№1 Скажите сколько времени на казахском языке.
15:45 – Сағат он бестен қырық бес минут кетті (Сағат он алтыға он бес минут қалды)
15:45, 22:10, 4:30, 10:50, 5:20, 16:15, 12:05, 18:30,
2:40, 15:00, 7:30, 20:48, 7:13, 11:58, 13:05
15:45 – Сағат он бестен қырық бес минут кетті (Сағат он алтыға он бес минут қалды)
22:10 – Сағат жиырма екіден он минут кетті. 4:30 – Сағат төрт жарым болды.
10:50 – Сағат оннан елу минут кетті (Сағат он бірге он минут қалды).
5:20 – Сағат бестен жиырма минут кетті. 16:15 – Сағат он алтыдан он бес минут кетті.
12:05 Сағат он екіден бес минут кетті. 18:30 – Сағат он сегіз жарым болды.
2:40 – Сағат екіден қырық минут кетті (Сағат үшке жиырма минут қалды).
15:00 – Сағат он бес болды. 7:30 – Сағат жеті жарым болды.
20:48 – Сағат жиырмадан қырық сегіз минут кетті (Сағат жиырма бірге он екі минут қалды).
7:13 – Сағат жетіден он үш минут кетті. 11:58 – Сағат он бірден елу сегіз минут кетті
(Сағат он екіге екі минут қалды). 13:05 – Сағат он үштен бес минут кетті.
Скрыть ответы
№2 Назовите дату двумя способами.
1 декабря – желтоқсанның бірі, бірінші желтоқсан
1 декабря, 25 мая, 13 августа, 31 декабря, 7 января, 29 апреля, 16 октября,
28 марта, 12 ноября, 8 сентября, 22 июля, 17 февраля, 14 июня.
1 декабря – желтоқсанның бірі, бірінші желтоқсан
25 мая – мамырдың жиырма бесі, жиырма бесінші мамыр
13 августа – тамыздың он үші, он үшінші тамыз
31 декабря – желтоқсанның отыз бірі, отыз бірінші желтоқсан
7 января – қаңтардың жетісі, жетінші қаңтар
29 апреля – сәуірдің жиырма тоғызы, жиырма тоғызыншы сәуір
16 октября – қазанның он алтысы, он алтыншы қазан
28 марта – наурыздың жиырма сегізі, жиырма сегізінші наурыз
12 ноября – қарашаның он екісі, он екінші қараша
8 сентября – қыркүйектің сегізі, сегізінші қыркүйек
22 июля – шілденің жиырма екісі, жиырма екінші шілде
17 февраля – ақпанның он жетісі, он жетінші ақпан
14 июня – маусымның он төрті, он төртінші маусым
Скрыть ответы
№3 Переведите на казахский язык.
1) Сегодня первый день лета. 2) В моём классе двадцать пять человек.
3) Его старшему брату тридцать четыре года. 4) С двух часов до трёх магазин закрыт.
5) Твоему другу около пятидесяти лет. 6) Двадцать шесть больше, чем двадцать пять.
7) В нашем доме двадцать квартир. 8) У меня есть около сорока карандашей.
9) На втором этаже гостиницы есть ресторан. 10) Моя комната на четвёртом этаже.
11) В одних сутках двадцать четыре часа. 12) Март – третий месяц года.
13) Пятница – пятый день недели. 14) В нашей квартире есть около тридцати цветов.
1) Бүгін жаздың бірінші күні. 2) Менің сыныбымда жиырма бес адам бар.
3) Оның ағасы отыз төрт жаста. 4) Сағат екіден үшке дейін дүкен жабық.
5) Сенің досың елулерде. 6) Жиырма алты жиырма беске қарағанда үлкен.
7) Біздің үйімізде жиырма пәтер бар. 8) Менде қырықтай қарындаш бар.
9) Екінші қабатта қонақүйдің мейрамханасы бар. 10) Менің бөлмем төртінші қабатта.
11) Бір тәулікте жиырма төрт сағат бар. 12) Наурыз – жылдың үшінші айы.
13) Жұма – аптаның бесінші күні. 14) Біздің пәтерімізде отыздай гүл бар.
Скрыть ответы
Скачать формы для заполнения и правильные ответы в одном файле (doc)
© Татьяна Валяева, 20072024
|