|
– Когда у тебя будет отпуск в этом году? | – Биыл демалысқа қашан шығасың?
|
|
– Где вы обычно отдыхаете летом (зимой, во время отпуска, в выходные дни)? | – Сіз әдетте жазда (қыста, еңбек демалысы кезінде, демалыс күндері) қайда демаласыз?
|
|
– Я обычно провожу свой отпуск в городе (на море, в горах, в ауле). | – Әдетте демалысымды қалада (теңіз жағасында, тауда, ауылда) өткіземін.
|
|
– Чем ты занимаешься в свободное время? | – Бос уақытыңда немен айналысасың?
|
|
– В свободное время я хожу в кино (в музей, в театр), занимаюсь спортом, посещаю концерты (выставки), читаю книги, смотрю телевизор, встречаюсь с друзьями. | – Бос уақытымда киноға (мұражайға, театрға) барамын, спортпен шұғылданамын, концерттерге (көрмелерге) барамын, кітап оқимын, теледидар қараймын, достарыммен кездесемін.
|
|
– У вас есть свободное время сегодня? | – Бүгін бос уақытыңыз бола ма?
|
|
– Да, сегодня я свободен. | – Иә, бүгін қолым бос.
|
|
– Нет, сегодня я занят. | – Жоқ, бүгін қолым тимейді.
|
|
– Что ты делаешь завтра вечером? | – Ертең кешке не істейсің?
|
|
– Вечером я пойду в бассейн (на стадион, в кино). | – Кешке мен бассейнге (стадионға, киноға) барамын.
|
|
– Какие достопримечательности есть в вашем городе? | – Қалада қандай көрікті орындар бар?
|
|
– Таких мест много... | – Баратын жерлер көп қой...
|
|
– В старом центре города есть Музей Первого Президента Республики Казахстан. | – Қаланың ескі орталығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы бар.
|
|
– Байтерек – символ города Астаны. | – Бәйтерек – Астана қаласының нышаны.
|
|
– В развлекательном центре «Думан» можно посетить океанариум. | – «Думан» ойын-сауық орталығында мұхит аралын қызықтауға болады.
|
|
– А что за красивое здание? | – Ал мына әдемі ғимарат не?
|
|
– Это торгово-развлекательный центр «Хан шатыр». | – Бұл «Хан шатыры» сауда ойын-сауық орталығы.
|
|
– Только здесь есть огромный искусственный пляж. | – Тек осы жерде үлкен жасанды жағажай бар.
|
|
– Этот пляж работает круглый год. | – Бұл жағажай жылдың барлық мезгілінде жұмыс істейді.
|
|
– Это старинный парк. | – Бұл саябаққа көп жыл болған.
|
|
– Здесь есть деревья, которым больше ста лет. | – Мұнда жүз жылдан астам жасаған ағаштар бар.
|
|
– Давайте посидим на этой скамейке. | – Мына орындыққа отырайықшы.
|
|
– Пойдёмте по этой аллее. | – Мына аллеямен жүрейік.
|
|
– Где здесь продают мороженое? | – Қай жерде балмұздақ сатады?
|
|
– Мы вчера хорошо (весело, интересно) провели время. | – Біз кеше уақытты жақсы (көңілді, қызықты) өткіздік.
|
исторический музей
краеведческий музей
музей современного искусства | тарихи мұражай
өлкетану мұражайы
қазіргі заманғы өнер мұражайы
|
|
архивные материалы | мұрағат материалдары
|
|
выставочный зал | көрме залы
|
|
живопись | кескіндеме
|
|
изобразительное искусство | бейнелеу өнері
|
|
исторические документы | тарихи құжаттар
|
|
картинная галерея | көркемсурет галереясы
|
|
исторический и духовный центр | тарихи және рухани орталық
|
|
курганный могильник Иссык | Есік обалар қорымы
|
|
народные музыкальные инструменты | халықтық музыкалық аспаптар
|
|
прикладное искусство | қолданбалы өнер
|
|
подлинные экспонаты | түпнұсқа экспонаттар
|
|
историко-культурное наследие | тарихи-мәдени мұра
|
|
– Какие музеи есть в вашем городе? | – Қалада қандай мұражайлар бар?
|
– В городе много музеев, например:
- Центральный государственный музей
- Государственный музей золота и драгоценных металлов
- Президентский центр культуры
- Государственный музей искусств имени А. Кастеева
- литературно-мемориальный музей М. Ауэзова
- музей книг
- музей народных музыкальных инструментов | – Қалада мұражайлар көп, мәселен:
- Мемлекеттік орталық мұражай
- Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайы
- Президенттік мәдениет орталығы
- Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы
- М. Әуезовтың әдеби-мемориалдық мұражай-үйі
- кітап мұражайы
- халық музыкалық аспаптар мұражайы
|
|
– Мне хотелось бы посетить исторический музей. | – Мен тарихи мұражайға барайын деп едім.
|
|
– Что представлено в этом музее? | – Бұл мұражайда не қойылған?
|
|
– В какие дни можно посетить музей? | – Мұражайға қай күндері келуге болады?
|
|
– Музей работает ежедневно, но в понедельник выходной. | – Мұражай күн сайын жұмыс істейді, ал дүйсенбі – демалыс.
|
|
– Я хочу посетить картинную галерею. | – Мен сурет галереясына барғым келеді.
|
|
– В Казахстане есть арт-галерея? | – Қазақстанда арт-галерея бар ма?
|
|
– Конечно, только в Алматы находится около 20 арт-галерей. | – Әрине, тек Алматының өзінде 20-ға жуық арт-галерея бар.
|
|
– Мне хотелось бы купить путеводитель по музею. | – Мен мұражайдың жол көрсеткішін сатып алайын деп едім.
|
|
– Что находится в этом зале? | – Мына залда не бар?
|
|
– Мне нравится эта экспозиция. Чья это работа? | – Маған мына экспозиция ұнайды. Бұл кімнің туындысы?
|
|
– Это – гобелен «Семья». Его автор - К. Тыныбеков, талантливый художник. | – Бұл гобелен «Отбасы» деп аталады. Авторы – дарынды суретші Қ. Тыныбеков.
|
|
– Что изображено на этой картине? | – Мына суретте не бейнеленген?
|
|
– Это оригинал или копия? | – Бұл түпнұсқа ма, әлде көшірме ме?
|
|
– Как фамилия этого художника? | – Бұл суретшінің фамилиясы кім?
|
|
– У вас есть произведения современных художников? | – Сіздерде қазіргі суретшілердің шығармалары бар ма?
|
|
– Где находится начало (продолжение) этой экспозиции? | – Мына экспозицияның басы (жалғасы) қайда?
|
|
– У вас можно купить каталог выставки? | – Сізден көрме каталогын сатып алуға бола ма?
|
|
– Что Вам больше всего понравилось в музее? | – Мұражайда сізге не қатты ұнады?
|
|
– Какие ещё павильоны есть на этой выставке? | – Осы көрмеде тағы қандай павильондар бар?
|
|
– Кто ваш самый любимый художник (скульптор)? | – Ең жақсы көретін суретшіңіз (мүсіншіңіз) кім?
|
|
художественная литература | көркем әдебиет
|
|
детская литература | балалар әдебиеті
|
|
учебное пособие | оқу құралы
|
|
сборник статей | мақалалар жинағы
|
|
зал периодики | мерзімді басылымдар залы
|
|
читальный зал | оқу залы
|
|
фонд редких книг | сирек кітаптар қоры
|
|
отдел иностранной литературы | шетел әдебиеті бөлімі
|
|
читательский билет | оқырман билеті
|
|
заказать книгу | кітапқа тапсырыс беру
|
|
отложить книгу | кітапты кейінге қалдыру
|
|
подшивка газет | газет тігіндісі
|
|
тематический каталог | тақырыптық каталог
|
|
библиографический источник | библиографиялық дереккөз
|
|
справочные издания | анықтамалық басылымдар
|
|
электронные носители | электронды жеткізгіштер
|
|
– Я хочу записаться в читальный зал. | – Менің оқу залына жазылғым келеді.
|
|
– Вот моё личное удостоверение. | – Міне менің жеке куәлігім.
|
|
– Нужна ли фотография для читательского билета? | – Оқырман билетіне фотосурет қажет пе?
|
|
– До скольки работает библиотека? | – Кітапхана нешеге дейін жұмыс істейді?
|
|
– Библиотека работает с 10.00 до 19.00 без перерыва. | – Кітапхана 10-нан 19.00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.
|
|
– А вы работаете по выходным? | – Демалыс күндері жұмыс істейсіздер ме?
|
|
– В субботу и в воскресенье библиотека работает с 10.00 до 18.00 часов. | – Кітапхана сенбі мен жексенбіде 10-нан 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
|
|
– Выходной день – понедельник. | – Демалыс күні – дүйсенбі.
|
|
– А последняя пятница каждого месяца – санитарный день. | – Ал әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні.
|
|
– А можно ли взять книгу на дом? | – Кітапты үйге алуға бола ма?
|
|
– На какой срок выдаются книги? | – Кітап қанша күнге беріледі?
|
|
– Когда я должен сдать эти книги? | – Бұл кітаптарды қашан өткізуім керек?
|
|
– Дайте мне подшивку «Жулдыз» за март этого года. | – Маған «Жұлдыз» журналының осы жылғы наурыздағы тігіндісін беріңізші.
|
|
– Этот журнал выходит ежемесячно (еженедельно, один раз в месяц). | – Бұл журнал ай сайын (апта сайын, айына бір рет) шығады.
|
|
– Книги выдаются в абономентском отделе. | – Кітапты абономенттік бөлімнен аласыз.
|
|
– Где находится каталог? | – Каталог қай жерде?
|
– Я хотел(а) бы получить книги по …
- истории
- искусству
- языкознанию | – Мен ... саласына қатысты кітаптарды алайын деп едім.
- тарих
- өнер
- тіл білімі
|
|
– Все новинки находятся на полке справа. | – Жаңа кітаптар оң жағыңыздағы сөреде тұр.
|
|
концертная деятельность | концерттік қызмет
|
|
первая постановка | алғашқы қойылым
|
|
народный артист | халық әртісі
|
|
кукольный театр | қуыршақ театры
|
|
театральное искусство | театр өнері
|
|
театральные деятели | театр қайраткерлері
|
|
на сцене казахского театра | қазақ театры сахнасында
|
|
сценические представления | сахналық көрсетілімдер
|
|
профессиональные режиссёры | кәсіби режиссерлер
|
|
высокая оценка зрителей | көрермендердің жоғары бағасы
|
|
декорация сцены | сахнаның безендірілуі
|
|
для детей и юношества | балалар мен жасөспірімдерге арналған
|
|
– Как нам провести сегодняшний вечер? | – Бүгінгі кешті қалай өткізсек екен?
|
|
– В какой театр вы посоветовали бы пойти? | – Сіз қай театрға баруға кеңес бересіз?
|
– Я хотел бы посмотреть … .
- хорошую комедию
- весёлый водевиль
- балет | – Мен ... көрсем деймін.
- жақсы комедия
- көңілді водевиль
- балет
|
|
– Мне хотелось бы послушать оперу (оперетту). | – Менің опера (оперетта) тыңдағым келіп еді.
|
|
– Что сегодня идёт в Академическом театре драмы? | – Бүгін Академиялық драма театрында қандай қойылым жүріп жатыр?
|
|
– Мюзикл «Цыганская серенада». | – «Сыған серенадасы» мюзиклі.
|
|
– В кассе есть билеты? | – Кассада билет бар ма?
|
|
– Все билеты проданы. | – Барлық билет сатылып кетіпті.
|
|
– У вас есть два билета на сегодняшний спектакль? | – Сізде бүгінгі спектакльге екі билет табылмай ма?
|
– Дайте мне билет … .
- на мюзикл «Цыганская серенада»
- на вечерний спектакль
- в партер, ряд пятый
- в ложу
- на балкон | – Маған … билет беріңізші.
- «Сыған серенадасы» мюзикліне
- кешкі спектакльге
- партердің бесінші қатарына
- ложаға
- балконға
|
|
– У кого есть лишний билет? | – Кімде артық билет бар?
|
|
– У Вас нет лишнего билета? | – Сізде артық билет жоқ па?
|
|
– Кто играет главную роль? | – Басты рөлде кім ойнайды?
|
|
– Нам очень понравился этот спектакль. | – Бізге бұл спектакль қатты ұнады.
|
|
– Сколько времени продлится антракт? | – Үзіліс қанша уақытқа созылады?
|
|
– Вам понравился спектакль? | – Сізге спектакль ұнады ма?
|
|
– Мне понравилась (не понравилась) игра артистов. | – Маған әртістердің ойыны өте ұнады (ұнамады).
|
|
– Мне понравились декорации. | – Маған декорация ұнады.
|
|
– Сегодня спектакль отменяется. | – Бүгін спектакль болмайды екен.
|
|
– Спектакль переносится на завтра. | – Спектакль ертеңге ауыстырылды.
|
|
– Вы слушали оперу «Биржан и Сара»? | – «Біржан мен Сара» операсын тыңдап па едіңіз?
|
|
– Нет, а кто постановщик оперы? | – Жоқ, операны қоюшы кім?
|
|
– Народный артист СССР, лауреат государственных премий, «Халык кахарманы» А. Мамбетов, дирижёр А. Мухитдинов. | – КСРО халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Халық қаҺарманы Ә. Мәмбетов, дирижер А. Мұхитдинов.
|
|
– Сколько действий в этом спектакле? | – Бұл спектакльде қанша бөлім бар?
|
|
– Где я могу взять бинокль на прокат? | – Дүрбіні жалға қайдан алуға болады?
|
|
– Пойдёмте в фойе. | – Фойеге шығайық.
|
– Какие ... пройдут на этой неделе?
– спектакли
– концерты
– представления | – Осы аптада қандай …
– спектакль
– концерттер
– қойылымдар бар?
|
|
– Какую оперу вы посоветуете нам послушать? | – Сіз қандай операны тыңдауға кеңес бересіз?
|
|
– Я бы посоветовала послушать оперу «Абай». Легендарная опера «Абай» является визитной карточкой театра. | – Мен «Абай» операсын тыңдауға кеңес берер едім. Атақты «Абай» операсы театрдың визит карточкасы деуге болады.
|
|
– Кто играет ведущую роль? | – Басты рөлде ойнайтын кім екен?
|
|
– Партию «Ажар» исполняет Майра Мухамедкызы, народная артистка Республики Казахстан, «Абая» - Шахимардан Абилов, заслуженный артист Республики Казахстан. | – «Ажар» партиясын Қазақстан Республикасының халық артісі Майра Мұхамедқызы, «Абай»-ды Қазақстан Республикасының халық еңбек сіңірген әртісі Шахымардан Әбілов ойнайды.
|
|
– Я получил большое удовольствие от этой пьесы. | – Мен осы пьесадан шын мәнінде үлкен ләззат алдым.
|
|
– Весь состав исполнителей был хорошо подобран. | – Орындаушылар құрамы да жақсы таңдалған екен.
|
|
– Это было великолепно! | – Өте тамаша болды!
|
|
выразительная мелодия | мәнерлі әуен
|
|
духовой оркестр | үрмелі аспаптар оркестрі
|
|
древние музыкальные инструменты | ежелгі музыкалық аспаптар
|
|
инструментальная музыка | аспапты музыка
|
|
исполнительское искусство | орындаушылық өнер
|
|
концертная организация | концерттік ұйым
|
|
музыкальная культура | музыкалық мәдениет
|
|
нотная система | нота жүйесі
|
|
народный композитор | халық сазгері
|
|
первый исполнитель | алғаш орындаушы
|
|
романтическое произведение | романтикалық шығарма
|
|
традиционная музыка | дәстүрлі музыка
|
|
– Да, я получаю большое удовольствие от музыки. | – Иә, музыкадан үлкен ләззат алатыным рас.
|
|
– Какая музыка Вам нравится больше всего? | – Сізге қандай музыка көбірек ұнайды?
|
|
– Какие концерты вы любите? | – Сіз қандай концерттерді ұнатасыз?
|
– Мне нравится концерт … .
- классической музыки
- народной музыки
- лёгкой музыки
- джазовой музыки | – Менің ұнататыным ... .
- классикалық музыка
- халық музыкасы
- жеңіл музыка
- джаз музыкасы
|
|
– Я слушаю разную музыку. | – Мен түрлі жанрдағы музыканы тыңдаймын.
|
|
– Я предпочитаю инструментальную музыку. | – Мен аспапты музыканы ұнатамын.
|
|
– Вы играете на каком-нибудь инструменте? | – Сіз қандай да бір аспапта ойнайсыз ба?
|
|
– Я играю на домбре (гитаре, скрипке). | – Мен домбыра (гитара, скрипка) тартамын.
|
|
– Я хорошо играю. | – Мен жақсы ойнаймын.
|
|
– Ты часто бываешь на концертах? | – Концерттерде жиі болып тұрасыз/сың/ ба?
|
|
– Вы идёте сегодня на концерт? | – Сіз бүгін концертке барасыз ба?
|
|
– Когда начинается (заканчивается) концерт? | – Концерт қашан басталады (аяқталады)?
|
|
– Кто сегодня выступает в концертном зале (в клубе, во дворце культуры)? | – Бүгін концерт залында (клубта, мәдениет сарайында) кімдер концерт қояды?
|
|
– В субботу в клубе состоится эстрадный концерт (концерт классической музыки, вечер старинных романсов). | – Сенбіде клубта эстрадалық концерт (классикалық музыка концерті, ескі романстар кеші) болады.
|
|
– Сегодня выступает ансамбль песни и пляски (вокально-инструментальный ансамбль, известный пианист, эстрадная певица). | – Бүгін ән-би ансамблі (вокальды-аспаптар ансамблі, белгілі пианист, эстрада әншісі) өнер көрсетеді.
|
|
– Ты не можешь достать мне билеты? | – Сен маған билет тауып бере алмайсың ба?
|
|
– Кто твой любимый певец (исполнитель, композитор, дирижёр)? | – Ең жақсы көретін әншің (орындаушың, композиторың, дирижерің) кім?
|
|
художественный фильм | көркем фильм
|
|
постоянные зрители | тұрақты көрермендер
|
|
в главных ролях картин | картинаның басты рөлдерінде
|
|
ведущий актёр и режиссёр | көрнекті актер және режиссер
|
|
вечерние сеансы | кешкі сеанстар
|
|
кинопромышленность | кино өндірісі
|
|
кинозарисовка | киносуреттеме
|
|
кинохроника | кинодерек
|
|
Национальный университет искусств | Ұлттық өнер университеті
|
|
отечественная кинематография | отандық кино өнері
|
|
лучшие актёры республики | республиканың үздік актерлары
|
|
– Что ты сегодня делаешь? | – Бүгін сен не істейсің?
|
|
– Пойдёмте в кино. | – Киноға барайық.
|
|
– Я хочу посмотреть новый фильм. | – Мен жаңа фильм көргім келеді.
|
|
– Я хотел(а) бы пойти в кино. | – Менің киноға барғым келеді.
|
|
– Что сегодня идёт в кино? | – Бүгін қандай кино жүріп жатыр?
|
|
– Когда начало дневных (вечерних) сеансов? | – Күндізгі (кешкі) сеанстар қай уақытта басталады?
|
|
– Когда начинается следующий (последний) сеанс? | – Келесі (соңғы) сеанс қашан басталады?
|
|
– Сколько времени идёт фильм? | – Фильм қанша уақыт жүреді?
|
|
– Вам понравился этот фильм? | – Сізге бұл фильм ұнады ма?
|
|
– Да, великолепный фильм. | – Иә, керемет фильм екен.
|
|
– Какой фильм сегодня идёт в кинопарке «Сарыарка»? | – Бүгін «Сарыарқа» кинопаркінде қандай фильм жүріп жатыр?
|
|
– Какие фильмы нравятся тебе больше всего? | – Саған қандай фильмдер көбірек ұнайды?
|
|
– Мне больше нравятся комедийные (приключенческие, детективные, исторические) фильмы. | – Маған көбіне комедиялық, (шытырман оқиғалы, детектив, тарихи) фильмдер ұнайды.
|
|
– Какой фильм вы бы посоветовали посмотреть? | – Сіз қандай фильмді көруге кеңес бересіз?
|
|
– Если вы любите комедию, то сходите на фильм ... . | – Егер сіз комедияны ұнататын болсаңыз ... фильмін көруіңізге болады.
|
|
– Вы уже смотрели этот фильм? | – Бұл фильмді бұрын көріп пе едіңіз.
|
|
– Какие отечественные фильмы вам нравятся? | – Сізге отандық фильмдердің қайсысы ұнайды?
|
|
– Мне понравился фильм «Кыз-Жибек», это был лучший фильм, который я когда-либо видел. | – Маған «Қыз-Жібек» фильмі ұнады, мұндай киноны мен бұрын-соңды көрмеген едім.
|
|
– Какие актёры играют в главных ролях? | – Басты рөлдерде қандай актерлер ойнады?
|
|
– В главных ролях фильма играли Меруерт Утекешева (Кыз Жибек), Куман Тастанбеков (Толеген), Асанали Ашимов (Бекежан). | – Фильмнің басты рөлдерін Меруерт Өтекешева (Қыз Жібек), Құман Тастанбеков (Төлеген), Асанәлі Әшімов (Бекежан-ды) ойнаған.
|
|
– Фильм имел мировой успех. | – Фильм дүние жүзіне танылды.
|
|
– Этот фильм получил первую премию на фестивале. | – Фестивальда бұл фильм бірінші сыйлыққа ие болды.
|
|
– Когда состоится детский сеанс? | – Балалар сеансы қашан болады?
|
|
– Детские сеансы проходят каждое воскресенье в десять часов утра. | – Әр жексенбіде таңертеңгі онда балалар фильмі көрсетіледі.
|
|
– Есть ли билеты на этот фильм? | – Бұл фильмге билет бар ма?
|
|
– Дайте мне два билета на следующий (ближайший) сеанс. | – Маған келесі (таяу аралықтағы) сеансқа екі билет беріңізші.
|
|
– Где идёт этот фильм? | – Бұл фильм қайда жүріп жатыр?
|
|
– Кто поставил этот фильм? | – Бұл фильмді қойған кім?
|
|
– Кто написал сценарий (музыку) к этому фильму? | – Бұл фильмнің сценарийін (музыкасын) жазған кім?
|
|
– На какой студии снят этот фильм? | – Бұл фильм қай студияда түсірілген?
|
|
– Мне понравился (не понравился) сюжет фильма. | – Маған фильмнің сюжеті ұнады (ұнамады).
|
|
– Фильм произвёл на меня (на нас) большое впечатление. | – Фильм маған (бізге) жақсы әсер қалдырды.
|
|
– Я больше люблю читать книги, чем смотреть фильм. | – Мен фильм көргеннен гөрі кітап оқығанды ұнатамын.
|