Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 10

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

10-1
      – Күйеуі үйіне екі шаңсорғыш алып келеді.
      – Сен неге бәрін екеуден сатып аласың? – қамданып деп сұрайды жас әйелі.
      – Ажырасатындай жағдай туындаса.
Мәтінді жасыру
10-2
      Вовочка биология пәнінде ойнақтап, сабақты тыңдамайды. Мұғалима:
      – Вовочка, маған мұқият қара, әйтпесе маймыл туралы түсінігің мүлде болмайды, - дейді.
Мәтінді жасыру
10-3
      Ер азамат Израилға келіп, келісімшартта не жазылғанын түсінбестен қол қойып, пәтер жалдап тұрды.Пәтерді босатар кезінде үйдің иесі пәтерді бояу керектігін айтты? және келісімшартта бұл жөнінде жазылғанын ескертеді. Жігіт ашуланып, келісімшартты оқыса, шыныменде айтылған екен. Бояуларды сатып алып, қабырғалары мен төбелерін бояп шықты. Үйдің иесі келгенде жүрегін ұстап қала жаздады. Бояудың түсі қара. Сонда ер азамат:
      – Келісімшартта бояудың түсі жайлы жазылмаған.
Мәтінді жасыру
10-4
      Бір еркек ұйқысыздықтан зардап шегіп жүреді. Бірде, кезекті ұйқысыз түнде оған жын келеді де былай дейді:
      – Сен маған ұнадың. Қалағаныңды сұра, бәрін тегін орындаймын.
      Еркек ойланып жауап береді:
      – Сұмдық ұйқым келіп тұр!
      – Жақсы, - дейді жын, - сұмдық ұйықтайсың!..
      Еркек түні бойы жаман түс көреді...
Мәтінді жасыру
10-5   🌞
      Бір еркек екінші рет үйленеді. Тойдан кейін ол әйеліне былай дейді:
      – Қымбаттым, енді мен саған өзімнің ең үлкен кемшілігім туралы айтуым керек: өкінішке орай, мен жиі себепсіз қызғанамын.
      – Уайымдама, қымбаттым, мені саған себепсіз қызғану қажет болмайды.
Мәтінді жасыру
10-6
      Бір пақыр есіктің қоңырауын басады. Оған үй иесі әйел ашады және садақа беруден бас тартады. Пақыр айтқанынан қайтпайды, ал әйел болса күйеуін шақырам деп қорқытады.
      – Құр бекер, миссис, - дейді пақыр, - ол үйде жоқ.
      – Қайдан білесің?
      – Сіз сияқты әйелдердің күйеулері үйге тек түскі асқа ішу үшін келеді, немесе одан да сирек.
Мәтінді жасыру
10-7
      Суреттер көрмесінде бір келуші екіншісінен сұрайды:
      – Қалай ойлайсың, мына суретте күннің шығуы бейнеленген бе, әлде батқаны ма?
      – Әрине, батқаны. Мен суретшіні танимын. Ол түс ауғанша ұйықтайды.
Мәтінді жасыру
10-8
      Бір француз журналы үздік әңгімеге байқау жариялайды. Тақырыбы: «Сенің таңың». Басты шарты – әңгіме қысқа болуы қажет.
      Бірінші орынды мына шығарманың авторы алды: «Мен таңертең ерте тұрамын, таңғы ас ішемін және үйге барамын».
Мәтінді жасыру
10-9
      Қараушы сотталушыға қарап:
      – Сіздің әйеліңіз кездесуге келді.
      – Қалай? Бұл да үкімге жата ма?
Мәтінді жасыру
10-10
      – Біздің оқытушымыз өзімен өзі сөйлеседі. Ал сендердікі ше?
      – Ол да, бірақ оны өзі сезбейді. Ол біз оны тыңдап отыр деп ойлайды.
Мәтінді жасыру
10-11
      – Енді мектепке бармаймын! – дейді ата-анасына бір күн оқуға барғаннан кейін балдырған. – Мен жазу да, оқи да білмеймін, ал сөйлеуге маған рұқсат етпейді...
Мәтінді жасыру
10-12
      Бар үстелшесі алдында:
      – Білесіз бе, мен жасымда өте сүйкімсіз болдым...
      – Ханым, сіз өте жақсы сақталыпсыз!
Мәтінді жасыру
10-13
      Бойдақ әрқашан үй шаруашылығын өзі істейді, ал үйленгенді әйелі мәжбүр етеді.
Мәтінді жасыру
10-14
      – Даяшы, өткен жексенбіде сіздерде жаңа сыра болған еді!
      – Сеніңіз, бұл сол сыра.
Мәтінді жасыру
10-15
      Фермер мал дәрігерінен кеңес сұрапты.
      – Жылқым бар еді. Кейде жүрісі жақсы, кейде ақсаңдап қалады. Қандай кеңес бересіз?
      – Келесі рет жақсы жүріп тұрған кезінде сатып жіберіңіз.
Мәтінді жасыру
10-16
      Шаштараз, клиентті екі рет жарақаттап алады, жағдайды жұмсарту үшін онымен сөйлесе бастайды:
      – Сіз бұрын бізде болып па едіңіз?
      – Жоқ. Қолымнан соғыста айрылғанмын...
Мәтінді жасыру
10-17
      – Даяшы, менің сорпама шыбын түсіп кетіпті! Ауыстырыңыз!
      – Өкінішке орай, сэр, басқа шыбындар жоқ.
Мәтінді жасыру
10-18   🌞
      Теледидардан қызықтың неше түрін көрсетеді, тіпті дұрыстап өмір сүруге уақыт жоқ!
Мәтінді жасыру
10-19
      Әкесі Воваға:
      – Кеше мен даладан екі мың теңге тауып алдым және оны милицияға апарып бердім. Менің орнымда сен не істер едің? –деді.
      – Мен де өтірік айтар едім.
Мәтінді жасыру
10-20
      Бір жігіт қызымен кездескенде (көңілсіз):
      – Тыңдашы, біздің қарым-қатынасымызда бір мәселе туындады.
      – Қандай? (таңқалып, елегізіп, үреймен)
      (Үзіліс)
      – Мен сенің есіміңді ұмытып қалдым.
Мәтінді жасыру
10-21
      Емделуші психиатрға өзінде бір кемістік барын сезінетінін айтып шағымданады. Тәптіштеп сұрақ қойғаннан кейін психиатр былай дейді:
      – Алаңдамаңыз әкей, сізде ешқандай кемістік сезімі жоқ. Сіз шынында кемсіз.
Мәтінді жасыру
10-22
      Егде әйел хайуанаттар дүкенінің сатушысына шағымданады:
      – Кеше мен сендерден тотықұс сатып алған болатынмын және оған өте көңілім толған жоқ. Оның сөзбайлығы өрескел.
      – Иә, - дейді сатушы, - ол шамалы ұрысқақ. Есесіне ішпейді және темекі шекпейді.
Мәтінді жасыру
10-23
      – Арықтағыңыз келе ме? Яғни, былай: сіз қанша ішкіңіз келсе, кез келген көлемде, ішуіңізге болады және күннің қай уақытында күндіз бе, кеште ме, тек бір шартым бар - күніне 10 теңгеге!..
Мәтінді жасыру
10-24   🌞
      – Ханым, неге ажырасқыңыз келеді?
      – Менің күйеуіммен жанжалдасатын ешқандай себебім қалған жоқ.
Мәтінді жасыру
10-25
      – Гүл сатып алыңыздар! Жігітім, әйеліңізге гүл сатып алыңыз!
      – Мен бойдақпын!
      – Онда сүйіктіңізге сатып алыңыз!
      – Менің сүйіктім де жоқ!
      – Онда бейғам өміріңіз үшін сатып алыңыз!
Мәтінді жасыру
10-26
      Психиатрға бір ер кісі келіп айтыпты:
      – Дәрігер! Мені өзімді ұлы көріп артық санайтын сезімнен айықтырғаныңыз үшін сізге рахмет! Сіздің еміңіздің арқасында мен ендігі шексіз де таңғажайып тіпті феноменді қарапайым деп айтса да болатын адамға айналдым!
Мәтінді жасыру
10-27
      Көз көруін тексеруде әскерге шақырылушы тек ең үстінгі қатардағы әріптерді ғана оқи алды. Оның таңданысына қарай дәрігер мынадай шешім шығарды:
      – Жақын аралықтағы ұрысқа жарамды!
Мәтінді жасыру
10-28
      – Қалай қарайсың, оған сеніп құпия айтуға бола ма?
      – Әрине. Бұдан төрт жыл бұрын оның еңбекақысын көтерген болатын, ал ол туралы оның әйелі осы уақытқа шейін білмейді...
Мәтінді жасыру
10-29
      Дерматологтың досы одан неге осы мамандықты таңдағанын сұрапты.
      – Ә, үш себепке бола! Біріншіден, менің емделушілерім мені ешқашан да түнгі мезгілде оятпайды. Екіншіден, олар өздерінің дертінен өліп кетпейді. Және үшіншіден, олар сол дерттен ешқашан да жазылып кетпейді.
Мәтінді жасыру
10-30
      Бағдарламашы үйіне таң ата келіпті. Әйелі айбарлы күйде сұрапты:
      – Қайда жүрсің?
      – Өй сол көңілдес әйелдің қасында: шарап-марап, өлең, анау-мынау ғо...
      – Оттама, тағы сол түні бойы таң атқанша ғаламторда отырған шығарсың!
Мәтінді жасыру
10-31
      – Профессор, менің ұлыма скрипкада ойнауды үйретіңізші.
      – Ол музыканы ести біледі ме?
      – Білесіз бе, мен оны шақырғанда, әдеттегідей, жауап қатады.
Мәтінді жасыру
10-32
      Хатшы қыз бастығының кабинетіне бір жігітті алып кіріп:
      – Иван Васильевич, мен сіздің кәрі, семіз және сырқат екеніңізге көзін жеткізу үшін сізге өзімнің күйеуімді алып келдім.
Мәтінді жасыру
10-33
      – Мен кеше әйеліммен кинода болғам, сосын кенет менің жаныма әдеміше келген бір қыз отырды...
      – Сенің жолың болыпты, бәрі керісінше болуы мүмкін еді ғой.
Мәтінді жасыру
10-34
      Генетик ғалымдар буданның жаңа түрін шығарды: алтын балық пен акула. Үш қалауыңды орындайды. Соңғы...
Мәтінді жасыру
10-35
      – Рабинович, біздің қаламызда сізді қоспағанда қанша әйелі көзіне шөп салып жүрген еркек бар екенін білемісіз?
      – Не? Сіз «мені қоспағанда деп» нені меңзеп тұрсыз?
      – Кешіріңіз. Онда айтыңызшы, сізді қосқанда бізде қанша әйелі көзіне шөп салып жүрген еркек бар?
Мәтінді жасыру
10-36
      Мұғалім «Егер мен фирманың директоры болсам...» атты тақырыпқа шығарма жазуды тапсырды. Барлығы ынталанып жазып жатыр, тек Вовочка ғана терезеге қарап отыр.
      – Ал сен неге жазбай отырсың?
      – Хатшымды күтіп отырмын.
Мәтінді жасыру
10-37
      Иван Сидорович өзінің әйелін ауызын ашып алып тыңдайды екен, құлақ жарғағына қысым сырты мен ішінде бірдей болу үшін.
Мәтінді жасыру
10-38
      – Бүгін таңертең сенімен бірге болған қисық аяқты қыз кім?
      – Бұл әлгі сен кеше кешкісін менімен таныстырған түзу аяқты қыз ғой!
Мәтінді жасыру
10-39
      – Мен таяуда келіп едім, бұл жерде шомылуға бола ма?
      – Бірақ ұсынбаймын. Өзен толған қолтырауындар.
      – Ал өзеннің теңізге құятын жерінде ше?
      – Онда болады. Ол жерде қолтырауындарды акулалар жеп қояды.
Мәтінді жасыру
10-40
      – Сенің әйелің дүкенге ұзаққа кіріп кетті ме?
      – Білмеймін, бірақ әдетте оның дүкен ішінде қозғалу жылдамдығы сағатына 200 доллар болатын.
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Гульмира Ажмаганбетова, Максат Маликов, Nurdaulet Aspenov
Корректор: Азамат Биназаров


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Выпуск 09 Вернуться к началу Выпуск 11  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга