Главная Гид Упражнения Тесты Песни Словарь Автор Телеграм-канал
Казахский язык
Главная  Полезные материалы → Сборники фраз, аудиокурсы → Русско-казахский разговорник → Образование
Дастархан
Дом
Здоровье
Культура
Образование
Профессия
Путешествие
Спорт
Торговля
Услуги
Формулы общения
Повседневные фразы

Образование

Білім

Аудио к теме 1:   tilashar05_bilim_1.MP3

1. ДЕТСКИЙ САД   /   БАЛАБАҚША
заведующая(ий)меңгеруші
воспитаниетәрбие
воспитательтәрбиеші
дошкольная подготовительная группамектепалды дайындық тобы
средняя группаорта топ
младшая группасәбилер тобы
– Ходит ли Ваш ребёнок в детский сад?– Сіздің балаңыз балабақшаға бара ма?
– Да, мой ребёнок уже в дошкольной подготовительной группе.– Иә, менің балам мектепалды дайындық тобында.
– В какой детский сад ходит?– Қай балабақшаға барады?
– Детский сад №38 (тридцать восемь).– №38 (отыз сегізінші) балабақшаға.
– Как называется этот детский сад?– Ол балабақша қалай аталады?
– Детский сад «Ертаргын».– Балабақша «Ертарғын» деп аталады.
– Какие образовательные программы используются у вас?- Сіздерде қандай білім беру бағдарламалары қолданылады?
– В своей работе детский сад использует новые современные программы «Мы пойдём в школу» и «Способный ребёнок».Балабақша өз жұмысында «Біз мектепке барамыз», «Зерек бала» секілді жаңа заманға сай бағдарламаларды пайдаланады.
– Сколько дошкольных организаций функционируют в республике?– Республикада қанша мектепке дейінгі ұйым қызмет етеді?
– В республике на 1 января 2010 года функционируют 4972 дошкольных организаций– Республикада 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 4972 мектепке дейінгі ұйым қызмет етеді.
– Сколько детей охвачены предшкольной подготовкой?– Мектепалды даярлықпен қанша бала қамтылған?
– Более 271 тысячи пяти-шестилетних детей или 83% от их общего количества охвачены предшкольной подготовкой.– Бес-алты жасар балалардың 271 мыңнан астамы немесе олардың жалпы санынан 83% мектепалды дайындықпен қамтылған.
– Какие программы реализуются в целях повышения качества содержания дошкольного воспитания и обучения?– Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу сапасын арттыру мақсатында қандай бағдарламалар әзірленуде?
– Реализуются республиканские программы «Балбобек», «Карлыгаш», «Кайнар».– «Балбөбек», «Қарлығаш», «Қайнар» республикалық бағдарламалары іске асырылуда.
– В 2009 году разработаны и утверждены программы воспитания и обучения детей раннего возраста «Алгашкы кадам» (1-3 года), «Зерек бала» (3-5 лет), «Быз мектепке барамыз» (5-6 лет).– 2009 жылы балаларды ерте жастан тәрбиелеу мен білім беруде «Алғашқы қадам» (1-3 жас), «Зерек бала» (3-5 жас), «Біз мектепке барамыз» (5-6 жас) бағдарламалары әзірленіп, бекітілген.
– Разработан учебно-методический комплекс к данным программам.– Осы бағдарламалардың оқу-әдістемелік кешені де әзірленді.
– С целью удовлетворения потребности населения в качественных услугах организаций дошкольного воспитания и обучения утверждена программа «Балапан» на 2010-2014 годы.– Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу ұйымдарындағы сапалы қызметпен халық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы бекітілді.
– Ваш ребёнок хорошо знает казахский язык?– Сіздің балаңыз қазақ тілін жақсы біле ме?
– Конечно, мы стараемся и дома говорить на казахском языке.– Әрине, біз үйде де қазақ тілінде сөйлеуге тырысамыз.
– Ваш ребёнок наверное уже и писать умеет?– Балаңыз жазуды да үйреніп қалған шығар?
– Да, он и читать, и писать умеет.– Иә, ол оқи да, жаза да алады.
– В детском саду всему учат.– Балабақшада барлығын үйретеді.
– Мой ребёнок уже готов пойти в школу.– Менің балам мектепке баруға дайын.
– Есть ли у вас частные детские сады?– Сіздерде жекеменшік балабақша бар ма?
– Да, в соответствии с законом Республики Казахстан «Об образовании» осуществляют свою деятельность и частные детские сады.– Иә, жекеменшік балабақшалар да Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңына сәйкес өз қызметтерін жүргізіп жатыр.

Аудио к теме 2:  tilashar05_bilim_2.MP3

2. ШКОЛА   /   МЕКТЕП
учёбаоқу
учебный годоқу жылы
учебникоқулық
ученик(ца)оқушы/шәкірт
учащиесяоқушылар
учитель(ница)мұғалім/ұстаз
уроксабақ
экзаменемтихан
выпускниктүлек
предметпән
школа-интернатмектеп-интернат
– Где находится ваша школа?– Мектептерің қай жерде орналасқан?
– Какой иностранный язык изучают у вас в школе?– Мектептеріңізде қандай шетел тілі оқытылады?
– С какого класса изучают у вас иностранный язык?– Сіздерде шетел тілін қай сыныптан бастап үйретеді?
– Какие условия созданы детям в школе?– Мектепте балаларға қандай жағдайлар жасалған?
– Во сколько лет можно привести ребёнка в школу? – Баланы мектепке қанша жастан беруге болады?
– Если на 1 (первое) сентября текущего года вашему ребёнку исполнилось не менее шести с половиной лет, а лучше – семь.– Сол оқу жылының 1 (бірінші) қыркүйегінде балаңыздың кемінде алты жарым жаста болғаны жөн, ал дұрысы – жеті жас.
– Обязательна ли единая школьная форма? – Бірыңғай мектеп формасының болуы міндетті ме?
– Вопрос о единой школьной форме решается в каждом педагогическом коллективе индивидуально.– Бірыңғай мектеп формасы туралы мәселені әрбір педагогикалық ұжым өз бетінше шешеді.
– Какое учебное заведение вы окончили?– Сіз қай оқу орнын бітірдіңіз?
– Я окончил(а) педагогический институт/университет.– Мен педагогикалық институтты/университетті бітірдім.
– Какой предмет вы преподаёте?– Сіз қай пәннен сабақ бересіз?
– Я учитель(ница) казахского (русского, английского, немецкого, французского) языка.– Мен қазақ (орыс, ағылшын, неміс, француз) тілінің мұғалімімін.
– В каком классе ты учишься?– Сен қай сыныпта оқисың?
– Сколько учеников в классе?– Сыныпта қанша оқушы бар?
– Можно познакомиться с учебной программой школы?– Мектептің оқу бағдарламасымен танысуға бола ма?
– Да, можно.– Иә, болады.
– Я хочу познакомиться с планом воспитательной работы школы (класса).– Мен мектептің (сыныптың) тәрбие жұмысының жоспарымен танысайын деп едім.
– У нас такая(ой) же программа (план).– Бізде де бағдарлама (жоспар) осындай.
– У нас другая(ой) программа (план).– Біздің бағдарламамыз (жоспарымыз) басқаша.
– Как поступить в вашу школу?– Сіздердің мектептеріңізге қалай түсуге болады?
– Вам нужно позвонить в школу и записаться на собеседование, которое проходит регулярно с середины апреля по июнь.– Мектепке телефон соғып, әңгімелесуге жазылыңыз, ол бізде сәуір айының ортасынан маусымға дейін үнемі өткізіліп отырады.
– Как ученики вашей школы проводят летние каникулы?– Сіздің мектептің оқушылары жазғы демалысын қалай өткізеді?
– Сколько учеников у вас учатся на «хорошо» («отлично», «удовлетворительно», «плохо»)?– Сіздерде неше оқушы «жақсы» («өте жақсы», «қанағаттанарлық», «жаман») деген бағаға оқиды?
– Этот ученик хорошо (плохо) учится.– Бұл оқушы жақсы (жаман) оқиды.
– Это мой (бывший) ученик. Я горжусь им.– Бұл менің (бұрынғы) оқушым. Мен оны мақтан етемін.
– Сколько уроков у вас сегодня?– Сіздерде бүгін неше сабақ болады?
– Я (мы) хотел (хотели) бы посетить урок казахского (английского) языка, казахской (русской) литературы, химии.– Мен (біз) қазақ (ағылшын) тілі, қазақ (орыс) әдебиеті, химия сабағына кірейін (кірейік) деп едім (едік).
– Вы знаете новую структуру среднего образования?– Сіз орта білім берудің жаңа құрылымын білесіз бе?
– Среднее образование поэтапно приобретается в организациях среднего образования на трёх уровнях.– Орта білім үш деңгейде орта білім беру ұйымдарында кезең-кезеңімен іске асырылады.
– Расскажите мне об уровнях.– Маған деңгейлер туралы айтып беріңізші.
– Первый уровень – начальное образование.– Бірінші деңгей – бастауыш білім.
– Нормативный срок обучения – 4 года (1-4 классы).– Білім берудің нормативтік мерзімі – 4 жыл (1-4 сыныптар).
– А какой рекомендуемый возраст?– Ал ұсынылатын жас неше болады?
– Рекомендуемый возраст начала обучения – 6 лет.– Білім берудің бастапқы ұсынылатын жасы – 6 жас.
– Второй уровень – основное среднее образование (5-10 классы).– Екінші деңгей – негізгі орта білім (5-10 сыныптар).
– Третий уровень – общее среднее образование (11-12 классы).– Үшінші деңгей – жалпы орта білім (11-12 сыныптар).
– Когда разработан Государственный общеобязательный стандарт образования Республики Казахстан?– Қазақстан Республикасы Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты қашан әзірленді?
– Разработан 2 сентября 1999 года согласно постановлению Правительства Республики Казахстан «О порядке разработки, утверждения и сроках действия государственных общеобязательных стандартов».– Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу, бекіту және әрекет ету мерзімінің тәртіптері туралы» қаулысына сәйкес 1999 жылғы 2 қыркүйекте әзірленді.

Аудио к теме 3:  tilashar05_bilim_3.MP3

3. СПЕЦИАЛЬНОЕ СРЕДНЕЕ ОБРАЗОВАНИЕ И ВУЗ   /   АРНАУЛЫ ОРТА БІЛІМ МЕН ЖОО (ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ)
Колледж
Университет
Колледж
Университет

аттестат зрелостикәмелеттік аттестат
– Ты учишься в школе или в колледже?– Сен мектепте оқисың ба, әлде колледжде оқисың ба?
– В каком году ты окончил(а) школу?– Мектепті қай жылы бітірдің?
– С какими оценками ты закончил(а) школу?– Мектепті қандай бағалармен бітірдің?
– У меня в основном четвёрки (пятёрки, тройки).– Бағаларым негізінен төрт (бес, үш).
– Как ты сдал(а) выпускные экзамены?– Бітіру емтихандарын қалай тапсырдың?
– Какую специальность ты получишь в колледже?– Колледжден сен қандай мамандық алып шығасың?
– Вы в какой университет поступаете?– Сіз қай университетке оқуға түспексіз?
– Я поступаю в медицинский, экономический, строительный университет.– Мен медицина, экономика, құрылыс университетіне түспекпін.
– Сколько вступительных экзаменов Вы сдаёте?– Түсерде неше сабақтан емтихан тапсырасыз?
– Я сдаю три экзамена.– Мен үш емтихан тапсырамын.
– Какой у Вас конкурс?– Сіздерде конкурс қандай?
– Сколько человек на место?– Бір орынға неше адам?
– Какой проходной балл?– Өтетін балы қанша?
– У нас два (три) человека на место.– Бізде бір орынға екі (үш) адам.
– У нас высокий (не высокий) проходной балл.– Бізде өту балы жоғары (жоғары емес).
– Сколько баллов вы набрали?– Сіз қанша балл алдыңыз?
– Вы прошли по конкурсу?– Конкурстан өттіңіз бе?
– В каком университете вы учитесь?– Қай университетте оқисыз?
– Вы студент, заочник?– Сіз сырттай оқитын студентсіз бе?
– Сколько у Вас человек в группе?– Тобыңызда қанша адам бар?
– Кто у Вас декан факультета?– Сіздерде факультет деканы кім?
– Какие лекции вам больше всего нравятся?– Сіздерге қандай дәрістер көбірек ұнайды?
– Вы успеваете записывать лекции?– Сіз лекцияны жазуға үлгеріп жатырсыз ба?
– Сессия у нас начинается в конце декабря и в конце мая.– Бізде сессия желтоқсанның аяғында және мамырдың аяғында басталады.
– Какие экзамены и зачёты вы сдаёте в эту сессию?– Бұл сессияда қандай емтихандар мен сынақтар тапсырасыздар?
– Сколько времени продлится сессия?– Сессия қанша уақытқа созылады?
– Когда начинаются каникулы?– Демалыстарыңыз қашан басталмақ?
– Сколько времени продлятся каникулы?– Демалыс неше күнге созылады?
– Когда у вас будет производственная, преддипломная практика?– Өндірістік диплом алдындағы практикаларыңыз қашан болады?
– Где будет проходить практика?– Практика қайда өтпекші?
– Сколько времени продлится практика?– Практика қанша уақытқа созылады?
– Когда у вас будет защита диплома?– Дипломды қашан қорғайсыздар?
– Куда вас направляют работать по распределению?– Сізді қай жерге жұмысқа бөлді?
– Меня направляют работать в школу.– Мені мектепке жұмыс істеуге жіберетін болды.
– Меня оставляют работать в университете.– Мені университетке жұмысқа қалдырмақшы.
– На каком курсе вы учитесь?– Сіз нешінші курста оқып жүрсіз?
– Я учусь на третьем (втором, четвёртом) курсе.– Мен үшінші (екінші, төртінші) курста оқимын.
– Я учусь по специальности «История».– Мен тарих мамандығында оқимын.
– По каким специальностям у вас можно получить второе высшее образование?– Сіздерде қандай мамандықтар бойынша екінші жоғары білім алуға болады?
– Второе высшее образование можно получить по специальностям «Юриспруденция», «Финансы и кредит», «Менеджмент и маркетинг».– «Құқықтану», «Қаржы және кредит», «Менеджмент және маркетинг» мамандықтары бойынша екінші жоғары білім алуға болады.
– Каким образом осуществляется оплата за обучение?– Оқу ақысын қалай төлеуге болады?
– В соответствии с пожеланиями студентов и их родителей оплата может производиться частями 6 раз в течение академического года.– Студенттер мен олардың ата-аналарының қалауы бойынша оқу ақысын бір академиялық жыл ішінде 6 рет бөліп төлеуге болады.
– Каковы сроки обучения на программах бакалавриата и магистратуры?– Бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқу мерзімдері қандай?
– Установленные сроки обучения на программах бакалавриата - 4 года, магистратуры – 2 года.– Белгіленген оқу мерзімі бакалавриат бағдарламасы бойынша – 4 жыл, магистратура бағдарламасы бойынша – 2 жыл.
– Имеется ли возможность завершить обучение ранее установленных сроков?– Оқуды белгіленген мерзімнен ерте бітіруге бола ма?
– Да, такая возможность предусматривается самой кредитной технологией.– Иә, кредиттік технология жүйесінде мұндай мүмкіндік бар.
– Есть ли у вас медицинский центр?– Сіздерде медициналық орталық бар ма?
– На территории студенческого городка института функционирует медицинский центр, оснащённый необходимой аппаратурой и медикаментами, где можно своевременно и квалифицированно получить медицинскую помощь, включая экстренную.– Студенттер қалашығы аумағында қажетті аспаптармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған медициналық орталық жұмыс істейді, ол жерде уақтылы және білікті медициналық қызмет, жедел көмек көрсетіледі.
– А какие условия для занятий физкультурой и спортом?– Дене шынықтыруға, спортпен айналысуға қандай жағдайлар жасалған?
– В институте имеется спортивный комплекс, в состав которого входит большой спортивный зал для занятий баскетболом и волейболом, два тренажёрных зала, открытое футбольное поле.– Институтта баскетбол және волейбол ойнауға арналған үлкен спорт залы, екі жаттығу залы, ашық футбол алаңы бар спорт кешені жұмыс істейді.
– Как обеспечивается питание студентов?– Студенттердің тамақтану жағы қалай?
– У нас имеются различные кафе и автоматы по продаже кофе и напитков.– Бізде түрлі дәмханалар, кофе мен сусын сататын автоматтар жұмыс істейді.
– У нас ещё имеется большая научная библиотека, кроме того есть астрономическая обсерватория, геологический музей, ботанический сад и другие учреждения.– Бізде сондай-ақ үлкен ғылыми кітапхана бар, одан басқа астрономиялық обсерватория, геологиялық мұражай, ботаникалық бақ және басқа да мекемелер бар.
– Как мне пройти в университетскую библиотеку?– Мен университет кітапханасына қалай бара аламын?
– Вы не скажете, где находится библиотека Отырар?– Отырар кітапханасы қайда екенін айтып жібересіз бе?
– Сколько книг в вашей библиотеке?– Сіздің кітапханада қанша кітап бар?
– Можно у вас получить книгу на неделю?– Сіздерден бір аптаға кітап алуға бола ма?
– Где у вас читальный зал?– Сіздерде оқу залы қай жерде?
– В какие часы работает читальный зал?– Оқу залы қай уақыттарда істейді?
– Дайте мне второй том сочинений Турара Рыскулова.– Маған Тұрар Рысқұловтың шығармалар жинағының екінші томын беріңізші.
– Я хочу просмотреть подшивку ... за этот год.
    - журнала «Ақиқат»
    - газеты «Жас Алаш»
    - журнала «Абай»
– Мен ... биылғы жылғы тігіндісін көрейін деп едім.
    - «Ақиқат» журналының
    - «Жас Алаш» газетінің
    - «Абай» журналының
– Разрешается ли использовать литературу в читальном зале?– Кітапты оқу залында отырып оқуға бола ма?
– К кому я должен(а) обратиться по данному вопросу?– Бұл мәселе жөнінде менің кімге жолығуым керек?
– Можно ли обратиться к заведующему читального зала?– Кітапхана меңгерушісіне жолығуға бола ма?
– Отложите, пожалуйста, для меня эту книгу.– Мына кітапты алмақшы едім, бөлек қойыңызшы.
– На какой срок книга даётся на дом?– Кітап үйге қанша мерзімге беріледі?
– Дайте, пожалуйста, подшивку газеты «Жас Алаш» за май этого года.– Маған «Жас Алаш» газетінің осы жылғы мамыр айындағы тігіндісін берсеңіз.
– Это последний номер журнала?– Журналдың соңғы саны осы ма?
– Когда я должен сдать (вернуть) эти книги?– Бұл кітаптарды мен қашан өткізуім (қайтаруым) керек?
– Чтобы записаться в нашу библиотеку, нужно предъявить удостоверение.– Біздің кітапханаға жазылу үшін куәлігіңізді көрсетуіңіз керек.
– Вот ваш читательский билет.– Міне сіздің оқырман билетіңіз.
– Все новинки находятся не стенде справа (слева).– Жаңа кітаптар оң (сол) жағыңыздағы қабырғада тұр.
– Вот список журналов, которые мы получаем.– Біз алып тұратын журналдардың тізімі мінеки.
– Книги у нас выдаются на срок две (три) недели.– Бізде кітаптар екі (үш) аптаға беріледі.

Аудио к теме 4:  tilashar05_bilim_4.MP3

4. Научная работа   /   Ғылыми жұмыс
– Хочу поступить в магистратуру в этом году. Объясните разницу между магистратурой профильного и научно - педагогического направления. – Биыл магистратураға түспек ойым бар. Бейіндік және ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураның өзгешелігі неде екені түсіндіріңізші?
– Профильная магистратура носит более прикладной характер, все дисциплины нацелены на углубление профессиональной подготовки специалистов. – Бейіндік магистратура қолданбалы сипатқа ие, барлық пәндер маманның кәсіби даярлығын тереңдетуге бағытталған.
Если Вы в дальнейшем планируете заниматься научно-исследовательской деятельностью и преподаванием, то Вам необходимо поступить в магистратуру научно-педагогического направления. Егер, сіз болашақта ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып, оқытушылық қызмет атқаруды жоспарласаңыз құжаттарыңызды магистратураның ғылыми-педагогикалық бағытына тапсырғаныңыз жөн.
– Когда начинается приём в магистратуру?– Магистратураға құжат қабылдау қашан басталады?
– Приём заявлений поступающих в магистратуру Евразийского национального университета имени Льва Гумилёва проводится с 1 по 30 июля. Вступительные экзамены проходят с 1 до 20 августа, зачисление - до 31 августа. – Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде магистратураға құжат қабылдау 1-30 шілде аралығында жүргізіледі. Түсу емтихандары 1-20 тамыз аралығында, магистрант қатарына қабылдау 31 тамызға дейін.
– Какие экзамены сдают иностранные граждане при поступлении в магистратуру?– Магистратураға түсу үшін шетел азаматтары қандай емтихандар тапсырады?
– Иностранные граждане, поступающие в магистратуру, сдают вступительные экзамены:
    - по казахскому или русскому языкам (язык обучения);
    - устный экзамен по специальности.
– Магистратураға түсу үшін шетел азаматтары:
    - қазақ не орыс тілінен (қандай топта оқитынына байланысты);
    - мамандығы бойынша ауызша емтихан тапсырады.
– Какие экзамены необходимо сдать при поступлении в докторантуру Ph.D?– Ph.D докторантурасына түсу үшін қандай емтихандар тапсыру қажет?
– Вступительные экзамены по одному из иностранных языков (английский, французский, немецкий) и по специальности.– Шетел тілінің бірінен (ағылшын, француз, неміс) және мамандығы бойынша түсу емтихандарын тапсырады.
– Существуют ли особые требования при сдаче вступительных экзаменов для иностранных граждан?– Түсу емтихандарын тапсыруда шетел азаматтарына ерекше талаптар қойыла ма?
– Иностранные граждане, поступающие в докторантуру, сдают вступительные экзамены по казахскому или русскому языкам (язык обучения) и по специальности. Комплексный экзамен по иностранному языку составляется на основе международных тестов TOEFL, PET, FCE (английский язык), DELF (французский язык) и Zertifikat Deutsch (немецкий язык). – Докторантураға түсетін шетел азаматтары қазақ не орыс тілінен (қандай топта оқитынына байланысты) және мамандығы бойынша емтихан тапсырады. Шетел тілінен кешенді емтихан халықаралық тест жүйесі TOEFL, PET, FCE (ағылшын тілі), DELF (француз тілі) және Zertifikat Deutsch (неміс тілі) негізінде құрастырылады.
– Когда осуществляется приём в докторантуру Ph.D?– Ph.D докторантурасына құжаттар қабылдау қашан басталады?
– Ежегодно приём заявлений от лиц, поступающих в докторантуру Ph.D, проводится с 1 по 30 июля, вступительные экзамены проводятся с 1 по 20 августа. – Жыл сайын Ph.D докторантурасына түсетіндерден өтініш 1-30 шілде аралығында қабылданады, ал емтихан 1-20 тамыз аралығында болады.
– Какая основная тема Ваших научных исследований?– Сіздің ғылыми-зерттеу жұмысыңыз-дың негізгі тақырыбы қандай?
– Основная тема моих исследований ... .– Менің зерттеу жұмысымның негізгі тақырыбы ... .
– Кто является Вашим научным руководителем?– Сіздің ғылыми жетекшіңіз кім?
– Мой научный руководитель ... .– Менің ғылыми жетекшім ... .
– Какую статью Вы сейчас пишете?– Сіз қазір қандай мақала жазып жүрсіз?
– Есть ли у Вас публикация в зарубежных изданиях?– Сіздің шетелдік басылымдарда жарияланған мақалаларыңыз бар ма?
– В зарубежных изданиях у меня опубликовано две статьи.– Шетелдік басылымдарда екі мақалам жарық көрді.
– Вы кандидат (доктор) каких наук?– Сіз қандай ғылым кандидатысыз (докторысыз)?
старший научный сотрудникаға ғылыми қызметкер
ведущий научный сотрудникжетекші ғылыми қызметкер
младший научный сотрудниккіші ғылыми қызметкер
учёный секретарьғылыми хатшы
научный руководительғылыми жетекші
– Кем вы работаете в институте?– Сіз институтта кім болып жұмыс істейсіз (жасайсыз)?
– Я старший научный сотрудник.– Мен аға ғылыми қызметкермін.
– Какие проблемы разрабатываются сотрудниками вашего института?– Сіздің институт қызметкерлері қандай мәселелерді зерттеп жатыр?
– Кто руководит вашей научно-исследовательской работой?– Сіздің ғылыми зерттеу жұмысыңызға кім жетекшілік етеді?
– Кто является председателем Учёного совета?– Ғылыми кеңестің төрағасы кім?
– Какая повестка дня сегодняшнего учёного совета?– Бүгінгі ғылыми кеңестің күн тәртібі қандай?
– Сегодня:
    - обсуждение рукописей завершенных плановых работ
    - утверждение единого плана научных обсуждений
    - состояние и перспективы научных связей с зарубежными странами
– Бүгін:
    - аяқталған жоспарлы жұмыс қолжазбаларын талқылау
    - ғылыми талқылаудың бірыңғай жоспарын бекіту
    - шет елдермен ғылыми байланыс орнатудың бүгінгі жайы мен болашағы
– В указанных работах рассматривались следующие вопросы ... .– Аталып өткен жұмыстарда мынадай мәселелер қаралған ... .
– В исследовании ... достигнут серьёзный интерес.– ... зерттеуінде елеулі жетістікке қол жеткен.
– С нашей точки зрения ...– Біздің ойымызша ...
заключительные замечанияқорытынды ескертпелер
название статьимақаланың аты
основная частьнегізгі бөлім
обзорная статьяшолу мақала
ссылкасілтеме
опечаткабасылымдағы қате
главатарау

Весь разговорник (аудио) можно скачать по ссылке:   Русско-казахский разговорник (Tilashar)



 <<  Культура Наверх ↑ Профессия  >> 

Казахский язык. Просто о сложном © Татьяна Валяева,  2007–2026
Главная
Цвета текста на сайте
Поиск по сайту
Гид по изучению
грамматики
Грамматика детям
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Глаголы
Личные окончания
Причастия
Местоимения
Наречия
Проверь себя!
Упражнения
Тесты
Словарь
Разговорник
Практика
Песни
Сказки
Пословицы
Гостевая книга
Автор
kaz-tili@yandex.kz
Телеграм-канал
Канал в MAX
WhatsApp-группа