Главная Гид Упражнения Тесты Песни Словарь Автор Телеграм-канал
Казахский язык
Главная  Полезные материалы → Песни → Көктем вальсі
 Қаз 
 

Көктем вальсі

 

Көктем вальсі

1-шумақ:
Көк жібек жамылып,
Бәйшешек тағынып,
Келді көктем.
Жұпардай самалы,
Тербетіп даланы,
Сүйді беттен.
Жан-жағың жыр тамаша,
Тояр ма көз, қараса!
Торғын көк – тұңғиық
Тұр ғой нұр құйып,
Тоймайды көз қараса!

Қайырмасы:
Армысың, көктем!
Аңсадық көптен,
Аңсады тау да, дала да.
Тамылжы, арала,
Гүл бол да, жайна,
Бұлбұл бол, сайра,
Толтыр да бақыт жүрекке,
Сайра да жайна!

2-шумақ:
Бақ іші бір гүлзар,
Сайрайды бұлбұлдар,
Тынбай ұшып.
Бұлаққа қарайды,
Қыз шашын тарайды,
Гүл майысып.
Сағым шалған манар тау
Мұнартып тұр самарқау.
Сан бұлақ ырғиды,
Қаптап ылдиды.
Ән шырқашы, жан қалқа-ау!

Қайырмасы:
Армысың, көктем!
Аңсадық көптен,
Аңсады тау да, дала да.
Тамылжы, арала,
Гүл бол да, жайна,
Бұлбұл бол, сайра,
Толтыр да бақыт жүрекке,
Сайра да жайна!


Cлушать песню:




 <<  Көзімнің қарасы Наверх ↑ Жаяу  >> 

Казахский язык. Просто о сложном © Татьяна Валяева,  2007–2026
Главная
Цвета текста на сайте
Поиск по сайту
Гид по изучению
грамматики
Грамматика детям
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Глаголы
Личные окончания
Причастия
Местоимения
Наречия
Проверь себя!
Упражнения
Тесты
Словарь
Разговорник
Практика
Песни
Сказки
Пословицы
Гостевая книга
Автор
kaz-tili@yandex.kz
Телеграм-канал
Канал в MAX
WhatsApp-группы