Казахский язык
Список сказок

Айтылмаған өлең

Таңертең қаз көлде жүзіп жүрді. Судан өзін көріп, ұнатып қалды.
Өзі туралы өлең айтқысы келеді.

– Мен қандай әдемімін, теректен сымбаттымын, қардан ақпын, ең биік таудан биікпін, аяғым күннен қызыл, көзім көл суынан таза, – деді.

Өлеңді айтпақшы болып жан-жағына қарады, сосын:

– Өзім туралы өлең айтпаймын. Терек менен сымбаттырақ, қар менен ағырақ, тау биігірек, күн қызылырақ, көл суы тазарақ.

Қаз ұялып қалды және өз әнін айтпады.
Бірақ өкінішті-ақ.
Бұл тамаша қаз еді, қардай ақ, таудай биік, теректей сымбатты, көзі көл суындай таза, аяғы күндей қызыл.
Ғажайып қаз сұлу, тамаша.




Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Қаз қайда жүзіп жүрді?
2) Қаз кім туралы өлең айтқысы келді?
3) Қаз неге өлең айтқысы келеді?
4) Неге өлең айтпады?
5) Қаз қандай болды?





Источник текста на казахском языке:
«Кім ең күшті». Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой, Ж.Р. Уразбековой. Алматы. Раритет, 2004.



© Татьяна Валяева,  2007–2025
 <<  Аңқау мен ұры Вернуться к началу Бір жарым уыс  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга