Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 44

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

44-1
      – Қымбаттым, мен сенің тығып қойған ақшаңды тауып алдым және мейрамханада құрбыларыммен жұмсап қойдым.
      – Ештеңе етпейді, қымбаттым, мен оны саған жаңа тонға жинап жүргем.
Мәтінді жасыру
44-2
      Жетпісінші жылдары балаларға жарық диоды – жарық қоңызы сияқты жарқырайтын сондай кішкентай радио бөлшегі, - деп түсіндіретін. Біздің күндерімізде, ол – жарық диоды сияқты жарқырайтын кішкентай жарық қоңызы, - деп түсіндіреді.
Мәтінді жасыру
44-3
      Жұмыс – бұл сондай жер, таңертеңнен ас ішкің келеді. Түстен кейін – ұйқың келеді. Сонымен қатар, үнемі үйге қайтатын кез келді деген сезім туады.
Мәтінді жасыру
44-4
      – Витя, баланы футболға алшы!
      – Неге? Ол әлі кішкентай.
      – Сонда, ол жай ғана айғайлауда ма!
44-5
      Үйге келдім, мұнда қаншама жұмыс күтіп тұр: жатылмаған диван, қаралмаған теледидар, отырылмаған интернет.
Мәтінді жасыру
44-6
      – Мен сенде сарделькалары бар буманы пакетті тастап кетіппін.
      – Иә, рахмет.
Мәтінді жасыру
44-7
      Шерлок Холмсқа көнетоз костюмы бар кісі көмек сұрап келеді, бірақ Холмс оған көмектесуден бас тартады. Ол кеткеннен кейін, Ватсон жымиып:
      – Сіз ешқашан кедейлерге көмектесуден бас тартпаушы едіңіз ғой!
      – Иә, бірақ ол кедей емес! Оның әмиянында 123 фунт және 15 пенс болды.
      – Оны қайдан білесіз?
      – Қане екеуіміз бірге санап шығайық…
Мәтінді жасыру
44-8
      Қарға шыршада отыр. Қоян жүгіріп келеді:
      – Қарға, не істеп отырсың?
      – Ештеңе емес.
      – Мен де ештеңе істемей отырсам бола ма?
      – Отыр.
      Қоян бұтақ түбіне отырады, аяғын жиып алады... Жанынан түлкі өтеді. Қоянды көріп жеп қояды.
      «Иә, – деп ойлайды қарға, – қоянға айтуға ұмытып кетіппін: ештеңе істемеу үшін биікте отыру керек...»
Мәтінді жасыру
44-9
      – Есіңде ме, мен таңертең пәтердің ішінде: «Ура! Ақыры сайтан алғыр кілт табылды!»?, - деп айғайлап жүргенім.
      – Иә, есімде.
      – Сен оны содан кейін қайда қойғанымды көрдің бе?
Мәтінді жасыру
44-10
      7-жастағы қыз бала жазаланды, ол бұрышта тұрып, сұрады:
      – Апа, сен мені дұрыс жазалап жатқан жоқ сияқтысың?
      – Жоқ!
      – Ой бекер! Міне бала бұрышта тұрып, ата - аналары туралы жаман ойлайды. Саған осы керек пе?
Мәтінді жасыру
44-11
      Жолаушы табылған заттар бюросында:
      – Мен поезда бес шөлмек арағы бар портфелімді тастап кетіппін. Оны әкеп берген жоқ па?
      – Жоқ. Есесіне оны тауып алған жолаушыны алып келді.
Мәтінді жасыру
44-12
      – Осы саған не жетпейді? Міне футбол, хоккей, балық аулауға барамыз, саған мотоцикл сатып әпердім, боксер секциясын жаздым, тағы не қажет?
      – Мен қызбын, әке.
Мәтінді жасыру
44-13
      – Соломон Маркович, ұлыңыздың мектептегі жағдайы қандай?
      – Қазір жақсарды... Бірақ ата-аналар жиналысына бөтен біреудің тегін пайдаланып барамын.
Мәтінді жасыру
44-14
      – Көйлегің онша емес, - дейді енесі келініне той күні.
      – Ештеңе етпейді, келесі жолы жақсы болады! – деп жауап береді келіні.
Мәтінді жасыру
44-15
      Воважан мектепке үп - үлкен боп ісіп кеткен ерінімен келді, одан:
      – Не болды?
      – Әкеммен бірге балық аулауға барғанмын, ерніме сона отырмаса бар ма.
      – Шағып алды ма?
      – Жоқ! Әкем оны ескекпен қағып өлтірді!
Мәтінді жасыру
44-16
      Қызымды балабақшаға жинап жатырмын. Қалып барамыз, бір қолыммен кірпігімді бояп жатырмын, екінші қолыммен киіндіріп жатырмын. Асығудамыз! Маршрутты көлікке жүгірудеміз. Оның қолғапсыз екені есіме түсті:
      – Қызым, қолың қолғапсыз тоңды ма?!
      Ол жауап береді:
      – Жоқ! Аяғым етіксіз – иә!
Мәтінді жасыру
44-17
      Бала опера әншісінің өнерін көріп, айтты:
      – Біз балабақшада осылай айқайласақ бізге ұрысады...
Мәтінді жасыру
44-18
      – Әке, мен тұрмысқа шықпаймын, сендермен бірге тұрамын...
      – Әкеңді қорқытушы болма!
Мәтінді жасыру
44-19
      – Мен есімде қалғаны, жастық шағымда әйелім қатты қызғаншақ болды, менің телефонымдағы барлық хабарламаларды оқитын.
      – Менікі әлі де сөйтеді.
      – Қойшы әрі, сендер 20 жыл некеде емессіңдер ме. Жүріс істемейсің. Ол не көруі мүмкін?
      – «Сіздің шотыңызға жалақы түсті».
Мәтінді жасыру
44-20
      Интернетте үйреткендей жасадым, ағылшынша үйрену үшін: Англияға бардым, бұзылғандық жасадым, түрмеге отырдым. Жыл бойы әр түрлі тіл өкілдерімен мемлекеттің асырауында болдым. Енді араб және хинди тілін жетік білемін, қытайша мен беймәлім бір африкалық диалекті тәуір білемін. Ағылшынша – бұрынғыдай сөздікпен…
Мәтінді жасыру
44-21
      – Ата-аналарыңыз жатар алдында сендерге қандай ертегі оқушы еді?
      – Институт бітіресің, содан кейін көп ақша табасың.
Мәтінді жасыру
44-22
      – Әже, қыз бала қай кезде есейеді?
      – Қай уақытта оны ас үйге тамақ ішу үшін емес, тамақ дайындау үшін шақырады...
Мәтінді жасыру
44-23
      – Әкешім! Сені сүюге бола ма?!
      – Ақша жоқ! Мені анаң сүйіп кеткен.
Мәтінді жасыру
44-24
      – Айтшы, мына киім мен толық қып көрсетіп тұрған жоқ па?
      – Жоқ, сені жандарыңдағы май толық қып көрсетіп тұр...
Мәтінді жасыру
44-25
      – Сіз неге жұмысқа тек үйленгендерді аласыз?
      – Себебі олар жәбірлегенге үйренген және жұмыс аяғында үйге қайтуға асықпайды.
Мәтінді жасыру
44-26
      Маршрутты көліктегі кестедегі жазу: «Айнадан жүргізушіге бет тыржитпаңдар!» Ешқашан ондай ойыма келмес еді, оқығаннан кейін солай істегім келіп кетті!
Мәтінді жасыру
44-27
      Бірде оқушы Шеберден сұрайды:
      – Жақсы өзгерісті көп күтуге тура келе ме?
      – Егер күтсең, көп күтесің! – дап жауап береді Шебер.
Мәтінді жасыру
44-28
      Бір еркек қона балық аулауға дайындалып жатыр, әйелі одан:
      – Достарыңның қайсымен барасың? – деп сұрайды.
      – Жалғыз барамын, балық аулағым келеді...
Мәтінді жасыру
44-29
      – Сен қазір не істеп жатырсың?
      – Қоғамдық пайдалы еңбекпен айналысудамын.
      – Қандай?
      – Ешкімге кедергі жасамаймын.
Мәтінді жасыру
44-30
      – Дәрігер, мен әлі жаспын ғой, жасым 22-де ғана. Менің достарым клубтарға барады, онда таң атқанша отырады, ол маған қызық емес. Мен неге өзгешемін?
      – Ештеңе етпейді, бар болғаны сенің миың бар.
Мәтінді жасыру
44-31
      – Сен бұрынғыша жалғызсың ба? Саған үйлену қажет.
      – Неге?
      – Тым көңілді кейіп...
Мәтінді жасыру
44-32
      – Инелікке қарап отырып, адамдар вертолетті ойлап тапқан. Ал адамдар шыбынға қарап отырып не тапты?
      – Шыбын ұрғышты.
Мәтінді жасыру
44-33
      – Шындығын айтшы, сенің маған қандай сезімің бар?
      – Төзім... Өте үлкен төзім.
Мәтінді жасыру
44-34
      Әжесі немересіне дәрігердің аспаптар жиынтығын сыйлады. Мысықтар бірден тығылып қалды. Атасы үлгермей қалды.
Мәтінді жасыру
44-35
      Жүдеу үшін маған құрбым тағам мөлшерінен кофе, кәмпит, тәтті нан, ішімдікті алып тастауды ұсынды. Мен ойланып отырмын... оны құрбы деуге бола ма?
Мәтінді жасыру
44-36
      Ер азаматтар, егер отбасында кикілжің жағдайлар туса, бірден өзіңе сұрақ қой: «Сен бақытты болғың келе ме әлде сенікі дұрыс болғанын қалайсың ба?»
Мәтінді жасыру
44-37
      Ұлы әкесін емханаға алып келді. Ауруларды қабылдау бөлмесінде одан сұрайды:
      – Сізің тәпішкеңіз бар ма?
      – Бар!
      – Халатыңыз бар ма?
      – Бар!
      – Төсек орныңыздың тысы бар ма?
      – Бар!
      – Матрац, көрпе, жастығыңыз бар ма?
      – Бар, әне жәшікте жиюлы тұр!
      – Жақсы! Сіздің жаныңыздағы ақ халатты кім?
      – Мен, егер дәрігер болмай қалса деп, өзіммен бірге дәрігер ала келдім!
Мәтінді жасыру
44-38
      Кішкентай бала далада доп ойнап жүрді. Ол оны тым қатты тепкені соншалық, ол үйдің терезесін сындырып, еденге барып түсті. Әйел допты алып терезеден қарап, балаға қатты ұрысты, ол қашып кетті, бірақ ол добын қайтарып алғысы келді. Бірнеше минуттан соң, әйел тұратын үйдің есігін қақты да, айтты:
      – Менің әкем сіздің әйнектеріңізді жөндеп беруге жиналып жатыр.
      Бірнеше минут өткен соң қолында құралдары бар ер адам келді, әйел оны үйге кіргізді де, баланың добын қайтарып берді. Ер адам әйнектерді жөндеп болған соң, әйелге:
      – Бұл жұмыстың ақысы тура он доллар тұрады - деді.
      – Бірақ, сіз ана баланың әкесі емессіз бе? - деп сұрады әйел, таң қалып.
      – Жоқ.
      Ол да таң қалды.
      – Ал сіз баланың анасы емессіз бе?
Мәтінді жасыру
44-39
      Арқасында жыланы бар, тасбақа жүзіп келеді. «Лақтырып жіберсем - шағып алады» - деп, ойлады тасбақа. «Шақсам - лақтырып тастайды» - деп, ойлады жылан... Сыртынан қарағанда, әйелдердің берік достығы.
Мәтінді жасыру
44-40
      15 жасымда маған балгер айтқан, барлық ақшаңды әйелдерге жұмсайсың деп. Қазір менің әйелім және үш қызым бар. Мен барлық ақшамды соларға жұмсаймын. Ал 15 жасымда оны басқаша елестетіп едім...
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Акжайык Сабырбаева, Айсулу Байгараева, Laila Kabyldina, Гульнар Абдраимова, Динара Давлеткалиева, Султангазы Абдыкалыков, Гульмира Ажмаганбетова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Выпуск 43 Вернуться к началу Выпуск 45  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга