Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 5

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

5-1
      – Алло! Алиса, бұл сенсің бе? Мен театрға билеттерді сатып алдым!
      – Тамаша! Мен шығуға дайындала бастадым.
      – Дұрыс жасап жатырсың! Онда біз нақты уақытында боламыз, билеттер ертеңгі күнге.
Мәтінді жасыру
5-2
      Дүкенде:
      – Тыңдаңызшы, сіздің күйеге қарсы құралыңыз ештеңеге жарамайды. Күйе оны рахаттанып жейді!
      – Онда бәрі дұрыс. Күйе оны жеп жатқанда, киімдеріңізде шаруасы болмайды.
Мәтінді жасыру
5-3
      Ит:
      – Ол мені тамақтандырады, ол маған қамқорлық жасайды, ол маған баспана берді - мүмкін, ол құдай болар!
      Мысық:
      – Ол мені тамақтандырады, ол маған қамқорлық жасайды, ол маған баспана берді - мүмкін, мен құдай шығармын!
Мәтінді жасыру
5-4
      Сотта:
      – Айыпталушы, егер қаласаңыз сот сізге қорғаушы шығарып береді.
      – Ниетіңізге рахмет, бірақ негізі екі-үш ақылды куәгер берсеңіз тіпті жақсы болар еді!..
Мәтінді жасыру
5-5
      Құдағи құдағиына келеді. Ұлдың анасы:
      – Лена өзі жаман емес, тұрғандарына екі жыл болды, бірақ әлі бала таппады.
      Ленаның анасы:
      – Не болғанын білмеймін. Үйде жыл сайын бала табатын.
Мәтінді жасыру
5-6
      Ер адам моншаға келіп, жуынып болған соң орамалын үйінде қалдырып кеткені есіне түседі. Не істерін білмей жан-жағына жаутаңдап қарап тұрады. Кенет көзі тақтайшадағы жазуға түседі: «Перделермен сүртінуге болмайды!» Ойланып: «О! Бұл табылған ақыл!» - дейді.
Мәтінді жасыру
5-7
      Қаңғыбас әйелден сұрайды:
      – Сізде екі күн бойы ештеңе жемеген кедейге торттың бір тілімі табыла ма екен?
      Үй иесі әйел:
      – Торттың? Саған нан жетпей ме?
      – Әдетте, жетеді, бірақ бүгін менің туған күнім еді.
Мәтінді жасыру
5-8
      Екі дос өмір туралы әңгімелесіп отыр. Біреуі айтады:
      – Мен әрқашан үлкен машинаны жүргізуді және менің қалталарым ақшаға толы болғанын армандайтынмын!
      – Сонымен, қалай, сенің арманың орындалды ма?
      – Әрине, орындалды! Мен рейстік автобустың жүргізушісі болып жұмыс істеймін.
Мәтінді жасыру
5-9
      Теңізде, жағалауға жақын жерде, бір әйел көмек сұрап жатыр:
      – Батып барамын... Көмектесіңіздер, батып барамын. Жоқ, жоқ, сізге емес, сіздің артыңыздағы нейлонды плавки киген қара шашты ер адамға айтып жатырмын.
Мәтінді жасыру
5-10   🌞
      Бір әйел құрбысына айтады:
      – Арықтау үшін дәрігер маған күнделікті атпен жүруді жазып берді.
      – Сонымен, нәтижелері бар ма?
      – Иә! Ат әлдеқашан арықтап кетті.
Мәтінді жасыру
5-11
      Дәрігер келушіге:
      – Мен сізге жылырақ жамылып алып, жатыңыз деген едім, ал сіз болса, күні бойы дүкен аралап жүрсіз.
      – Көрпе іздеп жүрмін, дәрігер.
Мәтінді жасыру
5-12
      Фирманың иесі жұмысшысымен кездесіп айтты:
      – Құттықтаймын! Сіз мұрагерлі болыпсыз ғой.
      – Өкінішке орай. Менің жалақыммен менде мұрагер болуы мүмкін емес - менде тек балаларым ғана болуы мүмкін.
Мәтінді жасыру
5-13
     - Сіздің күйеуіңіз қайда жұмыс істейді?
      – Үш айдан бері ликер-арақ жасайтын зауытта істейді.
      – Оған сол жерде ұнайды ма?
      – Білмеймін. Ол әлі үйге келген жоқ.
Мәтінді жасыру
5-14
      Екі көрші сәкіде өсек айтып отыр:
      – Петровна, балаң неге сондай ұсқынсыз қызды әйел қылып алды?
      – Ештеңе етпес, үйді қорғайтын болады...
Мәтінді жасыру
5-15
      Терең демалу микробтарды өлтіреді. Бірақ оларды қалай терең демалуға көндіруге болады?
Мәтінді жасыру
5-16
      – «Тайд» ұнтағының жарнамасы үшін лас адамдар мен салақтар қажет.
Мәтінді жасыру
5-17
      – Қарындас, сізді келесі биге шақырып үлгерді ме?
      – Жоқ, әлі шақырмады. Мен боспын.
      – Онда менің саптыаяқ сырамды ұстай тұрыңызшы...
Мәтінді жасыру
5-18
      – Дәрігер, менде депрессия.
      – Жұмысқа басыңызбен кіріп кетіңіз. Сіз немен айналысасыз?
      – Бетон араластырамын...
Мәтінді жасыру
5-19
      – Дәрігер, мен жартылай саңыраумын...
      – Жартылай саңырау деген не? Адам не саңырау болады, не саңырау емес болады. Тексеріп көрейікші. Бұрышқа тұрыңыз... Мен санды сыбырлап айтамын, ал сіз оны естуге тырысыңыз. Сексен сегіз!
      – Қырық төрт, дәрігер...
Мәтінді жасыру
5-20
      Қымбатты досым, сізге көңіл айтуыма рұқсат етіңіз!
      – Не болып қалды?
      – Кеше менің әйелім қаракүзен ішігін сатып алды!
      – Менің бұған не қатысым бар?
      – Менің әйелім ертең сіздің әйеліңізге барайын деп отыр, сондықтан сіздің қатысыңыз бар!
Мәтінді жасыру
5-21
      Дәрігер сырқатнаманы толтырып жатып, ауруға сұрақ қояды:
      – Ішесіз бе?
      Ауру (қызу):
      – Бар ма?
Мәтінді жасыру
5-22
      Жазғы саяжай маусымынан үзінді: «Ақыры Васяның жастық шағындағы арманы орындалды. Ол ата-анасының саяжайынның алты жүз шаршы бақшасына асфальт төсеп тастады».
Мәтінді жасыру
5-23
      – Қымбаттым, сенің мендегі ең жақсы көретінің не: менің әдемі жүзім бе әлде менің керемет денем бе?
      – Сенің әзіл-оспақтап сөйлей алатындығыңды жақсы көремін.
Мәтінді жасыру
5-24
      Қозғалтқышпен тежеген кезде ең алдымен бампер тежеледі, содан соң радиатор мен фараның қаптамасы, кейін радиатордың және соңында ғана қозғалтқыштың өзі тежеледі.
Мәтінді жасыру
5-25
      Әйелі мен күйеуі көлікте кетіп бара жатыр.
      Әйелі:
      – Ой, тезірек көлікті кері қарай бұр. Мен газ плитасын өшіруді ұмытып кетіппін. Біздің пәтеріміз жанып кетпесе екен!
      Күйеуі:
      – Жанып кетпейді, мен душты өшіруді ұмытып кетіппін.
Мәтінді жасыру
5-26
      Абстракционист суретші үйленеді. Бірнеше айдан кейін оның әйелінен құрбысы сұрады:
      – Ал, қалай өмір сүріп жатырсыңдар?
      – Жақсы, - деді ол, - күйеуім сүрет салады, мен тамақ пісіремін, сосын екеуіміз отырып алып, оның не салғаны мен менің не пісіргенімді табамыз.
Мәтінді жасыру
5-27
      Толығымен жабдықталған аңшы досын кездестіріп қалады:
      – Қайда жиналдың, аң аулау мерзімі бітті емес пе?
      – Ия, дегенмен әйелім ол туралы әзірше ештеңе білмейді.
Мәтінді жасыру
5-28
      Газет бетіндегі хабарландыру:
      «Ақылды, нәзік, зейінді, жұмыстан қашпайтын, кең пейілді, ішпейтін еркекті бір рет көрсе ғой».
Мәтінді жасыру
5-29
      Ұстаз:
      – Сіздің фамилияңыз?
      Студент:
      – Иванов (жымияды).
      – Неге жымиясыз?
      – Бірінші сұраққа дұрыс жауап бергеніме қуаныштымын.
Мәтінді жасыру
5-30
      Әйелі дәрігер қабылдауынан келіп күйеуіне:
      – Дәрігер маған Қара теңізге баруға кеңес берді. Қалай ойлайсың, қандай демалыс орнын таңдағаным жөн?
      Күйеуі (ашуланып):
      – Оданда басқа дәрігерді таңда.
Мәтінді жасыру
5-31
      Науқас дәрігердің қабылдауында:
      – Дәрігер, менің басым ауырып тұр.
      Дәрігер:
      – Міне дәрілер. Кешке біреуін ішіңіз. Егер таңертең оянсаңыз, тағы екеуін ішіп алыңыз.
Мәтінді жасыру
5-32
      Шейх сарайының алдына бір автобус тоқтайды, іші толған егде жастағы әйелдер.
      – Тағы да туристер ме?- деп сұрайды шейх.
      – Жоқ - дейді оның көмекшісі, -бұл сіздің енелеріңіз қонаққа келді.
Мәтінді жасыру
5-33
      Әкесі үш баласын ертіп, шөп шабатын алаңға келді. Оларға ризалығын білдіру үшін қарт бір стақан арақтан құйып берді. Біраз уақыттан кейін, ол ұлдарына:
      – Ал, енді балаларым, жұмыс істейтін уақыт та келді!
      Үлкен ұлы кекете отырып:
      – Әке, ішсең болды, қайдағы-жоқты сандырақтай бастайсың!
Мәтінді жасыру
5-34
      – Көмектесіңдер! - поезд вагонында жантүршігерлік айқай естіледі. - Мында дәрігер бар ма?!
      – Мен дәрігермін! - көрші купеден жартылай жалаңаш азамат шығады. -Кімге көмек керек?
      – Маған! - жолаушы қуанып жауап береді. - Дәрігер, 6 әріптен тұратын, тамақ ауруы қалай аталады?
Мәтінді жасыру
5-35
      – Петровна! - көршісі көршісінен сұрайды. - Сен шошқаларыңды немен тамақтандырасың?
      – Саған оның не керегі бар?
      – Мен де солай арықтағым келеді!
Мәтінді жасыру
5-36
      – Неге мұңайып отырсың?
      – Әйелім үш аптаға теңіз жағалауына кетеді.
      – Онда мен сені түсінбей тұрмын.
      – Егер мен мұңаймасам, ол ойынан айнып қалады.
Мәтінді жасыру
5-37
      – Сен неге әйеліңді рояльдің орнына флейтада ойнап үйренуге мәжбүрледің?
      – Флейтада ойнағанда ол ән салмайды.
Мәтінді жасыру
5-38
      – Бұрынғы жұмыс орныңыздан мінездемеңіз бар ма?
      – Иә, маған ол жерде басқа жұмыс орнын табуға кеңес берді.
Мәтінді жасыру
5-39
      Құрбылардың арасындағы әңгіме:
      – Олегтен мүлде басқа адамды жасап шығардым.
      – Рас па? Енді оның есімі қандай?
Мәтінді жасыру
5-40
      Әйелдер мен еркектер тым болмағанда бір нәрсеге келгенде келіседі: олардың екеуі де әйелдерге сенбейді.
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Акжайык Сабырбаева, Гаухар Назымбекова, Сауле Ибраева
Корректор: Азамат Биназаров


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Выпуск 04 Вернуться к началу Выпуск 06  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга