Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 15

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

15-1
      Шаурма сататын дүкен алдындағы әңгіме:
      – Сіздің етіңіз бұрын үріп пе еді, әлде мяулап па еді?
      – Жоқ, ол менен не болса соны сұрай беретін.
Мәтінді жасыру
15-2
      Әйелі күйеуінен сұрайды:
      – Қымбаттым, рас па, қоян нағыз ақымақ хайуан дейді?
      – Рас, көжегім.
Мәтінді жасыру
15-3
      Әйелі – күйеуіне:
      – Мен саған неше рет айттым: қабырғаға екі шеге қақ деп! - дейді.
      – Мен кеше қағып қойдым...
      – Дұрыс! Енді мен үтікті қайда қосуым керек?
Мәтінді жасыру
15-4
      Әйелі – күейуіне:
      – Шелекті шығар!
      – Басталды, енді ғана отырған едім!
      – Бейшара-ай! Ал оған дейін не істедің?
      – Жаттым...
Мәтінді жасыру
15-5
      Әйелі – күйеуіне:
      – Сен біздің «Жүз жыл өмір сүру» кітабымыздың қайда екенін білмейсің бе?
      – Жағып жібердім. Сенің анаң оны оқуға алғысы келді.
Мәтінді жасыру
15-6
      Бір әйел милицияға барады: күйеуі жоғалған. Одан күйеуінің белгілері мен әдеттері туралы сұрады да:
      – Іздеп тапқаннан кейін не деп айтайық? - деп сұрайды.
      – Менің анам бізге демалысқа келмейтін болды деп айтарсыз!
Мәтінді жасыру
15-7
      Жұмыс үстеліндегі хат:
      «Аз уақытқа шығып кеттім. Ақ халатты сүйкімді жандар келді, біз жұмсақ қабырғасы бар менің жаңа кабинетімді көруге кеттік».
Мәтінді жасыру
15-8
      – Демалысыңды қайда өткіздің?
      – Жартысын тауда.
      – Екінші жартысын ше?
      – Гипсте.
Мәтінді жасыру
15-9
      Әйелі күйеуіне айтыпты:
      – Әне Катяға қарашы, біздің көрші. Ол жұмысқа кетіп қайтып келген сайын оны күйеуі сүйеді. Ал сен?
      – Мен бе? – деп күйеуі әйеліне кінәлі көзбен қарады. - Мен біздің көршімен әлі дұрыстап таныса қойған жоқпын.
Мәтінді жасыру
15-10
      Әйелі күйеуіне курорттан жазуда: «Алты апта ішінде мен жарты салмағымды тастадым. Мен тағы шамалы бола тұрсам бола ма?»
      Күйеуі жеделхатпен жауап беріпті: «Онда тағы алты аптаға қала бер».
Мәтінді жасыру
15-11
      Автобуста кондуктор әйел орта жастағы ер адамға келіп:
      – Жол ақысын төлеңіз! - дейді.
      – Мен жалғыз басты әкемін!
      – Сонда неше балаңыз бар?
      – Он.
      – О Құдай! Олардың бәріне қалай қарап жүрсіз?
      – Оларға қараудың не керегі бар? Олар аналарымен тұрады!
      – Сіз ше?!
      – Мен жалғыз басты әкемін!..
Мәтінді жасыру
15-12
      Әкесі, атасы және тіпті арғы атасы да өздерінің кәмелет жасқа толған кездерінде судың бетінде тура Иса Мәсих секілді жүргені туралы Джонни отбасылық аңызды естиді. Содан ол қайықты жалға алып әрірек жүзіп барыпты, сосын «теңіз бетімен, құдды құрғақ жермен жүргендей» болып тырысып көрді. Сосын әрине ол батып өле жаздады...
      – Көрдің бе Джонни, -деді әжесі, ол үйге қайтып келгенде, - мәселе мынада ғой, сенің әкең мен атаң қаңтарда туған, ал сен шілдеде...
Мәтінді жасыру
15-13
      Есіктің қоңырауы шырылдады. Есікке бір кісі жақындап сұрапты:
      – Кім бұл?
      – Сізге шақыру қағазы.
      – Мен деген қызметімді өтеп бітірдім емес пе!
      – Қызметті өтеуін өтедіңіз ғой... Ал енді тағы отырып шығасыз...
Мәтінді жасыру
15-14
      Бір кісі ертесімен үйіне қайтып келіпті...Аяғының ұшымен ғана жатын бөлмеге кіріп шалбарын шеше бастапты. Әйелі ұйқыдан көзін аша алмай:
      – Қайдан келдің?
      Әлгі жігіт шаңшап шалбарын қайта киіп алып:
      – Қайдан келдің емес, қайда кеттің де!!! Көрмейсің бе өзің жұмысқа жиналып жатырмын да!!!
Мәтінді жасыру
15-15
      Балдырғаннан:
      – Өскенде сен кім боласың? - деп сұрайды.
      – Мыстан кемпір немесе Мәңгілік Қыдыр боламын!
      – Бұған себеп не?
      – Оларды бәрі сыйлайды, қорқады және оларға өмір сүруді ешкім үйретпейді...
Мәтінді жасыру
15-16
      Бір қаңғыбас екі студентке келіп, ақша сұрайды... Біреуі оған ештеңе бермейді, ал екіншісі кенеттен елу рубль береді. Біріншісі:
      – Сен неге оған ақша бердің? Ол барлығын араққа құртады ғой!
      Екіншісі:
      – Ал біз ше?
Мәтінді жасыру
15-17
      Ер адам іссапардан қайтып келеді. Қағаздарын алып, бухгалтерияға барады. Онда:
      – Сөйтіп, бәрі түсінікті: мынау куәлік, мынау алғытөлемдікі. Ал мынау не қылған есепсіз сома?
      – Енді бұл қонақүйдің шоты ғой...
      – Оны кім сатып ал деді саған?
Мәтінді жасыру
15-18
      Түнде бейіт жанымен бір бойжеткен келе жатады. Қатты қорқып келеді. Кенеттен бір адамның сұлбасы қуып жетеді:
      – Қорқасыз ба? – деп сұрайды сұлба.
      – Қорқамын.
      – Мен де тірі болған кезде қорқатынмын.
Мәтінді жасыру
15-19
      Бір ұл бала анасынан сұрайды:
      – Сен мені сағат нешеде тудың?
      – Таңғы төртте.
      – Мен сені оятып алған жоқпын ба?
Мәтінді жасыру
15-20   🌞
      Халық ырымдарынан:
      «Егер түтін жерді жапса – қайта оралып үтікті сөндіріңіз. Егер бағана болып көтерілсе – қайтып келмесеңіз де болады».
Мәтінді жасыру
15-21
      Анасы дүкеннен оралған ұлына:
      – Балам, мен айттым ғой: бір шоколад және 3 келі картоп дедім, керісінше емес...
Мәтінді жасыру
15-22
      Жас дәрігер әйеліне әңгімелеуде:
      – Бүгін біздің ауруханада өте сирек кездесетін оқиға болды...
      – Не, шынында да біреуді емдеп жаздыңдар ма?
Мәтінді жасыру
15-23
      Бір әйел егер қатты жылап ұрыс шығарып жіберсе екі жердегі екі де бес болатынына сенімді.
Мәтінді жасыру
15-24
      Бір ағамыз дүкенде сыйлық таңдап жатыр. Сатушы әйел:
      – Сізге әйеліңізге ме әлде қымбаттырақ па?
Мәтінді жасыру
15-25
      Күйеуі - әйеліне:
      – Сен көрдің бе, көршінің мысығы қалай семірген? Бәрі біздің тышқандарымыздың арқасы!
Мәтінді жасыру
15-26
      Егер еркектің пәлтесі жыртылса, пенжекте түйменің жартысы қалса, оған екінің бірін істеу керек – не үйлену, не ажырасу.
Мәтінді жасыру
15-27
      Бір ағамыз такси тоқтатыпты.
      Шопыр:
      – Қайда барамыз?
      – Қайда болса сонда. Маған бүкіл жерде таласады.
Мәтінді жасыру
15-28
      – Әке, диструбты гентрондар симпеляциясы деген не?
      – Балам, сен бұны қайдан оқып алдың?!
      Баласы маңғазданып:
      – Мен бұны жаздым!
Мәтінді жасыру
15-29
      – Темекіні қоя алмай жүрмін...
      – Ал сіз кәмпиттерді көріңіз...
      – Көрдім, тұтанбайды...
Мәтінді жасыру
15-30
      – Даяршы! Мына шарапты алып кетіңіз ол тұнып қалған!
      – Біздің мейрамханада кенет тұнған шарап болуы мүмкін емес! ... Бұл мүмкін емес! Ол тек стақан ғой лас!
Мәтінді жасыру
15-31
      Менің есімде қалғаны, мектепте оқып жүргенде, бір қиял-ғажайып әңгіме оқыдым, онда тамақ химиядан жасалатындығы, оның нағыз тамақтан айырмашылығы болмайтындығы туралы алыстағы болашақ өмір суреттелген. Мен сонда: «Өкінішті, мен ол күнге жетпеймін! - деп ойлағам, «Өкінішке орай, жеттім...»
Мәтінді жасыру
15-32
      Түн ортасында милиция патрулі алып қойған бір ағамызды тоқтатыпты.
      – Сіз сонша қайда асығып барасыз?
      – Дәріске.
      – Кім осындай түн ортасында дәріс оқып отырады екен?
      – Менің әйелім де, әрине!
Мәтінді жасыру
15-33
      Жігіт қызына айтыпты:
      – Мен сені сүйемін. Ал сен?
      – Мен де өзімді жақсы көремін.
Мәтінді жасыру
15-34
      – Сіз неге тұрғынды қабылдамадыңыз?
      – Маған негізі қызық емес, бірақ адам әрдайым құлыптың саңылауын жауып қоятын болса бұл күмән тудырады.
Мәтінді жасыру
15-35
      – Кешіріңіз сэр, бірақ мен сізді ойынханаға кіргізе алмаймын! Сіз галстук тақпағансыз!
      – Енді не? Ал анау жүр ғой тіпті тыр жалаңаш боп!
      – Иә сэр! Бірақ ол шығып барады...
Мәтінді жасыру
15-36
      – Бұрын мен көнгіш едім сонсын қандай жұмыс болса да істей беретінмін.
      – Ал қазір?
      – Енді қазір мен көнгіш емеспін сондықтан да жұмыссызбын.
Мәтінді жасыру
15-37
      – Семен Семенович, маған бүгін жұмыстан ерте кетуге рұқсат етіңіз. Әйелім менімен сауда жасауға шыққысы келіп еді.
      – Жоқ ешбір жағдайда да! Қалыңыз да жұмысты жалғастырыңыз!
      – Үлкен рақмет, Семен Семенович!
Мәтінді жасыру
15-38
      Отадан кейін дәрігер пациенттен өзін қалай сезініп жатқанын сұрапты. Науқас:
      – Қазір бәрі жақсы-ау деймін, бірақ осы ота басталардың алдында басымнан зілбалғамен салып қалғандай болды...
      – Сіз бұны кешіре көріңіз, бізде жәй наркоз таусылып қалыпты...
Мәтінді жасыру
15-39
      – Неге семіздер сондай ақкөңіл болады?
      – Олар не төбелесе алмайды, не қаша алмайды.
Мәтінді жасыру
15-40
      Қылмыстық кодексті алыңыздар - онда экстремалды көңіл көтеру жайлы ең толық прайс-лист!
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Гульмира Ажмаганбетова, Nurdaulet Aspenov
Корректор: Айдар Жүсіпов


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Выпуск 14 Вернуться к началу Выпуск 16  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга