Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
 Работа
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 H 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
 В быту
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 Н 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
На собрании
Резолюция/виза
Характеристика
Вернуться
к другим
разговорникам

 Кирил/Latyn 

В быту, Л-М

Русско-казахский сборник фраз и словосочетаний.
Краткий русско-казахский сборник


Авторы: Р. Керимбаев, А. Керимбаев

Л
Ладно, давай забудем. Жарайды, ұмытайық.
Ладно, давай посидим помолчим. Жарайды, үндемей отырайық
Ладно, забудем обо мне. Жарайды, мені ұмытайық.
Ладно, займёмся делом. Жарайды, іспен айналысайық.
Ладно, иди. Жарайды, бара бер.
Ладно, мы не будем отнимать у Вас время. Жарайды, Сіздің уақытыңызды алмай-ақ қояйық.
Ладно. Не дуйся. Жарайды. Бұртимай-ақ қой.
Ладно, не паникуй. Время ещё есть. Жарайды, байбалам салма. Әлі уақыт бар.
Ладно, об этом поговорим потом. Жарайды, ол туралы кейін сөйлесерміз.
Ладно, тогда не буду Вас мучать. Жарайды, онда Сізді қинамайын.
Ладно, тогда я пошёл. Жарайды, онда мен кеттім.
Ладно, поплачь немного, тебе полегче будет! Жарайды, кішкене жылап ал, жеңілденіп қаласың!
Ладно, попробую так сделать. Жарайды, сүйтіп жасап көрейін.
Ладно, я Вас понял. Жарайды, мен Сізді түсіндім.
Ладно, я подумаю. Жарайды, ойланып көрейін.
Ладно, я потерплю. Жарайды, шыдайын.
Ладно, я пойду. Жарайды, мен жүрейін.
Ладно, я пошёл, у меня есть дела. Жарайды мен кеттім, шаруаларым бар.
Ладно, я тебя простил. Жарайды, мен сені кештім.
Ладно, что было то было, не расстраивайся. Жарайды, болар іс болды, көңілді түсірме.
Легок на помине, только что о тебе вспоминали. Кімді айтсаң сол келеді, жаңа ғана сені есімізге алдық.
Легче стало на душе? Жүрегің орнына түсті ме?
Либо веди себя правильно, либо уноси свои ноги. Өзіңді дұрыс ұста немесе табаныңды жалтырат.
Либо да, либо нет. Не «иә», не «жоқ».
Лично я доволен. Өз басым ризамын.
Лицо Ваше кажется мне знакомым, но где я видел Вас, не могу вспомнить. Жүзіңіз таныс сияқты, бірақ қай жерде көргенімді есіме түсіре алмай тұрмын.
Ложись спать. Жатып ұйықташы.
Лучше дома ничего нет. Үйден артық ештеңе жоқ.
Лучше его не найдёшь. Одан артық таппайсың.
Лучше уроки учи. Одан да сабағыңды оқы.
Лучше, чем она, невесты вам не найти. Өзі пысық, өзі аспаз, әрі шебер, ай, осыдан артық келін таппайсыз ғой .
Лучше я пойду. Одан да мен кетейін.
Любая девушка любит цветы. Кез келген қыз гүлді жақсы көреді.
Любая мать сделала бы так же. Әрбір ана солай жасар еді.
Любая девушка мечтает стать матерью. Это закон природы. Әрбір бойжеткен ана болуды армандайды. Бұл табиғаттың заңы.
Любимец всей семьи.Үйдің еркесі.
Люди говорят, что ты женишься. Это правда? Үйленеді дейді сені жұрттар. Рас па?
Люди сильно изменились. Адамдар қатты өзгерген.
Люди сошли с ума. Адамдар есінен адасты.
Людям стыдно смотреть в глаза, ты понимаешь? Адамдардың көзіне қарауға ұяламын, түсінесің бе?
М
Мальчик сегодня сидит смиренно. Бала бүгін молда болып отыр (буквально: Мальчик сегодня, как мулла).
Мамочка, не переживай, пожалуйста. Анашым, уайымдамасаңшы.
Мать меня убьёт. Анам мені өлтіреді.
Мать, что говорит этот твой сын? (муж обращается к жене) Шешесі, мына балаң не айтып отыр? (күйеу жұбайына айтады)
Машина не заводится. Көлік оталмай жатыр.
Между нами. Өз арамызда.
 2. Өз өзара.
Между нами говоря. Өз арамызда айтқанда.
Между нами всё кончено. Арамызда бәрі бітті.
Между нами ничего не может быть. Екеуміздің арамызда бірдеңе болу мүмкін емес.
Между нами не всё в порядке. Арамыз жақсы емес.
Между небом и землёй. Аспан мен жердің ортасында.
Между ними что-то есть? Ол екеуінің араларында бірдеңе бар ма?
Между прочим. Былайша айтқанда.
Мелкие люди. Ұсақшыл адамдар.
Меня беспокоит другое. Мазамды алатын басқа мәселе.
Меня ждут друзья. Мені достар күтіп отыр.
Меня никто не понимает. Мені ешкім түсінбейді.
Меня никто, кроме тебя, не понимает. Мені сенен басқа бір жан түсінбейді.
Меня оклеветали. Маған жала жапқан.
Меня положили в больницу. Мені ауруханаға жатқызды.
Меня пораньше разбудишь. Не опоздать бы на работу. Мені ертерек оятарсың. Жұмыстан кеш қалып, жүрмейін.
Меня так не обманешь. Мені бүйтіп алдай алмайсың.
Меня твоя жизнь и твои проблемы не интересуют. Сенің өмірің, проблемаларың мені қызықтырмайды.
Мёртвая тишина. Өлі тыныштық.
Место женщины рядом с мужем. Әйелдің орны күйеуінің жанында.
Мечты сбываются. Армандар орындалады.
Микроволновая печь. Микротолқынды пеш.
Мне будет веселее. Маған көңілдірек болады.
Мне бы только зацепиться. Тұмсығымды тығып алсам болғаны.
Мне Вас жалко. Сізге жаным ашиды.
Мне верить тебе или ему? Саған сенейін бе, әлде оған ба?
Мне говорить дальше? Әрі қарай айтайын ба?
Мне до смерти спать хочется. Өлердей ұйқым келіп тұр.
Мне здесь удобно. Маған осы жерде жайлы.
Мне как-то не по себе. Бір түрлі болып тұрмын.
Мне конец. Я банкрот. Мен құрыдым. Мен банкротқа ұшырадым.
Мне надоело себе во всем ограничивать. Өзіме шектеу қоюдан жалықтым.
Мне надоело сидеть дома. Үйде отырудан жалықтым.
Мне не интересно. Маған қызықсыз.
Мне не надо было так делать. Менің бұлай жасамауым керек еді.
Мне не надо было тебе говорить это. Саған осыны айтпауым керек еді.
Мне не нравится твой голос. Что случилось? Маған сенің даусың ұнамай тұр. Не болып қалды?
Мне не нужны ничьи советы. И своих мозгов хватит. Маған ешкімнің кеңесі керек емес. Өзімнің де миым жетеді.
Мне не спится.
 - Если не спится давай поговорим?
Ұйқым келмейді.
 - Ұйқы келмесе әңгімелесейік?
Мне не трудно. Маған қиын емес.
Мне некогда смотреть телевизор. Теледидар көретін уақытым жоқ.
Мне нелегко. Маған оңай болмай тұр.
Мне неспокойно. Мазам болмай жүр.
Мне никто ничего не говорил. Маған ешкім ештеңе деген жоқ.
Мне ничего не нужно. Маған ешнәрсе керек емес.
Мне нужен отдых и покой. Маған демалыс пен тыныштық керек.
Мне нужна свобода Маған еркіндік керек.
Мне нужна твоя помощь. Маған сенің көмегің қажет.
Мне нужно дать ответный удар. Қарымта қайтаруым керек.
Мне их выгнать было нужно что ли? Қуып жіберуім керек пе еді?
Мне нужно немного подумать. Сәл ойлануым керек.
Мне нужно поговорить с тобой наедине. Мен сенімен оңашада сөйлесуім керек.
Мне нужно спросить разрешения у матери. Анамнан рұқсат сұрауым керек.
Мне одна девушка понравилась. Маған бір қыз ұнап қалды.
Мне полегчало. Жеңілдеп қалдым.
Мне тоже он понравился. Маған да ол ұнады.
Мне от тебя ничего не надо. Маған сенен ештеңе керек емес.
Мне от тебя скрывать нечего! Менің сенен жасыратын ештеңем жоқ!
Мне понравилось. Маған ұнады.
Мне радоваться или сожалеть? Қуанамын ба, өкінемін бе?
Мне с ним обязательно нужно встретиться. Мен онымен міндетті түрде кездесуім керек.
Мне с тобой возиться некогда. Менің сенімен әуреленуіме уақытым жоқ.
Мне стало его жалко. Оған жаным ашып кетті.
Мне стало скучно. Мен зерігіп кеттім.
Мне такие девушки, как она, не нравятся. Маған ол секілді қыздар ұнамайды.
Мне такой мужчина, как ты, не нужен, уйду к другому. Маған сен сияқты еркек керек емес, басқа еркекке кетіп қаламын.
Мне тебя жалко. Саған жаным ашып тұр.
Мне тебя жаль. Мен сені аяймын.
Мне тебя очень жаль. Мен сені қатты аяймын.
Мне теперь сидеть и на тебя смотреть что ли? Енді саған қарап отыра беремін бе?
 2. Енді саған қарап отырамын ба?
Мне тоже трудно. Маған да қиін болып жүр.
Мне чихать на Ваши слова. Мен Сіздің сөзіңізге пысқырып та қарамаймын.
Мне это совсем не интересно. Маған бұл мүлдем қызық емес.
Мне это совсем не нравится. Бұл маған тіпті ұнамайды.
Мне это что-то не нравится. Бұл маған ұнамай тұр.
Мне этого достаточно. Маған сол жеткілікті.
Много говорить не буду, по-солдатски скажу коротко. Көп сөйлемеймін, солдатша қысқаша айтайын.
Много денег не трать. Көп ақша шығарма.
Много не хвались. Көп мақтаң берме.
Мог бы и спокойно сказать. Ақырын айтсаң да болады ғой.
Моё детство прошло в Алматы. Менің балалық шағым Алматыда өткен еді.
Может будет, может нет. Мүмкін болар, мүмкін болмас.
Может возьмёт. Мүмкін алар.
Может ему понравится. Мүмкін оған ұнайтын шығар.
Может еще раз поговоришь? Мүмкін тағы сөйлесерсің?
Может завтра съездим на природу? Мүмкін ертең табиғат аясына шығып қайтамыз?
Может, мы чего то не понимаем. Тогда объясни, пожалуйста. Мүмкін біз бірдеңе түсінбейтін шығармыз. Онда түсіндіріп берші.
Может понадобится. Бәлкім қажет болып қалар.
Может придумаешь какую-нибудь отговорку? Мүмкін, бір сылтау ойлап табарсың?
Может сначала поздороваетесь? Мүмкін алдымен амандасарсыз?
Может сходим куда-нибудь. Бір жерге баруға қалай қарайсың.
Можете дать мне деньги взаймы? Маған қарызға ақша бере аласыз ба?
Можешь идти. Бара берсең болады.
Можно Вас на пару слов? Сізге бір ауыз сөз айтайын деп едім. Бола ма?
Можно и так сказать. Солай деуге де болады.
Можно ли верить в приметы? Ырымға сенуге бола ма?
Можно мне посмотреть? Көрсем бола ма?
Можно мне сказать? Мен айтсам бола ма?
Можно посмотреть? Көруге бола ма?
Можно с Вами познакомиться? Сізбен танысуға бола ма?
Можно я пойду в свою комнату? Мен өзім бөлмеге бара берсем бола ма?
Можно я сам посмотрю? Өзім қарасам бола ма?
Можно я переночую у вас? Сендерде қонуға қалсам бола ма?
 2. Сіздің үйіңізде түнеп шығуға бола ма?
Моей радости нет границ.
 - Сильно не радуйся.
Қуанышыма шек жоқ.
 - Қатты қуанба.
Моё сердце мечтает о тебе. Жүрегім сен деп аңсайды.
Можно мы поговорим? Біз сөйлессек бола ма?
Мои двери для тебя всегда открыты. Менің есігім саған қашанда ашық.
Мои дети – смысл моей жизни. Менің балаларым – менің өмірінің мәні.
Мои родители не будут против. Ата-анам қарсы болмайды.
Мои родители – состоятельные люди.
 - Никогда не видевшие трудностей.
Ата-анам – ауқатты адамдар.
 - Ешқашан қиындық көрмеген.
Мой ангел. Періштем менің.
Мой парень мне изменяет. Менің жігітім көзіме шөп салып тұр.
Мой тебе совет... Менің саған беретін кеңесім...
Молодец. Сразу понял. Жарайсың. Бірден түсіндің.
Молодёжь нужно учить жизни. Жастарды өмір сүруге үйрету керек.
Молодой человек. Жас жігіт.
Молодые любят модно одеваться. Жастар сәнді киінуді жаратады.
Молчи и слушай. Сөйлемей, тыңда.
Молчи о том, что увидел. Көргеніңді ешкімге айтпа.
Моя будущая половинка. Менің болашақ жарым.
Моя душа изранена. Менің жаным жаралы.
Моя душа разрывается. Жаным жай табар емес.
Моя жена из рода Уак. Менің әйелім Уақ руынан.
Моя красавица, всё наладится. Сұлулым менің, бәрі реттелейді.
Моя личная жизнь – тайна. Менің жеке өмірім – құпия.
Моя совесть чиста. Менің арым таза.
Моя судьба в твоих руках. Тағдырым сенің қолыңда.
Мужик сказал – мужик сделал. Еркек айтты – еркек істеді. (калька)
 2. Жігіттің екі сөйлегені өлгені (буквально: дважды сказанное – смерть для мужчины).
Мужчина есть мужчина. Ердің аты — ер.
Мужчина приходит домой отдыхать. Ер адам үйге демалуға келеді.
Мужчинам нет веры. Если деньги в карман попали, он их истратит. Еркекке сенім жоқ, қалтасына ақша түссе ұстап қояды.
Мужчины, прекратите. Что вы, как дети? Қойыңдар, жігіттер! Немене, бала болдыңдар ма?
Мужчины такие. Каждый со своими причудами. Еркектер сондай. Әрқайсысының өз ерекшелігі бар (буквально: У каждого свои особенности).
Мурат, послушай меня, пожалуйста. Мұрат, тыңдашы мені.
Мы берем ответственность на себя. Біз өзімізге жауапкершілік аламыз.
Мы будем гулять до утра. Біз таңға дейін қыдырамыз.
Мы будем очень рады, если Вы придете. Келсеңіз, қатты қуанамыз.
Мы будем скучать по тебе. Біз сені сағынатын боламыз.
Мы будем твоими болельщиками. Саған жанкүйер боламыз.
Мы быстро нашли общий язык. Біз тез ортақ тіл таптық.
Мы в ответе за детей. Балалар үшін біз жауаптымыз.
Мы в отчаянии с самого утра. Біз таңертеңнен бері дағдарып отырмыз.
Мы в прошлый раз толком не поговорили. Біз алдында дұрыс сөйлесе алмадық.
Мы вам ничего не сделали. Біз сіздерге ештеңе істеген жоқпыз.
Мы Вам подражаем. Біз Сізге еліктейміз.
Мы Вас довезём. Біз Сізді жеткізіп тастаймыз.
Мы Вас ждали. Біз Сізді күттік.
 2. Біз Сізді күтіп едік.
Мы вас заберем, будьте готовы. Сендерді алып кетеміз, дайын отырыңдар.
Мы вас с радостью встретим. Біз сіздерді қуанышпен қарсы аламыз.
Мы вас часто вспоминаем. Біз сіздерді жиі есімізге алып отырмыз.
Мы ведь не чужие люди. Біз бөтен адам емеспіз ғой.
Мы вместе приложим усилия. Біз бірге қол жеткіземіз.
Мы вначале не поверили. Біз алғашында сенген жоқпыз.
Мы вновь встретились. Біз тағы да кездестік.
Мы все хотим, чтобы ты был счастлив. Біз бәріміз сенің бақытты болғаныңды көргіміз келеді.
Мы всегда рады видеть вас. Сіздерді көргенімізге әрдайым қуаныштымыз.
Мы все за тебя переживаем. Біз бәріміз сен үшін аландаймыз.
 2. Біз бәріміз сен үшін алаңдаудамыз.
Мы всё делаем, чтобы у тебя все было хорошо. Біз сені жақсы болсын деп бәрін істеп жатырмыз.
Мы всё исполним. Біз бәрін орындаймыз.
Мы всё починили. Біз барлығын жөндедік.
Мы всё уладили. Біз бәрін реттедік.
Мы встретились на улице. Бiз көшеде кездесiп қалдық.
Мы вынуждены так сделать. Осылай істеуге мәжбүрміз.
Мы готовы, сейчас выходим. Біз дайынбыз, қазір шығамыз.
Мы доживём ещё до лучших дней. Жақсы күндерге әлі жетеміз.
Мы долго сидели. Я пойду. Ұзақ отырдық қой. Мен қайтайын.
Мы должны добраться до дома, пока не стемнело. Қараңғы түспей тұрып үйге жетуіміз керек.
Мы его не найдём. Біз оны таба алмаймыз.
Мы его совсем не знаем. Біз оны мүлдем білмейміз
Мы ещё будем пить чай, разговаривать. Біз әлі шай ішеміз, әңгімелесеміз.
Мы ещё долго здесь будем? Біз мұнда әлі ұзақ боламыз ба?
Мы ждем уже час. Бір сағат болды ғой тұрғанымызға.
Мы же договорились начать новую жизнь. Біз жаңа өмір бастайық деп едік қой.
Мы же мужчины непостоянные создания. Біз еркектер тұрақсыз жандармыз ғой.
Мы же навечно не расстаемся. Біз мәңгілікке ажыраспаймыз ғой.
 2. Біз мәңгілікке ажырасып жатқан жоқпыз ғой.
Мы же с тобой договорились же. Біз екеуіміз келісіп едік қой.
Мы же сюда пришли не скучать, а веселиться! Біз мына жерге жалығу үшін емес, көңіл көтеру үшін келдік қой!
Мы же так договорились. Біз солай келістік қой.
Мы закончили. Когда можешь посмотреть?
 - Неси, давай посмотрим сейчас.
Біз аяқтадық. Қашан көре аласың?
 - Алып әкел, қазір көрейік.
Мы здесь долго будем? Мұнда көп боламыз ба?
Мы здесь находимся по твоей вине. Біз сенің кесіріңнен осы жерде отырмыз.
Мы и этому будем рады. Біз соған да мәз боп қаламыз.
Мы ищем тебя повсюду. Сені барлық жерден іздеп жатырмыз.
Му купили дом. Үй сатып алдық.
Мы легко отделались. Оңай құтылдық.
Мы можем вызвать сюда такси? Мұнда такси шақыра аламыз ба?
Мы можем поговорить?
 - О чём будем говорить?
Біз сөйлесе аламыз ба?
 - Не туралы сөйлесеміз?
Мы можем с Вами поговорить?
 - Конечно, пройдем туда.
Сізбен сөйлесе аламыз ба?
 - Әрине, анда жүріңіздер.
Мы не дураки, закон знаем. Біз ақымақ емеспіз гой, заңды білеміз.
Мы не жалуемся. Шағымымыз жоқ.
Мы не знаем, кто он такой. Оның кім екенің біз білмейміз.
Мы не можем прийти к одному решению. Бір шешімге келе алмай жүрміз.
Мы не общаемся. Біз араласпаймыз.
Мы не смогли прийти к компромиссу. Біз бір мәмілеге келе алмадық.
Мы не пьём спиртные напитки. Біз спирттік ішімдік ішпейміз.
Мы не рано разбудили тебя? Біз сені ерте оятқан жоқпыз ба?
Мы не ругались. Біз ұрсысқан жоқпыз.
Мы не смогли найти.
 - Конечно, не найдете.
Таба алмадық.
 - Әрине, таба алмайсыңдар.
Мы не созданы друг для друга. Мы чужие. Біз бір-біріміз үшін жаралмағанбыз. Біз бөтенбіз.
Мы не чуждаемся людей. Біз кісі жатырқамаймыз.
Мы никуда не пойдём. Біз ешқайда бармаймыз.
Мы об этом ещё поговорим. Бұл туралы әлі сөйлесеміз.
Мы обязательно встретимся. Міндетті түрде кездесеміз.
Мы опаздываем. Кешігетін болдық.
Мы останемся без ничего. Біз дымсыз қаламыз.
Мы от смеха чуть не лопнули. Күлкіден жарылайын дедік.
Мы опаздываем. Біз кешігетін болдық.
Мы отказались. Біз бас тарттық.
Мы подходим друг к другу?
 - Ещё как подходите!
Біз бір-бірімізге жарасамыз ба?
 - Жарасқанда қандай!
Мы полюбили друг друга. Бір бірімізді сүйіп қалдық.
Мы помирились. Біз татуластық.
Мы попали под дождь. Біз жаңбырға ұшырадық.
Мы постараемся прийти (приехать) пораньше. Ертерек келуге тырысамыз.
Мы потихоньку пойдём. Біз ақырындап кете берейік.
Мы приблизились к концу Света. Ақыр заманға таяп қалдық.
Мы привязались друг другу. Бір бірімізге бауыр басып қалдық.
Мы пригласили гостей на завтра. Біз қонақтарды ертеңге шақырып қойдық.
Мы придём вовремя. Біз уақытында келеміз.
Мы пришли по объявлению. Біз хабарландыру бойынша келіп тұрмыз.
Мы пришли поздравить Вас с Новым годом! Біз Сiздi Жаңа жылыңызбен құттықтауға келдік.
Мне пришлось бы снова врать. Тағы да өтірік айтуыма тура келер еді.
Мы проверим. Тексереміз.
Мы проиграли.
 - Не проиграли и не проиграем.
Біз жеңілдік.
 - Жеңілмедік және жеңілмейміз.
Мы пытались поднять Вам настроение. Сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеруге тырыстық.
Мы разве не выпьем по стакану прохладной «Кока-колы»? Бір стакан салқын «Кока-коланы» жұтпаймыз ба?
Мы разве сюда не веселиться приехали (пришли)? Осында көңіл көтерейік деп келген жоқпыз ба?
Мы расстались. Біз айрылыстық.
Мы решили остаться. Біз қалатын болдық.
Мы решили сделать сюрприз. Біз тосынсый жасауға бел будық.
 2. Біз тосынсый жасайық деп шештік.
Мы с ним были неразлучными друзьями. Ол екеуміз қимас дос болатынбыз.
Мы с ним в хороших отношениях. Біз онымен жақсы қарым-қатынастамыз.
Мы с ним давно знакомы. Біз онымен бұрыннан таныспыз.
Мы с ним опять поссорились. Онымен тағы ренжісіп қалдық.
Мы с ним земляки, односельчане. Біз онымен жерлеспіз, ауылдаспыз.
Мы с ним поспорили (заключили пари). Біз екеуiмiз бәстесіп едік.
Мы с ним сидели рядом. Онымен қатар отырдық.
Мы с ним тезки. Біз онымен аттаспыз.
Мы с тобой в расчёте. Біз сенімен есеп айырыстық.
Мы с тобой давние друзья. Скажи мне правду, пожалуйста... Екеуміз бұрыннан доспыз. Маған шыныңды айтшы...
Мы с тобой друзья. А друзья друг другу должны помогать. Екеуіміз доспыз. Ал достар бір бірге көмектесу керек.
Мы с тобой не виделись около тридцати лет. Бір-бірімізді көрмегелі отыз жылға жуық болды.
Мы с тобой теперь будем астанчанами! Енді біз екеуіміз астаналық болып аталамыз!
Мы сами недавно только узнали. Өзіміз жақында ғана білдік.
Мы сами справимся. Біз өзіміз-ақ атқара береміз.
Мы сделали всё, что могли. Біз қолдан келгеннің бәрін жасадық.
Мы сильные, энергичные, смелые. Біз – тастүлекпіз.
Мы случайно встретились. Біз кездейсоқ кездестік.
Мы собираемся каждую субботу. Біз әр сенбі сайын жиналамыз.
Мы собрались уходить. Біз кеткелі жатырмыз.
Мы стараемся жить честно. Біз адал өмір сүруге тырысып жүрміз.
Мы сходили в кино. Біз киноға барып келдік.
Мы тебя не смогли найти. Сені таба алмадық.
Мы тебя носим на руках. Сені мәпелеп жүрміз.
Мы тебя рано не разбудили? Біз сені ерте оятқан жоқпыз ба?
Мы тебя сильно избаловали. Біз сені тым еркелетіп жібердік.
Мы тоже просто так не ходили. Біз де жәй жүрген жоқпыз.
Мы только зря теряем время. Тек уақыты босқа кетіріп жатырмыз.
Мы торопились. Біз асықтық.
Мы тут причём? Біздің бұған қатысымыз қанша?
Мы хорошо понимаем друг друга. Біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз.
Мы хотим посмотреть. Көргіміз келеді.
Мы хотим переехать в Астану. Астана жаққа көшіп кеткіміз келеді.
Мы хоть не молоды, но душа у нас молодая. Өзіміз жас болмасақ та, көңіліміз жас қой.
Мы часто встречаемся. Біз жиі кездесіп тұрамыз.
Мы что им не помогаем?
 - Конечно, помогаем.
Біз оларға көмек бермей жүрміз бе?
 - Әрине, көмектесіп жүрміз.
Мы что, опаздываем? Біз кешігіп жатырмыз ба?
Мы чуть животы не надорвали от смеха. Біз ішегіміз қатқанша күлдік.
Мы это выдержим. Біз оны көтере аламыз.
Мы это прошли. Біз бұдан өттік.
Мыслями ты где-то далеко. Ойың басқа жақта ғой.
Мясо в морозильнике. Ет мұздатқышта.



©  Татьяна Валяева   2007–2019
http://kaz-tili.kz/
 <<  Вернуться к разговорникам Вернуться к началу  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв