Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 Работа
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 Н 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
 В быту
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 Н 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
На собрании
Резолюция/виза
Характеристика
Вернуться
к другим
разговорникам

Работа, Р-С

Русско-казахский сборник фраз и словосочетаний.
Краткий русско-казахский сборник


Авторы: Р. Керимбаев, А. Керимбаев

Р
Работа важнее. Жұмыс маңыздырақ.
Работа над ошибками. Қатемен жұмыс.
Работа никуда не убежит. Жұмыс ешқайда қашпас.
Работа есть работа. Жұмыстың аты жұмыс.
Работайте самостоятельно. Өз бетіңізбен жұмыс істеңіз.
Работодатель. Жұмыс беруші.
Работы много, времени мало. Жұмыс көп, уақыт аз.
Рабочая обстановка. Жұмыс ахуалы.
Равны ли женщина и мужчина? Әйел мен еркек тең бе?
Рад слышать. Естігеніме қуаныштымын.
Раз начал говорить, заканчивай. Бастаған сөзді аяққа жеткіз.
Разбитую чашку не склеишь. Сынған кесені қайтып құрай алмайсың.
Разве мы так договаривались? Біз осылай келістік пе?
Разве так можно? Солай етуге бола ма?
Разве так решают проблемы? Мәселелерді осылай шеше ме екен?
Разве так шутят? Сондай қалжың бола ма?
Разве это так? Осылай ма еді?
Развитые страны. Дамыған елдер.
Разговаривайте, я не буду мешать. Сөйлесе беріңдер, мен бөгет болмаймын.
Разделяем Вашу радость! Қуанышыңызға ортақпыз!
Разделяй и властвуй. Бөліп ал да, билей бер.
Размечтался. Армандапсың.
Разобью его вдребезги. Оның быт-шытын шығарамын.
Разрешите Вам помочь. Көмектесуге рұқсат етіңіз.
Разрешите выйти? Шығуға рұқсат па?
Разрешите доложить? Баяндауға рұқсат етіңіз?
Разрешите мне сказать? Айтуыма рұқсат етіңізші?
Разрешите нам идти. Бізге кетуге рұқсат етіңіз.
Разрешите объяснить. Түсіндіруге рұқсат етіңіз.
Разрешите посмотреть (документ)? Қарап шығуға рұқсат беріңіз?
Разрешите представиться. Өзімді таныстыруға рұқсат етіңіз.
Разрешите пройти, пожалуйста. Өтіп кетуге рұқсат етіңізші.
Рано или поздно всё встанет на свои места. Ерте ме, кеш пе бәрі өз орнына келеді.
Рано или поздно придётся возвращать. Ерте ме, кеш пе қайтару керек.
Рано или поздно так будет. Ерте ме, кеш пе солай болады.
Рано или поздно ты всё поймёшь. Ерте ме, кеш пе сен барлығын түсінесің.
Рано или поздно, это бы случилось. Ерте ме, кеш пе осылай болар еді.
Раньше было так. Бұрын солай болатын.
Раньше где Вы работали? Бұрын қайда жұмыс істедіңіз?
Раньше ты не был таким. Бұрын мұндай емес едің.
Распивать спиртные напитки строго запрещено. Спиртті ішімдіктерді ішуге қатаң тыйым салынады.
Рассмотрен ряд важных вопросов.
 – Решён ряд вопросов.
Бірқатар маңызды мәселе қарастырылды.
 – Бірқатар мәселе шешілді.
Рассмотрено ли моё заявление? Менің өтінішім қаралды ма екен?
Рассмотрим любые предложения. Кез келген ұсыныстарыңызды қарастырамыз.
Расписка была подписана в моём присутствии. Қолхатқа менің көзімше қол қойылды.
Распишитесь здесь. Мына жерге қол қойыңыз.
Располагайся поудобнее. Жайғасып отыр.
 2. Жайғаса бер.
Расскажи мне всё по порядку. Маған бәрін рет-ретімен айтып берші.
Расскажи сначала об этом. Соныңды айтшы алдымен.
Рассмешили же Вы меня. Күлкімді келтірдіңіз ғой.
Рассмотрено ли моё заявление? Менің өтінішім қаралды ма екен?
Рассмотрим любые предложения. Кез келген ұсыныстарыңызды қарастырамыз.
Реализация планов. Жоспарды жүзеге асыру.
Реальное положение дел. Iстiң нақтылы жайы.
Ребёнку, который не плачет, грудь не дают. Жыламаған балаға емшек бермейді.
Редко встречающееся слово. Сирек кездесетін сөз.
Результата ещё нет. Нәтиже әлі шыққан жоқ.
Результатом я доволен. Нәтижеге көңілім толды.
Результаты проверки. Тексеру қорытындысы.
Резюмируя... Түйіндей айтқанда...
Рекомендации комиссии. Комиссияның ұсыныстары.
Решаем производственные вопросы. Өндірістік мәселелерді шешіп жатырмыз.
Решение принято. Шешім қабылданды.
Решение суда. Сот шешімі.
Решил тебя повидать. Сені көріп кетейін деп едім.
Решили зайти к тебе. Саған келіп кетуге бел будық.
Рот всем не закроешь. Елдің аузына қақпақ бола алмайсың.
Ругаемся, миримся, опять ругаемся. Ұрсысамыз, татуласамыз, тағы да ұрсысамыз.
Рука у вас лёгкая. Қолыңыз жеңіл екен.
Руководитель кадровой службы. Кадр қызметінің басшысы.
Руководитель организации. Ұйым басшысы.
Руководство к действию. Іс-әрекетке басшылық.
Руководящая должность. Басшылық қызмет.
С
С большим удовлетворением. Зор қанағатпен.
С большой радостью. Зор қуанышпен.
С Вами приятно общаться. Сізбен тілдесу бір ғанибет.
С Вашей точки зрения... Сіздің көзқарасыңыз бойынша...
С возвращением. Қайта оралуыңмен.
С голоду ты не умрёшь, работа всегда найдётся. Аштан өлмейсің, екі қолға бір күрек қашан да табылады. (букв.: С голоду ты не умрёшь, для двух рук лопата всегда найдётся).
С детства интересуюсь. Бала күнімнен қызығамын.
С другой стороны. Екінші жағынан.
С занесением в личное дело. Жеке басының ісіне жазып қою.
С каждым днём происходит всё больше интересных вещей. Күннен күнге қызық нәрселер көбейіп бара жатыр.
С каких это пор ты стал мне врать? Сен осы қашаннан бері маған өтірік айтатын болғансың?
С какого времени? Қай кезден бері.
С какой целью? Қандай мақсатпен?
С моей точки зрения. Менің көзқарасым бойынша.
С нашей стороны всё правильно. Біз жақтан бәрі дұрыс.
С нашей точки зрения. Біздің ойымызша.
С нетерпением жду Вашего ответа! Жауабыңызды тағатсыздана күтемін!
С ним мы встретимся после обеда. Онымен түстен кейін жолығамыз.
С ним невозможно говорить. Онымен сөйлесу мүмкін емес.
С нового года повысят зарплату. Жаңа жылдан бастап жалақы көбейетін болады.
С одной стороны, это правильно. Бір жағынан, бұл дұрыс.
С одной стороны, я радуюсь, с другой – боюсь. Что же будет...? Бір жағынан, қуанып тұрмын, бір жағынан, қорқып тұрмын. Не болар екен...?
С первого раза. Бірінші реттен.
С приездом Вас, на нашу Павлодарскую землю! Біздің Павлодар еліне келуіңізбен!
С проблемами мы вроде справляемся. Мәселелерімізді шешуге шамамыз жетіп жатқан сияқты.
С разрешения начальника. Бастықтың рұқсатымен.
С самого начала знал, что так будет! Осылай болатынын басынан білгенмін!
С сегодняшнего дня приступайте к работе. Бүгіннен бастап жұмысқа кірісіңіз.
С таким руководителем не соскучишься. Мұндай басшымен ішің пыспайды.
С удовольствием. Шын көңілмен.
С утра до вечера. Таңертеңнен кешке дейін.
С учётом НДС. Қосылған құн салығын (ҚҚС) ескере отырып.
С чего же мне начать? Неден бастасам екен?
С чего начнём? Неден бастаймыз?
С чего же мне начать? Неден бастасам екен?
С чего ты это взял? Оны қайдан шығардың?
С чего это ты на такси раскатываешься? Неменеге жетісіп, таксилетіп жүрсің?
С чем пожаловали? Не шаруамен келіп қалдыңыз?
С этого всё и началось. Бәрі осыдан басталды.
С этого тебе надо было начинать! Басынан бастап солай демейсің бе!
Садись в такси и быстро приезжай на работу. Таксиге отыр да, жұмысқа тез кел.
Садись поближе. Жақынырақ отыр.
Садитесь рядом со мной. Менің қасыма отырыңыз.
Садитесь, что стоите? Отырыңдар, неғып тұрсыңдар?
Сам выбери свою дорогу. Өз жолыңды өзің таңда.
Сам заварил кашу, сам расхлёбывай . Өзін былықтырдың, өзің шеш.
Сам знаешь, всякое может случиться. Өзің білесің ғой, бәрі де болуы мүмкін.
Сам иди, тебе же нужно. Өзін бар, саған керек қой.
Сам не может связать два слова по-казахски. Өзі қазақша екі сөздің басын құрай алмайды.
Сам себе хозяин. Өзіне өзі қожа.
Сам что делал? Өзің не істедің?
Сами подумайте, зачем мне это нужно? Өзіңіз ойлаңызшы, ол маған не үшін керек?
Самое главное – здоровье, мир среди людей. Ең бастысы, бас амандығы, елдің тыныштығы.
Самое главное, не паникуйте. Ең бастысы, абыржымаңыз.
Самое интересное только начинается. Ең қызығы енді басталады.
Самое интересное ещё впереди. Ең қызығы әлі алда.
Самое меньшее. Ең кем дегенде.
Санитарный день. Санитарлық күн.
 2.Тазалық күні.
Сбор, обработка, хранение и использование информации. Ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану.
Сведения об авторах. Авторлар туралы мәліметтер.
Сверхурочная работа. Үстеме жұмыс.
Свидетельские показания. Куәгерлердің түсініктері.
Свобода слова. Сөз бостандығы.
Своевременно и в полном объёме Дер кезінде және толық көлемінде.
Свои проблемы я решу сам. Өз мәселемді өзім шешемін.
Своих не бросаем. Өз адамдарымызды қиындықта қалдырмаймыз.
Сделаем всё возможное. Қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.
Сделай мне предложение, пожалуйста, от которого нельзя отказаться. Маған бас тартпайтын ұсыныс жасашы.
Сделай что-нибудь. Бірдеңе істесеңші.
 2. Бір нәрсе істесеңші.
Сделайте копию. Көшірмесін жасаңыз.
Сделайте это тихо, чтобы никто не узнал. Мұны ешкімге білдірмей жасаңыз.
Сделал специально для Вас. Сізге арнап жасадым.
Сделанное добро зря не пропадет. Жақсылық жерде қалмайды.
Сделаю всё, что смогу. Қолымнан келгеннің бәрін істеймін.
Себя в обиду не давай. Өз есеңді ешкімге жіберме.
Сегодня – Ваш день. Бүгін — Сіздің күніңіз.
Сегодня был очень удачный день. Бүгін өте сәтті күн болды.
Сегодня в Алматы было землетрясение. Бүгін Алматыда жер сілкінісі болды.
Сегодня или завтра. Бүгін я ертең.
Сегодня какое число? Бүгін нешесі?
Сегодня какой день недели? Бүгін аптаның қай күні?
Сегодня мы встретиться не сможем. Бүгін кездесе алмаймыз.
Сегодня мы не работаем. Сегодня – санитарный день. Бүгін біз жұмыс істемейміз. Бүгін – тазалық күні.
Сегодня мы неплохо поработали. Бүгін жаман жұмыс істеген жоқпыз.
Сегодня наш праздник. Бүгін біздің мереке.
Сегодня отлежусь, приду в себя. Не волнуйся. Бүгін демалып, өз-өзіме келемін. Уайымдама.
Сегодня прекрасно выглядите. Бүгін құлпырып тұрсыз.
Сегодня третье. Бүгін үші.
Сегодня ты мне не нравишься. Бүгін маған ұнап тұрған жоқсың.
Сегодня ты что-то рано пришёл. Бүгін ерте келдің ғой.
Сегодня у меня день рождения. Бүгін менің туған күнім.
Сегодняшняя молодёжь не работает по своей специальности. Бүгінгі жастар өз мамандықтарымен жұмыс істемейді.
Сезонная работа. Маусымдық жұмыс.
Сейчас все сплошь грамотны. Қазір бәрі тегіс сауатты.
Сейчас всё выясним. Қазір бәрін анықтаймыз.
Сейчас всё деньгами решается. Қазір бәрі ақшамен шешіледі.
Сейчас начальник занят. Қазір бастық бос емес.
Сейчас ничего не могу сказать. Қазір ештеңе айта алмаймын.
Сейчас он совершенно изменился. Қазір ол мүлде өзгерді.
Сейчас рыночное время. Қазір нарық заманы.
Сейчас свободная жизнь, свободный стиль. Қазір еркін өмір, еркін стиль.
Сейчас тебе что-то скажу. Но ты поклянись, что никому не скажешь. Қазір саған бірдеңе айтамын. Бірақ ешкімге айтпаймын деп ант бер.
Сейчас ты у меня получишь. Қазір таяқ жейсің.
Сейчас у меня денег нет. Қазір ақшам жоқ.
Сейчас узнаю. Қазір біліп келемін.
Сейчас я покажу тебе что-то интересное. Мен саған қазір қызық бірдеңе көрсетемін.
Сейчас я принесу. Қазір мен алып келемін.
 2. Қазір әкелемін.
Секрет успеха. Табыстың құпиясы.
Семь раз отмерь, один раз отрежь. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Сиди здесь, пока я не приду. Мен келгенше осында отыр.
Сиди, не заносись! Отыр, әкіреңдемей!
Сиди-ка, не сходи с ума. Сен осы құтырмай отыршы.
Сидя дома денег не заработаешь. Үйде отырып, ақша таппайсың.
Сила воли. Ерік күші.
Сильно не радуйся. Қатты қуанба.
Сильно сказано. Күшті айтылған екен.
Синхронный перевод. Ілеспе аударма.
Скажешь про себя и оставишь. Ішіңнен айтасың да қоясың.
Скажешь тоже. Сен де айтады екенсің.
Скажи причину. Себебін айт.
Скажи снова. Қайта айтшы.
Скажи что-нибудь, пожалуйста. Бірдеңе айтшы.
Скажи, что не знаешь. Білмеймін деп айта сал.
Скажите мне это... Маған мынаны айтыңызшы...
Скажите, пожалуйста, простым языком. Қарапайым тілмен айтып беріңізші.
Скажите, что меня нет. Мені жоқ деп айтыңыз.
Скажу тебе по секрету. Саған құпиялап айтайын.
Сказано-сделано. Айтты-орындалды.
Сказать тебе что-то? Мен саған бір нәрсені айтайын ба?
Склероз – неизлечимая болезнь. Склероз – емделмейтін ауру.
Сколько бы я ни искал, так и не нашёл. Қанша іздесем де, таба алмадым.
Сколько времени прошло с тех пор, как начали учить?
 - Два года.
Қанша уақыт болды үйренгеніңізге?
 - Екі жыл болды.
Сколько времени уйдёт на транспортировку? Тасымалдауға қанша уақыт жұмсалады?
Сколько мне ждать? Қанша күтуім керек?
Сколько можно говорить о работе, давай поговорим о другом. Жұмыс туралы қашанғы сөйлесеміз, басқа тақырып туралы айтайық.
Сколько ни говори, ему всё равно. Оған не айттың, не айтпадың бәрібір.
Сколько раз Вам нужно повторять? Сізге қаншама рет қайталауға болады?
Сколько раз могу говорить? Қанша рет айтамын?
Сколько раз тебе говорил: «Не морочь мне голову!» Саған қанша рет айттым: «Басымды қатырма!»
Сколько раз тебе нужно говорить? Саған неше рет айтуға болады?
Сколько раз я тебе предлагал. Саған қанша рет ұсындым.
Сколько скажешь, столько и дадим. Қанша десең, сонша береміз.
Сколько ты зарабатываешь? Айлығың қанша?
Сколько у Вас детей? Сіздің неше балаларыңыз бар?
Сколько человек работает в Вашем коллективе? Ұжымыңызда қанша адам жұмыс істейді?
Сколько это может продолжаться? Бұл қашанға дейін созылады?
Следите за своими словами. Тіліңізге ие болыңыз.
 2. Байқап сөйлеңіз.
Следствие не дало никаких результатов. Тергеу ешқандай нәтиже бермеді.
Следует заметить. Атап өту үшін.
 2. Еске салу үшін.
Следующий! Келесі!
Служебная записка. Қызмет жазбахаты.
Служебное расследование. Қызметтік тексеру.
Служебные вопросы. Қызметтік мәселелер.
Служебный подлог. Қызметтік қасақылық.
Случай связан с деятельностью жертв преступления. Оқиға қылмыс құрбандарының қызметімен байланысты.
Случайно допущенная ошибка. Байқаусыз кеткен қате.
Случилась неприятная ситуация. Бір ыңғайсыз жағдай болып қалды.
Случилась такая ситуация. Осындай жағдай болды.
Слышали новость? Жаңалықты естідіңдер ме?
Смирно. (арм.) Тік тұр.
Смотрите на обороте. Келесі бетке қараңыз.
Сначала вы, пожалуйста, исправьте свою жизнь... Сіздер алдымен өз өмірлеріңізді түзетіп алыңыздаршы…
Сначала научись правильно писать. Алдымен дұрыстап жазуды үйрен.
Сначала подумайте, потом пишите. Алдымен ойлаңыз, сосын жазыңыз.
Сначала посоветуемся с народом. Алдымен халықпен кеңесейік.
Сначала распечатайте эти документы, пожалуйста. Алдымен мына құжаттарды шығарып беріңізші.
Сними верхнюю одежду. Сырт киіміңді шеш.
Со временем вы свыкнетесь. Уақыт өте келе үйреніп кетесіз.
Со всех концов, всесторонне. Жан-жақтан.
Со вчерашнего дня. Кешеден бері.
Со дня подписания. Қол қойылған күнінен бастап.
Со мной спорить не нужно. Менімен айтысудың қажеті жоқ.
 2. Менімен салғыласудың қажеті жоқ.
Соберись с силами. Күшіңді жинап ал.
Собираемся сегодня вечером выехать. Біз кешке жолға шыққалы отырмыз.
Собирай вещи и освободи место. Заттарды жина да, орныңды босат.
Собираюсь на работу.
 – Какая работа? Сегодня же суббота.
Жұмысқа жиналып жатырмын.
 - Қайдағы жұмыс? Бүгін сенбі ғой.
Соблюдайте правила пожарной безопасности. Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтаңыздар.
Соблюдайте режим труда и отдыха. Еңбек пен демалыс тәртібін сақтаңыз.
Совершенно верно. Әбден дұрыс.
Совершенно неожиданно. Ойламаған жерден.
Совместное предприятие. Бірлескен кәсіпорын.
Согласен, я совершил глупость. Келісемін, ақымақтық жасаппын.
Согласно графику. Кестеге сәйкес.
Согласно приказу. Бұйрық бойынша.
Согласно описи. Тізімдеме бойынша.
Согласно постановления акимата. Әкімдік қаулысына сәйкес.
Согласно расчёту. Есеп айырысуға сәйкес.
Согласно решению. Шешімге орай.
Согласно сведениям. Мәліметтеріне сәйкес.
Согласно штатному расписанию. Штаттағы кесте бойынша.
 2. Штаттық кестеге сәйкес (В соответствии со штатным расписанием).
Согласованный план. Келісілген жоспар.
Сожалею о потерянном времени. Босқа өткен уақытқа өкінемін.
Созданы благоприятные условия для работы. Жұмыс үшін қолайлы жағдай жасалған.
Сон в руку. Түсінде көргені өңінде келді.
Сообщаем следующее. Мынаны хабарлаймыз.
Соответственно. Тиісінше.
Соответствующие меры. Тиісті шаралар.
Сопроводительный документ. Ілеспе құжат.
Состав семьи. Отбасы құрамы.
Составлено в трёх экземплярах. Үш дана етіп жасалған.
Составляется в произвольной форме. Еркін түрде жасалады.
Сохраните этот файл. Мына файлды сақтаңыз.
Социальная защита и занятость населения. Әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту.
Списать по акту. Акт бойынша есептен шығару.
Справка о местожительстве. Тұрғынжайы туралы анықтама.
Спроси что-нибудь полегче. Жеңілірек бірдеңе сұрашы.
Сразу бросается в глаза. Бірден көзге түседі.
Срок годности истёк. Жарамдылық мерзімі бітті.
 2. Жарамдылық мерзімі өтіп кетті.
Срок указан? Мерзімі көрсетілген бе?
Срочная работа. Тығыз жұмыс.
Срочно зайдите ко мне в кабинет. Кабинетіме шұғыл түрде келіңіз.
Срочное поручение. Шұғыл тапсырма.
Срочный документ. Шұғыл құжат.
Стаж работы. Жұмыс өтілі.
Стандартный лист бумаги. Қалыпты қағаз парағы.
Старайся быть терпеливым. Шыдамды болуға тырыс.
Старайтесь приходить вовремя. Уақытында келуге тырысыңыз.
Сто процентов гарантии может дать только Бог. Жүз пайыз кепілдік тек Құдайдың қолында.
Стой, стрелять буду! (арм.) Тоқта, атамын!
Стопроцентно точная информация. Жүз пайыз анық ақпарат.
Стороны пришли к соглашению. Тараптар келісімге келді.
Стране нужны квалифицированные рабочие руки. Елге білікті жұмыс қолы қажет.
Строго запрещается. Қатаң түрде тыйым салынады.
Структурное подразделение. Құрылымдық бөлімше.
Стучаться Вас не научили? Есікті қағу дегенді білмейсіз бе?
Сходи узнай. Барып біліп келші.
Счастливого тебе пути! Сапарың сәтті болсын!
Считайте, что мы Вас простили. Біз Сізді кешірді деп ойлай беріңіз.
Считать недействительным. Жарамсыз деп саналсын.
Считаю до трёх. Үшке дейін санаймын.
Сядь вон туда. Ана жаққа барып отыр.



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Работа, П Вернуться к началу Работа, Т  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга