|
регистрация | тіркеу
|
|
отдел документирования | құжаттандыру бөлімі
|
|
местожительство | тұрғылықты жері
|
|
удостоверение личности, паспорт | жеке куәлік, төлқұжат
|
|
книга регистрации граждан | азаматтарды тіркеу кітабы
|
|
заявление о регистрации | тіркеу туралы өтініш
|
|
согласие на регистрацию | тіркеуге келісім беру
|
|
постоянная регистрация | тұрақты тіркеу
|
|
временная регистрация | уақытша тіркеу
|
|
цель прибытия | келу мақсаты
|
|
прежние данные | бұрынғы деректер
|
|
адресный листок убытия | мекенжайдан шығу парағы
|
|
адресный листок прибытия | мекенжайға келу парағы
|
|
индивидуальный идентификационный номер | жеке сәйкестендіру нөмірі
|
|
справка о составе семьи | отбасы құрамы туралы анықтама
|
|
квитанция | түбіртек
|
|
справка о доходах | табысы туралы анықтама
|
|
уполномоченный орган | өкілетті орган
|
|
основной документ | негізгі құжат
|
|
об отсутствии в частной собственности более одной единицы жилья | меншігінде біреуден артық тұрғын үйі жоқтығы туралы
|
|
– Скажите, пожалуйста, где находится Центр обслуживания населения? | – Халыққа қызмет көрсету орталығы қай жерде?
|
|
– Скажите, пожалуйста, как можно доехать до ближайшего Центра обслуживания населения? | – Айтыңызшы, жақын жердегі Халыққа қызмет көрсету орталығына қалай баруға болады?
|
|
– Могу я переговорить с заведующим отделом? | – Мен бөлім меңгерушісімен сөйлесе аламын ба?
|
|
– А как я могу узнать, что моя очередь подошла? | – Мен кезегімнің келгенін қалай біле аламын?
|
|
– На этом электронном табло высветится ваш номер и номер окна, где вас обслужат. А пока пройдите в зал ожидания. | – Мына электронды тақтаға сіздің нөміріңіз бен қызмет көрсету терезесінің нөмірі шығады. Әзірше күту залында отыра тұрыңыз.
|
|
– Где можно взять бланк заявления о регистрации? | –Тіркеу туралы өтініш бланкілерін қайдан алуға болады?
|
|
– Я хотел(а) оформить домовую книгу (книгу регистрации граждан). | –Үй кітапшасын (азаматтарды тіркеу кітабын) алайын деп едім.
|
|
– Какие документы нужны для получения домовой книги (книги регистрации граждан)? | –Үй кітапшасын (азаматтарды тіркеу кітабын) алу үшін қандай құжаттар қажет?
|
|
– Сколько времени займёт оформление документов? | – Құжаттарды ресімдеу қанша уақыт алады?
|
|
– Где находится касса для оплаты государственной пошлины? | – Мемлекеттік баж салығын төлейтін касса қай жерде?
|
|
– Где можно получить более подробную информацию? | – Толық ақпаратты қайдан алуға болады?
|
|
– Я хотела зарегистрироваться временно. | – Мен уақытша тіркеуге тұрайын деп едім.
|
|
– Могу ли я поменять удостоверение личности на удостоверение личности со встроенным чипами нового образца? | – Мен жеке куәлігімді жаңа үлгідегі чип орнатылған жеке куәлікке ауыстыра аламын ба?
|
|
– Я хочу поменять свою фамилию. | – Мен тегімді ауыстырғым келеді.
|
|
– Сфотографируйте меня пожалуйста, на удостоверение личности (на паспорт). | – Жеке куәлікке (төлқұжатқа) суретке түсіріңізші.
|
|
– Дайте мне пожалуйста, перечень документов. | – Маған құжаттар тізбесін беріңізші.
|
|
– Подскажите пожалуйста, где находится отдел выдачи готовых документов? | – Дайын құжаттарды беретін бөлім қайда екенін айтып жіберіңізші?
|
|
– За сколько дней будет готово? | – Қанша күнде дайын болады?
|
|
– Я потерял(а) адресный листок убытия, что мне делать? | – Мен тіркеуден шығу парағын жоғалтып алдым, не істеуге болады?
|
|
– Дайте мне пожалуйста, адресный листок прибытия [убытия]. | – Маған мекенжайдан шығу парағын беріңізші.
|
|
– Я могу взять на несовершеннолетнюю дочку регистрационный номер налогоплательщика (РНН)? | – Кәмелеттік жасқа толмаған қызыма салық төлеушінің тіркеу нөмірін алуыма бола ма?
|
|
– Мы потеряли свидетельство о браке, сможем ли восстановить его? | – Біз неке туралы куәлігімізді жоғалтып алдық, қайта алуымызға бола ма?
|
|
свидетельство о браке | неке туралы куәлік
|
|
свидетельство о рождении | туу туралы куәлік
|
|
свидетельство о расторжении брака | некені бұзу туралы куәлік
|
|
мать одиночка | жалғызбасты ана
|
|
– Я хотел(а) получить свидетельство государственной регистрации ТОО [товарищества с ограниченной ответственностью]. | – Мен Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (ЖШС) мемлекеттік тіркеу куәлігін алғым келеді.
|
|
– Скажите пожалуйста, Устав должен быть на государственном и русском языках? | – Жарғы мемлекеттік және орыс тілдерінде болуы қажет пе?
|
|
– В скольких экземплярах должен быть Устав? | – Жарғы қанша дана болуы тиіс?
|
|
– Подскажите мне пожалуйста, где я могу получить документ, подтверждающий место нахождения ТОО? | – ЖШС-ның орналасқан жерін растайтын құжатты қайдан алуыма болатынын айтасыз ба?
|
|
– На каком окошке принимают документы на государственную регистрацию Общественного объединения? | – Қоғамдық бірлестікті мемлекеттік тіркеуден өткізу құжаттарын қай терезеде қабылдайды?
|
|
– В случае отказа в государственной регистрации юридического лица, какой документ выдаётся? | – Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден өткізбеген жағдайда қандай құжат беріледі?
|
|
– Где мне поставить подпись? | – Қай жерге қол қоямын?
|
|
– Проверьте ещё раз, пожалуйста. | – Тағы бір рет тексеріңізші.
|
|
– Дайте мне, пожалуйста, квитанцию. | – Маған түбіртек беріңізші.
|
|
– Куда можно оплатить государственную пошлину? | – Мемлекеттік баж салығын қайда төлеуге болады?
|
|
перерегистрация | қайта тіркеу
|
|
учредитель | құрылтайшы
|
|
государственная регистрация | мемлекеттік тіркеу
|
|
учредительные документы | құрылтай құжаттары
|
|
банковская система | банктік жүйе
|
|
банковская услуга | банктік қызмет
|
|
денежная политика | ақша саясаты
|
|
валютная политика | валюталық саясат
|
|
банковская операция | банктік операция
|
|
наличные деньги | қолма-қол ақша
|
|
курс обмена | айырбастау бағамы
|
|
накопительный | жинақтаушы
|
|
государственная гарантия | мемлекеттік кепілдік
|
|
вкладчик | салымшы
|
|
банк второго уровня | екінші деңгейлі банк
|
|
электронная система платежей | төлемдердің электрондық жүйесі
|
|
индивидуальный счёт | жеке шот
|
|
порядок договора | шарт тәртібі
|
|
все виды платежей | барлық төлем түрлері
|
|
система сберегательных банков | жинақтау банктерінің жүйесі
|
|
выпуск ценных бумаг | бағалы қағаздар шығару
|
|
юридическое лицо | заңды тұлға
|
|
физическое лицо | жеке тұлға
|
|
– В котором часу банк открывается (закрывается)? | – Банк сағат нешеде ашылады (жабылады)?
|
|
– Он работает по субботам? | – Ол сенбі күндері істей ме?
|
– Я хотел(а) бы поменять… .
... доллары
... евро
... франки
... фунты стерлингов | – Мен … айырбастайын деп едім.
... доллар ...
... евро ...
... франк ...
... фунт стерлинг ...
|
|
– Какой сегодня курс доллара? | – Қазір доллардың бағамы қанша?
|
|
– Вы меняете российские рубли? | – Сіздер Ресей рублін айырбастайсыздар ма?
|
– Эта банкнота … .
... фальшивая
... вышла из употребления | – Мына банкнот … .
... қолдан жасалған
... қолданыстан шыққан
|
|
– Я не могу её принять. | – Мен оны қабылдай алмаймын.
|
|
– Ваши документы, пожалуйста. | – Құжаттарыңызды беріңізші.
|
|
– Распишитесь здесь. | – Мына жерге қол қойыңыз.
|
|
– Пожалуйста, обратитесь в окошко №… . | – Нөмірі … терезеге барыңыз.
|
|
– Хотите крупными или мелкими купюрами? | – Ірі банкнотпен алғыңыз келе ме, әлде ұсақтары да жарай ма?
|
|
– Дайте мне по … тенге и по … долларов. | – Маған … теңгеліктен және … доллардан беріңіз.
|
Я бы хотел(а) ещё …
… получить деньги по этому чеку
… открыть текущий счёт
… открыть сберегательную книжку
… положить деньги на счёт
… снять деньги со счета | – Мен …
… мына чекпен ақша алайын деп едім
... ағымдық шот ашайын деп едім
... жинақ кітапшасын ашайын деп едім
... шотқа ақша салайын деп едім
... шоттан ақша алайын деп едім
|
|
– Вы принимаете эти кредитные карточки? | – Сіз мына кредит карточкаларын қабылдайсыз ба?
|
|
– На моё имя поступил денежный перевод? | – Менің атыма ақша аударыла [аударылды] ма?
|
|
– Мне нужен(на) консультант по оформлению кредита. | – Маған несие ресімдеу бойынша кеңесші керек еді.
|
|
– Какую сумму Вы хотите взять | - Сіз қандай сома алатын едіңіз?
|
|
– Я бы хотел(а) взять кредит на малый бизнес. | - Мен шағын бизнес үшін несие алайын деп едім.
|
|
– Объясните мне, пожалуйста, о процентах. | - Маған пайыздары туралы түсіндіріңізші.
|
– Нам нужна гостиница недалеко от ... .
... центра города
... главного офиса Народного банка | – Бізге ... жақын жерден қонақүй керек.
... орталыққа ...
... Халық банкінің бас офисіне ...
|
|
– Где находится эта гостиница? | – Ол қонақүй қайда?
|
|
– Нам нужна недорогая гостиница. | – Бізге арзан қонақүй керек.
|
|
– Дайте адрес этой гостиницы. | – Сол қонақүйдің мекенжайын беріңізші.
|
|
– Как проехать до гостиницы ...? | – ... қонақүйіне қалай баруға болады?
|
|
– У меня забронирован номер в вашей гостинице. | – Маған осы қонақүйден бөлме брондалып қойған.
|
|
– У вас есть свободные номера? | – Сіздерде бос орын бар ма?
|
|
– Мне нужен одноместный (двухместный) номер. | – Маған бір (екі) орынды бөлме керек.
|
|
– У вас есть номер на двоих (троих)? | – Сіздерде екі (үш) кісілік бөлме бар ма?
|
|
– Мы с ребёнком. | – Біз баламен келіп едік.
|
|
– Куда выходят окна номера? | – Бөлменің терезелері қай жаққа қарайды?
|
– В номере есть ...?
... телефон
... телевизор
... холодильник | – Бөлмеде ... бар ма?
... телефон ...
... теледидар ...
... тоңазытқыш ...
|
|
– Номер на каком этаже? | – Бөлме нешінші қабатта?
|
|
– Цены указаны за одного человека или за номер? | – Баға бір адамға ма, әлде бір нөмірге ме?
|
– Нельзя ли номер ...?
... побольше
... поменьше
... подешевле | ... бөлме алуға бола ма?
Үлкенірек ...
Кішірек ...
Арзанырақ ...
|
|
– В комнате есть балкон? | – Бөлмеде балкон бар ма?
|
|
– Можно посмотреть номер? | – Бөлмені көруге бола ма?
|
– Я пробуду здесь ... .
... три дня
... две недели
... месяц | – Мен мұнда ... боламын.
... үш күн ...
... екі апта ...
... бір ай ...
|
|
– Вот мой паспорт (личное удостоверение). | – Міне, менің төлқұжатым (жеке куәлігім).
|
|
– Дайте, пожалуйста, ключ от номера. | – Бөлменің кілтін беріңізші.
|
|
– Отнесите, пожалуйста, мои вещи в номер. | – Менің заттарымды бөлмеге апарып тастаңызшы.
|
|
– Я беру этот номер. | – Мен осы бөлмені аламын.
|
– В гостинице есть ...?
... ресторан
. .. парикмахерская | – Қонақүйде ... бар ма?
... мейрамхана ...
... шаштараз ...
|
– Принесите, пожалуйста ... .
... телефонный справочник
... грелку
... полотенце
... иголку с ниткой
. .. мыло | – ... алып келіңізші.
Телефон анықтамалығын ...
Қыздырғыш ...
Сүлгі ...
Ине-жіп ...
Сабын ...
|
|
– В номере холодно (жарко). | – Нөмір суық (ыстық) екен.
|
|
– Дайте, пожалуйста, ещё одно одеяло (подушку). | – Тағы бір көрпе (жастық) беріңізші.
|
|
– Какое здесь напряжение? | – Мұндағы электр тоғының кернеуі қандай?
|
– Прошу принести мне в номер ... .
... завтрак
... обед
... ужин | – Маған бөлмеге ... алып келуіңізді өтінемін.
... таңғы асты ...
... түскі асты ...
... кешкі асты ...
|
|
– У меня в номере нет горячей (холодной) воды. | – Менің бөлмемде ыстық (суық) су жоқ.
|
|
– У меня в номере не работает кондиционер (телевизор). | – Менің бөлмемде желдеткіш (теледидар) жұмыс істемейді.
|
– Мне нужно ... .
... почистить костюм
... починить обувь
... выгладить сорочку
... постирать белье | – Мен ...
... костюмімді тазалатсам
... аяқ киімімді жөндетсем
... көйлегімді үтіктетсем
... киімімді жудыртсам деп едім.
|
– Пожалуйста, эти вещи ... .
... отдайте в чистку
... постирайте
... погладьте | – Мына киімдерімді ... .
... тазартуға беріңізші
... жуып беріңізші
... үтіктеп беріңізші
|
|
– Куда можно сдать вещи на чистку? | – Киімдерімді қайда тазартуға берсем болады?
|
|
– В салон химчистки. | – Химиялық тазалау салонына.
|
|
– У вас сухая чистка? | – Сіздерде құрғақ тазалау ма?
|
|
– Где здесь ремонт обуви? | – Аяқ киім жөндейтін жер қайда?
|
|
– Сломались каблуки, нужно поменять. | – Өкшем сынып қалды, ауыстыру керек.
|
|
– Когда мне прийти? | – Қашан келейін?
|
|
– Я забыл(а) ключ в номере. | – Мен бөлмемде кілтімді қалдырып кетіппін.
|
|
– Я уезжаю сегодня (завтра). | – Мен бүгін (ертең) кетемін.
|
|
– Пожалуйста, приготовьте счёт. | – Есепті беріңізші.
|
|
– Я хочу оплатить счёт сейчас. | – Мен қазір есеп айырысқым келеді.
|
|
– Сколько с меня? | – Қанша төлеуім керек?
|
|
– Вызовите, пожалуйста, такси к ... часам утра (вечера). | – Маған таңертеңгі (кешкі) ...-ға/ге/ке такси шақырыңызшы.
|
|
– Пришлите кого-нибудь за вещами. | – Заттарды алып кетуге кісі жіберіңізші.
|
|
– Хочу записаться в салон красоты. | – Сән салонына жазылғым келеді.
|
|
– Какой салон красоты вы посоветуете? | – Қандай сән салонына баруға кеңес бересіз?
|
|
– Мне нужно в парикмахерскую. | – Менің шаштаразға баруым керек.
|
|
– Какую стрижку вы хотели бы? | – Шашыңызды қалай қидырғыңыз келеді?
|
|
– Я бы хотела какую-нибудь современную причёску. | – Мен шашымды қазіргі сән үлгісінде қидырғым келеді.
|
|
– Вы можете мне что-нибудь посоветовать? | – Сіз қандай кеңес берер едіңіз?
|
|
– Могу ли я прийти сегодня во второй половине дня? | – Бүгін, түстен кейін келсем бола ма?
|
|
– Пожалуйста, запишите меня на завтра на восемь утра. | – Мені ертең таңертеңгі сегізге жазыңызшы.
|
|
– Садитесь, пожалуйста. | – Келіңіз, отырыңыз.
|
|
– Должен ли я заранее записаться? | – Алдын-ала жазылуым керек пе?
|
|
– Хочу шампунь для жирных, сухих, нормальных волос. | – Майлы, құрғақ, қалыпты шаштарға арналған сусабын алайын деп едім.
|
|
– У вас есть средство от выпадения волос? | – Сіздерде шаштың түсуін тоқтататын қандай дәрі (зат) бар?
|
– Я хотела бы ... .
... покрасить волосы
... сделать короткую стрижку
... подравнять волосы | – Мен шашымды ... деп едім.
... бояйын ...
... қысқа етіп қидырайын ...
... түзетейін ...
|
|
– Помойте мне голову. | – Басымды жуып беріңізші.
|
|
– Я хочу покрасить волосы. | – Мен шашымды боятқым келеді.
|
|
– Я записана к вам на стрижку. | – Мен сізге шаш қидыруға жазылып едім.
|
|
– Длину оставьте. | – Ұзындығын қалдырыңыз.
|
|
– Подстригите сзади. | – Артқы жағын қиыңызшы.
|
|
– Я хочу изменить причёску. | – Шаш үлгісін өзгерткім келеді.
|
|
– У нас есть альбом с фотографиями причёсок, вы можете выбрать одну из них. | – Бізде шаш үлгілерінің суреттері көрсетілген альбом бар, солардың бірін таңдасаңыз болады.
|
|
– Мне нравится вот эта. | – Маған мынау ұнайды.
|
|
– Уложите мне волосы феном. | – Шашымды фенмен кептіріп беріңізші.
|
|
– Покройте волосы лаком. | – Шашыма лак себіңізші.
|
|
– Вам идёт эта причёска. | – Сізге осы шаш үлгісі жарасып тұр.
|
|
– Долго ли придётся ждать? | – Ұзақ күту керек пе?
|
|
– У вас есть каталог с красками для волос? | – Бояу түрлерінің жиынтық каталогы бар ма?
|
|
– Окрасьте мне волосы в светло-русый, каштановый, пепельный, чёрный, рыжий цвет. | – Шашымды ашық, қоңыр, күлгін, қара, сары түске бояп беріңізші.
|
|
– В какой оттенок вы бы хотели покраситься? | – Сіз қандай реңкке бояғыңыз келеді?
|
|
– Мне хотелось бы сделать шестимесячную завивку. | – Мен шашымды алты айлық етіп бұйралатайын деп едім.
|
|
– Я хочу сделать маникюр (педикюр). | – Мен маникюр (педикюр) жасатайын деп едім.
|
|
– Ногти немного короче, пожалуйста. | –Тырнақтарымды аздап қысқартсаңыз.
|
|
– Покройте, пожалуйста, светлым лаком. | – Ашық түсті лак жақсаңыз.
|
|
– Снимите, пожалуйста, лак. | – Лакты сүртіп тастаңызшы.
|
|
– Мне нужно сделать макияж. | – Макияж жасатайын деп едім.
|
|
– Косметикой какой фирмы Вы обычно пользуетесь? | – Сіз әдетте қай фирманың косметикасын пайдаланасыз?
|
|
– Придайте форму бровям. | – Қасымды бір формаға келтіріңізші.
|
|
– Мне нужен косметолог с опытом. | – Маған тәжірибелі косметолог керек.
|
|
– Мне надо подстричься и побриться. | – Менің шашымды алдырып, қырынуым керек.
|
|
– Снимите немного сзади, с макушки. | – Артқы жағымды, төбе шашымды аздап алыңыз.
|
|
– Много не снимайте. | – Көп алып жібермеңіз.
|
|
– Подровняйте, пожалуйста. | – Тегістеп жіберіңізші.
|
|
– Форму оставьте прежней. | – Формасын бұрынғыша қалдырыңыз.
|
|
– На какую сторону вы носите пробор? | – Шашыңызды қай жаққа қайырайын?
|
– Сделайте пробор ... .
... слева
... справа | – Айырықты ... жасаңыз.
... сол жақтан ...
... оң жақтан ...
|
– Пожалуйста, подровняйте мои ... .
... усы
... бороду | – ... түзетіп жіберіңізші.
Мұртымды ...
Сақалымды ...
|
|
– Сколько стоит чистка лица? | – Бет тазарту қанша тұрады?
|
|
– Советую наносить этот крем на лицо каждый вечер. | – Мына кремді күнде кешке жағып жатыңыз.
|
|
– Сколько времени займёт массаж лица? | – Бетке массаж жасау қанша уақыт?
|
|
– Деньги заплатите в кассу. | – Ақшаны кассаға төлеңіз.
|
|
– Приведите в порядок мои брови, пожалуйста. | – Менің қастарымды ретке келтіріп беріңізші.
|
|
– У вас делают педикюр? | – Сіздерге педикюр жасайды ма?
|
|
– Вы пользуетесь хной? | – Сіз хна қолданасыз ба?
|
|
– Да, я пользуюсь хной. Хна предотвращает выпадение волос, укрепляет корни. | – Иә, мен хна қолданамын. Хна шаштың түсуінен сақтайды, түбірін қатайтады.
|
|
– Вы не красите волосы? | – Сіз шашыңызды боямайсыз ба?
|