Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
    Грамматика детям
     Для всей семьи
 Видеокурс
  Разговорник
Фразеологизмы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Кірпі мен қарға
Кішкентай Жанат
Қасқыр мен кемпір
Саяхатшы бақа
Бұйра қыз
Түлкі мен ит
Мёга шөбі
Мақтаншақ қоян
Аю мен түлкі
Түлкі мен тырна
Неге қоянның...
Қызыл тауық...
Айога
Қызыл телпек
Шегіртке мен құмырсқа
Қарлығаш пен дәуіт
Түлкі мен қаздар
Адам және ит
Үнемшіл құмырсқа
Кәрі теке мен қасқыр
Кім күштірек
Аңшы мен жылан
Түлкі мен борсық
Кім ең күшті
Қасқыр мен жылқы
Үкі мен қарға
Тастан артық...
Үш қыз
Кемпір мен торай
Ақтөс
Бұл ненің ізі?
Онға дейін санай...
Аңқау мен ұры
Айтылмаған өлең
Бір жарым уыс
Басня:
Маймыл мен көзілдірік

Неге қоянның құлағы ұзын   (ағылшын ертегісі)   Прослушать

Озвучила: Маида Нұрбай

Скачать mp3

Баяғыда бір кішкентай қоян болыпты. Ол үлкен және ақылды болғысы келді.   Прослушать

Бір күні ол апасына келді.   Прослушать

– Сәлеметсіз бе, апа! Халіңіз қалай?   Прослушать
– Жақсы. Рахмет. Өз халің қалай?   Прослушать
– Жақсы, – деді қоян. – Апа, мен үлкен және ақылды болғым келеді. Сіз маған көмектесесіз бе?   Прослушать
– Иә, – деді апасы. – Ана құсты көріп тұрсың ба? Соны маған әкел.
  Прослушать

Қоян қорапты алды, қорапқа бидай салды, сосын ағашқа келді.   Прослушать
Сосын ағаштың түбіне отырды. Торғай бидайды көрді. Торғай бидай жегісі келді.
  Прослушать

– Қоян, сен не істеп жатырсың?   Прослушать
– Мен бидай жеп жатырмын. Кел мұнда, бидай же, – деді қоян.
  Прослушать

Торғай қорапқа қонды, қоян қорапты жапты, апасына келді.   Прослушать

– Апа, мен сiзге торғайды әкелдiм. Мінеки!   Прослушать
– Рахмет, сен ақылдысың. Ендi маған жыланның тісін әкел.
  Прослушать

Қоян орманға келді. Жыланды көрді. Не істеу керек?   Прослушать
Қоян біледі, жылан құсты жақсы көреді.   Прослушать
Қоян шайырдан торғайды жасады, сосын оны томарға қойды.   Прослушать
Жылан торғайды тістеп алды, сол кезде қоян жыланның тісін жұлып алды.   Прослушать
Қоян апасына келді.
  Прослушать

– Апа, мен сізге жыланның тісін әкелдім. Мен торғайды ұстап алдым, мен жыланның тісін жұлып алдым.  Прослушать   Мен бәрін істей аламын. Мен үлкенмін, мен ақылдымын, – деді қоян.   Прослушать
– Сен бе? – деді апасы. – Мен қазір саған сабақ беремін.
  Прослушать

Сосын апасы қояның құлағынан ұстады да, сілкіді.   Прослушать

– Мақтанба, қоян, мақтанба, – деді.   Прослушать

Апасы тағы және тағы сiлкiді. Содан берi қоянның құлағы ұзын екен.   Прослушать




Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Баяғыда не болыпты?
2) Ол қандай болғысы келді?
3) Бір күні ол қайда келді?
4) Ол апасына не деді?
5) Апасы не әкел деді?
6) Қоян торғайға не деді?
7) Қоян торғайды қалай ұстап алды?
8) Апасы тағы не әкел деді?
9) Қоян жыланды ұстау үшін не істеді?
10) Қоян қалай мақтанды?
11) Апасы не айтты және не істеді?


Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңыздар.
Баяғыда бір кішкентай қоян болыпты. Ол үлкен және .................... болғысы келді.
Бір .................... ол апасына келді.
– Сәлеметсіз бе, апа! Халіңіз қалай?
– Жақсы. Рахмет. Өз халің қалай?
– Жақсы, – деді қоян. – Апа, мен үлкен және ақылды болғым келеді. Сіз маған .................... бе?
– Иә, -деді апасы. – Ана құсты көріп тұрсың ба? Соны .................... әкел.
Қоян қорапты алды, қорапқа бидай салды, сосын ағашқа ....................
Сосын ағаштың түбіне .................... . Торғай бидайды .................... . Торғай бидай жегісі келді.
– Қоян, сен не істеп ....................?
– Мен бидай жеп жатырмын. Кел мұнда, бидай, .................... . – деді қоян.
Торғай қорапқа қонды, қоян қорапты апасына .................... .
– Апа мен сізге торғайды әкелдім. Мінеки!
– Рахмет, сен ақылдысың. Енді маған жыланның тісін .................... .
Қоян орманға келді. Жыланды көрді. Не істеу керек?
Қоян ...................., жылан құсты жақсы көреді.
Қоян шайырдан торғайды ...................., сосын оны томарға қойды.
Жылан торғайды тістеп алды, сол кезде қоян жыланның тісін жұлып алды.
Қоян апасына келді.
– Апа, мен сізге жыланның тісін әкелдім. Мен торғайды ұстап алдым, мен жыланның тісін жұлып алдым. Мен бәрін істей .................... . Мен үлкенмін, мен ақылдымын, – деді қоян.
– Сен бе? – деді апасы. – Мен .................... саған сабақ беремін.
Сосын апасы қоянның құлағынан ұстады да, .................... .
– Мақтанба, қоян, мақтанба, – деді.
Апасы тағы және тағы сілкіді. Содан бері қоянның құлағы .................... екен.
Керекті сөздер:
Же, жатырсың, біледі, әкелді, қазір, әкел, ұзын, жасады, сілкіді, аламын, ақылды,
отырды, күні, маған, көмектесесіз, келді, көрді.




Источник текста на казахском языке:
«Кiшкентай жанат». Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой. Алматы. Раритет, 2002.



© Татьяна Валяева,  2007–2022,  kaz-tili@yandex.kz
 <<  Түлкі мен тырна Вернуться к началу Қызыл тауық және бидайдың дәні  >>