Казахский язык
Главная  Полезные материалы → Рассказы и пьесы → Ы. Алтынсарин → Талаптың пайдасы

Талаптың пайдасы



Автор: Ыбырай Алтынсарин

    Петр Великий деген осы күнгі ақ патшамыздың бабасы бір күні шіркеуде тұрғанда көп адамның артқы жағында үңіліп патшаға қарап, бөркімен қалқалап қана бір нәрсені сызып тұрған балаға көзі түседі. Мұнымен бөтен кісінің ісі жоқ, жалғыз-ақ ақылы кемел патша сол бала-екеш балаға да көзін салып тұрған екен.

    Тілек тілеп болған соң, жұрт екі жарылып, патшаға жол беріпті. Сонда патша тұп-тура манағы балаға барады. Бала қолындағы сызумен болып тұрып, тіпті патшаның қасына келгенін де байқамай қалыпты. Сонда жұмсақ шыраймен патша сұрады:

    – Неғылып тұрсың?

    – Сенің жүзіңді жазып алайын деп едім.

    – Оны неғылмақсың?

    – Даңқың, дабылың жер жүзіне жайылған патшам, сенің суретіңді сызып алып, өміріме шейін бойымда сақтайын деп едім.

    – Қане, көрсетші сызғаныңды?

    Сол уақытқа шейін қорықпай жауап беріп тұрған бала, «сызғаныңды көрсет» дегенде, қысылайын депті. Сөйтсе де, сызған қағазын әдеппен патшаның қолына берді. Қараса, сурет реуішті де емес, әйтеуір өз білімінше сызған сызық, бала ол күнде сурет салуды қайдан білсін?! Солай да болса, әлемге ақылы жеткен патша баланың талапты, зерек екенін аңғарып, оқуға бергізіп, ақырында сол бала бүкіл орыс жұртына даңқы шыққан Матвеев деген суретші болған.



 <<  Таза бұлақ Наверх ↑ Әділдік  >> 

Казахский язык. Просто о сложном © Татьяна Валяева,  2007–2026

Главная
Цвета текста на сайте
Поиск по сайту
Словарь
Грамматика детям
Существительные
Глаголы
Прилагательные
Числительные
Личные окончания
Послелоги
Местоимения
Тесты
Проверь себя!
Упражнения
Разговорник
Практика
Песни
Сказки
Пословицы
Гостевая книга
kaz-tili@yandex.kz
Автор
Телеграм-канал
WhatsApp-группы