Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 43

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

43-1
      Қыз екіқабат әйелге қарап тұр.
      – Мынау не? - саусағымен әйелдің қарнына көрсетеді.
      – Бұл менің балам! - деп жымияды болашақ ана.
      – Ал сіз оны жақсы көресіз бе?
      – Әрине, өте жақсы көремін!
      – Онда неге оны жеп қойдыңыз?
Мәтінді жасыру
43-2
      Бір студент өзінің итін сөйлеуге үйрету арқылы миллион кіріс кіргізетінін айтты.
      – Иә, кім сенің сөйлейтін итің үшін миллион береді?
      – Жәй ғой - ешкім, - деп студент ақталды. - Ал итке консерві дайындайтын фабрикадағылар, көбірек төлер еді, оның аузын жабу үшін...
Мәтінді жасыру
43-3
      МАБ қызметкері машинаны тоқтатады, ал рөлде - оның бұрынғы мұғалімі:
      – Сәлеметсіз бе, Марья Ивановна, қалам мен қағазды алып, 100 рет «Мен енді ешқашан жол жүру ережелерін бұзбаймын...» деп жазыңыз.
Мәтінді жасыру
43-4
      Екі қарға сөйлесіп отыр. Олардың үстінен реактивті ұшақ ұшып өтеді.
      – Тыңдашы, - дейді біреуі, - мына құс неге сонша тез ұшады?
      – Жаным-ак, егер сенің құйрығыңды жағып жерсе, қалай ұшқаныңды көрер едім!
Мәтінді жасыру
43-5
      Ұры есікті ашып жатқанда, құлып кенеттен онымен сөйлесіп бастайды. Ұры таң қалады - бұндайды ойлап табады екен! Ал құлып әлі сөйлеп жатыр:
      – Бұл жерге екі тісшесі бар кілт керек. Мына жерде былай, мына жерде былай...
      Сосын, есік ашылғаннан кейін, құлып айтады:
      – Ең маңызды заттар есіктің жанындағы пакетте, екі минуттан кейін қожайын келеді.
      Ұры пакетті алып, қашады.
      Қожайын келеді. Құлып айтады:
      – Бәрі ОК. Қоқысты шығарып қойды!
Мәтінді жасыру
43-6
      Одессада бір әйел автобуста кетіп бара жатып, ұялы телефонмен сөйлесіп отыр:
      – ... Білесің бе, Софочка, жатын бөлмемізге кіріп қалсам, көрші әйелмен жатыр, мен аяғымның ұшынан басып, асүйге бардым да, қолыма... Ой, Софочка, аялдамаға келдік, жұмыстан алтыда шығамын, қалғанын сол кезде айтып беремін.
      Кешкі алты. Дәл сол әйел автобусқа отырады, автобуста дәл сол адамдар отыр, ентігіп, әзер демалып бір еркек секіріп кіреді де:
      – Кешігіп қалған жоқпын ба? - дейді.
      Әлгі әйелге қарап:
      – Неменеге қарап қалдың? Софочкаға қоңырау шал - дейді.
Мәтінді жасыру
43-7
      Кафеге иті бар адам кіріп, келушілермен итім қазір сөйлейтін болады деп бәстеседі. Бірақ ит ештеңе айтпайды. Адам бәсе үшін төлеп, жұрттың күлкісіне қалады.
      – Сенің кесіріңнен қанша ақшаны ұтылып қалдым! - дейді итіне қожайыны. - Неге сөйлемедің?
      – Қылжақ! - жауап береді ит. - Сен біздің ертең қанша ақша ұтатын елестетіп көрші.
Мәтінді жасыру
43-8
      – Анашым бүгін маған қонаққа үш қыз келеді, біреуіне менің үйленгім келіп жүр. Ал сен қайсысы екенін тауып көр.
      Қыздар кеткен соң ол анасынан:
      – Ал қайсысы деп ойлайсың? – деп сұрайды.
      – Ортасында отырғаны – анық сол.
      – Мәссаған! Қалай дәл таптың?
      – Жәй интуициям ғой: ол қазірден бастап жыныма тие бастады.
Мәтінді жасыру
43-9
      Әйелі күйеуіне звондайды:
      – Вадим, сен машинадағы навигаторға тиістің бе?
      – Иә, қымбаттым... Мен Мәскеу мен Ярославль арасындағы қашықтықты қараған болатынмын.
      – Жарайды! Мен Ярославлдемін...
Мәтінді жасыру
43-10
      Американың кішігірім қаласында тұратын жергілікті жердің госпиталь хирургі дүкен қожайынына:
      – Осы айда неше мотоцикл саттыңыз?
      – Жиырма данасын.
      – Қызық, қалған үшеуі қайда кетуі мүмкін?
Мәтінді жасыру
43-11   🌞
      Базарда:
      – Тауықтар, тауықтар! Ханым, қараңыз, бұл – тауық емес, бұл - арман!
      – Оны немен тамақтандырдыңыз?
      – Оның қажеті қанша?
      – Менің де жүдегім келеді.
Мәтінді жасыру
43-12
      Жұпыны ауылдың шет жағы. Саз көшемен үлкен, оттары жарқылдаған қалалық джип келе жатыр. Соңғы қисайған үйдің жанынан өтеді, ар жағында жары бар құлаған шарбаққа келіп тоқтайды. Әрірек тұрған күпәйкелі екі қартаң әйел:
      – Семеновна, қара, тағы да навигаторы бар біреу.
Мәтінді жасыру
43-13
      Бір еркек ауа-райын тыңдап отыр. Хабарлама: «Сібірде -45 градус». Сенбейді, Сібірдегі досына телефон шалады:
      – Тыңдашы, сендерде қатты суық дейді ғой?
      – Жоға - 20-25.
      – Солай ма? Ал теледидардан 45 деді.
      – А-а-а... Мүмкін, далада солай шығар!
Мәтінді жасыру
43-14
      Күйеуі жұмыстан келіп, әйелінен:
      – Қалың қалай, тәттім? - деп сұрайды.
      – Бәрі жақсы, қымбаттым! Борщ пісірдім, котлет қуырдым, терезелерді сүртіп алдым, балалардың киімін жудым. Міне, енді шұлық тоқып отырмын… Ал егер, сен ертең тағы да интернетке төлеуді ұмытып кетсең, мен сені өлтіремін!
Мәтінді жасыру
43-15
      Мешіт имамы балаға:
      – Ас ішер алдында құран оқисың ба?
      – Жоқ. Менің анам асты дәмді етіп дайындайды.
Мәтінді жасыру
43-16   🌞
      Бұрын мен адамдарға өз мәселелерім туралы айтатынмын. Сонан соң, олардың көңілдерін мұндай тәсілмен көтермеуді ұйғардым.
Мәтінді жасыру
43-17
      Сары шашты көлікте келе жатып, радионы қосты:
      – Сіз «Европлюс» радиосын тыңдайсыз.
      Ол:
      – Ой Алла, бұлар оны қайдан біледі?
Мәтінді жасыру
43-18
      Кіші інісі өзінің әпкесіне:
      – Сыйлығыңыз үшін рахмет!
      – Оқасы жоқ, балақай!
      – Менде солай ойлаймын, бірақ анам сізге рахмет айт деген.
Мәтінді жасыру
43-19
      Бай болу үшін, үш нәрсе қажет: ақыл, дарын және көп ақша.
Мәтінді жасыру
43-20
      – Анашым, мен үйге келе жатырмын, не сатып әкелейін?
      – Өзіңе пәтер сатып ал, сөйтіп бөлек өмір сүр!!!
Мәтінді жасыру
43-21
      Балаларға арналған ағаш ойыншықтар мен конструкторлар бөлімінде жұмыс істеймін. Бесік арбаға баласын отырғызып алған ер адам келді, өнім туралы менің түсініктемелерімді тыңдап, көп таңдады. Бала, әкесі не көрсетсе де, ойыншыққа емес, маған үңіле қарай берді. Әкесі ойыншықтар туралы көп әңгіме мен таныстырудан кейін шыдамай кетті де:
      – Кешір, Макс, саған тәтейді сатып алып бере алмаймын...
Мәтінді жасыру
43-22
      Екі таныс Одессада:
      – Тыңдашы, Яша, сен өз әйеліңе қалай шыдайсың? Ол үнемі бұрқылдап жүреді, сені қажай береді, оның үстіне кез келген ұсақ-түйекке тиіседі! Оның көңіл күйі жақсы болған күндер болды ма өзі?
      – Сема, Құдай басқа бермесін! Көңіл күйі жақсы болса, ол ән де салады!
Мәтінді жасыру
43-23
      Менің байқағаным - нан, қант, майлы ет жемесең, балықпен сыра ішпесең - бетің кішірейе түседі, бірақ мұңды болады.
Мәтінді жасыру
43-24
      Әйелдер логикасы: ханзаданы күту, кейін ол диванда жатыр және жұмысшы не шаруа сияқты жұмыс істемейді деп ренжиді.
Мәтінді жасыру
43-25
      Қонақүй. Құрметті мырза дәліздегі кезекшіге:
      – Құрметтім, қолшатырымды бөлмеде ұмытып кеткен сияқтымын. 914-бөлмеге барып бұрышты, каминнің артын қарап келші, - дейді.
      Лифт жұмыс істемейді, дәліз кезекшісі 9-қабатқа жаяу көтеріледі. 10 минуттан соң ол терлеп-тепшіп, ентігіп қайтып келеді де:
      – Сэр, сіз дұрыс айтыпсыз. Қолшатыр өзіңіз айтқан жерде тұр. Алып келейін бе? - дейді.
Мәтінді жасыру
43-26
      Бір данышпан шәкірттерімен жолда келе жатады. Бір кезде шұңқырға өгіз түсіп кеткенін, шаруа оны шығара алмай жатқанын көреді. Ол шәкірттеріне басын изейді, олар жануарды тез шығаруға көмектеседі. Ары қарай жол тартады. Тағы да шұңқырға өгіз түсіп кеткенін, шаруа оның шетінде өкіріп жылап отырғанын көреді. Данышпан көрмеген болып қасынан өтіп кетеді. Шәкірттері одан сұрайды:
      – Ұстаз, мына шаруаға неге көмектеспедің?
      – Жылауына көмектесуім керек пе?
Мәтінді жасыру
43-27
      Ішіп алған еркек таңертең ерте зират ішінде оянды. Әлі қараңғы. Зират ішімен келе жатып, шұңқыр қазып жатқан қабіршіні көрді. Жақсы, мен оны қорқытып көрейін деп, ойлайды. Артынан келіп: «У-у-у-у-у!» - дейді. Қабірші көңіл аудармай шұңқырын әрі қарай қаза береді. «У-гу-гу-у-у-у!» Қабіршіде ешқандай алаңдаушылық жоқ, елең етпейді. Еркек қолын бір сілтеп, есік жаққа бет алды. Қақпаға жете бергенде, қабірші оны қуып жетіп, бар күшімен күрегімен сілтеп, басынан ұрып, саусағымен сені ме деп, сес көрсетіп, айтты: «Зират ішінде қыдыр, ал сыртқа шығуға болмайды!»
Мәтінді жасыру
43-28
      Екі егде тарқан футболшы келісті: кім бірінші өлсе, екіншісіне әуеде футболдың бар жоғын хабарлайтынын. Міне, олардың бірі ана өмірге аттанып кетті. Үш күннен соң досына байланысқа шықты.
      – Достым, менің саған екі жаңалығым бар: бірі жақсы, екіншісі жаман.
      – Бірінші жақсысын айт.
      – Мұнда футбол ойнайды екен.
      – Ал жаманы қандай?
      – Ойын алдағы жұмада, сен негізгі құрамадасың.
Мәтінді жасыру
43-29
      Бүгін - мамыр айының соңғы жексенбісі, біз шұжық, шұжықщаларды, ет тағамдарын, шырын, йогурт, картоп чипсилерін, газдалған сусын, кетчуп, тауық ет тағамдарын және басқа дәмділерді дайындайтындарды құттықтаймыз. Біз сол сияқты химия өнеркәсібінің жұмыскерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!
Мәтінді жасыру
43-30
      Екі оқытушы сөйлесуде:
      – Менің семинар өткізіп жатқанда, менің студенттерімнің сағатқа қарай бергенін ұнатпаймын.
      – Ол ештеңе емес қой - дейді екіншісі. – Олар қарап алғаннан кейін құлақтарына тақап тыңдағаны...
Мәтінді жасыру
43-31
      Бай бизнесмен өлім төсегінде жатып ұлына:
      – Саған өмірде табысқа жету жолдарының сырын ашпақшымын. Табысқа жетудің тек екі қасиеті бар: шыншылдық пен парасаттылық. Шыншылдық - өзіңе алған міндетті әрқашан орындау... Ал парасаттылық? Парасаттылық - оны ешқашан өз мойыныңа алмау.
Мәтінді жасыру
43-32   🌞
      – Сәлем! Әйелің босанды ма?
      – Босанды.
      – Кім босанды?
      – Егіз босанды.
      – Күшті! Құттықтаймын! Кімге ұқсайды?
      – Бір-біріне.
Мәтінді жасыру
43-33
      Бас дәрігер - санитарға:
      – Бесінші палатадағы сал болған науқасқа, аяғыңызды кеседі деп, неге айттыңыз?
      – Шынымен қашып кетті ме? Ал сіз оған ем қонбайды, ем қонбайды...
Мәтінді жасыру
43-34
      – Клава тәте, сізге уақытша ойыншықтарымды қалдыра тұруға бола ма?
      – Не болды Вовочка?
      – Інімді перзентханадан алып келді. Қандай адам екендігі әлі белгісіз...
Мәтінді жасыру
43-35
      Бізде бəрі ақылы: туылу, оқу, үйлену, емделу, қайтыс болу. Тек қана жұмыс жасау тегін.
Мәтінді жасыру
43-36
      – Кейде сенің жалқаулығың ұстай ма?
      – Кейде менің белсенділігім ұстайды, ал жалқаулық үнемі.
Мәтінді жасыру
43-37
      – Ой, білесіз бе, жылдар өткен сайын еркектердің маған деген қызығушылығы артып келе жатқанын сезінемін!
      – Сара, олар дәрігерлер...
Мәтінді жасыру
43-38
      – Мама, менің екі жаңалығым бар. Біреуі жақсы, екіншісі жаман.
      – Жақсысынан баста.
      – Мен енді олай істемеймін.
Мәтінді жасыру
43-39
      Үш бақа құмырада отырды. Біреуі секірмекші болып шешті. Құмырада олардың нешеуі қалды? Дұрыс: үшеуі. Шешу және секіру - әртүрлі нәрсе!
Мәтінді жасыру
43-40
      – Мен әлемдегі бірінші сөйлейтін кір жуғыш машинамын. Сізде кір жуу туралы мәселе туындады ма? Қаласаңыз, ол туралы мен сізбен сөйлесейін бе?
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Акжайык Сабырбаева, Айсулу Байгараева, Laila Kabyldina, Гульнар Абдраимова, Динара Давлеткалиева, Султангазы Абдыкалыков, Гульмира Ажмаганбетова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Выпуск 42 Вернуться к началу Выпуск 44  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга