Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Ы. Алтынсарин
Қарға мен құрт
Сақып
Аурудан - аяған...
Малды пайдаға...
Жаман жолдас
Полкан деген ит
Бақша ағаштары
Өрмекші...
Бір уыс мақта
Тәкаппарлық
Сәтемір хан
Өтіріктің залалы
Алтын шеттеуік
Тышқанның өсиеті
Білгеннің пайдасы
Мұжық пен...
Айуанның естісі...
Әке мен бала
Сараңдық пен...
Мұңсыз адам
Салақтық
Ақымақ дос
Жомарт
Үнді
Байұлы
Лұқпан әкім
Таза бұлақ
Талаптың пайдасы
Әділдік
Үш ұры
Жан-жануар...
Баланың айласы
Киіз үй мен...
Дүние қалай...
Р. Алдабергенова «Рассказы» (9)
Айнур Карим «Пьеса» (8)

Әділдік



Автор: Ыбырай Алтынсарин

    Хусейін қазының терезесінің түбіне келіп, екі жаман киімді тіленші:

    – Құдай үшін қайыр беріңіз, – деді.

    – Құдай өзі берер, барыңыз, – деді қазы.

    – Пайғамбар ақы үшін.

    – Ей, тіленшілер, енді басымды ауыртпай кетіңіз, – деп ашуланып, қазы оқып отырған кітабын жерге атып ұрды.

    – Аһ, қазы, бейшарашылыққа бір нәрсе берсеңші,– деп тіленшілер кетпей, жылап тұрды.

    Сонда қазы ыза болып, ұшып тұрып, жұмыскерлерін шақырып бұйырды:

    – Мынау бір-екі қыдырыңдыны зынданға тастаңыз, – деп. Бірақ ол арада тіленшілер жоқ болып кетті.

    Мұнан соң үш күн өткен соң, қазыға көп қонақтар келіп, той болды. Қазының үйінің іші жарқыраған алтын, шамасыз сәулет, өзі терезесін ашып, сол терезе түбінде мүфтимен12 әңгімелесіп, көзін Бағдаттың қаласына салып отыр екен. Сол уақытта терезе тұсына ана -күнгі екі тіленші тағы келді.

    – Қуаныштарыңыз қайырлы болсын, қазы, осы қуаныш үстінде бізді де бір нәрсе беріп қуантыңыз, – деп жылап тұрды.

    Сонда қазы қасындағы мүфтиге айтты:

    – Осы екі қыдырыңды тіленшілер екінші рет келіп беймаза етеді, қалипа қазіреті осындайларға жаза бұйырмайды. Сөйтсе де, бұл жолы бұйрықсыз да болса, осы екі тіленшіні ұстатып, кісендетемін, Бағдаттай қаланың сынын бұзып, қыдырып жүрмесін, – деп, адамдарын шақырды.

    Сол уақытта екінші тіленшінің өздері де үйге кіріп келіп, үстіндегі ескі киімдерін тастап, біреуі айбатты дауыспен ақырды:

    – Қазы, мен сені қазы қойғанымда: жұртқа қайырлы, байға, жарлыға бірдей, ақ-сарағат би болар ма екен? – деп үміт етіп едім, бұл жаңылысыма тоба қылдым. Жапар! Мынау оңбаған құртты алып, әділдікпен жазасын бер, жұртым көріп - білсің патша құрығы ұзын екенін, ерте ме, кеш пе қылған жамандық патшаға білінбей қалмайтынын, білінсе үлкен-кішілікке қарамай, жаза тартатынын, – деп.

    Жиылған қонақтар бұларды танып, аяқтарына құлап жығылысты. Тіленші болып келіп жүрген Һарунрашит деген қалипа патшасы, қасындағы Жапар деген уәзірі екен.




© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Талаптың пайдасы Вернуться к началу Үш ұры  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга