Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 Работа
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 H 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
 В быту
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 Н 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
На собрании
Резолюция/виза
Характеристика
Вернуться
к другим
разговорникам

В быту, А-Б

Русско-казахский сборник фраз и словосочетаний


Авторы: Р. Керимбаев, А. Керимбаев

А
А в это время. Сөйтіп тұрған кезде.
А вот в чём дело! Е, міне әңгіме қайда жатыр!
А, вот как оказывается! Е, осылай екен ғой!
А вот наша жизнь, к сожаленью, далека от совершенства. Ал біздің өміріміз, өкінішке орай, кемелділіктен алыс.
А вот, он и сам идёт. Әне, өзі де келе жатыр.
А, вот оно как, а я то думал... Бәсе...
А, вот ты где? Е, мұнда екенсің ғой!
А Вы готовы к переменам? Ал Сіз өзгеріске дайынсыз ба?
А Вы здесь, оказывается. Сіз осында екенсіз ғой.
А вы что делали?! Ал, сіздер не бітірдіңіздер?!
А Вы что подумали? Ал Сіз не деп ойладыңыз?
А где он сам?
 - Дома лежит.
Өзі қайда екен?
 - Жатыр үйіңде.
А для желающих вход свободный? Ал келемін деушілерге есік ашық па?
А до остальных мне дела нет. Ал, қалғандарында менің шаруам жоқ.
А долго мне ждать? Көп күтемін бе?
А если ничего не выйдет? Ал егер ештеңе шықпаса?
А если бы с вами что-нибудь случилось? Ал егер сендерге бір нәрсе болып қалса ше?
А если ты был на моём месте, как бы ты решил? Ал, менің орнымда болсаң, сен қалай шешер едің?
А есть у вас что-нибудь выпить?
 - Ничего такого нет.
Ал ішетін бірдемелерің бар ма?
 - Ондай ештеме болмай тұр.
А иначе, пожалеешь, что родился на этот свет. Әйтпесе, өмірге келгеніңе өкінетін боласың.
А как Вас зовут? Ал Сіздің атыңыз кім?
А как могло быть иначе? (А как же иначе?) Ал басқа қалай болушы еді?
 2. Басқаша қалай сонда?
А как ты можешь помешать ему? Ал оған қалай кедергі жасамақсың?
А кто его знает! Әй, қайдам!
А кто не мечтает? Ал кім армандамайды?
А кому сейчас легко? Ал қазір кімге оңай болып жүр?
А когда пришёл, была такой смирной, послушной, прямо ангелочек. Келген кезінде жуас, елгезек, періште едің.
А куда торопиться? Асығудың не керегі бар?<
А мне непонятно. Ал маған түсініксіз.
А можно мне завтра пойти? Ертең барсам қайтеді?
А мы говорим на казахском! Біз болсақ, қазақша сөйлейміз!
А мы что будем делать? Ал біз не істейміз?
А обязательно нужно говорить? Міндетті түрде айту керек пе?
А по сути, я не такой. Ал шын мәнінде, мен ондай емеспін.
А пока возьмите это. Ал әзірге мынаны ала тұрыңыз.
А пораньше никак нельзя?
 - К сожаленью, нельзя.
Ертерек болмай ма?
 - Өкінішке орай, болмайды.
А потом мы помирились. Кейін татуласып кеттік.
А разве не видно? Көрінбей тұр ма?
А разве не так? Олай емес пе?
А теперь, всех приглашаю танцевать! Ал енді, бәріңізді биге шақырамын!
А теперь расскажите мне о себе. Ал енді маған өзіңіз жайлы айтып беріңіз.
А теперь улыбнись. Енді жыми.
 2. Енді күлімсіре.
...а то, перед людьми будет стыдно. ...әйтпесе, елден ұят болады.
А то, что не посоветовался с тобой, не обижайся. Ал сенімен ақылдаспағаныма ренжіме.
А ты? Сен ше?
А ты будешь жить долго. Сенің жасың ұзақ болады екен.
А ты как думаешь? Ал сен қалай ойлайсың?
А ты не замечаешь, что ему на нас наплевать? Оның бізге түкіргені бар, байқамайсың ба?
А ты очень красивая, оказывается! Өзің сұп-сұлу екенсің!
А ты куда смотришь? Ал сен қайда қарап отырсың?
А ты можешь не портить мне настроение? Менің көңіл-күйімді бұзбасаң болмай ма?
А ты не замечаешь, что ему на нас наплевать? Оның бізге түкіргенім бар, байқамайсың ба?
А ты не расстраивайся. Ал сен көңілді түсірме.
А ты ничего не говоришь. Сен болсаң ештеңе айтпайсың.
А ты поправился. Ал сен толып кетіпсің.
А ты почему молчишь? Ал сен неге үндемей отырсың?
А ты, сынок, не морочь мне голову. Ал сен, балам, басымды қатырма.
А ты, ты загубил мою жизнь. Ал сен болсаң, менің өмірімді құрттың.
А ты? Ты что можешь делать? Ал сен ше? Қолыңнан не келеді?
А ты, оказывается, умеешь считать. Санауды білесің ғой.
А ты чего молчишь? Ал сен неге үндемейсің?
А ты что сказал? Ал сен не дедің?
А ты щедрый, оказывается! Жомарт екенсің!
А что мы с этим будем делать? Ал мынаны не істейміз?
А что, если после обеда? Түстен кейін ше?
А я стал дедушкой (а я стала бабушкой). Ал мен немерелі болдым.
А я думал, что ты знаешь. Сені біледі екен деп жүрсем.
А я другого мнения. Ал мен басқаша пікірдемін.
 2. Ал менің пікірім басқаша.
А я не знал, спасибо. Рақмет, мен білмеген екенмін.
А я не согласен. Ал мен келіспеймін.
А я ничего неприличного не сделал. Ал мен әбес ештеңе жасағаным жоқ қой.
А я что говорил? Ал мен не деп едім?
 2. Ал мен не айтып едім?
 3. Ал мен не дедім?
А я что могу сделать? Ал мен не істей аламын?
Алло! Я хотел бы сообщить о преступлении. Алло! Мен қылмыс туралы ақпарат берейін деп едім.
Аплодируйте! Шапалақ соғыңыздар!
Б
Бедный мой ребёнок. Байғұс балам-ай.
Бедняжка, изведёт себя переживаниями. Байғұс, уайымдап бітеді ғой.
Без Вашей помощи нам не справиться. Сізден қайран болмаса, біздің қолдан келері жоқ.
Без всякого сомнения. Дау-дамайсыз.
 2. Еш күмәнсіз.
 3. Ешбір күдіксіз.
Без денег и шагу не ступишь. Ақшасыз бір қадам аттай алмайсың.
Без мала год прошёл. Аз дегенде бір жыл өтті.
Без нас куда вы пойдёте?
 – Без вас мы далеко не уйдём.
Бізсіз қайда барасыңдар?
 – Сіздерсіз біз алысқа бара алмаймыз.
Без нашего разрешения никуда не уходи. Біздің рұқсатымызсыз ешқайда кетпе.
Без них было бы трудно. Оларсыз қиын болар еді.
Без разницы. Айырмасыз.
 2. Айырмасы жоқ.
Без тебя было трудно. Сенсіз қиын болды.
Без тебя жить невозможно. Сенсіз өмір сұру мүмкін емес.
Без тебя здесь будет почище. Сенсіз мына жер тазарақ болады.
Без тебя моя жизнь – тёмная тюрьма. Сенсіз өмірім – қараңғы қапас.
Без тебя той не начнётся. Сенсіз той басталмайды.
Безвыходных ситуаций не бывает. Шешімі табылмас дүние жоқ.
 2. Шығу амалы жоқ жағдайлар болмайды.
Белоручка. Ақ саусақ.
Береги себя! Өзіңе сақ бол!
 2. Өзіңе абай бол!
Бери с меня пример. Менен үлгі алсаңшы.
Бесит меня. Жыным келіп тұр.
Бессовестный! Ұятсыз!
Благодаря отцу. Әкесінің арқасында.
Благодаря тебе, хорошо сидим, отдыхаем. Сенің арқаңда керемет демалып отырмыз.
Благодаря этому человеку, мы дожили до сегодняшних дней. Сол кісінің арқасында осы күнге жеттік қой.
Ближайший месяц. Таяудағы ай.
Бог даст, будет. Бұйырса болар.
Бог даст, доберёмся вовремя. Құдай қаласа, кешікпей жетеміз.
Бог его знает. Құдай білсін.
Бог мой, спаси меня от мучений! Құдайым-ау мені азаптан құтқаршы!
Бог свидетель, я не хотел так сделать. Алла куә, олай жасағым келмеді.
Бог тебя наказал. Құдай сені жазалапты.
Бог тебя сберёг. Құдай сені сақтап қалды.
Богач-скряга. Сасыған бай.
Боже, упаси нас от войны! Соғыстан Құдай сақтасын!
Боже, упаси от этого! Құдай одан сақтасын!
Бокс убивает здоровье. Бокс денсаулықтың түбіне жетеді.
Больше врать не буду. Енді өтірік айтпаймын.
Больше к нам не подходи. Бізге енді жолаушы болма.
Больше мне на глаза не попадайся! Енді көзіме көрінбе!
 2. Көзіме енді көрінуші болма!
Больше мне сказать нечего. Басқа айтарым жоқ.
Больше не смей меня обманывать! Говори правду! Маған енді өтірік айтушы болма! Айт шындықты!
Больше ничего не говори. Енді ештеңе айтпа.
Больше такого не будет. Енді ондай болмайды.
Большой секрет. Үлкен құпия.
Боюсь тебе сказать. Саған айтуға қорқып жүрмін.
Брат, тебе меня совсем не жалко. Маған мүлдем жаның ашымай ма, бауырым.
Брось, я сказал! Убери руку! Таста дедім мен саған. Тарт қолыңды!
Будет здоровье, будет всё. Денсаулық болса бәрі болады.
Будет маленькая вечеринка. Кішігірім кеш болады.
Будешь нашим ребёнком? (шутл.) Біздің үйге бала боласың ба?
Будешь спать спокойно. Тыныш ұйықтайтын боласын.
Будешь спорить? Бәстесесің бе?
Будущее за вами. Болашақ сендердікі.
Будь осторожен! Абайлап жүр!
Будь осторожен, не испачкай одежду. Абайла, киіміңді ластап алма.
 2. Байқа, киіміңді былғап алма.
Будь осторожен, чтобы они не заподозрили.
 – Об этом не переживайте. Буду внимательным.
Абайла, олар күдіктеніп қалмасын.
 – Ол жағын уайымдамаңыз. Мұқият боламын.
Будь осторожней, не упади! Байқа, құлап қалма!
Будь по-твоему. Сенің дегенің болсын.
Будь примером для других! Басқаларға үлгі бол!
Будь умным! Ақылды болып жүр!
Будьте для нас примером. Бізге үлгі болыңыз.
Будьте, как дома. Держите себя свободно. Өз үйіңіздегідей болыңыз, еркін отырыңыз.
Будьте осторожней, Вы чуть не упали. Байқаңыз, жығылып қала жаздадыңыз ғой.
Будьте осторожны! Байқап жүріңіз!
Будьте моей музой! Менің шабытым болыңыз!
Бывший в употреблении. Қолданыста болған.
 2. Бұрын қолданыста болған.
Было очень весело. Өте көңілді болды.
Быстрее, быстрее, быстрее! Тез, тез, тез!
Быстрее выздоравливаете. Тез жазылыңыз.
Быстро отвечай! Тез жауап бер!
Быстро собирайся, возвращаемся. Тез-тез жинал, қайтамыз.



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Работа, Я Вернуться к началу В быту, В  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга