моя родина – Казахстан. Менің Отаным — Қазақстан.
Моя судьба в твоих руках. Тағдырым сенің қолында.
Мужик сказал – мужик сделал. Еркек айтты - еркек істеді. (калька)
Мы беспощадны к врагам. Біз жауды аямаймыз.
Мы будем здесь до 8 марта. Біз бұл жерде сегізінші наурызға дейін боламыз.
Мы будем тебя привозить-отвозить. Сені біз апарып-әкеліп жүреміз.
Мы в долгу не останемся. Біз қарыздар болып қалмаймыз.
Мы в каком веке живём? Біз өзі қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз?
Мы в этом уверены. Біз бұған сенімдіміз.
Мы вам верим. Біз сіздерге сенеміз.
Мы Вас не заметили. Біз Сізді байқамай қалдық.
Мы Вас уважаем, почитаем, ставим в пример. Біз Сізді сыйлаймыз, құрметтейміз, үлгі тұтамыз.
Мы внесём оплату. Төлемін өтейміз.
Мы все в жизни допускаем много ошибок. Бәріміз өмірде көп қателік жібереміз.
Мы все тебя ждём. Біз бәріміз сені күтіп отырмыз.
Мы всегда к вашим услугам. Сізге әрқашан да қызмет етуге дайынбыз.
Мы всегда рады видеть вас. Сіздерді көргенімізге әрдайым қуаныштымыз.
Мы всё заберём. Бәрін алып кетеміз.
Мы всё приготовили. Біз бәрін дайындап қойдық.
Мы всё сделаем для дорогих нам людей. Біз қымбатты адамдарымыз үшін барлығын жасаймыз.
Мы вынуждены согласиться. Біз келісуге тиістіміз.
Мы выпустили зверя из клетки. Жыртқышты тордан шығарып жібердік.
Мы гордимся тобой. Біз сенімен мақтанамыз.
Мы его предупреждали, но он нас не стал слушать. Біз оған ескерттік, бірақ ол сөзімізге құлақ аспады.
Мы ещё доживём до лучших дней. Жақсы күндерге әлі жетеміз.
Мы ещё не закончили. Біз әлі аяқтаған жоқпыз.
Мы ещё ничего не знаем. Біз әлі ештеңе білмейміз.
Мы ждём Вас целый час. Біз Сізді бір сағат бойы күтіп отырмыз.
Мы ждём твоего согласия. Біз сенің келісіміңді күтіп отырмыз.
Мы ждём только Вас. Біз тек Сізді ғана күтіп тұрмыз.
Мы же говорили об этом. Біз ол туралы айтып едік қой.
Мы же договорились. Біз келісіп едік қой.
Мы же знаем, что он такой. Оның сондай екенін білеміз ғой.
Мы же однопартийцы. Партияласпыз ғой.
Мы живём в демократическом обществе.
 - Каждый человек имеет право сказать своё мнение.
Біз демократиялық қоғамда өмір сүріп жатырмыз.
 - Әр адамның пікір айтуға құқығы бар.
Мы живём в мирной стране. Бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз.
Мы живём в одной стране. Бір елде өмір сүріп жатырмыз.
Мы закончили разговор. Біз сөйлесіп болдық.
Мы заняты. Готовимся к презентации. Қолымыз бос емес. Тұсаукесерге дайындалып жатырмыз.
Мы знаем, что ты не виноват. Кінәлі еместігіңді білеміз. 2. Кінәсіз екеніңді білеміз
Мы к этому привыкли. Біз мұндайға үйреніп алдық.
Мы как с тобой договаривались? Біз сенімен қалай келісіп едік?
Мы когда пойдём домой? Біз үйге қашан қайтамыз?
Мы – коллеги. Біз – әріптеспіз.
Мы – люди маленькие, зависимые. Решение принимают другие. Біз – жай кішкентай, тәуелді адамдармыз. Шешімді шешетін басқалар.
Мы много о Вас хорошего слышали. Сіз туралы талай жақсы сөз естігенбіз.
Мы много чего не знаем. Біз көп нәрсе білмейміз.
Мы можем встретиться через час? Бір сағаттан кейін кездесе аламыз ба?
Мы, может, как-нибудь договоримся? Мүмкін, бір нәрсе қылып, келісе аламыз?
Мы надеемся на положительный ответ. Біз оң жауап қайтарылады деп үміттенеміз.
Мы найдём выход. Бір амалын табамыз.
Мы не живём одним днём. Біз бір күн үшін өмір сүрмейміз.
Мы не занимаемся благотворительностью. Біз қайырымдылықпен айналыспаймыз.
Мы не знали об этом. Ол жағын білмедік.
Мы не можем принять такое условие. Мұндай шарттарды қабылдай алмаймыз.
Мы не можем с ними договориться. Біз олармен келісе алмай жатырмыз.
Мы не опоздали? Біз кешігіп келген жоқпыз ба?
Мы не понимаем друг друга. Бір бірімізді түсінбей жүрміз.
Мы не пугаем, предупреждаем. Қорқытып отырған жоқпыз, ескертіп отырмыз.
Мы не успели вам сообщить. Сіздерге хабар беріп үлгере алмадық.
Мы не хотим тратить время попусту. Уақытты текке өткізгіміз келмейді.
Мы, нижеподписавшиеся... Біз, төмендегі қол қоюшылар...
Мы никого не хуже. Біз ешкімнен кем емеспіз.
Мы ничего не будем делать. Біз еш нәрсе істемейміз.
Мы ничего не нашли. Біз ештеңе таба алмадық.
Мы ознакомились с Вашим предложением. Біз Сіздің ұсынысыңызбен таныстық.
Мы, оказывается, не поняли друг друга. Біз бір бірімізді дұрыс түсінбеген екенбіз.
Мы – партнеры по бизнесу. Біз – жұмыстағы серіктеспіз.
Мы перевыполнили план. Біз жоспарды асыра орындадық.
Мы подумаем до следующей недели. Біз келесі аптаға дейін ойлана тұрамыз.
Мы поедем в Семей. Біз Семейге баратын болдық.
Мы покупаем только отечественную продукцию. Біз тек отандық өнімдерді сатып аламыз.
Мы попробуем уговорить его. Біз оны көндіріп көрейік.
Мы постараемся оправдать ваши надежды. Біз үміттеріңізді ақтауға тырысамыз.
Мы постараемся прийти быстро. Тез келуге тырысамыз.
Мы постараемся решить эту проблему. Осы мәселені шешуге тырысамыз.
Мы приложили все силы. Біз бар күшімізді салдық.
Мы примем меры. Біз шара қолданамыз.
Мы принимаем меры. Шара қолданып жатырмыз.
Мы принимаем Вас на испытательный срок.
 - Сколько продлится испытательный срок?
Біз Сізді сынақ мерзіміне қабылдаймыз.
 - Сынақ мерзімі қаншаға созылады?
Мы приносим извинения за оказанные Вам неудобства. Сізге келтірген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Мы проводим очень важное совещание, а тебя нет. Біз өте маңызды кеңесті өткізіп отырғанда, сен жоқсың.
Мы прогорим. Біз тақырға отырамыз.
Мы просто говорим. Біз жай сөйлесіп отырмыз.
Мы просто поговорим. Біз жай ғана сөйлесеміз.
Мы пытались действовать в рамках закона. Біз заң аясында әрекет етуге тырыстық.
Мы рады видеть вас. Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.
Мы разрешения не давали. Біз рұқсат берген жоқпыз.
Мы решим эту проблему. Біз бұл мәселені шешеміз.
Мы ровесники. Біз құрдас екенбіз.
Мы с Вами давно знакомы, но я совершенно не знаю Вас. Таңысқанымызға біраз болды, бірақ Сізді мүлде білмеймін.
Мы с ним ведём переговоры. Біз онымен келіссөз жүргізіп жатырмыз.
Мы с тобой вместе много гор свернём. Біз екеуміз бірге талай тау қопарамыз.
Мы сами еле спаслись. Өзіміз азар аман құтылып шықтық.
Мы сами недавно только узнали. Өзіміз жақында ғана білдік.
Мы сделаем все возможное. Қолдан келгеннің бәрін істейміз.
Мы сделаем всё необходимое. Керектінің бәрін жасаймыз.
Мы сейчас живём в капиталистической формации. Біз қазір капитализм формациясында өмір сүріп жатырмыз.
Мы сможем завтра встретиться? Ертең кездесе аламыз ба?
Мы собрались здесь, чтобы найти выход из создававшейся ситуации Біз бұл жерге қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын табуға жиналып отырмыз.
Мы совершили большую ошибку. Біз үлкен қателік жасадық.
Мы сразу не сдадимся. Бірден беріле салмаймыз.
Мы стареем, но душа молодая. Өмір қартайса да, көңіл қартаймайды.
Мы так не договаривались. Біз бұлай келіскен жоқпыз.
Мы тебе должны. Біз саған қарыздармыз.
Мы уже час, как стоим. Бір сағат болды ғой тұрғанымызға.
Мы уже собираемся уходить. Біз кетейін деп жатыр едік.
Мы успеем?
 - Не волнуйтесь, успеем.
Үлгереміз бе?
 - Абыржымаңыз, үлгереміз.
Мы успеем сдать все отчеты на этой неделе? Барлық есепті осы аптада тапсыра аламыз ба?
Мы хотели бы обсудить некоторые вопросы. Біз кейбір мәселелерді талқылағымыз келеді.
Мы хотели бы подробно обсудить возможности нашего сотрудничества. Біз ынтымақтастығымыздың мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі талқылағымыз келеді.
Мы хотели бы этот вопрос решить, как можно быстрее. Біз бұл мәселенің мүмкіндігінше тезірек шешілгенін қалар едік.
Мы бы хотели поговорить наедине. Не оставишь нас? Біз оңаша сөйлесіп алайық деп едік. Бізді қалдыра тұрасың ба?
Мы бы хотели с тобой поговорить. Біз сенімен сөйлесейік деп едік.
Мы что им не помогаем?
 - Конечно, помогаем.
Біз оларға көмек бермей жүрміз бе?
 - Әрине, көмектесіп жүрміз.
Мы чуть не поверили им. Біз олардың сөзіне сеніп қала жаздадық.
Мы экономим Ваше время. Біз Сіздің уақытыңызды үнемдейміз.



©  Татьяна Валяева   2007–2021
http://kaz-tili.kz/
 <<  Работа, И-К Вернуться к началу Работа, Н  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Гостевая книга