Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 16

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

16-1
      – Жігітім, сүйіктіңізге раушангүлдерін сатып алыңыз. Раушангүлдер сіз үшін сөйлесін!
      – Жақсы, біреуің беріңіз, мен қысқа сөйлеймін.
Мәтінді жасыру
16-2   🌞
      – Әке, мен саған бірдеңе айтуым керек.
      – Айт, бірақ қысқа да нұсқа болсын.
      – Жүз доллар.
Мәтінді жасыру
16-3
      – Мәмілегер деген кім?
      – Әйелін тон толық қып көрсетеді деп сендіре алатын еркек.
Мәтінді жасыру
16-4
      Әйел өзі не қалайтынын ешқашан да білмейді, бірақ соған жетпейінше тынып таппайды.
Мәтінді жасыру
16-5
      Екі аққұба қыз сапарға шығыпты. Қараңғы түсіп, демалатын уақыт болыпты. Олар шоссені бойлап келе жатыр. Біреуі айтыпты:
      – Шатырды жолдың жиегіне тігейік, кәне.
      – Жоқ, шатырды жолдың ортасына құрамыз, жолдың жиегінде дымқыл.
      Жолдың қақ ортасына шатыр құрыпты. Таң атысымен ояныпты. Қараса - бір жүк көлігі жолдың жырасында аударылып жатыр екен. Біреуі айтыпты:
      – Көрдің бе, егер жиекке тіккенімізде ол бізді басып кететін еді.
Мәтінді жасыру
16-6
      Бір адам «Менеджер керек» деген хабарламамен бір фирмаға келіп, басшыға өзінің толып жатқан дипломдарын көрсетіпті.
      Оларды қарап шығып, басшы айтады:
      – Бұл жақсы, әрине. Маған тапқыр менеджер керек. Ол өзіне біздің басты үлкен мәселеміз - қаражат жағын алу керек.
      – Менің біліміммен бұл қиындықсыз шешіледі. Ал табыс көзі жайлы не дейсіз?
      – Енді, сіз жаңадан келдіңіз, сондықтан сізге әзірше 10 000 долларды ұсынамын.
      – Иә? Бірақ сіздің осыншама кішкентай фирмаңыз бұндай қаражатты төлейтін қаржыны қайдан алады?
      – Міне, сізге шешуге берілген бірінші сұрақ осы болмақ.
Мәтінді жасыру
16-7
      Емханада:
      – Көз дәрігеріне неге соншама ұзын кезек?
      – Кеше президент халықтың дәулеттілігі көз алдыңда өседі деген.
Мәтінді жасыру
16-8
      Аукционда:
      – Сіз бұны Рембрандттың шын түпнұсқасы екеніне кепілдік беремісіз?
      – Иә, кепілдік үш жылға.
Мәтінді жасыру
16-9
      – Дәрігер меніңше менде екі жүзділік пайда болған тәрізді. Мен - мен емес секілдімін, біз екеу тәріздіміз.
      – Тіпті ештеңе түсінбедім. Тағыда қайталап жіберсеңізші, бірақ екеуің бір уақытта сөйлемеңіздерші!
Мәтінді жасыру
16-10
      Емделушіге дәрігер:
      – Өміріңізді ұзартам десеңіз, ішпеңіз.
      – Дәрігер мырза, сіздікі шынайы шындық. Мен бір апта ішпеп едім, ол маған бір жылға тең болып көрінді.
Мәтінді жасыру
16-11
      – Сіз ағылшынша сөйлей аласыз ба?
      – Тек сөздікпен ғана. Әзір адамдармен сөйлесуге ұялам.
Мәтінді жасыру
16-12
      Құс базарында.
      – Айтыңызшы, мына күшіктердің тегі бар ма?
      – Әлбетте! Бәрі менің тегіме жазылған.
Мәтінді жасыру
16-13
      Мейрамхана қожайыны келушіге мақтанышпен айтып жатыр:
      – Мейрамханамыздың мақтауға тұрарлық ерекшелігі, ол - тасбақалар!
      Қонақ байсалдылықпен жауап қатты:
      – Білемін, кеше біреуі маған қызмет көрсетті.
Мәтінді жасыру
16-14
      Түн ортасында әйелі күйеуін оятыпты.
      – Не болды? - деп таңданды ол.
      – Ештеңе, - депті әйелі, - мен жәй түсінбей жатырмын, осынша аз айлық ала отырып қалайша осылай жайбарақат ұйықтауға болады?!
Мәтінді жасыру
16-15
      – Дәрігер менің күйеуім өзімен өзі жие сөйлеседі.
      – Уайымдамаңыз, өтінем, біздің осы күйгелек заманымызда бұл айтарлықтай көп тараған құбылыс.
      – Иә солай ғой, бірақ ол өзі өзімен телефон арқылы сөйлеседі!
Мәтінді жасыру
16-16
      – Қымбаттым, мен мінсіз әйелге ұқсаймын ба?
      – О не дегенің! Сен одан да үлкенсің!
      – Сонда қаншалықты?
      – 50 килограммға десе болады...
Мәтінді жасыру
16-17
      – Мемлекеттік қызметкерге тіл тигізгендігіңіз үшін 500 рубль көлеміндегі айыппұл саламын. Сіздің бұған қосатыныңыз бар ма, айыпкер?
      – Негізі айтқым келеді. Бірақ бұндай бағалардан кейін...
Мәтінді жасыру
16-18
      – Үй өртене бастағанда мен бөлмеге ұшып кірдім де енемді қолыма алап шықтым.
      – Иә, бұндай жағдайда есіңнен адасу оңай.
Мәтінді жасыру
16-19
      Ауруханада палата кіреберісінде бір қыз егде әйелді жолықтырады:
      – Айтыңызшы, - деп жүгінеді ол әйелге, - бүгін науқас К.-ні көруге болама екен?
      – Әрине, ал сіз оның кімі болып келесіз?
      – Мен оның қарындасы едім.
      – Танысқаныма қуаныштымын, мен оның анасы боламын.
Мәтінді жасыру
16-20
      Үй иесі қонақтарға ескертіп:
      – Құдай үшін, тек осы диванға отырмаңыздаршы! Онда қандалалар өріп жүр.
      – Ал сіз неге оны лақтыра салмайсыз?
      – Олай жасап көрдік! Олар оны қайта тасып кейін алып келеді.
Мәтінді жасыру
16-21
      Бір әке басқа баланың әкесіне қоңырау шалып:
      – Ал сіз балаңыздың математикадан берілген үй тапсырмасын орындадыңыз ба?
      – Орындадым, не болды?
      – Көшіріп алуға беріңізші.
Мәтінді жасыру
16-22
      Жігіті мен қызы.
      – Қымбаттым! Маған дұрыс та керекті сөздерді табу сондай қиын...
      – Ештеңе етпейді, қымбаттым! Керекті сөздерді таба алмасаң - керекті cоманы тап!
Мәтінді жасыру
16-23
      – Әке мен үйленетін болып шештім.
      – Жақсы, балам. Бірақ есіңе түйіп ал: жанұя бәрін алмастырады. Сондықтан оны құрмас бұрын ойлан, саған қайсысы маңыздырақ: бәрі ме, әлде жанұя ма.
Мәтінді жасыру
16-24
      – Петр, - деді әйелі, - мен сенімен көп нәрселер туралы сөйлескім келіп еді...
      – Жарайды, - деп жауап берді күйеуі ауыр күрсініп. - Сірә сен өзіңде жоқ көп нәрселер туралы сөйлеспекші шығарсың.
Мәтінді жасыру
16-25
      Полиция қызметкері жылдамдықты айтарлықтай асырып жіберген тәртіп бұзушыны тоқтатыпты.
      – Бірақ сэр, мен бәрін түсіндіріп бере аламын! - депті жүргізуші.
      – Оны менің бастығыма түсіндірерсің, ал оған дейін камерада отыра тұрасың!
      – Бірақ, менің айтайын дегенім...
      – Үніңді өшір...
      Бірнеше сағаттан соң полиция қызметкері тәртіп бұзушының камерасына кіріп айтыпты:
      – Сенің жолың болды, бастық қазір өзінің қызының тойында екен. Ол келгенде көңіл күйі жақсы болады!
      – Олай деп үміттенбеңіз! Мен - күйеу бала боламын.
Мәтінді жасыру
16-26
      Гүлдер дүкеніне сатып алушы кірді:
      – Менің әйелім ертең келетін еді, маған қыш құмырадағы қазтамақты сатыңызшы.
      – Өкінішке орай, қазтамақ бізде бүгін жоқ, - деп жауап берді сатушы. - Мүмкін сізге бақытгүл де ұнап қалар? Олар едәуір әдемірек және бәлкім ол сіз сыйлайын деп тұрған жанның да талғамынан шығар.
      – Әттең-ай,- деп айтты сатып алушы. - Бақытгүл болмайды. Мен әйелім шешесіне қонаққа кеткенде қазтамақты суарып тұрамын деп уәде еткен едім.
Мәтінді жасыру
16-27
      – Жолдас майор, мен қылмыс орнына жалғыз барайын ба әлде итпен бірге ме?
      – Итпен, сержант, итпен. Бір бас - жақсы, ал екеу – тіпті жақсы.
Мәтінді жасыру
16-28
      – Неге Санта-Клаус сыйлықтарды жалғыз тасиды, ал Аяз Ата – Қаршақызбен бірге?
      – Санта-Клаус Жаңа жылдан кейін үйіне өзі жете алады, ал Аяз Атаны біреу сүйретіп жеткізеді керек.
Мәтінді жасыру
16-29
      – Дәрігер, маған арықтаудың ең әсерлі тәсілі керек!
      – Еш қиындығы жоқ. Мен сізге көмір жазып беремін.
      – Үгінді күйіндеме әлде таблеткалы ма?
      – Қапшық күйінде. Вагондардан көмір түсіресіз!
Мәтінді жасыру
16-30
      – Абрам, сен неге күнде таңертең құлшылық етіп жатасың? Құдай сен сияқты күнәһарға көмектеспейді.
      – Енді, мен одан: ана-мынаны істеуге көмектес, - деп сұраймын. Әрине, Құдай мен сияқты күнәһарға көмектеспейді. Бірақ солай сұрап жүріп, бүгін не істейтінімді есіме түсіремін.
Мәтінді жасыру
16-31
      Бір еркек дәрігерге келеді. Дәрігер оған:
      – Отырыңыз, айта беріңіз...
      – Дәрігер! Мәселе былай болып тұр: мен көп сөйлеймін, бірақ көбі кейін сен ештеңе айтпадың дейді. Бірақ мен сөйлегенімді нақты білемін. Жақында бір оқиға болды. Мен досымның үйлену тойына бардым. Бәрі кезекпен тұрып, құттықтау сөздерін айтты, күйеу мен қалыңдықтың денсаулығына ішіп жатыр. Мен де тұрдым, рөмкемді алдым: оларды құттықтадым, тілектер айттым, арағымды ішіп, орныма отырдым. Досым кейін маған жақындап былай деді: «Сен шектен шықтың - тұрдың, сөйлеген жоқсың, арақты ішіп алып орнына отырдың!» Дәрігер, маған не істеу қажет?
      Дәрігер басын көтереді, көзін сығырайтып еркекке қарайды және былай дейді:
      – Сонымен біз әлі қанша сөйлемейміз?..
Мәтінді жасыру
16-32
      Кім маймылды жылдам сөйлетеді атты байқау өткізуге шешім қабылданды. Неміс, француз, және орыс қатысады. Байқау уақыты өтеді, қорытынды шығаруға жиналады. Неміс:
      – Мейрамханаға алып бардым, оған ас алып бердім, ол жеп алды, бірақ сөйлемейді...
      Француз:
      – Мейрамханаға алып бардым, ол ештеңе жегенде жоқ. Ыдыстарды сындырды және қашып кетті.
      Жалғыз орыс қана мақтанады:
      – Ал менің маймылым сөйледі! Мен оны тек қана мейрамхана емес, сонымен қатар театр, бассейн, казиноға апардым!
      Маймыл басын ұстап:
      – Жалған! Жалған айтып отыр!
Мәтінді жасыру
16-33
      Әйелі еріне:
      – Қымбаттым, сені қазір өте бақытты етемін!
      Ері:
      – Сенің орның ойсырап қалатын болды!
Мәтінді жасыру
16-34
      – Сіз неліктен жұмысқа кешіктіңіз?
      – Түсінесіз бе, мен үйімнен кеш шықтым...
      – Ал ертерек шығуға болмада ма сонда?
      – Ертерек шығу ендігі кеш болатын болды...
Мәтінді жасыру
16-35
      – Дәрігер мен мұрынмен дем ала алмаймын!
      – Ауызыңызбен дем алыңыз.
      – Рахмет дәрігер!
      – Рахмет емес, он доллар болады!
Мәтінді жасыру
16-36
      Кәрі профессор әріптестеріне:
      – Жақында түс көрдім, студенттерге дәріс оқып тұр екенмін. Оянсам, не деп ойлайсыздар? Шынымен дәріс оқып тұр екенмін.
Мәтінді жасыру
16-37
      – Мама, мен Джоннан сондай шаршадым! – деп бойжеткен анасына шағымданады.
      – Өзің оның артынан жүгіруді азайт...
Мәтінді жасыру
16-38
      – Сенің әйелің үнемі көп сөйлейді ме?
      – Біз демалыста болған кезде, тіпті оның тілі күнге күйіп қалды.
Мәтінді жасыру
16-39
      Кәрі шахтер жас жұмыскерге:
      – Сен бізде үш ай жұмыс істейсің, бірақ әлі күнге дейін бірінші сұрыпты көмірді екінші сұрыптыдан ажырата алмайсың!
      – Есесіне мен бір тонна көмірде 700 кг болатынын мақтап есімде сақтадым!
Мәтінді жасыру
16-40
      Жас отбасында жанжал шығады. Әйелі айғайлайды:
      – Өзіңнің өзімшілдік қылықтарыңды қой: «менің әйелім», «менің жалақым», «менің пәтерім», «менікі, менікі»! Есіңде сақта, тек біздікі ғана бар!.. Айтпақшы, сен шкафтан не іздеп жатырсың?
      – Біздің ұстараны.
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Гульмира Ажмаганбетова, Nurdaulet Aspenov
Корректор: Азамат Биназаров


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Выпуск 15 Вернуться к началу Выпуск 17  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга