Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 39

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

39-1
      Мейманханадағы нөмірге біреу түн ортасында есік қақты. Тұрғын ұйқылы ояу:
      – Бұл кім?
      – Кешіріңіз, құрметтім, үшінші қабатта өрт!
      – Менің қатысым не? Мен өрт сөндіруші емеспін...

Мәтінді жасыру
39-2
      – Сен сонша ентігіп, қайда жүгіріп бара жатырсың?
      – Иә, төлқұжатымды жоғалтып алдым. Радио қабылдағыш арқылы хабарлама жасауға жүгіріп барамын.       – Одан да менің әйеліме қарай жүгір - бес минуттің ішінде бұл хабарды бүкіл қала біледі!
Мәтінді жасыру
39-3
      Өз өзін айна алдында айналшақтап қарап тұрған бойжеткен, армандай сөйлеп:
      – Ой, тезірек тұрмысқа шықсам ғой, күнде сәнденіп, әдеміленуге жалықтым.
Мәтінді жасыру
39-4
      Мектепте.
      – Мұғалім мырза, сіз адамды Алла жаратты дегенсіз, ал менің әкем, біз маймылдан жаралдық деп айтты!
      – Сенің отбасыңның шығу тегі мені қызықтырмайды!
Мәтінді жасыру
39-5
      Екі құрбы кездесті. Көптен бері кездеспеген. Біреуі:
      – Сен білесің бе, кеше менің жігітім маған қошемет сөздер айтты. Ол маған: сен ертегідегідей әдемісің, ақылды, шаруаға жақсы пысық әйелсің - деді. Ертең болса да мен саған үйленуге дайынмын - деді.
      – Қымбаттым, мен саған оған тұрмысқа шықпауыңа кеңес беремін.
      – Неге?
      – Сені той алдында алдаған адамға сеніп, қалай тұрмысқа шықпақсың.
Мәтінді жасыру
39-6
      Қалабасы әйелімен бірге құрылыс басына келеді, оларға басын каска киген жұмысшы жақындап келеді де, қалабасының әйелінен екеуінің бірге оқығандығы оның есінде ме, ол екеуі бір-бірін кездесуге қалай шақырғандығын ұмытқан жоқ па деп сұрайды. Қалабасы әйелін қағытып өтуге бел буады:
      – Сенің жолың болыпты, маған тұрмысқа шыққаның жақсы болған, әйтпесе сен қазір тас қалаушының әйелі болар едің!
      – Жоқ, сенің жолың болған. Әйтпесе қазір қалабасы сен емес, ол болар еді...
Мәтінді жасыру
39-7
      – Әрбір оныншы неке бақытты деп айтады!
      – Нені білмесем, соны білмейтін екем: өзім тек төрт рет үйленгенмін.
Мәтінді жасыру
39-8
      – Мен керемет дәріні тауып алдым!
      – Ол неден?
      – Білмеймін, барлығы оны мақтайды. Өте көмектеседі - дейді.
Мәтінді жасыру
39-9
      Жас биші вокзалда поезд күтіп тұр. Уақытын текке жоғалтпас үшін, ол тура платформа үстінде бидің бүкіл партиясын бақайының ұшымен орындап қайталап тұрды. Егде тартқан әйел, қамқорлықпен жанына келіп, құлағына сыбырлады:
      – Ханым, жүріңіз мен сізге дәретхананың қайда екенін көрсетейін.
Мәтінді жасыру
39-10
      Өзіне сенімді бойдақ жігіт үйленген досына:
      – Кейде мен саған қызығамын... Білесің бе, сайып келгенде, мен тыныш, бейбітшіл жағдайдағы отбасын соншалықты қалаймын. Тыныштықты, қамқорлықты...
      Досы терең күрсінді.
      – Мен де.
Мәтінді жасыру
39-11
      Қабырдағы жазу: «Бұл жерге Юджин Джером Смиттің күлі жерленген, 94-ші даңғылда жұбанышсыз жесірі өте жақсы кішігірім мейрамхана ұстайды, үнемі сіздерге таңғы алтыдан бастап қызмет көрсетеді».
Мәтінді жасыру
39-12
      Мұғалім миллионерге тұрмысқа шығады. Құрбысы одан:
      – Бұл, мүмкін бір көргеннен ғашық болу шығар?
      – Жоқ, екінші көргеннен. Бірінші көргенде, мен оның миллионер екенін білмедім.
Мәтінді жасыру
39-13
      Mendel öz süiıktısın alyp qaşuğa bel buady. Tün ortasynda ol süiıktısın terezeden şyğaryp, taksimen vokzalğa äketedı. Qajet jerge jetken soñ ol taksisten sūraidy:
      – Sızge qanşa töleuım qajet?
      – Qajetı joq, kelınnıñ äkesı aqşasyn berıp qoiğan.
Мәтінді жасыру
39-14
      – Сіздің ұрлық туралы өте кеш мәлімдеуіңізді, қалай түсінуге болады? Сіз өзіңіз дәлелдеп тұрсыз ғой, ұрылар пәтердің астан - кестен шығарғанын!
      – Иә, бірақ мен алғашында , күйеуім таза жейдесін іздеген екен деп ойладым.
Мәтінді жасыру
39-15
      Егер қалтаңызда компасыңыз болмай, орманда адассаңыз, онда күзді күтіңіз, себебі құстар оңтүстікке қарай ұшады.
Мәтінді жасыру
39-16
      – Әскерде әлі тек қана әйелдер қызмет ететін уақыт келеді.
      – Жоқ. Армия тек қолбасшылардан құрылуы мүмкін емес.
Мәтінді жасыру
39-17   🌞
      – Дегенмен, не десең де, Зара маған ұнайды. Ол ешкім туралы жаман айтпайды.
      – Оның уақыты жетпейді: үнемі өзі туралы ғана айтады.
Мәтінді жасыру
39-18
      Атасы студент немересіне:
      – Менің кезімде қыздар ұялуды білетін!
      – Сенің оларға не айтқаныңды елестетемін!
Мәтінді жасыру
39-19
      Бір әйел неке кеңсесінде өзіне қандай күйеу қажеттігін:
      – Ол сыпайы болуға тиіс, жан-жақты қызығушылығы бар, жануарларды жақсы көретін, маған әртүрлі қызықты оқиғаларды айтып беретін, дүниежүзіндегі оқиғаларды хабарлайтын және ешқашан менің сөзімді бөлмейтін күйеу керек.
      – Мұндай жағдайларда сізге күйеу емес, теледидар қажет.
Мәтінді жасыру
39-20
      Фотограф егде еркек пен оның ересек баласын суретке түсіруге дайындалып жатыр. Шебер келесі композицияны ұсынады: әкесі отыр, ал баласы оның иығына қолын салып түрегеліп тұр.
      – Кешіріңіз, - дейді фотографқа әкесі, - бірақ бұл композиция егер балам қалтасына қолын салып тұрса өмірлікке жақын болып көрінер еді.
Мәтінді жасыру
39-21
      – No 369 тұтқын! Неге сізге ешкім келмейді? Сіздің туыстарыңыз жоқ па?
      – Неге жоқ, бар! Өте көп. Бірақ олардың бәрі осында...
Мәтінді жасыру
39-22
      – Әйеліме сенің анекдотыңды айтып бердім. Содан бері ол менімен бір апта бойы сөйлеспейді. Не істеймін?
      – Қайын енеңе де айтып бер.
Мәтінді жасыру
39-23
      – Мадам, осы тотықұсты сатып алыңыз.
      – Ал ол ұрысса ала ма?
      – Жоқ, мадам, бірақ ол ұғымтал. Бір айдың ішінде оған үйреніп алады.
Мәтінді жасыру
39-24
      Бір еркек дүкенге кіріп келеді және сатушыға айғайлайды:
      – Сіріңке!
      – Айқайламаңыз, мен саңырау емеспін! Сонша айғай көтеріп! Сізге қандайы, сүзгісімен бе әлде сүзгісіз бе?
Мәтінді жасыру
39-25
      Қарияның ұйқысын түнгі сағат үште шалған телефон қоңырауы бұзады.
      – Бұл сіздің үстіңгі қабатта тұратын көршіңіз. Сіздің итіңіз ұлып, дауыстарымен маған ұйқы бермей жатыр, итіңізді тынышталдырыңыз деп үміттенемін.
      Келесі түні телефон қоңырауы көршінің үйінде шалынады.
      – Мен сізден төменгі қабатта тұратын көршіңізбін. Алдыңғы түні итіңіз ұйқы бермей жатыр деп қоңырау шалған сіз бе едіңіз?
      – Иә, мен.
      – Менің айтқым келгенім, менде үйде ешқандай да ит жоқ.
Мәтінді жасыру
39-26
      Ұйқыдан тұра сала Мэри жолдасына:
      – Сүйіктім, менің түсімде не көргенімді білесің бе? Сенің маған отауласқанымыздың бір жыл толуына орай інжу алқа сыйлап жатырғаныңды көрдім. Бұл нені білдіруі мүмкін екен?
      – Жуырда білесің,-деп күйеуі жұмбақтап жауап береді.
      Кешкісін жолдасы келіп, кішкене қорапшаны салтанатты түрде әйеліне сыйлайды. Толқыған күйде әйелі қорапшаны ашады да ішінде кітапты көреді, кітаптың сыртында «Әмбебап түс талдаушы» деп жазылған.
Мәтінді жасыру
39-27
      – Әйелдермен не туралы сөйлесуге болады?
      – Оның сұлулығы жайлы, әрине.
      – Ал егер ол... сұлу болмаса ше?
      – Онда басқа әйелдердің кемшіліктері туралы.
Мәтінді жасыру
39-28
      – Луиза, сені қуантқым келеді, - дейді әкесі қызына. - Эрнст менен сенің қолыңды сұрады.
      – Иә, бірақ мен анамнан ажырағым келмейді...
      – Оның қажеті де жоқ, менің қуанышым! Оны өзіңмен ала кет!
Мәтінді жасыру
39-29
      – Сен естідің бе? Лола рентгенологқа тұрмысқа шықты.
      – Қызық! Ол, мүмкін, одан жағымды бірдеңе көре алған жалғыз еркек шығар.
Мәтінді жасыру
39-30
      – Мені сіздің бақшаңыздағы ара шағып алды – деп, саябақшы көршісіне шағымданса, көршісі былай деп жауап қатады:
      – Тура қайсысы маған көрсетіңіз! Мен оны жазалайын!
Мәтінді жасыру
39-31
      Шотландтық Еуропа бойынша алты ай саяхаттан кейін үйіне қайтып келеді. Келісімен сақалды еркектердің құшағына түседі, олардан өзінің бауырларын таниды.
      – Неге сақалдарың өсіп кеткен?
      – Сен кетіп қалдың, Джони, және ұстараны алып кеттің!
Мәтінді жасыру
39-32
      Әжей бесік арбаға күлімсіреп қарап тұрып:
      – Қандай сүйкімді егіздер. Екеуі де ұл бала ма? – деп сұраса.
      Бесік арбаның иесі:
      – Жоқ, тек сол жақтағысы. Оң жақта – қауын, - деп жауап қатады.
Мәтінді жасыру
39-33
      Әйелі күйеуінен кетеді. Ол үйде анасына:
      – Мен үйден шықсымен, атыстың дауысы шықты... Қалай ойлайсың, ол атылып қалды ма? - деп сұрайды.
      – Мен ол бір шөлмек шампан ашты деп ойлаймын.
Мәтінді жасыру
39-34
      Екі көрші сөйлесіп тұрады:
      – Менің жолдасым әншейінде тек жақсы түскі астан кейін ғана темекісін шегеді.
      – Жылда екі-үш темекі шексе ондай зиян деп ойламаймын.
Мәтінді жасыру
39-35
      Қонақ:
      – Кешіріңіз, бірақ сіздің итіңіз маған көз алмай қарап отыр.
      Қожайын:
      – Мән бермеңіз. Ол әрдайым оның ыдысынан тамақтанған адамға солай қарайды.
Мәтінді жасыру
39-36
      Келген қонақ үй иесінен сұрайды:
      – Темекі шексем қарсы болмайсыз ба?
      – Өзіңізді үйіңіздегідей еркін сезініңіз.
      Қонақ бір ауыр күрсініп, темекісін кері қалтасына салып қояды.
Мәтінді жасыру
39-37
      – Сіздер саңырауқұлақ теруге қайда барасыздар?
      – Көршілеріміздің балконына.
      – Олар сонда өсіреді ме?
      – Жоқ, кептіреді.
Мәтінді жасыру
39-38
      – Досым, бес жүз теңге қарызға берші.
      – Қарыз деген достықты құртады, ал біздің достығымыз бес жүз теңгеден қымбат.
      – Дұрыс айттың, мың теңге берсең болады.
Мәтінді жасыру
39-39
      – Мендель, сен неге ылғи сұраққа сұрақпен жауап бересің?
      – Сен қалай ойлайсың?
Мәтінді жасыру
39-40
      – Мендель, сен таңға дейін жақын досыңа жүз доллар қарызға бере аласың ба?
      – Әрине бере аламын, алайда соншалықты жақын досым жоқ екен.
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Гаухар Назымбекова, Гульнар Абдраимова, Гульмира Ажмаганбетова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Выпуск 38 Вернуться к началу Выпуск 40  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга