Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
 Работа
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 H 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
 В быту
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
Л-М
 Н 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
На собрании
Резолюция/виза
Характеристика
Вернуться
к другим
разговорникам

 Кирил/Latyn 

Работа, Г-Д-Е-Ж-З

Русско-казахский сборник фраз и словосочетаний.
Краткий русско-казахский сборник


Авторы: Р. Керимбаев, А. Керимбаев

Г
Гарантии и компенсации. Кепілдіктер мен өтемақылар. Kepildikter men ótemaqylar.
Гарантийное письмо. Кепілхат. Kepilhat.
Где вас ждать? Сізді қай жерде күтейін? Sizdi qaı jerde kúteıin?
Где взял, туда отнеси. Қай жерден алдың, сол жерге апарып таста. Qaı jerden aldyń, sol jerge aparyp tasta.
Где Вы были до этого времени? Осы уақытқа дейін қайда жүрдіңіз? Osy ýaqytqa deıin qaıda júrdińiz?
Где вы работаете? Қайда жұмыс істейсіз? Qaıda jumys isteısiz?
Где вы ходили до этих пор? Осы кезге дейін қайда жүрдіңіздер? Osy kezge deıin qaıda júrdińizder?
Где вы ходите? Қайда жүрсіңдер? Qaıda júrsińder?
Где же ходит этот несчастный? Әлгі сорлы қай жерде жүр екен? Álgi sorly qaı jerde júr eken?
Где здесь выход? Шығатын есік қайда? Shyǵatyn esik qaıda?
Где здравый смысл? Дұрыс мағына қайда? (калька) Durys maǵyna qaıda? (калька)
Где можно найти работу? Жұмысты қайда тапса болады? Jumysty qaıda tapsa bolady?
Где находится Ваша работа? Сіздің жұмысыңыз қай жерде? Sizdiń jumysyńyz qaı jerde?
Где он потерялся? Ол қай жерде жоғалып кетті? Ol qaı jerde joǵalyp ketti?
Где он работает? Ол қай жерде жұмыс істейді? Ol qaı jerde jumys isteıdi?
Где он ходит? Ол қайда жүр екен? Ol qaıda júr eken?
Где причитающиеся мне деньги? Маған тиесілі ақша қайда? Maǵan tıesili aqsha qaıda?
Где ты был? Сен қайда болдың? Sen qaıda boldyń?
Где ты был столько времени? Сен сонша уақыт қайда болдың? Sen sonsha ýaqyt qaıda boldyń?
Где ты научился говорить по-казахски? Қазақша сөйлеуді қайдан үйрендің? Qazaqsha sóıleýdi qaıdan úırendiń?
Где ты слоняешься? Қайда сандалып жүрсің? Qaıda sandalyp júrsiń?
Где ты ходишь до такого времени, уже половина одиннадцатого. Осы уақытқа дейін қайда жүрсің, сағат он жарым болды ғой. Osy ýaqytqa deıin qaıda júrsiń, saǵat on jarym boldy ǵoı.
Где ты ходишь, миленький? Қайда жүрсің, айналайын? Qaıda júrsiń, aınalaıyn?
Где ты этому научился? Мұны қайдан үйренгенсің? Muny qaıdan úırengensiń?
Где я могу его найти? Оны қайдан таба аламын? Ony qaıdan taba alamyn?
Гербовая печать. Елтаңбалы мөр. Eltańbaly mór.
Герой Труда Казахстана (вручается со знаком особого отличия «Золотая звезда» и орденом «Отан») - высшая степень отличия Республики Казахстан, присваиваемая за выдающиеся достижения в экономическим и социально-гуманитарном развитии Республики Казахстан. Қазақстанның Еңбек Ері (айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын жұлдыз» және «Отан» ордені тапсырылады) – атағы Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін беріледі. Qazaqstannyń Eńbek Eri (aıryqsha erekshelik belgisi – «Altyn juldyz» jáne «Otan» ordeni tapsyrylady) – ataǵy Qazaqstan Respýblıkasyn ekonomıkalyq, áleýmettik-gýmanıtarlyq damytýdaǵy asa úzdik jetistikteri úshin beriledi.
Главная задача. Басты міндет. Basty mindet.
Главная проблема сегодняшнего дня. Бүгінгі күннің басты мәселесі. Búgingi kúnniń basty máselesi.
Главное не победа, а участие. Ең бастысы – жеңіс емес, ең бастысы – қатысу. Eń bastysy – jeńis emes, eń bastysy – qatysý.
Главное – не сдаваться. Ең бастысы – берілмеу. Eń bastysy – berilmeý.
Главное требование. Басты талабы. Basty talaby.
Главное, не трусь. Ең бастысы, жүрексінбесең болды. Eń bastysy, júreksinbeseń boldy.
Главное, что ты понял. Түсінсең болды. Túsinseń boldy.
Главный специалист. Бас маман. Bas maman.
Глазам своим верить или твоим словам? Көрген көзіме сенемін бе немесе сенің айтқан сөзіңе сенемін бе? Kórgen kózime senemin be nemese seniń aıtqan sózińe senemin be?
Глупые люди встречаются повсюду. Ақымақ адамдар барлық жерде кездеседі. Aqymaq adamdar barlyq jerde kezdesedi.
Говори без загадок. Жұмбақтамай айтсаңшы. Jumbaqtamaı aıtsańshy.
Говори без намёков, пожалуйста. Тұспалдамай айтшы. Tuspaldamaı aıtshy.
Говори без шуток. Әзілдемей айтсаңшы.
 2. Қалжыңдамай айтсаңшы.
Ázildemeı aıtsańshy.
 2. Qaljyńdamaı aıtsańshy.
Говори же, не томи человека ожиданием! Айтсаңшы, кісіні зарықтырмай! Aıtsańshy, kisini zaryqtyrmaı!
Говори как есть. Ашығын айт. Ashyǵyn aıt.
Говори конкретнее. Тоқтерін айт. Toqterin aıt.
Говори, не говори, ему всё равно. Айт-айтпа, оған бәрібір. Aıt-aıtpa, oǵan báribir.
Говори, не стесняясь. Қысылмай айта бер. Qysylmaı aıta ber.
Говорите, не торопясь. Говорите, не торопясь. Govorıte, ne toropás.
Говори по-казахски, не стесняясь, постепенно научишься. Ұялмай қазақша сөйлей бер, ақырындап үйреніп кетесің. Uıalmaı qazaqsha sóıleı ber, aqyryndap úırenip ketesiń.
Говори потише. Ақырын сөйле. Aqyryn sóıle.
Говори хорошие слова или молчи. Жақсы сөз сөйле немесе үндеме. Jaqsy sóz sóıle nemese úndeme.
Говори, что хотел сказать. Не айтқың келді, айт. Ne aıtqyń keldi, aıt.
Говорите. Почему молчите? Сөйлеңіз. Неге үндемейсіз? Sóıleńiz. Nege úndemeısiz?
Говорить никому не запретишь. Ешкімге сөйлеуге тыйым сала алмайсың. Eshkimge sóıleýge tyıym sala almaısyń.
Говоришь, что сюда по делу пришёл. Ну, мы тебя слушаем. Мұнда іспен келдім дейсің. Ал, құлағымыз сенде. Munda ispen keldim deısiń. Al, qulaǵymyz sende.
Говорю в последний раз. Соңғы рет айтамын. Sońǵy ret aıtamyn.
Говоря простым языком. Қарапайым тілмен айтқанда. Qarapaıym tilmen aıtqanda.
Год рождения. Туған жылы. Týǵan jyly.
Горе мне с тобой. Басыма бәле болдың. Basyma bále boldyń.
Городское население.
 - Сельское население.
Қала тұрғындары.
 - Ауыл тұрғындары.
Qala turǵyndary.
 - Aýyl turǵyndary.
Горькая правда жизни. Өмірдің ащы шындығы. Ómirdiń ashshy shyndyǵy.
Господа, успокойтесь! Мырзалар, сабыр етіңіздер! Myrzalar, sabyr etińizder!
Государственная акционерная компания. Мемлекеттік акционерлік компания. Memlekettik aksıonerlik kompanıa.
Государственная измена. Мемлекеттік опасыздық. Memlekettik opasyzdyq.
Государственная пошлина. Мемлекеттік баж салығы. Memlekettik baj salyǵy.
Государственная собственность. Мемлекеттік меншік. Memlekettik menshik.
Государственное предприятие. Мемлекеттік кәсіпорын. Memlekettik kásiporyn.
Государственные закупки. Мемлекеттік сатып алулар. Memlekettik satyp alýlar.
Государственный сектор. Мемлекеттік сектор. Memlekettik sektor.
Государственным служащим принимать подарки строго запрещено. Мемлекеттік қызметкерге сыйлық алуға қатаң тыйым салынады. Memlekettik qyzmetkerge syılyq alýǵa qatań tyıym salynady.
Готов протянуть руку помощи! Көмек қолын созуға дайынмын! Kómek qolyn sozýǵa daıynmyn!
Граждане! Не мешайте! Азаматтар! Кедергі жасамаңдар! Azamattar! Kedergi jasamańdar!
Готов протянуть руку помощи! Көмек қолыңды созуға дайынмын! Kómek qolyńdy sozýǵa daıynmyn!
Граждане! Не мешайте! Азаматтар! Кедергі жасамаңдар! Azamattar! Kedergi jasamańdar!
Гражданин начальник. Азамат бастық. Azamat bastyq.
Гражданская оборона. Азаматтық қорғаныс. Azamattyq qorǵanys.
Гражданский противогаз. Азаматтық газ тұмылдырық. Azamattyq gaz tumyldyryq.
График приёма граждан. Азаматтарды қабылдау кестесі. Azamattardy qabyldaý kestesi.
Гриф «Для служебного пользования». «Қызмет бабында пайдалану үшін» гриф. «Qyzmet babynda paıdalaný úshin» grıf.
Грубая ошибка. Өрескел қателік. Óreskel qatelik.
Д
Да кто он такой? Кім еді ол өзі? Kim edi ol ózi?
Да ну его! Қойшы соны!
 2. Қайтесің оны!
Qoıshy sony!
 2. Qaıtesiń ony!
Да, было такое подозрение. Иә, сондай күдік болды. Iá, sondaı kúdik boldy.
Да, говори. Иә, айта бер. Iá, aıta ber.
Да, действительно так. Иә, шынымен солай. Iá, shynymen solaı.
Да, и я такого же мнения. Иә, мен де сондай пікірдемін. Iá, men de sondaı pikirdemin.
Да, и что дальше? Иә, содан соң? Iá, sodan soń?
Да, потрепала его судьба. Иә, оны тағдыр әбден қинады. Iá, ony taǵdyr ábden qınady.
Давай без подвигов, пожалуйста. Ладно? Ерлік жасамай-ақ қойшы. Жарай ма? Erlik jasamaı-aq qoıshy. Jaraı ma?
Давай быстрее. Болсаңшы енді. Bolsańshy endi.
Давай быстрее, не выпендривайся. Сызылмай тез болшы! Syzylmaı tez bolshy!
Давай встретимся у здания городского акимата. Қалалық әкімдік ғимаратының жанында жолығайық. Qalalyq ákimdik ǵımaratynyń janynda jolyǵaıyq.
Давай на этом закончим, пожалуйста. Осымен доғарайықшы. Osymen doǵaraıyqshy.
Давай на этом закончим разговор. Бұл әңгімені осымен доғарайық. Bul áńgimeni osymen doǵaraıyq.
Давай начнем всё сначала. Бәрін басынан бастайықшы. Bárin basynan bastaıyqshy.
Давай не будем сквернословить. Балағат сөз айтпайық. Balaǵat sóz aıtpaıyq.
Давай отметим твой успех. Сенің жетістігіңді атап өтейік. Seniń jetistigińdi atap óteıik.
Давай, признайся. Мойындасаңшы. Moıyndasańshy.
Давай помогу. Әкел, көмектесейін. Ákel, kómekteseıin.
Давай сегодня встретимся в условленном месте. Бүгін уәделі жерде жолығайық. Búgin ýádeli jerde jolyǵaıyq.
Давайте верить, что всё будет хорошо. Бәрі жақсы болады деп сенейікші. Bári jaqsy bolady dep seneıikshi.
Давайте жить дружно! Тату-тәтті өмір сүрейік! Tatý-tátti ómir súreıik!
Давайте мы все обсудим эту ситуацию. Бәріміз бұл жағдайды ақылға салайық. Bárimiz bul jaǵdaıdy aqylǵa salaıyq.
Давайте не будем делиться на национальности. Ұлтқа бөлінбейікші. Ultqa bólinbeıikshi.
Давайте не будем подобны собаке и кошке. It pen mysyqtaı bolmaıyq. It pen mysyqtaı bolmaıyq.
Давайте обсудим этот вопрос. Осы мәселені талқылайық. Osy máseleni talqylaıyq.
Давайте поменяем тему. Тақырыпты ауыстырайықшы. Taqyrypty aýystyraıyqshy.
Давайте уважать друг друга! Бір-бірімізді құрметтейік! Bir-birimizdi qurmetteıik!
Давно не виделись. Көрмегелі көп болды.
 2. Бір-бірімізді сыйлайық!
Kórmegeli kóp boldy.
 2. Bir-birimizdi syılaıyq!
Давно Вас не видел. Сізді көрмегелі көп болды ғой. Sizdi kórmegeli kóp boldy ǵoı.
Давно ждёт? Көптен күтіп тұр ма? Kópten kútip tur ma?
Давно ли Вы здесь?
 - Я давно пришёл.
Келгеніңізге көп болды ма?
 - Мен келгелі көп болды.
Kelgenińizge kóp boldy ma?
 - Men kelgeli kóp boldy.
Давно я не видел Вас таким весёлым. Сіздің осылай көңілді жүргеніңізді көптен көрмедім. Sizdiń osylaı kóńildi júrgenińizdi kópten kórmedim.
Дадите полный отчёт. Толық есеп бересіңдер. Tolyq esep beresińder.
Даже в выходные дни нет покоя. Демалыс күні де тыныштық жоқ. Demalys kúni de tynyshtyq joq.
Даже если помощь была незначительной, не забудьте поблагодарить. Кішкентай көмек көрсетсе де, алғыс айтуды ұмытпаңыз. Kishkentaı kómek kórsetse de, alǵys aıtýdy umytpańyz.
Даже спросить нельзя что ли? Сұрауға да болмай ма? Suraýǵa da bolmaı ma?
Даже у стен есть уши. Қабырғаның да құлағы бар. Qabyrǵanyń da qulaǵy bar.
Дай, пожалуйста, ключи. Кілтті бере қойшы. Kiltti bere qoıshy.
Дай, пожалуйста, обещание, что никому не скажешь. Ешкімге айтпаймын деп уәде берші. Eshkimge aıtpaımyn dep ýáde bershi.
Дайте Ваши документы, пожалуйста. Құжаттарыңызды беріңізші. Qujattaryńyzdy berińizshi.
Дальше будет ещё хуже. Әрі қарай одан да жаман болады. Ári qaraı odan da jaman bolady.
Дальше говорить? Әрі қарай айтайын ба? Ári qaraı aıtaıyn ba?
Данные для прогнозирования. Болжамдауға арналған деректер. Boljamdaýǵa arnalǵan derekter.
Дата истечения срока исполнения поручения. Тапсырманы атқару мерзімінің өту күні. Tapsyrmany atqarý merziminiń ótý kúni.
Дата истечения срока действия дисциплинарного взыскания (шесть месяцев с момента применения). Тәртіптік жазаны қолдану мерзімінің аяқталу күні (белгілінген сәттен бастап алты ай). Tártiptik jazany qoldaný merziminiń aıaqtalý kúni (belgilingen sátten bastap alty aı).
Даю сто процентов гарантии. Жүз пайыз кепілдік беремін. Júz paıyz kepildik beremin.
Дверь там закрыта. Есігі жабулы тұр. Esigi jabýly tur.
Двигайтесь же! Продвигайтесь! Қозғалсаңыздаршы! Qozǵalsańyzdarshy!
Двусмысленное определение. Екіұдай анықтама. Ekiudaı anyqtama.
Двусторонние соглашения. Екі жақты келісімдер. Eki jaqty kelisimder.
Двусторонняя связь. Екі жақты байланыс. Eki jaqty baılanys.
Двух слов связать не умеет. Екі сөздің басын қоса алмайды. Eki sózdiń basyn qosa almaıdy.
Дебиторская кредиторская задолженность. Дебиторлық кредиторлық берешектер. Debıtorlyq kredıtorlyq bereshekter.
Дееспособность.
 - Недееспособность.
Әрекетке қабілеттілік.
 - Әрекетке қабілетсіздік.
Áreketke qabilettilik.
 - Áreketke qabiletsizdik.
Действительно до... ...дейін жарамды. ...deıin jaramdy.
Действующего на основании... ...негізінде әрекет ететін. ...negizinde áreket etetin.
Делай своё дело на совесть. Өз ісіңді тиянақты атқар. Óz isińdi tıanaqty atqar.
Делай, что знаешь. Білгеніңді істе. Bilgenińdi iste.
Делай, что говоришь. Не айтсаң – соны істе. Ne aıtsań – sony iste.
Делай, что тебе говорю. Айтқанымды істе. Aıtqanymdy iste.
Делайте добро, и оно обязательно к Вам вернётся! Жақсылық жасаңыз, ол Сізге міндетті түрде қайтады! Jaqsylyq jasańyz, ol Sizge mindetti túrde qaıtady!
Делайте, что хотите. Қалағандарыңды істей беріңдер. Qalaǵandaryńdy isteı berińder.
Делегирование полномочий. Өкілеттікті табыстау. Ókilettikti tabystaý.
Делишь шкуру неубитого медведя. Аюды өлтірмей жатып, терісін бөліске салып жатырсың. Aıýdy óltirmeı jatyp, terisin bóliske salyp jatyrsyń.
Дело вовсе не в тебе, дело во мне. Мәселе сенде емес, өзімде. Másele sende emes, ózimde.
Дело затянулось. Іс ұзаққа созылды. İs uzaqqa sozyldy.
Дело этим не кончится. Іс осымен біте қоймас. İs osymen bite qoımas.
Дело не в этом. Мәселе онда емес.
 2. Әңгіме онда емес.
Másele onda emes.
 2. Áńgime onda emes.
Дело принимает плохой оборот. Іс насырға шапты. İs nasyrǵa shapty.
Делопроизводство. Іс қағаздарын жүргізу. İs qaǵazdaryn júrgizý.
Делу – время, потехе – час. Алдымен істі біл, содан соң ойнап күл. Aldymen isti bil, sodan soń oınap kúl.
Денежное вознаграждение. Ақшалай сыйлық. Aqshalaı syılyq.
Денежные средства. Ақшалай қаражат. Aqshalaı qarajat.
Деньги с неба не падают. Ақша көктен түспейді. Aqsha kókten túspeıdi.
Держи голову выше. Басыңды жоғары ұста. Basyńdy joǵary usta.
Держи своё обещание. Сөзіңде тұр. Sózińde tur.
Детское время кончилось. Балалар ұйықтайтын уақыт болыпты. Balalar uıyqtaıtyn ýaqyt bolypty.
Деятельность учителя. Мұғалімнің іс-әрекет. Muǵalimniń is-áreket.
Джентельменское соглашение. Серілік келісім. Serilik kelisim.
Динамика роста. Өсу серпіні. Ósý serpini.
Дисциплинарное взыскание. Тәртіптік жаза. Tártiptik jaza.
Для Вас же стараюсь. Сіз үшін тырысып жүрмін ғой. Siz úshin tyrysyp júrmin ǵoı.
Для Вас сделаю бесплатно. Сіз үшін тегін жасаймын. Siz úshin tegin jasaımyn.
Для исполнения. Орындау үшін.
 2. Атқару үшін.
Oryndaý úshin.
 2. Atqarý úshin.
Для какой цели? Не мақсатпен? Ne maqsatpen?
Для меня ты самый важный человек! Сен мен үшін ең маңызды адамсың! Sen men úshin eń mańyzdy adamsyń!
Для реализации. Іске асыру үшін. İske asyrý úshin.
Для такой ситуации мы подготовили другой вариант. Мұндай жағдай үшін басқа нұсқасын дайындап қойдық. Mundaı jaǵdaı úshin basqa nusqasyn daıyndap qoıdyq.
Для тебя главное – работа, только она. Сен үшін бастысы - тек қана жұмыс. Sen úshin bastysy - tek qana jumys.
Для тебя наши двери открыты. Саған біздің есігіміз ашық. Saǵan bizdiń esigimiz ashyq.
Для финансирования. Қаржыландыру үшін. Qarjylandyrý úshin.
До встречи! Кездескенше!
 2. Жолыққанша!
Kezdeskenshe!
 2. Jolyqqansha!
До завтра. Ертеңге дейін. Erteńge deıin.
До завтра ты не успеешь. Ертеңге дейін үлгермейсің. Erteńge deıin úlgermeısiń.
До каких пор будем рабами? Қашанға дейін құл боламыз? Qashanǵa deıin qul bolamyz?
До каких пор мы будем подстраиваться под всех. Қашанға дейін біреудің көңіліне қараймыз? Qashanǵa deıin bireýdiń kóńiline qaraımyz?
До каких пор так будет? Қашанға дейін осылай болады? Qashanǵa deıin osylaı bolady?
До каких пор я буду ждать? Қашанға дейін күтемін? Qashanǵa deıin kútemin?
До каких пор я могу терпеть? Қашанға дейін шыдай аламын? Qashanǵa deıin shydaı alamyn?
До конца не разобравшись, не поднимай шумихи. Анығына жетпей, байбалам салма. Anyǵyna jetpeı, baıbalam salma.
До конца первого полугодия. Бірінші жарты жылдықтың аяғына дейін. Birinshi jarty jyldyqtyń aıaǵyna deıin.
До пятницы я совершенно свободен. Жұмаға дейін мүлдем боспын. Jumaǵa deıin múldem bospyn.
До трёх часов я свободен. Сағат үшке дейін боспын. Saǵat úshke deıin bospyn.
До свадьбы заживёт. Тойға дейін жазылып кетер. Toıǵa deıin jazylyp keter.
До свидания! До встречи в понедельник! Сау болыңдар! Дүйсенбіде жүздескенше! Saý bolyńdar! Dúısenbide júzdeskenshe!
До сих пор. Әлі күнге дейін. Áli kúnge deıin.
До сих пор нет результатов экспертизы? Осы күнге дейін сараптаманың нәтижесі жоқ па? Osy kúnge deıin saraptamanyń nátıjesi joq pa?
До следующей встречи! Келесі кездескенше! Kelesi kezdeskenshe!
Добро зря не пропадает. Жақсылық зая кетпейді. Jaqsylyq zaıa ketpeıdi.
Доверенное лицо. Сенім алушы.
 2. Сенім жүктелген тұлға.
Senim alýshy.
 2. Senim júktelgen tulǵa.
Доверитель. Сенім білдіруші. Senim bildirýshi.
Доверяю. Сенім білдіремін. Senim bildiremin.
Доводим до Вашего сведения, что... Сіздің назарыңызға мынаны хабарлап отырмыз... Sizdiń nazaryńyzǵa mynany habarlap otyrmyz...
Довожу до Вашего сведения. Сізге мәлімдеймін. Sizge málimdeımin.
Договорились? Келістік пе? Kelistik pe?
Доехали благополучно? Аман-есен жеттіңіз бе?
 2. Аман-есен жеттіңіздер ме? (во мн.числе)
Aman-esen jettińiz be?
 2. Aman-esen jettińizder me? (во мн.числе)
Докладная записка. Баяндау жазбахат. Baıandaý jazbahat.
Долг для нас превыше всего. Біз үшін бәрінен де борышымыз жоғары. Biz úshin bárinen de boryshymyz joǵary.
Долго будем? Көп боламыз ба? Kóp bolamyz ba?
Долгов больше, чем волос на голове. Берешегі шашынан көп. Bereshegi shashynan kóp.
Долгосрочная перспектива. Ұзақ мерзімді көрініс.
 2. Келешек көрініс.
Uzaq merzimdi kórinis.
 2. Keleshek kórinis.
Должник. Борышкер. Boryshker.
Должностная инструкция. Лауазымдық нұсқаулық. Laýazymdyq nusqaýlyq.
Должностное лицо. Лауазымды тұлға. Laýazymdy tulǵa.
Должностной оклад. Лауазымдық жалақы. Laýazymdyq jalaqy.
Доложи всё по порядку. Бәрін рет-ретімен баянда. Bárin ret-retimen baıanda.
Доплата за особые условия труда. Ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы. Erekshe eńbek jaǵdaılary úshin qosymsha aqy.
Дополнение к договору. Шартқа қосымша келісім. Shartqa qosymsha kelisim.
Дополнительные меры. Қосымша шаралар. Qosymsha sharalar.
Дополнительные расходы. Қосымша шығындар. Qosymsha shyǵyndar.
Дополнительный отпуск. Қосымша демалыс. Qosymsha demalys.
Допускается премирование. Сыйлық беруге болады. Syılyq berýge bolady.
Дорогие друзья! Қадірлі достар! Qadirli dostar!
Дорожно-транспортное происшествие. Жол-көлік оқиғасы. Jol-kólik oqıǵasy.
Дорожные знаки. Жол белгілері. Jol belgileri.
Досрочно. Мерзімінен бұрын. Merziminen buryn.
Достал ты меня! Сен мені шаршаттың!
 2. Қанымды ішіп біттің ғой! (фразеол.)
Sen meni sharshattyń!
 2. Qanymdy iship bittiń ǵoı! (фразеол.)
Достоверность информации. Ақпараттың дұрыстығы. Aqparattyń durystyǵy.
Доступно. Қол жетімді. Qol jetimdi.
Доходы в этом году заметно снизились. Кірістер осы жылы айтарлықтай төмендеді. Kirister osy jyly aıtarlyqtaı tómendedi.
Дочернее предприятие. Еншілес кәсіпорын. Enshiles kásiporyn.
Драгоценные камни. Асыл тастар.
 2. Бағалы тастар.
Asyl tastar.
 2. Baǵaly tastar.
Драгоценный металл. Асыл металл.
 2. Құнды металл.
Asyl metal.
 2. Qundy metal.
Друг, нужна твоя помощь. Досым, көмегің қажет болып тұр. Dosym, kómegiń qajet bolyp tur.
Другие обязательные платежи. Басқа міндетті төлемдер. Basqa mindetti tólemder.
Другие тоже ошибаются, пусть не ставят из себя ангелов. Басқалар да қателеседі, өздерінен періште жасамасыншы. Basqalar da qatelesedi, ózderinen perishte jasamasynshy.
Другим рассказывай свою сказку. Ертегіңді басқа біреуге айт. Ertegińdi basqa bireýge aıt.
Других недостатков нет. Басқа кемшілік жоқ. Basqa kemshilik joq.
Других претензий не имею. Басқа талабым жоқ. Basqa talabym joq.
Другого выбора не осталось. Басқа амал қалмады. Basqa amal qalmady.
Другого выхода у меня не было. Басқа амалым болмады. Basqa amalym bolmady.
Другого шанса не будет. Басқа мүмкіндік болмайды. Basqa múmkindik bolmaıdy.
Другой темы нет что ли? Басқа тақырып жоқ па? Basqa taqyryp joq pa?
Думал, думал и решил. Ойлап-ойлап, шешімге келдім. Oılap-oılap, sheshimge keldim.
Думать об этом ещё рано. Ол туралы ойлауға әлі ерте. Ol týraly oılaýǵa áli erte.
Дураков везде хватает. Ақымақтар барлық жерде жеткілікті. Aqymaqtar barlyq jerde jetkilikti.
Дурная голова ногам покоя не даёт. Ақымақ бас аяққа тыныштық бермес. Aqymaq bas aıaqqa tynyshtyq bermes.
Духовный мир. Рухани дүние. Rýhanı dúnıe.
Душа моя поёт. Жаным жырлап жатыр. Janym jyrlap jatyr.
Е
Ей-Богу не знаю. Құдай ақы, білмеймін. Qudaı aqy, bilmeımin.
Его все уважают. Оны бәрі құрметтейді. Ony bári qurmetteıdi.
Его надо разоблачить. Оны әшкерелеу керек. Ony áshkereleý kerek.
Его надо спасать. Оны құтқару керек. Ony qutqarý kerek.
Его не переубедишь. Оны ойынан айныта алмайсың. Ony oıynan aınyta almaısyń.
Его освободили. Оны босатып жіберді. Ony bosatyp jiberdi.
Его очень ценят. Оны қатты бағалайды. Ony qatty baǵalaıdy.
Его слова и дела противоречат друг другу. Оның сөзі мен ісі бір-біріне қайшы. Onyń sózi men isi bir-birine qaıshy.
Его словам веры нет. Оның сөзіне сенім жоқ.
Его тоже можно понять. Оны да түсінуге болады. Ony da túsinýge bolady.
Его требования бесконечны. Оның талаптары бітер емес. Onyń talaptary biter emes.
Единица измерения. Өлшем бірлігі. Ólshem birligi.
Единовременное (разовое) пособие. Бірреттік жəрдемақы.
 2. Бір жолғы жәрдемақы.
Birrettik járdemaqy.
 2. Bir jolǵy járdemaqy.
Езжайте, куда хотите. Қалаған жеріңе бара беріңдер. Qalaǵan jerińe bara berińder.
Ежеквартальный отчёт. Тоқсан сайынғы есеп. Toqsan saıynǵy esep.
Ежемесячная заработная плата. Ай сайынғы жалақы. Aı saıynǵy jalaqy.
Ему была оказана медицинская помощь? Оған медициналық жәрдем көрсетілді ме? Oǵan medısınalyq járdem kórsetildi me?
Ему можно верить? Оған сенуге бола ма? Oǵan senýge bola ma?
Ему наплевать на людей. Оның адамдарға түкіргені бар. Onyń adamdarǵa túkirgeni bar.
Если будет возможность. Орайы келсе.
 2. Мүмкіндік болса.
Oraıy kelse.
 2. Múmkindik bolsa.
Если будешь с ними мягок, они сядут тебе на шею. Оларға жұмсақ болсаң, мойныңа мініп алады. Olarǵa jumsaq bolsań, moınyńa minip alady.
Если бы не было меня, ты разве достиг бы такого уровня? Мен болмасам, сен осындай дәрежеге жетер ме едің? Men bolmasam, sen osyndaı dárejege jeter me ediń?
Если бы не было меня, что бы ты делал? Мен болмасам, не істеуші едің?
 2. Мен болмасам, не істер едің?
Men bolmasam, ne isteýshi ediń?
 2. Men bolmasam, ne ister ediń?
Если бы не Вы! Осы Сіз болмасаңыз! Osy Siz bolmasańyz!
Если бы не Вы, я бы не устроился здесь. Сіз болмасаңыз мен бұл жерде орналаса алмас едім. Siz bolmasańyz men bul jerde ornalasa almas edim.
Если бы он не успел, чтобы тогда мы делали? Егер ол үлгермей қалса, сонда біз не істер едік? Eger ol úlgermeı qalsa, sonda biz ne ister edik?
Если бы он промолчал, ему что голову бы отрезали? Үндемей отырса, басын кесіп алама? Úndemeı otyrsa, basyn kesip alama?
Если бы с ними проводили работу, такого случая не было бы. Егер олармен жұмыс жүргізілсе, мынадай жағдай болмас еді. Eger olarmen jumys júrgizilse, mynadaı jaǵdaı bolmas edi.
Если бы увидел Вас на улице, не узнал бы, наверное. Сізді көшеде көрсем, танымай қалатын шығармын. Sizdi kóshede kórsem, tanymaı qalatyn shyǵarmyn.
Если бы я знал, то тебе бы сказал. Егер білсем, саған айтар едім. Eger bilsem, saǵan aıtar edim.
Если Вам понадобится помощь, зовите. Сізге көмек керек болса, шақырыңыз. Sizge kómek kerek bolsa, shaqyryńyz.
Если Вы не против. Егер Сіз қарсы болмасаңыз. Eger Siz qarsy bolmasańyz.
Если Вы не против, я пойду. Қарсы болмасаңыз, мен барайын. Qarsy bolmasańyz, men baraıyn.
Если Вы решите меня уволить, это Ваше право. Егер жұмыстан шығарамын десеңіз - өз хақыңыз. Eger jumystan shyǵaramyn deseńiz - óz haqyńyz.
Если говорить конкретно... Атап айтсақ... Atap aıtsaq...
Если делаешь добро, делай до конца. Қайыр қылсаң, бүтін қыл. Qaıyr qylsań, bútin qyl.
Если дело будет дальше так продолжаться... Егер іс осылай жалғаса беретін болса... Eger is osylaı jalǵasa beretin bolsa...
Если дело на этом закончится, хорошо. Іс сонымен бітсе, жақсы. İs sonymen bitse, jaqsy.
Если зовёшь, пойду. Шақырсаң, барамын. Shaqyrsań, baramyn.
Если люди будут живы-здоровы, то мы преодолеем эти трудности. Жұрт аман болса, бұл қиыншылықтан өтеміз. Jurt aman bolsa, bul qıynshylyqtan ótemiz.
Если люди меня не трогают, я никого не трогаю. Маған адамдардың өздері тиіспесе, мен өзім ешкімге тиіспеймін. Maǵan adamdardyń ózderi tıispese, men ózim eshkimge tıispeımin.
Если можешь делать добрые дела, делай. Қолыңнан келсе, жақсылық жаса. Qolyńnan kelse, jaqsylyq jasa.
Если можешь простить, прости. Кешіре алсаң, кешір. Keshire alsań, keshir.
Если молчишь, то ты уже на шею садишься. Үндемеген сайын басқа шығып барасың ғой. Úndemegen saıyn basqa shyǵyp barasyń ǵoı.
Если мы встречу организуем на среду, как Вы смотрите на это? Кездесуді сәрсенбіге ұйымдастырсақ, қалай қарайсыз? Kezdesýdi sársenbige uıymdastyrsaq, qalaı qaraısyz?
Если мы обратимся к статистике. Статистикаға жүгінсек. Statıstıkaǵa júginsek.
Если не будет доказательств, он нам не поверит. Дәлел болмаса, ол бізге сенбейді. Dálel bolmasa, ol bizge senbeıdi.
Если не будешь слушаться, последствия будут плохими. Айтқан тілді алмасаң, арты жақсы болмайды. Aıtqan tildi almasań, arty jaqsy bolmaıdy.
Если не секрет, где Вы работаете? Құпия болмаса, қайда жұмыс істейсіз? Qupıa bolmasa, qaıda jumys isteısiz?
Если не секрет, скажите, пожалуйста. Құпия болмаса, айтыңызшы. Qupıa bolmasa, aıtyńyzshy.
Если не согласны, двери открыты. Келіспесеңдер, есік ашық. (калька) Kelispeseńder, esik ashyq. (калька)
Если не хватит, купим ещё. Жетпесе, тағы сатып аламыз. Jetpese, taǵy satyp alamyz.
Если не хочешь знать, проходи мимо. Білгің келмесе айналып жүр. Bilgiń kelmese aınalyp júr.
Если нужна помощь, не стесняйся, говори. Егер де көмек керек болса, қысылмай айт. Eger de kómek kerek bolsa, qysylmaı aıt.
Если позволите, я выйду на пять минут. Рұқсат етсеңіз, мен бес минутқа шығып келейін. Ruqsat etseńiz, men bes mınýtqa shyǵyp keleıin.
Если посмотреть с другой стороны... Екінші жағынан қарасақ... Ekinshi jaǵynan qarasaq...
Если посчитаете нужным. Қажет деп тапсаңыз. Qajet dep tapsańyz.
Если разрешите, мы пойдём. Рұқсат болса, біз бара берейік. Ruqsat bolsa, biz bara bereıik.
Если рассматривать теоретически. Теориялық тұрғыдан қарағанда. Teorıalyq turǵydan qaraǵanda.
Если сам себя не уважаешь, не жди уважения от других. Өзіңді-өзің сыйламасаң, өзгеден сыйластық күтпе. Ózińdi-óziń syılamasań, ózgeden syılastyq kútpe.
Если своего ума нет, на чужом далеко не уедешь! Өз ақылың болмаса, біреудің ақылымен ұзаққа бармайсың! Óz aqylyń bolmasa, bireýdiń aqylymen uzaqqa barmaısyń!
Если сейчас не скажешь, потом будет поздно. Егер қазір айтпасаң, кейін кеш болады. Eger qazir aıtpasań, keıin kesh bolady.
Если смогу, я постараюсь узнать. Қолымнан келсе, білуге тырысамын. Qolymnan kelse, bilýge tyrysamyn.
Если суждено судьбой, мы еще встретимся. Тағдыр жазса, тағы кездесерміз. Taǵdyr jazsa, taǵy kezdesermiz.
Если так будет продолжаться, ситуация ухудшится. Осылай жалғаса берсе, жағдай нашарлайды. Osylaı jalǵasa berse, jaǵdaı nasharlaıdy.
Если тебе не верить, то кому можно? Саған сенбегенде, кімге сенемін? Saǵan senbegende, kimge senemin?
Если ты всё сказал, теперь я скажу. Сен айтып болсаң, енді мен айтайын. Sen aıtyp bolsań, endi men aıtaıyn.
Если ты позволишь, я пошёл. Рұқсат етсең, мен кеттім. Ruqsat etseń, men kettim.
Если ты скажешь начальнику, он его сотрет в порошок. Егер сен бастыққа айтсаң, ол оның түбіне жетеді. Eger sen bastyqqa aıtsań, ol onyń túbine jetedi.
Если туда поедете, не пожалеете. Сол жерге барсаңыз, өкінбейсіз. Sol jerge barsańyz, ókinbeısiz.
Если у вас есть какие-либо вопросы, спрашивайте. Егер сұрақтарыңыз болса, қойыңыздар. Eger suraqtaryńyz bolsa, qoıyńyzdar.
Если у тебя хватит смелости, говори. Егер батылың жетсе, айт. Eger batylyń jetse, aıt.
Если хотите посмеяться....
 - Я не хочу смеяться.
Егер күлгіңіз келіп тұрса....
 - Күлкім келіп тұрған жоқ.
Eger kúlgińiz kelip tursa....
 - Kúlkim kelip turǵan joq.
Если хочешь, могу дать расписку. Қаласаң, қолхат бере аламын. Qalasań, qolhat bere alamyn.
Если честно сказать, я разочарован в нём. Шынымды айтсам, одан көңілім қалды. Shynymdy aıtsam, odan kóńilim qaldy.
Если что будет известно, дайте нам знать. Егер бір нәрсе белгілі болып жатса, бізге хабар беріңіз. Eger bir nárse belgili bolyp jatsa, bizge habar berińiz.
Если что-нибудь понадобится, скажи мне. Егер бір нәрсе керек болып жатса, маған айт. Eger bir nárse kerek bolyp jatsa, maǵan aıt.
Если это ещё раз повторится, пожалеешь. Егер мұндай жағдай қайталанатын болса, өкінесің. Eger mundaı jaǵdaı qaıtalanatyn bolsa, ókinesiń.
Если это тайна, то можешь не говорить. Құпия болса, айтпай-ақ қой. Qupıa bolsa, aıtpaı-aq qoı.
Если я зашёл слишком далеко, вы простите меня, пожалуйста. Егер артық кеткен жерім болса, кешіріңіздер. Eger artyq ketken jerim bolsa, keshirińizder.
Если я кого обидел, простите меня. Мен ренжіткен жандар болса, мені кешіріңіздер. Men renjitken jandar bolsa, meni keshirińizder.
Если я не ошибаюсь... Мен қателеспесем... Men qatelespesem...
Естественный прирост населения. Халықтың табиғи есімі. Halyqtyń tabıǵı esimi.
Есть изменения? Өзгерістер бар ма? Ózgerister bar ma?
Есть ли выход из этой ситуации? Бұл мәселеден шығатын жол бар ма? Bul máseleden shyǵatyn jol bar ma?
Есть одна причина. Бір себебі бар. Bir sebebi bar.
Есть пожелания? Қалауларыңыз бар ма? Qalaýlaryńyz bar ma?
Есть пострадавшие? Зардап шеккендер бар ма? Zardap shekkender bar ma?
Есть предположения? Болжамдар бар ма? Boljamdar bar ma?
Есть проблемы? Қиындықтар бар ма? Qıyndyqtar bar ma?
Есть у вас вопросы? Сұрақтарыңыз бар ма? Suraqtaryńyz bar ma?
Есть у вас пожелания? Вас всё устраивает? Қалауларыңыз бар ма? Барлығына көңілдеріңіз тола ма? Qalaýlaryńyz bar ma? Barlyǵyna kóńilderińiz tola ma?
Есть человек, который может мне объяснить, что происходит? Не болғанын маған түсіндіретін адам бар ма? Ne bolǵanyn maǵan túsindiretin adam bar ma?
Ещё один вопрос задать можно? Тағы бір сұрақ қойсам бола ма? Taǵy bir suraq qoısam bola ma?
Ерунда, не беспокойтесь об этом. Бұл туралы абыржымаңыз, ол түк те емес. Bul týraly abyrjymańyz, ol túk te emes.
Ещё больше. Одан да көп. Odan da kóp.
Ещё время не пришло. Әлі уақыт келген жоқ. Áli ýaqyt kelgen joq.
Ещё как надо! Керек болғанда қандай! Kerek bolǵanda qandaı!
Ещё какие изменения? Тағы басқа қандай өзгеріс бар? Taǵy basqa qandaı ózgeris bar?
Ещё лучше. Тіпті жақсы. Tipti jaqsy.
Ещё много есть проблем. Но вместе мы победим. Не так ли? Әлі талай қиындықтар бар. Бірақ бәріміз бірге жеңіп шығамыз. Солай емес пе? Áli talaı qıyndyqtar bar. Biraq bárimiz birge jeńip shyǵamyz. Solaı emes pe?
Ещё одну хорошую новость услышать хочешь? Тағы бір жақсы жаңалықты естігің келе ме? Taǵy bir jaqsy jańalyqty estigiń kele me?
Ещё раз. Тағы бір рет. Taǵy bir ret.
Ещё раз спрашиваю. Қайталап сұраймын. Qaıtalap suraımyn.
Ж
Жалобы и заявления есть?
 - Жалоб и заявлений нет.
Шағымдар мен арыздар бар ма?
 - Арыз-шағым жоқ.
Shaǵymdar men aryzdar bar ma?
 - Aryz-shaǵym joq.
Жалобы не поступали. Шағым түскен жоқ. Shaǵym túsken joq.
Жалобщик. Шағымшы. Shaǵymshy.
Жалобщика не исправишь. Шағымшыға дау жоқ.
 2. Арызқойға дауа жоқ.
Shaǵymshyǵa daý joq.
 2. Aryzqoıǵa daýa joq.
Жаль! Өкінішті! Ókinishti!
Жаль, что так получилось. Бұлай болғаны өкінішті. Bulaı bolǵany ókinishti.
Ждём Вас завтра ближе к обеду. Ертең түске қарай Сізді күтеміз. Erteń túske qaraı Sizdi kútemiz.
Ждём всех! Барлықтарыңызды күтеміз! Barlyqtaryńyzdy kútemiz!
Ждём с нетерпением. Асыға күтеміз. Asyǵa kútemiz.
Ждёшь особого приглашения? Ерекше шақыруды күтіп тұрсың ба? Erekshe shaqyrýdy kútip tursyń ba?
Жду Вашего ответа. Сіздің жауабыңызды күтемін. Sizdiń jaýabyńyzdy kútemin.
Желание клиента для меня закон. Клиентімнің қалауы мен үшін заң. Klıentimniń qalaýy men úshin zań.
Живая сила. Адам күші. Adam kúshi.
Жизненный опыт. Өмірлік тəжірибе. Ómirlik tájirıbe.
Жизнь всему научит. Өмір бәріне үйретеді. Ómir bárine úıretedi.
Жизнь даётся один раз. Өмір бір-ақ рет беріледі. Ómir bir-aq ret beriledi.
Жизнь на этом не заканчивается. Өмір осымен бітпейді. Ómir osymen bitpeıdi.
Жизнь на этом не остановится. Өмір осымен тоқтап қалмас. Ómir osymen toqtap qalmas.
Жизнь не стоит на месте. Өмір бір жерде тұрмайды. Ómir bir jerde turmaıdy.
Жизнь подорожала. Такова жизнь! Өмір қымбат болып кетті. Өмір деген осы! Ómir qymbat bolyp ketti. Ómir degen osy!
Жизнь прекрасна! Өмір деген қандай тамаша! Ómir degen qandaı tamasha!
Жизнь продолжается. Өмір жалғасып жатыр. Ómir jalǵasyp jatyr.
Жизнь прожита не напрасно. Өмір зая кеткен жоқ. Ómir zaıa ketken joq.
Жильё предоставляется. Тұрғын үй беріледі. Turǵyn úı beriledi.
Жить стало лучше. Тұрмыс жақсарды. Turmys jaqsardy.
З
За активное участие. Белсене араласқаныңыз үшін. Belsene aralasqanyńyz úshin.
За внесение вклада в развитие государственного языка. Мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқаны үшін. Memlekettik tildi damytýǵa úles qosqany úshin.
За вред, причиненный жизни и здоровью работника. Қызметкердің өміріне және денсаулығына тигізген зиян үшін. Qyzmetkerdiń ómirine jáne densaýlyǵyna tıgizgen zıan úshin.
За вредные условия труда. Зиянды еңбек жағдайлары үшін. Zıandy eńbek jaǵdaılary úshin.
За время моего дежурства происшествий не случилось. Менің кезекшілігім уақытында ешқандай оқиға болған жоқ. Meniń kezekshiligim ýaqytynda eshqandaı oqıǵa bolǵan joq.
За выслугу лет. Еңбек сіңірген жылдар үшін. Eńbek sińirgen jyldar úshin.
За вычетом расходов. Шығысты шегергенде. Shyǵysty shegergende.
За длительные командировки. Ұзақ іссапарлар үшін. Uzaq issaparlar úshin.
За доблестный труд. Ерен еңбегі үшін. Eren eńbegi úshin.
За достигнутые результаты. Қол жеткізген нәтижелері үшін. Qol jetkizgen nátıjeleri úshin.
За исключением. Есептемегенде.
 2. Қоспағанда.
Eseptemegende.
 2. Qospaǵanda.
За личный вклад. Жеке үлесі үшін. Jeke úlesi úshin.
За меня не надо отвечать. Мен үшін жауап берудің қажеті жоқ. Men úshin jaýap berýdiń qajeti joq.
За морем. Теңіздің арғы жағында. Teńizdiń arǵy jaǵynda.
За наличный расчёт. Қолма-қол ақшамен есеп айырысу. Qolma-qol aqshamen esep aıyrysý.
За недостатком времени. Уақыттың жетіспеушілігінен. Ýaqyttyń jetispeýshiliginen.
За неимением лучшего. Жақсысы болмағандықтан. Jaqsysy bolmaǵandyqtan.
За неимением средств. Қаржының жоқтығынан. Qarjynyń joqtyǵynan.
За ненадлежащее исполнение трудовых обязанностей объявить выговор. Еңбек міндеттерін орындамағандығы үшін сөгіс жариялау. Eńbek mindetterin oryndamaǵandyǵy úshin sógis jarıalaý.
За ненадобностью. Қажеті болмағандықтан. Qajeti bolmaǵandyqtan.
За неоднократное неисполнение заданных поручений. Берілген тапсырмаларды бірнеше рет орындамағаны үшін. Berilgen tapsyrmalardy birneshe ret oryndamaǵany úshin.
За ним это водится. Оның сондайы бар. Onyń sondaıy bar.
За оказанную помощь. Көрсеткен көмегі үшін. Kórsetken kómegi úshin.
За освоение смежных профессий. Бір-бірімен байланысты кәсіптерді игергені үшін. Bir-birimen baılanysty kásipterdi ıgergeni úshin.
За отчётный месяц. Есепті айда. Esepti aıda.
За полцены. Жарты бағасына. Jarty baǵasyna.
За последнее время. Соңғы уақытта. Sońǵy ýaqytta.
За просто так диплом не выдадут. Бекерден-бекер диплом бере салмайды ғой. Bekerden-beker dıplom bere salmaıdy ǵoı.
За профессионализм. Біліктілігі үшін. Biliktiligi úshin.
За профессиональное мастерство. Кәсібі шеберлігі үшін. Kásibi sheberligi úshin.
За проявленное мастерство. Шеберлік танытқаны үшін. Sheberlik tanytqany úshin.
За проявленное мужество. Көрсеткен ерлігі үшін. Kórsetken erligi úshin.
За работу во вредных и тяжелых условиях труда. Зиянды және қиын еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін. Zıandy jáne qıyn eńbek jaǵdaıynda jumys istegeni úshin.
За самоотверженность. Өз ісіне шын берілгендігі үшін. Óz isine shyn berilgendigi úshin.
За слабую организацию. Нашар ұйымдастырғаны үшін. Nashar uıymdastyrǵany úshin.
За сто лет решил один раз помочь, и вот так вышло. Жүз жылда бір рет көмектесейін деп едім, арты мынадай болды. Júz jylda bir ret kómekteseıin dep edim, arty mynadaı boldy.
За счёт предприятия. Кәсіпорын қаражатының есебінен. Kásiporyn qarajatynyń esebinen.
За счёт предусмотренных средств. Көзделеген қаражат есебінен. Kózdelegen qarajat esebinen.
За счёт экономии фонда оплаты труда. Еңбекақы төлеу қорын үнемдеу есебінен. Eńbekaqy tóleý qoryn únemdeý esebinen.
За упущения в работе с кадрами. Кадрлармен жұмыс кезіндегі салғырттығы үшін. Kadrlarmen jumys kezindegi salǵyrttyǵy úshin.
За что мне сердиться на Вас? Сізге не үшін ашуланамын? Sizge ne úshin ashýlanamyn?
За это тебя по головушке не погладят. Бұл үшін сені маңдайыңнан сипамас. Bul úshin seni mańdaıyńnan sıpamas.
За этот год мы перевыполнили производственный план. Биылғы жылда біз өндіріс жоспарын артығымен орындап шықтық. Bıylǵy jylda biz óndiris josparyn artyǵymen oryndap shyqtyq.
За этот период. Осы кезең ішінде. Osy kezeń ishinde.
Забава для бездельников. Еріккендердің ермегі. Erikkenderdiń ermegi.
Забавная история. Қызық хикая екен. Qyzyq hıkaıa eken.
Забыл тебе сказать. Саған айтуды ұмытып кетіппін. Saǵan aıtýdy umytyp ketippin.
Заведомо ложное сообщение. Көрінеу жалған хабарлама. Kórineý jalǵan habarlama.
Заведомое оставление без помощи. Көрінеу көмексіз қалдыру. Kórineý kómeksiz qaldyrý.
Заведующий отделом. Бөлім меңгерушісі. Bólim meńgerýshisi.
Заведующий отделением. Бөлімше меңгерушісі. Bólimshe meńgerýshisi.
Заверенная копия. Расталған көшірме. Rastalǵan kóshirme.
Заверительная подпись. Растау қолы. Rastaý qoly.
Зависть – плохое качество. Көре алмаушылық – жаман қасиет. Kóre almaýshylyq – jaman qasıet.
Завтра будет четвёртое. Ертең төрті болады. Erteń tórti bolady.
Завтра выходной день. Ертең демалыс күні. Erteń demalys kúni.
Завтра доделаешь. Ертең аяқтайсың. Erteń aıaqtaısyń.
Завтра можешь не приходить. Ертең келмей-ақ қойсаң болады. Erteń kelmeı-aq qoısań bolady.
Завтра мы сможем встретиться? Надо поговорить. Ертең кездесе аламыз ба? Сөйлесу керек. Erteń kezdese alamyz ba? Sóılesý kerek.
Завтра особенный день. Ертең – ерекше күн. Erteń – erekshe kún.
Завтра принеси свои документы. Ертең құжаттарыңды алып кел. Erteń qujattaryńdy alyp kel.
Завтра последний день. Ертең соңғы күн. Erteń sońǵy kún.
Завтра посмотрим. Ертең көре жатармыз. Erteń kóre jatarmyz.
Завтра рано вставать. Ертең ерте тұру керек. Erteń erte turý kerek.
Задание тебе такое... Саған берілетін тапсырма мынадай... Saǵan beriletin tapsyrma mynadaı...
Задумался об этом. Осыны ойлап отырғанмын. Osyny oılap otyrǵanmyn.
Задушевный разговор. Ықыласты әңгіме. Yqylasty áńgime.
Заинтересованные организации. Мүдделі ұйымдар. Múddeli uıymdar.
Заинтересованные стороны. Мүдделі тараптар. Múddeli taraptar.
Заинтересуйте его. Оны қызықтырыңыз. Ony qyzyqtyryńyz.
Зайди ко мне. Маған жолығып кетші. Maǵan jolyǵyp ketshi.
Зайди, пожалуйста, есть разговор. Келіп кетші, әңгіме бар. Kelip ketshi, áńgime bar.
Зайдите! Келіп кетіңіз! Kelip ketińiz!
Зайдите чуть позже. Кейінірек кіріп көріңіз. Keıinirek kirip kórińiz.
Займись чем-нибудь. Бір нәрсемен айналыс. Bir nársemen aınalys.
Заключили настоящий договор. Осы шартты жасасты. Osy shartty jasasty.
Закон Всемирного притяжения. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Búkil álemdik tartylys zańy.
Закон для всех един. Заң бәріне ортақ. Zań bárine ortaq.
Закон и я знаю. Заңды мен де білемін. Zańdy men de bilemin.
Закономерное явление. Заңды құбылыс. Zańdy qubylys.
Законы жизни нам не изменить. Өмірдің заңдылықтарын өзгерте алмаймыз. Ómirdiń zańdylyqtaryn ózgerte almaımyz.
Закончите работу за две недели. Жұмыстарды екі аптаның ішінде бітіріңдер. Jumystardy eki aptanyń ishinde bitirińder.
Закроем эту тему. Бұл тақырыпты жабайық. Bul taqyrypty jabaıyq.
Закрой дверь с той стороны. Есікті ар жағынан жап. Esikti ar jaǵynan jap.
Закрывайте за собой дверь. Өзіңізден кейін есікті жабыңыз. Ózińizden keıin esikti jabyńyz.
Заместитель руководителя управления. Басқарма басшысының орынбасары. Basqarma basshysynyń orynbasary.
Заметно? Білініп тұр ма? Bilinip tur ma?
Замечания и предложения. Ескертпелер мен ұсыныстар. Eskertpeler men usynystar.
Замолчи! Я тебе приказываю! Жап аузыңды! Мен саған бұйырамын! Jap aýzyńdy! Men saǵan buıyramyn!
Заморочил вам голову, простите меня. Сендердің бастарыңды ауырттым, кешіріңдер. Senderdiń bastaryńdy aýyrttym, keshirińder.
Занимаемая должность. Атқаратын қызметті. Atqaratyn qyzmetti.
Занимайся своими делами. Жұмыстарыңды істей бер. Jumystaryńdy isteı ber.
Заочное отделение. Сырттай бөлім. Syrttaı bólim.
Записка. Жазба хат. Jazba hat.
Запись актов гражданского состояния (ЗАГС). Азаматтық хал актілерін жазу (АХАЖ). Azamattyq hal aktilerin jazý (AHAJ).
Запиши. Жазып қой. Jazyp qoı.
Запишите мой адрес. Мекенжайымды жазып алыңыз. Mekenjaıymdy jazyp alyńyz.
Запланированное мероприятие. Жоспарлаған іс-шара. Josparlaǵan is-shara.
Запланированные средства. Жоспарлаған қаражат. Josparlaǵan qarajat.
Запомни это. Мұны есіңде сақта. Muny esińde saqta.
Запомните! Есіңізде сақтаңыз! Esińizde saqtańyz!
Запретная зона. Тыйым салынған аймақ. Tyıym salynǵan aımaq.
Запрещено.
 - Разрешено.
Тыйым салынады.
 - Рұқсат етілген.
Tyıym salynady.
 - Ruqsat etilgen.
Заседание приёмной комиссии. Қабылдау комиссиясының отырысы. Qabyldaý komısıasynyń otyrysy.
Застряла бумага. (комп.) Қағаз кептелді. Qaǵaz kepteldi.
Захвати это. Мынаны ала кетші. Mynany ala ketshi.
Заходите и усаживайтесь. Кіріп, жайғасыңыздар. Kirip, jaıǵasyńyzdar.
Зачем вам царапать старые раны? Ескі жараны тырнап қайтесіңдер? Eski jarany tyrnap qaıtesińder?
Зачем вам это? Мұны қайтесіңдер? Muny qaıtesińder?
Зачем Вам это надо? Ол Сізге не үшін қажет? Ol Sizge ne úshin qajet?
Зачем Вы расстраиваете меня? Неге менің көңілімді қалдыра бересіз? Nege meniń kóńilimdi qaldyra beresiz?
Зачем Вы вмешиваетесь? Неге қыстырыласыз? Nege qystyrylasyz?
Зачем говорить лишнее? Артық сөйлеп не керек? Artyq sóılep ne kerek?
Зачем мне жалеть человека, который меня не пожалел. Мені аямаған адамды мен неге аяуым керек. Meni aıamaǵan adamdy men nege aıaýym kerek.
Зачем мне рисковать? Тәуекелге неге баруым керек? Táýekelge nege barýym kerek?
Зачем он меня вызвал? Ол мені неге шақырыпты? Ol meni nege shaqyrypty?
Зачем он так сделал? Неге былай істепті? Nege bylaı istepti?
Зачем пришёл? Неге келдің? Nege keldiń?
Зачем так говоришь? Неге олай айтасың? Nege olaı aıtasyń?
Зачем тебе это нужно? Оны қайтесің?
 2. Оның саған қажеті қанша?
Ony qaıtesiń?
 2. Onyń saǵan qajeti qansha?
Зачем ты его беспокоишь? Оны неге мазалайсың? Ony nege mazalaısyń?
Зачем ты заискиваешь перед ним? Несіне жарамсақтанасың бұған? Nesine jaramsaqtanasyń buǵan?
Зачем ты закрываешь мне рот? Неге аузыма қақпақ қоясың? Nege aýzyma qaqpaq qoıasyń?
Зачем ты мне это рассказываешь? Оны маған несіне айтып отырсың? Ony maǵan nesine aıtyp otyrsyń?
Зачем ты скрывал это? Мұны неге жасырдың? Muny nege jasyrdyń?
Зачем это всё тебе нужно? Осының бәрі саған не үшін керек? Osynyń bári saǵan ne úshin kerek?
Зачем я связался с ним? Онымен байланысып нем бар еді? Onymen baılanysyp nem bar edi?
Здоровы ли вы?
 - Я здоров.
Сіздің деніңіз сау ма?
 - Денім сау.
Sizdiń denińiz saý ma?
 - Denim saý.
Здесь вопросы задаю только я. Бұл жерде сұрақты мен ғана қоямын. Bul jerde suraqty men ǵana qoıamyn.
Здесь же дети сидят, постесняйтесь. Мына жерде бала-шаға отыр ғой, ұялсаңдаршы. Myna jerde bala-shaǵa otyr ǵoı, uıalsańdarshy.
Здесь и сейчас. Осы жерде және қазір. Osy jerde jáne qazir.
Здесь кто-нибудь есть? Мұнда біреу бар ма? Munda bireý bar ma?
Здесь курить нельзя. Мұнда шылым шегуге болмайды. Munda shylym shegýge bolmaıdy.
Здесь поблизости. Осы маңайда. Osy mańaıda.
Здесь посторонних нет. Мұнда бөтен кісі жоқ. Munda bóten kisi joq.
Здесь что-то кроется. Бұл жерде бір гәп бар. Bul jerde bir gáp bar.
Здесь я с Вами не согласен. Осы жерде Сізбен келіспеймін. Osy jerde Sizben kelispeımin.
Здорово же! Күшті ғой! Kúshti ǵoı!
Здравый смысл. Дұрыс мағына. Durys maǵyna.
Зелёный коридор. Жасыл дәліз. Jasyl dáliz.
Злостное хулиганство. Қасақана бұзақылық. Qasaqana buzaqylyq.
Злоупотребление служебным положением. Қызмет бабын асыра пайдалану. Qyzmet babyn asyra paıdalaný.
Знаем мы такую хитрость. Ондай қитұрқыны білеміз ғой. Ondaı qıturqyny bilemiz ǵoı.
Знай своё место. Өз орныңды біл. Óz ornyńdy bil.
Знайте свои права! Өз құқығыңызды біле жүріңіз! Óz quqyǵyńyzdy bile júrińiz!
Знайте, вреда не будет. Біліп жүріңіз, зияны болмас. Bilip júrińiz, zıany bolmas.
Знание – сила. Күш білімде. Kúsh bilimde.
Значит, вопрос решен. Мәселе шешілді деңіз. Másele sheshildi deńiz.
Значит, Вы на нашей стороне. Демек, Сіз біздің жақтасыз ғой. Demek, Siz bizdiń jaqtasyz ǵoı.
Зная это, ты почему так поступаешь? Біле тұра, неге солай істейсің? Bile tura, nege solaı isteısiń?
Зря Вы сомневаетесь. Сіз бекер күмәнданасыз. Siz beker kúmándanasyz.
Зря Вы так говорите. Бекер олай айтасыз. Beker olaı aıtasyz.
Зря надеешься. Бекер үміттеніп жүрсің. Beker úmittenip júrsiń.
Зря не старайся. Бекер тырыспай-ақ қой. Beker tyryspaı-aq qoı.
Зря сходил. Босқа барыппын. Bosqa baryppyn.
Зря ты так думаешь. Бекер олай ойлайсың. Beker olaı oılaısyń.



©  Татьяна Валяева   2007–2019
http://kaz-tili.kz/
 <<  Вернуться к разговорникам Вернуться к началу  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв