|
Аудио к теме 1: tilashar09_sauda_1.MP3
1. В ТОРГОВОМ ЦЕНТРЕ / САУДА ОРТАЛЫҒЫНДА
|
магазин | дүкен
| |
рынок | базар (нарық)
| |
товар | тауар
| |
продовольственные, промышленные товары | азық-түлік, өнеркәсіп тауарлары
| |
торговать | сауда жасау
| |
продать (продавать) | сату
| |
купить (покупать) | сатып алу
| |
продавец (продавщица) | сатушы (сатушы әйел)
| |
покупатель | сатып алушы
| |
покупка | сатып алынған зат
| |
завернуть (заворачивать) | орау (орап беру)
| |
торговый зал | сауда залы
| |
витрина | жаймасөре
| |
касса | касса
| |
цена, стоимость | баға, құн
| |
платить за что-либо | төлеу (зат үшін)
| |
доплатить (доплачивать) | қосымша төлеу
| |
крупные (мелкие) деньги | ірі (ұсақ) ақша
| |
разменять (разменивать) деньги | ақша майдалау, ұсақтау
| |
дать (давать) сдачу | қайтарымын беру
| |
получить (получать) сдачу | қайтарымын алу
| |
выписать чек | чек жазып беру
| |
мелочь | майда (ұсақ) ақша
| |
встать (вставать) в очередь | кезекке тұру
| |
весы электронные (контрольные) | электронды (бақылау) таразы
| |
– Магазин работает с восьми часов утра до восьми часов вечера. | – Дүкен таңғы сегізден кешкі сегізге дейін істейді.
| |
– Где можно купить ботинки, перчатки, костюм? | – Бәтеңкені, қолғапты, костюмді қайдан сатып алуға болады?
| |
– Где продаются фотоаппараты (магнитофоны), ткани, часы, цветы? | – Фотоаппараттар (магнитофондар), маталар, сағаттар, гүлдер қайда сатылады?
| |
– Где здесь отдел «Культтовары»? | – «Мәдени бұйымдар» бөлімі қайда екен?
| |
– Как пройти в отдел «Мужская галантерея» («Спорттовары», «Канцелярские товары»)? | – «Ерлер галантереясы» («Спорт тауарлары», «Кеңсе тауарлары») бөліміне қалай баруға болады?
| |
– У вас есть в продаже электронные часы? | – Сатылымда электронды сағат бар ма?
| |
– Когда они у вас будут? | – Қашан болар екен?
| |
– Покажите мне, пожалуйста, вот эту рубашку (кофту, эту пару туфель, это платье, пальто, этот костюм, плащ, вот этот галстук). | – Маған мына жейдені (кофтаны, туфлиді, мына көйлекті, пальтоны, костюмді, плащты, мына галстукты) көрсетіңізші.
| |
– Можно мне посмотреть этот телевизор (холодильник, пылесос, шампунь, плёнку)? | – Маған мына теледидарды (тоңазытқышты, шаңсорғышты, сусабынды, пленканы) көруге бола ма?
| |
– Что Вы можете мне посоветовать? | – Сіз маған қандай кеңес бере аласыз?
|
Аудио к теме 2: tilashar09_sauda_2.MP3
2. В МАГАЗИНЕ ОДЕЖДЫ / КИІМ ДҮКЕНІНДЕ
|
– Что Вам показать? | – Сізге не көрсетейін?
| |
– Я хотел(а) бы что-нибудь подешевле (подороже, посветлее, потемнее). | – Мен арзандауын (қымбаттауын, ашық түстісін, қоңырқайын) алғым келіп еді.
| |
– Сначала я хочу купить здесь чёрный костюм. | – Алдымен осы жерден қара костюм сатып алайын деп едім.
| |
– Можно примерить это пальто? | – Мына пальтоны киіп көруге бола ма?
| |
– Где здесь кабина примерки? | – Киім киіп көретін жер қайда?
| |
– Сколько стоят эти брюки? | – Мына шалбар қанша тұрады?
|
– Покажите мне галстуки,
- чулки трикотажные (капроновые, нейлоновые, потемнее, посветлее),
- пуговицы (белые, чёрные, маленькие, большие). | – Маған мына галстуктерді,
- тоқыма (капрон, нейлон, қоңырлау, ашықтау) шұлықты,
- (ақ, қара, кішкене, үлкен) түймелерді көрсетіңізші.
| |
– Эти мне подойдут. Я возьму их. Заверните, пожалуйста. | – Мынау маған шақ екен. Осыны аламын. Орап беріңізші.
| |
– Какое платье вы хотите? | – Сіз қандай көйлекті қалайсыз?
|
– Я желаю белую,
- цветную,
- ночную,
- с карманами,
- из натурального (искусственного) шёлка,
- с длинными (короткими) рукавами рубашку. | – Маған ақ,
- түрлі-түсті,
- түнде киіп жататын,
- жанқалтасы бар,
- табиғи (жасанды) жібектен тігілген,
- ұзын (қысқа) жеңді жейде керек.
| |
– Сколько стоит это платье? | – Мына көйлегіңіз қанша тұрады?
| |
– Я возьму эту рубашку (эти рубашки). | – Мен мына жейдені (жейделерді) аламын.
| |
– Я хочу выбрать костюм (пальто). | – Мен костюм (пальто) таңдап алайын деп едім.
| |
– Можно посмотреть эти платья? | – Мына көйлектерді көруге бола ма?
| |
– Я хочу купить белую блузку. | – Мен ақ блузка сатып алайын деп едім.
| |
– Можно примерить? | – Киіп көруге бола ма?
| |
– Я хотел (а) бы выбрать материал на мужской костюм, женское платье. | – Мен ерлер костюміне, әйел көйлегіне мата қарайын деп едім.
| |
– Какой вам нужен материал? | – Сізге қандай мата керек?
| |
– Я хочу ситец на летнее платье. | – Мен жазғы көйлекке шыт алайын деп едім.
| |
– Этот материал вам очень к лицу. | – Мына мата сіздің өңіңізді ашады екен.
| |
– Какой цвет вы хотите? | – Қандай түсті керек?
| |
– Хотелось бы синего (белого, коричневого, чёрного) цвета. | – Маған көк (ақ, қоңыр, қара) түсті болса екен.
| |
– Какой вам нужен материал? | – Сізге қандай мата керек еді?
| |
– Вы желаете однотонный материал или с рисунком? | – Сізге бір түсті ме, әлде әшекейлісі керек пе?
|
– Может быть вам понравится в горошек,
- в полоску,
- в клеточку? | – Мүмкін сіз бұршақ суреттісін,
- жолағы барын,
- тор көздісін қаларсыз?
| |
– Вы хотите тонкий материал или потолще? | – Сізге матаның жұқасы қажет пе, әлде қалыңдауы ма?
| |
– Это чистая шерсть. | – Мынау таза жүннен тоқылған.
| |
– Покажите, пожалуйста, какой-нибудь материал на юбку (платье). | – Юбка (көйлек) тігетін мата көрсетіңізші.
| |
– Это слишком светлый (слишком тёмный). | – Мынауыңыз тым ашық (тым қоңырлау) екен.
| |
– Я хотел(а) бы что-нибудь посветлее (потемнее). | – Мен бұдан гөрі ашықтауын (қоңырлауын іздеп едім).
| |
– А это не вылиняет от стирки (на солнце)? | – Ал мынау жуғанда солғын тартып, (күнге оңып) кетпей ме?
| |
– Какова ширина этого материала? | – Мына матаның ені қанша?
| |
– Сколько метров нужно на платье с широкой юбкой? | – Етегі кең көйлекке қанша метр қажет?
| |
– Я хочу купить спортивный костюм. | – Мен спорт костюмін сатып алайын деп едім.
| |
– Это мне нравится (не нравится). | – Бұл маған ұнайды (ұнамайды).
| |
– Это мне подходит (не подходит). | – Бұл маған дәл/шақ (дәл/шақ келмейді).
| |
– Мне идёт этот фасон? | – Мына үлгі маған жараса ма?
| |
– Это для меня слишком дорого. | – Бұл мен үшін тым қымбат.
| |
– Это не Ваш размер (рост). | – Бұл Сіздің өлшеміңіз (бойыңыз) емес.
| |
– Вам это велико (мало), широко (узко), коротко (длинно). | – Бұл Сізге үлкен (кіші), кең (тар), қысқа (ұзын).
| |
– Вот другая модель. | – Мынау басқа үлгісі.
| |
– Примерьте другую модель. | – Басқа үлгісін киіп көріңіз.
|
Аудио к теме 3: tilashar09_sauda_3.MP3
3. НА БАЗАРЕ / БАЗАРДА
|
Овощной отдел | Көкөніс бөлімі
| |
кабачки | кәді
| |
капуста | қырыққабат
| |
картошка | картоп
| |
кочан | қаудан
| |
лук | пияз
| |
морковь | сәбіз
| |
огурец | қияр
| |
перец | бұрыш
| |
петрушка | ақжелкен
| |
помидор | қызанақ
| |
пучок | бума
| |
редис | шалғам
| |
свёкла | қызылша
| |
укроп | аскөк
| |
цветная капуста | гүлді қырыққабат
| |
чеснок | сарымсақ
| |
– Я хотел(а) купить овощи для салата. | – Мен салатқа керекті көкөністер алайын деп едім.
| |
– А фрукты свежие? | – Жеміс-жидектер жаңадан әкелінген бе?
| |
– Да, фрукты и овощи у нас всегда все свежие. | – Иә, бізде үнемі жаңадан әкелінген жеміс-жидектер мен көкөністер болады.
|
– Мне 3 кг груши,
- 2 лимона,
- две головки чеснока,
- один пучок укропа,
- 2 кг помидора,
- 1 кг огурца. | – Маған 3 келі алмұрт,
- 2 лимон,
- екі бас сарымсақ,
- бір бума аскөк,
- 2 келі қызанақ,
- 1 келі қияр.
| |
– Всего сколько тенге? | – Барлығы қанша теңге болды?
| |
– Клубнику не хотите, очень вкусная? | – Құлпынай алмайсыз ба, өте дәмді?
| |
– Сколько стоят яблоки, груши? | – Алма, алмұрт қанша тұрады?
|
– Дайте мне, пожалуйста, килограмм (два, три, четыре килограмма) апорта,
- винограда,
- слив,
- урюка,
- малины,
- клубники. | – Маған бір (екі, үш, төрт) келі апорт,
- жүзім,
- қара өрік,
- өрік,
- таңқурай,
- құлпынай беріңізші.
| |
– Взвесьте мне три килограмма картошки. | – Маған үш келі картоп беріңізші.
| |
– Сколько стоят огурцы? | – Қияр қанша тұрады?
| |
– Вам для маринования или для салата? | – Сізге маринадтау үшін керек пе, әлде салат жасауға ма?
| |
– Мне нужны огурцы для маринования. | – Маған қияр маринадтау үшін керек.
| |
– Когда будет цветная капуста? | – Гүлді қырыққабат қашан түседі?
| |
– Вам лук положить в отдельный пакет? | – Сізге пиязды бөлек қалтаға салып берейін бе?
| |
– Помидоры свежие? | – Қызанақ жаңадан әкелінген бе?
| |
– Сколько килограммов моркови вам взвесить? | – Сізге неше келі сәбіз өлшейін?
| |
– Положите мне баклажаны средних размеров. | – Маған орташа көлемді баклажандар салыңызшы.
| |
– Как вы продаёте чеснок? | – Сіз сарымсақты қалай сатасыз?
| |
– Головка стоит пятьдесят тенге. | – Бір басы елу теңге тұрады.
| |
– Дайте мне килограмм свёклы. | – Маған бір келі қызылша беріңізші.
| |
– У вас есть редис? | – Сізде шалғам бар ма?
| |
– Дайте кабачки. | – Кәді беріңізші.
| |
– Дайте мне большой кочан капусты. | – Маған үлкен қырыққабат беріңізші.
| |
– Вам нужен сладкий перец? | – Сізге тәтті бұрыш керек пе?
| |
– Сколько стоит пучок укропа, петрушки? | – Аскөктің, ақжелкеннің бір бумасы қанша тұрады?
| |
– Один пучок петрушки стоит сорок тенге. | – Ақжелкеннің бір бумасы қырық теңге тұрады.
|
Аудио к теме 4: tilashar09_sauda_4.MP3
4. Фрукты, ягоды / Жеміс-жидек
|
абрикос | өрік
| |
апельсин | апельсин
| |
апорт | апорт
| |
арбуз | қарбыз
| |
виноград | жүзім
| |
груша | алмұрт
| |
дыня | қауын
| |
изюм | мейіз
| |
клубника | құлпынай
| |
кокос | кокос
| |
компот | нәрсуы
| |
косточка | дән
| |
курага | кепкен өрік
| |
персик | шабдалы
| |
сочный | шырынды
| |
сухофрукты | жемісқақ
| |
сушёный | кепкен
| |
тропический | тропикалық
| |
штучно | дана
| |
– У вас есть фасованные сухофрукты? | – Сізде өлшеп салынған жемісқақтар бар ма?
| |
– У нас есть фасованный изюм. | – Бізде өлшеп салынған мейіз бар.
| |
– Курага с косточками или без косточек? | – Кепкен өрік дәнімен бе, әлде дәнсіз бе?
| |
– А что у вас есть из тропических сухофруктов? | – Тропикалық жемісқақтың қандайы бар?
| |
– Есть сушёные бананы. | – Кептірілген банан бар.
| |
– Мне нужны сухофрукты для компота. | – Маған нәрсуын қайнатуға жемісқағы керек.
| |
– Есть сушёные яблоки и груши? | – Кептірілген алма мен алмұрт бар ма?
| |
– Сколько стоит килограмм яблок? | – Алманың келісі қанша тұрады?
| |
– Вам какие сорта нужны? | – Сізге қандай түрі керек?
| |
– Мне нужен сочный сорт. | – Маған шырынды түрі керек.
| |
– Купите алматинский апорт. | – Алматы апортын алыңыз.
| |
– Как вы продаёте бананы? | – Сіз бананды қалай сатасыз?
| |
– Продаю штучно. | – Даналап сатамын.
| |
– Мне нужны абрикосы и персик. | – Маған өрік пен шабдалы керек.
| |
– По чём продаёте дыни? | – Қауынды қаншадан сатып жатырсыз?
| |
– Килограмм дыни стоит сто тенге. | – Қауынның бір келісі жүз теңге тұрады.
| |
– Мне нужен виноград без косточек. | – Маған дәні жоқ жүзім керек еді.
| |
– Дайте, пожалуйста, полкилограмма лимонов. | – Жарты келі лимон беріңізші.
| |
– Сколько килограммов будет весить средний арбуз? | – Орташалау қарбыз қанша келі тартады?
|
Аудио к теме 5: tilashar09_sauda_5.MP3
5. КАНЦЕЛЯРСКИЕ ТОВАРЫ / КЕҢСЕ ТАУАРЛАРЫ
|
авторучка | автоқалам
| |
административный | әкімшілік
| |
акварельные краски | акварель бояу
| |
альбом для рисования | сурет дәптері
| |
бумага | қағаз
| |
витрина | сөре
| |
высший сорт | жоғары сұрып
| |
географический | жағрапиялық
| |
записная книжка | қойын дәптер
| |
календарь | күнтізбе
| |
карандаш | қарындаш
| |
картон | қатты қағаз
| |
кисть | қылқалам
| |
кнопка | бекіткі
| |
копировальный | көшірме
| |
коробка | қорап
| |
корректирующий | коррекциялау (түзеткіш)
| |
ластик | өшіргіш
| |
линейка | сызғыш
| |
нотный | нотаға арналған (ноталық)
| |
масляные краски | майлы бояу
| |
мягкий | жұмсақ
| |
начальный класс | бастауыш сынып
| |
общая тетрадь | қалың дәптер
| |
пачка | бума
| |
писчая бумага | жазу қағазы
| |
плакатное перо | плакат қаламы
| |
пластмассовый | пластмассадан жасалған
| |
плотность | тығыздық
| |
ранец | арқа сөмке
| |
ручка | қаламсап
| |
сантиметр | сантиметр
| |
скрепка | қағаз бекіткіш
| |
скоросшиватель | қағаз тіккіш
| |
степлер | степлер
| |
твёрдый | қатты
| |
тетрадь (в линейку, в клетку) | дәптер (жолақ, торкөз)
| |
транспортёр | транспортер (бұрыш өлшеуіш)
| |
треугольный | үшбұрышты
| |
цветной | түрлі-түсті
| |
чертёжный | сызбалық
| |
фотография | фотосурет
| |
флакончик | құты
| |
ученик, ученица | оқушы
| |
школьник, школьница | оқушы
| |
штрих-карандаш | штрих-қарындаш
|
– У вас есть шариковая ручка,
- альбом для фото, рисования,
- карандаш,
- портфель,
- разноцветная тушь,
- маркер,
- краска,
- линейка,
- школьный дневник? | – Сізде шарикті қаламсап,
- фотосурет қыстыратын, сурет салатын альбом,
- қарындаш,
- портфель,
- түрлі-түсті тушь,
- маркер,
- бояу,
- сызғыш,
- оқушы күнделігі бар ма?
| |
– Дайте мне, пожалуйста, десять (двадцать, тридцать) штук тетрадей. | – Маған он (жиырма, отыз) дәптер беріңізші.
| |
– Будьте добры, дайте десять пачек бумаги А-4 (А-3). | – А-4 (А-3) қағазынан он бума беріп жіберіңізші.
|
– У вас есть вешалка,
- диван,
- зеркало,
- круглый стол,
- мягкие стулья? | – Сізде киім ілгіш,
- диван,
- айна,
- дөңгелек үстел,
- жұмсақ орындықтар бар ма?
| |
– Я хочу купить записную книжку. | – Мен қойын дәптерін сатып алайын деп едім.
| |
– Я хочу купить цветные карандаши. | – Мен бояу қарындаштарын сатып алайын деп едім.
| |
– Вы можете посмотреть записные книжки на этой витрине. | – Қойын дәптерлерді мына сөрелерден қарауыңызға болады.
| |
– Вы не могли бы показать этот ранец? | – Мына арқа сөмкесін көрсетіп жібермейсіз бе?
| |
– Какого цвета сумку вы предпочитаете приобрести? | – Сіз сөмкенің қай түсін қалайсыз?
| |
– Какие тетради у вас есть? | – Сіздерде қандай дәптерлер бар?
|
– У нас есть тетради общие,
- тонкие,
- в линейку,
- в клетку,
- для начальных классов. | – Бізде қалың,
- жұқа,
- жолақ,
- торкөз,
- бастауыш сыныпқа арналған дәптерлер бар.
| |
– Дайте, пожалуйста, ручку. | – Маған қаламсап беріңізші.
| |
– Это твёрдые карандаши? | – Мынау қатты қарындаш па?
| |
– Есть ли у вас чертёжная бумага? | – Сіздерде сызу қағазы бар ма?
| |
– Нет, поступление ожидаем к концу месяца. | – Жоқ, айдың аяғына дейін түсіп қалар.
| |
– У вас есть маленькие альбомы для марок? | – Сіздерде маркаға арналған кішкене альбом бар ма?
| |
– У вас есть большие альбомы для фотографии? | – Сіздерде фотосуретке арналған үлкен альбом бар ма?
| |
– Нет ли дешевле? | – Арзандауы жоқ па?
| |
– Купите такие масляные краски для детей. | – Балаларға арналған мынадай майлы бояулар алыңыз.
| |
– Дайте мне, пожалуйста, один настенный календарь. | – Маған қабырғаға ілетін бір күнтізбе беріңізші.
| |
– У вас есть цветная бумага? | – Сізде түрлі-түсті қағаз бар ма?
| |
– Есть тонкая цветная бумага и картонная цветная бумага. | – Жұқа түрлі-түсті және қалың түрлі-түсті қағаз бар.
| |
– Сколько стоит набор плакатных перьев? | – Плакат қаламдарының жиынтығы қанша тұрады?
| |
– Какого размера эти ватманы? | – Мына ватмандардың көлемі қандай?
| |
– Мне нужна кожаная папка для деловых бумаг с несколькими отделами. | – Маған ісқағаздарына арналған бірнеше бөлімді былғары папка керек еді.
| |
– Дайте, пожалуйста, писчую бумагу высокой плотности. | – Тығыздығы жоғары жазу қағазын беріңізші.
| |
– Вам дать одну пачку? | – Сізге бір бумасын берейін бе?
| |
– А сколько бумаги в пачке? | – Бумада қанша қағаз бар?
| |
– 5 килограммов. | – 5 келі.
| |
– Есть 30 (тридцати) сантиметровая деревянная линейка? | – 30 (отыз) сантиметрлік ағаш сызғыш бар ма?
| |
– Мне, пожалуйста, одну коробку кнопок. | – Маған бір қорап бекіткі беріңізші.
| |
– Подайте, пожалуйста, ластик зелёного цвета. | – Жасыл түсті өшіргіш беріңізші.
|
Аудио к теме 6: tilashar09_sauda_6.MP3
6. В КНИЖНОМ МАГАЗИНЕ / КІТАП ДҮКЕНІНДЕ
|
автор (соавтор) | автор (серіктес автор)
| |
возрождение | қайта өрлеу
| |
дело | іс
| |
домохозяйка | үй шаруасындағы әйел
| |
дошкольный | мектепке дейінгі
| |
задача | тапсырма
| |
записаться | жазылу
| |
зарубежный | шетелдік
| |
издание | басылым
| |
интересовать | қызықтыру
| |
искусство | өнер
| |
исторический | тарихи
| |
картина | сурет, картина
| |
классика | классика
| |
книга | кітап
| |
книголюб | кітапқұмар (кітап сүйер)
| |
красочный | түрлі-түсті (көркем суретті)
| |
литература | әдебиет
| |
наука | ғылым
| |
научно-аналитический | ғылыми-сараптамалық
| |
новинка | жаңалық (жаңа нәрсе)
| |
область (сфера) | сала
| |
обложка | мұқаба
| |
общество | қоғам
| |
перевод | аударма
| |
популярный | көпшілікке танымал
| |
последний | соңғы
| |
поэзия | поэзия
| |
поэт | ақын
| |
психолог | психолог
| |
развитие | даму
| |
редкий | сирек
| |
речь | сөз
| |
сборник | жинақ
| |
сказка | ертегі
| |
скороговорка | жаңылтпаш
| |
искать | іздеу
| |
отдел литературных произведений | әдеби шығармалар бөлімі
| |
– Рассчитайте, пожалуйста. | – Есептеп жіберіңізші.
| |
– Возьмите сдачу. | – Қайтарымын алыңыз.
| |
– Расположен на перекрёстке (на углу). | – Қиылысында орналасқан (бұрышта).
| |
– Нравиться читать книги. | – Кітап оқыған ұнайды.
| |
– Где находится книжный магазин? | – Кітап дүкені қай жерде?
| |
– Как пройти в книжный магазин? | – Кітап дүкеніне қалай баруға болады?
| |
– Где отдел технической (художественной, детской, сельскохозяйственной) литературы? | – Техникалық (көркем, балалар, ауыл шаруашылық) әдебиеттер бөлімі қайда?
| |
– Меня интересуют книги по химии (физике, геологии, биологии). | – Мені химия (физика, геология, биология) саласының кітаптары қызықтырады.
| |
– Покажите, пожалуйста, детские книги (сказки). | – Балалар кітаптарын (ертегілерін) көрсетіңізші.
| |
– Найду ли я эту книгу в книжном магазине «Абай». | – «Абай» кітап дүкенінен бұл кітапты табар ма екенмін?
| |
– Есть ли у вас терминологические словари? | – Сіздерде терминологиялық сөздіктер бар ма?
| |
– Какие книги для детей есть у вас на казахском (русском, английском) языке? | – Сіздерде қазақ (орыс, ағылшын) тілінде балаларға арналған қандай кітаптар бар?
| |
– Покажите мне вон ту книгу. | – Анау бір кітапты көрсетіңізші.
| |
– Где отдел иностранной литературы? | – Шетел әдебиеті бөлімі қайда?
| |
– Я хочу купить казахско-русский (русско-казахский) словарь. | – Мен қазақша-орысша (орысша-қазақша) сөздік сатып алайын деп едім.
|
– Могу ли я достать альбом казахского прикладного орнамента,
- путеводитель на иностранном языке,
- диски с записью казахских народных песен и танцев? | – Мен қазақтың бейнелеу өнері мен ұлттық оюлар альбомын,
- шет тіліндегі жол көрсеткіш кітапшасын,
- қазақтың халық әндері мен би музыкасы жазылған таспаларды [дискілерді] таба аламын ба?
| |
– Я хочу привезти домой несколько казахских литературных новинок. | – Мен қазақ әдебиетінің жаңа кітаптарының бірнешеуін ала кетейін деп едім.
| |
– Что вы можете мне порекомендовать? | – Сіз маған қандай кеңес бересіз?
| |
– Есть ли какие-нибудь переводы произведений казахской литературы на русский, английский, немецкий, французский языки? | – Сіздерде қазақ әдебиетінің орыс, ағылшын, неміс, француз тілдерінде шыққан аудармалары бар ма?
| |
– Какие произведения казахских писателей есть у вас в магазине? | – Дүкендеріңізде қазақ жазушыларының қандай шығармалары бар?
| |
– Мне нужено произведение Мухтара Ауэзова «Путь Абая». | – Маған Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы керек еді.
| |
– Дайте все четыре тома. | – Барлық төрт томын беріңізші.
| |
– Вы хорошо знаете казахскую (русскую) литературу? | – Сіз қазақ (орыс) әдебиетін жақсы білесіз бе?
| |
– Я (немного, хорошо, плохо) знаю казахскую литературу. | – Мен қазақ әдебиетін (аздап, жақсы, нашар) білемін.
| |
– Творчество каких казахских писателей вам хорошо знакомо? | – Қазақ жазушыларынан сізге кімнің шығармашылығы жақсы таныс?
| |
– Больше всего я знаком с творчеством Мухтара Ауэзова (Сабита Муканова). | – Қазақ жазушыларынан мен Мұхтар Әуезовтің (Сәбит Мұқановтың) шығармашылығымен жіті таныспын.
| |
– Какой роман казахских писателей вы посоветуете мне прочесть? | – Маған қазақ жазушыларының қай романын оқуға кеңес бересіз?
| |
– Я вам советую прочесть произведение Абдижамила Нурпеисова «Кровь и пот». | – Сізге Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» шығармасын оқуға кеңес беремін.
| |
– Я хотела бы посмотреть каталог технической литературы. | – Техникалық әдебиет каталогін қарап шығайын деп едім.
| |
– Меня интересует произведения казахских классиков. | – Маған қазақтың классиктерінің шығармалары керек еді.
|
– У вас есть видеозаписи для изучения казахского,
- английского,
- французского,
- немецкого языка? | – Сіздерде қазақ,
- ағылшын,
- француз,
- неміс тілін оқытуға арналған бейнетаспалар бар ма?
| |
– Есть самоучитель казахского языка. | – Қазақ тілін өз бетінше үйренуге арналған оқу құралы бар.
| |
– Мне нужен «Казахско-русский словарь» | – Маған «Қазақша-орысша сөздік» керек еді.
| |
– У вас есть книги на казахском языке? | – Сізде қазақша кітаптар бар ма?
| |
– Есть различные кулинарные книги: книга для вегетарианской кухни, книга приготовления восточных блюд. | – Әртүрлі аспаздық кітаптар бар: вегетариандық тағамдарды, шығыс тағамдарын даярлауға үйрететін кітаптар бар.
| |
– Я ищу книгу в подарок деловой женщине. | – Мен іскер әйелге сыйлайтын кітап іздеп жүрмін.
| |
– Но затрудняюсь выбрать. | – Бірақ не таңдайтынымды білмеймін.
| |
– Мне нужна красочная настольная книга о Казахстане для подарка зарубежным гостям. | – Маған шетелдік меймандарға тарту етуге Қазақстан туралы түрлі-түсті суреті бар кітап керек еді.
| |
– Такая книга стоит дорого. | – Мұндай кітап қымбат тұрады.
| |
– Цена не имеет значения, выберите мне самую интересную. | – Бағасына қарамаңыз, маған ең жақсысын таңдап беріңізші.
|
Аудио к теме 7: tilashar09_sauda_7.MP3
7. ГАЗЕТНЫЙ КИОСК / ГАЗЕТ КИОСКІСІ
|
газета | газет
| |
заполнить | толтыру
| |
информация | ақпарат
| |
номер | нөмір (сан)
| |
образец | үлгі
| |
периодическая печать | мерзімді баспасөз
| |
подписаться | жазылу
| |
подписка | жазылым
| |
реклама | жарнама
| |
срок | мерзім, уақыт
| |
трудоустройство | жұмысқа орналастыру
| |
– Есть ли поблизости газетный киоск? | – Жақын маңайда газет киоскісі бар ма?
| |
– Где можно купить (почитать) свежие газеты (журналы)? | – Жаңа газетті (журналды) қайдан сатып алуға (оқуға) болады?
| |
– Дайте мне свежие газеты (журналы). | – Маған жаңа газет (журнал) беріңізші.
| |
– Дайте сегодняшний номер «Егемен Казахстан». | – Бүгін шыққан «Егемен Қазақстан» газетін беріңізші.
| |
– Дайте мне последний номер газеты «Казак адебиетэ» (журнал «Жулдыз»). | – Маған «Қазақ әдебиеті» («Жұлдыз» журналы) газетінің соңғы санын беріңізші.
| |
– Есть ли у вас газеты и журналы на казахском (русском, английском, немецком, французском) языке? | – Сіздерде қазақша (орысша, ағылшынша, немісше, французша) газет-журналдар бар ма?
| |
– Это сегодняшний или вчерашний номер «Вечерней Астаны»? | – Мынау «Вечерняя Астананың» бүгінгі саны ма, әлде кешегісі ме?
| |
– Я хочу выписать эту газету (этот журнал) на месяц (шесть месяцев, год). | – Мен осы газетке (журналға) бір айға (алты айға, бір жылға) жазылайын деп едім.
| |
– Это еженедельная газета? | – Бұл апталық газет пе?
| |
– Какие журналы издаются для детей (для молодёжи)? | – Балаларға (жастарға) арналған қандай журналдар шығарылады?
| |
– Я хотел(а) бы купить журнал для женщин. | – Мен әйелдерге арналған журнал алайын деп едім.
| |
– Вы получаете «Жас Алаш»? | – Сіздер «Жас Алашты» аласыздар ма?
| |
– Дайте мне, пожалуйста, журнал «Жулдыз». | – Маған «Жұлдыз» журналын беріңізші.
| |
– Сколько раз в год выходит этот журнал? | – Бұл журнал жылына неше рет шығады?
| |
– Мне нужен последний номер журнала мод. | – Сән журналының соңғы саны керек еді.
| |
– Дайте сегодняшний номер газеты «Жас қазақ». | – Маған «Жас қазақ» газетінің бүгінгі нөмірін беріңізші.
| |
– Эта газета уже продана. | – Ол газет сатылып кетті.
| |
– У вас есть конверты? | – Сізде конверттер бар ма?
| |
– Мне нужны открытки с видами города. | – Маған қала көріністері бейнеленген ашықхаттар керек.
| |
– Какие иностранные газеты вы можете предложить? | – Қандай шетел газеттері бар?
| |
– А у вас можно подписаться на периодическую печать? | – Сізде мерзімді баспасөзге жазылуға бола ма?
| |
– Да, на какой срок вы желаете? | – Иә, қанша мерзімге жазыласыз?
| |
– На полгода. | – Жарты жылға.
| |
– Сколько стоит подписка на газету «Егемен Казакстан»? | – «Егемен Қазақстан» газетіне жазылу қанша тұрады?
| |
– На какие журналы и газеты Вы хотите подписаться? | – Қандай газет-журналдарға жазылайын деп едіңіз?
| |
– На полгода будет тысяча тенге. | – Жарты жылға мың теңге болады.
| |
– Спасибо, дайте, пожалуйста, бланк подписки. | – Рахмет, жазылу бланкісін беріңізші.
| |
– Образец дан на витрине. | – Үлгі сөреде көрсетілген.
| |
– У вас есть рекламная газета? | – Сізде жарнамалық газет бар ма?
| |
– А что именно вас интересует? | – Сізге нақты не қажет еді?
| |
– Мне нужна информация о вакансиях и трудоустройстве. | – Маған бос жұмыс орындары мен жұмысқа орналасу туралы ақпарат керек еді.
|
Весь разговорник (аудио) можно скачать по ссылке: Русско-казахский разговорник (Tilashar)
|