|
– Сколько длится путешествие? | – Саяхат қанша күнге созылады?
|
|
– Путешествие будет длиться на неделю. | – Саяхат бір аптаға созылады.
|
|
– Вы на чём любите путешествовать? | – Сіз немен саяхат жасағанды ұнатасыз?
|
|
– Мне нравится путешествие на собственном автомобиле. | – Маған өз автокөлігіммен саяхатқа шыққан ұнайды.
|
|
– Я люблю путешествовать поездом | – Мен пойызбен саяхаттағанды жақсы көремін.
|
|
– Прибытие (приехать, прилететь на самолёте). | – Келу (ұшақпен ұшып келу).
|
|
– Когда Вы прибыли в Казахстан? | – Сіз Қазақстанға қашан келдіңіз?
|
|
– Вы прибыли поездом или самолётом? | – Сіз пойызбен келдіңіз бе, әлде ұшақпен бе?
|
|
– Я вчера прилетел/а на самолёте. | – Мен кеше ұшақпен келдім.
|
|
– Сколько времени Вы задержитесь? | – Сіз қанша уақыт аялдайсыз?
|
|
– Куда Вы следуете? | – Сіз қай жаққа бара жатырсыз?
|
|
– В Астану. | – Астанаға.
|
|
– В Семей. | – Семейге.
|
|
– В Шымкент. | – Шымкентке.
|
|
– В Актобе. | – Ақтөбеге.
|
|
– Вы откуда прилетели? | – Сіз қай жақтан ұшып келдіңіз?
|
|
– Я прилетел из Анкары. | – Мен Анкарадан ұшып келдім.
|
|
– Цель Вашей поездки? | – Сіздің келу мақсатыңыз?
|
|
– Я хотел(а) бы осмотреть город. | – Мен қаланы көргім келеді.
|
|
– Дайте мне, пожалуйста, карту Астаны. | – Маған Астананың картасын беріңізші.
|
– Я бы хотел(а) осмотреть ... .
... исторический центр
... современные районы города | – Мен ... көргім келеді.
... тарихи орталығын ...
... қаланың қазіргі аудандарын ...
|
|
– Мы поедем на автобусе или пойдём пешком? | – Біз автобуспен барамыз ба, әлде жаяу ма?
|
|
– Где (когда) мы встречаемся? | – Біз қайда (қашан) кездесеміз?
|
|
– Сколько времени займёт экскурсия? | – Экскурсия қанша уақыт алады?
|
|
– Когда мы возвращаемся? | – Біз қашан қайтамыз?
|
|
– Как называется ... ? | – Мынау ... қалай аталады?
|
|
– Вы были заграницей? | – Сіз шетелде болдыңыз ба?
|
|
– Я часто бываю заграницей. | – Мен шетелде жиі боламын.
|
|
– У Вас есть путеводитель? | – Сізде жолбасшы бар ма?
|
|
– Вы получили визу? | – Сіз виза алдыңыз ба?
|
|
– Виза действительна для въездов в ... . | – Виза ... кіруге жарамды.
|
– Число въездов
один
два
многократное продление до ... | – Кіру саны
бір мәрте
екі мәрте
бірнеше мәрте ұзарту ... дейін.
|
|
– Моя виза истекла. | – Менің визамның мерзімі бітті.
|
|
– Где я могу продлить визу? | – Қай жерде визамды ұзартып алуға болады?
|
|
– Я хотел(а) бы. [получить визу] | – Мен виза алсам деп едім.
|
|
– Мне нужно продлить визу. | – Визамды ұзартуым қажет.
|
|
– Я должен получить новую визу. | – Маған жаңадан виза алу керек.
|
|
– Дайте, пожалуйста, Ваш паспорт. | – Төлқұжатыңызды беріңізші.
|
|
– Я должен выехать послезавтра. | – Мен бүрсігүні жүруім қажет.
|
– Я уезжаю завтра.
... через неделю
... в среду
... 8 (восьмого) апреля | – Мен ертең
... бір аптадан соң
... сәрсенбіде
... 8 (сегізінші) сәуірде кетемін.
|
|
– Каким транспортом вы едете? | – Қандай көлікпен барасыз?
|
|
– Я еду поездом. | – Мен пойызбен жүремін.
|
|
– Я улечу самолётом. | – Мен ұшақпен кетемін.
|
|
– Где можно купить билеты на самолёт? | – Ұшаққа билетті қайдан сатып алуға болады?
|
|
– Можно ли забронировать билет до ... на ... число? | – ... ға дейін ... күнге билет брондауға бола ма?
|
|
– За сколько дней вперёд можно купить билет? | – Билетті неше күн бұрын алуға болады?
|
|
– Вы можете заказать (купить) билет через интернет. | – Сіз билетті ғаламтор арқылы тапсырыспен (сатып) ала аласыз.
|
|
– Вы едете путешествовать в Париж? | – Сіз Парижге саяхат жасауға барасыз ба?
|
|
– Как там погода сейчас? | – Ол жақта ауа райы қазір қандай екен?
|
|
– Погоду можно узнать по интернету. | – Ауа райын ғаламтордан білуге болады.
|
|
– Как проехать в аэропорт? | – Әуежайға қалай баруға болады?
|
аэропорт
международный
центральный | әуежай
халықаралық
орталық
|
|
– Я хотел бы уточнить свой рейс. | – Мен өз рейсімді анықтап білейін деп едім.
|
|
– По каким дням вылетают самолёты в ...? | – ...ға(ге) ұшақтар қай күндері ұшады?
|
|
– Когда будет следующий самолёт в ...? | – ...ға(ге) келесі ұшақ қашан ұшады?
|
|
– Когда отправляется рейс №...? | – №... рейс қашан ұшады?
|
|
– Какова продолжительность полёта? | – Қанша уақыт ұшады?
|
|
– Когда прилетает в ...? [самолёт] | – Ұшақ ...ға(ге) қашан келеді?
|
|
– Делает ли самолёт посадку в пути? | – Ұшақ жолда қона ма?
|
|
– У вас есть билеты на рейс №...? | – №... рейске билет бар ма?
|
|
– Когда начинается регистрация билетов в аэропорту? | – Әуежайда билеттерді тіркеу қашан басталады?
|
– Уже объявили ...
... регистрацию
... посадку на рейс? | – Рейске ... басталды ма?
... билеттерді тіркеу ...
... отырғызу ...
|
|
– Сколько часов продлится полёт? | – Ұшу қанша сағатқа созылады?
|
|
– На какой высоте мы летим? | – Қандай биіктікте ұшып келеміз?
|
|
– Где будет первая посадка? | – Әуелі қайда қонамыз?
|
|
– У меня заложило уши. | – Құлағым бітіп қалды.
|
|
– Где можно получить багаж? | – Жүкті қай жерден алуға болады?
|
|
– Объявляется посадка на рейс №56 Алматы-Атырау. | – №56 Алматы-Атырау рейсіне отырғызу басталды.
|
|
– Рейс №46 откладывается из-за нелётной погоды. | – Ауа райының қолайсыздығына байланысты №46 рейс кейінге қалдырылды.
|
|
– Пристегните ремни. | – Белдіктеріңізді тағыңыздар.
|
|
– Во время полёта запрещается курить. | – Ұшу кезінде темекі шегуге тыйым салынады.
|
|
– Самолёт идёт на посадку. | – Ұшақ қонуға бет алды.
|
|
– Как проехать на вокзал? | – Вокзалға қалай барсам екен?
|
|
– Скажите, пожалуйста, до какой станции идёт этот поезд? | – Айтып жіберіңізші, мына пойыз қай стансаға дейін барады?
|
|
– Этот поезд идёт до станции Шыганак. | – Бұл пойыз Шығанақ стансасына дейін барады.
|
|
– Сколько станций от Астаны до Шымкента? | – Астанадан Шымкентке дейін неше станса бар?
|
|
– Посмотрите маршрут. Он у входа в вагон. | – Вагонға кіре берісте пойыз бағыты ілулі тұр, содан қараңыз.
|
|
– Сколько часов поезд идёт до Тараза? | – Таразға дейін пойыз неше сағат жүреді?
|
|
– Поезд едет до Тараза ... часов. | – Таразға дейін пойыз ... сағат жүреді.
|
|
– Дайте, пожалуйста, билет до Актобе, в купейный вагон. | – Маған Ақтөбеге дейін купелі вагонға билет беріңізші.
|
|
– На какое место дать билет? | – Сізге билетті қай орынға берейін?
|
|
– Пожалуйста, дайте мне верхнее место. | – Маған жоғарғы орыннан беріңізші.
|
|
– Пожалуйста, дайте нижние места. | – Маған төменгі орындардан беріңізші.
|
|
– Сколько часов поезд идёт до Актобе? | – Пойыз Ақтөбеге дейін неше күн жүреді?
|
|
– Посадка на поезд №7 (семь) уже началась? | – №7 (жетінші) пойызға отырғызу басталды ма?
|
|
– Да, посадка на поезд №7 (семь) уже началась. | – Иә, №7 (жетінші) пойызға отырғызу басталды.
|
|
– Как пройти на вторую платформу? | – Екінші платформаға қалай баруға болады?
|
|
– Можно пройти через тоннель. | – Тоннель арқылы өтуге болады.
|
|
– Сколько времени осталось до отправления поезда? | – Пойыздың жүруіне қанша уақыт қалды?
|
|
– Я успею купить билет? | – Мен билет алып үлгіремін бе?
|
|
– Конечно, успеете. До отправления поезда ещё двадцать минут. | – Әрине үлгіресіз. Пойыздың жүруіне әлі жиырма минут бар.
|
|
– В какой кассе я смогу купить билет? | – Билетті қай кассадан сатып алуыма болады?
|
|
– Извините, есть билет на поезд №308? | – Кешіріңіз, №308 (үш жүз сегізінші) пойызға билет бар ма?
|
|
– Вам придётся сделать пересадку. | – Сізге ауысып отыруға тура келеді.
|
|
– На какой станции можно сделать пересадку? | – Қай стансада ауысып отыруға болады?
|
|
– Где находится расписание поездов? | – Пойыздың жүру кестесі қайда?
|
|
– Расписание находится внутри вокзала. | – Пойыздың жүру кестесі вокзалдың ішінде.
|
|
– Где находится касса? | – Касса қайда орналасқан?
|
|
– Касса находится на первом (втором) этаже. | – Касса бірінші (екінші) қабатта орналасқан.
|
|
– Есть ли для детей скидки? | – Балаларға жеңілдік бар ма?
|
|
– Да, детям до семи лет проезд бесплатно. | – Иә, жеті жасқа дейінгі балаларға жол жүру тегін.
|
|
– Детям в возрасте от семи до пятнадцати лет оформление проездных билетов по Республике Казахстан производится со скидкой пятьдесят процентов от стоимости. | – Жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға Қазақстан Республикасында жол жүру билеттері елу пайыз жеңілдікпен ресімделеді.
|
|
– Скажите, пожалуйста, с какой платформы отправляется поезд №2 (два) Астана-Алматы? | – №2 (екінші) Астана-Алматы пойызы қай платформадан жүреді, айтып жіберіңізші?
|
|
– Поезд №2 (два) Астана-Алматы отправляется с ... платформы. | – №2 (екінші) Астана -Алматы пойызы ... платформадан жүреді.
|
|
– Внутри вокзала есть обменный пункт? | – Вокзалдың ішінде ақша айырбастау пункті бар ма?
|
|
– Пройдите в следующий зал, пожалуйста. | – Келесі залға өтіңізші.
|
– Когда поезд прибывает в ...?
... Костанай
... Кокшетау
... Кызыл-Орду | – ... пойыз қашан жетеді?
Қостанайға ...
Көкшетауға ...
Қызылордаға ...
|
– Поезд прибывает в ... в 3 часа.
... Костанай ...
... Кокшетау ...
... Кызыл-Орду ... | – ... пойыз сағат үште жетеді.
Қостанайға ...
Көкшетауға ...
Қызылордаға ...
|
|
– Я могу приобрести билеты заранее? | – Билетті алдын ала сатып алуыма бола ма?
|
|
– Вы можете приобрести билеты заранее в кассе предварительной продажи. | – Билетті алдын ала сату кассасынан ерте сатып алуыңызға болады.
|
|
– Где находится касса предварительной продажи? | – Билетті алдын ала сату кассасы қайда?
|
|
– Касса предварительной продажи в следующем зале. | – Билетті алдын ала сату кассасы келесі залда.
|
|
– Я опоздал на поезд. | – Мен пойызға кешігіп қалдым.
|
|
– Вы опоздали на поезд? | – Сіз пойызға үлгермей қалдыңыз ба?
|
|
– Когда будет следующий поезд на ...? | – ...-ға келесі пойыз қашан жүреді?
|
|
– Следующий поезд отправляется завтра в 12 часов. | – Келесі пойыз ертең сағат 12-де жүреді.
|
|
– Я могу сдать билет и возместить сумму? | – Мен билетімді өткізіп, құнын қайтарып ала аламын ба?
|
|
– У вас билет на плацкарт? | – Сіздің билетіңіз плацкартқа ма?
|
|
– Да, на плацкарт. | – Иә, плацкартқа еді.
|
|
– Сумма на плацкарт не возмещается. | – Плацкарттың құны төленбейді.
|
|
– На вокзале есть комната отдыха. Там вы можете дождаться следующего поезда. | – Вокзалда демалатын бөлме бар. Сонда келесі пойызды күтуіңізге болады.
|
|
– Внутри вокзала есть кинозал? | – Вокзал ішінде кинозал бар ма?
|
|
– Внутри вокзала есть ресторан? | – Вокзал ішінде мейрамхана бар ма?
|
|
– Внутри вокзала есть кафе. | – Вокзал ішінде дәмхана бар.
|
|
– Сегодня есть поезд в Актобе? | – Бүгін Ақтөбеге пойыз бар ма?
|
|
– Да, есть. | – Иә, бар.
|
|
– А этот поезд идёт каждый день? | – Бұл пойыз күнде жүреді ме?
|
|
– Он ходит только в среду и в воскресенье. | – Тек сәрсенбі мен жексенбі күндері ғана жүреді.
|
|
– Этот поезд ходит два раза в неделю: в пятницу и в воскресенье. | – Бұл пойыз аптасына екі рет жүреді: жұма және жексенбі күндері.
|
|
– Можно узнать, есть экспресс поезд до Астаны? | – Астанаға дейін экспресс пойыз бар ма екен, білуге бола ма?
|
|
– Есть экспресс поезд до Астаны. | – Астанаға дейін экспресс пойыз бар.
|
|
– Помогите мне, пожалуйста, я отстал от поезда. | – Мен пойыздан қалып қойдым, маған көмектесіп жіберіңізші.
|
|
– У меня в поезде остались вещи. | – Пойызда менің заттарым қалып қойды.
|
|
– Не беспокойтесь, пройдите сейчас к начальнику вокзала, он свяжется с начальником следующей станции и он скажет где вам нужно будет забрать ваши вещи. | – Алаңдамаңыз, қазір вокзал бастығына барыңыз, ол келесі стансаның бастығымен хабарласып, заттарыңызды қай жерден алу керектігін айтады.
|
|
– Скажите, пожалуйста, поезд Астана-Жезказган уже прибыл на платформу? | – Астана-Жезқазған пойызы платформаға келді ме, айтып жібермес пе екенсіз?
|
|
– Нет, он ещё не прибыл. | – Жоқ, ол әлі келген жоқ.
|
|
– Во сколько он прибывает? | – Ол сағат қаншада келуі керек?
|
|
– В восемь часов тридцать минут. | – Сағат сегізден отыз минут кеткенде.
|
|
– Поезд не опаздывает? | – Пойыз кешігіп келе жатқан жоқ па?
|
|
– Это десятый вагон? | – Бұл оныншы вагон ба?
|
|
– Какая следующая станция? | – Келесі қандай станция?
|
|
– Сколько времени будет стоять поезд на этой станции? | – Бұл станцияда пойыз қанша уақыт тұрады?
|
|
– Что вы хотели узнать? | – Не білейін деп едіңіз?
|
|
– Где находится багажное отделение? | – Жүк бөлімі қайда?
|
|
– Идите по перрону до конца. | – Перрон бойымен соңына дейін барыңыз.
|
|
– Скажите, пожалуйста, где выход в город? | – Қалаға шығар жолды айтып жіберіңізші?
|
|
– Прямо и налево. | – Тіке жүріңіз, сосын солға бұрылыңыз.
|
|
– Где находится комната для матери и ребёнка? | – Ана мен балаға арналған бөлме қайда?
|
|
– На третьем этаже. | – Үшінші қабатта.
|
|
– Инвалиды и участники Великой Отечественной войны обслуживаются вне очереди. | – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне кезектен тыс қызмет көрсетіледі.
|
|
– Детям до семи лет проезд по Республике Казахстан разрешается бесплатно. | – Жеті жасқа дейінгі балаларға Қазақстан Республикасында жол жүру тегін.
|
– Сколько стоит билет в купейный вагон .... до Астаны?
... пассажирского поезда ...
... скорого поезда ... | – Астанаға дейін ... купелі вагонына билет қанша тұрады?
... жолаушы пойызының ...
... жүрдек пойыздың ...
|
|
– Мне, пожалуйста, на сегодня два билета до Астаны на пятьдесят пятый поезд. | – Бүгінгі елу бесінші пойызға Астанаға дейін екі билет беріңізші.
|
|
– Вам нужен купейный вагон или плацкартный? | – Сізге купелі вагон керек пе, әлде плацкартты вагон керек пе?
|
|
– Желательно, купейный. | – Мүмкін болса, купелі.
|
|
– Ваши документы, пожалуйста. | – Құжатыңызды беріңізші.
|
|
– Когда отправляется поезд? | – Пойыз қашан жүреді?
|
|
– Время отправления поезда - двадцать один час тридцать пять минут. | – Пойыздың жүру уақыты – жиырма бір сағат отыз бес минут.
|
|
– Сколько стоит детский билет? | – Балалар билеті қанша тұрады?
|
|
– Сколько лет вашему ребёнку? | – Балаңыз неше жаста?
|
|
– Моему сыну четырнадцать лет. | – Менің ұлым он төрт жаста.
|
|
– Детский билет стоит ... тенге. | – Балаларға арнайы билет ... теңге тұрады.
|
|
– Один полный и один детский в мягком вагоне, пожалуйста. | – Жайлы вагонға бір толық және бір балалар билетін беріңізші.
|
|
– Два билета в купейный вагон, на двадцать шестое октября туда и обратно, пожалуйста. | – Маған купелі вагоннан жиырма алтыншы қазанға баруға және қайтуға екі билет беріңізші.
|
|
– На какое число обратный билет? | – Қайтар билет қай күнге?
|
|
– Сколько я должен? | – Қанша төлеуім керек?
|
– Пожалуйста, билет до ... на сегодня.
... Астаны
... Алматы
... Шымкента | – Бүгінге ...-ға/ке дейін билет беріңізші.
... Астана
... Алматы
... Шымкент
|
|
– На какое число вам дать? | – Сізге билетті қай күнге берейін?
|
|
– Вам дать один билет? | – Сізге бір билет берейін бе?
|
|
– Нет, дайте мне два билета, пожалуйста. | – Жоқ, маған екі билет беріңізші.
|
|
– Этот поезд идёт только по чётным дням? | – Бұл пойыз жұп күндері ғана жүреді ме?
|
|
– Какие места вам дать? | – Сізге қай орынға берейін?
|
|
– Верхнюю полку, пожалуйста. | – Жоғары орын болсыншы, өтініш.
|
|
– С вас ... тенге. | – ... теңге болды.
|
|
– На сегодня билетов нет. | – Бүгінге билет жоқ.
|
|
– А на завтра есть билет? | – Ал ертеңге билет бар ма?
|
|
– Да, есть. | – Иә, бар.
|
|
– А когда следующий поезд? | – Келесі пойыз қашан болады?
|
|
– Следующий поезд будет только завтра. | – Келесі пойыз тек ертең болады.
|
|
– Завтра он будет в такое же время? | – Ертең осындай уақытта бола ма?
|
|
– Где я могу купить билет? | – Билетті қайдан алсам болады?
|
|
– Сколько стоит багаж сверх нормы? | – Мөлшерден тыс жүкке қанша төлеу керек?
|
– Я хочу поехать в ... .
... Торткуль
... Туркестан
... Сарыагаш | – Менің ... барғым келеді.
... Төрткөлге ...
... Түркістанға ...
... Сарыағашқа ...
|
|
– Когда следующий автобус в ...? | – ... баратын келесі автобус қашан жүреді?
|
|
– Сколько стоит билет до ...? | – ... дейін билет қанша тұрады?
|
|
– Мне нужен билет на воскресенье. | – Маған жексенбі күнге билет керек.
|
|
– Есть автобус до ...? | – ... дейін автобус бар ма?
|
|
– Мест нет. | – Орын жоқ.
|
– Сколько стоит проезд в ...?
... автобусе
... троллейбусе
... трамвае | – ... билет қанша тұрады?
Автобуста ...
Троллейбуста ...
Трамвайда ...
|
|
– Где мне нужно выходить? | – Маған қай жерден түсу керек?
|
|
– Где мне лучше сделать пересадку? | – Маған қай жерден ауысып отырған жөн?
|
|
– Пожалуйста, разрешите пройти. | – Өтуге рұқсат етіңізші.
|
|
– Пожалуйста, дайте пройти. | – Өткізіп жіберіңізші.
|
– Где останавливается пятый ...?
... автобус
... троллейбус
... трамвай | – Бесінші ... қай жерге тоқтайды?
... автобус ...
... троллейбус ...
... трамвай ...
|
|
– Сколько остановок до музея? | – Мұражайға дейін қанша аялдама?
|
|
– На каком автобусе мне ехать? | – Маған қай автобуспен бару керек?
|
– Этот автобус идёт до ...?
... автостанции
... стадиона
... вокзала | – Мына автобус ... дейін бара ма?
... автобекетке ...
... стадионға ...
... вокзалға ...
|
|
– Каким автобусом можно доехать до центра города? | – Қала орталығына дейін қандай автобуспен баруға болады?
|
|
– На какой остановке мне выходить? | – Менің қай аялдамадан түсуім керек?
|
|
– Вы выходите на следующей остановке? | – Сіз келесі аялдамадан түсесіз бе?
|
|
– Вы сейчас выходите? | – Сіз қазір түсесіз бе?
|
|
– Разрешите пройти? | – Өтуге рұқсат па?
|
|
– Мне нужна новая площадь. | – Маған жаңа алаң керек.
|
|
– Где мне выходить? | – Мен қайдан түсемін?
|
|
– Будьте осторожны, двери закрываются! | – Абай болыңыздар, есік жабылады!
|
|
– Следующая остановка – улица Богенбай батыра. | – Келесі аялдама – Бөгенбай батыр көшесі.
|
– В салоне ... .
... не щёлкайте семечки
... не сорите
... не курите | – Салонда ... .
... пісте шақпаңыздар
... қоқыс тастамаңыздар
... темекі тартпаңыздар
|
– Вошедшие, ... .
... поднимайтесь выше
... проходите в салон
... пройдите назад
... двигайтесь назад | – Кірушілер, ... .
... жоғары көтеріліңіздер
... салонға өтіңіздер
... артқа өтіңіздер
... артқа қарай жылжыңыздар
|
|
– Прошу оплатить проезд! | – Жол ақысын төлеңіздер!
|
|
– Сколько стоит проезд? | – Жол ақысы қанша?
|
|
– Кто ещё не взял билет? | – Тағы кім билет алған жоқ?
|
|
– Предъявляйте проездные билеты, пожалуйста. | – Жол жүру билеттерін көрсетіңіздер, өтінем.
|
– Уступайте место ... .
... людям пожилого возраста
... пассажирам с детьми
... инвалидам | – ... орын беріңіздер.
Қарттарға ...
Балалы жолаушыларға ...
Мүгедектерге ...
|
|
– Оплачивайте проезд своевременно. | – Жол ақысын уақытында төлеңіздер.
|
|
– Сохраняйте билеты до конца проезда. | – Билетті сапар соңына дейін сақтаңыздар.
|
– Приготовьте ... на проверку!
... билеты ...
... проездные билеты ... | – ... тексеруге дайындаңыздар!
Билеттеріңізді ...
Жолақы билетін ...
|
|
– Начинается проверка билетов! | – Билет тексеру басталады!
|
– Покажите ... в развёрнутом виде!
... пенсионное удостоверение ...
... льготный проездной документ ... | –... ашып көрсетіңіздер!
Зейнеткер куәлігін ...
Жеңілдікпен жүру құжатын ...
|
|
– Предъявите билет! | – Билетіңізді көрсетіңіз!
|
|
– Безбилетные пассажиры за пользование поддельными документами платят штраф в размере ... тенге. | – Билетсіз жолаушылар жалған құжатпен жүргені үшін ... теңге көлемінде айыппұл төлейді.
|
|
– В связи с неисправностью транспортного средства троллейбус следует в парк! | – Көлік құралының бұзылуына байланысты троллейбус паркіне барамыз!
|
– Просим всех ... .
... пересесть на следующий троллейбус
... отнестись с пониманием | – Өтінеміз, ... .
... келесі троллейбусқа мініңіздер
... түсіністікпен қараңыздар
|
|
– Билеты, приобретённые здесь действительны до конца маршрута! | – Осында сатып алынған билеттер бағыттың соңына дейін жарамды!
|
|
– Автобус сломался. | – Автобус сынып (бұзылып) қалды.
|
|
– Автобус дальше не идёт. | – Автобус бұдан әрі жүрмейді.
|
|
– Пересядьте на следующий автобус. | – Келесі автобусқа ауысыңыздар.
|
|
– Остановка на другой стороне улицы. | – Аялдама көшенің арғы жағында.
|
|
– Перейдите на другую сторону улицы по пешеходному переходу. | – Жаяу жүргіншілерге арналған өтпежолмен көшенің арғы жағына өтіңіз.
|
|
– Кондуктор, где мне выходить? | – Кондуктор, мен қай жерде түсуім керек?
|
|
– Я вам скажу. | – Сізге өзім айтамын.
|
|
– Следующая остановка - «Самал». | – Келесі аялдама - «Самал».
|
|
– Этот автобус идёт в центр? | – Мына автобус орталыққа бара ма?
|
|
– Это какая остановка? | – Бұл қай аялдама?
|
|
– Я хотел бы заказать такси. | – Мен таксиге тапсырыс берейін деп едім.
|
|
– По какому адресу? | – Мекенжайыңыз қандай?
|
|
– Гостиница «Данияр», 225 (двести двадцать пятый) номер. | – «Данияр» қонақ үйі, 225 (екі жүз жиырма бесінші) нөмір.
|
|
– На какое время? | – Қай уақытқа?
|
|
– На 10 часов утра. | – Таңертеңгі сағат 10-ға.
|
|
– Скажите ваш телефон. | – Телефоныңызды айтыңыз.
|
|
– Мой номер телефона 2341238 (двести тридцать четыре двенадцать тридцать восемь). | – Нөмірім 2341238 (екі жүз отыз төрт он екі отыз сегіз).
|
|
– Вызовите, пожалуйста, такси. | – Өтінем, такси шақырыңызшы.
|
|
– Где ближайшая стоянка такси? | – Жақын маңдағы такси тұрағы қай жерде?
|
|
– Перейдите эту улицу, поверните направо (налево). | – Мына көшеден өтіп, оңға қарай (солға) бұрылыңыз.
|
|
– Такси! Вы свободны (заняты)? | – Такси! Сіз боссыз ба (бос емессіз бе)?
|
|
– Садитесь! | – Отырыңыз!
|
|
– Куда едем? | – Қайда барамыз?
|
|
– Сколько будет стоит до ...? | ... дейін қанша болады?
|
– Далеко ли до ...?
... автовокзала
... железнодорожного вокзала | – ... алыс па?
Вокзал ...
Теміржол вокзалы ...
|
|
– Это далеко? | – Бұл алыс па?
|
– На следующем углу поверните ... .
... налево
... направо | – Келесі бұрыштан ... бұрылыңыз.
... солға ...
... оңға ...
|
|
– Куда? | – Қайда?
|
|
– Прямо! | – Тіке!
|
|
– Вторая улица слева (справа). | – Сол жақтағы (оң жақтағы) екінші көше.
|
|
– Первая улица слева (справа). | – Сол жақтағы (оң жақтағы) бірінші көше.
|
|
– Мне тут (здесь) остановите! | – Осы жерге тоқтаңызшы!
|
|
– Пожалуйста, быстрее! | – Тезірек жүріңізші!
|
|
– Пожалуйста, медленнее! | – Жайырақ жүріңізші!
|
|
– Остановитесь здесь, пожалуйста. | – Осы жерге тоқтаңызшы.
|
|
– Сколько я вам должен(а)? | – Мен қанша ақша беруім керек?
|
|
– Подождите меня, пожалуйста. | – Мені тоса тұрыңызшы.
|
|
– Сколько ждать? | – Қанша күтейін?
|
|
– Я вернусь через 5 (пять) минут. | – Мен 5 (бес) минутта келем.
|
|
– Поезжайте дальше. | – Жүре беріңіз.
|
|
– Мы проехали! | – Біз өтіп кеттік!
|
|
– Я здесь выйду. | – Мен осы жерден түсем.
|
|
– Возьмите! | – Алыңыз!
|
|
– Мне нужно ... | – Маған ... керек.
|
|
– Возьмите деньги. | – Ақшаны алыңыз.
|
|
– Остановите, пожалуйста, такси. | – Такси тоқтатыңызшы.
|
|
– В какую сторону Вам нужно ехать? | – Сізге қайда бару керек?
|
|
– В микрорайон. | – Шағынауданға.
|
|
– Оказывается, нам с вами по пути. | – Жолымыз бір екен.
|
|
– Поехали вместе. | – Бірге барайық.
|
|
– Я выйду первым, пройдите дальше. | – Мен бірінші түсем ғой, сіз әрі өтіп кетіңіз.
|
|
– Куда вам ехать? | – Сізге қайда бару керек?
|
|
– Я очень спешу. | – Мен өте асығыс едім.
|
– Отвезите меня на (в) ... .
... железнодорожный вокзал
... аэропорт
... автовокзал | – Мені ... жеткізіп салыңызшы.
... теміржол вокзалына ...
... әуежайға ...
... автовокзалға ...
|
|
– Мне нужно в аэропорт. | – Менің әуежайға баруым керек.
|
– Отвезите меня, пожалуйста, ... .
... в центр города
... на улицу
... в гостиницу
... по этому адресу | – Мені ... апарыңызшы.
... қала орталығына ...
... көшесіне ...
... қонақүйіне ...
... мына мекенжайға ...
|
|
– Садитесь. | – Отырыңыз.
|
|
– Положите мои вещи в багажник. | – Менің заттарымды жүк салғышқа салыңыз.
|
– По дороге мне нужно зайти ... .
... в банк
... в магазин
... к другу | – Жолда ... соғуым керек.
... банкке ...
... дүкенге ...
... досыма ...
|
|
– Вас подождать? | – Сізді күтейін бе?
|
|
– Куда теперь? | – Енді қайда барамыз?
|
|
– Я поеду обратно. | – Мен кері қайтамын.
|
|
– Вам не мешает музыка? | – Сізге музыка кедергі жасамай ма?
|
– Сделайте ... .
... потише
... погромче | – ... қойыңызшы.
Ақырынырақ ...
Қаттырақ ...
|
|
– Можно здесь курить? | – Мұнда темекі тартуға бола ма?
|
|
– Курите, пожалуйста! | – Шеге беріңіз!
|
|
– Можно! | – Болады!
|
|
– В салоне не курят! | – Салонда темекі тартуға болмайды!
|
|
– Сдачи не надо. | – Қалғанын бермей-ақ қойыңыз.
|
|
– Дайте, пожалуйста, квитанцию. | – Түбіртек беріңізші.
|
|
– На вокзал, пожалуйста! | – Вокзалға апарыңызшы.
|
|
– Как проехать к ...? | – ... қалай баруға болады?
|
|
– Как доехать до ...? | – ... дейін қалай жетуге болады?
|
|
– Вам нужно ехать прямо. | – Сізге тура жүру керек.
|
|
– В каком направлении мне надо ехать? | – Маған қай бағытта жүру керек?
|
– Сверните ... у светофора.
... налево ...
... направо ... | – Бағдаршамнан ... бұрылыңыз.
... солға ...
... оңға ...
|
|
– Извините! Это дорога на ...? | – Кешіріңіз! Мынау ... жаққа баратын жол ма?
|
|
– Здесь можно проехать на ...? | – Мына жерден ... қарай өтуге бола ма?
|
|
– Как проехать на ...? | – ... жаққа қалай өтуге болады?
|
|
– Я правильно еду на ...? | – ... жаққа дұрыс бара жатырмын ба?
|
– Да. Следуйте далее в этом направлении до ... .
... следующего населённого пункта
... следующего перекрёстка | – Иә. Осы бағытпен ... дейін барыңыз.
... келесі елді мекенге ...
... келесі қиылысқа ...
|
|
– Нет. Вы едете неправильно. | – Жоқ. Сіз дұрыс келе жатқан жоқсыз.
|
|
– Следуйте ... . | – ... қарай барыңыз.
|
– Сколько километров до ...?
... автозаправки
... СТО (Станции технического обслуживания)
... поста дорожной полиции
... столовой
... мечети | – ... дейін неше шақырым?
Жанармай құю бекетіне ...
Техникалық жөндеу бекетіне ...
Жол полициясы бекетіне ...
Асханаға ...
Мешітке ...
|
|
– Не знаю. | – Білмеймін.
|
|
– Точно сказать не могу. | – Нақты айта алмаймын.
|
|
– Наверное, 15 км. | – 15 шақырым шығар.
|
|
– Около 15 км. | – 15 шақырымдай болар.
|
|
– Куда ведёт эта дорога? | – Мына жол қайда апарады?
|
– Сколько километров до ...?
... Шымкента
... Тараза
... Ташкента | – ... дейін қанша километр?
Шымкентке ...
Таразға ...
Ташкентке ...
|
|
– Как попасть на шоссе? | – Тасжолға қалай баруға болады?
|
|
– Правильно ли я еду в ...? | – ... жаққа дұрыс бара жатырмын ба?
|
|
– Вы едете в неправильном направлении. | – Сіз басқа бағытта кетіп барасыз.
|
|
– Вы едете правильно. | – Сіз дұрыс бара жатырсыз.
|
|
– Поезжайте по этой дороге. | – Осы жолмен кете беріңіз.
|
|
– Поезжайте до первого (второго) перекрёстка. | – Бірінші (екінші) қиылысқа дейін барыңыз.
|
|
– Поверните налево (направо) у светофора | – Бағдаршамнан солға (оңға) қарай бұрылыңыз.
|
|
– Это дорога хорошая (ровная)? | – Мына жол жақсы ма (тегіс пе)?
|
|
– Сколько часов (минут) ехать до ...? | –... дейін қанша сағат (минут) жүру керек?
|
– По этой дороге есть ...?
... автомобильные стоянки
... мотели
... авторемонтные мастерские
... автозаправочные станции
... станция техобслуживания | – Осы жолдың бойында ... бар ма?
... автокөлік тұрағы ...
... мейманханалар ...
... көлік жөндейтін шеберханалар ...
... жанармай құю бекеттері ...
... техникалық қызмет көрсету стансасы ...
|
|
– Как проехать к центру города? | – Қала орталығына қалай баруға болады?
|
|
– Поверните назад. | – Артқа бұрылыңыз.
|
|
– Где главная улица (площадь)? | – Негізгі көше (алаң) қай жерде?
|
|
– Как найти железнодорожный вокзал? | – Теміржол вокзалын қалай табуға болады?
|
|
– Здесь можно поставить машину? | – Мына жерге мәшине қоюға бола ма?
|
|
– На какое время я могу оставить машину? | – Бұл жерге мәшинемді қанша уақытқа қоя аламын?
|
|
– Вы не могли бы взять машину на буксир? | – Сіз мәшинені тіркеуге аласыз ба?
|
|
– Где находится стоянка автомашин? | – Автокөлік тұрағы қай жерде?
|
|
– Стоянка охраняемая? | – Тұрақ күзетіле ме?
|
|
– Сколько стоит стоянка в час? | – Тұрақ бір сағатқа қанша тұрады?
|