Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 



Автор идеи, составитель и переводчик шуток
с русского языка на английский: Андрей Краснов


С казахским не шутят?

Выпуск 30
30-01
      Әйел заты күннен күнге құлпыра түсуде, бірақ ол үшін таңертеңгілікте көп уақыт қажет етеді.
Скрыть текст
30-02
      Ар - ұяты бар адамды, бірден оның ебедейсіз жасаған арамдығынан сезуге болады.
Скрыть текст
30-03
      Жігіт Лондоннан оралып, досына әңгімелей бастады:
      – Мен енді түсіндім, неге ағылшындардың шайға құмарланып, әуестенетінін.
      – Неге?
      – Ал сен, олардың кофесінің дәмін татып көрдің бе?
Скрыть текст
30-04
      Екі тәрбиелі адам мейрамханада түнде қызу өткізілген кештен шығады. Әлі қараңғы.
      – Сэр, естисіз бе, бозторғайдың әдемі үнін?
      – Сэр, бұл бозторғай емес, ханбалық қой.
      – Сэр, сіз есіңізден алжастыңыз ба! Ханбалық? Түнде ме?
Скрыть текст
30-05
      – Сенің ойыңша, кім ақылдырақ: әйелдер ме, әлде ерлер ме?
      – Әрине, әйелдер. Сен әйелдердің ерлерге тұрмысқа тек аяғының түзулігіне қарап, шыққанын байқадың ба?
Скрыть текст
30-06
      Күйеуі:
      – Сен, есалаң кісіше сөйлейсің...
      Әйелі:
      – Мен , сен түсінсін деп айтып жатырмын...
Скрыть текст
30-07
      – Сіздің қызыңыздың тұрмысқа шығатын ойы бар ма?
      – Әрдайым!
Скрыть текст
30-08
      Тек қана жұма күні түстен кейін түсінесің: асылында - өмір сүруге болады екен.
Скрыть текст
30-09
      – Мен кешкілікте үйге келгенде, әйелім үндемейді, тек сағатқа қарайды!
      – Сенің жолың болғыш екен! - деді досы. - Менікі күнтізбеге қарайды.
Скрыть текст
30-10
      Анасы кішкентай балаға бетін жууды өтінді. Бір минут өткен соң ол ваннадан айғайлап:
      – Апа, құлақтарым бетке жата ма, әлде желкеге ме?
Скрыть текст
30-11
      – Әке, менің саған екі сұрағым бар.
      – Қандай?
      – Біріншісі: менің күнделікті жұмсайтын ақшамды көбірек беруге бола ма? Екіншісі: неге жоқ?
Скрыть текст
30-12
      Бір әйел - жақын танысына:
      – Күйеуімді ешқашан сән көрсетіліміне алмаймын! Бұл екеуіміз үшін де тиімсіз: мен - жаңа көйлекті, ол - жаңа әйелді армандай бастаймыз...
Скрыть текст
30-13
      Адам өмірінің үштен бір бөлігін жұмыста, өмірінің үштен бір бөлігін - түсінде өткізеді. Көпшілігі осы екі негізгі жағдайды қатар қолданғысы келеді.
Скрыть текст
30-14
      – Ей, саған үйленіп, ақмақ болыппын...
      – Ал мен сол кезде ақ, түсінгенмін, уақыт өте келе сен ақылыңа кірерсің деп ойлағанмын...
Скрыть текст
30-15
      – Табыскер ер адам деген не?
      – Ол, ақшаны әйеліне қарағанда тез тауып, жұмсайтындар.
Скрыть текст
30-16
      – Сіздің ауылда ұрылар бар ма?
      – Аллаға шүкір, жоқ. Бірақ кейде адамдар өздері ұрлайды.
Скрыть текст
30-17
      – Ал, сенің мектептегі қалың қалай?
      – Жаман. Оқытушы үнемі сабақ сұрай береді, сұрай береді. Мүмкін, өзі де білмейтін шығар...
Скрыть текст
30-18
      Оқытушы:
      – Сидоров, ертең мектепке ата-анаңсыз келме!
      – Ал одан арғы күні ше?..
Скрыть текст
30-19
      Профессор емтиханда студенттен сұрайды:
      – Жердің пішіні қандай?
      – Дөңгелек.
      – Оны қалай дәлелдеуге болады?
      – Төрт бұрышты бола берсін, мен қарсылық білдірмеймін.
Скрыть текст
30-20
      Үш арыстан шошытып алмайын деп ақырын-ақырын антилопаға жақындайды. Кенеттен антилопа сезіктенеді, танауымен ауан тартады және қаша жөнеледі. Арыстандар бір-біріне біраз қарап тұрады, содан кейін біреуі сұрайды:
      – Ал кім ауаны бүлдірді?
Скрыть текст
30-21
      Екі ата-ананың әңгімесі, сәбидің анасы мен әкесі:
      – Қымбаттым, неліктен сен біздің ұлымызға сынбайтын ойыншық сатып алдың!
      – Не болыпты?
      – Ол онымен барлық терезелер мен ыдыстарды сындырып бітірді!
Скрыть текст
30-22
      Әйелі түннің бір уағында күйеуінің ащы айқайынан оянып сұрайды:
      – Неге сонша айқайлайсың?
      – Түсінесің бе, түсіме қорқынышты түстер кіріп - деп жауап береді күйеуі. - Қайтадан үйленіп жатыр екенмін... Және саған қайтадан.
Скрыть текст
30-23
      – Көрші, айтшы, әйелің кімге үнемі айғайлап жатады?
      – Біздің итімізге.
      – Бейшара жануар. Кеше сіздің әйеліңіз оны үйден қуып шығып, үйдің кілтін алып қоямын деп қорқытты.
Скрыть текст
30-24
      Балгер - әйелге:
      – Отыз жасқа дейін кедей, ауру, бақытсыз боласыз...
      – Құдайым-ау, сосын?
      – Көндігіп кетесіз!
Скрыть текст
30-25
      Музыка пәнінің мұғалімі оқушысына:
      – Ескертемін, егер өзіңді ойдағыдай ұстамайтын болсаң, мен сенің ата-анаңа сенің талантың бар деп айтамын, - дейді.
Скрыть текст
30-26
      – Дәрігер менің досыма ашығу емін жазып беріпті... Білесіз бе, ол қанша ақша үнемдегенін? Ол ақша оның жерлеуіне, тоғыз күндігіне жетті, және қырқына да қалды!..
Скрыть текст
30-27
      Чукча әуежайға қоңырау шалып:
      – Тачгомырға ұшақ қанша уақытта жетеді, айтып жіберіңізші?
      – Күте тұрыңыз, бір минут...
      – Рахмет!
Скрыть текст
30-28
      – Түрме бастығы келушілерге; бұл камерада біздің мақтанышымыз отырады - деп хабарлады. - Ол бізге алғаш түскенде, сауатсыз болатын. Біз оған оқу мен жазуды үйреттік. Енді ол жалған құжаттарды қолдан жасаумен айналысады.
Скрыть текст
30-29
      Дәрігер емделушісіне:
      – Сіз маған уақытында келдіңіз.
      – О, не дегеніңіз , дәрігер? Менде елеулі бір нәрсе бар ма?
      – Енді бір күн болғанда - сіз өзіңізден өзіңіз жазылушы едіңіз.
Скрыть текст
30-30
      Толық адамға мопедпен келе жатқан жігіт соғылып қалады.
      – Мұның не, айналып өте алмадың ба? - деп айқай салды жәбірленуші.
      – Бензин жетпей қала ма деп қорықтым...
Скрыть текст
30-31
      – Біз барлығын кесіп алып тастай алмаймыз, кейбірін емдеуге тура келеді...
Скрыть текст
30-32
      – Әке, сенің анаң сені ұрып па еді?
      – Жоқ, ұлым, сенің ғана...
Скрыть текст
30-33
      Екі жаңа әдісті қолданушы дәрігер кездесіп қалады. Бірінің түрі өте ренішті көрінеді.
      – Не болды? - деп, сұрады одан әріптесі.
      – Түсінесің бе, мен кеше өмірімде алғаш рет дәрігерлік қате жібердім.
      – Яғни? - досы түсінбеді.
      – Мен адамды екі рет кіріп шыққанда емдеп жаздым, ал ол болса, миллионер екен.
Скрыть текст
30-34
      Аурухана палатасына келесі сөздермен әлдекім кіріп келеді:
      – Мынадай күні талдауларды кім тапсырды?
      – Мен,- деп науқас жауап береді.
      – Бойыңыз қанша?
      – 1 м 60 см.
      Ештеңе айтпастан, бұрылып кетіп қалады. Науқас соңынан:
      – Дәрігер, менің талдауларым ше?
      – Мен дәрігер емеспін, мен ағаш ұстасымын.
Скрыть текст
30-35
      Күйеуі ғаламторда отыр. Кенет әйелінің бәсеңдетілген дауысын естиді:
      – Жоқ, жоқ ертең кездесе алмаймыз.
      Сол мезетте күйеуі бөлмеге жүгіріп кіреді.
      – Сен телефон арқылы қоңырау шалдың ба?!
      – Жоқ. Мен әйелдерге арналған журналды оқып жатырмын, онда көптеген қызықты мақалалар, 50 түрлі сөз орамдары, оларды дауыстап оқуды қажет етеді, мысалы: "қымбаттым, қоқысты шығара салшы", "қашан сен гардинды қағып бересің?..." Егер күйеуіңіз өз ісімен шұғылданып отырған болса, бұл орама сөздерді бәсең дауыспен елу бірінші сөзді айтқан жөн деп айтылған. Қара өзін, өтірік айтпайсың ба...
Скрыть текст
30-36
      Сараңдар отбасы үстел басында шай ішіп отыр дейді. Үстелдің үстінде жіпте бір кесек қант ілініп тұр екен. Әкесі қантқа қарайды да, шайдан бір ұрттайды. Анасы қантқа қарап ап, шайдан ұрттайды. Ұлы отыр, қантқа көзін тігіп, ұзақ қарайды... Әкесі шыдамай кетіп, ұлын шапалақпен бір ұрады. Ұлы:
      – Әке, не болды?
      Әкесі:
      – Шайың тым тәтті болып кетті!
Скрыть текст
30-37
      Арақ - дағдылану әсерін шақырады дейді. Ол шындық емес. Мысалы менің ішкеніме он жыл болды, ал әйелім болса, әлі көндіге алмай жүр.
Скрыть текст
30-38
      – Ала құланға ақ және қара жолақтар не үшін қажет?
      – Себебі оның күйеуіне сары не қара шаштыларды ұнататыны туралы ойламау үшін.
Скрыть текст
30-39
      – Сіз, бүгін сондай көрікті көрінесіз!
      – Сіз барлық әдемі қыздарға осылай деп айтасыз ба? - деп, сұрады бойжеткен.
      – Жоқ, мен әдемілерге басқаша сөйлеймін.
Скрыть текст
30-40
      – Олар мені қинады, бірақ мен оларға ештеңе айтқан жоқпын...
      – Неге?
      – Олар менен ештеңе де сұрамады!
Скрыть текст
30-41
      – Маша, байқадың ба, жастар қандай топас болып кеткен? Мен қарама қарсы отырған жігітке көзіммен ишарат білдіріп отырсам, ол болса - көңіл де бөлмейді. Сөйтіп, кетті де қалды...
      – Оля, сен күннен қорғанатын көзілдірігіңді шешуің керек еді.
Скрыть текст
30-42
      Жұмыстағылардың әңгімесі:
      – Әйелім - ғажап жан. Кешкілік жұмыстан келгенімде бетімнен сүйеді, киімімді, аяқ киімімді шешуге көмектеседі, үйге киетін аяқ киімді және резеңке қолғапты әпереді.
      – Қолғаптың керегі не?
      – Онымен ыдыс жуған ыңғайлырақ.
Скрыть текст
30-43
      – Сүйіктім, сен бұрын маған, сен мен үшін бүкіл өмірімсің! - деп айтатынсың.
      – Онда әлсіз болдым... Жаратылыстанудан...
Скрыть текст
30-44
      Ері жұбайына ұйқылы-ояу сөйлеп жатыр:
      – Қымбаттым, аяқ киімімді шеш те, теледидарды өшірші.
      – Шыдай тұр, томпағым. Біз әлі кинотеатрдамыз.
Скрыть текст
30-45
      Еркек: Маған күйеуге шық деп ұсынсам, не дер едің?
      Әйел: Ештеңе. Бір уақытта сөйлеп отырып, күле алмаймын ғой.
Скрыть текст
30-46
      – Ойлап көрші: үйленгеніме он жеті жыл бопты, әлі күнге бір ғана әйелді жақсы көрем.
      – Ол туралы әйелің біліп қояды деп қорықпайсың ба?
Скрыть текст
30-47
      – Күйеуімнің бойында бір мін жоқ, - деп бір әйел құрбысына мақтанып отырады.
      – Неге?
      – Ол ешқашан туған күнімді ұмытпайды, бірақ жасымның қаншаға келгенін ұмытып қала береді.
Скрыть текст
30-48
      – Қарызға 10 рубль бере тұршы.
      – Менде бесiм ғана.
      – Онда бес бер, қалған бесін қарыз боласың.
Скрыть текст
30-49
      – Вовочка, сенің қолдарың неге кір?- деп анасы сұрады.
      – Мен жаңа қолдарыммен бетімді жуғам!
Скрыть текст
30-50
      Әрбір жөнді істің соңы болады, тек қана бос іспен шексіз айналысуға болады.
Скрыть текст


Перевод шуток на казахский:
ГГульнар Абдраимова, Гульмира Ажмаганбетова, Алтынгуль Кептербаева, Гаухар Назымбекова



©  Татьяна Валяева   2007–2021
http://kaz-tili.kz/
 <<  Выпуск 28 Вернуться к началу Сказки  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Гостевая книга