Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 19

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

19-1
      Ер адам бір аяғына етік киіп келе жатыр. Өзге ер адам:
      – Етігіңді жоғалтып алдын ба?
      – Жоқ, керісінше, тауып алдым.
Мәтінді жасыру
19-2
      – Абрам сен бір қоқысты екі сағаттай шығардың ғой! Бұлай бола ма екен?
      – Сабыр, Саражан! Мен оны ақыры сатып тындым!
Мәтінді жасыру
19-3
      – Дәрігер, менің басым айналып тұр.
      – Көріп тұрмын…
      – Дәрігер, тұтығып сөйлеймін.
      – Естіп тұрмын…
      – Кеше мені жедел-жәрдем көлігі қағып кетті.
      – Білемін...
Мәтінді жасыру
19-4
      – Әйелі - күйеуіне:
      – Сүйіктім, тұмшапеште қоян тұр еді. Оны қарап қойшы, мен көкөністер алуға шығып келейін.
      Бір сағаттан соң қайтып келіп.
      – Ал сүйіктім, қалай болды?
      – Бәрі дұрыс, ойдағыдай. Қоян пештен шыққан жоқ!
Мәтінді жасыру
19-5
      Сотта қазы салықтан жалтарып жүргеннен сұрапты:
      – Сіз салық төлеуден, дәл салық инспекторы айтқандай қашып жүрдіңіз бе?
      – Жоқ, мүлде олай емес, бірақ оның тәсілі де назар аударуға тұрарлық негізі.
Мәтінді жасыру
19-6
      Рабинович, ерлі-зайыптыларға сатайын деп жатқан саяжайды көрсетіп жатыр:
      – Қане былай істелік: сіздер үйді алғыларыңыз келетін бағаны айтасыздар, біз жақсылап күліп аламыз, ал сосын дұрыстап іс туралы сөйлесеміз.
Мәтінді жасыру
19-7
      Сары шашты қыз құрбысына:
      – Үш айлық ағылшынның баласын асырап алғым келеді.
      – Онымен не істейін деп едің?
      – Ол сөйлей бастаған кезде мен одан ағылшынша сөйлеуді үйреніп аламын.
Мәтінді жасыру
19-8
      Жеке кәсіпкер вокзалға қарайтын дәмхананы сатып алып соның иесі болыпты. Одан сұрайды екен:
      – Неге дәмханада осынша аз порциялы тамақтар?
      – Бұның қамқорлық танытатын терең астарлы мәні бар. Біз жолаушы пойыздан қалмауы үшін барлығын істеп бағамыз.
Мәтінді жасыру
19-9
      Қою тұман, әйел алдында келе жатқан көліктің жарықшамына қарап келе жатыр. Әлгі көлік кенет кілт тоқтай қалыпты, сөйтіп әрине әлгі әйел оның артына барып кіріп кетеді, сосын әйел көлігінен түсіп оған барыпты.
      – Алдыңыздан жын шықты ма әй, неге бұлай тоқтай қалдыңыз?!
      – Кешіріңіз, бірақ мен гаражыма келіп жатқан едім...
Мәтінді жасыру
19-10
      Травматологиялық пункттің маңында бас-аяқ бинтпен таңылып тасталған ерлі-зайыптылар такси тоқтатыпты. Машинаға отырып, шопырдан өтініпті:
      – Тек қатты айдамаңызшы, өтінеміз, әйтпесе кеше бізге бір даңғой тап болды, сөйтіп ақыры апатқа ұшырап тындық.
      Таксиші оларға қарап қуанған түрмен айтыпты:
      – О де, ал мен сіздерді танымай қалдым ғой!
Мәтінді жасыру
19-11
      – Дәрігер, менің шаштарым көп түседі.
      – Бұл сіздің тым көп уайымдай бергеніңізден.
      – Иә, сондан ғой әрине. Бірақ мен енді сол шашымның түсе беретіндігін уайымдай беремін ғой!
Мәтінді жасыру
19-12
      Хабарландыру:
      «Кеше біздің зообақтан тасбақа қашып кетті. Оны тапқандарға, өтініш тасбақаны 180 градусқа бұрып жіберіңіздерші».
Мәтінді жасыру
19-13
      – Дәрігер, енемнің қалы қалай?
      – Өкінішті-ақ, бірақ оны бүгін шығарамыз.
Мәтінді жасыру
19-14
      – Қымбаттым, сен неге маған «қымбаттым» деген сөзді, мен сенен тон алып беруді өтінгенде ғана айтасың?
Мәтінді жасыру
19-15
      Күйеуі үйіне таң атпай қайтыпты.
      – Сен қайда болдың? - деп сұрапты әйелі абыржыған үнмен. -Мен түні бойы көз ілмей шықтым.
      – Ха! Мені ұйықтады деп ойлаймысың?
Мәтінді жасыру
19-16
      Күйеуі - әйеліне:
      – Қымбаттым, сен бізге бүгін бір ән деп жібермеймісің?
      – Қонақтар деген тарап жатыр емес пе...
      – Бірақ олар тіпті зауықсыз, асығатын түрлері жоқ...
Мәтінді жасыру
19-17
      Сыраханадағы әңгіме:
      – Мен кеше әйелімнен кетіп қалдым.
      – Батыл іс. Бірақ не үшін?
      – Қуып шықты да.
Мәтінді жасыру
19-18
      Әйелі - күйеуіне:
      – Сүйіктім, бүгін мен сенің жұмыс орныңа соғып сенің пенжегіңнің қалтасынан 300 долллар алдым.
      – Ештеңе етпейді, мен онда жұмыс істемейтініме екі апта болған.
Мәтінді жасыру
19-19
      Бір адам досына шағынып жатыр:
      – Болды әйелімнен кетемін. Әйелім менің бақталасыммен тым көп уақыт өткізеді. Әйеліме онымен бірге болған ұнайды, ол көп әңгімелер айтады, әдемі ән салады...
      – Ал сен онымен бір жігітше сөйлесіп көрмеп пе ең?
      – Ол қалай сонда?
      – Енді тұмсығын бұзып дегендей ма...
      – Теледидардың ба?!
Мәтінді жасыру
19-20
      Күйеуі терезеге қарап тұр. Кенет ол айқай салды:
      – Соня, Рабинович сүйетін келіншек келе жатыр!
      Әйелі табалдырыққа шалынып, тәрелкесін түсіріп, терезеге ұмтылып:
      – Кәне, кәне?
      – Әне, көк көйлекте, бұрышта.
      – Есуас, ол оның әйелі ғой!
      – Ал мен не айттым?
Мәтінді жасыру
19-21
      – Әйелдер нені қалайды?
      – Әйелдер, бәрі өздері қалағандай болғанын қалайды!
Мәтінді жасыру
19-22
      Жалдамалы жұмыскерлердің фирма қожайынына қарағанда, өздерін өте жақсы сезінетін күні болады. Ол жалақы алатын күні.
Мәтінді жасыру
19-23
      – Даяшы, неге сіз барлық тағамдарды суық түрінде бересіз?
      – Сіз араққа, винегретке, дірілдекке және балмұздаққа тапсырыс бердіңіз, қайсысын жылытайын?
Мәтінді жасыру
19-24
      – Сүйіктім, сен бұрын маған, сен мен үшін бүкіл өмірімсің! - деп айтатынсың.
      – Онда әлсіз болдым... Жаратылыстанудан...
Мәтінді жасыру
19-25
      – Аққұба қыз компьютер алдына келген кезде не істейді?
      – Айғайлайды, себебі тышқанды көреді.
Мәтінді жасыру
19-26
      – Егер сен болмағанда, біз тамаша жұп болар едік - деп, күрсінді әйелі.
Мәтінді жасыру
19-27
      – Маша, байқадың ба, жастар қандай топас болып кеткен? Мен қарама қарсы отырған жігітке көзіммен ишарат білдіріп отырсам, ол болса - көңіл де бөлмейді. Сөйтіп, кетті де қалды...
      – Оля, сен күннен қорғанатын көзілдірігіңді шешуің керек еді.
Мәтінді жасыру
19-28
      Ері жұбайына ұйқылы-ояу сөйлеп жатыр:
      – Қымбаттым, аяқ киімімді шеш те, теледидарды өшірші.
      – Шыдай тұр, томпағым. Біз әлі кинотеатрдамыз.
Мәтінді жасыру
19-29
      Еркек: Маған күйеуге шық деп ұсынсам, не дер едің?
      Әйел: Ештеңе. Бір уақытта сөйлеп отырып, күле алмаймын ғой.
Мәтінді жасыру
19-30
      – Ойлап көрші: үйленгеніме он жеті жыл бопты, әлі күнге бір ғана әйелді жақсы көрем.
      – Ол туралы әйелің біліп қояды деп қорықпайсың ба?
Мәтінді жасыру
19-31
      Жұмыстағылардың әңгімесі:
      – Әйелім - ғажап жан. Кешкілік жұмыстан келгенімде бетімнен сүйеді, киімімді, аяқ киімімді шешуге көмектеседі, үйге киетін аяқ киімді және резеңке қолғапты әпереді.
      – Қолғаптың керегі не?
      – Онымен ыдыс жуған ыңғайлырақ.
Мәтінді жасыру
19-32
      – Күйеуімнің бойында бір мін жоқ, - деп бір әйел құрбысына мақтанып отырады.
      – Неге?
      – Ол ешқашан туған күнімді ұмытпайды, бірақ жасымның қаншаға келгенін ұмытып қала береді.
Мәтінді жасыру
19-33
      – Қарызға 10 рубль бере тұршы.
      – Менде бесiм ғана.
      – Онда бес бер, қалған бесін қарыз боласың.
Мәтінді жасыру
19-34
      – Әке, сен неге апама үйлендің?
      Күйеуі әйеліне қарап:
      – Көрдің бе, бала екеш бала да таң қалып жатыр!
Мәтінді жасыру
19-35
      – Вовочка, сенің қолдарың неге кір?- деп анасы сұрады.
      – Мен жаңа қолдарыммен бетімді жуғам!
Мәтінді жасыру
19-36
      Әрбір жөнді істің соңы болады, тек қана бос іспен шексіз айналысуға болады.
Мәтінді жасыру
19-37
      – Сенің кездесуің қалай өтті?
      – Мен оның жағынан бес рет тартып жіберуіме тура келді.
      – Ол не сенімен байланысып қалды ма?
      – Жоқ, мен ол ұйықтап жатыр екен деп ойлап қалдым.
Мәтінді жасыру
19-38
      Құрбысы мұның айтып отыр:
      – Білесің бе, күйеуім көзіме шөп салып жүргенін білдім! Қалай ойлайсың, өзіне бұл туралы айтайын ба?
      – Неге? Онсыз да ол білетін шығар
Мәтінді жасыру
19-39
      Автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетеді. Жаяу жүргінші тұрып, үсті-басын қағып, айғайлай жөнеледі:
      – Мүмкін емес! Тағыда сіз бе! Сіз мені кеше қағып кеттіңіз ғой!
      – Кешініңіз, мен сізді танымай қалдым.
Мәтінді жасыру
19-40
      Вокзал перронында ерлі-зайыптылар жұбы тұр. Пойыз ұзап барады, ал ері ашу кернеп:
      – Егер сен сонша көп жиналмағанда, біз поездан кешікпеуші едік.
      – Егер сен асықтырмағанда, келесісін сонша көп тосып тұрмаған болар едік.
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Гульмира Ажмаганбетова, Nurdaulet Aspenov



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Выпуск 18 Вернуться к началу Выпуск 20  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга