|
Билетке тапсырыс беру | Заказ билетов
|
|
Ұшақ | Самолёт
|
|
Әуежай | Аэропорт
|
|
Бұл тікелей рейс па? | Это прямой рейс?
|
|
Бұл рейсте ауысып отыру бола ма? | В этом рейсе есть промежуточные посадки?
|
|
Лондонға дейін қандай рейстер бар? | Какие есть рейсы до Лондона?
|
|
Өтінемін, басқа компаниялардан тексеріңізші. | Пожалуйста, проверьте в других компаниях.
|
|
Осы рейске билет бар ма? | Есть билеты на этот рейс?
|
|
Күніне неше рейс? | Сколько рейсов в день?
|
|
Маған аэропортта қашан болу керек? | Когда мне нужно быть в аэропорту?
|
|
Өзіммен қанша жүк алуыма болады? | Сколько мне можно брать багажа?
|
|
Менде жүк жоқ. | У меня нет багажа.
|
|
Билет қанша тұрады? | Сколько стоит билет?
|
|
Жеңілдіктер бар ма? | Есть ли какие-нибудь скидки?
|
|
Өтінемін, Лондонға ұшатын бірінші рейстен орын брондап қойыңызшы. | Забронируйте место на ближайший рейс до Лондона, пожалуйста.
|
|
Мәскеуге дейін бір билет, бизнес-класс. | Один билет до Москвы, бизнес-класс.
|
|
Варшаваға дейін алған өз билетімді қайтарғым келеді. | Я хотел бы вернуть свой билет до Варшавы.
|
|
Өтінемін, бұл тапсырысты алып тастаңызшы. | Снимите этот заказ, пожалуйста.
|
|
Тапсырысымды растағым келіп тұр. | Я хотел бы подтвердить заказ.
|
|
Тапсырысымды өзгерткім келеді. | Я хочу изменить заказ.
|
|
Регистрация. Тіркелу | Регистрация
|
|
Әуежай ғимараты қайда? | Где здание аэропорта?
|
|
Тіркелу қай жерде өтіп жатыр? | Где проходит регистрация?
|
|
Жүкті менің қонақ үйіме жеткізіңізші. | Отправьте багаж в мою гостиницу.
|
|
Артық салмаққа қанша төлеу керек? | Сколько нужно платить за лишний вес?
|
|
Осы жүкті Омскке жіберейін деп едім. | Я хотел бы отправить этот багаж в Омск.
|
|
Уфаға транзитпен барамын. | Я транзитом до Уфы.
|
|
Ұшаққа отыру қашан басталады? | Когда посадка на рейс?
|
|
Осы рейс өз уақытында ұша ма? | Этот рейс отправится вовремя?
|
|
Темекі шекпейтіндердің салонынан орын брон жасайын деп едім. | Я хотел бы забронировать место в салоне для некурящих.
|
|
Өтінемін, терезенің тұсынан орын беріңізші. | Место у окна, пожалуйста.
|
|
Кеден | Таможня
|
|
Өтінемін, маған декларацияның басқа бланкін беріңізші. | Дайте мне, пожалуйста, другой бланк декларации.
|
|
Өтінемін, мына нысанды қалай толтыру керектігін көрсетіңізші. | Покажите, пожалуйста, как заполнять это форму.
|
|
Міне, менің паспортым. | Вот мой паспорт.
|
|
Өтінемін, менің паспортыма мөртабан басып беріңізші. | Поставьте мне, пожалуйста, штамп в паспорт.
|
|
Міне, менің декларациям. | Вот моя декларация.
|
|
Міне, менің визам. | Вот моя виза.
|
|
Мен визамды ұзартайын деп едім. | Я хотел бы продлить визу.
|
|
Консулдық мекемеге қалай барса болады? | Как проехать в консульство?
|
|
Кедендік бақылау бекеті қай жерде? | Где таможенный контроль?
|
|
Бұл менің заттарым. | Это мои вещи.
|
|
Мен туристпін. | Я турист
|
|
Мен демалыстамын. | Я в отпуске.
|
|
Мен іс-сапарындамын. | Я в командировке.
|
|
Бұл менің бірінші келуім. | Это мой первый приезд.
|
|
Бұл жерде қаншалықты ұзақ боласыз? | Как долго Вы здесь пробудете?
|
|
Бұл жерде екі апта болмақпын. | Я собираюсь пробыть здесь две недели.
|
|
Міне, менің транзиттік визам. | Вот моя транзитная виза.
|
|
Менде тек жеке басыма қолданатын заттарым ғана бар. | У меня только предметы личного пользования.
|
|
Бұл досыма сыйлық. | Это подарок для друга.
|
|
Бұл бейнекамера менің жеке басыма қолдануыма арналған. | Эта видеокамера для моего личного пользования.
|
|
Менде мәлімдейтін ештеңе жок. | Мне нечего декларировать.
|
|
Баж салығынсыз сауда жасайтын дүкен. | Беспошлинный магазин.
|
|
Бұл әуежайда бір нәрсе сатып алуға бола ма? | Можно в этом аэропорту что-нибудь купить?
|
|
Осы жерде сатып алған камерам үшін, баж салығын төлеуім қажет пе? | Мне нужно будет платить пошлину за камеру, которую я здесь купил?
|
|
Чек бола ма? | Можно попросить чек?
|
|
Жүк | Багаж
|
|
Жүкті қай жерден алса болады? | Где можно получить багаж?
|
|
Міне менің жолжүк қиыбым. | Вот моя багажная квитанция.
|
|
Мен өз жүгімді таба алмай жүрмін. | Я не могу найти свой багаж.
|
|
Маған тіркелу кезінде жолжүк қиыбы берілген жоқ. | Мне не выдали багажную квитанцию при регистрации.
|
|
Менің жолжүгім зардап шеккен, және де кейбір заттар жетіспейді. | Мой багаж повреждён, и некоторых вещей не хватает.
|
|
Жүк таситын адамды қайдан тапса болады? | Где можно найти носильщика?
|
|
Бұл менің жүгім. | Это мой багаж.
|
|
Өтінемін, бұл жүктерді такси тұрағына апарыңызшы. | Пожалуйста, отнесите эти вещи к стоянке такси.
|
|
Жолжүкте сынғыш заттар бар. | В багаже есть хрупкие предметы.
|
|
Өтінемін, абай болыңыз! | Будьте осторожны, пожалуйста!
|
|
Мына жүк арбасын алса бола ма? | Можно взять эту багажную тележку?
|
|
Ақпарат | Информация
|
|
Ақпарат бөлімі қай жерде орналасқан? | Где находится информационное бюро?
|
|
Мен сол күні ауысып отыруды істей аламын ба? | Я успею сделать пересадку в тот же день?
|
|
Ауысып отыруға қанша уақыт керек? | Сколько нужно времени на пересадку?
|
|
Қонақ үйден бөлмеге тапсырыс берсем бола ма? | Можно мне заказать номер в гостинице?
|
|
Қалаға дейін баратын автобусқа қай жерден отырсам болады? | Где я могу сесть на автобус в город?
|