Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
 Работа
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 H 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
 В быту
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 Н 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
На собрании
Резолюция/виза
Характеристика
Вернуться
к другим
разговорникам

 Кирил/Latyn 

В быту, И-К

Русско-казахский сборник фраз и словосочетаний.
Краткий русско-казахский сборник


Авторы: Р. Керимбаев, А. Керимбаев

И
И без тебя проживу. Сенсіз де өмір сүремін.
И без этого мне не спокойно. Онсыз да мазам болмай тұр.
И в чём была проблема? Сондықтан мәселе неде болған екен?
И Вам советую так же сделать. Сізге де солай істеуге кеңес беремін.
И Вас тоже уважаю. Сізді де құрметтеймін.
И для меня это загадка. Маған да сол жұмбақ.
И до этого дойдёт очередь. Бұған да кезек келеді.
И думать не смей! Ойыңа да алушы болма!
И его не пожалело время. Оны да бұл уақыт аямады.
И зачем я только приехал? Неге ғана келгенмін екен?
И когда ты поумнеешь? Қашан ақыл кіреді екен саған?
И коротко, и ясно. Әрі қысқа, әрі түсінікті.
И куда нам теперь идти жаловаться? Енді кімге барып шағымданамыз?
И куда теперь ты пойдёшь? Қайда барасың енді?
И нам всем тяжело. Бәрімізге де ауыр.
И не было, и не будет! Болған да емес, болмайды да!
И не вздумайте! Ойыңызға да алушы болмаңыз!
И не надейтесь. Дәмеленбеңдер.
И ничего не хочу слушать. Ештеңе де естігім келмейді.
И такие мнения есть. Сондай да пікірлер бар.
И такое бывает?
 – Ещё как бывает!
Сондай да болады екен?
 – Болғанда қалай болады!
И тебя называют мужчиной. Сені де еркек дейді ғой.
И тебя, оказывается, можно увидеть. Сені де көретін күн бар екен ғой.
И ты закроешь глаза на это? Енді осыған көз жұма қарайсың ба?
И ты так думаешь. Сен де солай ойлайсың ба?
И ты тоже хорош! Сен де жақсысың!
И у нас всё прекрасно. Біздің да жағдайымыз тамаша.
И у терпения же есть предел! Шыдамның да шегі бар ғой!
И чего он хочет?
 - Хочет учиться.
Енді ол не қалайды?
 - Оқығысы келеді.
И что нужно делать?
 - Сам подумай, что нужно делать.
Сонда не істеу керек?
 - Не істейтініңді өзің ойлап тап.
И что теперь изменилось? Енді не өзгеріп қалды.
И что ты замолк, я же с тобой разговариваю, глухой ребёнок?! Неғып үндемей қалдың, мен сенімен сөйлесіп тұрмын ғой, керең неме?!
И что ты собираешься делать? Енді не істемекшісің?
И что я теперь буду делать? Енді мен не істеймін?
 2. Енді қайтемін?
И что мне теперь плакать что ли? Енді не жылауым керек пе?
И что, мы ничего делать не будем? Сонда біз түк те істемейміз бе?
И это всё?
 – А что, это мало?
Бар болғаны сол ма?
 2. Осы ғана ма?
 – Немене, бұл аз ба?
И это твой ответ? Осы ма жауабың?
И я был таким, как ты. Мен де сендей болғанмын.
Идеальная пара. Мінсіз жұбы.
Идём парами. Екі-екіден барамыз.
Идём, по дороге скажу. Жүр, жол-жөнекей айтамын.
Идём, прогуляемся! Жүр, қыдырып қайтайық!
Идём со мной. Я покажу твою комнату. Жүр менімен, саған бөлмеңді көрсетемін.
Идёмте. Жүріңдер.
 2. Жүріңіздер (уважительно).
 3. Жүріңіз ( в единственном числе).
Идёмте со мной. Менімен бірге жүріңіз.
Идёмте, я покажу вам кое-что интересное. Жүріңіздер, мен сіздерге бір қызық көрсетейін.
Иди в мои объятия! Кел менің құшағыма!
Иди в свою комнату! Өз бөлмеңе бар!
Иди домой, отдыхай. Үйге барып, демал.
Иди, дай тебя покрепче обниму. Кел, қаттырақ құшақтайыншы.
Иди, занимайся своими делами. Бар, өз шаруаларыңмен айналыс.
Иди, иди, интересное только начинается. Кел, кел, қызық басталғалы жатыр.
Иди-ка ко мне, пожалуйста! Келші маған!
Иди побыстрее. Тезірек жүрсеңші.
Иди, пожалуйста, отсюда, не воняй. Кетші әрі сасымай.
Иди, пока я не передумал. Мен айнып қалмай тұрғанда бара ғой.
Иди, помой лицо, руки. Бар, беті-қолыңды жу.
Иди, прогуляйся. Бар серуендеп кел.
Иди своей дорогой. Өз жолымен бара бер.
Иди со мной. Менімен жүр.
Иди, скажи мне на ушко, пожалуйста. Келе ғой құлағыма айтшы.
Иди, я обниму тебя. Кел, құшақтайын сені.
Идите сюда! Быстрее! Бері келіңдер! Жылдам!
Идите уже. Не теряйте времени. Ал барыңдар енді. Уақыт жоғалтпаңдар.
Иду, иду. Келе жатырмын, келе жатырмын.
Иду, куда глаза глядят. Бас ауған жаққа бара жатырмын.
Из какого он рода? Ол қай рудан?
Из какого ты рода? Сенің руың кім ?
Из этого добра не выйдет. Бұдан жақсылық шықпайды
Из этого ничего не выйдет. Бұдан ештеңе шықпайды.
Из-за меня. Мені бола.
Известный адвокат. Танымал қорғаушы.
Из-за родинки на лице его легко узнать. Бетінде қалы бар болғандықтан оны оңай тануға болады.
Из-за этого ребёнка я поседел. Осы бала менің шашымды ағартып бітті.
Изменения есть?
 - Никаких изменений нет. Всё по-прежнему.
Өзгеріс бар ма?
 - Еш өзгеріс жоқ. Бәрі бір қалыпта
Изо всех сил. Бар күшін салып.
 2. Бар күшімен.
Изо дня в день. Күн өткен сайын.
Или мне нужно напомнить тебе? Әлде есіңе түсіруім керек пе?
Или мне так кажется. Әлде маған солай көрінеді.
Или он может ошибся? Әлде, ол қателесті ме екен?
Или ты завидуешь?
 - Не завидую.
Әлде қызғанасың ба?
 - Қызғанбаймын.
Или я пойду, или ты. Не мен барамын, не сен барасың.
Им была оказана первая медицинская помощь. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Именно в этот момент моё сердце чуть не остановилось. Дәл осы кезде жүрегім тоқтап қала жаздады.
Именно ты мне нужен был. Дәл сен маған керек едің.
Имя у Вас очень красивое. Есіміңіз өте әдемі екен.
Иначе, отправишься куда надо. Әйтпесе, барасың барар жеріңе.
Иначе потом пожалеешь. Әйтпесе кейін өкінетін боласың.
Интересно, когда он придёт. Ол қашан келер екен.
Интересно, кто сказал? Кім айтты екен?
Интересно, куда он ушёл? Қайда кетті екен?
Интересно, что скажут родители? Әке-шешем не дер екен?
Иногда мы ведём себя по-дурацки. Біз кейде өзімізді ақымақтарша ұстаймыз.
Иногда я так говорю. Мен кейде солай деймін.
Иногда я тебя не понимаю. Кейде сені ұға алмаймын.
Интересно, как он теперь поступит? Қайтер екен енді?
Интересно, какая погода будет завтра? Ертең қандай ауа-райы болады екен?
Интересно, что скажут родители? Әке-шешем не дер екен?
Интересный случай. Қызық оқиға.
Испокон веков. Ата заманнан бері.
Искренне прошу у тебя прощения. Сенен шың көңіліммен кешірім сұраймын.
Искренние слова. Жүрекжарды сөз
Исторический фильм. Тарихи фильм.
Итак, ты признаешься или нет? Мойындайсың ба сонымен мойындамайсың ба?
Их мечты останутся мечтой. Олардың армандары арман боп қалады.
Ищите женщину. Әйел іздеңіз.
К
К бою готов. Шайқасқа дайынмын.
К моему счастью... Бақытыма орай...
К моему счастью, никто из моих родных не пострадал. Бақытыма орай, жақындарымнан ешкім зақымданбады.
К моему великому счастью... Зор бақытыма орай...
К ним из Семея приехали гости. Оларға Семейден қонақтар келіпті.
К сожалению, на это у меня не хватает времени. Өкінішке орай, оған уақытым жетпей жүр.
К сожалению, такое бывает. Осындай болып жатады, өкінішті.
К сожалению, я не смогу сегодня прийти. Өкінішке орай мен бүгін келе алмаймын
К тому же, я его люблю, как своего сына. Оның үстіне, мен оны өз баламдай жақсы көремін.
Каждый думает по-своему. Әр кәлләда бір қиял (Буквально: В каждой голове своя мечта).
Каждая девушка мечтает стать матерью. Әрбір бойжеткен ана болуды армандайды.
Каждый день идут дожди. Күнде жаңбыр жауады.
 2. Күн сайын жаңбыр.
Каждый день, когда я вижу тебя – это самый счастливый день для меня. Сен көрген әр күн мен үшін өмірдегі ең бақытты күн.
Каждый должен знать свои возможности. Әркім өз шамасын білу керек.
Каждый из нас может ошибаться. Әрбіріміз қателесуіміз мүмкін.
Каждый сам за себя. Әркім өзі үшін.
Каждый пошёл по своим делам. Әркім өз шаруасымен кетті.
Кажется, между ними что-то есть. Олардың арасында бірдеңе бар сияқты.
Кажется, мы найдём общий язык. Тіл табатын екенміз сияқты.
Кажется, он сильно обиделся на меня. Маған қатты ренжіп қалған сияқты.
Кажется слишком просто. Тым қарапайым секілді.
Кажется, ты ещё не привык.
 - Привыкну.
Сен әлі үйренбеген сияқтысың.
 - Үйреніп кетемін.
Кажется, ты ошибаешься. Сен қателесіп отырған сияқтысың.
Кажется, хозяйка дома строгая женщина. Үй қожайыны қатал әйел секілді.
Как Астана? Понравилась?
 - Всё хорошо. Астана – красивый город.
Астана қалай екен? Ұнады ма?
 - Бәрі жақсы. Астана әдемі қала.
Как будто первый раз меня видит. Мені бірінші рет көріп тұрғандай.
Как буду смотреть людям в глаза? Елдің көзіне қалай қараймын?
Как бы нам не опоздать. Кешігіп қалмайық.
Как бы ни было, я рад, что так получилось. Не да болса, бұлай болғанына қуаныштымын.
Как бы там ни было – уже поздно. Не болса да енді кеш.
Как бы это сделать? Бұны қалай істесек екен?
Как в ресторанах. Мейрамханалардағыдай.
Как в сказке! Тұра ертегідей!
Как, Вам не скучно здесь? Қалай, бұл жерде ішіңіз пыспай ма?
Как Вам не стыдно? Қалай ұялмайсыз?
Как Вам удобно, так и говорите. Өзіңізге қалай ыңғайлы солай айта беріңіз.
Как, весело там? Қалай, онда көңілді ме?
Как Вы используете свободное время? Бос уақытыңызды қалай пайдаланасыз?
Как вы, не замёрзли? Қалайсыңдар, тоңған жоқсыңдар ма?
Как Вы познакомились с ним? Ол кісімен қалай танысқан едіңіз?
Как Вы познакомились со своим мужем? Жолдасыңызбен қалай таныстыңыз?
Как Вы на это смотрите? Бұған қалай қарайсыз?
Как Вы себя чувствуете?
 - Ему нужен покой.
Өзіңізді қалай сезініп тұрсыз?
 - Бұл кісіге тыныштық керек.
Как вы это докажете? Оны қалай дәлелдейсіңдер?
Как Вы это объясните? Осыны қалай түсіндіресіз?
Как давно ты здесь?
 - Недавно только приехал. Месяц прошёл.
Мұнда келгеніңе қанша уақыт болды?
 – Жақында ғана келдім. Бір ай өтті.
Как дела, шкодник? Қалайсың, бүлдіргіш?
Как его звали? Аты кім еді?
Как его зовут говорить не буду. Оның аты-жөнін айтпай-ақ қояйын.
Как жаль! Неткен өкінішті!
Как же изменился мир. Стал полон плохих людей. Дүние қалай өзгеріп кеткен. Жаман адамдарға толып кетті.
Как же мне его найти? Қалай тапсам екен оны?
Как же мне похудеть?
 - Ну, мне бы твои проблемы.
Қалай арықтасам екен?
 - Туу, сенің уайымды маған берсе ғой.
Как же твоя фамилия? Сенің тегің кім еді?
Как же я соскучилась, знал бы ты! Қалай сағынғанымды білсең ғой.
Как захочу, так и сделаю. Ықтияр өзімде.
Как зовут твоего отца? Әкеңнің аты-жөні кім?
Как можно разрешить такую ситуацию? Мұндай жағдайды қалай шешуге болады?
Как можно успеть всё это сделать? Мұны бәрін қалай жасап үлгеруге болады?
Как мы будем оправдываться?
 - Разве мы должны оправдываться?
Біз қалай ақталамыз?
 - Ақталуымыз керек пе?
Как мы докажем? Қалай дәлелдейміз?
Как мы им сообщим эту горестную весть? Бұл қайғылы хабарды оларға қалай естіртеміз?
Как на личном фронте? Жеке өмірің қалай?
Как ни говори... Қалай дегенмен...
Как нужно ответить? Қалай жауап беру керек?
Как он быстро тебе надоел. Ол қалай тез сені ығыр қылып жіберді.
Как он мог? Қалайша оның дәті барды?
Как отдохнули? Қалай демалдыңыздар?
Как отметил день рождения? Туған күні қалай атап өттің?
Как пролетело время, мы и не заметили. Уақыт қалай өтіп кеткен біз байқамай да қалдымыз.
Как прошёл день? Күн қалай өтті?
Как прошёл (твой) вчерашний день? Кешегі күнің қалай өтті?
Как он появится, мы Вас оповестим. Келген бойда Сізге хабар береміз.
Как он тебя встретил? Ол сені қалай қарсы алды?
Как пиявка прилип и не отстаёт. Сүлік сияқты жабысып, айырылмайды.
Как прикажете! Бұйрығыңызға құлдық!
Как попало. Қалай болса солай
Как пролетело время, мы и не заметили. Уақыт қалай өтіп кеткен біз байқамай да қалдымыз.
Как семья? Отбасың қалай?
 2. Отбасыңыз қалай? (уважительно)
Как скажешь. Дегенің болсын.
Как сказать? Қалай айтсам екен?
Как сквозь землю провалился. Жер астына кіріп кеткендей.
Как слышится, так и пишется. Қалай естілсе, солай жазылады.
Как спалось (тебе)? Ты выспался?
 - Ещё как выспался!
Қалай ұйықтадың? Ұйқың қанды ма?
 - Қанғанда қандай!
Как так можно завидовать? Соншама қалай қызғануға болады?
Как так получилось? Бұл қалай болғаны?
 2. Қалайша бұлай болды?
Как твои одноклассники успевают? А ты нет. Сенің сыныптастарың қалай үлгеріп жүр? Ал сен үлгермейсің.
Как тебе Алматы, нравится? Алматы қалай саған, ұнап жатыр ма?
Как только земля держит таких людей? Осындай адамдар қалай ғана жер басып жүр екен?
Как-то не по себе. Бір түрлі болып тұр.
Как ты?!
 - Как видишь, хорошо.
Қалайсың?!
 - Көріп тұрғандай, жақсы
Как ты думаешь? Қалай ойлайсың?
Как ты думаешь, что теперь будет? Енді не болады деп ойлайсың?
Как ты его уговорил? Сен оны қалай көндірдің?
Как ты мог обещать? Қалай сен уәде бердің?
Как ты мог сюда прийти? Мында келуге дәтің қалай барды?
 2. Қай бетіңмен келдің?
Как ты мог только подумать такое? Ондайды қалай ғана ойладың?
Как ты мог так поступить?
 - Ты же смог.
Бұлай істеуге қалай дәтің барды?
 - Сенің дәтің барды ғой.
Как ты можешь говорить об этом, сохраняя спокойствие. Бұл жайлы қалай сабыр сақтап сөйлей аласың.
Как ты можешь говорить так, будто ничего не было? Түк болмағандай сөйлегенің қалай?
Как ты можешь сравнивать меня с собой? Мен өзіңмен қалайша салыстырасың?
Как ты на это смотришь? Сен бұған қалай қарайсың?
Как ты научился? Қалай үйреніп алғансың?!
Как ты не можешь понять, что я желаю тебе только добра. Саған тек жақсылық тілейтінімді түсінбегенің қалай?
Как ты, не скучаешь? Қалай, ішің пысқан жоқ па?
Как ты, не устал? Қалай, шаршаған жоқсың ба?
Как ты относишься к славе? Атаққа қалай қарайсың?
Как ты провёл день? Күніңді қалай өткіздің?
Как ты проводишь своё свободное время? Бос уақытыңды қалай өткізесің?
Как ты сильно изменился! Қалай қатты өзгеріп кеткенсің!
Как ты терпишь? Қалай шыдап жүрсің?
Как ты их терпишь? Мыналарға қалай шыдап жүрсің?
Как ты это делаешь? Сен мұны қалай істейсің?
Как ты это сделал? Научи меня тоже, пожалуйста. Мынаны қалай жасадың? Мені де үйретші.
Как? Ты закончил учебу?
 - Да, получил красный диплом.
Қалай? Оқуыңды бітірдің бе?
 - Иә, қызыл диплом алдым.
Как? Ты сможешь? Қалай? Қолыңнан келе ме?
Как у него дела?
 – Не могу сказать, что у него всё хорошо, но сказать, что плохо, тоже не могу!
Оның жағдайы қалай?
 – Бәрі жақсы деп айта алмаймын, бірақ жаманда деп айта алмаймын!
Как у тебя настроение?
 – Настроение у меня хорошее.
Көніл-күйің қалай?
 – Көңіл-күйім жақсы.
Как хорошо! Қандай жақсы!
Как хорошо Вы знаете казахский язык!
 – Как мне не знать, я родился и вырос в Казахстане, и поэтому разве не стыдно говорить, что не знаю казахского языка?
Қазақшаны қалай жақсы білесіз!
 – Қалай білмеймін, Қазақстанда туып-өскеннен кейін, қазақ тілін білмеймін дегенім ұят емес пе?
Как хорошо вы получились (на фотографии)! Сондай керемет шығыпсыңдар!
Как хотите, но это неправильно. Қалауыңыз білсің, бірақ бұл дұрыс емес.
Как это было? Расскажи. Бұл қалай болды? Айтып бер.
Как это случилось? Бұл қалай болды?
Как это так? Қалайша?
Как юноша. Бозбаладай.
Как я буду без тебя? Сенсіз қайтіп жүремін?
Как я буду жить без тебя? Сенсіз күнім не болмақ?
 2. Мен сенсіз қалай өмір сүремін? (калька)
Как я могу узнать? Қалай білсем болады?
Как я свяжусь с вами? Сіздермен қалай байланысамын?
Как я пойду с таким видом? Мына түріммен қалай барамын?
Как я понимаю, ты же не хочешь его наказывать. Менің түсінгенімше, сен оны жазаламайын деп тұрсың ғой.
Как я слышал. Естуімше.
Как-то не по себе. Бір түрлі болып тұр.
Как-то странно. Біртүрлі екен.
Какая же ты красивая! Қандай сұлусың өзің!
Какая красивая девушка! Неткен сұлу қыз!
Какая красивая пара! Қандай әдемі жұп!
Какая красота! Қандай әдемілік!
Какая любовь в нашем возрасте? Біздің жасымызда қайдағы махаббат?
Какая некультурная женщина! Не деген мәдениетсіз әйел!
Какая нужна помощь? Қандай жәрдем керек?
Какая ты счастливая! Сен қандай бақыттысың!
Какая у Вас есть мечта? Сіздің қандай арманыңыз бар?
Какие бесстыжие люди! Не деген ұялмайтын адамдар.
Какие вы жестокие! Неткен қатыгез едіңдер!
Какие вы хитрые! Қандай қу екенсіңдер!
Какие выводы можно будет сделать? Қандай қорытынды шығару болады?
Какие глупости! Қандай ақымақтық!
Какие достижения у тебя есть? Қандай жетістіктерің бар?
Какие изменения произошли, пока меня не было? Мен жоқта қандай өзгерістер болды?
Какие мы нежные! Нәзігін қарашы!
Какие произведения Бальзака ты читал? Бальзактың қандай шығармасын оқып едің?
Какие у вас отношения? Қарым-қатынастарыңыз қандай?
Какие у Вас новости? Сізде қандай жаңалық бар?
Какие у него крепкие нервы! Не деген жүйкесі мықты адам!
Какие у тебя есть способности? Сенің қандай қабілетің бар?
Какие у тебя планы? Жоспарың қандай?
Какие у тебя проблемы? Қандай проблемаларың бар?
Какое время года ты любишь? Сен жылдың қай мезгілін жақсы көресің?
Какое Вы имеете право? Сіздің қандай құқығыңыз бар?
Какое красивое имя! Қандай әдемі есім!
Какое он имеет к этому отношение? Оның бұған қандай қатысы бар?
Какое прекрасное утро! Қандай керемет таң еді!
Какое приятное место!
 - Да, это красивое место.
Қандай жағымды жер!
 - Иә, бұл жер әдемі
Какое твоё дело до меня! Менде шаруаң болмасын!
Какое у вас село красивое. Ауылдарың қандай əдемі.
Какой бы ты ни был, я тебя люблю. Қандай болсаң да мен сені жақсы көремін.
Какой же ты бессовестный! Қандай ұятсыз едің!
Какой же ты нетерпеливый! Қандай шыдамсыз едің!
Какой же ты хитрый! Неткен қу едің!
Какой он человек? Ол өзі қандай адам?
Какой сильный голос! Не деген күшті дауыс!
Какой смысл так делать? Бұлай жасаудың мәні қандай?
Какой стыд! Ұят-ай!
Какой счёт?
 - Счёт 1:1.
Есеп қандай?
 - Есеп бірде – бір.
Какой ты бессовестный. Қандай ұятсызсың.
Какой ты жадный! Қандай сараң едің!
Какой ты легкомысленный! Қандай ұшқалақсың!
Какой ты надоедливый! Неткен жабысқақ едің!
Какой ты наивный! Сен қандай аңқау едің!
Какой ты непонятливый! Не деген түсінбейтін адамсың!
Какой ты остроумный! Қандай тілің ащы!
Какой ты романтичный! Қандай романтиксің!
Какой ты счастливый!
 - Да, счастливый.
Қандай бақыттысың!
 - Иә, бақыттымын.
Какой ты упрямый! Не деген қырсық адамсың!
Какой ты хладнокровный! Қандай суық қандысың!
Какой ты чуткий! Қандай сақ едің!
Какой ты щедрый! Қандай жомарт едің!
Какой у Вас адрес? Сіздің мекен-жайыңыз қандай?
Какой у Вас рост? Сіздің бойыңыз қандай?
Какой ужас! Неткен сұмдық!
Какой чудесный день! Қандай керемет күн десеңші!
Канату это понравилось бы. Қанатқа бұл ұнаушы еді.
Кем ты будешь когда вырастешь? Өскенде кім боласың?
Клянусь Богом! Құдай атымен ант етемін!
Клянусь именем Аллаха! Алланың атымен ант етемін!
Ко всему привыкаем понемногу. Бәріне де кем-кемнен үйреніп келеміз.
Когда будет свадьба? (обращение к холостяку) Қашан той болады?
 2. Қашан ыстық бауырсақ жейміз?
Когда будешь возвращать долг? Қарызды қашан қайтарасың?
Когда Ваш день рождения? Сіздің туған күніңіз қашан?
Когда вернёшь? Қашан қайтарып бересің?
Когда вернёшься? Қашан қайтып келесің?
Когда вы встретились? Қашан кездестіңіздер?
Когда Вы переехали в Астану?
 - Пять лет назад.
Астанаға қашан көшіп келдіңіз?
 - Бес жыл бұрын.
Когда вырастешь, будешь богатырём. Өскенде батыр боласын.
Когда же ты прекратишь следить за мной? Мені андылғаныңды қашан қоясың осы?
Когда идёшь, смотри под ноги. Аяғыңның астына қарап жүрсеңші.
Когда кончатся мои мучения? Менің азабым қашан бітеді?
Когда мне приехать (прийти)?
 - Когда захочешь.
Қашан келейін?
 - Қалаған уақытында.
Когда мне что-то нужно, я забываю про сон. Өзіме керек кезде, ұйқы дегенді ұмытамын.
Когда мы возвращаемся? Біз қашан қайтамыз?
Когда она будет рожать? Қашан босанады?
Когда они успели познакомиться? Бұлар қашан танысып үлгерген?
Когда подрастешь – поймёшь. Өскенде түсінесің.
Когда приглашают – иди. Куда не приглашают - не ходи. Шақырған жерден қалма. Шақырмаған жерге барма.
Когда приехали (пришли)?
 - Только что приехал (пришёл).
Қашан келдіңіз?
 - Келген бетім осы.
Когда рядом сидит такая красота, я не хочу жить в своём ауле. (шутл.) Алдында осындай сұлу отырған кез-де, біздің ауылда тұрғым келмейді.
Когда слышу такие рассказы, сердце кровью обливается. Осындай әңгіме естісем, жүрегім қанымен жылайды.
Когда старшие говорят, надо слушать. Үлкендер айтқанда тыңдау керек.
Когда ты закончил школу? Мектепті қашан бітірдің?
Когда ты прекратишь ребячество? Балалықты қашан қоясың?
Когда ты родился? Қашан дүниеге келдің?
Когда у тебя начинается первый экзамен? Бірінші емтиханың қашан басталады?
Когда успеваешь отдыхать?
 - И на отдых нахожу время.
Қашан демалып үлгересің?
 - Демалысқа да уақыт таба аламын.
Когда успел жениться? Қашан үйленіп үлгергенсің?
Когда я вижу тебя, сердце моё начинает стучать. Сені көргенімде жүрегім дүрс-дүрс етіп соғады.
Когда я говорил вам такое? Қашан мен сендерге ондай сөз айттым?
Когда я есть, не бойся. Мен тұрғанда қорықпа.
Когда я звоню ему, гудки идут, но трубку он не берёт. Телефон соқсам байланыс барып тұр, бірақ көтермейді.
Когда я так поступал? Қашан сүйттім?
Когда я тебе отказывал? Мен саған қашан бас тартып едім?
Когда я тебя смогу увидеть? Сені қашан көре аламын?
Когда я тебя обманывал? Мен саған қашан өтірік айтып едім?
Когда-то шумно и весело проводили время. Бір кездері дүркіретіп жүруші едік.
 2. Бір кездері дүрілдеп жүрдік қой.
Кого мне опасаться? Мен кімнен сескенемін?
 2. Кімнен қауіптенемін?
Кого ты хочешь обмануть? Кімді алдағың келеді?
Кого вы хотите обмануть? Сендер кімді алдағыларың келеді?
Колыбельная песня. Бесік жыры.
Кому-то смешно, а кому-то горе. Біреуге күлкі, біреуге қайғы.
Кому тюрьма, а кому дом родной. Біреуге түрме, біреуге туған ұй.
Кому счастье, а кому – горе. Кімге бақыт, кімге қайғы.
Конец первой части. Бірінші бөлімнің соңы.
Конечная остановка. Соңғы аялдама.
Конечно, если у тебя хватит смелости. Әрине, егер батылың жетсе.
Конечно, не так. Әрине, олай емес.
Конечно, пусть будет так, как ты хочешь. Әрине, қалағаның болсын.
Конечно, тебе всё равно. Әрине, саған бәрі бір.
Красивая улыбка. Әдемі жымиыс.
Красивее тебя никого нет. Сенен сұлу ешкім жоқ.
Красиво получается. Әдемі шығып жатыр.
Крепись. Бекем бол.
Кризис среднего возраста. Орта жастағы дағдарыс.
Кроме Бога, не нужно ничего бояться. Құдайдан басқа ештеңеден қорықпау керек.
Кроме тебя, я не с кем счастлив не буду. Мен сенен басқа ешкіммен бақытты бола алмаймын.
Кроме этого, что ещё ты, можешь сделать? Сенің қолыңнан одан басқа не келеді?
Кстати, передавай ему привет. Айтпақшы, оған сәлем айт.
Кстати, я забыл тебя поблагодарить. Айтпақшы, саған алғысымды білдіруді ұмытып кетіппін.
Кто в этом доме мужчина – я или ты? Осы үйдің еркегі кім өзі – мен бе, сен бе?
Кто Вам нужен? Сізге кім керек еді?
Кто Вас воспитывал? Кім Сізді тәрбиелеген?
Кто вы такие?Сіздер кімсіздер?
Кто дома?Үйде кім бар?
Кто думал, что вот так встретимся. Осылай кездесеміз деп кім ойлаған.
Кто знает, встретимся ещё или нет? Енді кездесеміз пе жоқ па, кім біледі?
Кто знает, что у него на уме. Кім оның ішіне кіріп шығыпты дейсің.
Кто знал, что так будет... Бұлай болады деп кім ойлаған...
Кто испортил тебе настроение? Сенің көңіл-күйіңді бұзған кім?
Кто кричал? Айғайлаған кім?
Кто на него посмотрит? Кім оған қарайды?
Кто нас пожалеет? Бізді кім аяйды?
Кто нас теперь защитит? Бізді енді кім қорғайды?
Кто не ревнует, тот не любит.
 - Нет, ревность – это неуважение к тому, кого любишь.
Қызғанбаған адамда сүйіспеншілік те жоқ.
 - Жоқ, қызғаныш сүйгеніңді сыйламау деген сөз.
Кто опять настроил против меня дочь? Қызымды тағы кім маған қарсы қойған?
Кто подарил? Кім сыйлады?
Кто рано встаёт, тому Бог подаёт. Ерте тұрған бай болады.
Кто рядом с тобой? Как его зовут? Жаныңдағы кім? Аты кім оның?
 2. Қасыңда тұрған кім? Есімі қалай?
Кто сейчас не разводится? Қазір кім ажыраспай жатыр?
Кто смелый, тот и победит. Кім батыл, сол женеді.
Кто, интересно, спрашивает? Кім сұрап тұр екен?
Кто среди нас самый молодой? Ортамыздағы ең кішіміз кім?
 2. Арамыздағы ең жасы кім?
 3. Біздің ортамызда ең жасы кім?
Кто спрашивает твоего разрешения? Сенен кім рұқсат сұрайды?
Кто такой Серик? Серік деген кім?
Кто там был? Онда кім болды?
Кто твой любимый певец? Жақсы көретін әншің кім?
Кто твой отец и где он работает? Әкең кім болып, қайда жұмыс істейді?
Кто тебе мешает? Саған кім кедергі жасап жатыр?
Кто тебе скажет правду, кроме меня? Менен басқа саған кім шындықты айтады?
Кто тебе спать не дает? Саған кім ұйқы бермей жатыр?
Кто тебе это сказал? Мұны саған айтушы кім?
Кто тебя обидел? Саған кім тиді?
Кто тебя расстроил? Кім ренжітті сені?
Кто-то насильно тебе влил в рот? Біреу зорлап сенің аузыңа құйды ма?
Кто ты такой вообще? Сен кім едің өзі?
Кто ты такой, чтобы закрывать мой рот. Сен кім едің, менің аузымды жабатын.
Кто у тебя спрашивает? Сенен кім сұрайды?
Кто этот счастливчик? Ол бақытты адам кім екен?
 2. Мынау жолы болғыш кім екен?
Кто-то насильно тебе вливал водку? Біреу зорлап сенің аузыңа арақ құйды ма?
Куда Вы ездили, где были? Қайда жүріп, қайда болдыңыз?
Куда вы направились? Қайда бет алдыңдар?
Куда вы собрались? Қайда жиналып жатырсыңдар?
Куда едите, давайте довезу? Қай жерге барасыңдар, жеткізіп салайын?
Куда мне с ним равняться! Маған онымен тең келу қайда!
Куда мы едем (идём)? Қайда бара жатырмыз?
Куда путь держите? Қайда жол тартыңдар?
Куда я очки подевал? Көзілдірігімді қайда тастадым екен?



©  Татьяна Валяева   2007–2019
http://kaz-tili.kz/
 <<  Вернуться к разговорникам Вернуться к началу  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв